Ағымдағы активтер ұзақ мерзімді активтер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі коэффициенттерінің теориялық
негіздері
1.1.Қаржылық коэффициенттерге сипаттама
1.2. Қаржылық коэффициенттердің сыныпталуы және қаржылық талдау әдістері

2.АҚ КазМұнайГаз-дың қаржылық жағдайына талдау
2.1. Компанияның қызметіне сипаттама
2.2. Компанияның балансын қаржылық коэффициенттерді қолдана отырып
бағалау

3. Компанияның қызметтерін оңтайландыру шаралары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қаржылық көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорының қаржылық жағдайын
талдау қаржылық менеджементтің негізгі бөлімдерінің бірі болып
табылады.Кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысында белгілі бір нәтижеге
жетуді көздейді, өзінің қаржылық жағдайын талдайды, алдына қойған
мақсаттары мен жоспарларын орындауға тырысады. Кәсіпорын шаруашылық
қызметін жүргізу барысында стратегиялар мен тактикалар қабылдайды, осы
жоспарлардың орындалуын кәсіпорын тек қаржылық жағдайды анықтау
коэффициенттерін есептеп қана көру мүмкіндігі бар.Сондықтан менің курстық
жұмысымның актуалдығы сонда, шаруашылық процесінің барлық жағдайын және
кәсіпорын жұмысының оңтайлығы мен тиімділігн анықтауға көмектеседі.
Курстық жұмысты жүргізу барысында мен өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
- қаржылық жағдайды анықтау үшін қажетті каржылық менеджмент
коэффициенттерін талдау;
- белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайын тәжірибе жүзінде анықталған
мәліметтерді қолдана отырып, қаржылық жағдайды талдау коэффициенттерін
есептеу;
- кәсіпорында қалыптасқан жағымсыз жағдайларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатарға жету үшін мен мынандай міндеттерді белгіледім:
- қаржылық коэффициенттерді анықтау үшін теориялық әдебиеттерді
қарастыру;
- белгілі бір кәсіпорынның бухгалтерлік балансы туралы мәліметтер баспа
беттері мен интернеттерден іздеу;
- ұсыныстар енгізу үшін әдебиетерді қарастыру.

1.Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі коэффициенттерінің теориялық
негіздері.
1.1. Қаржылық коэффициенттерге сипаттама.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тұрғыдан
анықтауға болады. Бірінші жағдайда қаржылық жағдайды талдау критерийі -
өтімділік және төлем қабілеттілік болады.
Көптеген еліміздің мамандарының айтуы бойынша өтімділік және төлем
қабілеттілік ұғымдары теңестіріледі. Өтімділік ұғымын активтердің белгілі
бір уақытқа байланысты ақшалай қаражаттарға айырбасталу мүмкіндігі. Мерзім
аз болған сайын активтердің өтімділігі жоғары деген сөз. Баланстың
өтімділігі дегеніміз ұйымның міндеттерін активтермен жабу мүмкіндігі, яғни
міндеттердің өтелу мерзімінің активтердің ақшаға айналу мерзіміне
сәйкестігі.
Ұйымның өтімділгін айтқан кезде қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін
айналыстағы қаражаттардың жеткіліктігі болып табылады. Сандық өтімділік
арнайы өтімділік коэффициентімен сипатталады.
Төлем қабілеттелік дереу өтелуге міндетті несиелік қарыздарды
төлеу үшін ұйымдағы ақша қаражаттарының болуы. Осыған байланысты төлем
қабілеттіктің негізгі көрсеткіштері: а) есеп айырысу шотындағы ақша
қаражаттарының жеткіліктік мөлшері; б) мерзімі өтіп кеткен несиелік
қарыздардың болмауы.
Яғни өтімділік пен төлем қабілеттілік коэффициенттері бір- біріне тең
емес.

Баланстың өтімлігін талдау.
Баланстың өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі төмендеуге байланысты
топтастырылған активтік қаражаттарды өтелу мерзімінің ұзаруына
байланысты орналастырылған пассивтік қаражаттардың арақатынасын салыстыру
арқылы анықталады.
Өтімділік дәрежесіне байланысты,яғни ақша қаражаттарына айналу
мүмкіндігіне байланысты ұйымның активтері келесі топтарға бөлінеді:
А1. Өтімділігі өте жоғары активтер- оларға барлық ақша қаражаттары және
қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар) жатады.
А2. Тез сатылатын активтер- қолма- қол қаражаттарға айырбастау үшін уақытты
қажет ететін активтер.Бұған есеп беру кезеңінен кейін 12 ай ішінде
өтелетін дебиторлық қарыздарды жатады.
А3. Жәй сатылатын активтер- өтімділігі төмен активтер- ҚҚС қорлары,
дебиторлық қарыздар( есептік кезеңнен кейін 12 айдан асатын уақытта
қайтарылатын) және басқада айналым активтері.
А4. Қиын сатылытын активтер- ұзақ мерзімде шаруашылық қызметте қолданылатын
активтер. Бұл топқа айналымнан тыс активтер жатады.

Активтерддің алғашқы 3 тобы шаруашылық мерзімінің аралығында үнемі
өзгеріп тұруы мүмкін, сондықтан олар ағымдағы активтер деп аталады. Басқа
активтермен салыстырғанда ағымдағы активтердің өтімділігі жоғары.
Баланстың пассивтері олардың төлену мерзімінің дәрежесіне
байланысты анықталады:
П1. Тез өтелетін міндеттемелер- оларға кредиторлық қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді пассивтер- қысқа мерзімді қарыз қаражаттары, басқа да
қысқа мерзімді пассивтер, дивидендтер бойынша төлемдер.
П3. Ұзақ мерзімді пассивтер-банктердің ұзақ мерзімді қарыздық кредиттері
және басқа да қысқа мерзімді пассивтер.
П4. Тұрақты пассивтер-болашақтағы пайдалар, пайдалану қорлары, келешектегі
шығындардың пассивтер.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер бірге алғанда сыртқы
міндеттемелер болады.
Кәсіпорын өтімді болады,егер ағымдағы активтер қысқа мерзімді
міндеттемелерден көп болса. Кәсіпорын жоғары дәрежеде және төмен дәрежеде
өтімді болады.Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассивтер мен
активтер топтарын теңестіру керек. Баланс абсолютті өтімді болады, егер
мынандай теңсіздік орындалса:
А1=П1; А1=П2; А3=П3;А4= П4;

Егер осы теңсіздік орындалса, яғни ағымдағы активтер сыртқы
міндеттемелерден жоғары болса, мұның терең экономикалық мәні бар: фирманың
меншікті айналым қаражаты бар екендігін көрсетеді, қаржылық
тұрақтылықтың минималдық шарты орындалады.
Осы үш теңсіздіктің біреуі орындалмаса, баланс абсолюттік сипаттан
алшақтайды.
Өтімді қаражаттардың міндеттемелерге теңестірілуі:
- ағымдағы өтімділік,қарастырылған мерзім аралығында ұйымның
төлем қабілеттігі(+) немесе төлем қабілетсіздігі(-). АӨ=(А1+А2)-
(П1+П2);
- перспективалық өтімділік-төлем қабілеттілікті болашақ түсімдер мен
төлемдер арқылы салыстыру. ПӨ=А3-П3

Баланстың өтімділігін талдау келесі кестеде көрсетіледі.

1- кесте

Актив Мерзім Мерзім Пассив Мерзім Мерзім Артық және
басында аяғында басында аяғында жетіспеушілік
1 3 4 5 6 7=2-58=3-6
2
Өтімділігі Х1.1 Х1.2. Тез өтелетін У1.1 У1.2.
өте жоғары міндеттемелер(П1)
активтер(А1)
Тез Х2.1 Х2.2. Қысқа мерзімді У2.1 У2.2
сатылатын пассивтер(П2)
активтер(А2)
Жәй Х3.1 Х3.2 Ұзақ мерзімді У3.1 У3.2
сатылатын пассивтер(П3)
активтер(А3)
Қиын Х4.1 Х4.2 Тұрақты У4.1 У4.2
сатылатын пассивтер(П4)
активтер(А4)
Баланс Баланс

1 топтағы активтер мен пассивтерді теңестіру арқылы ағымдағы төлем
қабілеттілік пен түсімдерді анықтауға болады. 2 топтағы пассивтер мен
активтерді салыстыру арқылы, яғни А2 мен П3, жақын арадағы ағымдағы
өтімділіктің өсуі мен кемуін анықтауға болады. 3 және 4 топтағы активтік
және пассивтік қорытындыларды салыстыру арқылы болашақтағы төлемдер мен
түсімдерді анықтауға болады. Жоғарыдағы схеманы талдау уақытылы
төлемдерді өтеу мүмкіндігін сипаттайтын қаржылық жағдайы анықталады.
Бұл схема арқылы талдау жақындатылған талдау болса, нақты талдау төлем
қабілеттігін қаржылық коэффициенттердің көмегімен талдауға болады.

Төлем қабілеттілік коэффициенттерін анықтау және есептеу.
Төлем қабілеттілік коэффициенті нормативтер арқылы талданады.

Қаржылық коэффициент нормативі (2
кесте)
Көрсеткіштер Есептеу әдісі Оңтайлы шектеулер
атауы
Өтімділіктің L1=(A1+0.5*A2+0.3*A3)(П1+0.5*П2+0 .3*П3) L1=1
жалпы
көрсеткіші
Абсолюттік
өтімділік
коэффициенті L2= A2(П1+П2) L20.1-0.7
Нашар L3=(A1+A2)(П1+П2) 0.7-0.8
бағалану жіберіледі,
коэффициенті мүмкіндігіншеL3~1
Ағымдағы Қажетті1; тиімді
өтімділік L4=(A1+A2+A3)(П1+П2) L4~1.5-2
коэффициенті

Коэффициенттердің мәнін ашып айтайық. Абсолютті өтімділік
коэффициенті(L2) жақын уақыт аралығында ұйым ақша қаражаттарының көмегімен
қысқа мерзімді міндеттемелердің қаншалаықты бөлігін өтей алатындығын
көрсетеді. Нашар бағалану коэффициенті(L3) төлемдер бойынша түсімдер және
басқа да шоттардың арқасында тезарада міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін
көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарын
ауыстыру арқылы ағымдағы міндеттемелерді орындау жағдайы.
Өтімділікті жиынтық бағалау үшін төлем қабілеттілік коэффициентін
қолдану керек (L1). Оны бағалау арқала ұйымның қаржылық жағдайы өзгереді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (L4) осы барлық көрсеткіштерді
жалпылайды және бухгалтерлік баланстың оңтайлы( оңтайлы еместігін)
көрсетеді. Бұл төлем қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші.

Қаржылық тұрақтылықты талдау
Ұйымның қаржылық жағдайын талдаған кезде қаржылық тұрақтылықты
қарастырмай өтуге болмайды.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығы- жеткілікті тәуекел деңгейін ескере отырып
төлем қабілеттілік және несие қабілеттілік жағдайын сәйкестендіре ұйым
капиталы мен пайдасы өсуге бағытталған ұйымдық ресурсты дұрыс орналастыру
және бөлу кезіндегі жағдай.
Қаржылық тұрақтылықты талдаудың мақсаты болып активтер мен
пассивтердің құрылымы мен көлемін бағалау болып табылады.Бұл мынандай
сұрақтарға жауап береді: активтер мен пассивтердің өсу деңгейін анықтауға
көмектеседі. Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффициенттерді
анықтайық.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері қорлар мен
шығындардың құралу көздерін көрсеттеді.
Қорлар мен шығындардың құрылу көздерін сипаттау үшін бірнеше
көрсеткіштер бар олар әртүрлі көздерді сипаттайды.
1. Меншікті айналым қаражаттары:
МАҚ= капитал және резерв- айналымнан тыс активтер;
2. Меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар, қорлар мен шығындардың құрылу
көздері және әрекет етуші капитал.
МҚ= МАҚ+ ұзақ мерзімді пассивтер;
3. Қорлардың құрылу негізгі көздерінің жалпы көлемі.
НК=МҚ+ қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;

Осы үш көрсеткішкі қамтамасыз етуші үш көрсеткіш бар:
1. Меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі.
+(-)Фc =МАҚ –ҚҚ
2. Қорлар мен шығындардың құрылу көздерінің меншікті және ұзақ
мерзімді қарыздардың артықшылығы немесе жетіспеушілігі:
+(-)Ф т=МҚ- ҚҚ
3. Қор және шығын құрау үшін меншікті қаражаттың артықшылығы немесе
жеткіліктігі.
+(-)Фо= НК-ҚҚ
Осы көрсеткіштердің көмегімен қаржылық тұрақтылықтың үш деңгейлі
жағдайын анықтауға болады:
1, егер Ф0
S(Ф)=
0,егер Ф0

Экономикалық жағдайдың 4 типін бөліп көрсетуге болады:
1. Абсолютті тәуелсіздікті қаржылық жағдай. Бұл тип өте сирек кездеседі,
қаржылық жағдайдың ең нашар сипат алған кезі және былай сипатталады: +(-
)Фс=0; +(-)Фт= 0; +(-)Фо=0
Яғни үш деңгейлі жағдай S=(1;1;1)
2. Жақсы тәуелсіздігі қаржылық жағдайдың, төлем қабілеттілікті
кепілдендіреді: +(-)Фс0; +(-)Фт=0; +(-)Фо=0 немесе S=(0; 1; 1)
3. Тұрақты емес жағдай, төлем қабілеттілік бұзылады, бірақ дебиторлық
қарызды азайта отырып, қордың айналуы тездетіліп, тұрақтылық орнатылады:+(-
)Фс0; +(-)Фт0; +(-)Фо=0 , яғни S=0; 0; 1
4. Тоқырау қаржылық жағдайы, кәсіпорын қарыз қаражаттары есебінен
қаржыландырылады. Меншікті және ұзақ мерзімді қарыздар қорлар мен
шығындарды қаржыландыруға жеткіліксіз, кредитторлық міндеттемелерді орындау
арқылы нәтиже жүргізіледі:
+(-)Фс0;+(-)Фт0; +(-)Ф0 яғни S=0;0;0
Қаржылық тұрақтылықтың коэффициенттері салыстырмалы түрде анықталады.Әрбір
әдісте өзіндік салыстырулар бар.Қаржылық тұрақтылықты талдаудың
салыстырмалы көрсеткіштерін 2 топқа бөлуге болады.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері (3 кесте)
Көрсеткіштер атауы Дұрыс шектеулер
1. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз Төменгі шегі 0,1
ету коэффициенті U1=0,5
2. Материалдық қорлардың меншікті
қаражатпен қамтамасыз етілу U2=0,6-0,8
коэффициенті
3. Меншікті қаражаттар мен қарыз
қаражаттарының қатынасы 1,5 жоғары емес
коэффициенттері
4. Автономия коэффициенті U4=0,4-0,6
5. Қаржыландыру коэффициенті(ұзақ U5=0,7
мерзімге қарыз қаражатын тарту) Тиімді U5~1,5

Көрсеткіштерді анықтасақ.Меншікті қаражатпен қамтамасыз ету коэффициенті
айналым активтерінің қай бөлігі меншік қаражатының салдарынан
қаржыландыратындығы көрсетіледі.Материалдық қорлардың меншікті қаражатпен
қамтамасыз етілуі коэффициенті айналы қаражаты меншікті капиталмен
қаншалықты деңгейде қаржыландырылғаны анықталады және қарыз қаражатын тарту
қажет пе немесе керек еместігін талдайды.1,2 коэффициенттер айналым
қаражатының жағдайын сипаттайды.3-ші коэффициент ұйым активтерге салынған
1 теңге меншікті қаражаттың қаншасы тартылған қаражат екені анықтайды.
Автономия коэффициенті меншікті қаражаттардың қаржыландырылған жалпы
сомадағы үлес салмағын анықтайды. Қаржыландыру коэффициенті каржыландыру
қызметінің қаншасы меншікті қаражаттар есебінен, қаншасы тартылған
қаражаттар есебінен қаржыландырылғаны анықталады.( 1,2,3)
Төлем қабілеттілікті бағалау (4кесте)
Коэффициенттер атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімді
мәні
Ақша қаражаттары+
0,5*дебиторлық
Төлем қабілеттіліктің қарыздар+0,3ТМҚқысқа
жалпы көрсеткіші мерзімді қарыздар+0,5
банктің кредиттері+0,3
ұзақ мерзімді кредиттер
мен қарыздар , болашақ
табыстар
Меншікті айналым Меншікті ұзақ мерзімді 0,1-ге тңе немесе кем
қаражытамен қамтамасыз активтер айналым емес
етілу коэффициенті қаражаты

Қаржылық тұрықтылықты бағалау(5 кесте)

Коэффициенттің атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімді
мәні
Меншікті капиталдың
шоғырлану коэффициенті Кмкш=МКБ 0,6
Қаржылық тәуелділік Кқт= БМК
коэффициенті
Меншікті капиталды Кмкқ=МҚМК 0,5
қолдану коэффициенті
Тартылған қаражаттардың
шоғырлану коэффициенті Ктқш=ТҚБ 0,2-0,5
Ұзақ мерзімді
салымдардың құрылым ҰМНҚ
коэффициенті
Ұзақ мерзімді тартылған
қаражаттадың ҰМҰМ+МК
коэффициенті
Меншікті қаражат пен
тартылған қаражат Кмқтқ= ТҚМҚ 0,2-0,5
қатынасының коэффициенті

Табыстылықты бағалау(6 кесте)
Коэффициент атауы Есептеу формуласы
Таза табыс Салық салынудан кейінгі жәй қызмет
бойынша табыс- кездейсоқ жағдайларға
байланысты шығындар
Өткізілген өнімнің табыстылығы, Таза табыс өткізуден түскен табыс
пайыз есебінде
Сату көлемінің табыстылығы, пайыз Жалпы табыс өткізуден түскен табыс
есебінде
Негізгі қызметтен түскен табыс, Негізгі қызмет бойынша табыс
пайыз есебінде өзіндік құн+ ағымдағы кезең
шығыстары
Активтердің табыстылығы, пайыз Таза табыс барлық активтер
есебінде
Ағымдағы активтердің табыстылығы, Таза табыс ағымдағы активтер
пайыз есебімен
Меншікті капиталдың табыстылығы, Таза табысменшікті капитал
пайыз есебімен
Меншікті капиталдың құнын өтеу МК таза табыс
мерзімі
Негізгі капиталдың табыстылығы Таза табыс негізігі капитал
Меншікті капиталдың құнын өтеу 360* таза табыс МК
мерзімі

Іскерлік белсенділікті бағалау (7 кесте)
Коэффициент атауы Есептеу формуласы
Қордың өтелуі Өткізуден түскен табысНҚ
Қаражаттардың есеп бойынша Өткізуден түскен табыс ДҚ
өтелуі(айналыс бойынша) (А)
Қаражаттардың есеп бойынша өтелуі 360 күн А
(күн )(А1)
ТМҚ өтелуі (айналыс) (В) Өзіндік құнТМҚ
ТМҚ өтелуі(күн) (В1) 360 күн В
Кредиттік қарыздардың өтелуі(күн) КҚ*360 қүн өзіндік құн
(С)
Операциялық циклдің ұзақтылығы( А1+В1
қүн) (D)
Қаржылық циклдің ұзақтылығы(күн) D-C
Дебиторлық қарызды төлеу
коэффициенті Дб өткізуден түскен табыс
Меншікті капиталдың өтелуі Өткізуден түскен атбыс МК
Капиталдың өтелуі Өткізуден түскен табыс капитал

Мүліктік жағдайын бағалау (8 кесте)
Коэффициенттердің атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімділік
мәні
Мекеме басқарымындағы
шаруашылық қаражат Баланс соңы- нетто, мың
сомасы теңге
Негізгі құралдардың тозуТозу алғашқы құны 0,5- тен көп емес
есебі
Мобильденген және басқа
да иммобилизацияланған 0,5-0тен кем емес
қаражаттардың қатынасы Ағымдағы активтер ұзақ
мерзімді активтер
Негізгі құралдардың Қалдық құны жалпы 0,5 кем емес
нақты құнының активтер
коэффициенті
Негізгі құралдардың НҚ белсенді бөлігінің
белсенді бөлігінің үлесіқұны НҚ құны

Төлем қабілеттілікті бағалау (9 кесте)
Коэффициент атауы Есептеу формуласы Коэффициенттің тиімді
мәні
Меншікті айналым ФК=ТА-ТМ
қаражатының көлемі
Меншікті айналым ДСФК
қаражаттарын қолдану
Ағымдағы өтімділік КА=ТАТМ 2,0
коэффициенті

1.2.Қаржылық коэффициенттердің сыныпталуы және қаржылық талдау әдістері.

Қаржылық есептілік көмегімен қаржылық жағдайды сыныптау.
Қазақстан Республикасының ұйымның қаржылық саясатын құру бойынша
ескертпелерде ұйымының қаржы-экономикалық жағдайларды сиапттаудың 2
деңгейін қарастыруға болады: бірінші және екінші деңгей.Бұл екі категория
өзара сапалық көрсеткіштер бойынша ерекшеленеді.
Бірінші деңгейге кіретін көрсеткіштерге нормативтік мағыналар қатысты.
Олардың қатарына төлем қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
жатады.Екінші деңгейге жататын көрсеткіштерге қаржылық жағдайды талдау
белгілі бір кәсіпорынның жағдайын сәйкес өнім шығаратын
кәсіпорынның өнім деңгейімен салыстыру арқылы анықтауға болады.Бұл топқа
рентабельділік көрсеткіші, мүлік құрылымы сипаты, айналым қаражаттарының
көзі мен жағдайы көрсеткіштері жатады.
Бірінші деңгей көрсеткіштерінің динамикасын талдау кезінде осы
көрсеткіштердің өзгеру тенденциясын анықтау керек.Егер олардың мәні
нормативтен жоғары немесе төмен болса, оны кәсіпорын жағдайы нашар деп баға
беруге болады.Бірінші топ көрсеткіштерінің бірнеше жағдайын айқындауға
болады:
Бірінші деңгей көрсеткіштерінің жағдайы. (10
кесте)

Жақсартылған Тұрақтылық мәндер Төмендетілген
Тенденциялар мәндер мәндер
Нормативтерге 1 2 3
сәйкес келу
Дұрыс мән 1.1 1.2 1.3
Нормативке сәйкес
келмейтін мәндер 2.1 2.2 2.3
2

1.1 жағдайы- көрсеткіштердің мәні норматив шегінде және дұрыс диапазон
аралығында орналасқан. Көрсеткіштердің динамикасын талдау қозғалыстың
тиімді бағытта сипат алатындығын көрсетеді( шекарадан коридорға қарай
қозғалу). Егер осы деңгейдегі көрсеткіштер топтары 1.1 жағдайында болса,
онда бұл қаржылық жағдай аспектісіне өте жақсы деген баға беруге болады.
1.2 жағдайы- көрсеткіштердің мәндері тиімді шекарада орналасқан, динамиканы
талдау тұрақтылықты көрсетеді. Осы жағдайда ұйымның қаржылық жағдайын
өте жақсы( көрсеткіштердің мәні коридордың ортасында) немесе жақсы
( коридордың белгілі бір бөлігінде) деп анықтауға болады.
1.3 жағдайы – көрсеткіштердің мәні тиімді жағдайда орналасқан, бірақ
көрсеткіштер динамикасы нашарлауын( коридордың ортасынан оның
шекарасына қарай қозғалыс) көрсетеді.Қаржылық жағдайды бұл жағдайда
бағалау- жақсы деген сөз.
2.1 жағдайы- көрсеткіштердің мәні тиімділік деңгейінен төмен, бірақ
жақсару жағына қарай бағытталған. Бұл жағдайы нормадан ауытқуы мен қозғалыс
бағытына байланысты ұйымның қаржылық жағдайы жақсы немесе
қанағаттандырарлық деп танылады.
2.2 жағдайы-көрсеткіштер мәні коридордың тиімсіз бөлігінде орналасқан.
Бағалау қанағаттандырарлық немесе қанағаттандырарсыз мәнге ие.
2.3 жағдайы-көрсеткіштердің мәні норманың шегінен тыс және әрқашан
нашарлау бағытына қозғалады. Бағалау- қанағаттандырарсыз.
Осы әдісті қолдана отырыптөлем қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық
коэффициенттерін келесідей қорытындылауға болады:

Бірінші деңгейлі көрсеткіштердің жағдайын бағалау (11 кесте)
КөрсеткіштердіңНормативке Тенденциялар КөрсеткіштіңБағалау
атауы сәйкес жағдайы
L1 Сәйкес Нашарлау 1.3 Жақсы
келеді
L2 Сәйкес Нашарлау 2.3 Қанағаттандырарсыз
келмейді
L3 Сәйкес Нашарлау 2.3 Қанағаттандырарсыз
келмейді
L4 Сәйкес Тұрақты 1.2 Өте жақсы
келеді
U3 Сәйкес Жақсартылған 1.1 Өте жақсы
келеді
U4 Сәйкес Жақсартылған 1.1 Өте жақсы
келеді
U5 Сәйкес Жақсартылған 1.1 Өте жақсы
келеді

Бағалаудың тағы бір әдісі бар. Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың балдық
әдісі деп аталады. Бұндай әдіс қаржылық тәуекелдің деңгейін анықтау арқылы
сыныпталады да, жиналған балдар негізінде ұйымның қаржылық тұрақтылығы
анықталады.
Жиналған балдар саны бойынша 5 сыныпты бөліп көрсетуге болады. Олардың
әрқайсысына тоқталсақ.
1 сынып(85-82,6 балл)- ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігі
абсолютті және оның қаржылық жағдайы ұйымның келісім шарт бойынша
міндеттемелерді орындау мүмкіндігінің бар екендігін анықтайды.
Бұл ұйым дұрыс мүліктік құрылымы бар және пайдалылығы айтарлықтай
жақсы.
2 сынып(80,5-56,6 балл) – жақсы қаржылық жағдайы бар кәсіпорын. Оның
қаржылық коэффициенттері тиімділік жағдайына өте жақын, бірақ кейбір
көрсеткіштер бойынша артта қалуда.Бұндай ұйымының қарыз қаражаттары
меншік қаражаттарына қарағанда көбірек. Және қараз капиталының өсімі
меншікті капиталдың өсіміне қарағанда қарқындырақ. Бұндай кәсіпорындар
көбіне рентабельді болады.
3 сынып(55,1-30 балл) – қаржылық жағдайы орташа кәсіпорын. Бухгалтерлік
балансты талдау кезінде кейбір көрсеткіштер бойынша әлсіздік байқалады.
Оның төлем қабілеттігі шектің минималды деңгейінде, ал қаржылық
тұрақтылығы жақсы болады немесе керісінше жағдай қалыптасуы мүмкін.
4 сынып(28,3-7,8 балл)- қаржылық тұрақтылығы нашар ұйым. Оның капитал
құрылымы қанағаттандырарсыз және төлем қабілеттігі мүмкін шектерден төмен
орналасқан. Бұндай ұйымнын пайда мүлдем жоқ немесе өте төмен.
5 сынып(6,1-0 балл)- қаржылық жағдайы кризистік сипатқа ие кәсіпорын.
Қаржылық сипат ол мүлдем төлем қабілетсіз болып табылады. Бұндай
кәсіпорын шығынды болып табылады.

Қаржылық талдау әдістері.
1.Тігінен қаржылық талдау әдісі.Уақыт бойынша қаржылық көрсеткіштердің
өзгеру динамикасын талдау. Бұндай талдау процесінде әрбір қаржылық
көрсеткіштердің белгеленген уақыт аралығындағы өзгерісі зерттеледі.
Қаржылық менеджементте тігінен талдау әдісінің мынандай түрлері кеңінен
қолданады:
1. Есептік кезеңдегі қаржылық көрсеткіштерді алдындағы кезеңдегі қаржылық
көрсеткіштермен салыстыру( мысалы, алдыңғы айдағы, тоқсандағы, жылдағы
көрсеткіштер).
2. Есептік кезеңдегі қаржылық көрсеткіштерді алдыңғы жылдағы сол мерзімдегі
қаржылық көрсеткіштердің жағдайымен салыстыру( мысалы, осы жылдың 2
тоқсанындағы көрсеткіштермен алдыңғы жылдың 2 тоқсаннындағы көрсеткіштерді
талдау). Бұл талдау түрі көбіне мерзімдік сипатта жұмыс істейтін
кәсіпорындар үшін қолданады.
3. Қаржылық көрсеткіштер алдыңғы кездегі бірнеше мерзімдермен
салыстырылып, тренд құру арқылы салыстырылады.
Тігінен талдау әдісі көбіне көрсеткіштердің өзгеру себебін анықтаумен
толықтырылады.
2.Көлденең қаржылық талдау әдісі. Кәсіпорынның қаржылық есептілігінің
әрбір көрсеткіштерін құрылымдық бөлуді қарастырады.
1.Активтерді құрылымдық талдау.Бұл талдау процесінде айналымдық және
айналымнан тыс активтердің үлес салмағы анықталады; айналымдық активтердің
элементтері; айналымнан тыс активтердің элементтері;активтердің өтімділігі
бойынша элементтік құрылымы;инвестиицялық портфельдің құрамы және т.б.
2. Ақша ағынын құрылымдық талдау. Бұл процестің құрамында операциялық,
инвестициялық және қаржылық ақша ағындарын анықтау, ақша активтерін әрбір
элементі бойынша қалдық сомасы.
3.Салыстырмалы қаржылық талдау. Әрбір топ бойынша аналогтық
көрсеткіштермен салыстыру. Салыстыру әдістерін келесі топтарға бөлуге
болады:
1. Осы кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін орташа салалық
көрсеткіштермен салыстыру. Қаржылық көрсеткіштер орташа салалық
көрсеткіштермен салыстырыла отырып, шаруашылықтың бәсекелестік нәтижесін
талдау мақсатында және қаржылық қызметтің тиімдлігін арттыруға қажеттер
резервтер нормасын анықтауға көмектеседі.
2. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін бәсекелес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компания активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру
Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері
Бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеу
Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Қаржылық қорытынды есеп құрамы
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Кәсіпорын теңгерімінің өтімділігін және төлем қабілеттілігін талдау
Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
Активтер есебінің түсінігі, бөлінуі
Қысқа мерзімді активтер
Пәндер