AutoCAD бағдарламасында өлшемдерді қою және редакциялаудың әдістері: сызықтық, радиалды, бұрыштық және координаталық өлшемдер


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Өлшемдерді қою және редакциялау

AutoCAD келесі түрдегі стандарт өлшемдерді қоюға мүмкіндік береді:

- сызықтық өлшемдер;

- радиалды өлшемдер, доғалардың немесе дөңгелектердің радиусы мен диаметірлерінің өлшемін қою;

- бұрыштық өлшемдер, екі кесіндінің немесе үш нүктенің арасына бұрыштық мәндерін қою;

- координаталық өлшемдер, база деп аталатын базалық нүктеге қатысты X немесе Y координаталарын көрсетеді;

Көптеген сызбалар кесінді, дөңгелек және доға сияқты қарапайым объектілерден тұрады, сондықтан сызықтық, радиальды және диаметрлік өлшемдер жиі қолданылады. Бұл өлшемдердің командалары біртекті алгоритммен атқарылады, сондықтан сызықтық өлшемдерді қоюға кеңірек тоқталамыз. Dimension (Размеры) және Object Snap (объективная привязка) аспаптар тақталарымен жұмыс істеген қолайлы. Oларды View / Toolbars (Вид / панели) менюін қолдана отырып бағдарламаның графикалық аумағына орналастырамыз. Өлшемдері көрсетілген втулканың сызбасынан (2 - сурет) сызықтық өлшемдердің ауытқусыз және ауытқумен қолданылғанын көреміз. Ауытқусыз көрсетілген өлшемдерді қарастырайық.

Сызықтық өлшемдерді қою. Ауытқусыз көрсетілген сызықтық өлшемдерді қою үшін келесі операциялар орындалады:

1. Өлшем қою үшін втулка сызбасына RAZM қабатын белгілеңіз (2 - сурет) .

2. Dim style өлшем стилін белгілеңіз.

3. Шыққан Dimension (Размеры) менюін ашыңыз.

4. Цилиндрдің ішкі жоғарғы өлшемін ( 25 ) қоюды Snap to Endpoint (Конечная точка) қосымшасынан бастаңыз. Бұл үшін өлшемнің кез келген екі алғашқы нүктелерін белгілеңіз.

5. Өлшемнің екінші нүктесін көрсету үшін Snap to Intersection (Пересечение) қосымшасын пайдаланып, курсорды фасканың вертикаль және горизанталь сызықтарының қиылысына орналастырыңыз. Бұл аумақты ZOOM (Показать) командасының көмегімен Window (Рамка) немесе Real Time (Pеалное времия) опциін пайдаланып үлкейтіп көрсету қажеттілігі туындауы мүмкін. Командалық жолда команда опцийлерінің тізімі шығады.

6. Vertical (Вертикальный) опциін енгізіп, “Enter” пернесін басыңыз.

7. Тышқан сілтемесін бір шетке шығарып, өлшем мәтіні орналасатын жерді тышқанмен шертіңіз.

Осы тәртіппен 30 және 6 өлшемдерін көрсетіңіз. Сызбада ауытқуы және символы жоқ үш сызықтық өлшем пайда болады.

Символы бар сызықтық өлшемдерді қою. Келесі жағдайда диаметрі 26 және фаскасы 1*45º өлшемдерді көрсетеміз. Символы бар сызықтық өлшемдерді қою үшін келесі операциялар олрындалады:

1. Dimension (Размеры) аспаптар тақтасындағы Linear Dimension (Линейный размер) кнопкасын тышқанмен басыңыз.

2. Штриховка мен ішкі тесіктің қабырғасының қиылысқан жеріне Snap to Intersection (Пересечение) қосымшасын пайдаланып (байлану) (привязка) жасаңыз.

3. Snap to Perpendicular (Нормаль) қыстырмасымен ішкі тесіктің қарама - қарсы қабырғасын жалғастырыңыз.

4. Mtext (Mтекст ) опциін енгізіңіз және “Enter” пернесін басыңыз. Көпжолды редактор пайда болады. Бұрыштық жақшалар < > AutoCAD - пен өлшенген өлшемдер қойылатынын білдіреді.

5. Вертикаль сызық түріндегі жыпық қаққан курсорды бұрыштық жақшалардың алдына қойып, тышқанның оң жақ кнопкасын басыңыз және менюдің контекстінен Symbol (Символ) жолын таңдап, сонан соң пайда болған қосымша менюден Diameter (Диаметр) таңдаңыз. Редактор терезесінде диаметрдің коды пайда болады.

6. Көпжолды мәтін редакторынан шығу үшін “ОК” кнопкасын басу керек.

7. Сызбаның диаметр өлшемі қойылатын жерін тышқанмен шертіңіз.

Осы қалыппен 1·45º фаска өлшемін көрсетіңіз. Бұл өлшемнің сызығы вертикаль орналасатындықтан Vertical (Вертикальный) опциін пайдалануды естен шығармаңыз.

Ауытқуы көрсетілген сызықтық өлшемдерді қою. Бұл өлшемдерді

қою үшін келесі әрекеттер орындалады.

1. Styles (Стили) аспаптар тақтасындағы Dimension Style Manager (Размерный стиль) кнопкасын тышқанмен шертіңіз. Dimension Style Manager (Диспетчер размерных стилей) сұқбаттасу терезесі шығады.

2. Override Current Style (Переопределение текушего стиля) сұқбат терезесін шақыру үшін Override (Переопределить) кнопкасын тышқанмен басыңыз. Шақырылған терезедегі Tolerances (Допуски) қосымшадан стилдің қасиеттерін қайта анықтайсыз.

3. Tolerance Format (Формат допусков) бөлімінде ауытқу форматын 48 өлшеміне келтіру үшін келесі әрекеттерді жасаңыз:

- Method (Способ) - шыққан тізімнен Deviation (Отклонение) басыңыз. Бұл жоғарғы және төменгі ауытқуларды көрсетуге мүмкіндік береді;

- Precision (Точность) - шыққан тізімнен 0. 00 басыңыз, бұл ауытқуда үтірден кейін екі белгіні сақтауға мүмкіндік береді;

- Upper value (Максимальное значение) - (0, 17) мәнін енгізіңіз;

- Lower value (Минимальное значение) - 0, 5 мәнін енгізіңіз. Төменгі ауытқу - 0, 5 тең, бірақ AutoCAD бұл өріске енгізілген кез келген санға минус таңбасын таңады, сондықтан теріс ауытқу оң таңбамен енгізіледі;

- Scaling for Height (Масштаб высоты) - 0, 5 санын енгізіңіз. Бұл өлшем стилімен анықталатын ауытқуға қатысты, негігі мәтіннен екі есе кем сандарды енгізуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
AutoCAD бағдарламасында жұмыс ортасын әзірлеу және үлгіні құрастыру әдістері
AutoCAD 2002 жүйесінің негізгі құралдары мен объектілерді редакциялаудың мүмкіндіктері
Еркін векторлар: анықтамалар, сызықтық амалдар, тәуелділік және координаталық өрнектеу
Астрофизикалық зерттеу әдістері: радиотелескоптар, оптикалық телескоптар және бұрыштық ажыратымдылық
AutoCAD 2007: компьютерлік графика және инженерлік сызуға арналған дәрістер конспектісі
Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы: бұрыштық және сызықтық сипаттамалар, центрге тартқыш үдеу
Microsoft Excel бағдарламасында сызықтық функциялардың графиктерін тұрғызу және математикалық модельдеу
Штангенциркуль: ішкі және сыртқы өлшемдерді өлшеу, салыстырып тексеру әдістері және метрологиялық бағалау
Далалық геодезиялық практика есебі: құрал-жабдықтар, өлшеу әдістері және AutoCAD-та топографиялық өңдеу
Жерді орналастыруда ауданды анықтау әдістері және геодезиялық шекара қою әдістемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz