Қазақ этнонимі, қазақ жүздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты
қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған
дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда
болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі
дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап
сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар
өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық
аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол
белгілі аймақта өтті.
Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды
нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур
тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші
ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа
жатқызады.
Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс
аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен
байланыстыруға болады.
Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы
түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі
дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да
өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп
кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір
сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор
үлес қосты.
Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ
даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер
түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде
мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде
өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ
халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан
жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр
түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ
халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ
халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол
шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда,
қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген
пікірлер айтады. Моңғол шапқыншылығы бұл түзіліске жол бермей, қыпшақ
қоғамындағы этникалық қалыптасуды бөлшектеді. Бір қыпшақ этносынан
бірнеше түркі тілдес халықтар тарады. Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар,
қырғыз т.б халықтар. Ал оның салдарын қарастыратын болсақ, түркі тілдес
тайпалардың халық болып қалыптасуына сол ортада өмір сүрген кей
тайпалардың негіз болғандығын көреміз. Осының арқасында төмендегідей
этникалық топтар пайда болды.
1. Қыпшақ тобы башқұрт, қазақ, қарайым, қараөалпақ, қарашай, малқар,
құмық, қырым татарлары.
2. оғыз тобы әзірбайжан, балқан түріктері, гагауыздар, түркімендер.
3. Қарлұқ тобы өзбек, ұйғырлар.
4. Аралық бұтақ алтай, қырғыз, салар, тофы, тува, хакас,шор, шұлым.

Қазіргі дерек бойынша әлемде отызға тарта түркі тектес халық 22 мемлеетте
өмір сүреді. XIII ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының
зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыншылығы болды. Шапқыншылық қазақ халқының
халық болып қалыптасуын екі ғасырға тежеді. Отырықшылықтың жойылуы,
қалалардың жермен жексен болуы, елді мекендердегі тайпалар мен руларды да
қырғынға ұшыратты.
Моңғолдардың жаулауы бағыныштылыққа түскен тайпалардың тек саяси
экономикасына ғана емес, оның антропологиялық, демек физиологиялық жағына
да өзгеріс енгізеді. Кейбір қалалардың талқандалуы, дамуын тоқтатуы,
жергілікті тайпалардың мәдениетіне нұқсан келтірді, отырықшылықты жойды.
Ең бастысы белгілі аймақтың ортақтастығы тайпалар шаруашылығының,
әдет ғұрып , салт санасының біртіндеп бір диалектіде сөйлесуі де, жалпы
алғанда бір бірімен қай жағынан болса да жақындаса түсуі жүріп жатты.
Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ
сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті
халықтың тілін қабылдады. Бір аймаұта өмір кешкен тайпалар мен рулардың
шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы , тілі , мәдениеті
қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан
ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.
Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда,
оның әлсіреу нәтижесінде белгілі болған. Ақ Ордадағы,Моғолстан,Ноғай
Ордасының қалыптасуы да тайпалардың этникалық топтасуына ықпал етті. Оның
ішінде, әсіресе Ақ Ордадағы топтасу жылдам жүрді. Оған негіз болған Ақ
Орданың қыпшақтардың жерінде құрылуы. Түбінде бұл аймақтың қазіргі
Қазақстан аймағы екендігін ескерсек, Ақ Орданың басқа иеліктерге қарағанда
қосқан үлесінің зор екендігін айтуға болады. Ал, моғолстанның жерін
алсақ,ол қазіргі Жетісуға сай келеді, сондықтан да біз моғолстанның да
тарихтағы орнын атауымыз керек. Белгілі аймақтарда өмір сүрген тайпалар
өздерінің тұрақтылығына байланысты айқындалады. Оған біз жетісу
аймағындағы үйсіндер мен қаңлыларды мысалғы алсақ жеткілікті. Себебі,
аталған тайпалар бұл аймақта сан ғасырлар бойы өмір сүріп келеді,олардың
автохотондылығы айқын, қазірдің өзінде Жетісу жеріндегі белгілі руларға
жатады. Дешті Қыпшақ жерінде біртіндеп қалыптасқан үш әулеттің екеуінің
Жошы және Шайбанның басты аймағы қазақ даласында өмір сүріп, билік үшін
өзара шайқасты.Шыңғыс ұрпағы жергілікті тайпаларға араласып кетті.
Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей
бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті.
Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси
жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс
тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте қазақ деген этникалық
ортақ атауға ие болды.

Қазақ этнонимі, қазақ жүздері.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа
түсіп келе жатыр. Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет қазақ
термині 1245жылы Мамлюктік Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-
қыпшақ сөздігінде кездеседі. Бұл сөздік қазақ терминінің жазбаша дерекке
түскеннің дәлелі. Қазақ термині еркін,кезбе деген мағынада аударылған.
Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді.Демек, XIV-XV ғасырларға
дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де қазақ халқының
қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV-
ғасырдың екінші жартысы XV-ғасырдың бірінші жартысы.
Осы саланың зерттеп жүріп ғалымдар сонау орта ғасырлық кезенде жазылған
болжамдарды негізге алады.Оның ішінде,әсіресе,Византия императоры
Константин Богрянародныйдың мемлекетті билеуатты еңбегінде(X ғасырдың
орта шені) Кавказдың солтүстік батысында жатқан Қазахия елітуралы айтқан
мәліметтер. Бұл жөнінде ғалым Минорский Казахияның Касахия деп түсіну
қажеттігін айтқан. Ғалымдар Касахия ұғымының қазақ емес косок
тайпасы туралы, ал олар Кавказдағы автохтонды тайпа дейді. Демек, қазаққа
қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. Қазақ термині туралы ғылыми пікірлердің
мұсылмандық қоғамда да орын алғандығы туралы және оларды
жинақтап,Қазақстан тарихын II томына түсірген ғалым Б.Е.Көмеков. Ғалым
Китап ат-танбих ва – ль-ишраф , Худуд әл алам, Китаб әл футух,
Қасиетті жылнаманың, Қазақ деген терминге қатысты жерлеріне талдау
жасайды.
Қазақ термині қыпшақтар қоғамында қалыптасты деп айтылған ой әбден
дұрыс, себебі кең қазақ өлкесі сол қыпшақтар мекенінде орналасқан. Сонымен
қазақ ұғымының пайда болуы қыпшақ кезеңімен тікелей байланысты. Бұл орайда
қазақ терминінің алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылуы оның
әлеуметтің мағынасына сәйкес екендігін көрсетеді. IX-X ғасырларда әр
түрлі аймақтарда қазақ деген атау кездесіп отырған, бұл еркін өмір
сүргендерді жалпы осылай аталғандығын көрсетеді.
Қазақ халқының жүзге бөлінуі ғалымдардың алдындағы тұрған әлдеде
шешімін таппаған мәселе. Жүзге бөлінудің аймақтық негізінде жүргені
белгілі. Бұның төңірегіндегі басты мәселе, оның уақытын анықтау. Жүз
термині туралы да ойлар көп. Осы кезге дейінгі жүз, жақ деген ұғымды
беріп келсе, К.А. Пищулинаның зерттеулеріне сүйене отырып, тармақ деген
сөзбен түсіндіріледі. Егерде қазақ халқының үш жүзге бөлінуін басшылыққа
ала отырып, жалпы ертеректе өмір сүрген тайпалардың, халықтардың бөлінудің
үйсіндерден басталғаның көруге болады. Ежелгі үйсін мемлекеті үшке; шығыс,
батыс, орталық болып бөлінген, батыс түрік қағандығы он қанат және сол
қанат болып екіге бөлінеді. Жалпы ежелгі, ертеректегі кезеңдегі осылайша
саяси жағынан маңызы бар бөліну процесі үйсіндердің үшке, ал қалған
тайпалар мен халықтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі аралықта екіге
бөлінгендігіне көз жеткізу қиын емес. Ал, Шыңғыс хан жаулап алған
жерлерін, оның ішінде қазақ даласын үш баласына беруіне байланысты , үш
ұлыс пайда болды. Әрине, бұл тұста жүз деген ұғым орын алған жоқ. Жүз
ұғымының кең етек алуының Тәуке ханның билер институтының негізін қалауы
мен байланыстырған жөн секілді. Бұл XVII ғасырдың II-жартысынан басталады.
Оның үстіне XVII ғасырдың ғасырдың II жартысы XVIII ғасырдың бірінші
ширегі Рамоновтар әулиетінің ең беделді I Петрдің заманы.
Ресейді көркейтуді- шет аймақтар байлығын игеру арқылы жүзеге асыруды
көздеген ол, қазақ даласын зерттеу мақсатында экспедицияларды бірінен соң
бірін аттандырады. Жүздердің орналасуы, оның құрамындағы тайпалар туралы,
тіпті, ру шаңырақтарының нақты саны генерал-губернаторларға жинақталып
тапсырылып отырды. Осындай мәліметтерді басшылыққа ала отырып, XVIII
ғасырдағы үш жүз қазағының жалпы саны 2 млн адамға жеткендігін байқауға
болады.
Үш жүздің орналасуына жеке-жеке тоқтаған, Орынбор генерал губернаторы
Г.Волоконский XVIII ғасырда барша қазақстан территориясы Жетісу, Орталық
Қазақстан және Батыс Қазақстан болып, 3 түрлі шаруашылық аймаққа
бөлінгендігін жазып қалдырған. Олардың әр қайсысының өз жайылымдары мен
қыстаулары болған. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық ортақтастығы
негізінде топтасқан, өз шекарасының өзге жерлерге көшіп қонбаулары мен
дараланған. Әрбір жүз өзінің малын белгілі бір аймақта жайған. Осымен
қатар олар өздерінің саяси экономикалық, әлеуметтік мәселелерін жеке
шешіп отырған. Жүздердің тілі, әдет ғұрпы, шаруашылығы жағынан бір
бірінен ешбір айырмашылығы болған емес. Жетісу көшпенділері Шу, Талас,
Сарысу, Сырдария, Іле өзендерінің бойында, Алатау жайылымдарында көшіп
жүрді. Бұл аймақ Ұлы жүз жері деп аталды. Ұлы жүзге: үйсіндер, қаңлылар,
дулат,албан,суан, жалайырлар және т.б. жатады.
Орта жүз қазақтары Сырдария, Қаратау баурайында тұрды.
Тобыл,Есіл,Нұра,Аякөз,Ертіс өзендерінің бойында отырықшылдық пен
айналысты. Олар Орталық Қазақстанның далалық аймағын көші қонға тиімді
пайдаланды. Оларға қыпшақтар,арғын,найман,керей, қоңырат, уақтар т.б.
кіреді.
Кіші жүз Батыс Қазақстан жері Орал,Ырғыз,Сағыз,Жем,Торғай өзендерінің
жағалауында қоныс тепкен қазақтар. Кіші жүзге
табын,тама,жағалбайлы,шөмекей,қарас ақал,төртқара.адай,шекті,алаш,с еркеш
рулары жатады. Қіші жүз: Байұлы, Әлімұлы және Жетіру болып үшке бөлінеді.

Қазақ хандығының құрылу алғы шарттары
Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ сөзінің этнонимі
Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі туралы түсініктеме
Қазақ хандығының туы
ҚАЗАҚ РУ - ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәлімет
«Қазақ» этнонимі
Пәндер