Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3-4 бет
І. Мемлекеттік бірліктің біртұтастығы
1.1. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі ... ... ..5-10 бет
1.2.Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері және
Қазақстанның конституциялық дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11-15 бет
1.3.Қазақстан Республикасы Конституциялық құрылысының
негіздері

... ... ... ... ..16-20 бет
ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы
2.1. Конституцияның мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21 - 24 бет
2.2. Конституцияның қолданылу мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ...25 – 30 бет
2.3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының
арақатынасы туралы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31 – 37
бет
2.4. Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу
кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
8 – 43 бет
Қорытынды

... ... .44 - 49 бет
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50 - 51 бет
Кіріспе
Қазан төңкерісінен күні бүгінге дейін тарихымызда бес Конституция
қабылданған екен. Үшеуі – қазақ Кеңес Социалистік Республикасының 1924
жылғы Конституциясы, 1937-1978 жылдары қабылданған Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының Конституциялары.
Бір сөзбен айтқанда, тәуелсіздік жағдайында өміріміздің он екі
жылы ішінде біз екі Конституция қабылдадық. Соңғы Конституция бүкіл халық
қабылданған заң болғандықтан, оның қағидаларын міндетті түрде ақиқат өмір
талаптарына сәйкес орындау мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың
сондай-ақ республикасының барша азаматтарының бұлжымас борышы болып
табылады.
Сондықтан да біздің Заң алдында есеп беруіміз, бақылауында
болуымыз керек. Мемлекет алдында, Заңға бағынуымыз шарт.
1990-1991 жылдардың саяси оқиғаларға толы болғаны белгілі.
Олардың қатарында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы
декларацияның жариялануын, КСРО – ның ыдырауын, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңының қабылдануын жатқызуға болады. Қазір біз тәуелсіздік
атты бүкілхалықтық игі мұратқа қол жеткізген сол жылдарды еске түсірудеміз.
Содан бергі дөңгелетіп айтатын он екі жыл уақыт өтіпті. Бұл тарих дамуы
тұрғысынан қарағанда қас қағым сәт қана болса да, өткенімізді саралап,
алдағымызды болжау үшін белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін
мерзім.
Саяси оқиғаның екінші сатысы – 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңының қабылдануы.
Ол егемендіктің халықаралық деңгейі заңдандырылуын, мемлекеттік
дүниежүзілік интеграцияға төте араласуын, халықаралық ұйымдарға тікелей
мүше болып, халықаралық субъект ретінде әрекет ете алуын дәйектейді.
Егемендіктің жариялануы мен тәуелсіздік туралы Заңның қабылдану күндері
Қазақстанның өз ішіндегі жағдайларға сәйкестендіріліп белгіленеді. Демек,
егемендік пен тәуелсіздік тиісінше 1990 жылдың 25 қазаны мен 1991 жылдың 16
желтоқсаны күндерінің ғана оқиғалары емес. Аталаған даталар шартты,
қабылдануы да әбден мүмкін еді. Осыған қатысты бір ескерте кететін жай –
аталған даталардың шарттылығы егемендіктің де, тәуелсіздіктің де, олар
аталатын күндердің де мәртебесіне нұқсан келтіре алмайды. Бұл жерде мәселе
тек оқиға тұтастығын, демек, Егемендік пен Тәуелсіздіктің, сонау 1985
жылдың көктемімен 1991 жылдың аяғына дейін созылған қоғамдық даму үрдісінің
нәтижесі екендігін тұшынып, сезінуде деп білу керек.
Тәуелсіздік – Қазақстаннның еркіндік пен теңдік аңсаған әр
азаматтың тарихи арманы. Тәуелсіздік – біздің әрқайсымыздың өмірлік
мұратымыз, рухани қуатымыз, ойымызбен жан дүниеміздің аңсары. Тәуелсіздік –
баға жетпес рухани құндылық. Біздің бәріміздің тағдырымыз Отанымыздың
тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан Тәуелсіздік әр ақынды шабытқа
жетелейді, әр сазгерді сиқырлы әуеннің тұңғиығына шомылдырады, әр ғалымды
зерттеулердің теріне батырады, әр мұғалімнің сезімін желпінтеді, әр
шәкірттің көзіне ұшқын ұялатады.
Осы зерттеген еңбегіміз арқылы 1995 жылғы 30 тамызда егемен
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жағдайында өзінің екінші Конституциясын
бүкілхалықтық референдум жолымен қабылдағанын, Конституцияның жаппай қолдау
тапқанына көзімізді жеткіздік.
Енді біздің алдымызда бір ғана міндет тұр. Ол – аш болайық, тоқ
болайық, әйтеуір Азаматтық пен Тәуелсіздіктің қолға қалай түскенін ұмытпау.
Соны еске ұстап, қайтадан қанау мен кемсітудің бұғауына түспеуге тырысу.
Азаматтық пен Тәуелсіздік оған татиды. Олар біздің одан әрі гүлденуіміздің
ең берік іргетасы.
Егемен Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
қалыптастыру жолында құқықтық жүйелер бірте – бірте реформалану үстінде.
Бұл өзгерістердің бәрі экономикалық және саяси әлеуметтік мәселелерді шешу
жолдарымен қатарлас жүргізіліп жатыр.
1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ – ның мүшесі болып кірген
соң еліміздегі құқықтық реформа халықаралық құқық жүйелеріне
сәйкестендіріліп, өркениетті мемлекеттердің құқықтық жүйелеріне қайшылық
келмейтіндей етіп қарастырылуда. Әлемдік заң жүйесінің Қазақстан
мемлекетінің Конституциялық құрылымына теориялық және тәжірибелік тұрғыдан
бері көп.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы
халықаралық құқық нормаларына кереғар, алшақ емес. Онда Республикамыздағы
адам мен азаматтардың мәртебесі өркениетті елдердің қатарында екенін,
еліміздің құқықтық – демократиялық өзгерістердің түбегейлі түрлерде жүріп
жатқаны көрініс тапқан.1.
Бұрын – соңды республикамызда шетел конституциялары құрылымын
зерттеушілеріміз Москвалық басылымдар арқылы ғана танысып, бұл мәселенің
қазақ тілінде арнайы сөз болмағаны бәрімізге аян. Біз осы дипломдық
жұмысымызда шетелдік мемлекеттердің конституциялық құқықтарында қазақ
тілінде жан – жақты зерттеп, олардың құрылымы мен басты негіздеріне, әрекет
ету тетіктеріне тоқталамыз. Бұрын әсіресе шығыс елдерінің мемлекеттік
құқықтарына тек ислам дінінің алғы шарттарындай тіксініп қарап, олардың
конституцияларындағы зиялылық пен демократиялық тұжырымдарға зер салмай
келсек, ал енді бұл дипломдық жұмыста сол мұсылмандық құқық пен оның басты
қайнар көзі болып табылатын конституциялық жүйелер арнайы қарастырылған
2.
І. Мемлекеттік бірліктің біртұтастығы.
1.1. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.
Конституциялық құқық Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің
басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық Қазақстан қоғамы мен
мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті
жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші
құқық нормаларының, жиынтығынан құралады, оларды Қазақстан Республикасы
Конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтық құқық мәртебесі,
мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан 3.
Қазақстан Республикасының құқығы деп Қазақстан Республикасы
аумағында әрекет ететін, қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік
билікті ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер ұғынылады.
Конституциялық құқық бастауы, ең алдымен, Конституция,
конституциялық заңдар, заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер,
құқықтық әдет – ғұрыптар, нормативтік келісім – шарттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негізгі бастауы
болып табылады. Бұл Конституцияның сыртқы заң күші барлығы және
республиканың барлық аумағында тікелей әрекет ететіндігімен негізделеді.
Барлық басқа бастаулар конституция нормаларынан шығады және оған қайшы
келмеуге тиіс 4.
Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі тек Конституцияның
құқықтық нормалары ғана емес, сондай – ақ оның басқа да элементтері:
принциптері, жалаң қағидалары, міндеттері мен мақсаттары да қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы жарияланған мемлекет
қызметінің принциптері қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл
халықты қажетіне орай экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет
өмірінің мейлінше маңызды мәселелеріне демократиялық әдістермен шешу
қазақстандық қайнар көзі қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық
заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша
айтқанда Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық
қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру
мен дамытудың негізі болып табылады 5.
Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық
қатынастарды егжей – тегжейлі және жан – жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық
қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы
конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық
нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
Конституциялық құқық басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан
Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның
барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар
және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы
келмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының идеялары, принциптері,
құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді
жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субъектілерін
(бірлестіктерді, қозғалымдарды, өзін - өзі басқару органдарын және
басқаларын) камтиды 6.
Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқытық
қайнар көзі ретінде тағы бір өзіндік қыры – онда оның басқа қайнарларының
нысандары конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары
мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, сондай – ақ
заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстанның Конституциялық құқының қайнар көзіне азаматтық туралы және
басқа жәй заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің регламенті, палаталары құрған
үйлестіруші және көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық
салаларының қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа: 1) конституциялық заң күші
бар жарлықтарға; 2) жәй заң күші бар жарлықтарға; 3) заңға сәйкес
нормативтік жарлықтарға бөлінеді. Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің
заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау
жолымен жүзеге асырады 7.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқытық актілері
конституциялық құқықтың, конституциялық – құқытық нормалардан тұратын сала
ретінде қайнар көзі болып табылады.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай –
ақ конституциялық – құқтық нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар
жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативтік – құқықтық актілер
де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті
сипатта болады.
Өкілетті беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік
құқықты жағымды мазмұнды белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге
(мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір
жағымды әрекет жасауға құқық береді.
Конституциялық заңдарға тыйым салатын нормалар да бар. Олар
адамдардың белгілі бір қасиетті әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін
белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға,
заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады 8.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер
жасау жауапкершілігін белгілейді.
Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл
орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар
ұғынылады. Құықытық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
Қақастан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты
бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары
(бастаулары) аталады. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сай келетінзаңдардың, өзге де нормативтік құқықтық
актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың
міндеттемелерінің, сондай – ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және
Жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (Қазақстан
Республикасы Конституциясының 4 – бабының 1 – тармағы).
Көрсетілген Конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай
сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің
нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас
алғанда, Конституция болып табылады. Мұндай жәйтті бөліп айтуымның себебі,
ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның

Тарихи фактіні бұлайша сипаттаудың мемлекеттің тек көп ұлттық қана емес
халықтық сипатын ұғыныуда да айрықша мәні бар. Ал бұл идея мемлекеттің
барлық көп ұлтты мемлекеттің атынан қызмет етуді, ұлттық белгілері бойынша
кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идеялардың
бәрі тиісті заңдардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды
әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялық идеяның бастаулық мәні
қызметін атқарады. Бұл қағида Республика азаматтарын әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қаунар көзі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінің
принциптері: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың
қажетіне орай экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің
мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу қазақстандық
құқықтың қайнар көзі қызметін атқарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алынбастан
бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып,
тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық
құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Қазақстан
Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтық қайнар
көзі ретінде сипатталады?
1. Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың
негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша
айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық – құқықтық
қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді
қалыптастыру мен дамытуыдң негізі болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет
пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары
аталған салаларды қоғамдық қатынастарды егжей – тегжейлі және жан –
жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты
бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының
құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан
осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда Қазақстан

барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған
заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және
оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда
олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан
Республикасының Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық
күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың
ғана емес, сондай – ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі
мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқытық
демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тек
құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс
тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай – ақ тек мемлекеттің
ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен
ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің
жекелеген тараптарын камтиды. Ал, Қазақстан Республикасы
Конституциясының идеялары, принциптері, құқықтық нормалары бүкіл
қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды,
азаматты, қоғамдық қыземттің барлық субъектілерін (бірлестіктерді,
қозғалыстарды, өзін - өзі басқару органдарын және басқаларын) қамтиды.
6. Сондай – ақ, Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан
өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен
де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның
негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар
көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры – онда оның басқа қайнарларының
нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президенттің нормативтік
жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары,
сондай – ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою
тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік
(республикалық) мәні бар құқытық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің
қатарына конституциялық заңдар жатады. Конституциялық заңдар атауы
Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның
конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі – олар Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқытық
нормаларын анықтайды. Қазақстан Республикасның конституциялық заңдарын
қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық құқытың қайнар көзі болып табылады.
Жай заңдарды Қазақстан Республикасының Праламенті қабылдайды. Қазақстан
Республикасының Конституциясында қаралған жағдайда жай заңдарды Президент
те қабылдай алады. Қазақстанның конституциялық құқының қайнар көзіне
азаматтық туралы, көші – қон туралы және басқа жай заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының
Регламенті, Парламентінің Регламенті, Парламент Палаталары құрған

Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа:1) конституциялық заң күші бар
жардықтарға, 2) жай заң күші бар жарлықтарға, 3) заңға сәйкес нормативтік
жарлықтарға бөлінеді. Әрине, тәртіп бойынша, Президент өзінің заң
шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен
жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке
берген жағдайда ол заңдық күші бар жарлықтар қабылдауға құқылы. Заңдық күші
бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған
заңдардың заңдық күшімен тең.
Респпубликада заң шығаратын орган жұсы сітемеген кезеңде
Президент конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын конституциялық және
жай заңдық күші бар бірқатар жарлықтар қаюылдады. Олар әлі де күшінде және
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көздері болып
табылады. Олардың қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы,
референдум туралы, Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық кеңес
туралы және басқа жарлықтары жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық
құқытық қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар – конституциялық –
құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері
конституциялық құқықтың, конституциялық – құқықтық нормалардан тұратын сала
ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
Қазақ КСР – ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның
конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған
декларация Кеңестер Одағы кезінде қабылданғанмен, ол кейін егемендіктің
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда, 1993 жылғы
және 1995 жылғы Конституцияларда және басқа конституциялық актілерде
бекітілген принциптерін жариялады.
Қазақстан Республикасы таныған халықаралық – құқықтық актілердің
нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқы,
қоғамдық құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқытық
нормалардан тұруы мүмкін.

ақ конституциялық – құқықтық нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар
жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативтік – құқытық актілері

1.2. Қазақстан Республикасы конституцисының принциптері және
Қазақстанның Конституциялық дамуы.
Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай
принципті нығайтудың қажеттігі мынада, әр түрлі объективтік және
субъективтік факторларға байланысты қоғам әр түрлі қабаттарға, топтарға
ұлттарға, тектерге, конфессияларға және басқаларына жатады.
Билік бөлу принциптерінің болатын себебі, ол мемлекеттік
ұйымдастырылуын, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл принципті
тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін
ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда
халықтың оның мәнін сипаттайтын екені білдірілген. Социализм кезінде де
Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептеледі. Осыған орай халық
еңбекшілерден – жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбекші интелегенциясынан
тұратындығы атап көрсетіледі. Халықты бұлайша сипаттау кез – келген
әлеуметтік құбылысқа, марксшіл – лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа
негізделеді 9.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден – бір субъект деп
танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі
мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар қөзі және егемендікті қолдаушы
болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі нақ Конституция
арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым
нысандарын, әлеуметтік – экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен
азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент
қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзерту енгізе алады. Сонымен бірге
Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық,
біртұтастық принциптері нығайтылған. Ол – мемлекеттік құрылымның біртұтас
нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық 10.
Бір жағынан, мемлекеттің,екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы
ретінде колданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл
халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы
ретінде мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық
атрибуттарымен құрады.
Бірінші кезекте тұжырымдама әзірленеді және Конституция
нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек қайсыбір
тұжырымдамамен шектелмейді, әсте, Конституцияның өзі көптеген бөліктерден
тұратын актілерді білдіреді. Конституцияның жобасы Конституцияның
тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам
құқы тұжырымдамасы, меншік құқы тұжырымдамасы және басқалары осындай
тұжырымдамалар болып табылады 11.
Қазақстанда мемлекеттік сипаты тұжырымдамасын әзірлеген кезде,
Қазақстанда мемлекет қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін
білдіреді және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады деп
атап көрсетілгенмен басты назар бір ұлттылыққа аударылады.
Конституция тікелей қолданылады. Конституциялық құқық
саласындағы белгілі маман Ю. А. Тихомиров Конституцияның тікелей
қолданылуы оның тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық
шығармашылық ықпалын, кемшіліктен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен
көңіл – күйге игі әсер ету, институттық қайта құрылуларды білдіреді деп
жазған.
Конституция сөзі негізінде латын тілінен шыққан constituto
латын тілінен аударғанда мекеме, бекітілім дегенді білдіреді.
Мемлекеттің негізгі заңы ретінде конституция буржуазиялық мемлекеттердің
өмірге келген соң пайда болды. Конституцияны түрлі негіздермен жіктеуге
болады. Олар өзгерістер және түзетулер енгізу тәсілі бойынша қатаң және
өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай
дауыс беру арқылы не арнаулы конституциялық іс – шаралар жолымен немесе
Парламентпен қабылданады. Өзгермелі конституциялар қатардағы заңдарды
қабылдау тәртібімен қабылданады және өзгеріледі 12.
Формасы бойынша конституциялар жазылған немесе жазылмаған болуы
мүмкін. Жазылғандар біріңғай нормативтік құқықтық акт түрінде болады.
Жазылмағандар – конституциялық сипаттағы бірқатар жүйеленбеген актілер,
соттық прецеденттер, құқықтық әдет – ғұрыптар, т.б.
Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне,
тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен
енгізудің тәртібіне ие 13.
Конституция – құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасының Коституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолымен
қабылданады, демек конституция нормаларында халықтың ерік – жігері жүзеге
асырылады және Конституция қоғамда пайда болатын күрделі қатынастарды
реттейді, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және
рухани.
Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі нормативтік
құқықтық актілер жүйесін бастай отырып, ең жоғарғы заң күшіне ие.
Конституция нормаларының үстемдігі не бір немесе нормативтік акт
Конституция нормаларына қайшы келмеуге тиістігімен сипатталады. Конституция
нормаларына қайшы келетін заңды немесе басқа нормативтік актілер
заңдылықтарымен белгіленген тәртіппен алынып тасталады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылуы оның нормалары
қоғамдық қатынастарда реттеген кезде міндетті түрде әрекет етеді дегенді
білдіреді. Конституция қолданыстағы нормативтік акт болып табылады, оның
нормалары Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылуы мемлекеттік органдар мен
лауазымды тұлғалар өз қызметінде конституцияны басшылыққа алуы керек
дегенді білдіреді. Азаматтар және оның бірлестіктері өз құқықтарын қорғаған
кезде тек конституциялық нормаларға сілтеме жасауға құқылы.
Конституция негізгі заң ретінде тұрақтылығымен сипатталады, оны
қабылдау мен өзгертудің ерекше тәртібімен қамтамасыз етіледі. Қазақстан
Республикасы Конституцияның 91 – бабының 2 –тармағында (Конституцияда
белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын,
Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды) конституцияда белгіленген
мемлекеттің біртұтастығы және аумақтың тұтастығы, Республиканы басқару
нысанын өзгертуге болмайтындығы атап көрсетілген. Мұндай өзгерістер тек
жаңа Конституция қабылдау жолымен мүмкін болады. Конституцияға түзетулер
Республика Президентінің шешімі бойынша өткізілетін республикалық
референдуммен енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтыруларды, егер
Президент оларды қарауды жоғарғы өкілетті органға беруге ұйғарса, Парламент
қабылдайды. Конституцияға енгізілуге тиіс түзетулер жобасы Парламентің екі
Палатасының бірлескен мәжілісінде қаралады. Өзгерістер мен толықтырулар,
егер оған Парламент депутаттары жалпы санының төрттен үш бөлігі жақтан
дауыс берсе қабылданады 14.
Қазақстан конституциялық дамуын қай уақыттан бастап есептеу
керектігі жөніндегі мәселе оқымысты – заңгерлердің, тарихшылардың және
басқалардың бірталайдан бергі пікірталастарды 1916 – 1919 жылдары алаш
қозғалысының өкілдері жасаған байқалады. Е.К. Нұрпейісов, А.К. Котов сияқты
қазақстандық заңгерлердің пікірінше Алаш орда үкіметінің қызметі
мемлекеттік құрылым ретінде ерекше маңызға ие, ол егемендікке ұмтылған
Қазақстанның конституциялық эволюциясының алғашқы нышандары болады.
Қазақстанның конституциялық дамуының келесі кезеңі билік басына
кеңестер келген соң басталған кеңістік конституциоанализм кезеңімен
сипатталады. Бұл кезеңде үш конституция қабылданады 1926 жылғы 18 ақпандағы
Қазақ автономиялық Советтік социолистік республикасының Конституциясы, 1937
жылғы Қазақ ССР – і Конституциясы және 1978 жылға Қазақ ССР – і
Конституциясы. Жоғарыда аталған конституциялардың ерекшеліктері деп олардың
сөз жүзіндегі ғана демократиялығын және сонымен бірге нақтылы жағдайдан
мүлде алшақ кетуін атап кету қажет. Жалпы алғанда 20 – 30 жылдардағы
конституциялар Қазақстанда орын алған тоталитарлық – деспоттық жүйені
көрсетпейді. Кеңестік кезеңнің кейінгі жылдарындағы конституциялық
заңдылықтарына келетін болсақ, оның негізіне мемлекеттің тұлғадан жоғары
тұру қағидасы салынғанын атап өту керек, сонымен бірге заңда бекітілген
нормалар мен оларды жүзеге асырудың бір – бірінен алшақ кетуі жөнінде де
айтуға болады 15.
Конситуциялық дамудың қазіргі заманғы кезеңі 1990 жылғы 25
қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялаудан
басталады. Бұл кезеңде Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
конституциялық заң қабылданады. Конституциялық эволюцияның шынар шыңы 1993
жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасын қабылдау болды. Ол Қазақстан
қоғамын демократизациялауда маңызды қадам болды, жаңа тәуелсіз мемлекетті
өркениетті конституциялық мемлекеттердің қатарына көтерді.
1993 жылғы Конституция мемлекеттік басқару нысанын анықтамады,
соған қарамастан конституция сарындарынан парламенттік республикаға бір
табан жақын тұрғандығы байқалатын. Биліктерді бөлу қағидаты тұңғыш рет
конституциялық дәрежеге көтерілді, мемлекеттік билікті ұйымдастыруда тежеме
мен тепе – теңдіктер жүйесі бекітілді, ол төмендегідей элемнеттерден
көрініс тапты, президенттік вето және оны қалыпқа келтіру механизмі,
Президенттің және Вице – Президенттің орнынан кетуі, Министрлер Кабинетінің
орынан кетуі т.б.
Бүгінгі қолданыстағы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған
Конституция Қазақстанда президенттік басқару нысанын бекітті, сөйтіп
Қазақстан Республикасы конституциялық эволюциясының жаңа кезеңіне жол
салды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру
жолымен Республикалық референдумда қалыптасты. Қазақстан Республикасы
мемлекеттігінің одан әрі қалыптасуына байланысты 1998 жылдың 7 қазанында
Қазақстан Республикасының Парламенті қабылданған Конституциялық заңмен
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан
Республикасының преамбуладан және тоғыз бөлімнен тұрады. Преамбула
Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді, оны қабылдаған еркеше
субъект - -Қазақстан халқына назар ауадары. Жалпы ережелер аталатын
бірнеше бөлімде Қазақстанның мемлекеттік құрылысының негіздері анықталған,
Қазақстан Республикасының қызметіне негіз болатын қағидалар бекітілген
16.
Коснтитуция Қазақстандағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет деп орнықтырылады (1 - бап). Қазақстан республикасы
перзиденттік басқару нысандағы біртұтас мемлекет болып құрылады.
Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық. Конституция мемлекеттік
билікті үш: заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлуі қағидасын
алдыға тартады. Сонымен бірге Конституция Президентінің әлеуметті билігін
белгілейді. Адам және азамат аталатын екінші бөлімде тұлғаның құқықтық
мәртебесі, Қазақстан Республикасы азаматтығы негіздері анықталған. Үшінші
бөлімде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық мәртебесі
бекітілген, ол Президент деп аталады. ІҮ, Ү және ҮІІ бөлімдер Қазақстан
Республикасы Парламентінің, Үкіметінің және соттарының конституциялық –
құқықтық мәртебесін анықтауға анықталған. Алтыншы бөлімде Конституциялық
Кеңестің мәртебесі айрықша бекітіледі. Сегізінші бөлім Қазақстан
Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару
негіздеріне арналған. Соңғы тоғызыншы бөлім қорытынды және өтпелі
ережелерді анықтайды 17.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 – бабы Қазақстан
қоғамының ең қымбат қазынасы – адам өмірі, оның құқықтар мен бостандықтары
деп анық бекітті. Бұл конституциялық тұжырым адамның құқықтары мен
бостандықтарының мемлекет мүдделерінен жоғары тұратыны жөніндегі идеяны
білдіреді. Тұлғаға деген құрмет, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
мемлекет міндеттеріне енеді.
Қазақстан Республикасының Коституциясы жеке адамның барынша
маңызды құқықтары мен бостандықтарын бекітті. Қазақстан Конституциясында
бірінші рет, 12 – баптың 2 – тармағында адам құқықтары мен бостандықтары
әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп
атап көрсетіледі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам және
азаматқа бекітіледі, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін құрайды.
Жеке адам мен мемлекеттің, сонымен бірге адамдардың өздерінің
арасында пайда болған қатынастардың сипатына қарай конституциялық
құқықтарды бөлудің жалпыға бірдей үлгісі қалыптасқан. Осыған байланысты
оларды жеке, әлеуметтік – экономикалық және саяси деп бөлуге болады.
Адам және азаматтың құқықтық мәртебесі Конституция белгілеген
негізгі міндеттерсіз мүмкін емес. Бірқатар міндеттер Қазақстан аумағында
жүрген барлық адамдар үшін анықталған болса (Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын сақтау, басқа тұлғалардың құқықтары,
бостандықтары, ар – ожданы және қадір қасиетін құрмет тұту, Қазақстан
Республикасында мемлекеттік рәміздерін құрмет тұту және салықтарды төлеуі),
қалғандары тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана қатысты (Отанды
қорғау және әскери борышты өтеу, тарихи және мәдени мұраларды сақтау,
тарихи және мәдениет есерткіштерін қорғау және табиғатты қорғау).
1.3. Қазақстан республикасы Конституиялық құрылысының негіздері.
Конституциялық құрылыс деп – мемлекеттің құқыққа бағынуын
қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сиапттайтын
мемлекетті ұйымдастыру әдісі ұғынылады. Конституцияға Қазақстан
Республикасы Конституциялық құрылысына негіз қалған қағидаттар бекітілген
билік, мемлекеттік өмірдің барынша маңызды мәселелерін демократиялық жолмен
шешу, біртұтастық, мемлекеттік егемнедік, биліктерді бөлу қағидаты,
құқықтық үстемдігі \18\.
Конституцияның 1 – бабында Қазақстан Республикасы демократиялық
мемлкет деп белгіленген. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының
мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы ретінде халықтың айқындылығын
білдіреді. Халықтық билік республикалық референдум және еркін сайлау
жолымен, сондай – ақ билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беру
жолымен жүргізіледі (2, 3 - баптар). Демократия тек мемлекеттік билік
органдарын халықтың құқығының ғана емес, сонымен бірге жергілікті өзін -
өзі басқару органдары жұмысына қатысуынанда көрінеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында егемендік конституциялық
құрылыстың бір негізі ретінде атап өтіледі. Егемендік – мемлекеттің өзіндік
басты ерекшеліктерінің бірі. Қазақстан республикасының егемендігін
қамтамасыз етуде айрықша рөлге 1990 жылдың 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР – інің мемлекеттік егемендігі туралы
декларациясы ие. Декларацияда Қазақстан егемендігінің саяси, экономикалық
және құқықтық кепілдіктері бекітілген. Егемендіктің экономикалық негізін
жер мен оның байлықтары, сулары, ормандар, өсімдіктер дүниесі, жануарлар
әлемі, табиғат және шикізат ресурстары, шаруашылық ресурстары, ғылыми –
техникалық және мәдени мүмкіндіктер құрайды. Егемендікті қорғау түрлі
әдістермен жүзеге асырылады: әскери - Әскери күштер Республикасының
аумақтық тұтастығын және оның мемлекеттік мүдделерін қорғауға бағытталған;
дипломатиялық – Президенттік пен Үкімет халықаралық салада тәуелсіз және
дербес саясат жүргізу тиіс \19\.
Демократиялық мемлекет биліктерді бөлу қағидаттарына негізделген.
Конституцияның 3 және 4 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және
тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Біртұтас мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы өзіндік
мемлекеттілігі жоқ әкімшілік – аумақтық бірліктерден тұратын біртұтас,
саяси біртекті құрылым болып сипатталады. Қазақстан біртұтас мемлекет
ретінде біріңғаі азаматтығының, біріңғай мемлекеттік аппарат құрылымының
болуымен, әкімшілік – аумақтық құрылыстың иреархиялық жүйесімен,
заңдылықтың біріңғай сот жүйесімен сипатталады.
Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы
мемлекет. Бұл Қазақстан бүкіл халық сайлаған президент басшысы болып
табылады және сонымен бірге Үкімет президенттің алдында жауап береді
Президент Қазақстан Республикасының Үкіметін құрайды және тек Премьер –
министрдің кондидатурасын ғана Парламенттің келісімімен Президент
тағайындайды. Конституция қоғамдық өмірді ұйымдастырудың негізгі
қағидаттарын айқындайды. Оған мынадай қағидаттар жатқызуға болады: қоғамдық
келісім және саяси институттар әукілеттерінің бөліну қағидаттары.
Саяси жүйені билік үшін күресті жүзеге асыратын көпшілік
ұйымдар, институттар және мекемлер құрайды. Саяси жүйенің элементтеріне
қоғамдық бірлестіктер және мемлекет органдары жатады. Қазақстан
Республикасындағы барлық қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей (5, 2 –
бап). Конституция мақсаты немесе іс - әрекеті Републиканың Конституциялық
құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне
нұқсан келтіруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың
қызметіне тыйым салады (5, 3 - бап) \20\.
Идеологиялық әр алуандықтың конституциялықтың танылуы Қазақстан
Республикасында ешқандай да идеология мемлекеттік ретінде бекітіле алмайды
дегенді білдіреді. Саяси әр алуандық деп қоғам өмірінде түрлі әлеуметтік –
саяси құрылымдардың болуы ұғынылады. Ал саяси әр алуандылықтың негізінде
экономикалық қызмет нысандарының әр алуандылығы жатыр.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
танылады және бірдей қорғалады (6, 1 – бап).
Түрлі бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасындағы саяси
процестерге ықпал етеді. Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық
бірлестіктерге саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды жатқызу керек.
Партиялар саяси жүйеде, жалпы алғанда қоғамда үлен маңызға ие. Бұл олардың
Қазақстан Республикасының Президенттігіне және Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутатына кандидаттар ұсыну құқығының барлығымен тығыз
байланысты. Республикада көп партиялы жүйенің қалыптасу процесі жүріп
жатыр, олар саяси қарама – қайшы көзқарастардың жариялылығымен қаматамасыз
етеді және саяси өмірге тұрғындардың кең қабаттарын тартуға әсерін
тигізеді.
Қазақстан республикасындағы конституциялық құрылыстың негізін
қалаушы қағидаттардың бірі қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық болып
табылады. Саяси жүйенің кез – келген институтының қызметі қоғамда саяси
тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Қазақстан Республикасы көп
ұлтты мемлекет, сондықтан да қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің
нысандары мен бағыттарын айқындалған кезде осы мән – жәйды есепке алып,
қоғамдық келісімді орнатуға ұмтылуы кажет \21\.
Конституция стратегиялық мақсатты айқындады – Қазақстанда
құқықтық мемлекет орнатты. Конституция, сонымен қатар, бағдарламалық құжат
болуына байланысты, құқытық мемлекет құру барынша созылмалы процесс болып
есептеледі. Әлеуметтік мемлекет деп басты міндеттерінің бірі әлеуметтік
теңдікке, жалпыға ортақ ынтымақ және өзара жауапкершілікке негізделген
қоғамдық прогреске қол жеткізу болып табылатын мемлекет ұғынылады. Бұл –
саяси адамның салауатты өмірі мен еркін дамуын қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекет.
Конституция белгілі бір дәрежеде өз азаматтарын әлеуметтік
қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттің еңбек ақы мен зейнет ақының ең
төменгі мөлшерін белгілеуінен жасы келген адамдарды әлеуметтік
қамсыздандыру кепілдігінен (28, 1 - бап) медициналық көмектің кепілді тегін
алуға құқылығынан (29, 2 - бап) көрінеду. Мемлекет білім берудің жалпыға
бірдей стандарттарын белгілейді (30, 4 - бап) және кез – келген оқу орнының
қызметі осы стандарттарға сәйкес келуге тиіс. Конституция азаматтардың
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік береді.
Дегенмен ақылы білім алу мүмкіндігі де шектелмеген. Орта білім алу міндетті
(30, 1 - бап) \22\.
Ғылым мен мәдениетті дамытудағы жеткеші рөл мемлекетке тиесілі.
Мемлекет ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне қалыпты жағдай жасауғы
міндетті. Рухани және мәдени құндылықтырды сақтау мен пайдалануды
жақсартуды Қазақстан Республикасы азаматтарының тарихи және мәдени
мұраларының сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін
қорғауға міндеттілігі жөніндегі конституциялық тұжырымының да (37 - ьап)
маңызы ерекше.
Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бұл діни бірлестіктер мемлекеттен
бөлек дегенді білдіреді. Олар мемлекеттік саясатқа араласпайды, сондай – ақ
мемлекет те діни бірлестіктердің ісіне араласпайды. Зайырлы мемлекетке
ресми, мемлекеттік дін болмайды және бірде бір дінге басымдылық берілмейді.
Мемлекет діни наным – сенім мәселелерінде аралық қалпы ұстайды. Білім мен
дін бір – бірінен бөлек. Қазақстан Республикасының Азаматтары зайырлы білім
алады. Қазақстан Республикасында діни бірлестіктер Қазақстан
Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Діни наным – сенім бостандығы
және діни бірлестіктер туралы Заңы негізінде қызмет етеді.
Конституциялық құрылыстың негіздері мемлекет және адам,
азаматтардың өзара қарым – қатынастарын қамтиды. Мемлекет адам және
азаматтың аластатылмайтын құқытарын сақтай және қорғай отырып, оған қоғам
жүктеген міндеттерді орындайды. Конституия адамның, азаматтың және қоғамның
жауапкершілігін бекітеді.
Қазақстанның конституциялық құрылысының экономикалық негіздері
меншікті жеке және мемлекеттік нысандары болып табылады, олар заңмен бірдей
қорғалған. 1995 жылғы ҚР Конституциясы тұңғыш рет жерге меншік құқығын
белгіледі (6, 3 - бап) Қазақстан Республикасында экономикалық қызмет,
кәсіпкерлік және еңбек бостандығы қамтамасыз етіледі. Экономикалық
қатынастар адам мен мемлекеттің әлеуметтік серіктестігі негізінде құрылады,
бұл ретте шынайы бәсекелестік қамтамасыз етіледі. Мемлекет адам мен
қоғамның мүддесі үшін шаруашылық – экономикалық саланы реттеуге құқылы
\23\.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция ұғымын ерте заманда
сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде конституция
деген сөз саяси құрылым ұғымын білдірген. ХҮІІ ғасырда Францияда бұл сөз
рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып,
бұл сауатсыз құқықпен белгіленетін құрылым мағынасына ие болады. Франция
төңкерісі қарсаңында конституция сөзі мемлекеттің жай - күйі ұғымын
танытты. Конституция сөзі Рим империясы заңдарында императорлардың құқық
көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жабдықтарын білдірді. Оаат
ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Конституция ұғымының қазіргі түсінігі ХҮІІ ғасырдан бастап
орныққан. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ – та, сонан соң 1789 жылы
Францияда қабылданды. Кез – келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің
негізгі ұстамдарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды
өзгерістер көрініс табады.
Конституцияның ерекше белгідерін айқындай отырып, құқытанушылар,
оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең
жоғарғы заңдық күші бар, бір жағынан адам мен қоғамның, екінші жағынан адам
мен мемлекеттің арасындағы қатынастар негізін, қоғамдық және конституциялық
құрылыстың негіздерін, адам мен азаматтың негізі құқықтарын,
бостандықтарын, міндеттерін, сондай – ақ жергілікті өзін - өзі басқару
буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын бекітуші әрі
реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан
Республикасының Конституциясы елімізге қолданылып жүрген барлық заңдардың
ірге тасын қалайды, оның заңдардың болуы шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының
бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып табылып, құқық реттегіштің
базасына айналады. Ал, ағымдағы заңдар осы конституциялық қағидат
қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептеледі.
Конституция – оның мейлінше көп тараған мағынасы – заң немесе
заңдар деген ұғымда қолданылады. Қазақстан Республикасының қазіргі
Конституциясы (1937, 1978, 1993, 1995 жж). Кейінгі екеуінің алдынғылардан
елеулі айырмашылығы сол – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті,
егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі
орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995 ж) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу
бағыттары, азаматтарлдың құқықтары мен бастандықтары, соның ішінде жеке
адамның жан – жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі,
идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси
партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге
асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі
талаптарға сай бейнеленеді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен көріп
отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы
мәндес болулары тиіс. Ал Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан
Республикасында, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе басқаша да
қабылдануы мүмкін. Оның іс жүзінде енгізілуі біржақты – мемлекет басшысының
актісі арқылы болуы да мүмкін. Сайып, келгенде, Конституцияға құқықтық акт
ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын
ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан конституция ол
қабылданған кездегі саяси күштердің ара қатынасынан көрсетуші қоғамның
әртүрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт
маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық
тәртіптің орнығуы мүмкін емес
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын
көрінеді. Ол үш негізгі қызметтегі заң (құқықтың басты қайнар көзі
ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамынң алтын
қазынасын – адам және адамның өмірін, құқытары мен бостандықтарын)
дәріптеуші қасиетін атқарады.
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң
салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін
нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық
жүйесінің қалыптасуы елімізде құқытық мемлекет құру бағытымен
ұштастырылуда. Сондықтан еліміздегі Ата Заңның мәні мен оны алатын орны
барған сайын жоғарылауда.
Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер
бойынша топтастыруға бірнеше мәрте әрекет жасалады. Айталы, мемлекеттік
құрылыс нысанына қарай Конституцияны біртұтас (унитарлық) және
федерациялық, саяси режимнің сипатына қарай демократиялық және
демократиялық емес, қолданылуы ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деген
түрлері ұсынылған. Алайда, уақыт сыны көрсеткеніндей, өткен ғасырда
ұсынылып қазіргі күнге дейін қоладынлып келе жатқан ескі топтастыру тұрақты
екендігін байқатты.
Мемлекет тек жеке адамға емес, бүкіл қоғамға қызмет атқарады және
оладамның, азаматтың алдында жауапты. Оны бір жақты түсінбеуіміз керек,
себебі жеке азаматтың, адамның өздері де мемлекеттің алдындағы жауаптылығын
үнемі сезініп тұруы тиіс дәне оны іс жүзінде асыруға белсенділік
көрсетулері қажет. Осыған байланысты айта кететін бір жайт – жеке адамның,
тұлғаның жан – жақты дамуы үшін біркелкі және әділетті жағдайларды тудыруға
мемлекет міндетті. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін
еркін таңдауға, олардың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету
жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемітуіміз сыйақы алуына, сондай – ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға кепілдік беруге мемлекет міндетті.
Мұнымен мемлекеттің міндеті доғарылмайды. Олар өте көп. Ондай топтың келесі
жұбы – Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған,
мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды
негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік
қамсыздандырылуына кепілдік берілуіне, сондай – ақ неке мен отбасы, ана мен
әке және балаға үнемі көмек көрсетуге, қорғауға негізделген әлеуметтік
қызметтің жүйесін дамытып, өзге де әлеуметтік қорғалудың кепілдіктерін,
қайырымдылық көтермелерін іс жұзінде асыруға мемлекет алдындағы тұрған
күнделікті шешілуге жататын міндеттердің бірі екендігіне әрдайым
күмәнданбауымыз қажет.
ІІ. Қазақстан Республикасы Конституциясының жалпы сипаттамасы.
2.1. Конституцияның мәні.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық,
өркениетті дамыту жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты
нормативтік актісі. Конституция қоғамыдық өмірдің барлық салаларын өз
нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинақтаған.
Конституция ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz