Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
І І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПОЗИЦИЯСЫ МЕН ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
- Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны . . . 6-12
- Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі . . . 12-21
ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПОЗИЦИЯСЫ МЕН ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
2. 1. Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
негізгі формалары мен әдістері . . . 22-24
2. 2. Қазіргі мектеп оқушыларының азаматтық позициясы мен патриоттық сезімін ұйымдастырудың тиімді жолдары . . . 25-31
Қорытынды . . . 32-33
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Қосымшалар . . . 35-36
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі:
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М. Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру - келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт - бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі - Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы - патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә. Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде бірдола буыны қатып, тәжірибемен, жспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады» деп жазды.
Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту - ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады.
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мктептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді. Ұлттық патриотизм - жеке тұлғаның өз тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру - патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет бола алатындығын бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру.
Курстық жұмыстың көкейкестілігі:
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" Қазақстан халқына Жолдауының "Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде: " . . . біздің балаларымыз бен немерелеріміз . . . бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" - деп үміт артып отыр.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің міндеттері: . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Рсспубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуте, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу" десе, ал орта білімді дамыту тұжырымдамасында "тәрбиелік жұмыстарды қазақстандық патрмотизм. азаматтык, ізгілікті интернационализм негізінде құру"- керек екендігі көрсетілген. Алайда, бүгінгі нарықтық экономика жағдайындағы патриотизмнің сипаты қандай болмақ? Кеңес одағы кезінде мектеп окушыларын тәрбиелеудің арқауы болған "социалистік патриотизм"' ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Ал оның орнына бүгінгі қоғам талаптарын қанағаттандыратын, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеуде ұстанатын бағыт-бағдар мен патриотизмнің тұғырнамасы әлі толық айқындала қойған жоқ.
Қазіргідей рухани-идеологиялық қайшылықтар тұсында патриотизмнің сипатын ашып айқындаудың, мектеп оқушыларында отаншылдық сана, сезім, отаншылдық іс- әрекет қалыптастырудағы маңызы зор.
Қазақстан мектептерінде өсіп келе жатқан жас буындарда патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты жеткілікті тәжірибелер жинақталған. Осы тәжірибелердің белгілі бір кезеңдегі жай-жапсарын зерттеу, танып білу, оның нәтижелерін нарықтық экономика жағдайында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу жолдары мен бағыттарын қарастыру бүгінгі күн талаптарынан туындап отыр:
- мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік аспектілері, мақсат-міндеттері, мазмұны Ю. К. Бабанский, Н. И. Болдырев, В. А. Сухомлинский т. б. зерттеулерінде дәлелденген;
- Қазақстанда білім беру саласының даму тарихы мен ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр түрлі проблемаларына қатысты Т. Тәжібаев, Қ. Бержанов, С. Мусин, А. Сембаев, Қ. Құнантаева, Б. Мұқанова, Г. М. Храпченков, Э. А. Урунбасарова т. б. қарастырған:
- халықтық педагогиканы жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану мен оларды музыкалық шығармалар арқылы патриотизмге тәрбиелеу мәселелері Қ. Жарық6аев, С. Қалиев, М. Х. Балтабаев, И. Р. Халитова, Б. М. Бекмүхамедов т. б. еңбектерінен орын алған;
Бірақ, бұл еңбектерде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің кейбір тұстары мен кезендері ашылғанымен бастауыш мектептерде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің әлі де болса зерттелмеген тұстары көп.
Мектептердегі оқу-тәрбие практикасын зерделеу барысында мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуде және озық тәжірибелердің педагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуі мен оны мектептегі оқу-тәрбие процесінде пайдаланбауының жеткіліксіздігі, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің жаңа негіздегі мүмкіндіктері мен мектеп оқушыларын отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеудегі мектеп сұранысы аралығындағы қарама-кайшылық туындап отыр. Бұл қайшылықтардың шешімін табу біздің зерттеу проблемамыздың көкейкестілігін анықтайды. Сондықтан да бұл курстық жұмысымыздың тақырыбын: « Оқушылардың азаматтық позициясы мен патриоттық сезімін қалыптастыру».
Зерттеу пәні: Оқушылар бойына азаматтық позиция және патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылу жолдары.
Зерттеу мақсаты: Оқушылар бойына азаматтық позиция және патриотизмге тәрбиелеуге педагогикалық сипаттама бере отырып, оқушыларының бойына интернационалдық және патриоттық қасиеттерді сіңдіру.
Зерттеу міндеттері:
-Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны
- Мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі.
-Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі формалары мен әдістері
-Қазіргі мектеп оқушыларының азаматтық позициясы мен патриоттық сезімін ұйымдастырудың тиімді жолдары
Зерттеудің әдістері: тақырыпқа байланысты педагогикалық және ғылыми әдебиеттеге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, салыстыру, жинақтау, қорыту т. б. әдістері қолданылды.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, теориялық және практикалық мәнділігі тұжырымдалады.
І Тарауда патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны , мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің ролі ашып көрсетілген.
ІІ Тарауда оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі формалары мен әдістері, қазіргі мектеп оқушыларының азаматтық позициясы мен патриоттық сезімін ұйымдастырудың тиімді жолдары айқын ашып айтылған.
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПОЗИЦИЯСЫ МЕН ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны
Қазақстанның білім және ғылым қызмткерлерінің II сьезіиде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, озінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы" - деген еді.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отан-сүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", "отансүйгіштік", "патриотизм" ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным-сенімінен туын-дайды. Еліміз егемендік алған жылдар ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - Қазақстандық патриотизм болды.
"Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жузден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті Қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті емірде жиі қолданылып, кеңінен калыптасып келеді.
Бұл ұғымның педагогикалық мәніне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. /6/
Қазақстандық патриотизм - Отан - анаға пеген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, ' ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елініңөткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақ-стандық патриотизм құрамына кірсе керек. Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, патриотизмнің керемет үлгілерін кереміз. Бүгінгі күні егемен ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі, одан бертіндегі ұлт - азаттық кетерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден сол кездегі патриоттық сезімнің қалыптасуында отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды. Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамдардың езіне байланысты екені белгілі. Бұл қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз. Демек, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып дамуының басты шарттарының бірі - оның азаматтарының патриотизмі
Ендігі басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Бәсекелестікке қабілетті әлемнің 50 мемлекетінің қатарына қосылуды мұрат етіп отырған ел үшін өсіп, келе жатқан жас ұрпақ, ертеңгі мемлекет иелерінің бойында патриоттық сана-сезім, патриоттық іс-әрекет қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. /8/
Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғым "Қазақстандық пат риотизм" арқылы Отан, туған жер, ел, ата мекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта тұспек "Қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беріп, олардың маз-мұнын жәсау Отан сүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану, мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т. б. тәлім тәрбиелік мүмкіндіктерді кеңейте түседі.
Патриотизм туралы кең толғамды идеаяларды қазақ даласының ойшылдары Асан Қайғы, Доспамбет жырау Аймауытұлы, Шалкиіз жырау Тіленшіұлы, Бұхар жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқауетті.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары - Ш. Уәлиханов, ЬІ. Алтынсарин, А. Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады.
Абай шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлық пен туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне озық дәстүрлері мен ұлттық мінездерінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен керініс тапты. /7/
Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйісіпеншілік негізінде Алаш орда қайраткерлері інақтылы іс атқарып, тарихтың жарқын 'беттерін жаза білді.
Міржақып Дулатулы: "Оян, қазақ!" - деп ұлттық сананың жаңа бір белесіне шақырса, Ахмет Байтұрсынұлы "Қәзақ" газетін ашыл, букіл Алаш жүртын тәрбиеледі. Мағжан мен Сұлтанмахмұт отаршылдық бұғаудан құтылатын күнді аңсады, туған жұртының ұлттық, отаншылдық сезімін тәрбиеледі. Жаңа ғасырдың бас кезінде бүкіл қазақ жүртының рухани және саяси жетекшісіне айналған Әлихан Бөкейхан сияқты дара тұлға ұлт теңдігі жолындағы күреске бел шешіп кірісті. Бұл кезде қазақ зиялылары үлкен бір топ құрып, қуаттыкүшке айналды.
Мәдениеттану тұрғысынан қарастыратын болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаскан ерлік және жауынгерлік дәстүрлер ұлттық патриотизмнің негізі болып табылады. Бесік жырынан бастайатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халкына тән негізгі ырымдар болып саналады. Түркі халқына тән қасиет бұл - ерлік. Қазак деген ұғымының өзі ер, ердік деген мағынаны береді.
Аксиологиялык тұрғысынан келетін болсақ, патриоттық қасиет бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындагы негізгі құндылықар болып табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттык құндылық, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарастыруга болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық, Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: "Елтеріс қағаның алгырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді"- Патриоттық құндылық ана сүтімен даритын ең киелі ұғым екенін түсінеміз.
Ғылыми деректерге зер салатын болсак, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында фраицуз халқының ұлттық батыры Жанна д'Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншы-армен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтапқалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінд? пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де фраицуз еліндегідей сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталады.
Патриотизм - адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны -Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм - адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі. Патриотизм -Отанға, туған жерге, өзінің мәдени ортасына деген сүйіспетшілік
"Патриотизм - дегеніміз (грек. раtгіоіs - отандас, раtгіо- отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін ана тілің елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту сяқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды", - деп атап көрсетеді.
"Патриотизм - Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның
амансаулығының қоғамдык-мемшлекеттік қауіпсіздікке тікелей
байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет дегем ұғымды, жеке адаммен яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді"
Патриотизм әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтыгында керініс беретін, балаларының Отан анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принципі. /10/
Патриотизм - тұлғаның байындағы Отан үшін қызмет етуге лайық шын берілген Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм - өз Отанына және отандастараына сүйіспеншілік және құрмет мұраты, ал интернационализм баска халыктар мен елдерге деген құрмет пен бірлік мұраты.
Патриотизм - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол -әлеуметтік, тарихи қалыптасқан отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-' 1 экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарынан орын алып отыр.
Еліміздің географиялык орналасуы мен ұлттық-этника
ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген
батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер
мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелеріне негізделген
жан-жақты тәрбие беру жүйесін құру қажеттілігі қазақетандық
педагогмканың маңызды ироблемаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндетерінің қатарында жеке тұлғаны азаматтық пен жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Реснубликасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметгеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамда қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылады. Мұндай мазмұн, мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Ал, мұндайда күрделі тәрбие үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйесінде үздіксіз, кешенді жүргізуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Прпизиденті Н. Ә. Назарбаев өзінің мақалаларында және көпшілік алдындағы баяндамаларында тәуелсіз мемлекеттің азаматтарының қалыптасуында тәрбиенің маңызды рөліне баса назар аударып отырып, оны барлық білім беру жүйесі -деп атап көрсетті. Патриотық тәрбие берудің жай -күйін зерттеу барысында оның әдіс-тәсілі ретінде формалрының сан луан болғаны және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екендігіне көзіміз жетті.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, Отан сүйгіштіктің (патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі - ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқағанымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі, одан бертіндегі ұлт-азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей (кеңес дәуіріндегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отаншылдық сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл-аймағының ықпалы күшті болғанын көреміз. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында Отан сүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды. Бұл ретте қазақ халқының батыр ұлы Б. Момышұлының "Бұл менің ошағым Отанның ошағы, Отан болмаса, ошағым да, уйім де болмас еді, менің үйім де, ошағым да Отанымдікі" деген. /11/
Ал интернационализмді әрбір адамның езін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазакстан Республикасының тэуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртүтастыгы қажет. Оның темірқазығы -Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандык патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынан қарау керек.
Бүгінінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизыі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ад көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz