Жасөспірімдердің ойлауын дамыту процесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеу өзектілігі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде
экономикада сілкініс жасап, өркениетпен ықпалдасуда. Әлемдік қауымдастық
Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр.
Осыған орай, қоғамдық даму деңгейінің өлшемі болып табылатын қазіргі
білім беру жүйесінің мәні арта түсуде.
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы 1
наурыздағы жолдауында: Білім беру жүйесін дамыту – Қазақстанның бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдардың бірі деп атап көрсетті.
Орта білім берудің алғашқы сатысы – бастауыш білім беру. Білім негізі
бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың
жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және
дамыту.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті,
жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамда алатын орны,
қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.
Бұл қоғамның дамуына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта
білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты:
дүниетанымдылық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда
Орындаушы адамнан гөрі Шығармашыл адамға деген сұраныстың көп
екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Шығармашылық бүкіл тіршілік
көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңартулар тұсында
шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің
болмауы үлкен мәселе болып саналып, оның ойландыруы тиіс деп білеміз.
Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш сыныптың орны ерекше.
Оқыту процесінде мұғалім оқу материалын байланысты қандай да бір
деректерді хабарлай отырып оқушылардың логикалық - әдістемелік білімдерін
қалыптастыруды жүзеге асырады, керісінше, оқушыларды логика - әдістемелік
білімдермен таныстыра отырып, ол үшін нақтылы оқу материалын пйадаланылады.
Оқушылардың ақыл – ой дамуының негізін дамуының негізін олардың меңгеретін
ғылыми білімдерінің жүйесі. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры
болмайтын болса, онда олар ойлай да алмайды. Оқушыны жеткілікті білім
қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету, оқушының білім алуға
ынта – жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру, оның саналы
ақыл – ой дамуының маңызды жолы болады.
Мектеп оқушыларының оқу-тәрбие процестерінде ақыл – ой іс - әрекетін
талаптарға байланысты жүйелі түрде қалыптастырып, дамытатын негізгі мекеме
болса, мұғалім – оны дамытушы тұлға. Білім берудің жаңа үлгісі жеке
тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндіктер туғызуға бағытталған.
Жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасына қарай қоғамдық - әлеуметтік
жағдайлардың үнемі өсіп отыруына сәйкес педагогикалық құралдарды да тұрақты
жаңарту қажет болды. Тиянақты қалыптасқан педагогикалық парадигма бойынша
педагогикалық технология ұғымы білім мазмұнын құру, оқу – тәрбие әдістерін,
оның құралдарын, түрлерін таңдауда, ең қысқа мерзімде тиімді нәтижелерге
біртіндеп сатылап жету кезеңдері қамтылады. Логика ғылымның өз заңдары,
дәстүрлері мен дау-дамайлары, бар өзіндік бір ерекше дүние деуге болады.
Логика – дұрыс ойлаудың заңдары туралы, жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға
қойылатын талаптар туралы ғылым. Анықтама, жіктеп-саралау, дәлелдеме,
бекерлеу, жалпылау, сияқты логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау
қызметінде ұдайы қолданып отыр.
Ойлаудың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек логикалық
ойлауды ғана емес, сондай-ақ басқа да ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіруге
көмектеседі.
Ойлау – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен
түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз
байланысқан ойлау ми қызметінің нәтижесі.
Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне
түсіне білуден жақсы байқалады.
Ойлану – түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады. Олар: анализ
(талдау), синтез (жинақтау), жалпылау, нақтылау, абстракциялау, жүйелеу
т.б.
Ойлау, ой, ойлану ұғымдары - әрқайсымыз күнде айтатын ақыл
деген сөздің синонимі. Ақыл – ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа
байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың бәрі бірдей
ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс
пайдалана, қорыта білумен байланысты.
Халық ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп
үйренңп, көп оқып, оны миға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл – егіз,
ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше қадіртұтқан абзал.
Ақылдың жақсы қасиетінің бірі – оның ұшқырлығы. Бұл мәселені тез шеше
алу, ойға сергектік, белсенділік. Мұндайлар орынсыз асып-саспайды, ылғи да
жағдаймен санасады, үнемі жаңаны аңғаруға, заттың әр қырынан көруге дайын
тұрады.
Адамдар өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай
қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді
(ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме т.б.) шебер пайдаланып отырған. Халық
осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық
сөздермен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды, шашешендік толғаныстарды
ұтымды пайдаланған.
Педагог мынаны еске ұстауы қажет: бала тек қана оқушы емес, оқу –
тәрбие жұмысында нақты да және нақтысыз, оның ағзасы ең күрделі биологиялық
процесс. Олардың ойлануы мен ойлауы осы процестермен тығыз қарым –
қатынаста.
Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдердің ойлау процесінің даму деңгейін
зерттеу және логикалық ойлауын дамыту жолдарын анықтау.
Зерттеудің нысаны: Жасөспірімдердің ойлау деңгейінің даму
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Жасөспірімдердің ойлауын дамыту процесі.
Зерттеу болжамы. Егер ойлау түрлері талапқа сай қарастырылып, оның жас
ерекшелік деңгейінде қалыптасуы анықталса, онда Жасөспірімдердің логикалық
ойлауын дамытуды ұйымдастыру тиімді нәтиже береді.
Зерттеу міндеттері:
- ойлау және оның түрлеріне сипаттама жасау;
- Жасөспірімдердің логикалық ойлауының даму деңгейлерін, айқындау және
дамыту жолдарын анықтау;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеу әдістері. психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық
талдау, қорыту; диагностикалық әдістер, бақылау, сыналушылардың іс-әрекет
нәтижелерін зерделеу; тәжірибелік эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін
талдау (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
Б.Г.Ананьев, Э.Титченер, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов, В.Д.Шадриков,
П.К.Анохин, С.М.Жақыпов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов қабылдау түрлері мен
құрылымының түбегейлі мәселесін және олардың даму жағдайлары туралы зерттеу
жүргізуге мүмкіндік берді. Таным концепциялары Л.С.Выготский, В.С Мухина,
А.В.Петровский еңбектерінде қарастырылған.
Зерттеудің теориялық мәні. Ойлау мәселесіне жан-жақты теориялық талдау
жасалынып, оның түрлері мен қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
көрсетілді. Бұл мәліметтер жас ерекшелік психологиясы, бала тұлғасының
қалыптасуы жайлы ақпаратты қамтиды және ойлауыпроцесн дамыту мәселесі
туралы мағлұматты меңгеру негізінде психологиялық білімді жетілдіруге
мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелерді
Жасөспірімдердің логикалық ойлауын дамыту мақсатында қолдануға болады. Бұл
нәтижелерді психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану ойлаудың даму
мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.
Зерттеу базасы. Тараз қаласы, №30 қазақ орта мектебі.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезең – зерттеу мәселесін анықтау үшін психологиялық –
педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды және жүйеге
келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі психология ғылымының
теориялық негіздері тұрғысынан сараланып қабылдауды зерттеуге арналған
эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Жасөспірімдердің логикалық ойлауын
дамытудың психологиялық ерекшеліктері ашылып, оны дамытуға арналған іс-
шаралар жүзеге асты.
Үшінші кезеңінде тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп,
қорытындылар жасалынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ойлау туралы түсінік, оның түрлері

Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру
шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор
қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын
жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді,
қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті
жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған
қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі
қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне
осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың
моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.
Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не ? Отбасы да,
мектеп те, жора – жолдастары да – бәрі де септігін тигізеді. Бірақ
негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу
беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының механикасын , бір
нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді
баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы
даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық
байқалған бала, мектеп қабырғасында жан – жақты жетіледі.
Ойлау психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның
күрделілігі теориялық және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді.
Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына
дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады
гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлау табиғаты (сана) оның
қатынасы туралы алғаш зерттеген философия [4, 355].
Қазіргі заман философиясы ойларды, шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі
түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден
бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық
өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы
ойлауға фундаментальды түсінік береді: ойлау және сана, ойлау және тану,
ойлау және сөйлеу ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлау
өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам
өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар
ойлау сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі
түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлау процессі.
Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен
тәуелсіздікке қарамастан өзіндік ойлау заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы
ойлау процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген.
Ассоциативті психологияда нақты психологиялық зерттеуден формальды логика
әсерін алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлау теориясына
психологиялық өзіндік жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі
ойлауызаңдылықтарының әсерін өңдей келе ассоциациялық теория ұсынады. Бұл
көзқарас ойлаудың механикалық концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек
интелектуалды процес жүйесін қарапайым операциялар арқылы байланысуда.
Сондықтан да ойлаудың психологиялық зерттенудің қалыптасуына ассоционизм
сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта қарастырылады.
Ойлаудағы экспериментальды зерттеу вюрцбург мектебінде алғаш жүргізіледі,
зерттеу заты ойланудың бір түрі – ауызша – логикалық ойлау, ал оның әдісі
ерекше әдіс интроспекция болды. Вербург мектебінің зерттеуі ойлау
процесінің басты бірнеше заңдылықтарын бөліп көрсетті.
Ойлау актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін
ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар
екені қарастырылды. Ойлауды экспериментальды зерттеу кейінен гештальт
психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлауларына қарай жаңа
әдістемелік тәсілдер қарастырады.
Ойлау психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург
мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлауға теориялық және
экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы
талдады. Кейінен Вюрцбург мектебінің идеясын жалғастырушы О.Зельц болды.
Оның кешенді теориясы ойлау актісінің продуктивті, репродуктивті
психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері
К.Дункер ойлаудың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде
зерттеді. Дункер творчестволық ойлау мәселесін зерттеуге, нақты анализ
жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық
деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық
теориясы болды.
Ал А.Н.Леонтьев ойлауды зерттеуде, фундаментальды мәселелерді
зерттеуді, жалпы психологиялық іс-әрекет теориясымен байланыстырып
қарастыруды. С.Л.Рубинштейн еңбегінде ойлау процесі бойынша зерттеу
принципін қалыптастыра отырып, оның заңдылықтарын бөліп және ойлау
операцияларының негізгі бірлігін көрсетті.
Адамның ойлану әpeкeтi тікелей – сезімдік таным процесстерімен де
тығыз байланысты. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу
арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды әртарапты
танып бiлуге мумкiндiк туады.
Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. өз ой-пiкiрлерiнiң жуйесiн,
нәрселер жайындағы нақты тyciнiктepiн жасайды. әрбiр ойдың ақиқаттығы ой
талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жуйелi болып, оның нәрселердiң
мәнін тусiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жузеге асып, өзгелерге жеткiзiледi.
Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тiлдiк
материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.
Ойлаудың қоғамдық мәні Ойлаудың тiлмен тыгыз байланысты болуы және оның
қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қогамдық тарихи сипатта болатындығын
көрсетедi. Адамның дуниетанымы, бiлiмi және өмip тәжiрибесiнен жинақттаған
мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұpa болып ауысып отырады. Бұл - тарихи
фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өcyi әрбiр ұрпақ
жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмip қажеттiлiктерiн
қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының
қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.
Ойлау процесі үшін зейін – мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал
ететін фактор. Осы ойлау және ес процесіне зейіннің тікелей ықпалы бар.
Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне
бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін
адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні
таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына
да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен,
зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның
айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады [17,
301].
Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен
байланысты болады. Ойды анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен
таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін
анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі
нәтижелі болуы зейінге байланысты.Оқушылардың ойлауықабілетін дамытып, оны
тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой еңбек қабілеттерінің өсуі барысында
олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген
тапсырманы дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушылардың белгілі бір көлемдегі білімі, білік
дағдыларын меңгертумен бірге адам, қоғам, табиғат, қоршаған дүние туралы
танымдарын қалыптастыру, жеке бастың қасиеттерін жан – жақты дамыту, жоғары
адамгершілік принцптерге тәрбиелеу – бүгіннің ең басты мәселесі болып
табылады. Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ізгілендіру
процесі – баланың еркін дамуының белсенді, шығармашыл болуын талап етеді.
Оқушының ойлау жүйесіне тереңірек үңіліп, автор идеясына ілесе отырып
талдау жасаттырғаннан кейін оқушыларды қызықтырады, ішкі ойына қозғау
салады, өмірдің беймәлім жақтарын көз алдына елестете алады. Соның
нәтижесінде оқушылар өз ойларын жинақтауды үйренеді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқыту процессінің екі аспектісін
қалыптастырады.
Оқытудың мазмұнды аспектісі оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен
практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді.
Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар бойында білімді игеру дағдыларын
қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу
материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады.
Практикада бұл екі аспектінің тең емес екендігі айқын көрінеді. Ұстаз
қауымы оқушыларға мейлінше терең білім беруге тырысады. Алайда
көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер ,
демекші қазір мектептерде пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп
келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет.
Сондықтан оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, олардың бойында
ойлауыоперацияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі
қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк
арттыратыны сөзсіз. Шынымен – ақ, оқушылардың ойлауындағы қателікті байқап,
сол қателіктің мән – мағынасын түсіндіріп, ойлау жүйесіндегі тізбектілікті,
ойлау операцияларын дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға логика саласынан
қажетті теориялық білім керек.
Сол себептен оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені
құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір
тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі – оқыту процессінде формальды
аспектіге назар аудару.
Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, шығармашылық ойлау өзінің төрт
ерекшелігімен сипатталады:
- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың
ерекшелігімен, ойлау жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;
- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан
көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе
жүзінде кеңейту қабілетімен;
- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның
жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;
- семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз
жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда
өндіру қабілетімен.
Шығармашылық ойлау өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге:
конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі,
ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар
тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен
ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға;
жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.
Шығармашылық ойлауды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:
* шығармашылық ойлау процесін зерттеу;
* шығармашылық өнімдерін зерттеу;
* креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;
* шығармашылық тұлға лардың ерекшеліктерін зерттеу
Шығармашылық ойлау қиял мен ойлаудың бірігуінде пайда болады.
Ойлау процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:
1) ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;
2) мәселелерді шешу.
Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай ұқсас нәрсені ұқсас емес нәрседен
айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъекттің ұғымдардың
әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.
Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақмерзімді есте сақталатын
меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.
Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:
І – түсініксіз нәрсені ұғыну, яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп,
қалыптастыру. Сұрақтардың қойылуы бастапқы түсініктің ғана болу жағдайы,
– ой жұмысының индикаторы жоқ.
ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың
ықтималдығын бағалауды белгілейді;
ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі
мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың
тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;
ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ
бойынша тұжырым жасау.
Ойлау процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлау процесінің
сатыларымен өте ұқсас:
1) дайындалу;
2) пісіп жетілу;
3) шабыттану;
4) шынайылығын тексеру.
Ойлау операциялары. Ойлау процесі келесі операциялардың көмегімен
жүзеге асырылады:
* салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;
* талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас
элементтерге бөлу;
* синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;
* абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;
* нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке
ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.
С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудың
негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен
қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.
Ойлаудың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап,
яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінен тұрады. қамтылады. Ойлау құралдары
ретінде алдыңғы ойлау процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген
қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады. Ұғым
мазмұны сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін, біз бұл
сөздің астарында болмыста не жатқандығын елестете аламыз. Демек, ұғым-
сөздердің арқасында біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілдің жақсы дамында
ойлау қабілетінің болуы жөнінде илюзия қалыптасып жатады. Бірақ бұл әркезде
олай бола бермейді.
Ұғымның ойлау құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде
бекітіліп, көпшілікпен қабылданған мағынамен беріледі. Ішкі жағы жағдайлық
болып табылатын, әрі адамның қажеттіліктеріне байланысты болатын мәнімен
беріледі.
Ойлаудың көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты қамтуға
болады.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерін бір жүйеге келтірі отырып,
төмендегідей анықтаманы зерттеу жұмысының негізіне ала отырып
Ойлауықабілетін дамыту дегеніміз :
• барлық ойлауыоперацияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау,
саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру:
• Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.
1 Ойлауыоперациялары:
- талдау,
- жинақтау,
- салыстыру,
- жалпылау,
- саралау.
2 Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту:
- Әртүрлі болжам, пікір айта білу,
- Мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.
3 Трансформация әрекетін жетілдіру
- заттарды бөліктері арқылы құрастыру,
– объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
Таным теориясы - гносеология - философиялық пән. Ол дуние танудың
жалпы заңдылықтарын зерттейдi. Адамзат тарихының дамуында қалыптаск:ан
"болмыс", "материя", "сана", "сан", "тартылыс" тәрiздес басқа да ұғымы кең
дәрежеде қарастырылады. Осындай таным теориясы мен философиялық
принциптерге негiзделетiн ойлау урдiсi өзара байланысты және бiр-бiрiн
толықтырып отыратын жеке ғылыми пәндер - формалдық. логика мен психология
арқылы да зерттеледi.
Логика ғылымы ойлаудың формаларын, ұғымдар мен пiкiрлердi, ой
қорытындыларын және ойлау заңдарын зерттейдi.
Ұғым- болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәндi және өзiндiк
белгi-қасиеттерiн бейнелейтiн ойлау формасы. Мысалы, "адам" деген ұғымның
мәні оның өндiрiс құралын жасап шыгаратын қабiлетi бар, дыбысты тiл арқылы
сөйлесетiн ақыл иесi екендiгiн бiлдiредi. Ал "емтихан" деген ұғымның мәнici
оқушылардың студенттердiң бiлiм деңгейiн анықтап, олардың дәрежесiн тиiстi
белгiлермен анықтайтын оқу урдici. ұғымдардың мазмұны пiкiрлер арқылы
ашылдыы. ұғымдa нәpce мен оның қасиетбелгiлерi арасындағы байланыстар ашық
көрсетiледi. Пiкiрлер eкi турлi тәсiлмен құалады:
а) Тiкелей қабылдау арқылы құралатын пiкiрлер. Мысалы, мына бала
сабaқты нашар даярлады жанама жолмен не ой қoрытындысы, ой талқысы арқылы
жасалатын пiкiрлер.
б) Жанама жолмен қабылдау арқылы құралатын пікірлер не ой
қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында
пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып
бөлінеді.
Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің
байланысысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын сөз арқылы шғарамыз.
Дедукция- латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытынсының
бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай
өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытынсының жекеден жалпыға қарай
дамып отырған түрі. Ой қорытысының үшінші түрі – тратукция деп аталады.
Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл - дара
жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой
қорытындысының кең тараған түрі –силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін
мәселелер – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер
мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.
Ойлау әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы. Ол-ойлау процессінің
өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлау процессінің қалайша
дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процессінде ойлаудың дамуы,
білімдерді ойлау әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процесстерінде
ойлауды дамыту мәселелері – психология ,ылымы қарастыратын жайттар. Әрбір
жеке адамда ойлау процессі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген
мәселенің мән-жайы психологи яда осы бағытта қарастырылады. Ал логика
ойлауды таным процессі деп санап, шындықты, ақиқатты әр түрлі әдістер
арқылы танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді.
Ойлау дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу
дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін
ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып ойлаудың
мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік оәлау ерекшеліктерін дамытып отыруға
баса мән береді.
Ойлау процесс інде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау
дегеніміз – ой арқылы әрбір оьекті мен болмыстың ерекшеліктерін,
қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде ақындалған
белгілер мен қасиеттер біріктіру деп аталады. Талдаудың физиологиялық
негізі - мидың жоғары бөлігіндегі қозу мен тежеудің өзара байланысы. Ал
біріктірудің физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша
байланыстардың түйсініп қосылуы. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы
салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді.
Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың
жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде
абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай
тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық
толғаныстарының түр сипатын бейнелейді.
Ойлау әрекетіндегі әр қилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның
ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойлаудың
кез келген әрекетінің туындауы белігілі бір ынта-ниетке байланысты.
Психологияда ойлаудағы ниеттің пайда болуы себебінің мынандай екі түрі
бар:
1. Арнайы танымдық ойлау. Бұл белгілі тілек мақсатқа сәйкес пайда
болады.
2. Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады.
Адам белігілі бір мәселенің түйінін шешу ьарысында түрлі амал –
тәсілдерді қолданып, алға қоойған мақсат – міндеттерді орындап шығу үшін
ойланып – толғанады. Ойлаудың бұл түрі міндет – мақсатқа сәйкес жүзеге
асады.

2. Жасөспірімдердің ойлау ерекшеліктері және танымдық іс-әрекетті
реттеудегі рөлі

Оқушылардың ақыл – ой белсенділігінін өрістету олардың тұлға ретінде
жетілуінің маңызды бұлағы болып табылады. Оқушылардың ақыл – ой әрекетін
жетілдіруде логика - әдістемелік білімдердің орны ерекше. Сондықтан
оқушыларды ғылыми таным әдістері, ойлауыоперациялары және тәсілдерімен
таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді. Бұл мәселелердің маңыздылығы
мен оны шешудің қажеттігіне Д.В.Вилькеев, П.Я.гальперин, П.Ипидкасистый
т.б. ерекше мән берді. Алайда бұл мәселе дидактьикада ерекше талданып,
тиісті шешеімін таба қойған жоқ. В.А.крутецкий оқушылардың ойлау қабілетін
дамыту екі категорияға байланысты болатыны атап көрсетті: жинақталған
білімдер қоры және білім алуға қажетті ойлау операцияларын меңгеру. Ойлау
операцияларына жататындар: анализ және синтез, индукция және дедукция тб.
Оқушылардың ақыл – ой дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми
білімдерінің жүйесі қалайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры
болмайтын болса, онда олар олай болмайды. Мәселен, оқушылар үшбұрыштың
биссектрисасы ұғымын тгеруі үшін, олар үшбұрыш және биссектриса ұғымдарын
алдын ала білуі тиіс. Бірақ жеткілікті білім қоры болғанымен оқушы
жасампаздықпен ойлай алмайтын жағдайларижиі кездеседі. Егер оқушы мәселені
өз бетінше шешуге үйренбесе, тек қана белгілі бір үлгілер бойынша жұмыс
істеуге ғана дағдыланған болса, жаңа жағдайлардың тууына байланысты олар
алған білімдерін қолдануда дәрменсіздік танытып жатады. Мектеп
тәжірибесінде оқушылар теореманы кітаптағы немесе оқытушының көрсеткен
үлгісі бойынша еркін дәлелдеп береді де, егер сызбадағы әріптерді басқа
әріптермен ауыстырып қоятын болса, не болмаса сызбаны басқаша орналастырған
жағдайда теореманы дәлеледей алмай қалады. Бұл оқушылардың үлгілер арқылы
жұмыс істеуге дағдыланып, ойлаудың жалпы логикалық құрылымын түсінбеуінің
нәтижесі болса керек. Сондай – ақ, мектептегі оқушылардың білімділігін оқу
пәнінің ұғымдарын, анықтамаларын, теоремалардың тұжырымдамаларын,
формулалар, ережелер т.б. мазмұны мен көлемінің игерілу дәрежесіне қарай
бағалайды да, ал қандай ақыл – ой әрекеттері арқылы нәтижелерге жететіні
есекрілмейді.
Л.С.Выготский Ойлау және сөйлеу еңбегінде сөйлеудегі ойлаудың
генетикалық түбірін, ойлау және сөйлеу ерекшелігін, онтогенездегі сөз және
ой қатысын, іштей сөйлеу сипатын ашты. Осы соңғы бірнеше он жылдық ішінде
кибернетика, информатика, алгоритімдік тілдердің жоғарғы деңгейі және
матиматикалық жоспарлау идеяларының негізінде жаңа, информациялық –
кибернетиканың теория құруға мүмкіндік пайда болды.
Совет психологтары мектеп оқушыларында математикалық,
грамматикалық, географиялық және басқа ұғымдардың қалыптасу процесертін
егжей тегжелі зерттеді. Тиісті білімді қалыптастыру үшін ақыл – ой
қызметінің әдістері және осы әдістерді үйретудің тәсілдері анықталды.
Сондай – ақ оқыту процесінде білімдердің қалыптасуының негізгі кезеңдері де
анықталды.
Балаға ақыл – ой тәрбиесін беруде ертеден келе жатқан қазақ
халқының ауыз - әдебиеті, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, шешендік сөздер,
нақыл - өсиеттер, жұмбақтар болып табылады. Осылардың барлығы баланы
тапқырлыққа, шешендікке, өнерге, ойлауға, қиялдауға, ойын, тілін дамытуға,
тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедагогикалық туындылар.
Ойлау теориясы нақтырақ тоқталсақ: ойлау процессінің мағанасын
түсіндіретін теорияларды 2 үлкен топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа адамның интеллектуалды қабілетінің туа біткеннен пайда
болатынын, өмір жолында өзгермейтіндігін жатқызамыз.
Екінші топқа адамның ес қабілеті негізінен өмір бойында дамуы,
жетілуі жатады.Баланың ойлауы мен сөйлеу әрекетінде оның дұрыс
қалыптаспаған себептері әртүрлі, баланың сөйлеуі мен ойлауын нәтижелі
тәрбиелеу үшін оны білу маңызды. Жиі кездесетін себептердің алғашқысы –
олардың сыртқы құбылыстарды тез қабылдауы. Ол біріншіден, қиын әрі қызық
емес, жүйке-бұлшықет жүйесіне және көру мен есту аппаратарына ұзақ упқыт
күш түсіретін бірсарынды жұмысты орындағанда туады. Әсерлердің, күшті
эмоциялық толғаныстардың тым көп болуы, тынығудың жеткіліксіздігі ми
қыртысының нерв қызметінің күшті тежелуін туғызады. Жүйке жасушалары
сезімталдығынан айырылып, жаңа реакцияларға жауап беруін тоқтатады. Егер
мұндай шаршаудың басталу жиілігі мен күші артса, әдеттегі демалғанға
басылмайды, мұның өзі қажудың басталғанын көрсетеді. Ойы бөлініп, сөздерді
байланыстыра алмайды.
Екіншіден, ата-аналар тарапынан балалардың күн тәртібіне
жеткілікті мән берілмейді. Олар баларына көп уақыт теледидар көруге,
қабылдап-түсінуге ауыр хабарларды көруге рұқсат береді. Нәтижесінде
баланың ұйқысы қанбай, оқу процесінде материалды қабылдауға және онымен
жұмыс істеуге, әрине зейінін шоғырландыра алмайды. Осыдан сөйлеу мәнері,
сөздік қоры төмендейді, ойы шашаыраңқы болады.[30]. Осында баланың тыныс
алу жолында аденоидтердің өскін шығуы болуы мүмкін. Бұл өскіндер мұрынмен
тыныс алуға кедергі жасайды, осыдан барып миды қанмен қамтамасыз ету
жүйесіндегі оттегі азаяды және оның қалыпты жұмыс істеуі бұзылады. Олар
аузымен тыныс алады, көздерінің оты келіп, көмескіленеді. Балалар сыныпта
отырғанымен өздерінің құрдастары істеп жатқан жұмысқа іс жүзінде
қатыспайды. Бұл ауруды емдетпеген жағдайда аденоидтылық баланың үнемі
ұйқышыл болуына және алаңдығыш болуына, ақыл-ойының төмендеуіне себеп
болады [20, 255].
Үшінші себеп – оқу материалының ақыл-ойды дамытуға бағытталмауы.
Оқушының ақыл-ой белсенділігі практикалық әрекеттерден қолдау табатын
сөйлеу әрекетінің негізі болып табылады. Егер оқу процесінде белсенді
ойлануды талап ететін тапсырмалар болмаса мұғалім оқушыларға қаншалықты
зейінді болуын қадағаласа да оқушылар өз тұрақтандыра алмайды [13, 132].
Төртінші себебі – балаға дұрыс тәрбие бере алмау нәтижесінен тууы да
мүмкін. Ата-аналар балаларға көп кітапшалар мен ойыншықтарды шектен тыс көп
сатып әперіп, ерте жасынан театр, музей, көрмеге жиі апаратын болса бала
үнемі жаңа бір әсер ауысуына дағдыланып қалады. Олардың әрқайсысы жайлы
ойланбай жатып үлкендер күн аралатып жаңа тітіркендіруші құбылыс немесе
объектіні көрсете берсе, бала қоршаған ортамен шала таныс болады. Оның
зейіні де құмбылмалы (ауыспалы) бола да нәтижесінде әрбір жаңа әсерге
алаңдауға дағды қалыптасады.
Бесінші себеп – бала ойының бөлінгіштігі. Мысалы, оқу процесі
кезінде кеше көрген киноның әсерімен, сол фильм туралы ойлап отырады. Бұл
фактілер селсоқ, темпераменті флегматик типтес оқушыларда жиі кездеседі.
Ондай оқушы кездейсоқ қойылған сұраққа біліп тұрса да бірден жауап
қайтармайды, ол жаңа материалдың мазмұнын ауыстару үшін үзіліс қажет.
Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде
пайда болып, тікелей сезім процессінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау тілдік
материал арқылы өзінің шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой – сыртқы дүниені
бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы жинаған тәжірибе
мен білімді сақтап қала алады, ойды өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарына
пайдаланады [5, 206].
Адамның ойлау әрекеті тікелей сезімдік таным процесстерімен ғана емес
тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде
нәрселер мен құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей
алады. Мұнда тіл-адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адам ойы
әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады.
Осыдан заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады.
Тапсырманы шешу кезінде бір тапсырманы жан-жақты қарастыру маңызды.
Шешімін әр түрлі әдістермен табады. Тапсырманың шешімін әр түрін
әдістермен шешкенде тапсырманың дұрыстығына көзіңіз жетеді. Тапсырмадағы
қарастырылатын шама арасындағы тәуелділікті терең ашуға ашуға мүмкіндік
береді: Кейбір тапсырмаларды әр түрлі әдістерімен (ашу) шешу әр түрлі
қасиет әрекеттері немесе олардың шығатын ережелерге негізделген.
Оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиісті
ұғымдар жүйесі, ережелер, заңдылықтар т.б. жатады. Оқытудың мазмұндық
бөлігі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда баяндалады. Оқытудың амалдық
құрамдас бөліктеріне ақыл – ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады.
В.Ф.Паламарчук оларға оқу материалындағы ең бастыны ажырата алуды,
деректерді, құбылыстарды салыстыру, сәйкестендіру мен жалпылауды, өз ойын
дәлеледей алуды жатқызады. Оқушыларға не мақсатпен, не үшін оқиды, білім
мен дағдылар не үшін қажет деген мәсееллерді түсіндіру оқытудың
мотивациялық аспекьілерін құрайды.
Білім – білімділіктің негізін құрайды. Білімдерді игерудің тәсілдерін
қаншалықты тиянақты меңгеру жүзеге асырылса, білім негіздері соншалықты
берік қалыптасады, оқушы білімінің және ол білімдерді алу жолдарының
қажеттілігін саналы түсінетін болса, олардың ақыл – ойы соншалықты дамиды,
дүниетанымы орнығады.
Педагогикалық зерттеулер оқушылардың білімдеі меңгеруде оқушылардың
ақыл – ой дамуы мәселесіне ерекше мән берді. С.И.Якминская білімдерді
қандай жолмен, қандай тәсілдермен алуға болатыны туралы білімдер мен
оқушылардың ақыл – ой қызметін ұйымдастыру мәселесі оқытудың формальды
әсерін қамтамасыз ететін логикалық білімдер қатарына талдау, салыстыру,
жалпылау, классификациялау, ұғымға келтіру ережелерін орындау туралы
білімдерді жатқызуға болады деп есептеді.
Оқу материалдарының ерекшеліктері тиісті білімдерді құру үшін қажетті
заттың, перцептивалық және ақыл – ой әрекетінің әдістерін анықтайды. Демек,
дұрыс білім мен ұғымдар қалыптастыру үшін мектеп оқушыларын ақыл – ой
әрекетінің өз әдістеріне арнайы үйрету керек; осы әдістер арқылы оқылатын
заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін байқауға, бөлуге, біріктіруге қол
жеткізеді.
Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ақыл – ой белсенділігі өзекті
мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне
бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі.
Оқушылардың білімдерді саналы меңгеруінің басты белгілерінің бірі
олардың білгендерін айтып бере алуы мен әңгімелей білуі болып табылады.
Сондықтан білгенін әңгімелеп бере алу – оқушы білімінің бір тұтастығының,
ғылыми білімінің бірейлігінің, оның жүйелігінің нәтижесі.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге талдау оқытудағы ойлау
қызметінің тәсілдері, ғылыми танудың әдіс-амалдары мен логникалық әдістер
ұғымдарының мазмұны, көлемі туралы бір мәнді пікірдің қалыптаспағанын
көрсетеді. Анализ және синтез, абстракциялау мен жалпылау, салыстыру т.б.
ойлау операциялары немесе ақыл – ой қызметінің тәсілдері түрінде көрініс
табатын болса, екінші жағынан олар ғылыми танымының әдістері мен амалдары,
логикалық білімдер құрамына да енеді.
Ойлаудың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек логикалық
ойлауды ғана емес, сондай-ақ басқа да ойлау дағдыларын дамытып, жетілдіруге
көмектеседі.
Ойлау – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен
түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз
байланысқан ойлау ми қызметінің нәтижесі. Ойлау – сұраққа жауап қайтарудан,
мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.
Ойлану – түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады. Олар: анализ
(талдау), синтез (жинақтау), жалпылау, нақтылау, абстракциялау, жүйелеу
т.б.
Ойлау, ой, ойлану ұғымдары - әрқайсымыз күнде айтатын ақыл
деген сөздің синонимі. Ақыл – ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа
байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың бәрі бірдей
ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс
пайдалана, қорыта білумен байланысты.
Халық ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін
көп үйренңп, көп оқып, оны миға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл –
егіз, ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше қадіртұтқан абзал.
Ақылдың жақсы қасиетінің бірі – оның ұшқырлығы. Бұл мәселені тез
шеше алу, ойға сергектік, белсенділік. Мұндайлар орынсыз асып-саспайды,
ылғи да жағдаймен санасады, үнемі жаңаны аңғаруға, заттың әр қырынан көруге
дайын тұрады.
Адамдар өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай
қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді
(ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме т.б.) шебер пайдаланып отырған. Халық
осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық
сөздермен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды, шашешендік толғаныстарды
ұтымды пайдаланған.
Қазіргі психологияда ойлау мен сөйлеу кең аспектілік феномен және
процесс ретінде оны анықтау психологияға қойылатын міндет болып табылатын
белгі. Шындық өмірде ойлау тек міндеттерді шешу ғана емес, болу және
белгілеу болып табылады. Ойлаудың жетістігі: 1. Әр кезеңде түрлі дамудың
келуі оны оқу іс-әрекетінде қарастыру, тану, түсіну арқылы ой қортындысына
келетінімен ерекшеленеді.
Соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, қортындылай мазмұнын ашуға
тырыстық. Ойлау – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер
ретінде адамның, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден,
белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менін ұғынуды, үшіншіден, өзінің
психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі
әлеуметтік-адамгершілікк бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Ойлау
мен сөйлеудің өзара байланысы адамдарды нақты іс-әрекетке ниеттендіреді,
оның нәтижесін болжау арқылы ой қорытындылайды.
Дұрыс ойлану және дұрыс қимыл дасау. Баяғыдан белгілі логикаға
қарағанда адамдар эмоциалық іс-әрекетті көп жасайды. Осыған байланысты олар
көптеген қателіктер жібереді. Көп жағдайда дұрыс шешім қабылдау үшін
міндетті түрде кең болмаса да кішкене болсада ойлау керек. Ал сөйлеу сол
ойлаудың қорытындысы.

Ойлау заттар мен құбылыстарды қабылдау немесе іс-әрекет түрлері арқылы
жүзеге асырылды. Ол заттық, бейнелік, сөздік және символдық формада болуы
мүмкін. Ойлау формаларының қайсысы болсын белгілі бір деректерді беру үшін
қызмет ететін бір тіл болып табылады.

Адамның оқу іс-әрекетіндегі ойлаудың қалыптасуын зерттеуде өзіндік
саналық байқалуына да көңіл бөлінеді. Өзіндік бағалау арқылы өзінің
мүмкіндіктерін, ойының ұшқырлығын, оның мәнділігін, жеке тұлға болып
қалыптасудағы орнын білдіреді. Өзіндік баға субъектінің оқу әрекетінің
деңгейін көтеруге, оқушының сөйлеу тілінің қалыптасуына мән береді.

Балалардың білімдерді саналы меңгеруінің басты белгілерінің бірі
олардың материалды ұғынуы арықылы ой қорытындылауы, білгендерін айтып бере
алуы мен әңгімелей білуі болып табылады. Сондықтан білгенін әңгімелеп бере
алу – оқушы білімінің бір тұтастығының, ғылыми білімінің бірейлігінің, оның
жүйелігінің нәтижесі. Жұмыс қорытындысында ескеретін жайт – баланың
шығармашылық ойын жетілдіру олардың жеке басының, психологиялық сапаларының
қалыптасып жатқанын білдіреді. Ол үшін алдымен жалпы оқытып – тәрбиелеу
жұмысының жоғары мәдениеттілігі қажет. Оның құрамына мектепке дейінгі
баланың танымдық қызығушылығының дамуы, оқытуда белсенді әдістердің
қолданылуы, жауапкершілік сезімінің қалыптасуы, сабаққа саналы қатынасы,
білімнің қажеттілігін түсіну, білім алуының еркін тәрбиелеу және еңбекті
жүйелі жоспарлауға дағдылану жатады. Мұның барлығы бала бақшаның алдында
тұрған міндеттерді шешумен тығыз байланысты – балаларға тек білім беріп
қана қоймай, оларды оқуға, жұмыс істеуге үйрету қажет.

1.3 Жасөспірімдердің ойлауықабілетін дамыту тиімділігін арттыру
ерекшеліктері
Ойлауды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде – оның логикалық формаларында –
ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар
жүйелері пайдаланылады. Алайда, мектеп жасына дейінгі баланың ойлауы
таңбадан гөрі, бір жағдайларда нақтылы заттарды бейнелеп, басқа жағдайларды
біршама жалпылама және схемалы боатын бейнелердің көбірек пайдаланады.
Мұның өзінде бала мәселе шешуді зат немесе оның баламаларымен жүргізілетін
бірсыпыра өрісті әрекет де түсінеді.
Математика сабағында оқушылардың ойлауықабілетін дамыту оқу
материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы
мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.
Мектеп практикасында математикалық есептермен жұмыс істеу процессінде
негізінен оны шешу жолдары көзделеді, шешуді іздестіру оқушылардың тиісті
есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл
бөлінеді.
Есептің шығарылу жолдарын жан - жақты талдау, оны басқа есептер
шығаруға қолдану жақтары да аз қарастырылады.
Оқушы белгілі бір есепті шығару нәтижесінде алынған жаңа Сондықтан
белгілі бір есепті қарастыру мақсаты аяғына дейін жеткізілмейді. Яғни
фактілер пайдалануда шығарылған есеп оқушылардың білімдері мен
іскерліктерінің арасындағы байланысты жеткілікті мөлшерде анықтай алмайды.
Мұндай жағдайда есеп шығару процессінде оқушылардың ойлауықабілетін дамыту
жөнінде айту қиынырақ болады.
Бұл мақсатты мазмұнды есептер шығару кезінде жүзеге асыру мүмкіндірі
бар.
1 - 4 сынып оқушыларының ойлауықабілетін дамытуда мазмүнды есептермен
жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.
Мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық, графиктік,
арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен
қолданылатын –арифметекалық және алгебралық тәсілдерге көп назар
аударылады.
Баланың ойлау қабілеті оның қиялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақта
мүмікндігін арттырады. Ол үшін мұғалім сабақтарда тек жалаң түсіндіруден
гөрі ертегі кейіпкерлерінің сөһздерін іс-қиымлдарын ойланып, мәтітіне
келтірі қайталауға машықтау.
Оқушыларда мағыналы ойлауын тудыру әрекеті контексте жаңа элемент ендіру
және өзгерту әдісі қолданылады. Мәтінің мазмұнын жаңғырту әрекеті: мәтінді:
оқушы позициясында, ситуативті элементерін тауып, оларды контексте мағаналы
сөз формаларын немесе сөз қосындыларын ендіру арқылы жою. Мұғалім ертегіні
бастайды, оқушы оны жалғастырады. Мағыналы мазмұнды ойлау арқылы тудыру
әрекеті, мәтінің мазмұнын түсініп, кері байланыста қайта қабылдауы арқылы
сөз арқылы қайталау.
Ойлау мен ауызекі және жазбаша тілдің арасындағы айырмашылық келесі төрт
параметрлерде көрініп тұрады – ситуативтілік, лексикалық жан-жақтылық,
ақиқаттың сапалы белгілерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСЫ БҰЗЫЛЫСЫНЫҢ ОЙЛАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жас ерекшеліктері туралы ұғым
Жасөспірім шақтағы мінез-құлық ерекшеліктері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІ МЕН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЗЕРТТЕУ
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшелігін ескеру
Жасөспірімдік шактың танымдық процесінің даму ерекшеліктері
Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдану
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшелігін ескерудің маңызын анықтау
Пәндер