ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстанның оңтүстік бөлімінің сауда – саттығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақстанның оңтүстік бөлімінің сауда - саттығы

жоспар.

Кіріспе.

І. Оңтүстік Қазақстанның XIX ғасырдың ІІ-жартысындағы

әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

2. Ішкі саудасы

3. Сыртқы саудасы

а/ Ресеймен сауда байланыстарының күшейе түсуі.

ә/ Орта Азия хандықтарымен сауда-саттығы

4. Сауданың өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсерлері.

Қортынды.

Кіріспе

Тарихта жекелей дамып, өзімен-өзі тұйық шаруашылық жүргізіп, ұзақ уақыттан үлкен жетістіктерге қол жеткізген бірде-бір халық жоқ. Әлемдік өркениетте өмір сүру үшін барлық халық бір-бірімен байланыста болуы тарихи заңдылық болып отыр. Табиғаттың өзі бір адамға немесе бір халыққа өмірге қажетті барлық мүмкіндіктерді бұйыртпаған. Сондақтан қолында барын өзінде жоққа айырбастау ауыстыру табиғи қажеттілік болып табылада.

Басқа халықтар сияқты ғасырлар бойы осы шындақтың бізде қол үзбей дамып келеміз. Тек зауда-айырбасты тәуелсіз жүргізіп келген халқымыз, соңғы бір уақыттарда отар ел есебінде "біреулерге" кіріптар болып жүргізіп келді.

"Артта қалған шығыс елдері"сияқты Қазақатан XIX ғасырдан екінші жартысында европа алпауыттарының тартыс алаңына айналда.

Орта Азиямен Қазақстанда бірнеше ғасыр одан өзіне тәуелді етуді ойлаған Ресей үшін экономикасы мықты Англия осы уақытта үлкен қарсыласқа айналды.

Тікелей әскери жаулау жұмыстарын жургізуге бұрындары жүрегі дауламаған Ресей осы уақытқа дейін өлкені барлау жұмыстарын жүргізіп, реті келгенде басып алып та отырды.

Өлке туралы деректер жинақтаудаң бірнеше түрі болды. Ал эк-ономикалық; жағдайы, яғни күш-қуатын тексерудің бірден-бір жолы-сауда істері деп тапқан патша өкіметі өз көпестерін далаға көптен жіберді.

ХҮШ ғасырдаң аяғында Ресеймен Орта Азия хандықтары арасын-дағы сауда жолдарының Қазақстан территориясы арқылы өтетін үш бағымның айқындалғанын көреміз.

"Біріншіден, бұрынғыша Волга өзінің жағалап келіп, Каспсий және Маңғышлық арқылы Хиуаға өтетін жол. Кейде Буқар мен Қоқонға да өтетін. Екінші жол-Орынбор немесе Троицкіден Ташкент арқылы Бұқар мен қанға өтетін. Үшінші жел-Семей мен Петрапавлден бастап Сырысу арқылы Ташкентке өтетін жол".

Міне осы жылдар XIX ғасырдың І1-ші жартысында одан әрі сауда байланыстарын кең дамытқан жолдар болды. Оның ішінде соңғы екі жол Қазақстанның оңтүстік бөлігінен тікелей өтетін жолдар.

Оңтүстік өлкеден өтетін сауда жолдарының ертеде дүниежүзілік мазыңы болғандықтан тарихтан білеміз. "Ұлы Жібек жолы" тарамдары тікелей осы біздің өлке арқылы өткенің тек кейін су жолдарының ашлуы, тағы басқа тарихи себептерге байланысты құрықтағы бұл сауда жолдарының маңызы төмендегені тарихи шындық. Бұдан даладағы сауда істері мүлдем тоқтап қалған екен деген ой тумауы керек. Тек осы дала арқылы өтетін дүние жүзілік сауда жолының халықаралық маңызының төмендеменің ұғуымыз керек.

Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі қазақ халқы XIX ғасыр басында Қоқан және Хиуа хандықтарының үстемдігіне душар болды. Ал XIX ғасырдың ортасында өлкеде орыс үстемдігі орныға бастады. І964-65 жж, орыс үстемдігі толықтай орнап, оңтүстік Қазақстан қараған соң бұл Қазақстан жерінің Ресейге қосылу фактісі аяқталды.

Қазақстанның Ресейге қосылу фактісі тарихтан ерекше орын алады. Өйткені бұл процесо қазақ халқының өмірін кілт өзгертіп, әлеуметтік топтар арасында жаңа саяси қатынастар туғызды, қазақ қауымының қоғамдақ өмірі жаңа сүрлеуге бағытталынды.

Диплом жұмысының тақырыбының да маңыздылығы халық өмір-індегі осындай жаңаша бетбұрыс кезеңнің уақтысындағы жағдайын айқынрақ ашу, оған әр кезеңде зерттеушілердің берген бағасын салыстыру, пайдалы-зиянды жағын біле отырып бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізді өркендету іетерінде оны іске пайдалана білу деп білемін.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, оның ішінде сауда-саттық істері туралы деректер сол көзідің өзінде жазылда десек қателеспейміз. Деректік қызмет көрсететін ондай еңбектерден Е. Скярновтың Санкт-Петербургтан 1887 жылы жарық көрген "Сыр-Даринская область" деп аталатын кітабы, Л. Н. Добросмисловтың Ташкенттен 1912 жылы жарық көрген "Города Сыр-Даринской области"-деген еңбектерін атауға болады.

Сонымен қатар Е. Яшовтың Колонизация Түркістана за последние годы" деген еңбегі 1915 жылы жарық көрген Ленинград мемлекеттік архивінен алынған Сырдария облысының статиетикалық комитетінің облысқа шолу жасаған мәліметтері. Бұл мәлімет Ташкентте 1918 жылы басылған.

Бұл деректерді біз оқығанда сын көзбен қарап оқып кетуіміз қажет. Өйткені аталған авторлар патшалығы өкіметтің өзі өлкені бақылау жургізіп, мәлімет әкелуге жіберген адамдары.

Сондақтан да олардаң еңбектерінде Ресейге қосылу процесін немесе Ресейдің отарлап алу істерін қазақ халқы үшін үлкен прогресс болда деген көзқарас басым. Мүмкін алғашқы кездерде орыстар тарапынан езушілік бұрынғы Қоқан Дйуа хандақтарына қарағанда сәлде болса жеңілдеу болуы, бірі соңынан белгілі болғандай "тәуелділік" ешбір халық үшн жақсылық әкелшйтінін тарих дәлелдеді.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы оңтүстік Қазақатан сауда сатадғы туралы арнайы жазылған еңбектер өте аз. Әдеби еңбектердің көбісі жоғарыда аталғандай дерктерге сүйене отырып жазылып келді. Бірақ көп авторлар Ресейге қосылу немесе Ресейдің отарлап алу процесін прогресивті болды деп баға берген. Бұлай бағалауға мүмкін кей жағадайларда саясатта өзіндік әсерін тигізген болар. Дегенмен С. Асфиндияров сияқты ағаларымыз кезінде ашқыты айта білген. Бірақ империялық саясат тек патша өкіметі тусында ғана емес, кеңестік өкімет тусында да өз жалғасын тауып "артта алған жабайы қазақ халқы" прогреске тек "орыстар" басып алған соң немеее соларға қосылған соң көл жеткізген деген сыңар жақ пайымдаулар қалыптасқан біреуді ақтап, біреуді даттауда мақсат етпеймін, тек қазақ халқының бір езушіден, екіншісіне өтуі үлкен прогресс болды, экономикалық саясат, демографиялық жағдайдан жақсыға қарай өзгеруі тек орыстарға қосылған соң болды деген сыңан жақ көзқараспен келісе алмаймын.

Өйткені халық ушін бір тәуелсіздіктен екінші тәуелсізділік қамытын қию, анау айтқан "бақыт" болмаса керек. Керісінше, Ресей үшін шет аймақтарда экономикалық жағынан өзіне тәуелді ету капиталистік империализмнің отарлау жүйесінің негізін қалады. Бұл Ресейде капита-лизмнің дамуы өзінің империалистік сатысына жылдам көтерілуіне бірден-бір себепші болды.

І. ОНТҮСТІК ҚАЗАҢСТАННЫҢ XIX ҒАСЫРДЫҢ ІІ-ЖРТЫСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

XIX ғасырдаң екінші жартысындағы Қазақстанның оңтүстік бөлімінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына келер болсақ: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА қазақ халқы ұзақ жылдар бойы өсіп өнетін және жем-шөптің жетімсіздігіне төзімді жылқы, түйе, сйыр, қой, ешкі, ауа райына байланысты оңтүстікте басқа түлік түрлеріне қарағанда түие мен қойға үлкен маңыз берілетін. Оңтүстікте, Жетісуда байлық түие мен қой санына қарай, ал Сары арқада жылы санына қарай есептелінетін.

XIX ғасырдың аяғына қарай қазақ халқының көпшілігі жартылай көшпелігіне отырықшы болды. Оңтүстік өлке бұрыннан да егін шаруашлығына қолайлы болып отырықшылыққа бейім келетін. Ал көшпелі аудандарда төрт құрамында түйе мен қой басым келді. Орта Азиялық сауданың жағдайын рттеуші А. Н. Тетеревшков: "Қой түлігі қазақтардаң экономикалық өмірінде ең маңызды роль атқарда. Қазақ қойларын орыстар мен Орта Азия сәддегерлері өте жоғары бағалаған"-деп атап көрсеткен.

Мал шаруашлығында түйе мен қойдан басқа жылқыға үлкен көңіл бөлінді. Көлік ретінде пайдаланды. Жал-құйрық қыл арқанға, терісі киімге, өті таамқа жаратылды.

Сауда да малдың барлық түрі сатылып, ақша-товар қатынасы қазақ арасына тереңдеп ене түсті.

ЕГІНШІЛІК КӘСІБІ оңтүстік халық үшін жаңалық емес болатын. Өйткені ХҮШ ғасырдан бастап көптеген қазақтар өздерінің ата-баба ғұ-рыптарының белгілі бір обьективті, субьективті факторларға байланысты ажырап егіншілік кәсібіне ауысқан болатын. Бұл кәсіп ең алдымен Орта Азда халықтарымен шекаралас аудандарда, сырдария өзені зонасы мне Оңтүстік Қазақсетаның тау етегіндегі халықтарда кең қанат жайды. Негізгі егіс түрлері: бидай, арпа, сулы, тары, бұршақ түрлері болды. Кейбір авторлар айтып жүргендей қазақтар егін саудасы басқа халықтардан кем болмаған. "Көшпелі қазақтар арасында егін салу жағынан қазақтарға ешкім тең келе алмайда. Құрғақ, құмдық жерлерді құнарлы аймаққа айналдыра алады"-деп жазды . Г. И.

Егіншілік кәсібінің негізгі аудандары Шу, Талас, Бадам, Арыс Ақсу, Шаян, Бөген, Келес өзендерінің аңғарлары болып келеді.

Генерал Черняевтың жорығына қатысуы зерттеуші Северцов Н. А. "Бұл жерлердің бәрі байырғы Ташкент хандығының /Қоқан/ сарқылмас астық көздері болған"-деп атап көрсетеді.

Қазақ арасында егіншілік бұрыннан қалыптасқанына халық арасында қалыптасқан әдет-ғұрыптар куә бола алады. Мысалы: құрғақшлық жылдары тасаттық берді.

Тек етілген еңбек нәтижелері үстемдік етіп отырған орыс өкіметі салыстарымен бей-берекет болып жататын.

Оған дәлелді біз А. И. Добросмыеловтың "Города Сыр-Даринской области"деген еңбегінөн көздеуімізге болады. Ол:"Туркістанды жаулап алған күннен бастап 1868 жылға дейін оның шаруашылық істерін жүргізу командантқа тапсырылды. Қанша кіріс шығыс болған беймәлім . . . Харауш салығы, танап салығы, зекет 4 салығы басқа қалалардағыдай алынды"-деп мәлімет береді.

Салық мөлшері әр жылы әртүрлі алынған. Дегенмен жылдан-жылға өсіп отырған. Жоғарыда аталған салықтар атауы Орта Азия хандықтары тұсынан алған. Ресейліктер алғаш жаулап алғанда салық түрлерін, өлшерін сол хандықтарын тусындағыдай етіп нұсқада. Бұл да саясаттың бір түрі еді. Өйткені халықтың наразылығынан қорыққан, әлі бекем орынға алмаған патша өкіметі осылай етуге мәжбүр де болды. Бірақ келе-келе салықтың түрі де, оның формасы да өзгере түсті. Бұрындары натуральды түрде алынатын салықтар енді ақшалай формада алынатын болды. Бұның өзі қазақ малы мен егін өнімдерінің саудаға кең таратылуына себеп болды.

Қазақ арасында ішкі және сыртқы сауданың өркендеуіне, салық жүйесінің де өзіндік әсері болды. Сауда жасай келген сырт жерліктер экономикалық мәселелері мен қатар, ел экономикасы, ішкі саясатына барлау жұмыстарын қатар жүргізді.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы елдегі жүргізілген саясатқа да байланысты болса керек. ХІХ ғасырдың екінші жартысында оңтүстік халқы дербес саясат жүргізе алған жоқ. Ресей империясы мен Қоқан, Хиуа хандықтары арасында осы өлке үшін талас жүріп, Ресей үстем болды. Ендігі экономикалық, саяси мәселенің барлығы дерлік орыс өкіметі арқылы шешілетін болды. Орыстардың Қазақстанның оңтустігі мен Орта Азия хандықтарын отарлауының басы 1827 жылы Райм бекінісін салу болып табылады. Алты жылдан соң ол бекініс сәл жоғары жылжытылып Қазалы бекінісі аталды. Бұдан кейінгі өлке экономикасы оның ішінде сауда істерінде Қазалының үлкен роль атқарған көреміз. Жаңадан басып алынған жерлер есебінен 1861 жылы Сырдария линиясы құрылда. Ол Орынбор генерал-губернаторлығына бағындырылды. Орталығы болып Перовск /Ақмешіт/қаласы белгіленді. Бұл қала 1853 жылы шабуылмен Қоқандықтардан тартып алынған бола-тын.

1864 жылы Шымкент, 1965 жылы Ташкент орыстарға тізе бүкті. Чершов әскері қарсылық көрсеікендердің жанын судай шашты.

Жергілікті басқару істерінің генерал-губернаторлықтан алыс болғандықтан жаңа әкімііілік орталық құру мәселесі туды, өйтіп 1867 жылы қараша айында ерекше Түркістан генерал~губернаторлығы турылды. Орталығы болып Ташкент қаласы белгіленді.

Генерал губернаторлыққа Сырдария облысы және Жетісу облысын қарады.

Сырдария облысы жеті уезден турды.

1. Шымкент уезі.

2. Жызақ уезі.

3. Перовек уезі.

4. Әулиеата уезі.

б. Қазалы уезі.

б. Ходжент уезі.

7. Құрама уезі.

Облыстың шекарасының тек оңтүстігінде кішкене бөлігі ғана Бухар хандығының иелігімен шектесті, ал қалған бөліктерін орыс иеліктері қоршап тұрды.

Бұл уездерді кімдер басқармада дейсің. Мысалы Қазалыға 1867 жыл мен 1905 жыл арасында уезд бастығы болып 14 адам қыз мет еткен. Олардың қандай макеат көздегенін Дебросмыолов былай дегі жазды: "Больинютво уездных начальников были в Казалинске временное гости, спенивше устроить только евою карьеру и полу адть вее, что могла им дать привилегированная служба",

1867 жылдары Сырдария облысының 60°/о астам халқын қазақтар құраған. Ал оны басқарған орыс чиновниктері тек өз пайдаларын ойласа, халықтың әл-ауқатын қандай дәрежеде екені құпия болмас.

Патша үкіметі қазақ жерін бір жола жаулап алғаннан кейін енді ол жердегі бай кен орындарын игеруді ойлады. Осы байлықты өз көздерімен көрген орыс өндіріс иелері мен көпестері Оңтүстік өңірінде де бұл іске ден қоя бастады. Бұл өңірде алғаш рет Түркістанға жақын маңдағы Қарнақ ауылында алғашқы шахта және бір шағын қорғасын зауыты құрылды. Оның металл қорыту пеші сол жердің дайынан жасалынды Сөйтіп, 1867-1870 жылдары барлығы 12. 800 килограмм ғана қорғасын алды. Қорғасын өндіруден пайда түсіре алмағандықтан иесі оны жабуға мәжбүр болды.

Осы кезде бұл кенді игерсек деген ойлар кейбір кәсіпкерлердің ойынан кетпеді. Соның бірі - Н. Ң. Иванов 70-жылдардың соңында Түркістан өлкесінің таукен байлығын зерттеу және пайдалануды кеңінен ұйымдастыруға тілек білдірді: Алайда оның дайындығы өз дәрежесінде болмай. тек Ащысай шахтасын жалға алумен ғана шектелді. Жұмысының нәтижесі де көңілін толтырмай, тоғыз жылдың ішінде ол 37, 5 тонна ғана қорғасын өндіруге жетісті . Сөйтіп жұмысты өз дәрежесінде ұйымдастыра алмау мен қажетті мамандардың аздығынан бір кездері ірі таукен өнеркәсібін жасау жөніндегі ойы іске аспай қалды.

Түркістан генерал-губернаторынан Ащысайдың қорғасынын өндіру үшін 1887 жылы рұқсатын алған тағы бір кәсіпкер де жұмыс жүргізе алмай, ойыннан бас тартуға мәжбүр болды. Ал XIX ғасырдың соңында халықаралық жағдайдың шиеленісуі, соғыс одақтарының құрыла бастауы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіндегі қорғасын кендерін игеру мәселесін күн тәртібінен түсірген жоқ.

Әрине, өнеркәсіп орындарын дамыту қажеттігі туып отырған кезде ең алдымен оған қажетті отын мәселесін шешу керек еді. Осыны ойластырған орыс көсіпкерлері бірден таскөмір шығатын жерлерді зерттеу және оны өндіру мәселесін ойластырды. Олар Борадцай өзенінің басындағы Ақтасты бұлақ маңында (қазіргі Жуалы ауданының оңтүстік батысында) 1867 жылы таскөмір кенін ашты. Ағашы жоқ бұл өңірде өнеркәсіп орны қажет ететін көмірдің өндірілуінің маңызы зор болды. Бірақ алғашқы жылдары оған сұраныс болмағандықтан кәсіпорын зиянға отырып, 1872 жылы жабылып қалды.

Бұл кезде Сырдария облысының қазақтары негізінен мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де жақсы айналысты. Кей елді мекендерде егіншілікке ерекше мән берілді. Сөйтіп, Оңтүстік өңірінде тек таза көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақ шаруаларының саны барған сайын азая берді.

Оңтүстік өңірі бүкіл қазақ жері сияқты барған сайын Ресейдің арзан тауарларын шығаратын және арзан шикізат алатын аймағына айнала бастады тұяғына дейін құртып жіберген.

Оңтустікте бұл жылдары алғашқы ірі өнеркәсіп орындары салына бастады. 1882 жылы Мәскеудегі пруссия азаматгығын алған химик Вилгельм Пфафф Түркістан өлкесінде дермененің бар екендігін есітіп Қазалы қаласындағы орыс көпесі Н. И. Ивановқа сантонин жасайтын зауыт салуға кеңес береді. 1883 жылы Н. И. Иванов Шымкент қаласында зауыт салуға кірісіп, керекті машиналар келтірілді, зауыт іске қосылып, сол жылдың 16-желтоқсанында алғашқы өнім алынды. Зауытқа отын үшін дермене сабағы, томар, жантақ, кейінірек Шымкент қаласының жанындағы Лентірден шығатын көмір пайдаланылды.

Казақстанның оңтүстігіндегі арзан шикізатты Ресейге жеткізу, Ташкент пен Орталық Азиядағы басқа да ірі қалалармен байланысты жақсарта түсу мақсатында жолдарды жөндеуге мән беріле бастады. 1867 жылдан Түркістан әскери округінің генерал-губернаторы, округ өскерінің қолбасшысы, негізгі мамандығы инженер Константин Петрович фон Кауфманның тапсырмасымен көпір де салынғаи. Соның мысалы, 1879 жылы жоспарланып 1886 жылы Бөген өзенінің Түркістан - Шымкент жолының қиып өткен жерінде салынған Қызыл көпір

Бізге жеткен аңыз осы көпірдің салынуы туралы былай сыр шертеді. Генерал Н. П. фон Кауфманның қызы тұрмысқа шығып, жас жұбайлар Түркістандағы кесенені көруге барады. Бөген өзенінде көрген қазақ жігіттері үлде мен бүлдеге оранған ару қызды тартып алмақ болып, арба ететін жерден шұңқыр қазады. Қайтарда өткелдің бас жағынан суды әдейі лайлағанын байқамағандықтан күйме суға батып, не істерін білмей аттарынан секіріп түскен екі жасауыл мен арба айдаушыны қамыс арасынан шыға келген жігіттер байлап, арнайы тігілген үйде ұстаған. Бұл жайды естіген ауыл ақсақалдары қарулы әскер келеді деп қорқып, үшінші күні босаттырады. Қатты ашуланған генералды қызы "бізге ешқандай зәбір көрсеткен жоқ" деп басып, кейіннен өздерінің ойламаған жерден "қырғыздардың" қолдарына түсіп қалып, бастарынан осындай қызықты оқиға өткенін ол мақтана айтады екен. Осы жерге қызының өтініші бойынша кепір құрылысы басталып, генералдың қайтыс болар 1886 жылы салынып біткен. Басқа жерде емес, шағын ғана Бөген өзеніне сонау заманда темір көпірдің салу тарихы осылай екен. Алғашқыда "Қыздың көпірі" делінгенімен, кейін оның бояуының түсіне байланысты "Қызыл көпір" аталып кетсе керек.

Бұл кезде бүкіл Қазақстандағы сияқты оңтүстік өңіріне орыс қоныс аударушылары келе бастады 1875-1895 жылдары Сырдария облысында 52 орыс елді мекені құрылып, оның ішіңде Әулиеата уезінде 22, Перовск уезінде 3, Ташкент уезінде 10, Шымкент уезіндс 17 елді мекен болды. Ондағы шаруалардың саны олар орналасқан жердің шаруашылықка қаншалықты жайлы екендігіне байланысты болды. Мысалға алатын болсақ кей жерлерде 20-25 адам ғана болса, енді бір жерлерде қоныстанушылардың жалпы адам саны 1000-нан асты. Қоныс аударушылардың саны жыл сайын өсіп, 1909 жылы тек Шымкент уезінде олардың мекекдері 42-ге, ал Ташкент уезінде 21-ге. жетті.

Келімсектердің көбеюіне байланысты қазақшаруаларының жерлері тарылды, олар шұрайлы жерлерінен айырылып тау-тасты, құнарсыз жерлерге қарай куылды. 1887-1899 жылдары тек Шымкент уезінде 18 орыс селолары пайда болды. Әулиеата өңіріне 1877 жылдан бастап дұшандар қомыс аударып келе бастады. Олар 1862-1877 жылдардағы Шэньси, Ганьсу, Синьзян провинцияларындағы ұйғырлардың ханзуларға қарсы көтерілісінің жеңілуінен кейін қашып келгендер еді.

Сөйтіп Оңтүстік өңірінде басқа ұлттардың саны есе бастады.

Ресейдің орталық аудандарынан ауыл шаруашылық құрал-саймандарының көптеп келе бастауы қазақтардың егіншілікпен айналысуыма едәуір ықпал жасады. Өндіріс орындарының өсуі шет аймақтың арзан шикізатын бұрынғыдан да көбірек қажет етті. Сондықтан патша үкіметі өндіріс орындарына қажетті шикізатты Орталық Азия мен Қазақстанда да өндіру міндетін қойды. Осы мақсатта 1894 жылы Мырзашөлде 12 мың десятина жерді игеру мақсатында суды Сырдариядан алатын император 1-Николай атындағы канал салынды. Мақтаның өндіріске қажеттінің өсуіне байланысты 1913 жылы 45 мың десятина жерді суландыратын Романов каналы қазылды. Соның нәтижесінде Мырза шөл өңірінде мақта егістігінің көлемі арта түсті.

Бұл жылдары Оңтүстік өңірінде дәнді дақылдар ету жұмыстары да кеңінен орын алды. Мал шаруашылығына көңіл бөлінді, ол өркендей түсті. Ауылдарға орыс шаруаларының келуі көбейе түсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - Ресей саудасы
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
Сауданың сипаты
Xix ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
XVIII-XX ғасырлардағы қазақ мәдениеті
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың І жартысындағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz