ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ,
Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған
халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі
оңай бола қойған жоқ . Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы
істер министрлері, талай мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен
міндеттерін талқылады. Сол кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында
өткені тарихтан белгілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып
табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ , Ұйым Жарғысының жобасы КСРО,
АҚШ, Қытай және Ұлыбританя мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған.
Құжат бес тілде – орыс, ағылшын қытай, француз және испан тілдерінде
дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан- Франциско конференциясында
51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш
конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны стратификациялауларына байланысты
күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен
Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақы
көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін бас
Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше
елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға
ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік,
Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше
мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша
шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді.
Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік кеңесінің Ұсынуымен БҰҰ-ның
Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай,
Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше.
Бас Ассамблеядан төмен тұрған органдар көп. Олардың атқаратын қызметтері
де саналуан. Қазіргі кезде Бас Ассамблеяның алты бас комитеті жұмыс
істейді. Әрқайсысының айналысатын мәселелері бөлек болып келеді.Мысалы,
бірінші комитет қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелерімен,
екінші комитет экономикалық және қаржы, үшінші комитет әлеуметтік,
гуманитарлық және мәдениет, төртінші комитет арнайы саяси және
отарсыздандыру, бесінші комитет әкімшілік және бюджет, ал алтыншы комитет
құқық мәселелерімен айналысады.
Халықаралық қоғамдастықта орны айрықша, небір өзекті мәселелерді
салқынқандылықпен шешіп келе жатқан Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясы
осыдан 60 жыл бұрын, 1946 жыдың 10 қаңтарында Лондондағы Вестминистер
орталық залында ашылған. Ондағы инагурациялық сөз сөйлеу құрметіне
Ұлыбританияның премьер-министрі Клемент Эттли ие болды. Бельгиялық Поль
Анри Спаак бірінші сессияның президенті болып сайланыпты. Қауіпсіздік
Кеңесінің алғашқы отырысы қаңтардың 17-сінде болса, оған Австралияның
елшісі төрағалық еткен.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ
Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес,
қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді
позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Мемлекет басшысы
Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты
алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру
тәртібімен бір+бір формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің
қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс
бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды
көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі.
Екінші ұсынысы – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі
кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер
тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын
айқындауда айтарлықтай рөл атқарады.
Кейін, яғни 2002 жылдың маусымында Қазақстан басшысының АӨСШК шақыру
бастамасы жүзеге асты. Кеңестің Алматы қаласында өткен алғашқы саммитіне
Азиядағы және әлемдегі аса ірі мемлекеттер – Қытайдың, Ресейдің,
Үнідістанның, Пәкістанның, тағы басқа да елдердің басшылары қатысып,
дүниежүзілік қоғамдастыққа ортақ өзекті мәселелерді талқылады. Нәтижесінде
қауіпсіздік пен ынтымақтастықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz