Лизинг шартының ерекшеліктрі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... 5-7
І ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ. ЛИЗИНГ
ШАРТЫ ... ... ... ..8
1.1 Лизинг қатынастарының пайда болуы мен даму
сатылары. ... ... ..8-11
1.2 Лизинг ұғымы, нысаны және түрлері.
Лизинг шартының ерекшеліктері. ... ... .12-23
ІІ ЛИЗИНГ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
... ... ... .24
2.1 Лизинг мәмілесінің орындалуын қамтамасыз ету
әдістері. Лизинг қызметіндегі сақтандыру мен
тәуекел. ... ... .24-36
2.2 Лизинг қатынастарын мемлекеттік реттеу. Лизинг
зандарының дамуы. ... ... 37-44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... 45-46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... 47-48
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан нарықтық экономикалық қайта
құрулар жағдайында жаңа институттардың қалыптасуы мен дамуының қатарына
лизинг қатынастары жатады деп айтсақ орынды болып табылады. Лизингтің
инвестициялық қызметтің бір институты ретінде дамуы елдіегі нарық
қатынастарының жандануына және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
жақсаруына оңды әсерін тигізуі толық мүмкін деп сенуімізге болады.
Сонымен қатар лизингтің нарықтық категория ретінде, азаматтық-құқықтық
объектісі ретінде толық түрде тәжірибелік және теориялық аспектіде өңдеуден
өтпеуі оның толық қолданылуына елеулі тосқауыл болып отыр. 2000 жылы ғана
Қаржы лизингі туралы ҚР Заңы қабылданды, ҚР азаматтық Кодексінің ерекше
бөлімінде көрсетілген баптар сәйкесінше бір жыл бұрын қабылданды. Лизинг
туралы заңдардың базасы жоқ болғандықтан ең бірінші кезекте осыған
байланысты салықтық ауыртпалықтарды ескерген кәсіпкерлікпен айналысатын
субъектілер лизингті қолдануға мүдделі болмады.
Лизинг қызметінің тұрақты жұмыс істеуінің бір талабы - лизинг беруші мен
лизинг алушы, лизинг беруші мен несиелік ұйымдар, лизинг затын өндіруші мен
лизинг беруші және басқа да лизингтік операциялық шарттан пайда болған
қарым-қатынастарды біртұтас нормативтік-құқықтық актімен реттеу.
Халықтық-шаруашылық мәселелерді шешкенде өндірушілерді жоғары
техонологиямен қамтамасыз ету жағдайында бәсекелестік жағдай тудыруға, орта
және шағын бизнесті дамытуға, халықты біліммен қамтамасыз ету бойынша
лизинг үлкен мүмкіндіктер береді.
Тақырыптың өзектілігі. Лизинг қатынастары орта және шағын кәсіпкерлікті
дамытудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда
Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріп отырған
жағдайда лизингтің құқықтық реттелуін жетілдіру ерекше маңызға ие болады.
Лизингті пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу Ресеймен
салыстырғанда Қазақстан Республикасында кейінірек дамыған. Нәтижесінде
қазіргі уақытта көптеген шешілмеген мәселелер бар. Жұмысты жазу барысында
мен Ресейлік тәжірибені қарастыра отырып, оның ішіндегі ескеруге тиіс
жағдайларды көрсетуге, ресейлік тәжірибенің тиімді жақтарын Қазақстанда
қолдану мүмкіндіктерін талдауға тырыстым.
Қазақстан Республикасы және шет елдердің қолданып отырған тарихи
тәжірибесінің негізінде, сондай-ақ, лизингтің дамуына байланысты ұсынысты
қарастыратын мүліктік айналыстағы лизингтің қызметіне қажетті деңгейді
анықтау қадамын қаржы лизингі тәжірибесінде қабылдадық.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі мынада – лизинг қатынастарының дамуы
Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтің
дамуына елеулі пайдасын тигізе алады. Сол себепті лизинг қатынастарын
дамыту, оған қатысушы тараптардың мүддесін заң арқылы қорғау және оларға
әртүрлі жеңілдіктер мен көмек бере отырып ынталандыру шағын және орта
бизнесті несиелеу сияқты шаралармен бірге экономикалық дамуды жеделдетуге
өз септігін тигізеді. Соған байланысты жұмыс барысында лизинг қатынастарын
дамытуға көмектеседі деген бірқатар экономикалық және заңдық шаралар ұсыныс
ретінде беріледі.
Жұмыстың мақсаты лизинг қатынастарын қоғамдық, оның ішінде азаматтық-
құқықтық қатынастардың жүйесінде қарастырып, оның негізгі белгілеріне
сипаттама беру, басқа құқықтық қатынастардан ерекшеліктерін, экономикалық
тиімділігін және шағын кәсіпкерлікті дамыту құралы ретіндегі атқаратын
ролін талдау.
Жұмыстың міндеттері төмендегілер болып табылады:
- лизингтің азаматтық-құқықтық мәміле ртіндегі мазмұнын, лизинг
шртының маңызды жағдайларын, лизинг қатынасындағы тараптардың
құқықтары мен міндеттерін көрсету;
- лизинг қатынастарының дамуына сараптама жасау;
- қаржы лизингінің құқықтық статусын Қазақстан Републикасындағы
және шет елдердегі лизинг қатынастарның маңызын қарастыру;
- әрекет етіп отырған зандардың, лизинг мәселелері бойынша жүзеге
асырылатын заң актілерінің түсінігінің бере отырып олардың
кемшіліктерін көрсету.
Жұмысты жазу кезінде қолданылатын әдістер:
- диалектикалық даму;
- салыстырмалы әдіс;
- статистикалық қорытынды;
- жалпылама;
- тарихи;
- логикалық.
Зерттеу қайнар көздері:
1. ҚР заң актілері (заңдар, кодекстер, ҚР президентінің заң күші
бар жарлықтары)
2. Ғылыми және арнайы әдебиеттер, монографиялар, газет және
журналдардағы мақалар, оқу әдістемелері.
Жалпы жұмыс ҚР лизинг қатынастарының құқықтық жағдайлары жайлы маңызды,
даулы мәселелерді қозғауда байқау қадамы ретінде жазылды және әрекет етіп
отырған заңдардың жүзеге асырылуы бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда біріншіден лизинг
қатынстарының пайда болып дамуы, оның ішінде ТМД елдері мен Қазақстандағы
лизингтің даму сатылары, лизинг шарттарының жаалуы жөніндегі бірқатар
статистикалық мәліметтер берілсе, екіншіден лизинг қатынастары азаматтық-
құқықтық міндеттеме ретінде қарастырылып, ондағы тараптардың құқықтары мен
міндеттері, лизингтің түрлері, лизинг қатынастарының заңдық мазмұны
талданады.
Екінші тарауда лизингтің экономикалық сипаттамасы, лизингтік
міндеттемелердің орындалуын сқтандыру, кепіл арқылы қамтамасыз ету
шаралары, лизинг қатынастарын реттейтін актілердің сипаттамасы және лизинг
қатынастарын одан ары дамытуғ септігін тигізеді деп есептелетін барқатар
шаралар келтірілген.
I. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ
1. Лизинг қатынастарының пайда болуы мен даму сатылары.
Лизинг термині ағылшынның lease деген сөзінен шыққан және жалдау,
жалға алу дегенді білдіреді. Тарихи түрғыда негізгі лизингтік қатынастар
мен ұқсас қатынастар 2000 жылдай бүрын ежелгі Вавилонда белгілі болған.
Егер кәсіпкер қаржылай немесе басқадай экономикалық есептен мүліктің
меншік иесі бола алмаса, онда ол мүлікті меншік иесінен пайдалануға алуы
мүмкін. Ал мүліктік пайдалану нәтижесінде ол белгілі бір кіріс ала алады.
[1]
Лизинг операцияларын бастауын шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп
тұжырымдайды және оны америкалық Бел Телефон Компани компаниясының
телефондарды сатпай жалға беруімен байланыстырады.
Лизинг қатынастарының кең етек алып дамуы екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін басталған. Лизинг қатынастарының жедел дамуы, мамандандырылған лизинг
компанияларының қүрылуына алып келді.Бірінші лизинг компаниясы 1952 жылы
Сан-Франциско қаласында құрылды. Батыс Еуропада бірінші лизинг компаниясы -
Дойче Лизинг ГМБХ 1962 жылы Германияда Дюссельдорф қаласында қүрылды. 1972
жылдан бастап осы жерде еуропалық лизинг рыногы қызмет көрсетеді. Бұл штаб-
пәтері Брюссельде орналасқан еуропалық ұлттық лизинг одақтарының бірлестігі
болып табылады.
Қазақ тілінде лизинг терминіне балама жоқ. Лизинг анықтамасы қандай да
бір несие берудің өзгермелі құралы ретінде түсініледі деп айтсақ та болады.
Лизинг мүмкіндік қатынастар нысаны ретінде көптеген дамыған елдерде кеңінен
қолданылады.
Мысалы Еуропада лизинг рыногы 1984 жылдан 1996 жылға дейін 4,96 есеге
артқан, оның ішінде қозғалатъш мүлікке 4,01 есе, ал қозғалмайтын мүлікке
1965 жылдан 1996 жылға дейін 3,66 есеге артқан. Бұлай болу себебі
кәсіпорындардың жедел дамуына мүмкіндік беретін лизингке енгізілген
қатынастың әсер етуі болып табылады. Лизинг қаржылық қысымының төмен
болуымен әрекет етуші кәсіпорындарға негізгі қорларын жаңарта отырып,
олардың өндірістік техникалық базасын бәсекеге қабілетті деңгейге шығарады.
Ал еуропалық лизинг рыногының одаққа бірігіуі, оған қатысушы елдердегі
кәсіпорындардың қаржылай қажеттігін қамтамасыз етудің бірден бір құралы
болып табылады. Жоғарыда айтып өткен бұл ұйымға 25 ел мүше болып табылады.
Біздің елімізге де осы ұйымға мүше болып кіру, Қазақстан кәсіпкерлерінің
кәсіпорындарына қазіргі деңгейдегі құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуіне
кеңінен жол ашар еді.
Еуропалық лизинг рыногының көлемі 1996 жылы 106.6 млрд. долларды
құраған.
Еуропаның лизинг рыногы өте күрделі болып табылады. Ол елдердің
кейбірінде лизинг қызметі, ол елдің дамуы мен мемлекеттік құрылуына әсерін
тигізеді. Қозғалмалы мүлік рыногында шешуші нәтижеге Ұлыбритания ие болып
табылады. Ол еуропалық лизинг операцияларының жалпы көлемінің 27% ие,
Германия 25%, Франция 11% және Италия 10% иеленіп отыр. Осы елдер сонымен
қатар қозғалмайтын мүлік рыногында да үстемдік жағдайына ие болып отыр.
Германия 35%, Франция 21%, Италия 49%.
Еуропадағы қозғалатын мүлік рыногындағы объектілер құрылымы ерекше назар
аударарлық: автокөлік (37-38%) соңғы 3 жыл ішінде, машиналар, құралдар (24-
26%) жол көлігі құралдары (14-16%), компьютер және офистік техника (12-
16%), ұшақтар, кемелер, жүк және теміржол көлігі 4-6% және басқа да
объектілер 5-6%.
Еуропада 1996 жылы қозғалатын мүлікті лизингке алушылар: жеке өндірістік
сектор 47,6%,өнеркәсіп, қүрылыс индустриясы 34,7%, жеке тұтынушылар 7,6%,
қоғамдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар 3,7%.
Еуропадағы лизинг рыногының ерекшелігі, олардың үзақ мерзімді болуы
болып табылады. Оның негізгі себебі инфляцияның төмен болуы, үлттық
валютаның тұрақтылығы, заңдық қамтамасыз етілуі болып табылады. Қозғалатын
мүлікке лизинг мерзімі 2 жылға дейін -11%, 5 жылға дейін 74,5%, 10 жылға
дейін 9,4% және 10 жылға -5,1%. [2]
Қозғалмайтын мүлік лизингі объектілеріне негізінен өнеркәсіптік
ғимараттар 25,7%, дүкендер 22,4%, және кеңселер 34,2%. Қозғалмайтын мүлік
контрактілерінің мерзімі мынадай: 8 жылға дейін - 18,8 %, 16 жылға дейін -
46,2 %, 20 жылдан жоғары 17%.
Ал АҚШ-та лизинг бойынша арнайы заң жоқ. Лизинг бойынша пайда болатын
мүліктік және басқа да қатынастар бірегей сауда Кодексінің пәні болып
табылады.
Жапонияда жыл сайынғы лизинг операцияларының көлемінің көбеюі 25-40%
аралығын құрайды.
Қытайда жыл сайынғы лизинг мәмілелерінің көлемі 1 млрд, доллардан асып
түседі.
Жалпы алғанда лизингтік қатынастар үлкен тарихи дамудан өткенін
көруімізге болады. Ол өзінің даму жолында экономиканың дамуына сай әртүрлі
өзгеріске ұшыраған.
Қазіргі күнде лизинг инвестицияның негізгі бір құралы болып табылады деп
айтсақ та болады. Бірқатар елдердегі арнайы лизинг заңының болмауы
лизингтік қызметі жүзеге асыруға кедергі болып табылмайды.
ТМД елдеріндегі лизинг қатынастарының дамуы. ТМД елдеріндегі лизингтің
дамуына алғашқы қадам 1990 жылдары жасалды. КСРО Министрлер Советінің 1990
жыл 29 желтоқсандағы Совет-Француз-Герман Евролизинг компаниясының қызметі
және лизинг операцияларын дамыту туралы қаулысы негіз бодды. Бұл қаулыда
салық салу жөнінде бірқатар жеңілдіктер көрсетілген еді.
ТМД елдерінің ішінде лизингті қолданудың дамуы Ресей федерациясында
басымдық алып отыр. Оған Ресей федерациясының 1998 жылы 29 қазанда
қабылданған лизинг туралы заңы негіз болды. Сонымен қатар лизингтік
мәмілелерге көптеген коммерциялық банктер және сақтандыру компаниялары және
ел бюджетінен лизинг операцияларын дамытуға арнайы қаржы бөлінуі үлкен
әсерін тигізді.
Ресейдегі алғашқы лизинг компаниялары 1990 жылы құрылды. Бұл "Россия"
сауда-лизинг компаниясы болып табылады (Нижний Новгород қаласы), "Ярослав
техлизинг" (Ярославль қаласы), және "Балтииский лизинг" (Санкт-Петербург).
Бүлардың ішінде тұрақты болған "Балтийский лизинг" компаниясы теңіз және
өзен кемелерін, технологиялық құралдар, автокөліктерді лизингке беруде
орасан тәжірибе жинақтады.
1994 жылы Ресейдің 15 лизинг компаниялары негізінде Ресейдің лизинг
компанияларының ассоциациясы құрылды.
Қазіргі күнде Ресей лизинг компанияларының ассоциациясына лизингтік 32
фирма мүше болып табылады. Қазіргі күнде лизингті қолдану инвестициялық
процесстің жүзеге асыру қүралы болып табылады.
Көптеген лизинг компанияларының құрылтайшылары негізінен үлкен
коммерциялық банктер болып табылады. Лизинг операциялары банктер үшін әлі
негізгі сала болмай отыр, олардың көлемі, олардың мүмкіндіктерімен
салыстырғанда әлі де аз. Өйткені лизингке алынған мүлік үлесі негізгі қор
көлемінің бір пайызынан аспайды. Себебі орта және үзақ мерзімді
операциялардан түсетін кіріс сауда операцияларынан түсетін кіріспен
салыстырғанда мардымсыз болып қалады.[3]
1995 жылы РФ Үкіметі № 633 "Инвестициялық қызметтегі лизингті дамыту
туралы" қаулысын қабылдады. Ал оған қосымша ретінде "Лизинг туралы уақытша
ережені" бекітті.
Қазіргі күнде Ресей федерациясында лизингтік қызмет лицензия берілетін
кәсіпкерлік қатарына жатқызылады. Лизингтік қызметті лицензиялауды өкілетті
министрлік жүзеге асырады. Лизинг инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
құралы ретінде ТМД елдерінің көбінде қолданылады, бірақ олардың даму
деңгейі әр елде әртүрлі болып отыр. Қазіргі күні бұрынғы одақтас
респуликалар арасындағы лизинг операцияларының дамуына көп көңіл бөлінуде.
Лизинг операцияларының өсу тенденциясы мына жағдайлармен түсіндіріледі:
мемлекетаралық лизинг қатынастары өндірістік және инвестициялық қарым-
қатынастың дамуына ықпалын тигізіп, бірлескен кәсіпкерліктің дамуына да
әсерін тигізеді. Қаржы ресурстарының тапшылығы жағдайында лизинг, лизинг
субъектілері өнімдерінің бәсекелестігін арттыра алады; Қазіргі күнде ТМД
елдері арасындағы халықаралық лизинг қаржысын реттейтін бірегей нормативті
құжат жоқ болып отыр, соның негізінде лизинг қатынастарының дамуы тежелуде.
ТМД елдерінің лизингті реттеуші ұлтық зандарының өз ерекшеліктері бар.
Оларды екі бағыт бойынша бөлуге болады.
Бірінші бағыт барлық елдерге ортақ лизинг қатынасын реттеу тәсілі мен
әдісін қамтитын нормативтік актілер. Бұл топ лизинг қызметінің қағидалы
ережелерін анықтады, лизингтің заңи базасын, лизинг субъектілерінің
сипаттамасын, лизинг мүлкінің кездейсоқ апат болуын, жоғалуын, лизинг
берушінің лизинг мүлкін сатып алып лизинг алушының иелігіне пайдалануға,
меншікке беруін және лизинг қатынасын сипаттайтын басқа да
құжаттарды бекітуді қамтиды.
Екінші бағыт лизинг операцияларын жүргізудегі қызметтердің
мамандандырылған жақтарын қамтиды. Белоруссияда материалдық емес активтер
лизинг объектісі бола алады. Ал Украинада лизинг мерзімі аяқталған соң
мүлік міндетті түрде лизинг алушының меншігіне ауысады, сонымен қатар
резидент банктер лизинг операцияларын тек өз қаражаты есебінен жүзеге
асырады. Әзірбайжанда лизинг беруші мен сатушы бір тұлға болуына тиым
салынган. Ал Өзбекстанда мүлік тек кәсіпкерлік мақсатқа ғана берілмейді.
ТМД елдерінде әрекет етуші нормативтік-құқықтық актілер нақты
анықталмаған.
Ресейдің "Рослизинг" компаниясы ТМД елдеріндегі лизинг операцияларын
реттеу үшін ТМД елдерінің лизинг конференциясын құруды ұсынады. Сонымен
қатар халықаралық лизинг қатынасын жолға қоюдың басқа жолдары
қарастырылуда.
Жалпы алғанда лизинг ТМД еддерінің арасында өндірістік-шаруашылық
дамуының негізі қалануына онды әсер етуі тиіс деп ойлаймыз.
1.2. Лизинг ұғымы, нысаны және түрлері. Лизинг шартының ерекшеліктрі.
Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы белгілеген сатушыдан
мүлікті меншікке алып, лизинг алушыға уақытша кәсіпкерлік мақсатта
пайдалануға беруге міндеттенеді. Лизинг беруші мүлікті өз қажеттері үшін
емес, жалға беру үшін сатып алады. Әдетте, сатушының міндеттерін орындауы
жөнінде лизинг беруші лизинг алушының алдында жауап бермейді. Шарт заты
жылжымайтын мүлік болса ол мемлекеттік тіркеуден өтеді, жылжитын заттың
лизингі жылжитын мүлік кепілін тіркеу органдарында міндетті
тіркеуден өтеді.
Лизинг беру қызметін жүзеге асыратын банктер мен жекелеген банк
операцияларын жүзеге асыратын басқа ұйымдар ҚР Ұлттық Банкінен лицензия
алуы тиіс. Басқа тұлғалар лизингті лицензиясыз жүзеге асырады.
Лизингтің нысандары:
- ішкі лизинг – шарттың тараптары түгелдей ҚР резиденттері болады;
- халықаралық лизинг – лизинг алушы немесе лизинг беруші ҚР
резиденті емес.
Лизингтің түрлері:
- қайтармалы лизинг – сатушы затты лизинг берушіге сатады және өзі
ол затты қайтадан лизинг алушы ретінде жалға алады;
- банк лизингі – бұл жерде лизинг беруші банк болады;
- толық лизинг – бұл жағдайда затты техникалық жабдықтауды,
ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг беруші орындайды;
- таза лизинг - бұл жағдайда затты техникалық жабдықтауды,
ағымдағы жөндеу жұмыстарын лизинг алушы орындайды;
Лизинг заты үйлер мен ғимараттар, машиналар, қондырғылар, көлік
құралдары, жер учаскелері т.б. тұтынылмайтын мүлік. Лизинг беруші мүлікті
сатып алуға, оның лизингке берілетіндігін сатушыға хабарлауға, затты лизинг
алушыға беруге міндетті және лизинг төлемдерін, шығындарын талап етуге,
лизинг алушының шартты орындауына бақылау жасауға, затты
қайтару кешіктірілгенде сол уақытқа лизинг төлемдерін талап етуге құқылы.
Лизинг алушының құқықтары затты иелену, пайдалану, заттың сапасы
жөнінде лизинг берушіге талаптар қою, ол шартты бұзған жағдайда лизинг
төлемдерін тоқтату, шарт тоқтағанда алдын ала берілген төлемдердің
қайтарылуын талап ету, зат берілмесе,кешіктіріліп берілсе, заттың сапасында
кемшіліктер болса одан бас тарту немесе ауыстырылуын талап ету, шығындарын
талап ету, пайдалану жағдайлары нашарласа лизинг бағасын төмендетуді талап
ету. Ал, міндеттері: дұрыс ұсынылған затты қабылдау, лизинг төлемдерін
кешіктірмеу, затты шартқа сәйкес пайдалану, заттың күтімін қамтамасыз ету,
жөндеу жұмыстарын жүргізу т.б. Бір тарап өз міндеттерін орындамаса, екінші
тарап шартты біржақты негізде тоқтата алады. Бұл жағдайда зат лизинг
берушіге қайтарылады.
Қазақстан Республикасының "Қаржы лизингі туралы" 2000 ж. 15 шілдедегі
заңына сәйкес лизинг қызметі инвестициялар таратуға бағытталған. Лизингтің
инвестициялық қызметтің бір түрі ретінде ерекшелігіне мыналар жатады,
біріншіден лизинг беруші лизинг шартының пәні болып табылатын
мүлікті сатушыдан алып көрсетілген мерзімде лизинг алушыға белгілі бір
бағада, белгілі бір мерзімге анықгалған жағдайда уақытша иеленіп
кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға береді, екіншіден лизинг алушы лизинг
шартына сәйкес кезеңдік төлемдерді түрақты төлеп тұруға
міңдеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі лизингті мүлік жалдау
шартының бір түріне жатқызады (ҚР АК 564 бабы). Негізінен мұнда лизингке 8
бап арналған.
Қазақстан мамандарының бір тобы лизинг процесі лизинг операциясына
қатысушылар арасындағы мүліктің ауысуына байланысты қалыптасатын мүліктік
қатынастар кешенін білдіреді деп санайды. Лизинг экономикалық және құқықгық
категория ретінде кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрін білдіре отырып, бос
жатқан қаржыларды қаржы лизингі бойынша лизинг беруші белгілі бір мүлікті
шарт бойынша сатушыдан алып оны лизинг алушыға төлем үшін кәсіпкерлік
мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.
Ресей ғалымдары лизингке мынадай анықтама береді, "Лизинг - бұл
кәсіпкерлік қызметтің бір түрі, оны жүзеге асыру кезінде бос жатқан
қаржыларды инвестиция ретінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерді
арнайы алып шарт бойынша жеке немесе заңды тұлғаларға анықгалған мерзімге
кәсіпкерлік мақсатта қолдануға береді".[4]
Лизингтің инвестицияландырудың басқа тәсілдерінен артықшылығы мынада:
кәсіпкерге ақшалай қаражат берілмейді, кәсіпкер көрсеткен техника-
экономикалық сипаты бар өндіріс құралы тікелей беріледі. Осының нәтижесінде
кәсіпкер бірден өнім шығаруға немесе қызмет көрсетуге мүмкіндік алып,
тұскен кірістен лизинг компаниясымен есеп айырысуға мүмкіндік алады. Арнайы
әдебиеттерде лизингтің үш түрін көөрсетеді:
1. Қысқа мерзімді жалдау. Ол 1 күннен 1 жылға дейін машиналар,
құралдар, көлік құралдары және басқа техника құралдарын жалға
алушыға кейін иелену құқығынсыз беруді қамтиды;
2. Мүлікті орта мерзімді жалдаулау 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді
қамтиды;
3. Мүлікті ұзақ мерзімді жалдауға алу 3 жылдан жоғары мерзімді
қамтиды.[5]
Қазақстан Республикасының "Қаржы лизингі туралы" Заңының 3 бабына сәйкес
лизингтің екі нысаны көрсетіледі: ішкі және халықаралық. Ішкі лизингті
жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан
Республикасының резиденттері болып табылады. Ал халықаралық лизингті жүзеге
асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының
резиденті болып табылмайды.
Халықаралық лизинг, лизинг қызметінің нәтижелі нысаны болып табылады.
Өкінішке орай Қазақстан заңдарында лизинг қызметі арқылы инвестиция тартуға
көп көңіл бөлінбеген.
Халықаралық лизинг лизинг алушыларға машиналарды, құрал-жабдықтарды
олардың мүддесін көздей отырып белгілі бір бағаға, мерзімінде жеткізуге
үлкен мүмкіндік береді. Халықаралқ лизингті тікелей және жанама деп бөлу
қарастырылған. Тікелей халықаралық лизинг кезінде жасалатын мәмілеге
қатысушылар әр елден болатынын білдіреді. Ал жанама лизингте лизинг беруші
мен лизинг алушы бір тараптың заңды тұлғалары болады және лизинг берушінің
капиталының жинақгалуъша шетелдіктер қатысуын кдмтиды.
Сонымен қатар экспорттық және импорттық лизинг бөлу қарастырылған.
Экспорттық лизинг кезінде лизинг беруші лизинг пәнін ұлттық фирмадан сатып
алады, ал содан соң оны шетелдік лизинг алушыға береді. Импорттық лизинг
кезінде құралдар немесе басқа да лизинг пәні шетелдік лизинг алушыға
иеленуге және пайдалануға беріледі.
Халықаралық лизинг рыногына шығу кезінде валюталық, кедендік, салықтық
және басқа да салалардың нормативтік-құқықгық процедурасын білу қажет болып
табылады. Жалдау қатынастарын реттеуші халықаралық құқықтық қалыптардың
ұлттық заңдарыдан бірқатар ерекшеліктері бар. Сонымен қатар терминологиялық
ерекшеліктері де бар.
Ары қарай елдердің үлттық зандарының өз үлттық ерекшеліектері бар.
Мысалы, Англияның заңы жалдау шарттары кешенінен лизинг мәмілесінің
анықгамасын бөліп көрсетпейді.
АКШ-тың сауда Кодексі лизингтің талабына жалға алушыдың мүлікті лизинг
алушының тапсырмасы бойынша иеленіп пайдалануын жатқызады.
Францияның заңына сәйкес лизинг мәмілесінің негізгі белгісіне мүлікті
шарт бағасына сай жалдау төлемақысы өтелген соң иелену жатқызылады.
ТМД елдерінің зандары ішінде Қазақстан заңына Ресей Федерациясының
заңдары жақындау болып табылады. Ресей зандары кең ауқымды қамтиды. [6]
ҚР заңдарында лизинг нысанына байланыста заңдарды қолдану нақгы
анықгалмаған. Қаржы лизингі туралы Заңның 1 бабына сәйкес қаржы лизингі
туралы заңдар ҚР конституциясына негізделеді және Қаржы лизингі туралы
заңынан Азаматтық Кодекс пен ҚР басқа да нормативтік құқықтың актілерінің
нормаларынан тұрады дейді. Егер ҚР бекіткен халықаралық шарттар Қазақстан
Республикасының "Қаржы лизингі туралы" Занында көзделген өзгеше ережелер
белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады дейді.
Осы заңның 25 бабына сәйкес лизинг қызметіне Қазақстан Республикасының
шетелдік инвестициялар туралы және тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы зандарында көзделген инвестициялық қызыметті жүзеге асырудың
құқықгық және экономикалық тәртібі қолданылады.
Қазақстан Республикасының "Қаржы лизингі туралы" Занына сәйкес лизингтің
бірнеше түрі бар. Қайтарып алынатын лизинг кезінде сатушы, осы лизинг пәнін
кейін лизинг алушы ретінде кері алады. Ал банктік лизингтің ерекшелігі
лизинг беруші банк болып табылуында.
Лизинг пәніне техникалық қызмет көрсету мен оны қатардағы жөндеуді
жүргізуге байланысты толық лизинг және таза лизинг бар. Әдебиттерде
оперативті лизингтің екі түрін көрсетеді. Ол толық сервисті лизинг және
жартылай сервисті лизинг.
Ал Ресей заңдарында қаржы лизингі, қайтарымды лизинг және оперативті
лизинг бөлініп көрсетілген. Қаржы лизингі кезінде лизинг беруші лизинг
алушының көрсеткен мүлкін оның меншігіне белгілі бір сатушыдан алуға және
оны лизинг алушыға белгілі бір төлем үшін, анықталған мерзімге уақытша
иеленіп пайдалануға беруге міндеттенеді. Ал қайтарымды лизинг анықтамасы
Қазақстан заңындағы анықтамаға үқсас. Лизинг пәні лизинг алушының меншігіне
шарт мерзімі аяқталған соң немесе лизинг алушының шартта көрсетілген ақша
сомасын толық төлеген соң өтеді. Бүл анықтама Қазақстан заңының 2 бабындағы
қаржы лизингі анықтамасына ұқсас болып табылады.
Ресей заңы бойынша оперативті лизинг кезінде лизинг беруші өзіне тәуекел
ала отырып лизинг алушыға мүлікті лизинг пәні ретінде береді. Онда оның
төлемі, мерзімі анықталған жагдайда иеленуі мен пайдалануы көрсетіледі.
Оперативті лизингтің ерекшелігі мынада: лизинг пәні шарт мерзімі аяқталған
соң лизинг алушыға ауыспай лизинг берушіге қайтарылады. Бұлай бөлу әрбір
лизинг түрін ашып көрсетіп, қүрылымы жағынан шетелдік лизинг түрлеріне
жақындатады. ҚР "Қаржы лизингі туралы" Заңында лизингті мерзімі бойынша
бөлу қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының "Қаржы лизингі туралы" заңының 4 бабына сәйкес
лизинг пәні үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықгар, қүрал-саймандар, көлік
күралдары жер учаскелері және кез келген басқа да тұтынылмайтын зат болуы
мумкін. ҚР Азаматтық Кодексі 117-бабына сәйкес лизинг пәні крэталмайтын
иемесе қозталатьш мүлік болуы мүмкін. Заңның 4 бабыньщ 2 тармағына сәйкес
бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысаны бола алмайды. Айта
кететін бір нәрсе, Қазақстан заңы бойынша жер учаскелері лизинг нысаны бола
алады, ал Ресей заңында жер учаскелері лизинг нысанынан алынып тасталған.
Лизинг пәніне кез келген түгынылмайтын заттардың жатқызылуының үлкен
маңызы бар, яғни заң лизинг пәніне кең талдау берген. Заңи саралауға сәйкес
тұтынылатын заттарға тамақ өнімдері, электр энергиясы және т.б.
жатқызылады, ал тұтынылмайтын заттарға тұтыну процессі кезінде
амортизацияланатын заттар жатқызылады. ҚР АК-де тұтынылатын және
тұтынылмайтын заттар классификациясы берілмеген. Ал заңның 2 бабында
тұтынылмайтын заттар пайдалану кезінде тозатын, бірақ табиғи қасиеттерін
жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп көрсетілген. Сонымен
қатар ҚР Азаматтық Кодексінің 566 бабында да лизинг нысанының анықтамасы
берілген.
Заңның 4 бабына сәйкес, кейбір жағдайларда занда анықталса белгілі бір
заттар мен жер учаскелері лизинг нысаны бола алмайды. Бұл көп жағдайда ауыл
шаруашылығы жерлеріне жеке меншікке деген қарама-қарсы көзқарастардың
болуына байланысты.
Заңның 2 бабында лизинг мәмілесінің негізгі үш қатысушысы көрсетілген:
лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы. Олар кәсіпкер болып табылатын жеке
түлғалар мен заңды түлгалар болуы мүмкін. Заңда лизинг операциясына
қатысушыларға мынадай анықгама берілген:
1. Лизинг беруші — тартылған ақша немесе өз ақшасы есебінен лизинг
нысанын өз меншігіне сатып алатын және оны жзинг шартының
талаптары негізінде лизинг алушыға беретін жзинг қатысушы.
Заңца лйзинг берушінің бір мезгідце лизинг мәмілесінің басқа
қатысушысы ретінде іс-қимыл жасауға құқығы жоқтығы тікелей
көрсетілнген. Бүл жағдай кейбір тұлғалардың лизинг қатысуын
шектейді мысалы, лизинг нысаны болып табылатын затты өндіруші
немесе сатушы өздері сататын болган хагдайларда кездесуі
мүмьсін;
3. Лизинг алушы — лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік
мақсаттар үшін лизинг нысанын қабылдайтын лизинг мәмілесіне
қатысушы;
4. Сатушы — лизинг нысанын сатып алу-сату шарты немесе лизинг
шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен
лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншгіне
өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы болып табылады.
Бұл жерде лизинг берушінің негізгі ролі лизинг мәселесін қаржылай
қамтамасыз ету болады. Көп жағдайда лизинг беруші ретінде мамандандырылған
лизинг компаниялары болып, белгілі бір ұйымдық құқықтық нысандағы
коммерциялық ұйымдар қызмет көрсетеді. Лизинг беруші болып табылатын
ұйымдар акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік
нысанында кұрылады.
Лизинг мәмілесіне қатысты Ресей тәжірибесі көрсетіп отырғандай
құрылтайшылары үлкен қаржы үйымдары болып табылатындықган лизинг
компаниялары жетісті әрекет жүргізіп отыр. Ресейдің "Лизинг туралы" заңына
сәйкес, компаниялар құрылтай қүжаттарында лизинг беру функциясын
көрсетеді және занда анықгалған тәртіппен лизинг қызметін жүзеге асыру үшін
рұқсат алуы керек (Заңның 5 бабы).
ҚР "Қаржы лизингі" туралы заңының 10 бабына сәйкес, лизинг беруші
ретінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды ҚР Ұлттық банкі
жүргізеді.
Лизинг қызметіне қатысушылар ішінде атап өтетін қатысушыларға
сақтандырушылар (сақтандыру компаниялары), банктер (несие беруші мекемелер,
инвесторлар), гарант (кепіл берушілер) жатады. ҚР "Қаржы лизингі туралы"
Заңында мәмілеге қатысушы басқа түлғалардың құқықгары мен міндеттері жеке
қарастырылмаған. Тек Заңның 15 бабында ғана лизинг шартының мәнді жағдайы
ретінде лизинг нысанын сақтандыру атап өтілген.
Сақтандыру компаниялары лизинг мәмілесіне қатысушылардың мүлкін және
лизинг берушінің лизинг нысанын алуга бөлген несиесінің қайтарылу тәуекелін
сақтандырады.
Сақтандыру зандарының ары қарай дамуы лизинг қызметінде сақтандыру мен
қайта сақтандыруға шетелдік сақтандыру компанияларының үлесті қатысуына
мүмкіндік бере алады.
Банктер лизинг берушінің лизинг нысаны ретінде мүлік алуына және лизинг
берушінің несие беру функциясын орындайды.
Ал кепіл болушы кез келген жеке тұлға немесе заңды түлға болуы мүмкін.
Олардың негізгі міндеті борышқордан алынатын соманың уақытында төленуін
қамтамасыз ету болып табылады. [7]
Заң нормасында сублизинг институты көрсетіліп өткен. Сублизинг — шарттық
қатынас, оған сәйкес лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен
иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді. Жоғарыдағы
ережеден үшінші тұлғалар лизинг алушы ретінде анықталады деген тұжырым
жасауға болады. Лизинг заңдары және басқа да заң актілеріне сәйкес лизинг
катынастарының субъектілері болып кәсіпкер немесе занды тұлғалар қатыса
алады.
Лизинг мәмілесінде сатушы болғандықтан, сатушының және лизинг берушінің
(осы жағдайда сатып алушы болып табылатын) кұқықтары мен міндеттері сатып
алу-сату шартының ережелерімен анықталады. ҚР "Қаржы лизингі туралы"
Заңының 15 бабына сәйкес лизинг шарты үш жақты болып табылады: лизинг
беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушымен келісілген лизинг нысанын
сатушыдан өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға арнайы төлемақы үшін
уақытша иеленуге немесе кәсіпкерлік мақсаттар ушін пайдалануға беруге
міндеттенеді. ҚР Азматтық Кодексіне сәйкес лизинг шарты заңдық
классификациялау бойынша үш жақты, консенсуалды, ақылы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 567 бабына сәйкес лизинг
шартының елеулі жағдайлары мынадай болады:
- мүлік сатушының атауы;
- лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі;
- төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;
- шарт мерзімі;
- егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе,
осындай көшудің талаптары.
ҚР "Қаржы лизингі туралы" Заңының 15 бабында жоғарыда көрсетіліп өткен
елеулі жағдайларға қосымша талаптар қамтылған:
- лизинг нысанының құны;
- лизинг нысанының сипаттамасы;
- лизинг нысанын күтіп ұстау мен жөндеу тәртібі;
- лизинг нысанын сақтандыру;
- лизинг берушінің атына лизинг нысанын мемлекеттік тіркеу
міндеттерін тараптардың біріне жүктеу;
- лизинг алушының шарт бойынша міндеттерін орындауына лизинг
берушінің бақылау жасау тәртібі;
- тараптардың жауапкершілігі.
Жоғарыда аталып өткен жағдайлар жоқ болған жағдайда лизинг шарты
жасалмаған деп танылады. Заңға сәйкес лизинг шарты міндетті түрде жазбаша
нысанда жасалуы тиіс.
Лизинг беруші, лизинг алушының алдында лизинг нысанын таңдау, сатып алу-
сату шартынан туындайтын сатушының міндеттерін орындауы үшін жауапкершілік
алмайды.
Сатушының жауапкершілігі мынадай болып табылады: ол лизинг беруші мен
сатушының арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жағдайында лизинг
алушының алдында тікелей жауап береді. Бүл жағдайда лизинг алушы, Азаматтық
Кодексте көрсетілген сатып алушының құқықтары мен міндеттерін
иеленеді. Етер сатушы лизинг алушының талаптарымен келіссе, онда лизинг
алушыға лизинг нысанын беру жағдайын өзгертуді міндетті түрде лизинг
берушімен келісу керек.
Лизинг беруші сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының
орындауы үшін жауапты болады.
Лизинг қызметінің басқа шаруашылық жүргізу нысандарымен көптеген ортақ
үқсастықтары бар (жалдау, несие беру, сатып алу-сату, кепіл және т.б.). Бұл
нысандарды сараптау мен салыстыру оның ерекше аспектілерін көрсетіп лизинг
мәнін тереңірек үғынуға септігін тигізеді.
Негізінен қарастырсақ бұл лизинг пен жалдау санаттарының арақатынасы
болып табылады. Бұл мәселе туралы көптеген пікірталастар бар. Бірінші
көзқарас бойынша мүлік жалдау (жалдау) және лизинг арасында ешқандай
айырмашылық жоқ. Олардың негізге алатыны кейбір елдердің лизинг туралы
арнайы заңдары жоқ, ал лизинг қызметіне байланысты туындайтын мәселелер
жалдау туралы құқықтық нормалар шеңберінде шешіледі. Ал Қазақстан
Республикасында нарықтық қатынастар енді даму үстінде болғандықтан лизингке
біз басқа нормаларды қолдана алмаймыз.
Міне сондықтан лизингті басқа да шарттармен салыстыра отыру негізінде
қосымша нормативті актілер кешенін дайындау қажет секілді.
Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделедi және Қаржы лизингі туралы Заңның, Азаматтық кодекс пен
Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
нормаларынан тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан
Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше
ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қаржы лизингi - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және
лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр
төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк
мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн
инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг
нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
- лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе)
лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып
алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
- лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң
75 пайызынан асады;
- лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық
(дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90
пайызынан асады;
Лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг
нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының
талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің
шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-
қимыл жасауға құқылы емес;
Лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай кәсiпкерлiк мақсаттар
үшiн лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
Лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау
жөнiндегi қызметi;
Сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе
лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг)
ретiнде iс-қимыл жасай алады;
Лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке
тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын
заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын
жеке және заңды тұлғалар;
Лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға
уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг
берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг
шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.
Лизингтiң түрлерi:
- қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг
нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы
ретiнде лизингке алу талабымен сатады;
- қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг
нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда,
Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн
лизингтiң бiр түрi;
- банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк
болып табылады;
- толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына
техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг
берушi жүзеге асырады;
- сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) Заңның 2-бабына
сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған
және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және
сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге
және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг
берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;
- таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына

алушы жүзеге асырады.
Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк
құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар -
лизинг нысанасы бола алады. [8]
Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг
нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты
тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг
алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг
нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.
Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген лизинг нысанасына
меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай
мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының
қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген
болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды
қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде
сақталады. Лизинг алушы жойылған немесе банкротқа ұшыраған кезде лизинг
нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға тиiс. Лизинг алушы банкротқа ұшыраған
кезде лизинг нысанасы конкурстық массаға енгiзiлмейдi. Лизинг нысанасына
тыйым салуға және оны тәркiлеуге жол берiлмейдi. Егер лизинг шартында
өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған
өнiм және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай
дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады.
Лизинг алушы өз қаражаты есебiнен және лизинг берушiнiң жазбаша келісімімен
лизинг нысанасына зиян келтірмей ажыратуға болмайтындай дәрежеде жақсарту
жүргiзген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса, оның
шарт тоқтатылғаннан кейiн осы жақсарту құнының өтемiн алуға құқығы бар.
Лизинг алушы лизинг берушiнiң келiсiмiнсiз жүргiзген ажыратуға болмайтындай
дәрежедегi жақсарту құны, егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында
өзгеше көзделмеген болса, өтелуге жатпайды. Лизингке тапсырылған мүлiктiң
меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығының басқа тұлғаға
көшуi лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға негiз болып табылмайды. Бұл
орайда лизинг шартында айқындалған лизинг берушiнiң құқықтары мен
мiндеттерi жаңа меншiк иесiне көшедi.
Сублизинг. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг
шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша
келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда
сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде
әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн айқындалатын
құқығы бар және жауаптылықта болады.
Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн төлеу
жөнiндегi өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг берушінің
жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа
жасауға болмайды. Егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше
көзделмеген болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер
қолданылады. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын
мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға
әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң
пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына
сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг
берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.
Егер лизинг шарты Заңда, Азаматтық Кодексте немесе басқа заң актiлерiнде
көзделген негiздемелер бойынша заңсыз деп табылса, соған сәйкес жасалған
сублизинг шарты да заңсыз болып табылады.
Лизинг алушыға оның лизинг нысанасына құқығын қорғау меншiк құқығын
қорғаумен тең дәрежеде қамтамасыз етiледi. Лизинг алушының лизинг шартының
қолданылу кезеңiнде талап-арыз беруге және өзiне тиесiлi құқықтарды өз
атынан өзге де жолмен қорғауға құқығы бар. Лизинг шартында лизинг алушының
лизинг нысанасын алдын ала анықталған баға бойынша өз меншiгiне сатып алу
жөнiндегi құқығы не мiндеттемесi көзделуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда
лизинг беруші ретінде банктердің лизинг қызметiн лицензиялауды қаржы рыногы
мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган жүргiзедi. Жеке кәсiпкерлер болып табылатын өзге заңды
тұлғалар мен жеке тұлғалар лизинг берушi ретiнде лизинг қызметiн
лицензиясыз жүзеге асырады.
Лизинг пен жалдау. Мүлік жалдау және лизинг арасында қағидалы
айырмашылық жоқ. Егер жалдау топтық үғым болса, онда лизинг осы топтың жеке
түрі болып табылады.
Лизингтің жалдаудан айырмашылығы лизинг беруші лизинг алушының
тапсырмасы бойынша белгілі бір мүлікті сатушыдан сатып алуға міндетті болып
табылады. Сонымен лизинг бойынша шарттың қатынасы үш субъект қатысады:
лизинг беруші, лизинг алушы және лизинг нысанын сатушы. [9]
Қаржы лизингі объектісін құраушы қозғалатын мүліктің барлық түріне жедел
амортизациялау механизмі қолданылады. Сонымен қатар лизинг жүйесі
амортизациялық төлемдердің негізгі бөлігін 'гөлеуді кейінгі кезеңге
қалдырады және бүл төлемдерді гөлеу негізіңде жабдықгар өкім Іпығарудың
жоғары деңгейіне кетеді деп есептеледі.
Лизинг алушыға мүлік келіп түскен сәттен бастап мүліктің шасымен қатысы,
жеткізу мерзімі және сатушының басқа да мівдеттерін орындамаған жагдайда
талап қоя бастауға құқылы.
Осының нәтижесінде лизинг алушының алдында мүліктің меншік иесі емес
(лизинг беруші), лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы шартқа қатысушы
дайыңдаушы жауап береді.
Лизинг төлемін мерзімінде төлеп отыру жабдықгарды бөлшектеп өтей отырып
сатып алуды білдірмейді, өйткені бұл жерде сатып алу-сату немесе кейінге
қалдырып сатып алу болып табылмайды. бірақ егер шартта немесе заңда
көрсетілсе лизинг заты лизинг алушының меншігіне төлемі өтелген кезде толық
өтуі мүмкін.
Жалдау мен қаржы лизингінің өзара айырмашылығы өндіріске жіберілген және
өнімді таратуға байланысты шығындарды өтеу мәселесінен көрінеді. Лизинг
қызметін жүзеге асыру кезінде тауардың өзіндік құнына жалдау объектісінің
төлемі қосылады.
Лизинг және прокат шарттарының арасындағы ұқсастық мүлікті ақылы және
уақытша иелену мен пайдалануда болып табылады. Ал айырмашылықтары - прокат
шарты бойынша жалға алушы жалға берушідегі мүлікті ақы төлеп уақытша
пайдалануға алады және оны дайындаушыдан көрсетіп ала алмауында болып
табылады.
ҚР Азаматтық Кодексінің 595 бабына сәйкес прокат шарты бойынша берілген
мүлік тұтынушылық мақсаттарда пайдаланылады. Ал 596 бап бойынша бүл шарт
бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады. 599 бап мүлікті пайдаланғаны үшін
төлемақыны мерзімдік немесе бір жылға енгізілетін, тұрлаулы сомада
белгіленген төлемдер түрінде көрсетеді.
Лизинг және несие беру шарты. Егер тікелей несие беруде кәсіпорын
қаржыны пайдаланғаны үшін пайыздар төлесе, лизинг кезіндегі төлемде
салықтар төмендетіліп төленеді.
Лизинг мәмілені қаржыландыруды толық қамтамасыз етсе несие беру тек
жартылай қамтамасыз етеді. Лизингтң тікелей несиемен қамтамасыз етумен
салыстырғанда елеулі артықшылығы - лизинг мүлкі лизинг беруші меншік
иесінің балансында көрсетіле отырып лизинг алушының баланстық жағдайын
жақсартуға әсер етуі мүмкін. Ол лизинг берушіге қосымша қарыз қаржысын
жасауға мүмкіндік береді.
II. ЛИЗИНГ ҚЫЗМЕТІ
2.1. Лизинг мәмілесінің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.
Қаржы лизингі мәмілесін жүзеге асыру барысында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz