Кәсіпорынның бизнес - жоспарын жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. БИЗНЕС –ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ.

1.1 Бизнес – жоспар құру мақсаттары және атқаратын
қызметтері ... ... ... ... .4
1.2 Бизнес – жоспар
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...8

II. КРОН ААҚ – Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ

2.1 КРОН ААҚ – на жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.2 Өнім сипаттамасы, нарықты талдау мен бәсекелестер, өндірістік
жоспар және инвестицияға деген қажеттілікті
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .16
2.3 Персонал, меркетинг жоспары; потенциялды тәуекелдер және қаржылық
жоспарын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..18

III. Кәсіпорынның бизнес – жоспарын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ...2 0

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...23

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе

Американың белгілі қоғам қайраткері Бенджамин Франклин
былай деген екен: “Болашаққа көз таста, әйтпесе артта қалып
қаласын”. Менің бұндағы айтайын дегенім жоспарлау туралы.
Себебі, жоспарлау кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізі
болып табылады. Онсыз ешбір фирма нарық жағдайында өмір сүре
алмайды.
Жоспарлау туралы сөз қозғағанда бизнес жоспарды естен
шығармаған жөн. Өйткені, бизнес-жоспар кәсіпорынның даму
преспективаларын анықтау үшін, баантен несие алу қажеттілігін
дәлелдеу үшін, рентабельді жұмысты ұйымдастыру жағдайларын құру
үшін, фирманың материялды және қаржылық жағдайын зерттеу
үшін қажет болып табылады. Нарық жағдайындағы шаруашылықты
жүргізгенде бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасы мен
формасында қолданылады және кәсіпорын не болмаса кәсіпкер
нарық конъюнктурасының өзгерісіне байланысты кездесетін
мәселелерді бейнелеуге көмектеседі. Бизнес-жоспар ұсынылы отырған
бизнестің қысқа, нақты, түсінікті көрінісі болып табылады,
әрі кәсіпорын алдында тұрған стратегиялық, тактикалық шешімдерді
және:
- кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық және қаржылық-
экономикалық жағдайына бағалау жасауды;
- кәсіпкерлік іс-әрекеттің потенциялды мүмкіншіліктерін
анықтауды;
- жоспарланған периодқа инвестициялық мақсат құруды қарастырады.

Бизнес жоспардың мәні және нарықтағы қажеттілігі.

1.1 Бизнес-жоспар құру мақсаттары және атқаратын қызметі.

Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің
әр түрлі сферасында қолданылатын іс-әрекет құралы болып табылады.
Бизнес- жоспар фирма бастықтарының компания табыстылығын арттыру үшін
алдына қойған мақсаттарына қалай жету керектігін көрсетеді. Дұрыс
жасалған бизнес-жоспар фирманың өсуіне, нарықта позицияларға ие
болуына, инвестициялар мен кредит ресурстарын тартуға өз септігін
тигізеді.
Бизнес-жоспар жүйелі түрде жаңарып отырады, оған фирма
ішіндегі және фирма жұмыс атқаратын нарықтағы өзгерістер әсер еріп
отырады. Осылайша, бизнес-жоспар кәсіпкерге өз ісінің жетістігін
фирма ішілік және макроэкономикалық зерттеулер негізінде бағалауға,
сонымен қатар ағымдық операцияларды қадағалауға, көмектеседі. Бизнес-
жоспар нарық жағдайындағы ең қажетті құрал болып табылады. Оның
себебін төменде келтірілетін бизнес-жоспардың мақсаты мен атқаратын
қызметінен көруге болады.
Бизнес-жоспар құрудың негізгі мақсаты - фирманың қысқа
мерзімге және ұзақ мерзімге нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес
шаруашылық іс-әрекетті жоспарлау және қажетті ресурстарды тарту
болып табылады. Бизнес -жоспар құрудың басқа мақсаттары әр түрлі
болуы мүмкін, мәселен:
- белгіленген нәтижелерге жетудің жүзеге асу дәрежесін анқтау;
- белгілі бір тұлға топтарына жұмыс атқарып тұрған фирманың іс-
әрекетін қайта ұйымдастыру немесе жаңадан құрудың мақсаттылығын
дәлелдеуҮ
- компания қызметкерлерін жобада көрсетілген сапалы немесе сандық
көрсеткіштерге жету мүмкіндігіне көндіру;
Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирманың қызмет етуімен байланысты
келесі тапсырмаларды шешуге көмектеседі :
- іс-әректтің наақты бағыттарын анықтау Ү
- өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды анықтау, ол
шығындарды жобаның потенциялды пайдасын анықтау үшін өнім
сатылатын бағамен салыстыру ;
- фирма кадрларының фирмаға сай келетіндігін және алға қойған
мақсаттарға жету үшін жұмысшылар еңбегінің мотивизацияларын
анықтау;
- фирманың матиралдық және қаржылық жағдайын зерттеу және
белгіленген мақсатқа жету үшін фирманың материялдық және
қаржылық ресурстары сай келетінін, келмейтінін анықтау;
- биснес-жоспардың іске асуына кедергі болатын қиындықтарды алдын-
ала анықтау және тәуекелдерді есептеу;
Қазіргі практикада бизнес-жоспар төрт түрлі қызмет атқарады.
Оның бірінші қызметі бизнестің стратегиясын құруға бизнес жоспарды
қолдану мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызметті кәсіпорынды құрған
кезде және іс-әрекеттің жаңа бағыттарын ойлап тапқан кезде өте
маңызды роль атқарады.
Бизнес-жоспардың екінші қызметі – жоспарлау. Ол жаңа іс-әрекет
бағытының даму мүмкіндіктерін бағалауға және фирма ішіндегі
процестерді бақлауға мүмкіндік береді.
Үшінші қызметі ақша ссудалар және несиелер тартуға өз
септігін тигізеді. Қазіргі кезде көп жағдайда белгілі-бір жобаны
несиесіз жүзеге асыру мүмкін емес . Ал несие алу оңай емес .
Сондықтан дұрыс құрылған бизнес-жоспар несие алуда шешуші фактор
болып табылады.
Төртінші қызметі компания жоспарын жүзеге асыру үшін өндіріске
өз капиталын немесе өзінде бар технологияны салғысы келетін
потенциялды әріптестер тартуға мүмкіндік береді. Әріптестер өз
капиталын немесе технологиясын өндіріске компанияның белгілі-бір
уақыт мерзіміндегі даму бағытын көрсететін бизнес жоспардың
болғанында ғана салады.
Фирма ішілік жоспарлау кез-келген кәсіпорынның көлеміне
қарамастан оның ажырамас бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспар нақты
жағдайда бизнесті бастауға немесе кеңейтуге керекті талдау
мүмкіншіліктерін көрсетеді және іскер әріптестерді тартуда ,
біріккен кәсіпорындар құруда үлкен рольге ие, яғни, бизнес-жоспарды
дайындау және тиімді қолдану ең маңызды іс-әрекеттердің бірі
болып тадылады . Бұл жоспар менеджермен , жетекшімен, фирмамен
немесе фирма топтарымен құрылуы мүмкін. Көп жағдайда бизнес
жоспарды дайындау барысында потенциялды әріптестер және инвесторлар
анықталады.
Бизнес-жоспар екі негізгі жолмен құрылады. Бірінші түрінде
бизнес-жоспар жалдамалы мамандар тобымен құрылады, ал жобаның
иницияторлары мен алғашқы тек алғашқы мәліметтерді дайындайды.
Екінші түрінде бизнес-жоспарды инициатордың өзі құрады, ал
методикалық ұсыныстарды мүмкін болатын инвесторлардан алады.
Бизнес жоспарды фирмаішілік және оның сыртындағы преспективті
жағдайлар бағаланады. Бизнес-жоспар, әсіресе, басшылыққа акционерлік
меншік жағдайында дұрыс дұрыс бағыт таңдауға өз септігін
тигізеді. Себебі, бизнес-жоспардың көмегімен компания жетекшілері
пайданың жинақталуы және акционерлер арасында дивиденттер түрінде
бөлінуі туралы шешімдер қабылдайды. Бұл жоспар фирманың
ұйымдастырушылық -өндірістік құрылымын дамыту және жетілдіру туралы
іс- шараларды жүргізуде қолданылады.
Фирмаішілік қызметімен бірге бизнес-жоспарлау макродеңгейдегі
жоспарлау стратегиясын анықтауда үлкен мағынаға ие болып келеді.
Кәсіпорындардың ұзақ мерзімді бизнес-жоспарлары экономиканы
мемлекеттік реттеу шеңберінде ұлттық саяси жоспарлауды құрудағы
негіз болып табылатын информациялық базаны құрайды. Яғни, көп
жағдайда бизнес-жоспар фирма ішіндегі немесе фирма сыртындағы
жағдайларды бағалауға және инвестициялар іздеуде қолданылады. Ол
ірі кәсіпкерлерге басқа фирманың акциясын сатып алу көмегімен өз
жұмысын кеңейтуге көмектеседі , сонымен қатар жалпы мемлекеттік
жоспарлау стратегиясын құруға негіз болып табылады.
Практика жүзінде бизнес-жоспарды процесс ретінде жүзеге
асыру үшін оның принциптерін білген жөн:
-ИКЕМДІЛІК. Яғни, ұйым өмір сүретін ортада болып жатқан
өзгерістерге оңай бейімделгіштігі;
-КОММУНИКАТИВТІЛІК – барлық іс-әрекеттердің үйлесімділігі мен бірлігі;
-КӨПВАРИАНТТЫЛЫҒЫ – белгіленген мақсатқа жету үшін альтернативті
мүмкіншіліктердіңішіндегі ең жақсысын таңдау;
-ҚАТЫСТЫҒЫ – жоспаролау процесін ұйым жұмысшылары көзқарасымен
сәйкестендіру;
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың формасы , мазмұны ,
құрылымы бойынша жіктелуі төмендегі суретте көрсетілген:

Бизнес-жоспар келтірілген суретке сәйкес әртүрлі модификацияда
құрылады. Яғни, бизнес бағыты бойынша (өнім, жұмыс, қызмет), жалпы
кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс атқарып тұрған).
Қаржылық сауықтыру бизнес–жоспары қаржыны төлеуге қабілетсіз
кәсіпорындарға арналып жасалады. Ол кәсіпорынның негізгі құжаты
болып табылады және:
–кәсіпорынның нарықта өз орнын сақтап қалу стратегиясын құру
үшін;
–қайта ұйымдастыру жоспарын жасау үшін;
–дағдарыс жағдайында кәсіпорынды басқару үшін;
–мемлекеттік көмектің керек екендігін түсіндіру үшін қажет.
Жоғарыда айтылғандай бизнес–жоспардың негізгі
мақсаты–инвесторлар, жаңа акционерлер, кредиторлар тарту болып
табылады. Сондықтан инвесторлардың ұнататын 1–2 бетті
бизнес–жоспардыңқысқа мазмұнын дайындау маңызды іс болып саналады.
Осы 2 бетте жобаның ерекшелігі мен артықшылығы нақты көрсетілген
жөн. Қысқа мазмұн инвесторларды тартатын алғашқы құрал болса,
келесі ұсынылатын нәрсе фирма туралы жалпы мәлімет болуы керек:
I. Фирманың құрылуы:
–фирманың құрылған күні (тіркелуі, орналасқан,жері, фирма қайда
және кіммен тіркелген);
–фирманың ұйымдастырушылық–құқықтық формасы;
–фирма капиталының құрылымы (шығаруға рұқсат етілген акциялар
саны, шығарылған және айналымдағы акциялар саны, олардың биржалық
бағасы)
–фирманың есеп–шоттары бар банктер;
–фирманың жетекшісі, төрағасы, директоры;
–фирма бухгалтері;
–фирма юристі;
–негізгі менеджерлер, олардың білімі, тәжірибесі;
II. Фирманың ұйымдастырушылық құрылымы
III. Фирма имиджі:
–Фирма несімен белгілі; ?
–оның басқа фирмалардан айырмашылығы неде?
–фирманың саудалық белгісі қай жерде белгілі?
–кім негізінен бұл фирманың тауарын сатып алады? Сонымен
қатар осы жерде фирманың негізгі тұтынушыларын көрсеткен жөн.
Қорытындыда керекті қыржыландыру көлемін және фирманың
қаржыландыру көмегімен капиталды өсіруі үшін қандай іс–әрекеттерді
жүзеге асырайын деп жатқандығын айта кеткен дұрыс.

