ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941 - 1945)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен.
Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең
жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі
болған Ұлы Отан соғысы болды.
Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста
өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар
жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж.
Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын
тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс
жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.
Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет
болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің
жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен
кейін ғана мүмкіндік туды.
Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы
қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау
тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға
әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде
алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді.
Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді,
олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға
беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір
кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға
беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы
шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай
зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер
қалдырғандай болатын.
Жариялылық пікір алуандығы, бұрындары зерттеушілердің қолына түспеген
архивтардың ашылуы соғыстың барысына және қорытындыларына берілетін
бағалардың да сан алуандығына әкеліп тіреді, Әділдік үшін айта кеткен жөн
болады - соғысқа ол жайлы әдебиетке, оның тәжірибелеріне тәрбиелік мәніне
деген әрқилы көзқарас соғысқа дейін де, оның барысында да орын алды.
Сөйтіп, бұл айтыстың түп-тамыры қазірге дейін жалғасып келе жатқанына
қарамастан тереңде жатыр.
Әліде шешуін күтіп тұрған проблемалдр баршылық. Мысалы. Кеңес тарихында
партияның XX съезінен кейін бар бәлені Сталиннің жеке басына үйіп төгіп
қаралау етек алып кетті. Тарихи әдебиетте осы соғыстың Ұлы Отандық
сипаттына күмән келтірушілер де бой көрсетіп қалады. Енді бір зерттеушілер
ол соғысқа тек орыстық, әрі кетсе ресейлік сипат бергілері келеді. "Сол
соғысты 1941 жыддың өзінде-ақ немістерге бағынып, табынып бітіру керек еді"-
дейтіндер де бар. Ал өзін "орыстың Хомейниі", "орыстың пайғамбары" санап
жүрген А.Солженицынды тыңдар болсақ, ол "Жеңіс" деген ұғымды қайта қарауға
шақырады. Қазақстан тарихында "Біз кешегі соғыста Ресей елін қорғадық, біз
Отан соғысы емес, екінші дүниежүзілік соғысқа қатыстық"- деген пікірлер де
айтылып жатыр.
Шынында да соғыс табиғаты соншалықты күрделі, жеңіл-желпі бағалауға
көнбейтін жан-жақты құбылыс екенін ұмытпаған жөн. Үйреншікті патриотизм
мен ұлылық, әсіре мақтаудан бас тартып соғыс тарихындағы ауыр шындықты
мойындауға дайын болғанымыз жөн.
Егер соғысқа дейінгі орын алған тарихи оқиғалар тізбегіне назар аударар
болсақ КСРО- ның Отан соғысына ғана емес екінші дүниежүзілік соғысына да
кіргенін байқау қиын емес. Оларға мына фактілер; 1939 жылдың күзінде Брест
қаласында өткен совет-герман "жеңімпаздар парады", Финляндияға қарсы
бағытталған жаулап алу соғысы онан соң 1940 жыл барысында Балтық жағалауын,
Батыс Украинаны, Батыс Белорусияны, Бессарабияны, Солтүстік Буковинаны
басып алуы, 1941 жылдың маусымынан кейін Сталиннің Гитлерді оның еуропада
жеткен жеңістерінің бәрімен дерлік құттықтап отыруы, Кремльдегі Гитлердің
құрметіне мадақтаулар, ал жалпы алғанда КСРО-ның Германия тарапында Батыс
елдердегі одақтастарына қарсы соғыс әрекеттеріне қатысуы.
Бұл соғысқа дейінгі уақиғалар тізбегін Ұлы Отан соғысынан кейінгі КСРО
басшыларының әрекеттерімен толықтыруға әбден болады; Совет Одағы тарапынан
Еуропаның жартысына жуығын басып алу және басқа да континенттерден бірнеше
плацдарм басып алуы (Калининград, Итуруп, Шикатан, Хабияма т.б.), бұл
процесстің төмендегідей кезеңдері Берлин (1953), Будапешт (1956), Куба
(1962), Прага (1968), Ауғанстан (1979), сәл кейінірек - Тбилиси, Бильнюс,
Баку, Молдавия (Горбачев кезінде), онан соң Тәжікстан, Абхазия, Грузия және
-жаңаша, бірақта сол бағытта - Әзірбайжан, Грузия (мұның бәрі Ельцин
кезінде), ал бүгінгі күнде - Чешенстандағы дүрбелең. Міне мұның бәрі терең
талдау мен зерттеуді қажет ететін дүниелер.
Жалпы тарихи танымда табиғаты, сипаты жағынан ұқсас құбылыстарға назар
аударудың мәні зор, Тарихи аналогия бізге көп затты түсінуге көмектеседі.
Айталық, егер 1937-1939 жылдары армия кадрларына жасалған репрессия
нәтижесінде Сталиннің Тухачевский, Якир, Блюхер сияқты маршалдардың түбіне
жетуі Ұлы Отан соғысы сәтсіздіктеріне әсерін тигізсе, 1991 тамыздан кейін
Ельциңнің Варенников, Ахромеев сияқты генералдарды қудалауы Чешен
соғысындағы жеңілістерге себеп болды емес пе?
Қазіргі журналдар мен газеттердің беттерінде мәселен, генерал Власовтың
іс-қимылдарын тек қана ақтайтын ғана емес марапаттайтын материалдар да
жарияланып жүр. 1946 жылы 2 тамызында КСРО Жоғарғы Соты Әскери
Коллегиясының Власов пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық шаруашылығы
Отан соғысы майдандарында
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Ұлы отан соғысы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тылдағы ерлігі
Қазақстан майдан арсеналы
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Қазақстан соғыс жылдарында
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Соғыстың басталуы
Пәндер