Лизинг ұғымы мен лизинг операциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы – экономикалық факультеті.
Қаржы кафедрасы.

Тақырыбы: Лизингтік бизнес және Қазақстан Республикасындағы оның даму
жолдары.

ғылыми жетекші:
Адеева Н. Д
орындаған:
Алматқызы А.

ФКК 3-03

Алматы-2006 жыл

Ж о с п а р :

Кіріспе.
І.Лизинг туралы түсінік және оның ерекешеліктері.
І.1 Лизинг ұғымы мен лизинг операциялары.
І.2Лизингтік қызыметтер туралы жалпы түсінік.

ІІ.Экономикалық саладағы лизингтің маңызы.
ІІ.1 Ауыл шаруашылық саласындағы лизинг міндеттері.
ІІ.2 Банктегі лизингкік қатынастарды ұйымдастыру.
ІІ.3 Экономикадағы лизингтік жүйенің артықшылығы.

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы бизнес және оны дамыту.
ІІІ.1 Қазақстандағы лизингтік бизнестің даму жолдары.
ІІІ.2 Лизингтегі бизестің тәуекелділікті басқару.

Қорытынды .
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Жоспарлы құрылым өзгеріп,экономикалық қатынастардың жаңа жүйесіне
көшкеннен бергі 10 жылдың ішінде ұғымымыз көптеген тың түсініктермен
толықты. Солардың бірі лизинг сөзі. Егер бұл сөздің мағынасына келетін
болсақ, 1993 жылы Алматыда жарыққа шыққан, орысша қазақша экономикалық
түсіндірме сөздікте оған лизинг-мамандандырылған қаржы компаниясының
делдалдық етуімен машиналар,жабдықтар, жылжымайтын мүліктер және негізгі
капиталдың басқа да элементтерін сатып алуға қаржы бөлудің ерекше формасы.
Лизинг компаниясы мүлікті меншіктеу құқын ала отырып оны үшінші жаққа
орташа немесе ұзақ мерзімге жалға береді,-деген түсініктеме берілген.
Демек лизинг дамыған шет мемлекеттердің қазіргі заманғы озық техно
логиясын , құрал –жабдықтарын алудың негізгі жолдарының бірі. Сонысына
қарай оны отандық өндірісті , ауыл шаруашылығын,көлік пен байланыс
салаларын таптырмайтын тәсілідеуге болады. Лизингтің мәнісін біз енді
түсіне бастағандаймыз.
Экономикалық қатынастардың осындай жаңа түрінің біздің заманымызда
қоданысқа ене бастағанына онша көп уақыт өте қойған жоқ. Өйткені арнайы
мамандар болмаса шынайы лизингтің қандай болатындығын іскер кәсіпкерлердің
өздерінің нақты біле бермейтіндігі жасырын емес.Сондықтанда лизингті іскер
топтар арасында кеңінен түсіндіріп, болашақ экономика мамандарына ұғындыру
бүгінгі таңдағы еліміздегі экономикалық білім беру ісіндегі маңызды
міндеттердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан келгенде Лизинг Орталығы
жауапкершілігші шектеулі серіктестігі атқаратын қызметі теңдесіз. Себебі ол
қазіргі кезде лизингтің теориясымен тәжірбиесін зеріттеп жатқан
республикамыздағы бірден –бір мамандандырылған оқыту-консалтингтік
фирмасы саналады.
Елімізде лизингтің қажеттілігі бұрыннан айтылып келе жатқан мәселе.
Әсіресе, Қазақстан фермерлері табандылық танытып,өз съезінде лизингті
несиелендіру жүйесін енгізуді билік басындағылардан талап етіп отыр.Осының
негізінде 2000жылы Казагрофинансқаржы лизингтік компаниясы құрылды.
Лизинг мәселесіне мемлекет тұрғысынан келетін болсақ,лизингтік капитал салу
жай ғана пайда түсірудің көзі емес, бұл тікелей өндірістің және
өнеркәсіптің қажеттілігін яғни, өндірістің одан әрі дамып, әрдайым жаңарып
отыруын қамтамасыз етеді.Бірқатар қаржы ұйымдары лизинг кейбір
инвестициялық қауіп-қатерді тудыратын факторлардың болуын тежеп
,экономиканың дмуына айтарлықтай септігін тигізеді.Сонымен әлемнің көптеген
елінде ең тиімді бизнес инструменті болып табылатын-лизинг енді біздің
елімізде. Дүниежүзілік рынокта лизингтік қызмет көрсету саласының жылдық
айналымы 500млрд АҚШ долларды құрайды.Біз көптеген осындай мүмкіндікті
пайдаланып,бизнес жоспарларымызды лизингтік компанияға ұсынып, бағымызды
сынауымызға әбден болады.

І.1 Лизинг ұғымы мен лизинг операциялары.

Алу қағидасына негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлікті
қатынастары басқаша құрылуы мүмкін емес , сондықтан да олар азаматтық
құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдігі мен дербестігін бейнелейтін
тиісті нысанда көрініс беруі тиіс. Мұндай нысан шарт болып
табылады.Кәсіпкерлік салада шарттың алатын орны елеулі.Демек ,оның кейбір
түрімен таныстырсақ ,сатып алу сатудан басқа ,кәсіпкерлік лицензия,
факторинг, форфейтинг және басқалары. Халық шаруашылығының дамуына
шаруашылық байланыстардың күрделнуіне орай шарттың басқада түрлері туындауы
мүмкін.
Қазақстан заңнамасында шарттар түрлі тізбесін толық қамту, жасыру деген
ұғым жоқ.Қазақстандағы осы заманғы рынок жағдайы бейімдеушілікті
қажетсінуінде , соған орай сыртқы экономикалық қызыметтің лизинг,
факторинг ,франшизинг дәстүрлі түрлерін кеңінен пайдалануды күн тәртібіне
қойып отыр. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрі осы заманғы шеңберде кәсіби
кәсіпкерлік айналымды енгізуге және оның қатысушыларына нақты бағдар
беруге мүмкіндік туғызады. Бұл шарттар кәсіпкерлік қызметтің түріне
жататынына ешкім дау туғыза қоймас ,заңнама келісімдері лизингті
инвестициялық іс-әрекетке қатысты деп санап ,кәсіпкерлік қызметтің сипатын
атап көрсетеді. Лизинг беруші мен лизинг алушы капиталменақшалай емес,
өндірістік нысанда пайдаланады, мұның өзі лизингті инвестиция тартумен
жақындастыра түседі. Бұл шарттар кәсіпкерлік сипатта болғандықтан көбінесе
оларды кәсіпкерлік қызмет түрі деп айтады, яғни қызметтің негізгі мақсаты
тұтынушылар мүддесін қанағаттандыру үшін таза кіріс келтіру және
кәсіпкерлік қызметте әлеуметтік оң бағалау.Егер, қажеттік заң кепілдік
жасаса ,лизинг шартымен еліміздің экономикасына мемлекеттік емес аса ірі
инвестициялар тарту мүмкіндігі болатыны жөнінде игілікті істер күтіп
тұрғанын сезінгендейміз. Бұл орайда , М .Сулейменовтың ақылға қонымды
қағидат емес , шетел инвесторларына кепілдік беру заңдылығы қағидатын
қарастыру деген сөз.
Лизинг термині ағылшынның to lease сөзінен алынған , машиналарды
, көлік құралдарын ұзақ мерзімді жолға алуды білдіреді.
Қазақ және орыс тілінде лизингсөзінің дәл баламасы жоқ.
Лизингтің кез келген анықтамасына қарап,толқ қамтылды.
Қаржы лизингі –кәсіпкерлік саладағы шарт түрі. Лизингтің құқықтық
негізі екі элементтен : сатып алу- сату және жалға беруден тұрады. Алайда
мұндай көзқарасты барлығы бірдей қолдайды деп айтуға болмайды. Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 566- бабында кез келген
тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады делінген.
Пайдаланылғанның өзінде табиғи қасиетін жоғалтпайтын жылжымалы және
жылжымайтын мүліктер тұтынылмайтын заттарға жатады.
Мүліктік құқықтар қаржы лизингінің заты бола алмайды. Мүлікті жалға
алушының айтуы бойынша сатып алынады. Лзинг шартын жасау мерзімін заң
шығарушы –шарттың елеулі жағдайына жатқызған.
Лизинг негізгі артықшылығы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер шаруашылық
қызметін одан әрі жүргізуші үшін мүліктік кешенмен қамтамасыз ету
мүмкіндігін жасау болып табылады. Заң табиғи байлықтарды лизингке беруді
көрмейді. Ал жер тиімділігін жалға беру арнаулы заңмен айқындалады. Лизинг
шартына инвестициялық сипат тән, бұл лизингтің экономикалық ұғымы. Соның
көмегімен жалға беруші жалға алушылық кәсіпкерлік қызметін
қаржыландырады. Шарт жасалған сәтте жалға беретін мүліктің құны лизингтік
төлем сомасына жуықтау болса ,тараптар үшін шарт экономикалық жағынан
тиімді деп табылады. Лизингті реттейтін ҚР АК мен Қазақстан Республикасының
Қаржы лизингі туралы заңының нормаларына салыстырмалы –құқықтық талдау
жасағанда лизинг терминінің заңды қолдануы бірдей емес екеніне көз
жеткіземіз. Өзінің сипаты бойынша лизинг шарты ұзақ мерзімге жасалады.
Қазақстан республикасының Қаржы лизингі туралы заңында лизинг шартының
мерзімі лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігі кемінде 80
пайызының амортизациясы мерзімінен кем. Мұндай ереже лизинг берушіні қорғау
шарасы ретінде. Тараптар лизинг шартын жасасқан сәтте нені басшылыққа алуы
тиіс- амортизация мерзімін бе немесе лизинг беруші шығынының орнын тездете
толтырады ма? Ю.И.Свядоец төлем мүліктің экономикалық өмірінің үлкен
бөлігін құрайтын кезеңге сәйкес, орта есеппен 10-12 жыл пайдаланылғаны үшін
жасалады. Алайда, шарт бойынша төлем мерзімі 4-7 жыл болып белгіленген,
мұндай қысқа мерзім жалға берушінің сатып алған мүлікке жұмсалған шығынын
немесе негізгі бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік береді, - деп атап
көрсетеді. Шын мәнінде қаржы лизингі ұзақ мерзімді несие нысанын
бейнелейді. Қаржы лизингі шартының мерзімі аяқталған соң жалға алушы
объектіні қайтарады, келісімді ұзартады немесе жаңа шарт жасасады, сондай-
ақ лизинг объектісін қалдық құны бойынша сатып алады.
Лизинг операциясын кепілді қамтамасыз ету және лизинг шартымен өзара
байланысты қосымша шарт жасасуға орай лизингті жіктеуге болады: мысалы,
лизинг беруші мен алушы арасында қайта өткізу- ремаркетинг немесе кейін
сатып алу шарты, мұндай жағдайда сатушы мен лизинг беруші алдын-ала баға
кестесін келіседі, онда лизинг алушы төлем міндеттемесін орындамаған
жағдайда сатушының лизинг берушіге төлем мөлшері айқындалады. Қамтамасыз
етілмеген лизингті бөліп көрсетуге болады, мұндай лизинг беруші лизинг
мүлкіне меншік иесі болу құқығымен басқа ешқандай төлем алмайды.
ҚР Қаржы лизингі туралы заңының 10-бабында мемлекеттің
қамқорлығынантыс кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жағы қарастырылған ,
онда жеке кәсіпкер болып табылатын өзге заңды тұлғалар мен заңды
тұлғалар лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге
асырады деген.
Лизинг бірден 100 пайыз несиені ұсынады және дереу төлемді бастауды
талап етпейді. Ұзақ мерзімді несиені жабық сатып алуға пайдаланған кәсіп
орын өз қаржысы есебінен белгілі соманы салатыны белгілі. Лизингте шарт
мүліктің толық құнына жасалады. Жалдық төлемдер әдетте мүлік қолға
тигеннен кейін басталады. Мұндай жағдайды кәсіпкерлікті жаңа бастағандар
үшін аса қолайлы ,өйткені ,олар лизинг арқылы өз ісін бдірден дөңгелетіп
әкете алады.
Лизинг келісімі қарызға қарағанда аса икемді ,сатып алушы үшін
қаржыландыру сызбасын жасауға мүмкіндік береді. Қарыздың төлем мөлшері
мен мерзімі шектеулі екені белгілі. Лизингті салық немесе салық емес
негізінде құруға болады.
Ресей Федерациясының Лизинг туралы федералдық заңында лизинг
компаниясы (5-бап), Қазақстан Республикасының Қаржы лизингі туралы(2-бап
) көзделген. Бізде лизинг шартына қатысушылардың құқық пен міндеттемені
кеміту көзделмеген,ал Ресей Федерациясында мұндай ереже бар.
Тараптың контр агенттері және осы заманғы азаматтық құқықтық
реттеудің басқа да негізгі қағидаттарын еркін таңдауы мемлекеттік
реттеудің жеке –құқықтық мәнін сақтай отырып , кәсіпкерлік айналысқа
қатысушылардың барлығының мүдделерінің қорғалуы күшейгенін білдіреді.
Мүлік айналысқа қатысушыларды қорғау ең алдымен үшінші жақты-несие
берушілер мүддесін қорғау деген сөз.

І.2Лизингтік қызметтер туралы жалпы түсінік.

Лизингтік операциялар ежелден белгілі.Тарих көрсеткендей ,олардың дамуы
б.д.д.2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг
ХХғасырдың 60-жылдары АҚШ ,Ұлыбритания ,Франция,т.б . дамыған
индустриялды елдерде пайда болып , кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде
өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ –та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға
арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың
ерекшелігі құрал жабдықты жала алу арасында нақты шектеудің жоқтығы ,оны
пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер ,согнымен қоса оны алдын ала
белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта
АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта
жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының
біріне айналады.
XX ғасырдың 60-жылдары ұзақ мерзімді жылдың лизингтік мәмілелері
әлемнің көптеген индустриялды дамыған ,ең алдымен Батыс Европа елдерінде
кеңінен тараған. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың
лизинг көмегімен құрал жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ-пен
салыстырғанда төмен болады. Бірақ қазіргі кезде Ұлыбританияда өндірістік
құрал жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған
кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады.Францияда
соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда.Батыс Еуропа елдеріндегі
лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке
қабілеттілігін арттыру салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен
байланысты.Сонымен қатар лизинг құрал жабдықты жалға беруші фирмалар үшін
де,жалға алушы фирмалар үшін де,әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының
жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса
тиімді болып табылады.Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызымет
атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайдыжәне иемдену сипатында
болмайды.Жапониядағы жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30
пайызды құрайды.Лизинг қажетті құрал –жабдықты көп ақшалай қаражат
шығындарсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Лизингтік
компания құрал –жабдықты сатып алып ,жалға алушы 5-8жыл мерзімге жалға
береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай
жасай отырып , экономиканың өндірістік секторын құрайды. Сонымен қатар,
лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік
компаниялар арасындағы бәсекені күшейтнді , несие процентінің төмендеуіне
әсер етеді, бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшелігі:

1. Мәмле нысанын лизинк беруші емес, өз есеінен құрал –жабдықты
иеленетін лизинг алушы таңдайды.
2. Лизинг мерзімі құрал –жабдықтың физикалық тозу мерзімінен 1-20 жыл аз
және салықтың амортизация мерзіміне 3-7 жыл жақын.
3. Келісім шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген
ставкамен жылмерзімін ұзарта немесе қалдық құнмен сатып ала алады.
4. Әтетте лизинг беруші қаржылық мекеме – лизингтік компания болады.
Жылдық төлемдер ай сайын әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге
асырылады. Жыл төлемінің ставкасы әттегі коммерциялық қызметтер
жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал –жабжықтың сипаты мен
келісім –шарт мерзіне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат
ресуртарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмір сутекті
шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді
болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзінде ел экономикасының мұнай
бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан
түскен табыстың ауқыды мөлшерінен көлемі 3 млр АҚШ долларынан асатын ұлттық
қор қалыптлды. Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халық
аралық тәжрибелерді енгізуіміз қажет,-деп атап көрсетілген Президенттің
Қазақстан халқына жолдауында. Қазақстан экономикасын шикізат ресурсының
бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің
дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал –жабдықтардың 80 пайызы
тозғанын ,алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн.
Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда
кешенді сипаты бар –сыртқы экономикалық,несиелік және инвестициялық
операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар
бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен
жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің одан әрі
дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы
болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады,сол сияқты қосымша
қаржы ресурстарын тарта отырып,негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді.
Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық қызметтер
нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылуына жол
бермей, негізгі құралдарды иемденуге банктік несиеге балама болып
табылады.Сонымен қоса, макродеңгейде кең көлемді шетел инвесторлары лизинг
арқылы елдің төмен балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта қарыз
беруші рейтингін төмендетпейді, өйткені халықаралық валюта қоры тәртібі
бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз
көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және
дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.
Лизинг алушы мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру
ерекшеліктеріне орай тура және жанама лизингті бөліп қарастыруға болады.
Тура лизинг жағдайында лизинг беруші мүлікті дайындаушы және мүлік иесі
болады, ал жанама лизинг жалға беру үшінші тұлға арқылы жүзеге асырылғанда
көрініс табады. Несие беру әдісі бойынша ол жедел және қалпына келетін
лизинг болып бөлінеді. Жедел лизинг кезінде жалға беру бір рет жүзеге
асырылады, ал қалпына келетін лизингте келісімшарт мерзімі аяқталысымен
қалпына келеді.
Дегенмен, Қазақстандағы лизингтік сектордың дамуы бүгінгі күні оның
әлеуетіне сәйкес келмейді. Соңғы уақытқа дейін болған қаржылық ресурстарға
деген шектеулі мүмкіндік, соынмен қоса лизинг тетігі арқылы шағын және орта
бизнесті қаржыландыруға заңнамалық кедергілер себеп болады. Сондықтан 2003
жылдың қараша айында Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңды
актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Оның
шеңберінде 2001 жылдың 1-қаңтарынан бастап, лизингтік операцияларға салық
салу тәртібі өзгертілді. Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі
болғандықтан Инвестициялар туралы заң мен салық кодексінің 138-140
бапбтарына сәйкес лизинг алушының корпоративтік табыс салығы және мүлікке
салық бойынша инвестициялық салықты преференциялар алу мүмкіндігі
сақталады.
Осылайша республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық
нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізі капиталға
инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз болғандықтан, бұл
заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейда бұл көрсеткіш
4-5 пайыз. Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз
деңгейіне жетсе, лизингтік нарық көлемі 530 млн. АҚШ долларын құрайды. Егер
еуропалық даму және қайтақұру банк болжамдарына жүгінсек, бұл көрсеткіш 10
пайыз құраса лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллар көлемімен дамытады.
Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндірістік
сектор дамуына серпін болады, ал қосымша жұмыс орындауын ашу мен бюджетке
салықтық түсімдердің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикі заттық
экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру банк жүйесінің даму жолдарын
анықтау еліміздің экономикалық, саяси ,әлеуметтік өмірінің басты назарында.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы
әлемдік тенденция секторында дамуын анықтайды.Сондықтан,коммерциялық
банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік
тәжірибеге сүйенеді. Бірақ қазіргі жағдайда батыс экономикалық теориялардың
жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандыра алмайды.Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды
қалыптастыру кезеңі сауда экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі,
өндірістің құрылуы және инфляциямен баға деңгейінің өсуі нәтежиесінде,
инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал
–жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының
жетіспеушілігі сонымен бірге техникалық құрал –жабдықтардың толық құнын
төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді. Лизинг ХХ ғасырдың 50-
жылдарындағы американдық өнер табысы болып табылады. Кейбір мамандар
лизинг сөзінің өзі пайдалануға ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде енгізілген
деп есептейді.Мұндай тұжырымға келуге 1877 жылы Бели телефон компаниясы
тұтынушыларға телефон аппараттарын сатпай ,оларды уақытша пайдалануға беру
туралы қабылданған шешімі себеп болған. Соған қарамастан ,лизингтің отаны
АҚШ деп санауға болады.
Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайды бастан кешуде.
Өндірілген өнімнің бәсекелестік қабілеттілігінің өмен болуына байланысты
олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз.Көптеген қазақстандық
кәсіпкерлер үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары
өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер осы лизинг арқылы
шешілуі мүмкін. Біздің елімізде 2000жылдың шілде айында қабылданған
Қаржылық лизинг туралызаңға сәйкес лизингтік келісімге қатысушы
тұлғаларға анықтама беріледі. Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын
көптеген Ресей экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды
біріктіретін сфера деп қарастырамыз. Кез-келген лизингтік келісімнің
негізгі қаржылық, нақты айтқанда несиелік операция болып табылады.Қаржылық
лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену құқығын
алшақтандырады, яғни, уақытша пайдалануға берілген меншік құқығы лизингке
берушіде сақталынады,ал оны пайдалану құқығы лизингке алушыға етеді.Сонымен
,қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативті болып табылатын күрделі
қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы.Қаржылық лизингтік экономикалық
артықшылықтарын лизингтік қатынасқа қатысушы әрбір жаққа қамтамассыз ету
белгілерін көреміз.
Лизингтік объектісін сатушылар үшін оның артықшылықтарын мыналардан
көреміз.
- лизингтің көмегімен сату каналын ұлғайту мүмкіндіктері;
- лизинг – тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресие жеңісті
қамтамассыз ететін тәсілдердің бірі:
- дайын өнімдер сапасын азайту жолы мен капиталдың айналымдылығын
жылдамдату мүмкіндігі;
- лизинг арқылы өндіріске инвестор ретінде ақша қаражаттарын салу арқылы
лизингтік бизнеске қатысушылар үшін де лтзингтікоперациялардың
артықшылықтары бар.Оларға лизинг беруші тұлғаларды жатқызуға болады.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде осы мәселн бойынша лизингтік
келесідей артықшылықтары айтылады:
- лизинг берушілердің тәуекелдіңліктері төмен.Себебі лизинг объектісі
келісімге кепіл болады.Яғни лизинг беруші лизингке берілген мүлікке
менші құқығын сақтайды;
- өндіріс салаларын мемлекеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет
қаражаттарын тарту;
- көрсеткен қызметтері үшін белгілі бір мөг\лшерде пайда алады;
Қаржылық лизингтік келісімге қатысушылардың тағы бір тобы- лизинг
алушылар болып иабылады.Олар үшін тиімділік неғүрлымсезітал болуы қажет,
ондай болмаған жағдайда лизинг процесі өзінің тартымдылығын
жоғалтады.Ондай тиіңмділіктерге мыеаларды жатқызуға болады.
- мүлік лизинг берушінің балансында болғандықтан лизинг алушы мүлікке
салынатын салықттан босатылады.Лизинг объекетісінің жеделдетілгн
амортизацияның пайдаланылуы оған өндірісті жедел түрде жаңартуға,қайта
құруға мүмкідіктер береді;
- сыртқы көздер есебінен капиталдар тарту лизинг ірі қаржылық
ресурстарды жинатамай-ақ жаңа өндірісті үйымдастыруға көмектеседі.
Сонымен бірге, лизингтік төлемдер лизинг объектісі пайдаланудан
түскен табыстар есебінен төленетіндігін ескеру қажет және лизингке
алынған құрылғылар есебінен өндірілген тауарлар іске асу\ыру
мүмкіндіктері бар;
- маусымдық және күтпеген өндірістік мәселелерді шешудің жеделділігі;
- келісімді қамтамассыз етудің тиімділігі.Себебі лизингтік мүлік кепіл
ретінде алынатын болғандықтан несие алғаннан гөрі,лизинг бойынша
мүліктерді алу ыңғайлы;
- кіші және орта фирмалар үшін лизинг қаржыландырудың мүмкін болатын
жалғыз әдісі;
- лизинг алушы үшін мүліктердің табиғи және моралъдық төзу
тәуекелділіктерінің азаюы.Мүндай тәуекелділіктер мүліктер уақытша
пайдалануға алынатын алынатын болғандықтан лизинг берушіге өтеді.
Әрине, қаржылық лизингтік келісімнің өзіне тән кемшіліктері де бар.
Жоғарыда айтылғандай, лизинг беруші үшін мүліктердің моралъдық жағынан
тез тозу және лизингтік төлемдерді уақытында алмау тәуелділіктері бар.Ал
лизинг алушы ушіе лизинг құны сол мүлікті сатып алу бағасынан жоғары
болуы мүмкін.Бірақ, барлық елдерде салықтық және амортизациялық
жеңілдіктердің негізілуі, лизингтік бм\инестің тез қарқынмен өсуіне
әкелді.Міне осындай жағдайлар қаржылық лизингтік қатынастардың кемшілік
жақтарын жауып кетеді.Лизингтік компаниялардың және банктік мекемелердің
жүргізілетін лизингтік операциялардың жетістіктері олардың үсынатын
қызметтерінің санына және лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік
қабілеттілігіне белгілі бір деңгйде тәуелді болады.Содықтан да лизинг
қызмет ұсынатын компанйяларр мен банктер жақсы байланыста болуы
қажет.Лизингтік компаниялар өндірісті және клиенттерді оқып үйрене отырып
, клиенттердің қажеттіліктіріне неғұрлым толық жауап беретіндей негізгі
құралдарды лизингке беруге тырысады.Кейбір фирмалар лизингке берілген
құрылғандарды сақтандыру және техникаларды өндіріске енгізу мәселелер
боиынша кеңестер беру қызметтерінде ұсынады.Лизингтік төлемдер деп-
лизинг келісім шарт бойынша лизингтік мүлікті пайдалану құқұғы берілген
лизингке алушының лизингті беруші төлейтін жалпы сомасы.
Лизинг келісім келісім шартын бекіту кезінде оған қатысушы
тұлғаларлизингктік төледердің жалпы сомасын, кейбір төлемдерді есептеу
формалары мен әдістерін, оларды төлеу кезеңділігі және тәсілдерін
анықтайды.Лизингтік төлемдер- лизингке берушінің мүліктерді сатып алуға
кеткен қаржылық шығындарын қайтаратын және белгілі бір сомада пайда алуға
мүмкіндік беретін механизм болып табылады. Осыған байланысты лизингтік
төлемдердің жалпы сомасына төмендегілер кіреді.
-келісім шарттың барлық мерзімінде лизингтік мүліктің толық немесе соған
жақын құнын қайтаратын сома.
-лизингке берушіге комиссиондық сый-ақы;
-лизингке берушінің көрсеткен қосымша қызметтері үшін төлентін сома ;
- лизингтік келісім шартта көрсетілген т.б. шығындар, мысалы мамандарды
оқыту, лизингтік мүлікке техникалық қызмет көрсету,оған күрделі жөндеу
жүмыстарын жұргізу және т.б.
Сонымен бірге,лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктерге салынатын
салықты ескеру қажет.Себебі,мүлік лизингтік келісім-шарттың барлық
мерзімаі ішінде лизингке беруші баланста болады.лизингтік төлемдерді
анықта гізінде төлеу мерзімінде тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы
сомасы және амортизайиялық аударымдарды есептеу әдістері жатыр.
Сөйтіп лизингтік төлемдердің жалпы соиасы тұрақты өлшем болып
саналмайды,ол лизингтік мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді.Яғни
лизингтік мүліктің құны аванс төлеу немесе алғашқы төлемдерді көбейту
жолдарымен неғұрлым тез өтелсе,онда лизингтік мүліктің қалдық құнына
есептелінетін өсі ақы сомалары соғұрлым аз болады.
Қаржылық лизингтік қызметтерді тұтынушылардың ішінен экономиканың
нақты секторларын,соның ішінде кіші және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп
қарастырудың маңыздылығы зор.Бәрімізге белгілі кіші және орта
кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріске қажетті мүліктерді сатып
лау үшін жеткіліксіз.Ал,алғашқы қажылық жағдайларының және кепілдік
қабілеттерінің төмендегі банктік несиелердің алуда кедершілер
туғызады.Міне осындай жағдайлар нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорыдар
үшін лизинг-құтқарушықұрал ретінде көрінеді.Еліміздегі кәсіпкерліктің
кіші және орта формаларынқолдауға қызығушылықтары бар лизингтік
компаниялар құрылғыларды сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне
алады.Кіші кәсіпкерлікті жүргізуүшін қажетті құрылғылар,яғни сүт, ет,
сияқты луыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін,өсімдік майларын,
сусындарды дайындайтын кіші зауыттар,асхана және байланыс құрылғылары
және т.б. лизингтік келісімді қамтамассыз ету үшін жеткілікті болып
табылады. Кіші және орта кәсіпорындардың дамуына лизингтік құрылғылар
жолы мен бағытталған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың
неғұрлым сенімді механизмі болып табылады.
Сонымег бірге,қазіргі кезде көптеген өнеркісіптік,транспорттық және
әсіресе ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын
жаңартуда,құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек
күттірмес мәселелердің бірі болып табылады.
Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және
ұзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы
экономикаеың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілкті
деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді.Снымен бірге,коммерциялық
банктер несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелділіктерін төмендету
мақсатында несие беру шарттары күннен күнге күшеюде.Көптеген өндіріс
орындарының қаржылық жағдайларының тұраұсыз болуын байланысты олардың
қаражаттардың жағдайлараның тұрақсыз болуына байланысты олардың
қаржаттарды талап ететін инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін де
өзіндік қаражаттарды жинақтаудың мұмкіндіктері .
Міне, осындай мәселелерде байланысты бүгінгі таңда Қазақстанда
қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер
туады.Яғни,жоғарыда көрсетілген мәлелелерді, оның ішіңнде экономиканың
нақтысекторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында лизинг арқылы
шешеугу болады.Себебі, қазіргі кезде елімізде жұмыс істеп тұрған қаржылық
институттардың біде біреуі жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуге дайын
емес:
1.Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемін жоғарлату арқылы оларға деген
сұраныс үшін қажеттілікті жеткілікті ұсынысты қамтамассыз ету.
2.Экономиканың нақты секторларына,яғни өндіріске жаңа техника мен
технолог ияларды енгізуді жеделдету.Елде бәсекелестік өндірісті құру.
3.Дайын өнімдерді шетелдердің әкелу көлемін азайту.Себебі,ұлттық
экономика шеңберінде де дайын өнімдер өндірілуі қажет.

ІІ бөлім. Экономикалық саладағы лизингтің маңызы

2.1 Ауыл шаруашылығы саласындағы лизинг міндеттері

Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) бір-бірімен тығыз байланысты үш звенодан
тұрады. Бірінші звеноға өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруші өнеркәсіп
салалары мен АӨК материалдық-техникалық жабдықтармен камтамасыз етуші
мекемелер жүйесі жатады. Екінші звено ретінде ауыл шаруашылығы қаралады.
Үшінші звеноға өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп, сақтап және
қайта өңдеу мен оны өткізуді жүзеге асырушы салалар жатады.
Қазіргі уақыттағы өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің тең жартысы
өнеркәсіптік өңделеді, ал ауыл шаруашылығының өзі тоқсаннан астам халық
шаруашылығы салаларының өнімдерін тұтынады.
Тұтынушыларды азық-түлік өнімдерімен қажетті деңгейде қамтамасыз ету
үшін ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетуші салалардың пропорционалды
дамуы және түпкі жоғарғы нәтижелерге жетуге бағытталған халық шаруашылығы
кешенінің барлық звеносында басқаруды жетілдіру қажет. Агроөнеркөсіптік
интеграцияның материалдық алғышарты қажетті материалдық-техникалық
базамен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға көшіру
болып табылады.
Қазіргі уақытта материалдық-техникалық база, ауыл инфрақұрылымы
деңгейі мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге агросервистік
қызмет көрсету өте төмен деңгейде. Негізгі өндірістік қорлар моральды
және физикалық тозған, ауыл шаруашылық өнімдерінің тауарлық дайындалу
деңгейі төмен. Ауыл шаруашылығында үлкен инвестицияны қажет ететін
аяқталмаған өндіріс көп. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық-
экономикалық жағдайының тұрақсыздығынан ауыл шаруашылық тауар
өңдірушілерінің өз қаржылары құрылыс салуға, техникалық қайта жабдықтауды
жүзеге асыруға жетпейді. Сондықтан да аграрлық секторды реформалау
бағдарламасында республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны халық
шаруашылық мәні бар, жоғары құндылықты объектілерге жұмсау қаралған.
Республикада ауыл шаруашылығын реформалау процесі төлем қаржыларының
жетіспеушілігі жағдайында жүрді. Бұл ауылдарда жаппай бартерлік айырбас
процесінің жүруіне алып келді. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өз құнынан
төмен бағада бартерлік айырбасқа ұшырауы ауыл шаруашылығындағы мал
басының кеміп, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімсіздігіне алып келді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіне тән ерекшеліктері: маусымдылығы мен
өндіріс циклінің ұзақтығы. Экономиканың аграрлық секторында нарықтық
қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімсіз болып
отыр. Сондықтан да ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізудің жаңа
формаларын ұйымдастыру, оны аймақтық және салалық ерекшеліктерін ескере
отырып дамыту өте маңызды.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына қызмет жасаушылар - шаруа (фермер)
қожалықтары мен шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындары.
Шаруа (фермер) қожалықтарының тиімді қызмет етуінің басты шарттарының
бірі - олардың техникалық жабдықталуы. Яғни, тракторлармен,
комбайндармен, тұқым сепкіш және басқа да құрал-жабдықгармен қамтамасыз
етілуі.
Жалпы экономикалық аграрлық секторындағы дағдарыстық жағдай өнеркәсіп
өнімдері мен ауыл шаруашылық техникасы, жамар-жағар май, минералды
тыңайтқыштар, мал аурулары профилактикасы мен өсімдіктерді қорғау
құралдары және т.б. ауыл шаруашылық өнімдеріне деген баға теңдігінің
бұзылуынан болып отыр. Шаруа (фермер) қожалықтары қаржылық қиындықты
бастан кешіріп айналым қаржыларының жетіспеушілігі және бағасының қымбат
болуына байланысты құрал-жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын
сатып ала алмайды.
Мұндай жағдайда шаруа қожалықтары ұзақ мерзімді несиеге деген
қажеттілігін қанағаттандыруда балама әдістің бірі – лизинг болып
табылады. Лизинг қаржы тапшылығы жагдайында ауыл шаруашылғына инвестиция
тартудың тиімді формасы болып табылады.
Шетелдік саясат пен отандық тәжірибе негізгі өндірістік құралдарды
қалыптастыруда бұл әдістің жоғары тиімділігін көрсетеді. Дамыған елдерде
жетекші экономистердіц есептеуінше лизинг есебінен осы операциялардың
даму деңгейіне байланысты негізгі құрал-жабдықтар инвестициясына қажетті
қаржылардың 6-20% жылдық қажеттіліктері канағаттандырылады. Лизинг
бойынша лизингтік компания немесе коммерциялық банк қазіргі заманға сай
жабдықтар, машиналар мен механизмдерді сатып ала отырып, оны әр түрлі
мерзімге шаруа (фермер) қожалықтарына жалға береді. Шаруа (фермер)
қожалықтары мүлікті пайдалануына қарай берешегін біртіндеп өтейді.
Шаруашылық тәрбиесінде лизингтік операциялардың бірнеше түрі
қолданылады. Мысалы, оперативті лизингте машиналар мен жабдықтарды олар
тозғанға дейіп уақытша пайдадануға береді. Жалға алушы аз мерзімге
(екіден бес жылға дейін) келісімшарт жасаса отырып, жалға берушіден (банк
немесе лизингтік компания) өзіне қажетті мүліктерді алады. Келісім-шарт
мерзімі біткен соң жалға алушының жаңа келісім-шарт жасауға құқығы бар.
Ол өз шешімін ертерек хабарлауы тиіс.
Тәжірибеде қаржылық лизинг те кең қолданылады. Қаржылық лизинг
жағдайында лизинг жөніндегі келісім-шарт кезінде шаруа қожалығы жалға
берушіге жалға берілетін мүліктің түтас құнын төлеп қояды, нәтижесінде ол
мүлік иесі аталады.
Тікелей лизиигтік айырбас жалға беруші арқылы қаржыландырады, яғни ол
өндірушіден мүлікті сатып алып, оны тұтынушыға жалға береді. Ал, жанама
лизингте банк немесе лизингтік компания айырбасты қаржыландыра отырып,
делдал ролін атқарады.
Лизингтік операциялар шаруа қожалықтарында да, банктің де коммерциялық
мүдделеріне сай, екі жақ үшін де тиімді болып табылады. Шаруа қожалығы
келісім-шарт жасаса отырып, өзін бір мезгілде бірден ірі қаржылық шығын
жұмсаудан босата алады. Жалға алушы банктің лизингтік қызметін пайдалана
отырып, Жаңа техника алумен бірге ақпараттық, экономикалық,
коньюктуралық, болжамдық қызметтерін де пайдалана алады. Сонымен бірге
банк шаруа қожалықтарына нарықты бағалаумен бірге өнім өндіру, оны
өндіруді ұйымдастыру мен өткізу процестерінде басқа да қосымша қызметтер
көрсетеді.
Шаруа (фермер) қожалықтарына банктің ұзақ мерзімді несиесіне қарағанда
лизинг артықшылығы мына жағдайлардан көрінеді. Біріншіден, жалға алған
мүлікті пайдаланудан түскен пайда сомасынан есептелетін лизингтік төлем
және оған аренда ақысы болғандықтан салық салынбайды. Екіншіден, жалға
алушыға жалға алу ақысын төлеу мерзімін таңдауда жеңілдіктер қаралған.
Лизингтік операцияларды жалға алуға төлем төлеуде қатаң шектеулер
қойылмайды. Шаруа қожалығының қандай да бір қымбат машиналар, жабдықтар
мен механизмдерге қажеттілігі уақытша болуы мүмкін. Сатып алу
шығындарымен бірге уақытша қажеттілігін өтеген соң мүлікті сатуға
байланысты шығындар немесе мүлікті циклды пайдалануда оны қоймада сақтау,
күтуге байланысты қосымша шығындар да болады.
Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілер үшін
жабдықтар мен машиналар тасымалдауды Казагрофинанс ЖАҚ филиалы,
"Казогролизинг" ЖАҚ филиалы жүргізеді. Есептік мәліметтер бойынша олардың
жұмыс барысында 10 жаңа Нива СК-5 дән жинаушы комбайны, 12 МТЗ-82
тракторы, 42 Т-95 тракторы, 22 орақ және 4 Енисей комбайны жеткізілді.
Облыстық бюджеттен 24 комбайн сатып алу ушін 100 млн. теңге болінген.
"Батыс сервис" коммуналдық кәсіпорны базасында жинақталушы комплекс
құрылды.
Бұдан басқа "Оралагрореммаш" акционерлік қоғамында бөлген 30 млн.
теңге несиеге 30 дән жинаушы комбайндары сатып алынып, күрделі жөндеуден
өткізілді. Ақсай құрама жем дайындаушы зауыты өнімділігі жоғары 9 Т-56
шетелдік комбайн сатып алды. Олар Бөрлі, Теректі аудандарының
фермерлеріне берілді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің жағдайы оның техникалық қамтамасыз етілу
деңгейі арқылы анықталады. Ол машина-трактор паркінің жағдайына тікелей
байланысты.
Тозған, ескірген ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану жанар-жағар
майды көп жұмсауға, оларды жөндеу, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізуге мәжбүр етеді. Облыстық статистикалық басқарма мәліметтері
бойынша 1991 жылдан кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сатып
алған трактор, комбайн, ауыл шаруашылығы машиналары саны олардың бір
санының тек 10 пайызын ғана құраған. Пайдалану уақыты 7-10 жыл болған
жағдайда ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталу деңгейінің төмендігі
өндіріс техникасын қысқартудағы тежеуші фактор болып табылады. Мұның өзі
өндірілетін өнім мөлшерінің кеміп, сапасының төмендеуіне және қаржылық
қиыншылықтарға соқтырады. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар базасында
қызмет жасап отырған машина-технологиялық станциялар жөндеу-
диагностикалық жабдықтармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілмеген.
Сондықтан да бүгінгі күні облыста дереу кем дегенде 3 МТС құру қажет.
Оларды негізінен астық өндіруші аудандарға ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Облыста қажетті техника тапшылығынан ауыл шаруашылығы өнім өндірісіне
озық, жаңа технологиялар енгізілмеген. Сонымен бірге облыста ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерінде запас, қосалқы бөлшектердің
жетіспеушілігі оларға қызмет көрсететін сервис-орталықтар мен жабдықтаушы
ұйымдар құруды қажет етеді. Машина құралдарын дайындаушы кәсіпорындар 110-
нан астам қосалқы бөлшектер түрін жасағанымен, оларға берілетін
тапсырыстың аздығынан бүгінде олардың өндірістік-технологиялық қуаты
толық пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникалық
жабдықталуында тез шешім қабылдауды қажат ететін мынадай мәселелерді атап
көрсетуге болады:
- машина трактор паркінің 85 пайызы тозған және олар толық жаңартуды қажет
етеді;
- шағын және орта шаруашылықтар қажетті техниканың жетіспейтіндігінен өз
жерлерін өздері өңдей алмайды;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің төлем қабілетінің төмендігі мен
кепілдікке қояр өтімді мүлкінің болмауы, жаңа техника сатып алу үшін
иесие алуда қиыншылық туғызады;
- сервис-орталыктардың болмауы, техника және жабдықтармен жарақталу
деңгейінің төмендігі, МТС көрсететін төменгі деңгейде болуы:
- запас, қосалқы бөлшектермен жабдықтау олардың бағасының жоғары болуына
және де тасымалдау қиындығына байланысты қажетті деңгейде
ұйымдастырылмауы.
Орал қаласында машина жабдықтарын жасайтын 10 кәсіпорын бар. Олар
қосалқы бөлшектер, жабдықтар мен ауыл шаруашылығына арналған бұйымдар
шығарады. Бірақ бұл жабдықтарға деген тапсырыс көлемінің аздығы себепті
ол кәсіпорындардың қуаты толық пайдаланылмайды. Осыған орай шағын және
орта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында оларға
лизингке беру үшін техника сатып алуды мемлекеттік несиелеу
"Казагрофинанс" ЖАҚ арқылы жүргізіледі.
Орал қаласы зауыттарында ауыл шаруашылығы машиналарын, жабдықтар мен
запас бөлшектерді республикалық бюджет есебінен ұзақ мерзімде жеңіл
несиелеу 2003, 2004, 2005 жылдары 120 млн. теңгеден жыл сайын жүргізіледі
деп жоспарлануда. Ал, облыстық бюджеттен Орал қаласындағы зауыттарда ауыл
шаруашылығы машиналары, жабдықтары мен запас бөлшектері өндірісін
несиелеу 2003, 2004, 2005 жылдарға тиісінше 150 млн. теңгеден жүргізіледі
деп жоспарланып отыр. Бұл шаралар Орал қаласындағы машина құралдарын
жасаушы зауыттардың өндірістік қуатын толық пайдаланып, облыстағы ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілерді неғұрлым арзан техникасымен қамтамасыз
етуге, сонымен бірге қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы облыс
экономикасын көтеруге қызмет ететін болады.

2.2 Банктегі лизингтік қатынастарды ұйымдастыру

Қоғамдағы және кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің деңгейіне және
елдегі лизингтік қатынастардың даму сатысына байланысты жалпы экономика
салаларындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы лизингтік
қатынастардың ұйымдастыру формаларын анықтау мүмкіндігі туады. Осы
формалардың бірі лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы
ұйымдастыру болып табылады. Бұндай жағдайда лизингтік қатынастар тікелей
банктер немесе банктердің еншілес лизингтік компаниялары арқылы
ұйымдастырылады.
Жалпы банктік тәжірибеде коммерциялық банктер мен лизингтік
компаниялар арасындағы несиелік қатынастар әртүрлі формаларда құрылуы
мүмкін:
1. Банктер лизингтік компанияларға олардың жүргізетін әрбір операциялары
бойынша клиенттің төлем және несиелік қабілетілігіне толық талдау
жасалғаннан кейін кепілдендірілген несиелер береді және бұндай несиенің
мерзімі әдетте лизингтік келісім-шарттың мерзімімен толық сәйкес келеді.
2. Банктер лизингтік компанияларға кез-келген қарыз алушыларға берілетін
сияқты кепілдендірілмеген қарапайым банктік несиелер береді.
Осыған байланысты тәжірибеде банктік капиталдың лизингтік бизнеске
қатысуының екі әдісі кездеседі:
1. тікелей әдіс;
2. жанама әдіс.
Көптеген лизингтік компаниялар өз қызметтерін іске асырудың алғашқы
кездерінде ақша қаражаттарын жинақтаудың сыртқы көздеріне, соның ішінде
әсіресе банктік несиеге көп мелшерде тәуелді болады. Бұндай жағдай
бүгінгі таңда шетелдік тәжірибеде толық түрде дәлелденген. Мысалы,
шетелдердегі лизингтік компаниялардың жалпы ресурстарының ішіндегі
банктік несиенің үлесі 75%- ке дейін жетеді.
Лизингтік компаниялардың өз қызметтерін жүзеге асыру барысында сырттан
тартылған қаражаттарды, яғни, банктік несиені көп мөлшерде пайдалануы
ақша формасында лизингтік компанияға берілетін банктік несие мен тауар
формасында лизинг алушыға берілетін несиенің ерекше бір формасы болып
табылатын лизингтің арасындағы өзара тығыз байланысты куәландырады. Яғни,
несиенің бір формадан басқа бір формаға ауысуы көрінеді.
Сонымен бірге лизингтік фирманың банктік несиені көп мөлшерде
пайдалануы сол фирманы қаржыландырудың осы түріне неғұрлым көп тәуелді
етеді. Сондықтан банктер мен лизингтік фирмалардың қызметтері бір-біріне
байланысты болады. Міне, осындай жағдайларда лизингтік фирманың
қызметінің тиімділігі банктен несие алу мүмкіндігіне, қарыздық өсімақының
өзгеру деңгейіне және банктік саясаттың анықтаған тағы басқа жалпы
белгілеріне тәуелді болады.
Бүгінгі танда еліміздегі отандық лизингтік компаниялардың сырттан
қаражаттар тарту мүмкіндігі жылдан-жылға ұлғайып келеді деуге болады. Оны
коммерциялық банктерден экономика салаларына бөлініп отырылған несиелер
көлемінен көруге болады.

Коммерциялық банктердің берілген несиелер

12.97 12,98 12.99 12.00 12,01 12.02 09.03 Барлығы 71702 93442
148830 276218 489817 672407 879395 Қ ы с қ а мерзімді 51208
і 57927
і 75427 143195 241135 289014 330223 Ұзақ және орта мерзімді 20494
і 35515
і 73405 133023 248682 383398 549172
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, 12.1997 жылғы мәліметтер бойынша
еліміздің коммерциялық банктерінен бөлінген барлық несиелердің 28,5% ғана
орта және ұзақ мерзімді сипатта болса, бұл көрсеткіш жылдан-жылға
жоғарлап, сәйкесінше 1998 ж – 38%, 1999 ж – 49,3%, 2000 ж – 48.1%,
2001 ж – 50,7%, 2002 ж – 57%, 2003 жылдың қыркүйек айында 62,4% құраған.
Бұдан, қазіргі уақытта экономика салаларына банктік сектордан бөлініп
отырған орта және ұзақ мерзімді несиелердің қысқа мерзімді несиелермен
салыстырғанда үлес салмағының жоғарылауы еліміздің экономикалық өсуіне
әсер етеді деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, лизингтік
операциялардың ұзақ мерзімді сипатта болатындығын ескерсек, онда бүгінгі
танда лизингтік компаниялардың коммерциялық қызметінде және отандық
лизингтік нарықтың стратегиясы мен тактикасын қалыптастыруда банктік
несиелердің маңыздылығы артуда. Бұндай жағдай лизингтік компанияның банк
алдындағы төлемдік міндеттемелерін өз уақытында орындауын және өтімділік
деңгейін қамтамасыз етуін талап етеді.
Лизинггік компаниялардың несиелік қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып коммерциялық банктер лизингтік операциялардың көлеміне,
бағытталуына және оның нақты түрлерінің дамуына әсер етуге мүмкіндіктер
алады.
Американдық экономист Х.Хеймел лизинг туралы өз еңбектерінде:
лизингтік компания лизингтік несиелеуге тікелей қатысуды қаламайды, ол
тек банктің қолы ретінде қызмет етуді қалайды"-дейді. Сондықтан лизингтік
компанияның өзін қаржыландыратын банктік мекемелерге тәуелділігінің
нәтижесінде банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының жанама әдісі
пайда болады.
Коммерциялық банктер лизингтік фирмалармен несиелік қатынастарды
ұйымдастыру кезінде несиелеудің банкте қабылданған жалпы тәртіптерін
пайдалану арқылы жүзеге асырады. Сондықтанда бұндай несиелік
операцияларды клиенттерге несие беру бойынша қарапайым активті
операциялар ретінде де қарастыруы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда
лизингтік компаниялар үшін несиені беру және оны өтеудің ерекше
механизмін жасауды да қарастырады. Яғни, лизингтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметін жүзеге асыру
Банктің қаржылық операциялары
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпорынның қаржы ортасы
Банк салымы шарты
«Банк ісі» лекциялық курсы
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Көлік құралдарының экологиялылығы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Пәндер