1.2 Бизнес–жоспар құрылымы

Күрделі құжат болып табылатын бизнес–жоспардың құрылымы үлкен
рольге ие. Себебі онда компания сипаттамасы, оның потенциялы,
өндірістік жоспары және фирманың дамуы туралы нақты мәліметтер
көрсетіледі. Бизнес–жоспар құрылымы төменедегіше сипатталады:
–бизнес концепциясы;
–қазіргі кездегі жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша
мәлімет ;
–бизнес обьектісіне сипаттама;
–нарықты зерттеу және талдау;
–ұйымдастырушылық жоспар;
–персонал және басқару;
–өндіріс жоспары;
–маркетингтік іс-әрекеттердің жоспары;
–потенциялды тәуекелдер;
–қаржылық жоспар және қаржылық стратегия;
Енді осы айтылғандарға сипаттама бере кетейік.
1) Бизнес концепциясы–ұсынылып оырған бизнес туралытез оқылатын және
қысқартылған мәлімет.
Негізгі назар аударатын мәселелер–бизнестің жүзеге асуы үшін
мүмкіндіктер, оның кәсіпорын және халық үшін маңыздылығы, керекті
қаражаттар, мүмкін болатын несиені қайтару уақыты, күтілетін пайда
және оның бөлінуі.
Ұсынылып отырған бизнестің негізгі мақсаты-нарықта бәсекеге
қабілетті тауар шығару арқылы пайда табу болып табылады.
Концепцияда бизнес–жоспар бағыты көрсетіледі:
–потенциялды кредитор немесе инвестор үшін;
–мүмкін болатын әріптестер немесе акционерлер үшін;
–кәсіпорын басшылығы және кәсіпкер үшін;
–мемлекет немесе жергілікті жергілікті басқару органдары үшін;
Концепция ұсынылып отырған бизнестің жарнамасы болып табылады
және ең соңында құрылады. Себебі, ол барлық бөлімдердің негізгі
қысқа мағынасын қамтиды. Бизнес концепциясын 1–2 бетке сыйдыра
білген жөн. Ол ұсынылып отырған бизнес туралы нақты әрі түсінікті
мәлімет бергенше ; онымен жұмыс істеу керек .
Қазіргі кездегі жағдай және кәсіпорын туралы қысқаша мәлімет.
Бұл бөлімде мыналар көрініс табады:
–бизнес идеясының пайда болуына әсер еткен негізгі оқиғалар;
–кәсіпорын, менеджер немесе кәсіпкер алдында тұрған негізгі
мәселелер;
–нарықтағы жағдай және жетуге тура келетін прогресс (наықты
жаулап алу, тұрақтану):
Осылардан кейін қысқаша түрде кәсіпорын туралы мәлімет
беріледі.
3) Бизнес обьектісіне сипаттама. Бимзнес обьектісіне бизнес
бағыттар (өнім, қызмет) немесе кәсіпорын құру, немесе жұмыс істеп
тұрғанын дамыту жатады.
Бизнес бағытының обьектісін түсіндіргенде, оның ерекшелігін,
тұтынушылар үшін маңыздылығын және таңдау мүмкіндігін айта кеткен
жөн. Сонан соң өндіруші мен тұтынушы қандай экономикалық
артықшылықтар алатыны жөнінде сөз қозғау керек. Ол өнімнің өзіндік
құнын түсіру немесе тұтынушыға қосымша қызмет түрін көрсету болып
табылады. Сонымен қатар өнім бағасын көтеру арқылы оның сапасын
жақсарту.
Өнімнің функционалдық ерекшеліктерін жазған дұрыс. Мүмкін
болса, өнімнің жарнамалық парағын немесе суретін көрсете кеткен
жөн. Соңында табыс әкелетін негізгі факторларды айта кету керек.
Мәселен, нарық үшін жаңа тауар, жаңа қызмет.
Кәсіпорынды бизнес обьектісі ретінде сипаттағанда оны құру
немесе дамыту қажеттілігі туралы, өндірілген өнімдер, көрсетілген
қызметтер туралы, олардың артықшылықтары туралы және осы өнімді
шығаратын басқа кәсіпорындар туралы мәлімет бере кеткен жөн.
Сонымен қатар нарыққа шығу жолдарын және даму бағыттарын көрсетіп,
негізгі тұтынушылар тобын анықтап, жаңа өткізу нарығын тауып,
шығаратын өнім көлемін өсіру керектігін атап өткен жөн.
4) Нарықты зерттеу және талдау. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты
өнімді бүгін тұтынатын тұтынушыларды және тұтыну мүмкін дегендерді
анықтау. Сонымен қатар тұтынушылардың өнімді қандай критерлер
бойынша алатынын ділген жөн: сапасы, бағасы, уақытында жеткізілуі,
қызмет көрсету спасы және т.б.
Кәсіпорын өнімі бойынша нарық көлемін және сыйымдылығын
анықтау, яғни нарық сегментін жүргізу керек . Нарық сегменті
дегеніміз–нарықтың бір–бірінен тауарға деген сұраныс сипаттамасы
бойынша ерекшеліктерін, жеке бөліктерін бөліп көрсету. Ал нарық
көлемі дегеніміз–кәсіпорын тауарлары сатылатын территория, нарық
сыйымдылығы белгілі бір уақыт ішіндегі нарықта жүзеге асатын
тауарлардың көлемі болып табылады. Бұл бөлімде мынадай сұрақтарға
жауап іздеу керек : кім, неге, қанша және қашан өнімді сатып
алуға болады. Сонымен қатар белгілі бір өнімге деген сұраныс
көлемін анықтау керек және шығарылған тауар нарыққа қанша уақытта
орнығады, қашан тұтынушылар көңілінен шығады, қай уақытта оны
көбейту керек , нарықты кеңейтуге әсер ететін негізгі факторлар
қандай (мысалы саланы, регионның даму тенденциясы , регионның
әлеуметтік–экономикалық саясаты , бәсекелесті тудыру және т.б.) деген
сұрақтарға талдау жасаған жөн. Нарық және бәсекелестік туралы
толық түсініктеме 1 кестеде көрсетілген.
Бәсекелестерді бағалау мен оларды аңду негізгі мәселелерді
бірі болып табылады. Кәсіпорынның осал және күшті жақтарын,
тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін анықтап, оларды
бәсекелестермен салыстыру маңызды іс болып саналады. Шығарылатын
тауарлардың артықшылықтарына негізделіп, сатылымдардың мүмкін болатын
көлемі анықталады. Сатылым көлемін болжау 2 кестеде көрсетілген.
5) Ұйымдастырушылық жоспар. Бұл бөлім жаңа кәсіпорын құрғанда
немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды стратегиялық шаруашылық
орталығын (СШО) ашқанда құрылады. Осы жерде т кәсіпорынның немесе
СШО–ң ұйымдастырушылық құрылымын көрсеткен жөн. Онда кімнің қандай
іс–әрекетпен айналысатыны, бөлімшелердің іс–әрекетіне бақылау қалай
жүргізілетіні және жұмыс күшіне деген қажеттілік анық көрсетілуі
керек . Ұйымдастырушылық жоспар бөлімнің бөлімшесі кәсіпорын
іс–әрекетінің құқықтық қамтамсыз етілуінің болуы мүмкін. Онда құқықа
байланысты барлық мәліметтер (тіркеу туралы куәлігі, меншік формасы)
көрсетіледі.
6) Персонал және басқару бұл бөлімде бизнес жоспарды жүзеге
асыратын менеджерлер мен персоналдарға сипаттама беріледі (жасы ,
білімі ,тәжірибесі). Ол адамдар нарық жағдайында бизнесті табысты
етіп жүргізетін өз ісінің нағыз мамандары болғаны жөн. Сонымен
қатар осы бөлімде бизнес шекарасы кеңейетін болса, мүмкін болатын
жұмысшылар санының айта кету керек.
7) Өндіріс жоспары. Егер бизнес обьектісі болып өнім табылса,
онда бұл бөлім өндірістік процесті сипаттаудан басталады. Өндірістік
процестің еңбек мөлшері бойынша құрылымы 3 кестеде көрсетілген.
Егер бизнес обьектісі болып кәсіпорын табылса, онда бұл бөлім
өндірістің технологиялық қайта құруын сипаттаудан басталады. Өндіріс
көлеміне болжау жасау және оны жүзеге асыру маркетингтік
зерттеулермен, кәсіпорынның өндірістік мүмкіншіліктерімен салыстыра
отырып жүзеге асады. Өндіріс көлемі период бойынша болжанады:
бірінші жыл–квартал бойынша (керек жағдайда ай бойынша). Екінші жыл
–жартыжылдықтар бойынша. Келесі жылдары–жылдар бойынша. Бұл
айтқандарды түсну үшін 4 кестеге көз жүгірткен жөн.
Бұл бөлімде сонымен қатар өндірістік ғимаратқа, жер учаскесіне
деген қажеттілілті, олардың көлемін айта кеткен жөн. Обьектілердің
келесі сипаттамалары көрсетіледі: орналасқан жері,көлемі, жеке меншік
немесе жалға алынғандығы , жөндеу жұмыстарына деген қажеттілік.
8) Маркетингтік іс–әрекеттің жоспары . макетингтік жоспар
дегеніміз–ойластырылған, тауар көлемін сату мен нарықтық
қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы максималды пайда табу. Бұл
бөлімде тұтынушыға деген маркетингтік бағыттау (орентация) сақталуы
керек ( тұтынушылардың қалауын білу, жоғары сапалы қызмет көрсету,
қол жететін баға, сенімділік , тұрақтылық).
Егер бизнес обьектісі болып кәсіпорын немесе СШО табылса,
оныңдаму стратегиясын жасау дұрыс болып табылады.
Кәсіпорын стратегиясын жасағанда сыртқы ортаның әсері
(технологияның, сұраныстың өзгеру тенденциясы) ескерген жөн.
Кәсіпорынның нарықтық өзгерістерге бейімделуі үшін тауарлық, бағалық
және өткізу саясатын қамтитын маркетинг стратегиясын ұмытпаған жөн.
Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы 5 кестеде көрсетілген.
Негізгі зейін бәсекелестерді бақылау мен бағалық мен бағалық ,
тауарлық саясатқа бөлінуі керек . Сонымен қатар берілген бизнес
сферасына кірудегі қиындықтарды анықтап, оларды жеңу жолдарын
белгілеген жөн.
Бұл бөлімде мына сұрақтарға жауап іздеу керек: нарықты қалай
жаулап алу, сақтау және көбейту керек , қалай көп пайда табу
керек ?
Тауарлық стратегия–коммерциялық көзқарас тұрғысынан алғанда
нақты іс–әрекет бағытына сәйкес тауарлар ассортиментінің құрылуы,
бар немесе жасалып жатқан ресурстардың нарықтық жағдайларға оңай
бейімделуі.
Тауарлық саясат–келесі мақсаттарды қамтиды:
–кәсіпорын беделін көтеретін және бірнеше жылға көшбасшы бола
алатын тауар түрлерін шығару;
–мүмкін болатын өнім модификациясы бойыншамаркетингтік
бағдарламалар жасау, келешекте керекті өнім түрін каталог бойынша
таңдау;
Баға құру стратегиясы қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттармен
байланысты болып келеді және өндіріс шығындары, өнімге деген
сұраныс, бәсекелестер бағасы негізінде құрылады.
Өндіріс шығындарына негізделген баға құру кең тараған келесі
әдістермен жүзеге асуы мүмкін:
–толық шығындар;
–орташа шығындар;
–шекті шығындар;
–өндірістің стандарты шығындары;
–тура шығындар;
Енді осы айтылғандарға тоқталатын болсақ .

Толық шығындар әдісі өндірістегі барлық шығындар мен тауарды
жүзеге асыру негізінде бағаны есемтеуді қарастырады.

Орташа шығындар әдісі ұзақ уақыт ішінде бағаны тұрақты ұстау
үшін қолданылады және экономикалық цикл периоды ішінде өнімді
өндіруге кеткен орташа шығындар негізінде анықталады.

Шекті шығындар әдісі өндірі және өткізу көлемін болжам
бойынша кеңейткен кезде қолданылады. Шекті шығындар дегеніміз–өндіріс
немесе өткізу көлемін ұлғайту нәтижесінде өнім бірлігіне деген
жалпы шығындар сомасының өзгеру.
Өндірістің стандартты шығындар әдісі–нақты бар өндірістік
жағдайлар мен өндіріске және өнімді жүзеге асыруға кететін
шығындарды есептеу.
Тура шығындар әдісі–белгілі бір өндіріс қуатын іске қосу
нәтижесінде өндіріс шығындарын анықтау сол арқылы нарықтық бағаны
құру.
Баға саясаты мыналарды қарастыруы мүмкін:
–өзгере алатын бағаларды қолдану;
–баға мен сапаның өзара байланысы;
–әлемдік нарықтағы баға деңгейіне бағытталуы;
ткізу стратегиясы сұранысты қалыптастыру, өткізуді стимулдау
жүйесіне бағытталады және келесі келесілерді қарастырады ;
–жарнамалық іс–әрекет (жарнаманы радиода, теледидарда, газет, журнал
беттерінде қолдану);
–коммерциялық байланыстарды делдалдар, дилерлер, агентер арқылы құру
және реттеу;
–жәрмеңкелерге және көрмелерге қатысуды ұйымдастыру;
–несиені әртүрлі фирмада қолдану;
–потенциялды тұтынушылар үшін өнім презентациясын жасау;
9) Потенциялды тәуекелдер. Бұл бөлім нарық жағдайында ерекше
маңызға ие болып табылады. Себебі, тәуекелді дұрыс есептеу,
есептемеуге потенциялды инвесторлардың, кредиторлардың, бизнес бойынша
әріптестердің сенімі тәуелді болып келеді. Бизнесті дұрыс жүргізе
білу үшін мүмкін болатын тәуекел түрлерін білу керек. Олар:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ойластырылмаған жағдайлармен
байланысты болып келеді.
Өндірістік тәуекелдер өнімді, тауарды өндірумен, өндірістік
іс–әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты болып келеді. Оларға
өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қордың істен шығуы,
айналым заттарының жоғалуы, шикізаттардың, құрал–жабдықтардың дер
кезінде жеткізілмеуі жатады. Яғни, өндірістік тәуекелдерді азайту
үшін өндірістік процестегі бақылауды, шикізаттарды және
құрал–жабдықтарды жеткізуге әсерді күшейту керек немесе
жеркізушілерді көбйту қажет.
Коммерциялық тәуекелдер өнімді тауарлы нарықта жүзеге асырумен
байланысты болып келеді. Оларға нары конъюнктурасындағы өзгерістер
жатады. Коммерциялық тәуекелді азайту іс–шараларына келесілер жатады:
–нарық конъюнктурасын жүйелі түрде зерттеу;
–дилерлік жүйені қалыптастыру;
–сай келетін баға саясаты;
–қызмет көрсету желілерін құру;
–қоғамдық ой–пікірді және фирма стилін қалыптастыру
–жарнама және т.б.
Қаржылық тәуекелдер инфляциялық процестермен, валюта бағамының
өзгерістерімен байланысты болып келеді. Қаржылық тәуекелді
азайту–кәсіпорындағы тиімді қаржылық менеджмент жүйесінің қалыптасуы
мен жүзеге асуы.
Оластырылмаған жағдайлармен байланысты тәуекелдерге мемлекеттің
саяси бағытынан ауысуы, көтерілістер, жер сілкіністері жатады.
Жоғарыда аталған тәуекел түрлерінің тигізетін әсерін азайту үшін
коммерциялық сақтандыруды (мүлікті, транспорттық жеткізулерді,
тәуекелдерді) жүзеге асыру керек.
10) Қаржылық жоспар және қаржылық стратегия. Қаржылық жоспардың
негізгі мақсаты–ұсынылып отырған бизнестің тиімділігін анықтау болып
табылады. Бұл бөлімде мыналарды ұсыну керек:
–пайда мен шығын туралы мәлімет;
–шығын мен кірістің ақшалай балансы;
–актив пен пассив балансының болжамы;
–шығынсыздықты талдау;
–қаржыландыру стратегиясы;
есептеулер 3 нұсқа борйынша жүргізіледі: оптимистік, пессимистік
және ықтималдық. Қаржыландыру стратегиясында кәсіпорынды құру
немесе дамытуға қажетті ресурстарды алу жоспары болу керек және
мына сұрақтарға жауап берген жөн:
–ойластырылған істі жүзеге асыру үшін қандай көлемде қаражат
керек?
–қайдан қаражат аламыз және қандай формада?
–қашан салынған ресурстар қайтарылады және инвесторлар олардан
пайда табады?
–ол пайда қандай көлемде болады?
Яғни, осы сұрақтарға жауап беру арқылы қаржылық стратегия
құрылады.
Бұл тарауды қорытындылай келе мынадай қорытынды жасауға болады:
жоспар құрылымы қатып қалған, яғни өзгермейтін деп
қарастыруғаболмайды. Себебі, ол белгілі–бір мақсаттарға, тапсырмаларға
байланысты өзгеріске ұшырауы мүмкін.

II. КРОН ААҚ–Ң БИЗНЕС – ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ.

2.1 КРОН ААҚ–на жалпы сипаттама .

КРОН ААҚ электромеханиклық техниканы шығарумен айналысады,
соның ішінде сваркалық трасформаторларды шығарады.
Бұл бизнестің негізгі мақсаты–бәсекеге қабілетті өнім шығару
мен оны жүзеге асыру нәтижесінде пайда табу.
Бизнес–жоспардың жүзеге асуы келесі тапсырмаларды шешуге
көмектеседі:
–нарықтың дәл осы электромеханикаға деген қажеттілігін
қанағаттандыру;
–кәсіпорынды диверсификациялау нәтижесінде жаңа пайда табу
көздерін құру;
–өндірістік қуатты жүктеуді қамтамасыз ету;
бұл бизнес жоспардың мақсаты–ұсынылып отырған өндірістік өнімге
талдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасау
Бизнес-жоспардың теориялық және практикалық аспектілері
Бизнес - жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
Бизнес жоспар. “Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарын талдау
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Бизнес жоспарды жақсарту жолдары
Бизнес-жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау туралы ақпарат
Агробизнесті жоспарлаудың теориялық мәні
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Пәндер