Босқындар мәртебесін халықаралық - құқықтық реттеу
Жоспар
Кіріспе.
I Тарау. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен
ерекшеліктері.
1.1 Халықаралық құқықтағы босқындар ұғымы.
2. Босқындар режимін беру қағидалары.
1.3 Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен
міндеттері
II Тарау. Босқындар мәртебесін халықаралық – құқықтық реттеу.
2.1 Босқындардың құқықтық жағдайларын бекітетін халықаралық-құқықтық
нормалар.
2.2 Мемлекеттердің БҰҰ-мен және басқа ұйымдармен босқындар мәселелері
бойынша әріптестігі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның
маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары
мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының
шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға
байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз
жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі
массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы
қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.
Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар
жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану
мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының
негізделуіне шүбә келтіру керек.
Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке
территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың,
тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық
нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке
категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен
бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық
жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық
сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша
болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы. Босқындар
жағдайы оған тән барлық күрделіліктер мен қарама-қайшылықтарға қарамастан
уақытша сипатта болады. Сондықтан, халықаралық құқықта босқындар жағдайы
туралы айтқанда, оны мәртебе деп емес, режим деп атаған дұрыс болар еді.
Сол арқылы проблеманың уақытша сипаттамасы ғана көрсетілмейді (соғыс
тұтқыны мен жараланғандар режимінің ұқсастығы бойынша), сонымен қатар,
босқындар жағдайының халықаралық құқықтағы басқа категориядағы тұлғалардың
жағдайынан негізгі айырмашылықтары анықталады.[1]
Босқындар проблемасы көкейтесті проблемалардың бірі болып табылады,
оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саяси,
экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерімен байланысты шиеленіскен және
сөнбейтін күрес жүруде. Босқындар проблемасын шеше отырып, құқықпен
анықталған қорғау құралдарын орнықтыра отырып, мемлекет, бәрінен бұрын,
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігін
жетешілікке алады.
Адам құқығын қадірлеу қағидасы халықаралық құқықтың негізгі
қағидаларының бірі болып табылады. Адам құқығы ол тұратын елдің заңдарымен
қарастырылған экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық және мәдени
құқықтарымен және бостандықтарымен анықталады. Бұл құқықтар мен
еркіндіктердің сипаты оның көлемі сияқты сол мемлекеттің
және оның заңдарының қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық
құрылысымен анықталады.
Адам құқығын қорғау саласында барынша маңызды өзгерістер екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін болды. 1945 жылы Сан-Францискодағы
конференцияда қабылданған БҰҰ жарғысына келесі ереже енгізілді: Біріккен
Ұлттар Ұйымының ұстанатын мақсаты экономикалық, әлеуметтік, мәдени және
гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық
ынтымақтастықты және адам құқығын қадірлеуді дамыту және қолдау, нәсіліне,
жынысына, тіліне және дініне қарамай, барлығы үшін негізгі бостандықты
жүзеге асыру. Бұл ереженің босқындар проблемасына тікелей қатысы бар.
Босқындар құбылысы бүгінгі күні объективті сипатта, өйткені дүниежүзіндегі
көптеген катаклизмалармен шартталады. Көбейіп кеткен соғыстар, дүлей
апаттар, өмір сүрудегі экономикалық жағдайлардың қиындауы және басқа
көптеген құбылыстар қауіпсіз және жалпы адамдық қажеттілік пен өмір
жағдайына жауап беретін тұрғылықты жер іздеуші адамдар – босқындар ағымы
пайда болатын жағдайды туғызады.
Босқындар сияқты мұндай категориядағы адамдардың болуы мемлекеттер үшін
құқықтық салдар тудырып қана қоймай, сонымен қатар оларды қорғау бойынша
құқық пен жауапкершілікті де қосады. Қазіргі кезде бұл міндет халықаралық
қауымдастықтың өкілі болып табылатын босқындар істері бойынша Біріккен
Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссары Басқармасына жүктелген (БЖКБ БҰҰ), бірақ
мемлекет те босқындарды қорғау бойынша қызметті орындай алады, бұл барлық
уақытта олардың материалдық мүдделерімен байланысты емес, әдетте, олар бұл
проблемаға құлшына кіріспейді.
Босқындарға қатысты құқықтық нормаларды зерттей отырып, босқындарды
қабылдаумен және кіргеннен соңғы оларға қалай қарайтынымен байланысты
мемлекеттер міндеттемесіне ғана емес, сонымен қатар әрекеттері немесе
керісінше әрекетсіздігі халықтың босуына әкелетін мемлекеттің потенциалды
халықаралық-құқықтық жауапкершілігіне де көңіл аудару қажет. Мемлекеттің
жауапкершілігі, өз кезегінде, оның территорияны және халықты бақылау
фактісінен шығады. Жеке тұлғалар мен топтар, халықаралық мәні бар және
өздері қоғамдық фактілермен немесе соған қатысымен байланысатын
территорияда адам құқығын еркін жүзеге асыруға мүмкіндігі болуы қажет;
өздігінен ақиқатты, мұндай жағдай сырттан тықпалау, күштеу кезінде емес, ал
ұлттық демократиялық және өкілдік басқару, азаматтық қоғам мен құқықтық
тәртіп басым болатын жерде барынша ықтималды болады.
I бөлім. Босқындардың құқықтық режимінің негізгі сипаттамалары мен

Үлкен монографиялық ғылыми еңбектің авторлары Гай С., Гудвин –Гилл[2]
айтқандай босқын термині қатаң термин болып табылады, яғни оның мазмұны
жалпы халықаралық құқық қағидаларына сәйкес анықталады. Күнделікті
қолданыста ол мейлінше кең және барынша шектелген, ол өзі шыдауға мүмкін
емес деп тапқан табиғи немесе жеке сипаттағы жағдайлардан қорғануға ұмтылып
қашатындардың бәрін белгілейтін термин. Адам қайда қашып барады — маңызды
емес: әңгіме еріксіздіктен және қауіптен қашу туралы. Қашудың себептері де
өте көп болуы мүмкін: бұл құлдық, еркіндік пен өмірге қауіптің төнуі,
қуғындалу, кедейшілік, соғыс немесе азаматтық қақтығыстар, табиғи апаттар,
жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық, аштық және т.б. Босқын сөзінің
қорытындыланған мәні мүдделі тұлғаға көмек көрсету мүмкін және керек, қажет
болған жағдайда қашуды тудырған себептен және оның салдарынын қорғау.
Сондықтан босқындар категориясынан көбінесе әділ соттан қашқан қашқындар
алып тасталады — жалпы, саяси аспектісіз заңды бұзғаны үшін қылмыстық
қудалаудан сақтанушы тұлға.[3]
Босқын ұғымының салалық (халықаралық-құқықтық) мазмұны одан да көбірек
шектелген. Мысалы, оған экономикалық босқындар (бұл терминнің өзі әдетте
қолданылмайды) енгізілмейді. Олардың проблемаларының шешімі, мүмкін,
халақаралық көмек пен даму аясына жатады және басқа мемлекет
территориясында шектеусіз уақыт ішінде қорғану баспана институтымен
байланысты емес.
Босқын ұғымының шекарасын анықтау ауыр жағдайға душар болған
адамдардың қажетсінуін тез қамтамасыз етуге кедергі келтіретін казуистика
мен семантикадағы лайықсыз жаттығу сияқты көрінеді. Соған қарамастан,
мемлекет босқын мәртебесі мен баспананы немесе сол жерде қорғануды кімнің
қолдана алатынын айқындау кезінде барынша шектейтін критерийлерге
көндіреді. Дүлей апат құрбандарына қатысты ерекше қажеттіліктің болу
фактісі жеткілікті негіз бола алады, бірақ адамнан келген жағдайлар мен
апаттар құрбандарына қатысты қосымша факторлардың болуы талап етіледі.
Сонымен, босқындар категориясының кез – келген анықтамалары мен
сипаттамаларын құрудың мақсаты — көмек пен қорғау көрсетуді жеңілдету мен
негіздеу; одан өзге, егер тұлғаның жағдайы қажетті критерийлерге сәйкес
келетін болса, онда оның сәйкес құқықтар мен жеңілдіктерге үміткер бола
алатындығын куәландырады. Сондықтан, халықаралық құқыққа сәйкес босқындар
категориясының сипаттамасын анықтай отырып, дәстүрлі бөлінетін қайнар
көздерді – шарттар мен мемлекеттер тәжірибесін – талдау керек, сонымен
қатар босқындар проблемаларын шешу үшін халықаралық қауымдастықпен құрылған
әр түрлі ұйымдардың процедуралары мен тәжірибелеріне де көңіл аудару қажет.
Босқын ұғымының анықтамасы халықаралық құқықта екі негізгі құжаттарда
бар: 1951 жылғы БҰҰ Босқындар мәртебесі туралы[4] конвенциясында және
соның босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамасында[5].
Бұл актілердің арасында бірнеше айырмашылықтар бар, жекелеп айтқанда,
1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы уақыт бойынша және географиялық шектеулерді
қарастырады, яғни ол Еуропада орналасқан елдерге қатысты қолданылады және
1951 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен уақиғалар нәтижесінде босқынға
айналғандарға қатысты болады. Ал 1967 жылдың Хаттамасына келетін болсақ,
ол жоғарыда айтылған шектеулерді жояды және онсыз-ақ мемлекеттерге
қатысты және нәтижесінде босқындар проблемасы пайда болған немесе пайда
болатын кез – келген жағдайға, мейлі ол бұрын болсын немесе келешекте
болатын болса да қолданылады.
Осыған байланысты мемлекеттердің жоғарыда көрсетілген құжаттарға
қатысуын ескеру қажет. Қазақстан Республикасы екі құжаттың да қатысушысы
болғандықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 т.
сәйкес бұл актілер Республика территориясында тікелей әрекет етеді және
ішкі заңдар оған қарама қайшы болса, онда ішкі заңдардың нормалары емес
халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Босқындарға анықтама беру әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылмай
тұрғанда да жасалынған, атап айтсақ, Ұлттар Лигасы қамқорлығымен жасалған
шарттар мен келісімдер. Онда атаулы топтық тәсілдеме қолданылды. Бұл
кездегі қажетті шарттар келесідей болды:
а) тұлға өзі туылған жерден тыста болуы керек
б) осы мемелекеттің қорғанысын пайдаланбауы керек
Мысалы, орыс босқындары 1926 жылы Советтік Социалистік Одақтар
Республикалары үкіметінің қорғанын пайдаланбайтын немесе енді
пайдаланбайтын және басқадай азаматтық алмаған, орыс ата-текті кез-келген
адам ретінде анықталды. Армян босқындары ұғымының да мазмұны тура осыған
ұқсас болды. Көрсетілген анықтамалар орыс және армян босқындарының жеке
басының куәлігін беруге қатысты 1926 жылдың 12 мамырындағы Келісімде болды.
Бұл жағдайда тұлғаның туған жерінен тыс жерде болуы тікелей талап етілген
жоқ, бірақ ол ұйғарылған еді, өйткені келісімнің мақсаты жүруді және көшіп-
қонуды қамтамасыз ету үшін жеке басының куәлігін беру болды. Егер жеке
басының куәлігін алған адам өзінің ата-тегіне оралатын болса, онда Жеке
басының куәлігі өзінің күшін жояды. Нәтижесінде мұндай тәсілдеме
Германиядан қашқан адамдар туралы 1936 жылғы келісімдерде қолданылды.[6]
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң босқын ұғымының анықтамасының
мейлінше айқын критерийлері тұжырымдалды. Бұл туралы Босқындар істері
бойынша Халықаралық Ұйымның (БХҰ) жарғысы және кейінірек қабылданған
Босқындар істері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының
Жарғысы (БЖКБ БҰҰ)[7] және БҰҰ 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы
Конвенциясы көрнекі куәландырады.
БХҰ Жарғысы көмек көрсетілуі қажет адамдар категориясын көрсете отырып,
алдыңғы құжаттардың ережелерін көрсетті. Мысалы, босқындар қатарына
ұлтшылдық, фашистік немесе квислингтік[8] режимдердің құрбандары; еврейлік
ата-текті кейбір тұлғалар; ұлтшыл қуғыншылықтың құрбаны болған шетелдіктер
немесе азаматтығы жоқ тұлғалар жатқызылды; сонымен қатар, нәсілі, діні,
ұлты немесе саяси көзқарасы белгілері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуына дейінгі босқындар деп танылған тұлғалар жатқызылды. Одан өзге,
БХҰ Жарғысы босқындар қатарына бұрын азаматы болған және тұрған мемлекеттің
қорғанысын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін тұлғаларды да
кіргізді.
