BIOS дербес компьютердің үйлесімді жүйесінде


МАЗМҰНЫ
BIOS негіздері . . .
BIOS-тың аппараттық және программалық бөліктері . . .
Жүйелі BIOS . . .
BIOS-ты жаңарту . . .
IML жүйесін пайдалану . . .
CMOS-жадын жайғастыру . . .
ROM BIOS-та сақталған жүйе параметрлері . . .
Plug and Play BIOS . . .
BIOS қателері туралы хабарлама . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
BIOS негіздері
Тұтынушылар компьютердің программалық және аппараттық бөліктерінің арасындағы айырмашылықтарын біле бермейді. Бұны жоғары дәрежедегі жүйе компоненттерінің интеграциясымен түсіндіруге болады. Компьютер компонентінің түрлілігі BIOS ролінің кілтін түсінуге толық ұғым береді.
BIOS - бұл енгізу-шығару базалық жүйесін сипаттауға қолданатын термин. BIOS жүйенің программалық және аппараттық бөліктерінің арасындағы «аралық қабаты» болып табылады. Тұтынушылардың көпшілігі BIOS деп құрылғы драйверлерін айтады. Жүйеліліктен басқа, жүйе іске қосылғанда жүктелетін BIOS адаптерлері бар.
Сонымен, енгізу-шығару базалық жүйесі - бұл BIOS-тың құрылғы драйверлерін жүктейтін барлық түрлерінің комбинациясы. Микросхема жүйелік плата немесе адаптер платасында сақталатын BIOS бөлігі firmware деп аталады (Дәл осы микросхема есебінен тұтынушылар BIOS-ты компьютердің аппарат бөлігіне жатқызады) . Мына суретте керемет BIOS аппарат жабдықтау мен операциялық жүйе және оның приложениялары арасындағы интерфейс ретінде пайдаланылатын екі түрлі компьютер көрсетілген. Осылайша бұл екі компьютерде бірдей программалық жабдықтау жіберетін түрлі құрылғылар орнатылған болуы мүмкін(процессор, қатты диск, монитор т. б. ) .
Приложения мен операциялық жүйе арасындағы байланыс Сәйкес келетін API (Applikation Programming Interface) көмегімен іске асады. Бұл интерфейс мысалы, жазудың қалай орындалуы, берілгендердің дисктен оқылуы және баспаға шығару деген сияқты басқа да қызметтерді ажыратады. Приложения орнатылған аппарат жабдықтарынан тәуелсіз болса, онда оның барлық шақырулары құрылғының орнатылғандығы жайында мәліметі бар операциялық жүйені өңдеп шығарады. Операциялық жүйе өз кезегінде оппараттық жабдыққа BIOS арқылы қатынайды. Бұл байланыс құрылғы драйвері ретінде расталған. Сондай-ақ, DOC, Windows 9x, Windows NT, Windows 2000, OS/2 Linux немесе басқа да әрбір операциялық жүйелері бір және сол құрылғыда өз драйверлерін қажет етеді. 5. 1. суретінде көрсетілгендей компьютерлердің көпшілігінде приложения және операциялық жүйе ұқсас, ал BIOS белгілі бір аппараттық жабдықтауға «сәйкестендіріледі» де, орнатылған құрылғыға тәуелсіз операциялық жүйе үшін стандартты интерфейсті қамтамасыз етеді.
BIOS-тың аппараттық және программалық бөліктері
Жоғарыда айтылғандай, BIOS аппараттық жабдықтау мен операциялық жүйе арасындағы интерфейс болып табылады. BIOS стандартты прогаммалық жабдықтауға ұқсамайды. Себебі, ол жүйелі плата мен адаптер платаларында орнатылған микросхемалардан табылады.
BIOS дербес компьютердің үйлесімді жүйесінде.
- жүйелік плата микросхемасында орналасқан.
- Адаптерлер платасының микросхемасында орналасқан.
- Немесе дисктен жүктеледі (драйверлер) .
Жүйелі BIOS құрамында компьютердің бастапқы қосылуына қажетті негізгі компоненттердің драйверлері орналасқан (пернетақта, дискжетегінің, қатты дисктің, параллелді және тізбектелген порттардың т. б. ) . Ал жаңадан қосылған құрылғылардың (видеоадаптер, CD ROM жинақтаушылары, SCSI интерфейсті қатты диск т. б. ) олардың бастамаларының процедуралары BIOS жүйесіне қосылмаған. Компьютер қосылғанда мұндай құрылғылардағы өткір қажеттілік туады. Сондықтан, қажетті драйверлер операциялық жүйелер қосылған кезде дисктен жүктеледі. Бұл дыбысты адаптерлерге, сканерлерге, принтерлерге, PC Card (PCMCIA) құрылғыларына қатысты.
Дегенмен, кейбір құрылғылар компьютер қосылғанда қажет болады. Мысалы, монитор экранында ақпараттың көрінуі үшін видеоадаптерлердің белсенділігі қажет. Бірақ оның BIOS жүйесінде қолдауы жоқ. Бұдан басқа, қазіргі таңда видеоадаптерлердің көптеген түрлері кездеседі және олардың барлығының драйверлерін BIOS жүйесіне сыйдырту мүмкін емес. Мұндай жағдайда қажетті драйверлер осы құрылғының платасында BIOS жүйесінің микросхемасына сыйдырылады. Ал, BIOS жүйесі жүктелген кезде видеодаптер BIOS-ын іздейді. Содан операциялық жүйе қосылғанға дейін оны жүктейді.
Мұндай жағдай әрдайым құрылғылардың жаңа моделдерінің пайда болғанда BIOS жүйесінің модернизациялану қажеттілігінің алдын алады. Әсіресе компьютердің бастапқы жүктелу кезінде қолданылатындары. Негізінен BIOS ереже бойынша келесі платаларда орнатылады.
- видеоадаптерлер - әрқашан өздерінде BIOS микросхемасы болады.
- SCSI-адаптерлері - BIOS барлық SCSI-ді қолдамайтындығына назар аудару қажет. CD ROM жинақтаушылары, сканерлер, Zip құрылғысы және басқа да SCSI интерфейстеріне дисктен қосымша драйверлерді жүктеу қажет.
- желілік адаптерлер - құрылғының бастамалануына немесе дисксіз жұмыс станцияларында қалыпты жұмыс істеуіне қажет.
- IDE немесе дискі жетегінің жаңарту платасы - жүйе қосылғанда жүктелу құрылғысының жұмысын қолдауға арналған.
- Y2K мәселесін шешуге арналған плата - мұнда жаңа мың жылдыққа өтуге арналған өңдеуші процедура.
Жүйелі BIOS
Барлық жүйелік платаларда BIOS немесе ROM BIOS деп аталатын программалық жабдықпен қамтамасыз етілген микросхема болады. Бұл микросхема құрамында старттық программалар мен микросхемалар бар. Олар жүйенің қосылуына және негізгі аппараттық жабдықтың жұмыс істеуіне қажет. BIOS-та мұнымен қатар, POST процедурасы және жүйелі конфигурацияның берілгендері орналасқан. Бұлардың барлық параметрлері CMOS жадында сақталған. CMOS жады жүйелік платада орналасқан литалық батарейкамен қуаттанады. Бұл CMOS жадын әдетте NVRAM (Won Volatile RAM) деп атайды.
Осылайша BIOS бір немесе бірнеше микросхемаларда сақталған программалар жинағын ұсынады. Бұл программалар компьютер іске қосылғанда, операциялық жүйе жүктелмей тұрып орындалады. BIOS үйлесімді дербес компьютерлердің көбісінде келесі төрт негізгі қызметпен орындалады:
- POST - процессор, жад, жүйелік логика микросхемаларының жиыны, видеоадаптер, диск бақылаушысы, дискжетек, пернетақта және басқа да жүйенің қажетті компоненттерінің қоректену процесін қосқанда өзін-өзі тексеру жүйесі;
- BIOS (Setup BIOS) параметрлерін орнатупрограммасы - жүйе параметрлерінің конфигурациялануы. Бұл программа POST процедурасының орындалу кезінде белгілі бір түймені басу арқылы жүзеге асырылады. Процессорлер қоры 286 және 386 ескі компьютерлерде, бұл программаны қосу үшін арнайы дискет қажет.
- Жүйенің бастапқы жүктеушісі - дисктің құрылғыларда негізгі жүктеу секторын іздеуге арналған. Егер бұл сектордың соңғы екі коды 55Aah болса, онда берілген код орындалады.
- BIOS - жүйе жүктелгенде, операциялық жүйемен аппараттық жабдықтардың бірге жұмыс істеуіне арналған драйверлер жиынтығы. Сбойдан сақтау режимінде DOS немесе Windows жіберілсе, онда құрылғы драйлерлері тек BIOS-тан пайдаланылады.
ROM микросхемалары
ROM (Read-Only Memory) - мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіндік беретін жадтың түрі. Мұндағы мәліметтер қорек көзін өшірген кезде де сақтала береді. Осылайша стартты процедураларды (және BIOS-ты) сақтауға ең қолайлы жад ROM болып табылады. Аналогты жад өзіндік BIOS-пен басқа да құрылғыларда қолданылады, мысалы видеоадаптерлерде.
26-тарауда компьютер жүктелупроцесі толық сипатталып көрсетілген. (Операциялық жүйені программалық жабдықтау және шамасы жетіспеушілікті іздеу) Жүктелудегі толық процесті біле тұра, BIOS процедурасының тізбектей орындалуын елестету қиын. Сондықтан бұл тарауды оқып шығу қажет. Бұл жад туралы қосымша мәліметтерді 6-тараудан табуға болады (Оперативті жад) .
ROM жады RAM жадының бір бөлігі болып табылатындығы көңіл аударарлықтай. Басқаша айтқанда жүйелік жадтың бір бөлігі RAM жадындағы мәліметтерді сақтауға бөлінеді. Бұл процесс жайында толығырақ келесі бөлімде жазылған.
ROM-ның кідіруі
ROM микросхемалары өте «жай» - DRAM 60 есте сақтау құрылғысының қатынау уақытында 150 немесе одан да аз қатынау уақытына тең. Қызметтендіру процесіне қатынау уақытын үнемдеу үшін ROM-да сақталған мәліметтер іске қосылғанда динамикалық жедел жад микросхемасына көшіріледі. Сондықтан ROM жүйелерінде көбіне кідіру болады. Кідіру процесі алғашында ROM үшін қолданылған мәліметтерін жедел жадқа мекен-жайларын енгізе отырып көшіреді де, өшіп қалады. Бұл жад жүйесінің жұмысын тездетеді. Дегенмен, көп жағдайда тек енгізу-шығару базалық жүйесін жүйелік плата және видеоплатада кідіртсек жетіп жатыр.
Ең бастысы кідіру 16 разрядты жедел жүйенің DOS немесе Windows 3х түрлеріне пайдалы. Егер компьютер 32 разрядты жедел жүйенің Windows 9х немесе Windows NT/2000 түрлерінің басқаруымен жұмыс істесе, кідіру пайдасыз. Өйткені бұл жедел жүйелер ROM-нан 16 разряд кодын қолданбайды. Оның орнына 16 разрядты код енгізу-шығару базалық жүйесін 32 разрядты драйвермен алмастыра отырып жедел жадқа жүктейді. Сондай кейіппен тек жүйенің іске қосылған кезінде ғана қолданылады. Кідірудің басқару құралын Setup BIOS программасынан табуға болады.
ROM микросхемасының төрт түрлі жады
- ROM (Read Only Memory) .
- PROM (Programmable ROM) . Программаландырылған ROM.
- EPROM (Erasable PROM) . Өшірілетін программаланған ROM.
- EEPROM (Elektrically EPROM) . Электрлі өшірілетін программаланған ROM, оны Flash ROM деп атауға да болады.
ROM-ның түрлеріне қарамай-ақ ондағы берілгендер арнайы өшірілмесе сақталып тұра береді. Кәдуілгі қолданыстағы идентификациялық нөмірлер келтірілген 5. 1. кестесінде ROM микросхема жүйесінің әр түрін маркалау.
5. 1. кестесі. ROM микросхема жадының идентификациялық нөмірлері.
ROM жадын дайындаудағы жанушы
Алғашында ROM микросхемаларының басым көпшілігі дайындау сатысында жанушы «0» және «1» болған. Мұндай ROM жадын дайындалып жатқанда керекті жерде нөлдер мен бірліктер жазылатын матрица түрінде елестетуге болады. Матрица кремний кристалдан тұрады. Ондай микросхемалар «дайындалу кезінде жанушы» деп аталады. Өйткені фтолитографиялық тәсілмен дайындалатын матрицамен берлігендер бетпердеге жазылады. Осыған ұқсас өндірістік процесс бірдей мәліметпен жүз мыңдаған микросхема дайындауда қаржы жағынан өзін өзі ақтап шығады. Егер әншейін бір ғана битті өзгерту қажет болса, онда бетпердені қайта жасауға тура келеді. Бұл арзанға түспес. Сондықтан ROM жадының бұндай түрі қолданыстан шыққан.
PROM жады
PROM жадына дайындықтан кейін берілгендердің кез-келгендерін жазуға болады. Ол 70-жылдарда Texas Instruments фирмасынан жасалып шыққан. Көлемі 1 Кбайттан (8 Кбит) 2 Мбайтқа (16Мбит) дейін болған. Бұл микросхемалардың идентификациялық нөмірлері 27 маркалы болған. 27 саны PROM-ның ТІ деген түрін, ал әріптері Кбиттегі кристалл көлемін (микросхема) көрсетеді. Мысалы, дербес компьютерлердің көпшілігінде PROM-мен 512 Кбит (64 Кбайт) немесе Мбит (128 Кбайт) көлемін көрсететін 275/2, 271000 микросхемалары қолданылған.
Бұл микросхемалар дайындалғаннан кейін ешқандай мәлімет ұстамайды. Шын мәнінде, дайындық кезінде екіленген бірліктер көшіреді. Басқа сөзбен айтқанда, PROM микросхемасы 1 Мбит көлеммен 1 млн бірлік (дәлірек 1048576) ұстайды. Программаландыруда осындай PROM-ға нөлдер жазылады. Бұл процесс арнайы программаландыратын құрылғы көмегімен орындалады.
Программаландыру процесі жиі жанушы деп аталады. Әрбір бірлікті жарақаттанбаған сақтаушы деуге болады. Көбіне мұндай микросхемалар 5В ауырлықта жұмыс істейді. PROM-ды программалауда одан да жоғары ауырлықты көтереді (қалыпты жағдайда 12В) . Бұл жоғары ауырлық, дәлірек айтқанда нөлдерді жазады. Керек жерінде бірліктерді нөлдерге айналдырады. Бұл процесс өзгертілмейді. Нөлдер бірлікке айналмайды. Микросхемаға қажеттіні жазып, содан кейін біртіндеп керекті жерлерінде микросхемадағы бірліктерді нөлдерге айналдырып шығуды программаландыру құрылғысы бақылайды. Сондықтан PROM микросхемасы көп жағдайда ОТР (бір рет программаланушы) деп аталады. Олар тек бір рет қана программаландырылады. PROM микросхемаларының көбі өте арзан тұрады. Үш доллар шамасында. PROM-да программаны ауыстыру кезінде көнесін тастап, жаңасын орнатады. Бір PROM-ды программалау процесі алгоритмді пайдаланатын микросхемалардың көлеміне байланысты бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Микросхемаларды программалайтын құрылғы бірнеше микросхеманы берілгендерін сақтай отырып бір уақытта программалайды. Сонымен қатар, олардың бір уақытта тек бір ғана микросхемаға арналғаны да бар. Мен Andromeda Pesearch компаниясының қымбат емес программаландыру құрылғысын пайдалануға ұсынар едім. Өзінің арзан бағасына қарамай бұл фирманың құрылғысын дербес компьютердің параллелді портына ұлауға болады. Ұлаған соң программалау үшін файылдан берілгендер программалаушы құрылғыға өтеді. Бұл құрылғы жылжымалы. Оны басқару ұсынатын программалары шығатын мәзірі арқылы орындалады. Программа бірнеше қызметті өз бойында ұстайды. Берілгендерді микросхемадан оқу жәнеоларды файылда сақтау - қызметінің бірі болып саналады. Сонымен қатар, файылдан микросхемаға берілгендерді жазып, және де микросхемаға дұрыс жазылғандығын немесе «бос» тұрғандығын программалаудың басында тексеруге болады. BIOS-ты өзгеру үшін қазіргі заман талабына сай компьютерлерге ондай құрылғы қолданылмайтындығын есте ұстау қажет. Онда Flash ROM микросхемасы пайдаланылады.
EPROM жады
Бұл PROM-ның бір кездері әйгілі болған қайталанбас түрі. EPROM жадынан берілгендерді өшіруге болады. EPROM микросхемасы кристалдың тура үстінде орналасқан кварцтық терезеден анық көрініп тұрады. EPROM микросхемасы да стандартты PROM-дағыдай 27 нөмірлі.
Терезе ультрафиолетті сәуле өткізеді. Интенсивті ультрафиолетті сәулеленген EPROM микросхемасы EPROM матрицасындағы мәліметтерді өшіреді. Терезе кварц кристалынан жасалған. Өйткені қарапайым әйнек ультрафиолетті сәулені өткізбейді. (Терезе жабық тұрғанда күн сәулесіне қыздырына алмайсың ғой) . Кварцтық терезе EPROM микросхемасының құнын көтере алады. Егер мәліметті өшіру қажет болмаса бұндай жоғарылаған құн өзін ақтамайды. Ультрафиолетті сәуле мәліметтерді химиялық реакция арқылы өшіреді. Кез келген екі нөл микросхемада екі бірліктерге айналады. Бұған ультрафиолетті сәуленің ұзындығы шамамен 2, 537 ангстремге тең болуы шарт. Оның интенсивтілігі едәуір жоғары (12000 мВт/см) .
5. 4. суретте 50 микросхемаға дейін 1 уақытта қайта өңдейтін құрылғы көрсетілген. Мен Walling Co фирмасынан шыққан Data Pase деген бір уақытта төрт микросхеманы өшіретін әлде-қайда арзан жылжымалы құрылғыны пайдаланамын.
EPROMмикросхемаға кварцтық терезе кездейсоқ енген ультрафиолетті сәулені ескертуүшін қалыпты жағдайда лентамен жапсырылады. Олар күн сәулесінің құрамына кіреді. Әрине, қарапайым бөлме жарығында да болады. Сондықтан бір уақыттары микросхемадағы берілгендер өшіп кетуі мүмкін. Микросхема программаландырылған соң берілгендердің өшіп кетуінен сақтау үшін оның терезесі жапсырмаланған.
EEPROM жады немесе Flash ROM
Бұл ROM жады ның әлде-қайда жаңа түрі. Электронды өшірілетін программаландырылатын әрдайым қолданыстағы жад. Бұл микросхема Flash ROM деп те аталады. Оны қайта программаламауға да болады. Ешқандай арнайы жабдықсыз, орнатылған платадан алмай-ақ, Flash ROM-дықолдана отырып, керек десең жүйелік блокты ашпай-ақ, жүйеден микросхеманы жоймай-ақ ROM-ды жүйелік платада қайта программалауға да өшіруге де болады. Қайта программалауға Ультрафиолетті сәулемен өшіретін құрылғы немесе басқа қандай да бір құрылғылар қажет емес.
Flash ROM-ды 28 немесе 29 нөмірлері арқылы немесе микросхемасындағы терезесінің бар жоқтығынан білуге болады.
Flash ROM арқылы микросхеманы алмастырмай-ақ ROM-ді модерниздеуге болады. Көп жағдайда жүйелік платаны дайындаушы Web-серверден алынған модификациялық программаны жүктесек болғаны.
Компьютер үшін енгізу-шығару базалық жүйенің модификациясын бақылау керек. Сондықтан жүйелік плата дайындаушы Web-серверге периодты түрде қатынаймыз. Енгізу-шығару модификацияланған базалық жүйе алғашында сіздің жүйеңізде болмаған жаңа құрылғыға қолдау көрсетуі мүмкін немесе қате жіберуі мүмкін. Мысалы, LS 120дискжетектен жүктеуге қолдау көрсету үшін енгізу-шығару базалық жүйесін модификациялау қажет.
Бүгінгі күнде компьютердің көмегімен басқарылатын көптеген нысаналарда Flash ROM микросхемасы бар. Мен Motorola фирмасының ISDN моделімен Кодак фирмасының цифралық камерасын Flash ROMмикросхема программасын модификацияладым. Бұл үшін жоғарыда айтылғандай, Web-серверден тура келетін файлды жүктеп, модификация программасын жіберу қажет. Flash ROMкөмегімен сыртқы құрылымға жаңа мүмкіндіктерді қосуға болады. Немесе модемдерді соңғы стандарттарға лайық етуге болады.
ROM BIOS-тың өндірушілері
Практикалық түрде барлық BIOS-тың қазіргі өндірушілері дайын компьютер мен жүйелік платаның өндірушілеріне кодын береді. Бұл бөлімде мәселе BIOS-тыңөмір сүріп жатқан түрлері жайында. ROM BIOS-ты шығаруда AMI, Award Software, Phoenix Softwar деген компаниялар мамандандырылған. Жүйелік платаны шығарушылар ол арқылы ROM BIOS-ты орналастыруға лицензия алады. Одан кейін программалық жабдықтаумен айналыспай-ақ аппарат бөліктерімен жұмыс жасай береді. BIOS программасы жазылған ROM микросхема жадын платаға орналастыру үшін жұмысшы компьютердің құрылысымен байланысты көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Плата жүйесі мен ROM BIOS-тың қосындысына жету - оңай шаруа емес. Әмбебап ROM BIOS микросхемасы өмір сүрмейді. Дайын нақты компьютерлер үшін дайындалған AMI, Award, Microid Research және Phoenix BIOS-тың түрлі нұсқаларын жасап шығарушыларға ұсынады.
Жақын арада енгізу-шығару базалық жүйесін жасап шығаратын компанияларда үлкен өзгеріс орын алды. Phoenix Intel-мен келісім шартқа отырып, қазіргі уақытта барлық жүйелік платаларды Intel енгізу-шығару базалық жүйесімен қамтамасыз етіп отыр (Бұрын мұндай келісім шарт AMI компаниясымен жасалынған болатын) . Бәрімізге мәлім болғандай Intel-дің барлық жүйелік платалардың 80пайызы немесе одан да көп пайызын сатуы Phoenix үшін үлкен өзгеріс болды. Сондықтан бүгінгі таңда BIOS компьютерлері Phoenix фирмасында жасалып шығуда. 1998 жылдардың ортасында Phoenix Award компаниясын сатып алады да, барлық жасалған программаларды өз атынан шығара бастайды. Осындай жолмен Phoenix және AMI деген ең ірі компаниялар қалады. Америкалық жүйелік платаны дайындаушылардың көпшілігі әлі күнге дейін AMI-дің енгізу-шығару базалық жүйесін пайдаланады. Алайда BIOS-ты жасап шығаруда компаниялардың жетекшісі Phoenix болып табылады. Олар енгізу-шығару базалық жүйесін жасап шығарып қана қоймай (соңғы ұрпақтардың компьютерлері үшін) жаңа стандарттарды шығаруда.
BIOS OEM шығарушылары
OEM өндірушілерінің көпшілігі (Original Equipment Manufacturers) өздерінің жеке ROM микросхемасының жадын шығарады. Мысалы, Compaq және AT&T өздерінің BIOS нұсқаларын периодты түрде шығарады. Оларға жаңа мүмкіндітер енгізіліп, бұрынғы жетіспеушіліктер жойылған. Компьютерге стандартсыз ROM BIOS микросхемасын орнатудан бұрын оның программаларын жетілдіруден үлкен жетістіктерге ие болған әйгілі фирмада жасалып шыққандығынакөз жеткізу қажет. Микросхеманың өзі емесоны ішіне не жазылғандығы маңыздырақ.
OEM өндірушілерінің кейбіреулері BIOS-ты шығарумен айналыспайды. Жекеменшік компанияларға тапсырыс береді. Мысалы, Hewlett Packard компьютерлеріне енгізу-шығару базалық жүйесінің арнайы керемет түрі қажет. Бірақ, Hewlett Packard ондай жүйелерді өндірумен айналыспайды.
Ол Phoenix-пен әйгілі енгізу-шығару базалық жүйесін шығаратын жеке келісім шарт жасасқан. Осындай жолмен Hewlett Packard компаниясынының Vectra PC компьютерлерінде Phoenix фирмасының BIOS микросхемасы қолданылады. Енгізу-шығару базалық жүйесін Phoenix жасап шығарғанымен оның жетістігін тек қана Hewlett Packard фирмасынан көре алатынымыз назар аударарлық жайт.
AMI BIOS фирмасы
AMI нақты компьютерлерге BIOS программаларын адаптациялағанымен дайындаушы фирмаларға BIOS-тың шығару кодын сатпайды. Шығарушы жаңа нұсқасына тапсырыс бере алады. Көптеген фирмалар әр өзгерген нұсқаға тапсырыс бере алмайды. Олар жаңасын сатып алудан бұрын, бірнеше нұсқаларын шығарады. AMI BIOS-тың жаңаланған нұсқасы Hi-Flex (High Flexibility) деп аталады. AMI Hi-Flex BIOS көптеген шығарушылардың жүйелік платасында қолданылады. AMI өзінің жүйелік платасын жіберетін жалғыз BIOS өндірушісі.
AMI BIOS-тың кез-келген нұсқасы компьютер қосылған соң өзін өзі тестілеу кезінде авторлық құқық туралы мәліметтен кейін экранның сол жақ бұрышынан бірінші хабарлаудың идентификациялық қатарларын көрсетеді.
Ақыл-кеңес!
Бұл қатарлар жойылып кетпес үшін компьютер қосылғанда пернетақтаның әйтеуір бір түймесін басып тұру қажет. Бұл пернетақтаның бір қателігі ретінде қабылданады да, қатарлар экранда қала береді.
Егер POST процедурасын орындау кезінде <Insert> түймесін бассақ, AMI Hi-Flex BIOS-тың жаңа нұсқасы BIOS-тың орнатылғандығы жайында, параметрлер жайында мәліметтерді екі қосымша идентификациялық қатарлардан көреміз.
Мәліметті сипаттау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz