Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Нормативті сілтемелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
Анықтамалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Белгілер мен қысқартулар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..8
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Әдебиеттік шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...10
1 Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
1.1 Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.2 Поливинилхлоридті талшығының сынау әдістері мен
тәсілдері ... ... ... ... ..14
1.3 Поливинилхлоридті талшығының дайындау
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... 20
Техника қауіпсіздік ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .25
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29

Аннотация

Поливинилхлоридті талшығының құрылымы, қасиеттері және алу технологиясы
тақырыбындағы курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы жалпы ... беттен тұрады.
Бұл курстық жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады: Нормативтік сілтемелер;
анықтама; белгілер мен қысқартулар; кіріспе; әдебиеттік шолу; негізгі
бөлім, техника қауіпсіздік ережелері; қорытынды; әдебиеттер тізімі.
Нормативтік сілтемелер бөлімінде осы курстық жұмысымның ішінде
кездесетін стандарт ГОСТ-тар, олардың анықтамалары берілген.
Анықтама бөлімінде курстық жұмыста қамтылған анықтамаларға
түсініктеме берілген.
Белгілер мен қысқартулар бөлімінде қысқартылған сөздерге мінездеме
анықтама беріліп өтілген.
Кіріспеде Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібінің қазіргі
таңдағы жағдайы, оны дамытуға арналған жоспарлар жайлы айтылады.
Негізігі бөлімде трикон текстурланған жіп жайлы толық мағлұматтар
келтірілген.
Техникалық қауіпсіздік ережелерінде тоқыма өнеркәсіп орындарында
сақталатын жалпы қауіпсіздік ережелері айтылған.
Қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінде Поливинилхлоридті
талшығының құрылымы, қасиеттері және алу технологиясы тақырыбындағы
курстық жұмысты орындау барысында ұсынған, білген мәліметтері және осы
курстық жұмысты орындауда қолданылған әдебиеттері жазылған.

Нормативті сілтемелер

ГОСТ 9733.3-83 – Тоқыма материалдарын сынау тәсілі.
СНиП И-90-81 Өндірістік кәсіпорындардың өнеркәсіптік ғимараты.
Жобалау шарттары.
МСТ 12.1.121-80 Өрт қауіпсіздігі
МСТ 12,1,003-73Шу және вибрация
СН-245-71 Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық шарттары.

Анықтамалар

Талшық - ұзындығы көлденеңінен көп есе артық иілгіш, жіңішке әрі
мықты затты айтады.
Гигроскопиялылығы – талшықтардың су буын бойына сіңіру қабілеті.

Негіз — мата бойымен кететін жіптердің негізгі жүйесі.
Арқау — матаға көлденең түсетін жіптердің арқаулық жүйесі.
Бояу — матаға түгелдей бір түс бер үшін бояғыштарды қолдану.
Матаны өңдеу — станоктан алынған, өңделмеген матадан дайын мата алу
үшін жүргізілген физика-химиялық және механикалық процестердің жиынтығы.
Матаның мықтылығы —оның өзіне түскен күшке қарсы тұру қабілеті.
Матаның қыртыстануы – ылғал-жылумен өңдегенде ғана кететін матаның
мыжылып қалуы.

Белгілер мен қысқартулар

ҚР – Қазақстан Республикасы
мм – миллиметр
т.б. – тағы басқа
% - пайыз
ГОСТ – Мемлекеттік стандарт
т – тонна

Кіріспе

Қазақстан Республикасы үшін басты мақсат – бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру. Мұның негізгі көрсеткіші – білім мен ғылымның өркендеуі.
Білім саласында бәсекелестік қабілеті бар мамандарды дайындау және
инновациаларды белсенді енгізуді келесі он жылдыққа Ел басының қойған
тапсырмаларының бірі.
Ерекше көңіл техникалық білім беру жүйесіне беріліп отыр, себебі
мұндай мамандарды дайындау Қазақстанның индустриалды – инновациалық даму
Стратегиясын жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Текстиль материалдарының жалпы технологиясы оқу
құралы
халқаралық білім беру стандарттарына сәйкес жоғары сапалы, кәсіби білікті
мамандарды дайындауға арналған.
Оқу құралында иірімжіп, мата тоқу, трикотаж және текстиль беймата
өндірістерінің технологиялық процесстерінің мәні, олардың
теориялық негіздері келтірілген.
Жоғары сапалы текстиль бұйымдарын өндірумен байланысты
мәселелерді қарастыру, негізгі технологиялық процесстерді талдау және
тиімділігін көтеретін шарттарды табу.
Текстиль материалдарының технологиясы дегеніміз -
иірімжіп, ширатылған жіп, мата, трикотаж, беймата материалдары және
талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да текстиль бұйымдарын өндіруді
қамтамасыз ететін процесстер мен құрал – жаблдықтар туралы білімдер
жинағы.
Технологиялық процесстердің сипаттамасы бойынша
технологияны механикалық және химиялық деп екіге бөледі.
Текстиль өнеркәсібінің кәсіпорындары иірімжіп, ширатылған жіп,
мата, трикотаж, беймата жаймаларын және текстильді табиғи және
химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған басқа да бұйымдар өндіреді.
Өңделетін текстиль талшықтары мен химиялық жіптердің
түріне байланысты текстиль өнеркәсібін мынандай салаларға бөледі:
- мақта, мақта талшықтары немесе оның химиялық талшықтар
қоспасынан алынатын біртекті жіп немесе ширатылған жіптен жасалатын
мақта және жартылай мақта маталарын өндіреді;
- жүн, әртүрлі жүн талшықтары (қой, ешкі, түйе және басқа
жануарлар) мен оның химиялық талшықтар қоспасынан алынатын біртекті жіп
немесе
ширатылған жіптерден жасалатын жүн және жартылай жүн маталарын
өндіреді;
- зығыр, зығыр және басқа да зығырлы талшықтардан
жасалатын маталар жартылай зығырлы маталар, зығырлы ширатылған бұйымдар
өндіреді;
- жібек, табиғи жібектің ширатылған жіптерінен алынатын
жібек маталарын, жібек иірімжіптерін, химиялық ширатылған жіптер,
химиялық талшықтардан алынатын иірімжіптер өндіреді.

Әдебиеттік шолу

Материалтану – материалдың құрамы мен құрылысын зерттейтін
қолданбалы ғылым.
Материалтану ғылымының дамуы қарапайымнан қүрделіге қарай дамыды
яғни материалдың жалпы сыртқы белгілерін суреттеу мен олардың тұстас
құрылымдық парметрлері мен құрамын микро, макроскопиялық деңгейде
зерттейді.
Қазіргі материалтану көлемі өте үлкен және техниканың, өндірістің
барлық салаларын қамтиды.Кез келген технология материалдық шартты
шешуден басталады: материлға қойылатын белгңмен және өнімге қажетті
шарттармен оның өндірістік және эксплуатациясын, материлдың өңдеу
режимін анықтаудан басталады. Химия, физика, математика және басқа
іргетасты ғылымдардың дамуы жоғары дәрежелі, өлшеуіш техникаларын
материалтану байытады жіне осы қолданбалы ғылымның тұрақты түрде
дамуына жол ашады.
Қазіргі заманғы құрылымдық анализ заттарын пайдалана отырып және
құрамын өлшеп, материлтанушылар өзінің материалдар туралы көзқарастарын
кеңейтуде. Олардың жаңа қырларын ашуда, жаңа материалдар жоғарғы
құраммен ойлап табуға мүмкіндік береді.
Тігін бұйымдарының өнісінің ұлғаю мен ассортиментінің кеңеюі
мақта, жүн, жібек, зығыр мата шығаратын тоқыма өнеркәсібінің дамуына
байланысты.
Тоқыма өнеркәсібі тігін кәсіпорындарына әртүрлі мақсатқа
тігілетін киімдер мен ассортименттер үшін әртүрлі маталар, жасанды
және синтетикалық талшықтардан жасалатын материалдар, тігетін жіптер,
жылытатын және өңдейтін материалдар дайындап береді.
Мата – ең көне және кең тараған тоқыма материалдарының түрі. Мата
тігін процесінде жасалынады. Ол дайындық және дайындалу жұмыстарынан
тұрады. Мата мен мата заты тоқыма мата деп аталатын тоқыма тауарлардың
үлкен тобына енеді.
Бір – бірімен өзара перпендикулиярлы байланысқан жіптер жүйесінің
тоқылуынан мата құралады. Мата бойында орналасқан негізгі және жанама
жіптер болып саналады. Ұзынан түскен жіп негізгі, көлденеңнен түскен
жіп арқау деп саналады. Мата жиегінде арнайы жиегі бар. Жиекті тоқуға
арналған жіп жиектік деп аталады.
Тігін өндірісінің өнімдерінің пайда болуы және дамуы, күрделі
ғылымдардың және практикалық материалтанымдық тапсырмалардың кешенді
шешімі, осы өнімдерді дайындау материалтанудың жалпы жаңа саласын яғни
- тігін өндірісінің материлтануын тудырды. Тігін өндірісінің
материалтануы материалдардың құрылысын, құрамын, пайдаланатын
материалдары; материалдардың құрылысының әртүрлі факторлардан өзгеруін;
эксплуатациясын; материалдың негізгі түрін; стандарттық баға беру
әдісін; сапасын; ұтымды кеңестер және материалдың тиімді пайдалануын
зерттейді.
Тігін өнеркәсібінің қызметі халықты сәнді сапалы киіммен
қамтамасыз ету. Соған орай күнделікті киімге деген талаптар да қажет
етіледі. Олар: гигиеналық – адам денсаулығын сақтауға арналған ауа мен
ылғал өткізгішті, су сіңірмеушілігі т.с.с; техникалық – тігін
метриалдарының сапасы мен киімді дайындауға талаптар; эстетикалық–
сәнділікке байланысты; экономикалық – киімнің бағасын сиппатайды;
Барлық тоқыма материалдарының құрылымдық элементі тоқыма
талшықтары және жіптері болып есептеледі.
Тігін өнеркәсібінің материалы мата, ал мата шикізаты тоқыма
жіптері болып есептеледі. Барлық тоқыма жіптерін келесі топтарға бөлуге
болады: моножіптер, кешенді жіптер, иірімжіптер, пленкалы және араласпа
жіптер. Олар талшықтық құрамына байланысты біртекті және әртекті
болады
Тігін өндірісіндегі барлық материалдардың бүкіл түрін мына
топтарға бөледі: негізгі материалдар (мата, трикотажды және мата емес
материалдар, табиғи және жасанды мех және терілер, кешенді, пленкалы
материалдар); астарлық және төсек материалдары; жылулық материалдар
(вата, ватин, поролон, табиғи және жасанды мех); киімді бекіту
тетіктеріне арналған материалдар (тігін жіптері, иірімжіп, желімдік
материалдар); қолданбалы материалдар (ленталар, тесьма, шнурлар, шілтер
және т.б); фурнитура – қосымша өнімдер (түймелер, текотильді түймелер,
кнопкалар, иірімдер, ілмектер).
Тігін өнімдерінің ассортиментіне тоқыма материалдар қолданылады:
мата, трикотажды маталар, иірімдер, ленталар, ватиндер т.б. Бұлардың ең
негізгісі тоқыма талшықтары болып есептеледі. Сондықтан материалтануда
негізінен өнімнің талшықтық құрамын, құрылысын, алу принцптерін
оқытады.
Өнімнің сапасын жоғарлатуда стандарт – құжаттардың рөлі үлкен.
Киім өндірісін іске асыру жолында, киімді кездемелерден,
трикотаждан және кездеме емес тоқымадан, талшықтардан және жүзгіш
полимерлерден дайындайды. Тігін материалдарын арнайы жазық
материалдардан жасайды, сондықтан оларды жасалу ең көп тоқыма және
трикотажды тоқымаға жүктеледі.
Трикотажды тоқымалар үлкен көлемде қолданылады. Бірақ жіңішке
ассартиментте ғана. Негізгі тоқу арқылы алынған тоқыма материалдары ең
танымал әмбебап шикізат болып табылады. Киім жасау әдістемесін талдау
барлық жиналған ғылыми- техникалық ақпараттар аймағында анықтап
көрсетілген. Онда классикалық әдіс тігін өнімдерін жазық тоқымаларын
және материалдардан жасау келешекте ең көп таралған әдіс болып
табылады. Одан ары бұл бағыттың дамуы жоғары сапалылығы жаңа
технологиялар мен машиналарға тоқыма материалдарының құрылымдық
қасиетін қолдану арқылы жүктелген. Келешектегі негізгі технологияларға
тоқыма материлдарының торлы құрылымын тиімді жасауды толық тігілген
құрылыстар қолдануға сонымен қатар өнімнің материал сыйымдылығын және
еңбек сыйымдылығын төменде отырып өнімнің өндірілу еңбегін және сатысын
арттыруға мүмкіндік береді.
Трикотаж өнеркәсібінде мата екіге бөлінеді: көйлек-көншек және
сырт киім. Бірінші топқа фуфайка, кальсон, комбинаций, ер киімдері,
жаттығу киімдері және т.б. жатады. Екінші топқа жакет, жемпір,
пуловерлер, пальто, күртеше, костюмдер, көйлектер т.б жатады.
Трикотажды маталар тоқылуы және талшықтық құрамы жағынан әртүрлі
болады.
Сырт киім дайындауда трикотажды маталарға: иірілген –
мақтақағаз, комвольді жүн, комбинирлі фасонды, жартылай жүнді меланжды
10-40% жүнді, меланждық сызықтық тығыздығы 42 тексті апор жүні, таза
жүн сызықтық тығыздығы 64 текс, әртүсті меланжды сызықтық тығыздығы
31,32 текс, химиялық жіптер, текстураланған жіптер т.б. колданылады.
Трикотаж маталары иілгіш, мықты материал болып есептеледі. Яғни
тоқыма жіптері тоқу процесінде иілгіш болады. Олар күрделі орналасуымен
ерекшеленеді. Енінен орналасқан ілмектер ілмек қатарын түзеді, ал
тігінен орналасқан ілмектер ілмек қатарын түзеді.
Трикотажды маталар бірқатар бағалы құрамымен яғни жұмсақ,
әсемдігімен ерекшеленеді. Олардың жууға төзімді, жақсы драпталуы,
жоғары гигиеналық қасиеті, жоғары ауа өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі
сияқты қасиеттері басым. Трикотажды маталардың кемшіліктеріне инемен
тігу кезінде жеңіл тесілуі, жуғанда ұзындығынан шууы, ал кулирлі
маталар енінен шуыйды. Кейде химиялық тазартулар трикотажды маталардың
өлшемін де өзгертеді.

1 Негізгі бөлім

1. Поливинилхлоридті талшығының құрамы мен құрылысы
Бұл талшықты (ПВХ-талшық) винилхлоридтің полимерінен және
сополимерінен алады. Винилхлоридті синтездеу үшін этилен және хлор немесе
ацетилен және хлорлы сұйық қолданылады. Ацетиленнен алынған синтез
тазалықтың жоғарғы дәрежесімен винилхлоридті алудың қарапайым өндірістік
әдісі:
СН= СН+НСℓ→СН2 =СНСℓ
Ацетилен винилхлорид
Винилхлрорид – түссіз газ 13,9 ºС температурада қайнайды және ауамен
жарылатын заттар жасауға болады. Поливинилхлорид [-СН2-СН-]n



Сℓ
винилхлоридтің полимерленуін алады.
Поливинилхлоридті талшық кешенді жіптер және талшықтар түрінде
өңделеді. Ол хлоринді талшықтан бірнеше көп беріктігінен иірімділігімен
және тозуға төзімділігімен ерекшеленеді. ПВХ талшығының үзілу салмағы 270-
300мнтекс, үзіліс ұзындығы 30-40%. Оның иірімділігі басқа синтетикалық
талшықтарға қарағанда төмен, ол тозуға төзімділігі қанағаттандырарлық. 65-
70ºС температура барысында талшық жұмсарады және деформацияланады, ал оның
орнатылуы 20%-ға жетеді. 20ºС температура барысында талшық жіңішкереді. ПВХ
талшық агрессивті сұйықтарды және газдарды сүзгілейтін материал ретінде
пайдаланылады. Талшықтың теңіз суына тұрақтылығы, төменгі
гиграскопиялығымен, оны өндіріске қолдануға мүмкіндік береді. Талшық
жанбайды және жалындамайды. Осы бұйымға байланысты одан қабырғаларды
қаптауға арналған декоративті материалдар ретінде қолданылады. ПВХ
талшықтық жылу өткізгіштігі төмен, сондықтан одан трикотаж бұйымдарын, киім
маталарын, жасанды мех т.б. жасайды.
Хлорин этилен не ацетиленнен алынады. Поливинилхлоридті
талшықтар Францияда рониль, термовиль деп, ФРГ-да – ПЦ, Жапонияда –
толон деп аталады.
Хлорин серпімді, судың, қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштардың
әсеріне шыдамды, шірімейді, өңезге бүлінбейді. Хлориннің жылу сақтау
қасиеті жүннен кем емес. Ұзаруы 18-24%, гигроскопиялық қасиеті өте
төмен – 0,1%. Жарықтың, ауа – райының әсеріне онша төзімді емес.
Хлориннің негізгі кешілігі – жылуға осалдығы. 60оС-де хлорин
жылудан отырады, ал 90оС-де бүлінеді. Киімді құрғақтай химиялық
тазалаудан өткізгенде трихлорэтилен және перхлорэтиленде ериді.
Хлорин жанбайды, жанғанға қосылмайды, жалынға ұстасақ талшықтары
жидіп, дустың иісі келеді.
Үйкелуден туған электр зарядын бойына жинайтын қабілетіне
байланысты оны емдік іш киім дайындауға пайдаланады. Поливинил-
хлоридті талшықтар бедерлі жібек маталарды, техникалық маталарды,
кілем түктері, жасанды мех шығаруға пайдаланылады.
1.2 Поливинилхлоридті талшығының сынау әдістері мен тәсілдері

Полиамидті талшықтарды қолданатын ең негізгі салалардың маңыздыларының
бірі – техника болса, поламидті жіптердің ең негізгі тұтынушысы -- шина
өнеркәсібі болып табылады. Өнім жоғары мықтылыққа ие, әсіресе соққыға
келгенде. Сондықтанол авиашина және жүк машиналарының өндірісінде кең
қолданыс тапты.
Техникалық полиамиді жіп бірқатар резиналы бұйымдар жасауда
қолданылады.
Бұл тұрғыдағы кемшілігі – серпімділігінің аздығы.
Халықтық тұтыну өнімдерін жасап шығару үшін тоқыма жіптері және
талшық қолданылады. Полиамидті талшықтардың түпкілікті қолдану мақсаты мен
оның көптеп пайдаланылуы оның түтіліп кетуге тұрақтылығы мен жоғары
серпімділігі.
Текстелген жоғары көлемді жіптер шұлық, нәски бұйымдарын, спорттық
киім, трикотаж және басқа да бұйымдарды дайындауда қолданады. Текстелген
жіптердің ішінде ең көп сұранысқа ие болғаны кілемдік ассортиментіндегі
иіршік жіптер болып табылады.
Полиамидті талшық негізінен жүн қоспаларын дайындауда қолданылады.
Полиамидті талшықтың аздаған қосындысы бұйымның кию мерзімін бірнеше есеге
ұзартады. Сонымен қатар, поламидті талшықтардан фильтрлі мата мен арнайы
киімдер даярлайды.
Полиамидті талшықтың көп қолданысқа ие болуының негізгі себебі
жоғары мықтылық, серпімділік, түтілуге деген тұрақтылық сияқты оның бағалы
қасиеттерінде. Бірақ егер осы талшықтардың техникада қолданылуының негізгі
мақсаты белгілі болса, онда оны халықтық тұтыну бұйымдарын өндіруде
қолдансақ, олардан алынған өнімнің кемшіліктерін байқаймыз. Көпшілік
сұранысқа ие болған өнімдерге қойылатын гигиеналық талаптар нәтижесінде
кемшіліктері көбейе түседі. Мұндай кемшіліктерге төменгі ылғалжұтымдылық,
жоғары электрлік, сондай – ақ полиамидті талшықтан алынған бұйымның
қаттылығы.
Келтірілген кемшіліктерді жою және көп тоннажды талшықты қолдану
нәтижелілігін көтеру мақсатында халықтық тұтыну саласында көптеген әдістер
ұсынылда.
Сополимерді синтездеу арқылы дайын капрон талшығын химиялық
түрлендіре отырып түрлендірілген поликапроаминді жақсы тұтыну қасиеттеріне
ие талшықтар каприлон мен капранит алынды.
Каприлон талшығы құрамында полмерлі азотты акрилаттар бар,
капранитте – полиакрилонитрил.
Каприлон жоғары гидрофильді, аз электрленгіш және мақта тәрізді
болып табылады. Гидрофильдігі 6,5 – 9,0 % - ға жетеді ( сәйкесінше ауа
температурасы 65 % болғанда ) және капронды талшықпен салыстырғанда оның
электрлігі төмен болып келеді.
Гигиеналық қасиеттеріне қарай бұл талшық мақтаға жақын, түтіліп
кетуге және көптеген деформацияға тұрақтылық, көбіне тоқыма бұйымдарының
эксплуатациялық қасиеттеріне жатады. Бұл талшық нәски, шұлық бұйымдарының
балаларға арналған ассортименті болып табылады. Онда гигиеналық қасиеттері
мен кию мерзімінің ұзақтығы қатар тұрады.
Капронит жүн тәрізді болып келеді және жылуфизикалық суреттемелері
мен түсінің тұрақтылығы жағынан жүннен қалыспайды. Бұл талшық таза түрінде
жүннің қоспасы ретінде қолданады.
Үйкеліс, төзімділік және тозу. Талшықты заттарға үйкеліс механикалық
әсерлері киімнің, ішкиімнің, шұлық – ұйық және басқа тоқыма бұйымдарын
тозуына ең көп таралған себепшісі болады.
Үйкеліс басқа үйкелісуші беттермен қажалу нәтижесінде талшықтардың
келе-келе тозуына алып келеді, талшықтардың құрылымында қайтымсыз
өзгерістерді шығарады, оның салмағының кемуіне, талшықтардың ыдырауына және
полимердің макромолекуларының жыртылуына алып келеді. Соңынан тозу
басталады, талшықтардың бұзылуымен сипатталатын. Нәтижесінде, бұйым
қолдануға жарамсыз болады.
Тозуға төзімділік – талшықтың үйкеліске қарсылық көрсету қасиеті –
полимердің құрылымына және құрамасына байланысты. Үйкеліске жоғары
төзімділікті бағдарламаған құрылымдағы талшықтар көрсетеді, олардың
макромолекулаларынан бір бөлегі үйкеліс бетке үш жағымен орналасқан.
Бұндайда талшықты бұзу үшін тек молекулалар арасындағыбайланыстарды емес,
тағы өте берік химиялықбайланыстарды жырту керек. Бірақ сондай сәттер
болады, кейбір талшықтар басқа талшықтарға қарағанда жоғары беріктікке ие
болып, үйкеліске кем төзімділік көрсетеді.
Үйкеліске сынаулар талшықтардың тозуға төзімділігін бағалауға рұқсат
етеді. Бағалау критериіболуы мүмкін төзімділік – үлгінің толық тозуына
дейінгі цикл саны немесе ұзақ өмірлілік заттың бұзылуына дейінгі сынау
уақыты. Үйкелісті циклдің берілген санына дейін өткізіледі, содан кейін
талшықтың қасиеттерін өзгерістерін анықтайды.
Жіптердің (талшықтардың) тозуға төзімділігін анықтау үшін ілмекте өзі
үйкелісетін әдіспен жұмыс атқарушы аспаптар қолданады. Оларда жіп пен
үйкеліседі. Бұндайда сынаулардың біркелкілігі және жеткілікті дәлдігі
қамсыздандырылады, өйткені басқа заттың үйкелісетін бетінің сапасы нәтижеге
әсер етпейді (түрлі талшықтардың үйкеліске төзімділік деректері).
Қысуға қарсылық. Талшықтардың борпылдақ жиынтығы бастапқы жиынтығы
өңдеудің соңғы кезеңінде киптарға нығыздалады.Нығыздау талшықтарды
бұлінуден , кірлеуден, шығындардан сақтау, артқызу- түсіру жұмыстарын
механизациялау, тасымалдау және сақтауға қолайлы жағдай жарату, өртке
қауіпсіздігк жағдайларын сақтау қажиеттілігімен қолданған.
Талшықтар маңызды серпімділікке ие және қысу деформациясына
едәуір бекем, сондықтан оларды нығыздау үшін үлкен жігер керек. Шамадан тыс
нығыздау қауіпті: ол талшықтың бастапқы қасиеттерін бұзуы мүмкін және
қалдықты деформацияның болуына жол қояды. Рұқсат етілген мөлшерден жоғары
қысу талшықтың бұзылуына алып келеді.

Нығыздау тығыздығы формуламен анықталады:

Ρ0 – нығыздаудың орташа тығыздығы, кгм3;
Мк – киптің салмағы, кг;
Vк – киптің көлемі, м3
Талшықты жиынтықтың сынауларын түрлі типтегі пресстерде өткізеді.
Қысу деформация нәтижесінде талшықтың сығымдылығын, серпімділігін, престелу
тығыздығын, құрылымдағы зақымдарын барлығын анықтайды. Жиынтықтағы
талшықтың үлгісінің қысу деформациясын оның көлемінің өзгеру нәтижесімен
бағалайды.

Абсолюттік қысу деформациясы

V0, Vк – қысу алдындағы үлгінің бастапқы және соңғы көлемі, см3 немес мм3.
Рұқсат етілген мөлшерден жоғары қысыммен қысылған талшықтан жасалған иірім
жіп жоғары үзіліске ие. Егерде қысқанда талшық қайтымсыз жақсы көрсеткішке
ие болады.
Созылудағы деформация. Күш әрекетінің әсерінен талшықтар созылады.
Деформацияның мөлшері, созылу жүктеменің әсерінен талшықтың ұзындығының
өсімі түрінде ұзару деп аталады. Талшықта жыртқанда абсолюттік және қатысты
ұзаруға бөлінеді.

Абсолюттік жыртылғыш ұзару Lp (мм) – талшықтың ұзындығының өсімі оны
жырту кезінде.

L1 – жырту алдындағы талшықтың соңғы ұзындығы, мм;
L0 – созылу алдындағы талшықтың бастапқы ұзындығы, мм.
Қатысты жыртылғыш ұзару Е0 – процентте көрсетілген талшықтың
абсолюттік жыртылғыш ұзаруының оның бастапқы ұзындығына қатынасы:

Жыртылу кезіндегі ең жоғары ұзару жыртылғыш ұзару ЕР – деп аталады.
Сызықтық тығыздық, беріктік және ұзару көрсеткіштерінің салыстыруы,
сызықтық тығыздықтары төмен талшықтар иірім жіп дайындауда жоғары бағалы
екенін көрсетеді.
Талшықтардың деформациясының құрама бөлімдері бір тола цикл
мөлшерінде жыртқыш жүктемеден кемдеу созылу жүктемеде анықталады. Талшықты
заттардың деформациясы қайтымды болып саналады, егерде күштердің әсері
тоқтағанда ол жоқ болса. Егерде күштердің әсері тоқтағанда, деформация
қалса - ол қайтымсыз. Қайтымды деформация - серпімді және созылмалы;
қайтымсыз – пластикалық.

Абсолюттік серпімді деформация Lу (мм) – бұл белгілі уақыттың арасында
жүктеменің әсерінен алынған талшықтың ұзындығымен L1 - және жүктеме алып
тасталған соң өлшенген ұзындығының L2 – айырымы.

Серпімді деформация демеде таралады, содан оны тезқайтымды дейді. Ол
деформацияланушы талшықтың көлемінің үлкеюімен байланысты. Бұл дефрмацияда
талшықты құрастыратын полимердің бөлшектерінің арасындағы аралықтарында
шамалы өзгерістер болады, бірақ олардың мөлшері өте кем. Сыртқа күштің
әсерінен босаған соң, макромолекулалардың бұрынғы арақатынас және
арақашықтарының орнына қайта келуінің арқасында, серпімді деформация жоқ
болады.
Серпімді деформацияны талшықтан жүктемені алғаннан кейін орташа 5
секундтан соң аспаптармен өлшесе болады.
Қатысты серпімді деформация Еу – (%) талшықтың абсолюттік серпімді
деформациясы оның бастапқы ұзындығына қатынасымен өлшенеді:

Абсолюттік созылмалы деформация Lэ (мм) – бұл жүктемені алғаннан кейін
5 секунд өткен соң өлшенген талшықтың ұзындығымен L2 және белгіленген (
сынауда сайланған демалыс уақыт өткеннен кейінгі талшықтың ұзындығы L3
арасындағы айырымы.

Созылмалы деформацияда сыртқы күштердің әсерінен полимердің
макромолекулалары көбірек созылған жағдайларға өтеді және созылғанда,
талшықтың белағашын жағалай тұспалайды. Макромолекулалардың қайта топталуы
молекуляр арасындағы өзара күштерін жеңумен өтеді. Абсолюттік созылмалы
деформация жай кем тездікпен өрлейді. Жүктемені алған соң талшықтарда келе
– келе ішкі кернеу жоғалады, бұрынғы формасының ақырын қайтымды орнына
қайта келуі басталады. Тепе – теңсіз күйден тепе- теңдік күйге өту процесі
қалпына келтіру деп аталады.
Талшықтың макромолекулалары бастапқы атомдар, арасындағы арақышықтары
кемдеу, көбірек иілген күйге қайтуға тырысады.
Талшықпен жіптердің созылмалы деформациясы кем болса, бұйымның сапасы
жақсырақ болады. Созылымдылық қасиет жүктеуді тоқтатқаннан кейін бұйымның
бұрынғы формасын қабылдауға, қыртысбайтын болуына рұқсат етеді. Ең көп
қайтымды ұзарумен жүн, жібек, синтездік талшықтар ие болады; мақта және
зығыр талшықтар қыртыстануға аз қарсы түруімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синтетикалық карбоцепті талшықтың қасиеттері мен өндіру технологиясы
Линолеум өндірісі
10 кВ кернеулерге арналған резеңке оқшаулы күштік кабельдер
Жібек – жануар тегінен шыққан тоқыма талшығы
Материалдарының түрлерінің құрылымы
Тоқыма талшықтары
Табиғи және жасанды былғары, үлпекті материалдар
ЗЫҒЫР ТАЛШЫҚТЫ МАТАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
ЖМҚ немесе полимерлер
Поливинилхлоридті алу технологиясы
Пәндер