Күнделік әдебиет үлгісі


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр. Былайша қарапайым жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия да болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой- сезімдері, алған әсерлері, қызықты оқиғалар бейнеленеді. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өздерінің кейбір шығармаларын күнделік формасында жазған. Мысалы, олардың қатарына М. И. Тургенев, М. Салтыков- Щедрин, В. Короленко және басқаларды жатқызуға болады. Өзіміздің қазақ-ғалым арасында жазушылары күнделікті алғаш қолданған Ш. Уәлиханов еді. Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай - ақ қазақ қаламгерлері ішінде осы әдіспен жазылған шығармалардың бірі Ә. Сәрсенбаевтің «Офицер күнделігі» болып табылады.
Орыстың ұлы жазушысы Л. Толстойдың күнделіктері тағылымдық жағынан теңдессіз маңызға ие, мол пішілген дүние екендігін де гәп бар ма? Ол кейбір сәл үзілістер мен күнделігін ғұмыр бойы 63 жыл жүргізген. Яғни, 18 жасар студент шағынан бастап жазып, 82 жастағы атағы әлемге жайылған данышпан жазушы атанғанға дейін күнделігін тынымсыз толтырып отырған. Сол күнөрім шежірелері біздің қолымызға том- том кітап болып тигені мәлім. Сондай - ақ ол «Дневник одного себя » аталған түрін де жүргізіп келген . Онда мынандай жазулар бар: « . . . Чтоб жить честно, надо рваться, путаться, биться, ошибаться, и вечно бороться и мишаться. А спокойствие душевная подлость» [1, 86 ] немесе жазушының жеке хатшысы В. Булгаковтың «Л. Н. Толстой өз өмірінің ақырғы жылында» деп аталатын күнделік кітабында күрделі өмірдің бізге беймәлім тұстары шыншылдықпен бедерленген. Оны оқып отырғанда мына «бес күндік қонақ» өмірінің теңдессіз тұлғаға да кей сәттерде қадірсіздеу болғанын, оның да күйкі пендешілкпен істеген оғашықтардан ода еместігін, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы трагедиялық қайшылықтар өрбігенде қайран қалмасқа лажыңыз жоқ. Кезінде Толстойдың зайыбы Софья Андреевна өз басының келеңсіздіктері жазылған тұстарын күнделіктен өшіріп тастауды күйеуінен қатты талап етіп және де айтқанын орындатқанын да нақты дерек арқылы білеміз. Аталған күнделік кітап- ғажап бір дүние, мәңгілік әлемі деуге де тұрарлықтай Авторы жоғары оқу орындағы оқуын тастап ұлы жазушыға көмекші болды. Жас азамат өз иесінің әрбір күнінен көріп білгенін, көңілге түйгендерін түртіп жаза берген ғой. Неткен ерлік! Бай мұра «Осы мазмұндас мысалдар біздің әдебиетімізде бар ма?» деп кейде еріксіз ойға шомасың. Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев секілді әдеби көмекшілер Жамбыл атадан осы тектес шығарма қалдыра алмады-ау деп те өкінесің. Үзік-үзік жағдаяттар мен ғана шектелген сияқтымыз ғой. М. Әуезовтің әдеби тұрмыс-тірлігінен толық қанықтыратын күнделік- жазбаларда кемшіндеу. Тіпті оның шығармашылық зертханасы әлі күнге жұмбақ күйінде қалып жүргендей әсер етеді. Шығармалары қалай өмірге келді? Жазу тәсілі қандай еді? Пенделік қасиет-кейпі қандай? Рас, ол кісі туралы жазылған естеліктерді әркім әр қырынан толықтыра әңгімелегені мәлім. Бәрібір жетісіңкіремей ме? Егер оның әдеби көмекшісі болғанда, бүйтіп бармақ тістемеген де болар ма едік? Біздің күнделіктердегі көбінше «пәленше айтыпты-мыс» боп келетіні дәлдік шеңберін құшита түсетіні рас. Оның арғы жағында автордың өсек, өтірікке бой алдыратындығы, өзін дәріптей бастайтыны жасырын емес. Демек, әңгіме ауаны шындықпен алшақтап, дәлсіздікке ұрындырады. Бұл болса күнделік табиғатына мүлдем керағар. Кейде мүйізі қарағайдай ел сыйлайтын ағалардың естелік- күнделіктерінде тіпті тамақ ішкен мейрамхананың ас мәзіріне дейін, тәптіштеп, ұсақ-түйекті теріп жазғанын оқып, қарның ашады.
Қазақ жазушыларының кейбірінің күнделіктері де асыл мұра ретінде ұрпақтар кәдесіне жарауда. Мысалы, классик жазушымыз Ғ. Мүсіреповтің 1997 жылы «Ана тілі » баспасынан шыққан «Күнделік» атты еңбегінде қазақ тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті туралы алуан түрлі сөз тіркестері жазбақ болған шығармаларының жоспар хабарлы, кейбір кейіпкерлері хақында дерек - құжаттар молынан келтірілген. Асыл ағамыз кітаптың беташарында «Ұмытшақтық қоюланып келеді. Сондықтан керекті кейбір нәрселерді кезінде еске түсіру үшін бұдан былай күнделік жазуды дұрыс көрдім» деп жасы шау тартқанда да жаңа машығына ұқыптылықпен кіріскен екен. Сөйтіп, 1970-1985 жылдар аралығында елу шақты күнделік-дәптер жазыпты. Солардың басын қосып, тұтас күйінде оқырман назарына ұсыну бүгіннің міндеті болса керек. Әйтсе де белгілі қаламгерлердің үзіп-жұлып болса да жүргізген күнделіктері том-том кітап болып шықпағанымен ғұмырлық баянның біркелкі белестері ретінде баспасөз арқылы көпшілікке жетіп жатқаны қуантады. Осы орайда дара тұлғалар - Ғ. Мұстафин, Ә. Тәжібаев, М. Қаратаев, М. Мақатаев, С. Әшімов жазбаларының мерейтойлық кезендерді еске түсіру мақсатымен оймақтай-оймақтай болып жарияланып жататыны да көңілге медет.
Халық жазушысы Нұршайықов күнделік жазуды ғұмыр бойы сүйікті машығына айналдырумен-ақ өшпес өнеге көрсетіп жүрген қажырлы қаламгер. Оның «Өмір өрнектері» деп аталатын әдеби күнделіктерінің бірінші кітабы «Өлке » баспасынан 2000 жылы жарық көрді. Оған автордың 1953-1986 жылдар аралығында жазғандары топтастырылған. Әзағаның қойын дәптерлеріне түскендері сан тарау ойлардың жемісі. Алғашында үзік- үзік қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, шағын әңгіме-диалогтар мәнділігімен қызықтырады. Оларды оқып отырғанда халық сүйген жазушының шығармашылық зертханасына, әдеби философиялық, және әлеуметтік көзқарасына терең қаныға түсесің. Бір ғажабы, Әзағаң күнделіктерін күй талғамай жазады. Ұшақ үстінде, пойыз ырғағымен, көлік тербелісі дегендей . . . Ол күнделік жазуда француз философы Мишель Монтонның (1533-1592) «Тағылымды тәжіребиелер » («Опыты») деген үш томдық кітабымен, Сирия әдебиетінің классигі, ғұлама ғалым Абуль- Фарадждың (1226-1286) «Қызық хикаялар кітабы » еңбегінің зор әсер еткендігін айтады. Қазақ қаламгерлерімен журналистері мұндай өнегені алыстан іздеп жатпай-ақ өзіміздің Әзағаңнан үйренсе, қандай ғанибет болар еді деген ой келеді.
Арғы-бергі қазақ зиялыларының күнделіктерін көп том етіп шығарса деген тілекте тіл ұшында тұр. Сондай тағылымды жазбалардың жиналмай, ел кәдесіне жарамай жатқаны қаншама? Соларды бір ізге түсірген жөн. Хаттасулар да белгілі бір дәрежеде күнделік табиғатымен үйлесім табатынын ескеріп, оларды да кітапқа жинақтау жағын ойластырған абзал, өйткені ондай жазбалар дерек пен дәйекке негізделуімен қымбат. Күнделіктер - өмір ізденістері дейтініміз де содан болар.
Сіз осы күнделік жазасыз ба? Чеховтың әкесі кәдімгі кеңселік жорналдың тор көздеріне күн сайын өрмек тоқығандай жазу түсіріп отырыпты . . . Демі үзілгенде ғана күнделік тоқтаған . . . Ұрпағымызға әркімнің де айтары бар шығар, күнделік түртіп жүріңіз. Нәрлі жерде сөз қалмайды. [2, 6]
Күнделік - жазушының, ғалым, не саяхатшының өз көзімен біліп- көрген жайларын есте сақтау үшін жазатын жанр. Қарапайым күнделіктерде көбіне жеке адамның өміріне қатысты деректер сөз етіледі. Ал көркем күнделік жазушының әр алуан ішкі сезімдері, алған әсерлері, суреттеген түрлі оқиғалармен қызықты. Алғашқы күнделік-үлгілерін жазғандар - орта ғасырдағы саяхатшылар, елшілер, жылнамашылар. Олардың қағазға түсіргендері, негізінен, өз ғылыми еңбектеріне қатысты ойлары, ашқан жаңалықтары. Күнделік нақтылы болған оқиғаның ізімен жазып, адамның өзі куә болған жағдайдан алған әсерін суытпай, нақтылы жеткізумен ерекше сыршылдық сипатқа ие болады. Ондай күнделіктерде этнографиялық, тарихи деректер мол болады. Күнделік жанрын көркем әдебиеттен лайықты орын алады. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өз шығармаларында күнделік түрін қолданады. (М. И. Тургенев, М. Салтыков-Щедрин, В. Г. Короленко) Әдеби шығармада кейіпкердің атынан берілетін күнделік оның көңіл- күйін, мінез- құлқын, сырлы әлемін, ішкі сезімін не ғұрлым терең ашып, әсерлі бейнелеу үшін қолданылатын әдіс. Атақты жазушылар Л. Толстой, Ф. Достаевский, И. Бунин, А. Чехов т. б. күнделік жүргізіп, оған өз ойларын мұқият түсіріп отырған. Жазушының көркем шығармасында астарлай көркем шешімдермен бейнелей беретін кей шындықтары ішкі толғанысы, өмірден түйген қарапайым парықтары,, өз тәжіребиесінде ақиқатына жеткен, бірақ, замандастары қоғам қабылдай бермейтін терең сырларын күнделіктерде нақтылы айтқан. Күнделіктерде өмір баяндық деректер, өмір шындығы, заман суреті болған оқиғалар төңірегінен алыс кетпейді. Мысалы, А. Янушкевичтің XIX ғасырдың ортасындағы қазақ даласы, сол кездің адамдары, халықтың тұрмысы жайлы жазған күнделіктері осындай мұра. Қазақ-ғалым жазушылары арасында күнделікті алғаш қолданған Ш. Уәлиханов еді Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай-ақ қазақ қаламгерлері ішінде Ғ. Мүсірепов, М. Мақатаев, Г. Бельгер, Б. Бұлқышев, С. Ерубаев т. б. жазды. Көптеген жазушылар Күнделік түрін (мысалы: Ә. Сарсенбаев «Офицер күнделігі», Ә. Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар») өз кітаптарында пайдаланады. [3, 245]
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері :
- Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық ғұмырбаянына назар аудару;
- Тақырып табиғаты, жанрлық - көркемдік жүйесін қарастыру;
- Қаламгер күнделіктеріндегі ізденіс мұраттарын, көркемдік таным арналарын, көзқарас эволюциясын зерделеу;
- Күнделіктердегі ұлт мақтаныштары: қоғам қайраткерлері, мәдениет қызметкерлері көркемдік мұраттарын назар аудару.
І Күнделік - мемуарлық әдебиеттің ішкі жанрлық бұтағы
Күнделік әдебиет үлгісі. Әдебиет үлгісі болғанда, айта беретін мемуардың ішкі бір жанрлық бұтағы. Біз күнделік- әдебиет үлгісі дегенде, күнделіктің бір ғана саласын айтып отырмыз. Әйтпесе, күнделікпен іштей туысатын шаңырақ жәдігерлері - тұрмыстық күнделік, күнделік формаларын пайдаланып жазылған көркем шығармаларда қиял билігі белең алады да, олар мемуарлық әдебиет үлгісінде саналмайды. Айталық, А. С. Пушкиннің «Марқұм Иван Петрович Белкиннің жазбалары» кейіпкердің күнделік өмірнама жазбалары формасында туған шығарма. Қазақ жазушысы С. Мұқановтың «Адасқандар» деген атпен жазылған кейін «Мөлдір махаббат» болып өзгерген романыда кейіпкері Бәтес пен Бүркіттің күнделігі райында жазғандығын білеміз. Бексұлтан Нұржекеевтің «Ерлі-зайыптылар » романы да осыған келеді. Ал, Венгер жазушысы Б. Илеин, орыс жазушылары О. Форш, П. Лукницкий романдары әуел баста қарапайымкүнделік ретінде түзілген де кейін белгілі - бір композициялық құрылымға келтіріліп романға айналған. Демек, олардың қай- қайсысыда мемуардан аулақ салған көркем әдебиет үлгісі. Біздің қарастырғалы отырғанымыз - мемуарлық әдебиеттің үлгісінен саналатын күнделік.
Әлемдік әдебиетпен философия тарихында күнделік қалпында туып, кейін халық қажетінде айналған деректі мемуар үлгілері аз емес. Айталық, Филипп де Каминнің «Мемуарлары» (XVғ), Бабырдың «Бабырнамесі» (XV-XVIғ) . Декабристердің мемуарлық жазбалары бәрі-бәрі де әуел баста күнделік жазбалар ретінде өмірге елеусіз келген. Кейін тарихи сипат алды. Әйтпесе әлем философтарының «Карманный оракул» аталатын қойын кітапшалары да әуел баста күнделікті жай жазбалар ретінде дүниеге келген. Испан философы Балтасар Грасианның (XVII ғ. ) осылай аталатын кітаптарынан күнделік сипатын көреміз. Тіпті Марко Полоның (XVIII ғ. ) жазбаларын да күнделікке жатқызуға болар еді. Оны айтасыз неміс философы Г. К. Лифтенбергтің «Афоризмдері» (XVIII ғ. ) де күнделік әдебиетпен еншілес туған десек қателеспеспіз.
А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, И. С. Тургенов, Ф. М. Достоевский күнделіктері орыс әдебиетінде күнделік жанрын орнықтырды. Кейінгі ұрпаққа ғажап бай әдеби күнделік мұраларын қалдырды. Әрине, олар көзі тірісінде күнделіктерін жариялауды мұрат тұта қоймады. Есесіне біздің заманда күнделік жариялау ерсі болмай қалды.
«Бір жол, жазылмас күн болмасын» (Ю. Олеша), «Болған оқиғалар» (Е. Долматовский), «Лирикалық күнделік» (В. Цыбин) секілді атаулар беріп күнделік жариялау дағдыға айналды. Эпенди Капиевтің «Қойын кітапшалары» (М, 1956 ж. ) өзі өлген соң жарық көрді.
Қазақ халқының XIX ғасырдағы ұлы ағартушысы Шоқан Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделіктері», «Қашқар күнделіктері» - күнделік-әдебиеттің қайталанбас асыл үлгілері. Тарихи, этнографиялық мәліметтерге мейлінше бай ол күнделіктер материалына сүйеніп бүгінде бірсыпыра қазақ жазушылары роман, повесть жазып жүр. Бұған С. Бақбергенов, С. Мұқанов, Ж. Бейсенбаев шығармалары куә.
Қазақ даласында қағазға түсіп, араға көп жыл салып барып көпшілікке жеткен поляк революционері А. Янушкевичтің күнделік жазбалары да қайталанбас жәдігерлік.
Қазақ әдебиетінің М. Әуезов С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин секілді нар тұлғаларының күнделіктері әл-әзір арнайы кітап болып жариялана қойған жоқ. Ептеп ағымдағы баспасөзде төбе көрсетіп жүр. Олардан өзге, күнделік жазбаларын құнтты жүргізетін жазушылар қатарына Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев, Мырзабек Дүйсеков секілді қаламгерлерді жатқызуға болады. Аталмыш жазушылар күнделік жазбаларын ұсынықты пайдаланып, кітап етіп те жариялап келеді.
Күнделікті кітап болып жарық көрген соң, оқып пікір айтуға болады. Немесе, колжазба күйінде оқып, оқушылармен күнделік проблемасын бөлісуге болады. Көзі тірісінде жарияланған күнделік жазбаларға оқырман көпшілік кінәмшілдеу қарап, талап қойыңқырайды. Олай болуының өзіндік себебі де бар. Неге десеңіз, күнделік - мынау тіршілік-ғаламға бір кісінің көзімен қарау, бір кісінің дүниетанымымен безбендеу ғой. Осындай ерекшелігімен де күнделік жалпы емес, жалқы мінезді жазба. Ал өзіңмен мынау дүниені үзеңгі қағысып бірге кешіп келе жатқан замандасыңның жеке көзімен қарап, ойымен таразыланған көріністерге, әрине, келісу, келіспеуің әбден мүмкін. Сөйте тұра замандас күнделігіне өз көзқарасымызды таңбауымыз керек. Күнделік ерекшелігі де осында! Күнделіктің - иесінің көзі кеткен соң, жарық көруінің тиімділігі де осында.
Қазақ халқына қатысты бірнеше жазушының естелігі сақталған. Табиғат тамыршысы аталған М. Пришвиннің қазақ даласын аралағанда қағазға түсірген күнделігі едәуір. 1984 жылы қарашада жол түсіп Литваға барған едім, - дейді Қ. Ергөбек. Сапар мақсаты С. Мұқановқа байланысты еді. Сол сапар Ұлы Отан Соғысы жылдары Алматыға эвакуациямен келген Литва әдебиетінің көрнекті өкілі Пятрас Цвирка музейінде болдым, жазушы жесірі Мария Цвиркене ханыммен әңгімелестім. Мәдениетті елдің өкілі емес пе, Мария Цвиркене Алматыдағы ауыр жылдар жөнінде күнделік жүргізіпті. Күнделігінде Алматыға, қазақ халқына, жыр алыбы Жамбыл қарияға қатысты көптеген көз көрген жайлар, мәліметтер қамтылыпты. Сол ойлардың бірсыпырасын литван тілінен аудартып жазып алған едім. [4, 73]
Қазақстанға соғыс сұрапылына байланысты ығысып келген жандардың күнделігінің бір ерекшелігі - өз халқың жайлы сырт адамдардың көзімен қарауға мүмкіндік бар. Бұл ретте күнделік - дерек көзі.
Арнайы кітап болып жарияланған күнделікті кім-кімде зерттеп талдауға мүмкін. Біз осы дәстүрді «бұзып» бүгін қолжазба күнделіктер жөнінде әңгіме маздатпақпыз. Олар - жазушы Сәбит Мұқанов, ғалым Бейсембай Кенжебаев, әдебиет сыншысы Қалжан Нұрмахановтың күнделіктері. Ендігі әңгіме жылдар бойы қарап, оқып келген осы күнделіктер хақында болмақ.
Алдымен Сәбит Мұқановтың күнделігін қарастырайық. С. Мұқанов күнделік жүргізуге өте ұқыпты қараған жазушы. Қайда бармасын, қандай жағдайда жүрмесін ол үзбей күнделік жазып отырған. Күнделіктер не жайында? Не жайында дерің, бар ма? Мынау қым-қуыт өмірде Сәбит Мұқанов араласпайтын мәселе сирек болушы еді ғой. Олай болса, күнделік те сол Сәбең араласқан көп-көп мәселелер хақында. Күнделіктер әлеуметтік өміріміздің сан-саласын қамтиды. Бәрі де күнделік жанрына тән - автор көзімен қарап таразыланады, автор дүниетанымы тұрғысынан бағаланады. Бір өкініші - Сәбит Мұқановтың күнделіктері әл-әзір ғылыми тұрғыдан іріктеліп, сұрыпталып бір жүйеге түскен жоқ. Сол себепті жазушының бар күнделік жазбаларын бір топтап жинақтап әңгімелеуге, өзегінен проблема шығарып талдауға қиын. Еңдігі амал, жазушының бір күнделік дәптерін қолға ала отырып еркін әңгіме, еркін ой-толғанысқа ерік беру ғана.
Жазушы - уақыт перзенті. Алайда, уақытқа бірыңғай бағыныштылық шын жазушыға жараспайды. Жазушы күнделігі жөнінде әңгіме болғанда, бұл жанр мұрасына өлшем боларлық жайттың бірі осы болмаққа керек.
Қоғам өміріндегі күрделі кезеңдер - үкімет басшылары алмасатын сәт. Сәбит Мұқанов В. И. Ленин қазасынан бастап бірсыпыра үкімет басшыларының ауыс-түйісін көзімен көрген жазушы. И. В. Сталин, Н. С. Хрущев, Л. И. Брежневтің қай-қайсысының да көзін көрді, сөзін естіді. Кейбірімен кездесіп, әңгімелескенін «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасында желдіртіп баяндаған кездері жадымызда. Ал Н. С. Хрущевпен ұстақан (стакан) түйістіргенін замандастары сыр қылып айтады. Кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары қызметін атқарған Л. И. Брежневпен кездесу, жүздесу, дастарқандас болуы заңды құбылыс. Жазушы қайтыс болғанда Л. И. Брежневтің, өз атынан азагүл (венок) жіберуі де кезіндегі таныс, білістіктің белгісі.
Әрине, қазір аталмыш адамдарды уақыттың бағалауы басқа. Тиісінше кінәланып жатқан адамдармен кезінде белгілі дәрежеде қатынаста болды екен деп жазушыны жазғырудың тіпті де реті жоқ. Сәбит Мұқановтың олармен қатынасы тамыр-таныстықтан сыбайластыққа ұласқан емес. Олардың орнында кім де болса уақытында Сәбит Мұқановты таныған болар еді. Әйтпесе, олардың орнында уақытында кім отырса да, Сәбит Мұқанов халықтық мәселемен, немесе творчестволық жағдаятпен барарына тағы да күмән жоқ.
Шолуға жол беріңкіреген себебіміз - жазушы күнделіктерінен біз әдейі 1964 жылғы бір дәптермен оңаша сырласуды жөн көрдік. 1964 жыл да СССР тарихындағы «жылымық» аталған кезеңнің соңғы жылы еді ғой. Саяси науқаннан сырт қалмайтын жазушы күнделігінде бұл мәселенің көрінісі қалай? Міне, біздің іздеген әңгімеміз де осы!
Күнделік мәліметіне ден қойсақ тамыздың 7-інде Латвияда «Дубулты» өнержайында, «Көзіммен әуре болдым. Тәуірленіп келеді. Әлі жазылып болған жоқ. Ауа ала-құла: түнде, ертемен салқын, кейде түстен кейін жылырақ» (19-20) - деп жазды ол.
«14. VIII. 1964. Күндіз газеттен ЦК КПСС пен СССР өкіметінің орта мектепті қайтадан 10 жылдық жасау туралы қаулысын оқыдым. Мұғалімдер: «бұл мектепті өмірге жақындату емес, алыстату», - дескен еді, соның растығы істе көрінген. Қате алынған қаулы асқына бастағанда өзгеруі жақсы болды.
Радио кеше, Қырымда демалып жатқан Пальмиро-Тольяттидің кенет қатты науқастанғанын хабарлады. Бұ да әріптестерінің аяғын құшпағайды . . . »
Күнделікті саяси өмірге құлақ түре жазылған алғашқы ойлар осындай. Тольяттидің сырқатына жазушы тектен-тек назар аудармайды. Жазушы саяси өмір ырғағын буынды жерінен ұстап отыр.
«Күндіз радио Пальмиро Тольяттидің қайтыс болғанын хабарлады. СССР-дің, Италияның біраз ғалым-дәрігерлері жанын сақтауға тырысты, ажал жетсе болмайды екен». (21. VIII. 64) - деп бастап саяси өмірге бойлап
кетеді.
Саяси өмір - күнделікте кең қамтылған негізгі мәселе. Сәбит Мұқановтың көз алдында И. В. Сталин, Н. С. Хрущев, Л. И. Брежневтің тұлғасы тұр. Жазушы ел өмірінде өтіп жатқан оқиғалар арқылы осы үш адамның образына әр қырынан айналып соғып отырады.
Ашығын айтқанда Сталинді ала бөтен жазғыра қоймайды. Әріде ұзақ жыл өзі «көсем» тұтып, бар қайраткерлік қызметін есімімен байланыстырған Сәбит Мұқанов секілді адамның психологиялық жаңа серпін-серпіліс танытып, көзқарасын бірден өзгерте қоюы да қиын-ау ойлаған кісіге. Бұл көзқарасты күнделік жазбаның әлденеше сәтінен байқаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz