Қарыз капиталының қорлануы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ТАРАУ Рыноктық экономикадағы кредит (несие) қатынастарының ерекшеліктері

1. 1Қарыз капиталының қорлануы

1. 2 Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы

1. 3 Кредит (несие) жүйесінен пайда алу ерекшеліктері

ІІ несиеНі жеке тұтыну тауарына сұраныс пен ұсынысты дамыту формасы ретінде

2. 1 Несиесі ұғымы, мәні және түрлері

2. 2 Несиені дамыту мәселелері

ІІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы несиеНІҢ жетілдіру жолдары

3. 1 Халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда кредиттік қатынастардың атқаратын рөлі

3. 2 Қазақстан экономикасындағы кредит (несие) саясаты: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк істерінің дамуында жаңа кезеңдер мен міндеттер ашты. Қазақстандық және шетелдік банктер қызметін тәжірибе негізінде зерттегенде ғана аталған міндеттерді шешуге мүмкіндік туады. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк саласы, экономика секторында серпінді дамып келе жатқан бірден-бір сала. Біздің республикамызда екі деңгейдегі банктік жүйе жұмыс істейді. Қазақстандағы орталық банк ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жоғары деңгейдегі Банк болса, ал коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктер болып саналады. Соңғы аталғаны бұрындары қатаң реттелініп келсе, қазір жеке, үлкен өзіндік орны бар және банктер арасында күшейе түскен бәсекелестік жағдайында қызмет етуде. Дәл бүгінгі кездері Қазақстан экономикасында туындап отырған мәселелер дағдарысты жағдайлар мен инфляциялық үдерістерді жеңуге байланысты банк жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдірудің үлкен тәжірибелік мәні бар.

Қазіргі заманғы банктер қызметтеріне банк операцияларының ең озық техникасын қолдана отырып, кең ауқымда қызмет жасайды, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Банктердің ең басты экономикалық қызметі - кредиттер (несиелер) беру. Банктер несиелер беру қызметін қаншалықты жоғары деңгейде іске асырса, олардың қызметін пайдалушы клиенттердің де экономикалық жағдайы көбінесе соған байланысты болады. Ұйымдар мен кәсіпорындар үшін несие алу - өндірісті жақсартуға, инвестициялар мен жұмыс орнын арттыруға ынталандырады. Ал халық үшін қажет кезде тауарлар сатып алу мен қызмет көрсетулерді пайдалана отырып, өмір сүру деңгейін жақсарту деген сөз.

Соңғы кездері барлық коммерциялық банктердің пайымдауынша халықпен, яғни тұтынушыларымен жұмыс істеу үлкен басымдыққа ие. Банктерде жеке тұлғаларға несиелер беру көлемі жыл сайын арта түсуде. Халықтың ақшалай табысының шектеулілігі жеке тұлғалардың несие алуына сұранысты кеңейте түсуге мүмкіндік береді, сөйтіп сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсету көлемін де ұлғайтады. Сол үшін ол мемлекет тарапынан экономикалық конъюнктураның қолайсыз кезеңдерінде белсенді әлеуметтік саясат жүргізу және сұранысты қолдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Аталған тақырыптың өзектілігі, оның ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдауға себепші болды. Қазіргі уақытта тұтыну несиесін беру өсе түсуде, сондықтан да оны жан-жақты зерттеу мен оны жүргізудің ерекшеліктері аса маңызды мәселеге айналуда. Қазақстандық коммерциялық банктер тізбесінде халыққа көрсетілетін қызметтер әзірше онша мәнді орын алып отырған жоқ, әрі банктерге алдағы уақытта операциялар түрлерінің саны мен сапасын арттыра түсу міндеті жүктеледі.

Аталған жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін берудің дамуын қарау мен талдау. Халық арасында несие берудің бұл түрі кеңінен таралып өсе түсуде, себебі халықтың отандық банктерге деген сенімі арта түсуде, сонымен қатар банктердің өз ішінде де сенімі ұлғая түсті. Жеке тұлғаларға несие беру рыногында екінші деңгейдегі банктер арасында қатаң бәсекелестік жүруде, жеке клиент тартымды бола түсуде, себебі, еліміздің экономикалық жағдайы қалпына түсе бастады, клиенттердің табысы арта түсті әрі тұрақтана бастады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді түйіндеуіміз керек:

1) тұтынушыларға несие берудің теориялық негізін қарау;

2) тұтыну несиесін берудің түрлері мен ұғымын анықтау;

3) коммерциялық банктер үлгісінде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыруды талдау;

4) тұтыну несиесін берудің құрылымы мен құрамын қарау;

5) Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін беруді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау.

Осы жұмыстың құрылымында үш тараудан тұратын бөлім бар:

І тарауда рыноктық экономикадағы кредит (несие) қатынастарының ерекшеліктері: қарыз капиталының қорлануы, Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы, кредит (несие) жүйесінен пайда алу ерекшеліктері;

ІІ тарауда тұтыну несиесі жеке тұтыну тауарына сұраныс пен ұсынысты дамыту формасы ретінде: тұтыну несиесі ұғымы, мәні және түрлері, тұтыну несиесін дамыту мәселелері;

ІІІ тарауда Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесін жетілдіру жолдары:

халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда кредиттік қатынастардың атқаратын рөлі, «Тұран Әлем Банк» АҚ тұтыну несиесінің ерекшеліктері, Қазақстан экономикасындағы кредит (несие) саясаты: нәтижелер, басымдықтар және міндеттері жан-жақты қарастырылған.

Марксизм классиктерінің, қазақстандық және шетелдік экономистердің, ғалым-экономистердің, авторлардың: К. Маркстің, Дж. Кейнстің, Я. Ә. Әубәкіровтің, О. И. Лаврушинаның, Г. Матайбаеваның, С. Б. Мақыштың, Ғ. С. Сейітқасымовтың, К. Н. Хамитованың және т. б. оқулықтары, монографиялары, журналдарда жарияланған ғылыми материалдар, Қазақстан ұлттық банкінің кесімдері, статистикалық мәліметтер, Интернет жүйесінен алынған web -сайт деректері дипломдық жұмысты жазуға әдістемелік негіз болды.

Диплом жұмысында несиенің мәнін ашумен қатар - құрылымын, қозғалысының заңдылықтары да қарастырылған. Несиенің зерттеу объектісі ретіндегі, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтері кредитор мен қарыз алушының қалыптасуына жан-жақты талдау жасалынды.

«Тұран Әлем Банкі» АҚ нормативтік кесімдері мен қаржылық есептері, сондай-ақ ішкі құжаттары тәжірибелік негіз ретінде пайдаланылды.

І ТАРАУ Рыноктық экономикадағы кредит (несие) қатынастарының ерекшеліктері

1. 1 Қарыз капиталының қорлануы

Өндірістік капитал мен сауда капиталы қатарында қарыз капиталы да оқшауланады. Оның басты қайнар көзі - өндірістік капитал айналымы процесінде уақытша босаған ақша қаражаттары, яғни амортизациялық қор, бөлінбеген пайда және т. б. Сонымен бірге кәсіпорындар мен объектілер масштабының кеңеюі кәсіпкерлерден капиталды авансыландыру үшін капитал салымының мөлшерін көбейтуді талап етеді. Экономиканың көп тармақтылығында іс жүзінде көптеген жағдайлар туындап отырады. Кейбір капиталистерге қосымша қаражат қажет болса, ал басқа капиталистерде ондай қаражат қоры жеткілікті болады.

Капиталистер мен буржуазиялық қоғамның ақшалы кредиторлардың белгілі бір уақытқа дейін бос қалған ақша қорлары банктерде жинақталады және өнеркәсіп капиталистеріне белгілі бір мерзімге пайыз алу үшін қарызға беріледі. Қарыз капиталы өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі; оны меншік иесі пайдаланушыға қарызға береді және пайыз алады. Осының барлығын капиталист-банкирлердің ерекше тобы басқарады .

Өнеркәсіп немесе сауда капиталистері банкирден қарыз алғаннан кейін оны қайтаруға міндетті, сонымен қатар әдетте тауарды сатып алу-сату сияқты оны пайдаланғаны үшін ақы төлеуге де міндетті. Осылайша капитал ерекше түрдегі тауарға айналады. Қарыз капиталының тауар ретіндегі бағасы - пайыз болып саналады. Мысалы, 1000 доллар жылдығы 5% болғанда, аталған капиталдың бір жыл ішіндегі пайдалану бағасы 50 долларды құрайды. Баға - өзіміз біліп отырғандай құнның ақшалай белгіленуі. Бұл жағдайда капитал құны 1000 доллар, ал бағасы бар болғаны 50 доллар ғана. Пайыз - бұл тауар капиталдың нақты құнын көрсете алмайтын өзіндік сипаты бар баға. Пайыз нарқы қарыз капиталына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қарай белгіленеді.

Қарыз капиталына қарыз пайызының қатынасы қарыз пайызының мөлшерін құрады. Пайыз пайданың орташа мөлшерінің бір бөлігін құрайды және одан төмен болуы да мүмкін, олай болмаса капиталиске қарыз алудың ешқандай мағынасы болмайды. Шындығында, тарихта қарыз пайызының нарқы төтенше жағдайларға байланысты пайданың орташа мөлшерінен асып кеткен кездер де болғаны рас.

Кәсіпкер қарыз капиталын пайдалана отырып, түскен пайданы толық иемдене алмайды, өйткені оның тиісті бөлігін қарыз пайызы түрінде қайтаруы тиіс. Нәтижесінде пайда екіге бөлінеді: кәсіпкер пайдасы және пайыз .

Бұл кезде бір ғана капиталдың екіге жарылуы байқалады: қарыз беруші капиталистің қолында ол меншік капиталы ретінде, пайдаланушы капиталистің (өнеркәсіп немесе саудагердің) қолында - қызмет капиталы ретінде жұмсалады. Қарыз капиталы мамандандырылған капиталистік кәсіпорындарда банктерде де ғана шоғырланатындықтан, олардың басқа капиталистік фирмалар сияқты бір ғана мақсаты бар - ол пайда алу.

Банк пайдасы - қарызға берілген ақшаның пайыз деңгейінің айырмашылығы есебінен және төленетін салымдар есебінен құралады. Банктің меншік капиталына жатқызылатын пайда - банк пайдасының нормаларын құрайды.

Қазіргі заманғы капиталистік өндіріс несиенің дамыған жүйесін айналып өте алмайды. Одан экономиканың барлық салаларындағы капиталистер көмек сұрайды.

Осы кезде банк қарызына төленетін пайыз деңгейі де капитал салымы мөлшерінің қысқаруына немесе өсуіне ықпал етеді. Сондықтан да өзі де банктен аса ірі қарыз алушы болып табылатын қазіргі заманғы буржуазиялық мемлекетте қарыз пайызының нормасы қалыптасуының стихиялы механизміне көптеп араласуда. Мемлекет пайыз нормасы қозғалысына (белгілі шектеулерде) реттеуші ретінде әсер етеді.

Кредит халықаралық экономикалық қатынастарда де кең таралуда. Мұнда қарыз беру шарттары ірі монополистік бірлестіктер мен империалистік мемлекеттердің тез арада мәмілеге келмейтін серіктестеріне қысым көрсету қаруы ретінде қызмет етеді. Дамыған капиталистік елдер, ең алдымен АҚШ, несиелік тежеуді басқа елдермен сауда жүргізу ісін шектеу шарттарын қолдау үшін пайдаланады.

Қазіргі кезде ірі корпорацияларға ірі кредиторлар керек болып отыр. Банк капиталының жинақталуы көбейе бастады. Ұсақ банктердің орнына банктік монополиялар келді. Ірі банктердің дамуы өнеркәсіп капиталының орталықтандырылуы мен жинақталуының белсенді факторы болып есептелінеді. Ұсақ кәсіпорындарды жою және ірі корпорациялардың бірігуі, іс жүзінде, яғни банктердің қатысуынсыз мүмкін болмайды. Банктік несие ұдайы өндірісті қаржыландыруда, яғни ақша капиталын өсіру және құру процесінде капиталистік кәсіпорынға қажетті өндірісті кеңейту және үздіксіз қайта жаңғыртуда маңызды мәнге ие болады.

Қазіргі заманғы банктердің көпшілігі әмбебап кредиттік кешендерге айналады. Олар тек ірі корпорациялармен ғана іс жүргізіп қоймайды, сонымен бірге жеке салымшылармен де жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде «әмбебап қаржы дүкендеріне» айналады, соның арқасында көп миллиардтаған мәмілелер жасалып, ондаған, жүздеген кәсіпорындардың, мың-мыңдаған жеке клиенттердің шоттары төленеді. Банктер тауар сатып алуға да ақша төлейді, сөйтіп материалдық қор айналымын жеделдетуге ықпал етеді.

Банктердің ұсақ қарыз алушыларға менмендіктен қарайтын уақыты өтіп кетті. Қазіргі кезде ол үлкен рынок. Тұтыну несиесі бойынша өте жоғары пайыз төленеді. Бұл тұрғыда басы артық қарыз капиталы ақша айналымы капиталында қарыз капиталының қорлануына әсер етеді. Ал қарыз капиталының қорлануы дегеніміз тегі қарызға арналған ақша ретінде ақша жиналып қалуы болады. Ақшаның капиталға шын айналуынан бұл процестің үлкен айырмасы бар; бұл өзі ақшаның тек капиталға айналуына болатындай формада қорлануы. Бірақ бұл қорланудың шын қорланудан зор айырмасы бар. Қарыз капиталының қорлануы осындай шын қорланудан тәуелсіз, бірақ сонымен қосарласа жүретін жағдайлардың әсерімен ұлғаятыны себепті циклдің белгілі бір фазаларында әрқашан ақша капиталының артылуы орын тебуге тиіс, ал кредиттің дамуына қарай бұл артылу көбейе түседі. Демек осы артылумен бірге өндіріс процесін оның капиталистік шегінен шығара ұлғайту қажеттігі де күшейе түсуге тиіс, яғни шамадан тыс сауда, асыра өндіру, басы артық несие пайда болады. Сонымен қатар бұл сөзсіз кері қозғалыс туғызатын формада жүзеге асады.

Бізге қарыз капиталы жөнінде тағы бірнеше ескерту жасау қалып отыр.

Бір ғана ақшаның өзі қарыз капиталы ретінде қаншалықты жиі кездесуі, жоғарыда айтып өткеніміздей түгелінен мынаған байланысты:

1) олардың сату немесе төлем процесінде тауар құнын қаншалықты жиі шығаруына, сөйтіп капиталды ауыстыруына және бұдан әрі олардың табысты қаншалықты жиі шығаруына байланысты. Олардың шығарылған құн ретінде, капитал немесе табыс ретінде болсын, оның бәрібір басқаның қолына қаншалықты жиі өтуі, бұл өзі тегінде, шын айналымның мөлшері мен санына байланысты болса керек;

2) бұл төлемді үнемдеуге және кредит ісінің дамуы мен ұйымдастырылуына байланысты;

3) ақырында кредиттердің өзара жалғасуы мен қимылының шапшаңдығына байланысты, мұның арқасында ақша бір жерде салым түрінде жиналып қалса, дереу жылт етіп екінші бір жерден қарыз түрінде тағы шыға келеді.

Егер тіпті қарыз капиталының өмір сүру формасы ылғи шын ақша, алтын немесе күміс формасы - заттары құн өлшемі болатын тауарлар формасында болады деп жорамалдасақ, тіпті соның өзінде де бұл ақша капиталының едәуір бөлігі сөз жоқ, жалған бөлік болады, яғни құнның белгілері тәріздес бір нәрсе, құнның жай титулы болады. Ақша капиталдың ауыспалы айналымында қызмет атқарып отырса, ол белгілі кезеңінде ақша капиталын құрайтын болғанымен, алайда қарыз ақша капиталына айналмайды, қайта не өндіргіш капиталдың элементтеріне айырбасталады немесе табысты жүзеге асырғанда айналыс қаржысы ретінде сол элементтермен төленеді, демек, олар өз иесі үшін тағы қарыз капиталына айнала алмайды. Ақша қарыз капиталына айналса және сол бір ақша сомасының өзі қайта-қайта қарыз капиталы болып отырса, мұндайда ол тек бір пунктте тек металл ақша ретінде өмір сүретіні, басқа пункттерінің бәрінде ол капиталға деген талаптар формасында ғана өмір сүретіні айқын. Жорамалымыз бойынша, бұл талаптардың қорлануы шын қорланудан туады, яғни тауар капиталының және т. б. құны ақшаға айналуынан туады; солай бола тұрса да бұл талаптардың немесе құн титулдарының қорлануы, өз күйінде алсақ, оны туғызатын шын қорланудан да, ақшаны қарызға беру арқылы болатын болашақ қорланудан да (өндірістің жаңа процесінен) басқаша қорлану.

Prime facie (әуелде) қарыз капиталы әрқашан ақша формасында, ал кейін ақшаға деген талаптар ретінде өмір сүреді, өйткені әуел баста қарыз капиталы өмір сүрген түріндегі ақша енді шын ақша формасында қарыз алушының қолына көшкен. Кредитор үшін қарыз капиталы ақша алу құқығына, меншік титулына айналады. Егер дамыған несие жүйесіндегі жалпы түрін қарастыратын болсақ, жай ақша мейлі ол шығарылған капитал немесе шығарылған табыс па, жоқ па, бұған қарамастан, бір ғана қарыз актісі арқасында, депозитке айналдыру арқасында қарыз капиталына айналады. Салымшы үшін салым - ақша капиталы. Алайда банкирдің қолында ол тек осы капитал иесінің кассасында жату орнына банкирдің кассасында қозғалыссыз жатқан потенциал ақша капиталы болады. Шатасу, міне, осы жерде бой көрсетеді, банкир тарапынан төлем талабы ретіндегі салым да, банкирдің қолындағы депозитке салынған ақша да, бұлардың екеуі де «ақша» деп есептеледі. Банкир Туэлс 1857 жылы банк комиссиясына берген жауабында мынадай мысал келтіреді: «Мен өз ісімді 1 фунт стерлингпен бастаймын. 5000 фунт стерлингке тауар сатып аламын да оны қоймама жөнелтемін. Қалған 5000 фунт стерлингті керек болуына қарай пайдалану үшін салым ретінде банкирге өткіземін. Әйтсе де онан 5000 фунт стерлинг салым немесе ақша түрінде тұрғанына қарамастан мен бүкіл соманы өз капиталым деп санаймын (4528) ». Осыдан келіп мынадай қызық айтыс туады: «4531. Демек, сіз 5000 фунт стерлингті банкнот түрінде басқа біреуге бердіңіз ғой?» - Ия - 4532. сонда әлгі басқа біреудің 5000 фунт стерлинг салымы болады ғой? - Солай, әрине. - 4533. Алайда сіздің де 5000 фунт стерлинг салымыңыз бар ғой? - Әбден дұрыс. - 4534. Оның ақшалай 5000ф. с., бар, сізде де ақшалай 5000ф. с. болғаны ғой? Солай. - 4535. Бірақ, сайып келгенде бұл тек ақша ғана ғой? - Жоқ. » - Бұл жерде шатасу ішінара мынандай себептен болады: депозитке 5000ф. с. салған А оған деп талаптар жазып бере алады, бұл ақша дәл өз қолында тұрғандай емін-еркін билік етеді. Бұл мағынада әлгі ақша ол үшін потенциал ақша ретінде қызмет атқарады.

Бірақ ол әлгі ақшаны әрбір пайдаланған сайын салымының сомасын pro tanto (тиісінше) кемітіп отырады. Егер оның берген ақшасы жаңадан қарызға беріліп қойылғаннан кейін банктен шын ақша алса онда оған өзінің ақшасынан емес, банкке басқа біреу салған ақшасынан төленеді. Егер ол В-ға борышын өз банкіне чек жазып төлесе, ал В бұл чекті өз банкиріне салса салымшы А-ның банкирінің де, салымшы В-ның банкирінің де чегі бар болып шығады, сөйтіп екі банкир тек қана чек алмасатын болады, мұнда А салған ақша, ақша қызметін екі рет орындайды: біріншіден, А салған ақшаны алған адамның қолында және екіншіден, А-ның өз қолында орындады. Тағы бір қызметті борыш ақшаның араласуынсыз жапқаны болады. Бұл жерде салым ақша ретінде екі рет атап айтқанда, бір рет шын ақша ретінде және екінші рет - ақша алуға деген құқық ретінде қызмет атқарады. Ақша алуға деген құқық борыш талаптарын өзара жабу жолымен ғана ақша орнына жүре алады.

Дағдарыс дәуірлерінде қарыз капиталына деген сұраныс, сонымен бірге пайыз нарқы да өзінің шырқау шегіне жетеді; пайда нормасы, онымен бірге өнеркәсіп капиталына деген сұраныс та нөлге дейін дерлік төмендейді. Мұндай уақытта әркім несиеге жармасады, мұны төлеуге бұрын қабылдаған міндеттемесін орындауға бола істейді. Мұның керісінше, дағдарыстан кейінгі жаңадан жандану дәуірінде қарыз капиталы сатып алу үшін және ақша капиталын өндіргіш немесе сауда капиталына аудару үшін керек болады. Бұл кезде қарыз капиталын не өнеркәсіп капиталисі немесе көпес керек етеді. Өнеркәсіп капиталисі оны өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмыс күшіне жұмсайды. Қарыз капиталы өнеркәсіпшілер мен көпестер есебінен қабат қорланады.

Қарыз капиталының жинақталуы, шамадан тыс молаюы оның өзі өндіргіш қорлануға қаншалықты қарама-қарсы қатынаста болуына қарай өндіргіш қорланумен тек соншалықты байланысты болғанда ғана мүмкін екенін біз айтып өттік. Мұның өзі өнеркәсіп циклінің екі фазасында, атап айтқанда біріншіден, өнеркәсіп капиталы өзінің екі формасында - өндіргіш және тауар капиталы формасында қысқаратын кезде, демек дағдарыстан кейінгі циклдің бас кезінде болады; және екіншіден, оңалу басталған бірақ коммерциялық кредит әлі банк кредитін аз қолданатын кезде болады. Бірінші жағдайда бұрын өндіріс пен сауда да қолданылған ақша басы артық босаған қарыз капиталы ретінде бой көрсетеді, екінші жағдайда ол өсе түскен мөлшерде, бірақ өте-мөте төмен пайыз нарқымен қолдану табатын капитал ретінде бой көрсетеді; өйткені енді ақшалы капиталиске өнеркәсіп және сауда капиталистері өктем шарт қояды. Басы артық қарыз капиталы бірінші жағдайда өнеркәсіп капиталының әрекетсіздігін көрсетеді, екінші жағдайда - коммерциялық кредиттің банк кредитінен біршама тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл тәуелсіздік ақшаның қайта оралатынына, несие мерзімінің қысқалығына және істің дәнін өз капиталымен жүргізушілікке негізделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз капиталы өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі
Капитал нарығы
Капитал нарығы экономикалық негізгі нарықтың бірі ретiнде
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Халықаралық капитал рыногы
Капитал экспорттаушы және импорттаушы елдер үшін капитал ауысуының салдары
Айналым капиталының қалыптасу көздері
САУДА КАПИТАЛЫ, САУДА ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ ШЫҒЫНДАРЫ ТЕОРИЯСЫ
Өзгерген пайда түрлерінің теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz