Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы. Азаматтық құқықтың пәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы.
Азаматтық құқықтың пәні.

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді
(квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың
мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі
азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде
азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді.
Дейтұрғанмен соған қарамастан civil атауы еуропалық құқықтануға еніп қана
қоймай, заң терминологиясына (
Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты
цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі
салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін
Ульпиан былайша ашып көрсетеді: жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің
құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның
мүддесіне сай келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық
деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және
белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей
аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында
белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық
жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық
іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық
экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер
осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының
бірі болғандықтан күнделікті тыныс –тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,
заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық
бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәні анықтап,
басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал
азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық
құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтық қай
салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан
Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен
бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-
тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес
жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң
құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен
туындамайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен
мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен,
жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да
мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп
аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай
(заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екінші адамға ауысуы ,
өтуі(міндеттемелік қатынас),меншік иесіне қайтыс болуына байланысты заттың
тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас), тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе,
онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас
дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану
жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта
кездеседі. Сайып келгенде мүліктік (имущественность) дегеніміз заңды белгі
болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық
құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын
бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын
мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір
экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер
жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында
болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы,қатысушылардың
өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен иқатысушылардың құн
заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтық экономика
жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне
айналады.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік
емес қатынастар мен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес
қатынастардың екі түрін, атап айтқанда,мүліктік қатынастарға байланысты
мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік
қатынастарға байланысы жоқмүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы,
2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастардың бірінші тобына
мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл
жердегі байланыстылық деген сөз жеке қатынастардың мүлікке
бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте
болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т. б. қатынастар).
Мысалы,бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз
қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан
келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі
пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Пәндер