Мәтінді баяндай білу
диплом жұмысы
Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға дағдыландыру
М а з м ұ н ы:
. Кіріспе 3
2. Негізгі бөлімі
I -тарау Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін
құрастыруға дағдыландыру 8
Мәтін және оның сипаттамасы мен анықтамасы 8
Мәтіннің мазмұндық қүрылымы мен түрлері 13
ІІ-тарау Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс 25
II. 1 Бастауыш сынпытарда мәтінмен жұмыс істеу әдісі... .25
II.2 Сөздік қорды бастауыш сыныптарда дамыту
ерекшеліктері 36
Қорытынды 50
Пайдаланылган әдебиеттер 54
Диплом жұмысының көкейтестілігі
Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн
тәртібіне өткір қойылуда. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін
дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан
баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін қүрастырудан басталады. Демек, сөйлеу
тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны қүрастыра білу
икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады.
Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін қүрастыра
білу - қажетті мәселе.
Тақырыптың теориялық қолданылымы
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін
оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі.
Бүгінгі күннің тілек-талабы түрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір
талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман
ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Ол үшін:
ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
мәтіннің қүрылымын анықтау;
мәтіннің жасалуы үшін оны қүрайтын элементтерді, сөйлем
қайырым ерекшелігін көрсету;
мәтіннің түрлері туралы мәлімет беру;
- мәтш құрастыру туралы икемділіктері мен дағдыларын шығарма
жаза білу шеберліктеріне ұластыру.
Олай болса, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы
жүйелі білім, теориялық негіз берілуі керек.
Тақырыптың практикалық қолданылымы
Жалпы ауызша және жазбаша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан
басталады дедік. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып,
жаттығулар жүйесінде дамытуға болады. Тілді үйретіп, дамытуға қатысты
А.Байтүрсынүлы төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды үсынған:
Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
Мәтін көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының
ұғымына таныс және жақын болуы керек.
Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдыр, қызық
әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
Тілді оқытуда тіл үстартуға көркемсөзге де ден қойғаны дұрыс.
Қазақ тіл ғылымының негізін салуына А.Байтүрсынүлының қағидалары мен
тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу
мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи
түседі.
Диплом жұмысының ғылыми болжамы
Қазақ мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары ана тілінің қасиеті мен
байлығын бірі игертуге, екіншісі білуге ұмтылып отырса ғана ана тіліміздің
алдындағы перзенттік борыштарымызды өтей аламыз.
Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстары мынандай бағытта жүргізілсе:
Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-
қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне
қаратып баулып алуы яғни тіл мәдениетінің жоғары болуы
шарт.
Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса.
Өтілетін мәтіндер, жаттығу жұмыстар қазақ баласының
халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы.
Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу.
Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны
іс жүзінде қолдана білу.
Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты
жазуға үйрету.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті
Қазіргі қазақ тіл білімінде мәтін мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде.
Сондықтан қазіргі мәтін туралы білім негізін беру мектеп бағдарламасында
қарала бастады. Яғни, мәтіннің қүрылымдық, мазмұндық ерекшеліктер туралы
мәліметтер беріле бастады. Демек,
мәтін тураыл мәселе қазіргі тіл білімінде маңызды мәселе болып
табылатындықтан, диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналған.
Жұмыстың мақсаты: - "Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруға дағдыландыру".
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
Мәтіннің сипаттамасы.
Мәтін, оның құрылымын анықтау.
Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс істеу.
Сөздік қорды бастауыш сыныптарда дамыту ерекшеліктері.
Диплом жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды:
тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Диплом жұмысының зерттелу объектісі әдебиеттерді талдау барысында
мәтіннің анықтамасы туралы бір тұрақты пікір қалыптаспағандығы анықталды.
Біздің елімізде XX ғасырдың 2-ші жартысынан бастап лингвистердің,әдіскер-
ғалымдардың назарын аудара бастады.
Мәселен, А.Байтүрсынұлы, М.Жұмабаев, А.Айғабылов, Х.Арғынов, Б.Шалабаев,
Т.Қордабаев, А.Жаппаров сынды ғалымдар еңбегін ерекше атауға болады. Яғни,
мәтіннің кейбір мәселелері өз шешімін тапқан деп айта аламыз.
Әйтсе де, мәтін синтаксисіндегі оның құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері
туралы мәліметтер қазақ тіл білімінде әлі де маңызды мәселе болып
табылатындықтан диплом жұмысының зерттелу объектісіне арналған.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттердің тізімі және сілетемелерден тұрады.
I тарау. Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін құрастыруға дағдыландыру
1.1. Мәтін және оның сипаттамасы мен анықтамасы
Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: "Білім
берудің гуманитарлық сипаты, онда дама жай зерттеу объектісі ретінде ғана
емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет
үлгілерін дүниеге әкелгенәрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысы мен
баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді", - делінген. Бұл айтылғандар
оқытудың басты мақсаты оқушыларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту
дегенді аңғартады. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін
арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте
көп. Мысалы, "Бұлақ көрсең - көзін аш", "Оқу өрге тартады, надандар жерге
тартады", "Тіл - ақылдың өлшемі", "Тілі жеткенше сөйлеген - шепіен, қолы
жеткенше сөйлеген - көсем" деген этикалық ережеге айналған даналық
сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту бастауыш мектеп оқушыларын
тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді.

тәртібіне өткір қойылуда. Ал сөйлеу ауызша және жазбаша болатын белгілі.
Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен
әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге
үйрету мәтін
құрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін
туралы түсінігі мен оны қүрастыра білу икемділіктері мен дағдылары
қалыптастырылады.
Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырып, сөйлем арқылы
жасалатыны белгілі. Сөйлем-синтаксиситің қарастыратын нысаны. Сөйлем жай
және күрделі болады. Яғни құрмалас сөйлемнің анықтамасы: "Екі я бірнеше жай
сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді" деген піірімен анықталады.
Ал, бірнеше емес, ондаған сөйлемнің мәні де сол сөзбен түсіндіріліп, оны
қайырым (абзац) деп, мәтіннің мәні ашылмай жүр. Сондықтан қазақ тіл
біліміде, ғылыми әдебиеттерде, мектеп оқулықтарында мәтін туралы түрліше
түсіндіру байқалады. Мәселен, мәтін түзетоі қайырымды белгілі бір үзінді,
жаңа ойдың басталуы десе, мәтін сол шығарманың формасы деп те жүр.
Бұл пікірлерге қарағанда мәтін дегеніміз сөйлемдер арқылы жасалған
шығарманың толық түрі, немесе мазмұнды өлшемі екендігін байқаймыз. Олай
болса, оқушыларды мәтін түзе білуге жаттықтыру үшін мәтін туралы жүйелі
білім, теориялық негіз берілуі керек.
Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты
тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары
мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарнға жауап беру және шығарма,
мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады. Тіл дамыту жұмыстары мынандай
бағытта жүргізілсе: 1. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-
қатынас
жасағанда ьәсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баулап
9
алуы яғни тыңдаушысын тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;
Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса;
Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары,
иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық
ұғымына таныс және жеңіл болуы;
Тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдыр, өлең-жыр, ойақы
қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеп алыну керек;
Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу;
Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс-
жүзінде қолдана білу.
Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер қүрату және
ауызекі сөзде қолдана білу.

Демек: мәтін түзе білу үшін, ең алдымен, мәтіннің мазмұнына сай
сөйлемдердің қүралатыны туралы білім қалыптастырылады.

білу қажетті мәселе. Сондықтан баланы шығарма жазуға үйретуден бүрын мәтін
қүрастыра білу икемділігі мен дағдысы қалыптастырылады. Ол үшін:
Ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
Мәтіннің қүрылымын анықтау;
Мәтіннің жасалуы үшін оны қүрайтын элементтерді, сөйлем
қайырым ерекшелігін көрсету:
Мәтіннің түрлері тураыл мәлімет беру;
10
- Мәтін құрастыру туралы икемділіктері;
Сондықтан бұл құралдың мақсаты баланың өз ойы жүйелі жеткізе білу үшін
сөйлеудің нәтижесі мәтін қүрастыру дағдылары мен икемділіктерін жетілдіру
болды.
Лингвистика ғылымында мәтіннің табиғаты жайында бірнеше көзқарастар
белгілі. Зерттеулердің бір тобы мәтіннің өзіндік белгілері, категориялары,
тұлға, бірліктері бар нысана ретінде қарастырады. Ал, екінші тобы арнайы
мәтін теориясын қүрылудың қажеті жоқ деп, мәтіннің қызметін байланысқан
сөйлемдерге телиді. Мәселен, А.Айғабылов Мәтін дегеніміз бір тақырыпқа
енетін мағыналық түтастығы бар бірнеше сөйлемнің жиынтығы. Ол тақырып
мазмұнына қарай үзақ та, қысқа да болуы мүмкін, - деп, мектеп оқушыларына
лайықты анықтама келтіреді.
Соңғы кезде көпшілік ғалымдар мойындаған мәселе-мәтін қүрайтын
элементтердің бір-бірімен байланыстылығы мен мазмұн бірлігі. Олай болса,
мәтіннің табиғи ерекшеліктерін ашу үшін, бұл мәселенің зерттелуін
қарастырайық.
Мәтін тек соңғы он жылдықтарда ғана қолға алынып, зерттеле бастады.
Сондықтан мәтіннің қүрылымдық және мазмұндық жағынан зерттейтін тіл
білімінің саласы мәтін лингвистикасы зерттеле бастады. Ал, лингвистикалық
зерттеулердің аясының кеңеюіне байланысты осы жаңа сала шетелдердегі сияқты
біздін елімізде де 60-жылдардың екінші жартысынан бастап лингвистердің
назарын аудара бастады.
Мәтін ұғымы соңғы кезде мәтін лингвистканың зерттеу нысаны бола
отырып, сөйлемдердің мағыналық және қүрылымдык
жағынан байланысқан сөйлемдердің жиынтығы деген мәселемен айтылады. Демек,
зерттеушілердің назары мәтіннің бүтіндік, тұтастық жағынан, оның сөйлемдер
бойынша құрылысындағы ортақ байланыстылық, заңдылықтары мен стилистикасын
анықтоауға аударылуда. Мұндай мәтіннің байланыстылық, тұтастық қабілеті осы
терминнің этимологиясынан да аңғарылғандай-ақ: textum - латын тілінде
байланысу,тоқу дегенді білдіреді.
Тілді үйретіп, дамытуға қатысты Ахмет Байтұрсынұлы төмендегідей тиімді
тәсілдер мен қағидаларды ұсынған.

Мәтін көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ
баласының ұғымына таныс және жақын болуы шарт.
Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-
жырлар, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
Тілді оқытуда тіл үстартуға көркемсөзге де ден қойғаны
Дұрыс.
Ахмет Байтүрсынүлы тілді дамытуда тиімді тәсіл деген әдіс-тәсілдердің әр
түрін үсынған. Әдіскер ғалым А.Байтүрсынүлының қағидалары мен тиімді
тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін
үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдэірмей сөйлетіп үйрету үшін

Бүгінгі күннің тілек-талабы түрғысынан білім мазмұны жаңарту, өмір талабына
орай дамыта оқыту, оқытудың
12
жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге
жауапты істер жүктейді.
Демек, мәтін дегеніміз - өзін құрайтын сөйлемдер мен қайрымдардың жай
қосындысы емес. Оның өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны
өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Яғни мәтіннің
қалыптасқан өзіндік құрылымдық жүйесі бар. Яғни мәтін болу үшін оны
қүрайтын элементтердің олардың бір-бірімен байланыстылығын, яғни түтас
мазмұнын, жасалу қүрылымын ажыратуымыз керек.
I. 2 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері
Көптеген ғалымдар мәтін композицисын (қүрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар:
кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деп Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде
сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мүны тудыратын себептер
айтылады. Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін,
фактілерді, іс-әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөлімінде сөз етіп
отырған тақырыптан алған әсерін, тілек-мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс
деп жүктелейді.
Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауға ғалымдардың пікірлері түрліше. Егер
ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп қараса, көпшілігі тек
жазбаша сөйлеуді мәтінге жатқызады. Алайда мәтіннің мүшеленуі, бөлшектенуі,
мағыналық түтастық және қүрылымдық байланыс сияқты белгілерді барлық
зерттеулер мақүлдайды.
13
Б.Шалабаев - оның тақырыбының болуы белгілі бір ойды хабарлауы тиянақты
аяқталуы тақырыптың бірлікте тұруы, мәтін компоненттерінің жалпы бір ортақ
пікірге бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы, мәтін бөліктерінің, сөйлемнің
байланыстылығы, оның стильдік бірлікте болуы деген пікір айтады. Біздің
ойымызша - мәтіннің жоғары айтылған белгілеріне мына төменгі белгілерді
қосуға боладыдеп есептейміз. Олар: мәтіннің жүйелі басталып, жүйелі
аяқталуы, оны мәтін қүрайтын элементтер (сөйлем, қайрылым) арасында
логикалық және грамматикалық байланыстар қамтамасыз етеді. Мәтіннің
көлемдік қүрылымы - тіл қүралын пайдалана отырып, оның дара және универсаль
мағынасының бейнеленуі, сол мағынаның қайталанбас өзіндік көрінісі.
Б.Шалабаев - мәтіннің универсал мағынасына кеңістік пен уақытты жатқызады.
Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не
нүсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық
терминдер, этнонимдер, табиғаттың не үй жайдың белгілерін бейнелейтін
сөздер, мекендік үстеулер, дилектизмдер экзотиканы білдіретін сөздер және
кісі аттары.
Сөздікте бұлардың біреуі емес, тек кейбіреулері мекендік мағынаны
білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштердің аясы кеңиді.
Шындыққа жүгінсек, тәжірибеде көрсеткендей орыс тілді орта сынып
оқушылары төменгі сыныптардан ауызша баяндау, яғни сөйлеу тілін меңгермей
келеді. Ауызша сөйлеу әңгімелеу дағдысы жетілмей, мәтінді әңгімелеп,
баяндап бере алмайды. Мұның себебі орыс мектебіндегі қазақ тілі -
әдістемесі орыс тілді оқушылардың
14
мәтшмен жұмыс жасауын, жеткіліксіз ескереді, керісшше оқушылар да қазақ
тіліне мән бермейді, мәтінге үрке қарайды. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілі
мазмұнға бай және мәнерлі, көркем болуы үшін мәтін арқылы жаттықтыруды
енгізу қажет. Бұл орайда мәтін арқылы жаттықтыру - тартымды тәрбие. Себебі,
қазақ тілін орыс тілді оқушыларға оқытып, үйретуде мәтіннің алатын орны,
атқаратын қызметі үшан-теңіз, жалпы ауызша сөйлеу, тілді дамыту төменгі
сыныптан басталады дедік. Ал басқыш жоғарылған сайын бұл мәселелер
күрделене түсуге тиісті. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып,
жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін қалыптастыру үшін мына
төмендегі жағдайларды қарастырдық:
Мәтннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну
Мәтінге тақырып беру
Мәтінді баяндай білу
Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.
Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол көркем мәтіннің
негізгі мағынасының бірі болып табылады. Шығарма мазмұнның белгілі бір
шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік қүралдар арқылы көрініс табады. Ең
алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады (жыл, ай, күн т.б.).
Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың аттары, тарихи болмыс, қызмет,
адамның әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекен-үйым, қоғамының т.б.
аттары. Шығармада суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғаларды
да уақыт көрсеткіштері болып табылады.
15
Мәтінде бейнеленетін уақыт 3 түрлі: өткен шақтық, осы шақтық, келер
шақтық болып келеді. Бұлардың әрқайсысының да жеке-жеке тұрғыда көркем
шығарманы баяндау жоспардың негізін қарауы мүмкін. Мәселеде сөз болатын
оқиға, іс-әрекет баяндау кезеңіне сай келу не оның алдында өтуі де, немесе
кейін өтуі де мүмкін.
Немесе нақтылы шығарманы бейнелейтін уақыт түрлерінің бірігіп жымдасуының
көптеген варианттарын кездестіреміз.
Мәтіннің қүрылымдық тұлға бірліктеріне сөйлем, күрделі синтаксистік
түтастық, қайырым жатады. Олардың арасындағы байланыстар логикалық,
грамматикалық және себеп-салдарлық жүйе арқылы іске асады. Онсыз түтастық
белгісі қамтамасыз етілмейді. Мыс: Қырағы бала.
Кешкі уақыт. Күн батып бара жатқан кез. Аспан бұлтсыз, ашық. Таң алдында
жауған қар, үрлетіп боратпаған соң, әлі сол үлпа күйінде көбіктеніп жатыр.
Оның беті сәуле түскен шынындай жылтылдап көз үялатады. Алыстан қар
жамылған тау да мүнартып, бұлдырап көрінеді. Ертеңгі әбден дайындалғаннан
кейін, осындай әдемі, ашық кеште сырғанақ тебуді өте үнататын Самат бір
кісілік шанасын сүйретіп, үй сыртындағы үйілген биік қарға сырғанақ тебу
үшін әдемілеп шыққан еді.
Шана үстінде отырып, танымаған аңға күдіктене қарай қалған Самат одан
көзін тайдырар емес. Жан-жағына жалтақтай, аяғын еппен басып, қардан басы
ғана көрінетін сояу шөптердің арасынан кетіп бара жатқан аңнан көз жазып
қалам ба дегендей, шүқшия түседі.
Бұл мәтінде тақырыбына орай баланың қырағылығы туралы
ақпарат беру үшін мәтін қайырымдарға бөлінген. Ол қайырымдағы
іб
сөйлемдер баланың бір қасиетін анықтау үшін бір-бірімен байланысқан.
Мәселен, бірінші қайырымда кіріспе, яғни оқиғаның уақыты мен орны
сипатталған. 2-і қайырымда баланың тынығу, ойнау әрекетін жүргізетін орны
мен уақыты хабарланады. 3-і қайырымда аңғарғыштық, байқампаздық қасиетін
хабарлайды.
Нәтижеде баланың бір кеште болған әрекеті арқылы оған қорытынды баға
беріледі. Демек, көлемді мәтіндер ең алдымен шағын мәтін, көлемдік мәтін,
(микромәтін, макромәтін) болып бөлінеді. Ал көлемді мәтін тармаққа,
тақырыпқа, ал олар қайырымға жіктеледі. Сонымен мәтін дегеніміз - сөйлеудің
нәтижесі, яғни қарым-қатынастың мақсаты, түрі, стиліне қарай түрленеді.
Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Егер 1 сөйлем қүрмлас сөйлем болып,
өте жайлыңқы болса да, оны біз мәтін деп айта алмаймыз. Мүнда тиянақты ой
болғанымен ол мәтін бола алмайды, бар болғаны - сөйлем. Алш бұл сөйлем
синтаксистің қүрмалас сөйлем заңдылықтығы бойынша үйлескен, яғни мәтіннің
заңдылығынан өзге. Бұл қүрмалас сөйлемді жеке, тиянақты сөйлемге
бөлшектеуге болмайды.
Мәтіндегі сөйлемдер де байланыс заңдылығын сатап бір-бірімен ажыратылып
бөлшектеуге келмейді. Осыған орай, мәтін кемінде екі, немесе бірнеше
сөйлемдерден тұрады деуге болады. Сондай-ақ көлемді мәтін бірнеше сөйлемнен
түратын қайырым өзімнің бастауы - тақырыптық сөйлем және қайырымдық фраза
болып табылады. Сонымен бірге мағына мен формасы жағынан тізбектеле
байланысқан сөйлемнің сөйлемде аяқталған интонация мен үзақ
17
үзіліс арқылы беріледі. Кез-келген мәтін әдетте бірнеше сөйлемдерден
тұратын жеке-жеке маңызды бөліктерге бөлген. Осындай әр бөліктер жаңа
жолдан басталады, яғни жолдың басқа жағында оңға қарай бос орын
қалдырылады. Бұл қайырым деп аталады.
Қайырым - мәтінде композициялық және қарым-қатынасты түсіну үшін мәтінді
бірлік ретінде түсінуден бастаймыз. Яғни, бір шығармада белгілі бір
хабарлаудың, ой-пікірді жеткізудің мазмұнды формасы бар бөлшегі болып
табылады.
Пікір айту негізінен үш басқыштан тұрады:
нақтылау
дәлелдеу
қорытынды жасау
Нақтылау дәлелдеудің алдындағы кіріспесі іспеттес. Сондықтан нақтылау
хабарлау немесе сипаттау түрінде айтылады. Ал дәлелдеу - пікірдің ең
негізгі түйіні. Дәлелдеу үшін материал жеткілікті болып, барынша жүйелі,
дұрыс баяндалуы тиіс. Қорытынды бөлімде ең негізгі пікірді жинақтап бере
білу керек.Кейде дәлелдеу өте анық, түсінікті болатын жағдайда қорытындының
қажеті болмауы да мүмкін. Пікірлеу мәтіні деп - бір нәрсені дәлелдеу,
бекіту мақсатында мысалдар, салыстырулар, ойлар келтіру арқылығына ой
қорытындысын жасауға арналған түрі. Пікір айту мәтіннің қиын формасы,
сондықтан пікір шығармалар бастауыш сынып бағдарламаларында қаралған.
Қарапайым пікірлеу мәтіннің жүйесі мынандай, тезис, тезистің дамуы,
қорытынды жасау. Міне осындай жүйеде жоғарғы сыныптарда әдебиеттік
шығармалар, ғылыми мақалалар жазылады.
18
Ең алғаш болжам айтылады, проблеманың зерттелу барысы баяндалады, соңынан
болжам тәжірибесі де дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы ой қорытындысы
жасалады.
Мәтіннің түрлері
1. Хабар - негізінен, бастан кешкен (көрген, естіген) оқиғаларды
еске түсіріп айтып шығу. Мүндағы баяндау, негізінен оқиғаның өту
тәртібі мен уақытын, оның көрсету жолымен іске асады. Мәтін
құрылысы:
а) оқиғаның басталуы
ә) дамуы
б) аяқталуы болып 3-ке бөлінеді.
Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақытта болған себеп-салдарлық
байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады.
Бұл да көркем-әдеби жанрына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынан тұрады.
Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкерлердің) іс-әрекеттері, олардың
арасындағы диалогтар келтіріледі. Тағы бір негізгі ерекшелігі: - Мүнда ең
басты оқиғалар мен фактілерге көңіл бөлінеді. Сондықтанбұл мәтінде зат
есімдер мен етістіктер көп кездеседі. Хабарлау мәтінде сипаттау мен пікір
айту элементтері кездеседі. Мыс: кейіпкерлердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат
суреттері сипаттауға жатса, себептік негіздер ой қорытынды пікірлеуге
жатады.
2. Сипаттау - затты, қүбылыстарды, адамдарды белгілі бір
мекен-жайды бейнелеп (жазып) шығу. Мүндай мәтін көбінесе
бейнеленетін заттың, қүбылыстың, орынның ең негізгі белгілерін,
19
өзіндік ерекшеліктерін саралайды. Сипаттау мақсатымен жазылған мәтіндерге
көбінесе: 1. Алғаш алынған әсері. 2. Сол зат не орынға, құбылысқа бағасы,
пікірі байқалады. Сипаттауда көбірек белгіні, сынды аңғартатын сөздер (сын
есім, есімше) жиі қолданылады. Сипаттау мәтініне келсек, мұнда кейіпкерлер
болмайды. Табиғат көрінісі заттар мен құбылыстарды суреттейді. Заттардың
елеулі және елеусіз қасиеттері жайында сөз болады. Сондықтан бұл мәтінде
сын есім көп қолданылады.
Мәтін туралы білім беру мына жүйеде болуы қажет деп санаймыз. Атап
айтқанда тіл білімінде: сөз, сөздің тіркесуіне түсуі, тіркес, тіркестен
сөйлем жасалатындығы, қайырым, қайырымнан мәтін құралатындығы. Сондықтан
мәтін туралы білім ең алдымен қайырымның түзілуі ерекшелігіне байланысты
қүрастырылуына, одан қайырым жасалатынына назар аударылуда. Әсіресе адамдар
бір-бірімен қарым қатынас жасағанда жеке-жеке сөйлемдермен ғана емес, түтас
бір пікірді білдіретін, бірнеше ой-пікірді білдіретін сөйлемді өзара
байланыстыра келіп, жүйелі мәтінмен де жүргізіледі. Мысалы:
Мәтін әр жақты лингвистиканың объектісі болумен қатар, қазіргі кезде оның
анықтамасы әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріліп жүр.
Мәтін туарлы оқушыларға түсінік беру ойдың сөйлемге қарағанда күрделі
бөлшегін игеруге, ал сай келуі деген ұғымдардан басталады. Мәтін дегеніміз
не? Ол синтаксистің қарастыратын мәселесі не? Деген сұрақтар мектеп
оқушылары үшін өте қиын да күрделі мәселе. Сондықтан стилистиканы оқытуда,
тіл дамытудаосы мәселелердің басын ашып алуға тиістіміз.
20
Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінен жасалады. Оны сөйлем дейміз.
Сөйлем синтаксистің қарастыратын объектісі. Сөйлем жай және күрделі болады.
Яғни қүрмалас сөйлемнің анықтамасы екі, я одан да көп сөйлемнен қүралып
күрделі ойды білдіреді деп көрсетеді. Ал бірнеше емес ондаған сөйлемнің
беретін мәнін не демекпіз? Лингвистикалық зерттеулерде осы мәселе, әсіресе-
, қайырым мәтін деген терминдерге лингвистикалық анықтамалар берілмей жүр.
Тек оны көркем шығармаларға байланысты түрліше түсіндіру байқалады. Атап
айтқанда, қайырымды белгілі бір үзінді, жаңа ойдың басталуы десе, мәтінді
сол шығарманың, іс-қағаздың толық жазбаша формасы деп үғынылады. Яғни,
мәтін дегеніміз - шығарманың немесе іс-қағаздың мазмұнды бөлшегі екендігі
байқалады.
Көркем мәітннің барлық лементтері өзара тығыз байланыста мағыналық
бірлікте келеді. Көркем мәтін - бірбүтін қүрылым. Оның архитектоникасын
лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде көптеген лингвистикалық әдістерді
пайдаланамыз. Мәтіннің барлық деңгейін қамту үшін осы әдістерді өзі азшылық
етуі мүмкін. Мәтіннің табиғатын тану үшін оны бөлшектеп шағын
лингвистикалық бірліктер деңгейінде қарастыру әдісі тиімді. Мәтін
лингвистикасында бұл мәтіннің интерпритациялануы деп аталады. Кез келген
мәтін қүрылымына сай, мағыналық және сюжеттік мақсаттарға орай үлкенді-
кішілі бөлшектер жиынтығынан қүралады. Бұл қүбылысты мәтін лингвистикасы
мәтін сегминтациясы деп түсіндіріледі.
Мәтін бөлшектерінің мәтін түзіміндегі рөлі бірдей дәрежеде болмайды.
Осының нәтижесінде осы екі терминнің қиылысынан
21
тағы бір түсінік туындайды. Оны И.В.Арнольд "мәтін иерархиясы" деп атайды.
Мәтін ерекшеліктеріне төмендегідей ерекшеліктер тән болып келеді:
мәтіннің бірбүтіндігі;
мәтіннің байланыстылығы;
мәтіннің бөлектігі;
мәтіннің метареферентілігі.
Осы ерекшеліктердің барлығы мәтіннің семантикалық сипаты ұғымымен тығыз
байланысты болып келеді. Қазіргі әлемдік лингвистикада мәтін құрылымдық -
мағыналық жағынан бетбұрыс болып келуі, қамтамасыз ететін құралдар бар.
Солардың қатарында қайталамалар аталады. Қайталамалрдың мәтін түзу және
мәтін дамыту қызметі туралы айтқан кезде, ең алдымен, мәтіннің семантикалық
түтастығын ұйымдастыру қызметі ерекше аталады.
Жоғарыдағы белгілерді жеке-жеке талдайық: 1. Мәтіннің біртүтастығы.
Мәтіннің семантикалық жағынан бүтіндігі мәтін лингвистикасында жетекші орын
алатын мәселенің бірі болып саналады. Мәтіндегі семантикалық түтастық-
күрделі категориялардың бірі. Кез-келген мәтін бір бүтін категория болып
есептеледі. Олардың бүтіндігі тек қүрылымы жағынан ғана сипатталмайды. Оған
мәтін бөлшектерінің, яғни микромәтіндердің бір мағынаға бірігуі де кіреді.
Мәтін қүрылымында кейбір микромәтіндер өзіне тән мағыналық
дербестікпен дараланады. Бірақ мүны
22
микромәтіннің мағынасы мәтіннің мағына жемісінің бір бөлігін
құрайды.
Мәтіннің байланыстылығы. Мәтін бірнеше микромәтіндер
мен микромәтіндердің жиынтығынан құралса да, осы
бірліктердің арасында тығыз байланыс болады. Ол байланыс
түрлі тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сол
байланыстың үлкен бір бөлігін семантикалық байланыс
қүрайды. Микромәтіндердің мазмұндас келуі олардың араға
бірнеше микромәтіндер, тіпті кейде бірнеше микромәтіндер
тастап мағына сабақтастығын жалғастыруы мәтін
байланыстылығының белгісі болып саналады.
Мәтіннің бөлектігі. Мәтін - ең алдымен бір-біріне
үқсамайтын микромәтіндердің жиынтығы. Әрбір микромәтін
мен микромәтінді бөлек-бөлек қүрылымға жатқызуға болады.
Себебі, бұл бірліктердің әрқайсысының басы мен аяғы онда
баяндалатын сюжет жемісі, мәтіндерден басты
айырмашылығының бірі - оның осы ерекшелігінде. Мәтіннің
бөлектігінің бір белгісін микромәтіндердің семантикалық
дербестігі қүрайды. Бір микромәтін - бір мағына, ал бір
микромәтін - бір сюжет. Сюжет жемісі микромәтіндердегі
сюжеттердің жиынтығынан қүралса, соңғысын
микромәтіндердегі мағыналар қүрайды. Алайда олар мәтін
қүрылымында дербестікке ие болады.
Мәтіннің метареференттілігі. Мәтіннің метареференттілігі
деп көркем шығармадағы автор мен оқырманның арақатысы,
оқиғаның болған жері мен уақыты, ол ұғымдардың авторлық
позициясы, автордың сюжет жемісіне көзқарасы саналады.
23
Бұл категориялардың мәтін де айқындалуы да мәтіннің семантикалық құрылыммен
тығыз байланысты.
Қайталамалар экспрессивті синтаксистің көркемдегіш құралына жатады.
Олардың қатарына қайталамалрдан басқа парцелляциялық құрылымдар,
сегменттенген түзілістер, сұрақ-жауап түріндегі құрылымдар және инверсиялы
қолданыстар кіреді. Экспрессивті синтаксистің осы құралдарының кеңінен
қолданылып, түрлі стильдік және қүрылымдық-стильдік атқаратын ортасы -
мәтін.
Қайталау кезінде сөздің мағынасы өзгермейді, тек оның экспрессиясы
күшейді. Мәтін семантикалық жағынан екі бағытта қүрылады: тізбекті (цепное)
қүрылым және қапталдас (параллельное) қүрылым.
24
II. тарау Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс істеу II.1. Бастауыш сынытарда
мәтінмен жұмыс істеу әдісі
Бастауыш сыныпта ана тілін оқытудың негізгі мақсаттарының бірі-
оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу
мәдениетінің қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың
сөздік қорын молайтып, сол үйрегне сөздерін қолдана отырып, айтайын деген
ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлуде. Осыған орай, өз
сабақтарымызда оқушының дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көтеру,
яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударып отырамыз.
Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеген сөздерінде жиі
кездесетін кемшіліктерге көңіл бөлсек, баланың сабақ үстінде айтайын деген
ойын анық жеткізе алмауы, яғни мәтінге байланысты мазмұнын айтуда бір
деректі айтып бітпей жатып басқасына ауысып кетуі немесе керексіз сөзді
орынсыз қолдануы (мысалы: жаңағы, сосын, яғни, сөйтіп, т.б.) сияқты ауызша
сөйлеу тіліндегі қатерлерді көптеп кездестіреміз.
Байқалған кемшіліктерді ескере отырып оқушыны ойлауы мен сөйлеу
дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерімізді оның тірі тіл неғүрлым
түсінікті, жинақты, нақыт болғанын талап етіп, өз ойын дәл айтуын қадағалап
отырамыз.
Баланың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау
мақсатында кез-келген тапсырманы берер кезде:
25
Біріншіден, оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескереміз.
Себебі, баланың түсінбей қалған сөзі топтастықтың бастамасы деген нақыл
сөз бар. Мысалы: калькуляторда бір сан қате болса, сол санмен орындалған
есептеу нәтижесі де қате болып шығады.
Міне, тап осы сияқты оқушының түсінбеген сөзге қате мағына немесе
балама тауып, нәтижесінде сөйлемді қате түсінуі жиі кездеседі. (Мысалы:
Ағашты аралау - сөздің кесу деген мағынаын, көшені аралау - жүру деген
мағынамен шатастырады).
Екіншіден, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл
бөлеміз.
Үшіншіден, қандай да болсын берілген тапсырма бала бір қызығушылығын
оятатындай деңгейде бөлу керектігін түсінеміз. Егер бала бір нәрсеге
қызықса, онда оның табиғатына тән білсем, білгенімді айтсам деген сөйлеуге
деген талпынсты күшейте түседі де, сөйлеуге деген қажеттілік туады.
Логикалық мағынасын бүзбай мәтін қүрастыруды үйрету жолын
қарастырамыз. Себебі, мәтінмен жұмыс бір жағынана, сөздің грамматикалық
және лексикалық жақтарын талдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан баланың
сөйлеу дағдысын қалыптастырудың негізі болып саналады.
Тіл дамыту сабақтарында (3 сынып) мәтінмен жұмыс кезінде мынадай
тапсырмалардың пайдаланамыз.
1 -тапсырма.
Қате қүрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық
жүйелікті сақтап қайта қүрастыру.
26
Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім көрсе сол жыл басы
болсын деп бір қулық ойлап таабды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға
талсыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Сонан соң
тышқан жжылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі жеті таныс ертегі беріліп отыр.
Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын,
осңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып,
жүйелі түрде айтып беру жеңіл.
2-тапсырма.
Аяқталмаған мәтінді, логикалық ойды бүзбайды жалғастырып айту. Мысалы:
қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын.
Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Мүраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол
Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады.
Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған
дұрыс.
Өз ойынан ертегі қүрастырып айту. Ертегіне қалайбастап, немен аяқтар едің?
-D П □ D.?
Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz