Қазақстан мемлекеті
Қазақстан мемлекеті
Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты
қарастырылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: "Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары".
Қазақстан — демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократия-лық
мемлекет ретінде сипаттамасы Қазақстан Республикасы Конституцияның
мазмұнынан және мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм
формальды түрде, яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін.
Демократизм формальды түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі
кепілдіктермен қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің
демократиялық сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің
ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының,
Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып
қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі
принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократшылық
әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі,
Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді:
Конституцня азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың
мүдделерін, әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың
заңды мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған
қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын
демократиялық нормаларды белгілейді.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы референдум өткізудің
демократнялық тәсілдерінен де көрінеді. Референдум мынадай принциптерге
негізделеді: 1) азаматтардың референдумға қатынасуға және онда өзінің еркін
білдіруге ықтиярлылығы: 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру
жағдайында баршаның тең және тікелей қатысуға құқықтылығы; 3) жариялылығы.
Референдумға Конституцияны, констнтуциялық заңдарды, жай заңдарды қабылдау,
оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қойылуы мүмкін.
Референдумға Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды
мәселелерін шешуге байланысты сұрақтар да шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының демократизмі азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің мемлекеттік органдардың басқарушылық шешімдерінің
мазмұнына және оларды жүзеге асыру процесіне өз мүдделерін көздеп ықпал
етуге мүмкіндігі болуынан да көрінеді. Ол үшін Конституцияда белгілі бір
шарттар көзделген. Солардың ішіндегі ең маңыздысы демократиялық саяси режим
болып табылады.
Саяси режим дегеніміз қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру әдістерінің,
тәсілдерінің, түрлерінің жүйесі. Саяси режим мемлекеттің мәнін, түрін, оның
қоғаммен, жеке адаммен арадағы реттелген, ең әуелі конституциялық құқық
нормалары арқылы реттелген қарым-қатынасын білдіреді. Саяси режим
конституциялық нормалардың нақты іс жүзінде қызмет ету дәрежесін айқындап
көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық саяси
режим болуын көздейді. Біріншіден, демократиялық саяси режим өкілетті және
тікелей демократия институттарының орнатылуынан көрінеді. Мәселе, әлбетте,
осы институттарды заң жүзінде баянды етуде ғана емес, сонымен бірге олар
мемлекеттік органдарды жасақтау, мемлекеттің саясатын анықтау, оларды
жүзеге асыру ісіне азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет
жасай алатын болуында. Екіншіден, демократиялық саяси режим кең көлемді
азаматтық құқықтар мен бостандықтардың баянды етілуінен және оларды жүзеге
асыру кепілдігінің қамтамасыз етілуінен көрінеді Мысалы, Конституция
кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге,
бір жағынан, оған құқықтық негіз жасайды, ал екінші жағынан, кәсіпкерді
лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғайды. Басқа азаматтық
құқықтар туралы да осыны айтуға болады. Үшіншіден, Конституция тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдарының жасақталуына кең жол ашады. Тоталятарлық
режимнің қуатты құралы болған саяси цензура (тыйым :салу, бақылауға алу)
келмеске кетті. Цензураның болмауы – демократиялық саяси режимнің өмір
сүруінің айқын көрінісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін
қамтамзсыз ету мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерді, лауазымды
тұлғалардың заңды бұзу фактілерін жариялап отыруға көмектесіп, заңдылықты
нығайтады. Төріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында танылған
саяси плюрализм (пікір алуандығы), саяси қозғалыстардың сан алуандығы әр
түрлі ұйымдардың, олардың ішінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын
сынайтын оппозициялық ұйымдардың да қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Ал
мұның өзі — сөз жоқ, қоғамды басқарудың демократиялық ідістерінен ауытқу
ықтималдығына жол бермейтін кепілдіктердің бірі.
Мемлекетті демократиялық жолмен ұйымдастырудың аса маңызды
принциптерінің бірі - биліктің бөліну принципі. Қазақстан Республикасының
Конституциясында билікті бөлу принципі белгілемген: Республикада
мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну,
олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz