Қазақстан (Қазақстан Республикасы) - Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы

Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуразия құрылығының қақ ортасында
орналасқан мемлекет.
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6 467 км), оңтүстігінде
Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғызстан (980 км)
республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий
теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың
шаршы километр.
Жұрт саны 16,200 мың (2009). Оның 10,000 мың немесе 63,9 % қазақтар
құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.
Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді.
Мемлекеттік тілі — қазақ тілі.

Жұрт саны

2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың
адамды құрады.
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың
адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі
63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3
(8,1) адамнан келді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші
бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық
және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,
3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала
туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның
ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер —
28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады,
олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі
екендігі хабарланып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың
шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7
(14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер
өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың
қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда,
барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып
табылады.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және
17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті
1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1
жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-
маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны
9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге
қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9%
(88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап
отырған жайы бар.

Ұлттық құрамы

Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері
тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0
мың адамды, орыстар — 3962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5
мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың
адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты
қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен
этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7
мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға,
ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың
адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға,
татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға
азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 16 304
840санына тең.

Діні

Қазақстан жұртында 69 % мұсылмандар, 28 % православ христиандар, 2 %
протестанттар бар.

Тарихы

Сақтар көсемінің алтын сауыты
• Сақтар
• Үйсін мемлекеті
• Қаңлы мемлекеті
• Ғұндар
• Сарматтар
• Батыс түркі қағандығы
• Түркеш қағандығы
• Хазар қағандығы
• Оғыз мемлекеті
• Қимақ қағандығы
• Қыпшақ одағы
• Қарахан мемлекеті
• Хорезм шахтығы
• Жошы ұлысы
• Шағатай ұлысы
• Ақ Орда
• Көк Орда
• Ноғай Ордасы
• Сібір хандығы
• Өзбек Ордасы
• Моғолстан
• Қазақ хандығы
• Қоқант хандығы
• Хиуа әміршілігі
• Бөкей хандығы
• Алаш Орда
• Қазақ АКСР
• Қазақ КСР

Саясат жайғасы

Қазақстан — 1995 жылғы тамыз 30 республикалық референдумда қабылданған
Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару
нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы —
Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент
тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында
сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент
өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң
аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан
құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев
Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде
Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика
Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында
міндетті күші бар өкімдер шығарады.
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады,
олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын
Республиканың Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті
соттары Республиканың соттары болып табылады.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне
жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік)
жүзеге асырады.

Экономикасы

Сілтемеге еріп әлі басталмаған бетке келіпсіз.
Бетті бастау үшін, төмендегі кірістіру орнында мәтініңізді теріңіз
(көбірек ақпарат үшін анықтама бетін қараңыз).
Егер жаңылғаннан осында келген болсаңыз, шолғышыңыз Артқа деген
батырмасын нұқыңыз.

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары

Алғашқы газеттер — Түркiстан уәлаятының газетi (Ташкент, 1870 — 82),
Дала уәлаятының газетi (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда
ағартушылық бағыттағы Қазақстан газетi (1911 — 13), Орынбор қ-нда
А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен Қазақ газетi (1913 — 1918), ақын-
демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал Айқап
(1911 — 15) шықты. 1913 ж. 11 газет болса, 1975 ж. 407 газет, оның iшiнде
15 респ., 38 обл., 271 ауд., 8 қалалық, 69 көп тиражды және 1 ұжымшарлық
газет болды. Қазан төңкерiсiнен бастап қазiргi кезеңге дейiнгi аралықтағы
респ. газеттер: Егемен Қазақстан (бұрынғы Социалистiк Қазақстан, 1919
жылдан), Казахстанская правда (1920 жылдан), Жас Алаш (бұрынғы
Лениншiл жас, 1921 жылдан), Экспресс К (бұрынғы Ленинская смена, 1922
жылдан), Ұлан (бұрынғы Қазақстан пионерi, 1930 жылдан), Дружные
ребята (1933 жылдан), Қазақ әдебиетi (1934 жылдан), Қазақстан
мұғалiмi, Учитель Казахстана (1952 жылдан), Спорт (1959 жылдан), ұйғыр
тiлiнде Коммунизм туғи (1957 жылдан), оның араб алфавитiмен шығатын Йени
һаят (Жаңа өмiр, 1970 жылдан) қосымшасы және үш ауд. газет; корей
тiлiнде Ленин кичи (Ленин туы, 1938 жылдан); немiс тiлiнде Фройндшафт
(Достық, 1966 жылдан); өзбек тiлiнде екi ауд. газет шығады. Респ.
журналдар: Ақиқат (бұрынғы Қазақстан коммунисi, 1921 жылдан),
Здравоохранение Казахстана (1923 жылдан), Қазақстан әйелдерi (1925
жылдан), Народное хозяйство Казахстана (1926 жылдан), Жұлдыз (бұрынғы
Әдебиет және искусство, 1928 жылдан), Мысль (бұрынғы Партийная жизнь
Казахстана, 1930 жылдан), Простор (1932 жылдан), Қазақстанның ауыл
шаруашылығы, Сельское хозяйство Казахстана (1936 жылдан), Ара, Шмель
(1956 жылдан), Парасат (бұрынғы Мәдениет және тұрмыс), Балдырған,
Автомобильный транспорт Казахстана, Кооператор Казахстана (1958
жылдан), Зерде (бұрынғы Бiлiм және еңбек, 1960 жылдан), Жалын (1969
жылдан), т.б.
1921 жылдан Қазақ телеграф агенттiгi (ҚазТАГ) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Қазақстан ортақ мекеніміз
Бостандыққа жету жолымыз
Қазақстан – Менің Отаным
Қазақстанның транзиттік жүйесі
Қазақстан Республикасы географиялық орны, табиғат жағдайлары
Қазақстан Республикасы тәуелсіз - Егеменді бір тұтас мемлекет
Қазақстан мемлекетінің егемендігі
Африка туралы мәліметтер
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Пәндер