Босқындар істері бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Басқармасын
босқындармен айналысатын негізгі мекеме рөлінде БХҰ алмастырды. Осы
кезеңнен бастап халықаралық-құқықтық тәсілдеме негіздерінде босқындар
ұғымы БҰҰ, БЖКБ Жарғысы және мемлекетаралық шарттар құжаттарында бекітіле
бастады.
Жарғы алғаш рет ертерек бекітілген әр түрлі шарттар мен келісімдерге
сәйкес босқын болып табылатындарды БЖКБ құзыретіне бағындырды. Одан өзге,
ол 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде өзінің ата-
тегінен сыртта жүрген (босқын азаматы болып табылатын елдің, ал
азаматтығы болмаған жағдайда – оның бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінің
елі) және қудалау құрбаны болудың толық негізделген қаупіне байланысты
оның қорғауын қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтін босқын болып
қалғандарға көрсетеді. Оларға кезінде босқындар мәртебесін беруге негіз
болған жағдайлардың енді жоқ екеніне қарамастан, қуғындалуға бұрын
ұшыраған, қайта алмайтын тұлғалар да жатады. Жарғы саяси сенімдері,
нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік
топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің
негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс
жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің
қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін
шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі
тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын
немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдарға да таралады.
Бұл анықтама қолданылу аясы бойынша әмбебап, өйткені қандай да бір уақыт
бойынша немесе географиялық шектеулер жоқ. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының
қорғауына және көмегіне кімнің құқығы бар екенін анықтау кезінде маңызды
тірек нүктесі болып табылады, өйткені өзінің мемлекеті тарапынан қорғау
болмаған жағдай босқындарды кәдімгі шетелдіктерден айрықшалайды.
Айтылғандардан көріп отырғанымыздай, Жарғы босқын ұғымының
анықтамасына екі жақты тәсілдеме болжайды. Бір жағынан, ол босқындардың
топтары мен категорияларына таралады (жоғарыда айтылып кеткен, топтық
тәсілдеме), екінші жағынан – жеке тұлғаларға (жеке тәсілдеме), әрбір
нақты жағдайдағы субъективті және объективті кезеңдердің бағалануы керек
болған кезде.
Осы анықтама 1951 жылғы БҰҰ – ның босқындар мәртебесі туралы
Конвенциясында және босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамада
айтылды.
Конвенцияның 1 бабында босқын терминіне жалпы анықтама берілген:
бұлар 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде және
саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері,
белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы
мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып
табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп
салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын
пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің
бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып
орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ тұлға.
Конвенция ережелерін 1951 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алған уақиғалар
нәтижесінде босқындарға айналған тұлғалар ғана пайдалана алады. Дегенмен
одан ары босқындар тек қана екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесі емес, оның
салдарлары да болып табылды.
Осыған байланысты көрсетілген шектеулерді болдырмайтын қосымша
құжаттарды қабылдау қажеттігі туындады. Осындай құжат болып босқындар
мәртебесіне қатысты қабылданған 1967 жылғы Хаттама табылды. Хаттама
Конвенция әрекетін жаңа босқындарға таратты, яғни Конвенциядағы
анықтамаға сәйкес келе отырып, 1951 жылдың 1 қаңтарынан кейін болған
уақиғалар нәтижесінде босқынға айналған тұлғаларға да таратты.
БЖКБ мандатына жататын және халықаралық қауымдастықтың қорғауы мен
көмегіне құқығы бар босқындар қатарына тек қана белгілі бір мотивтер
бойынша қудалаудан толық негізді қауіптенетін жеке тәртіпте анықтауға
болатындар ғана емес (Жарғыға сәйкес босқындар), сонымен қатар өзінің ата-
тегі мемлекетінің қорғауынсыз қалғанын анықтауға немесе болжауға болатын
тұлғалардың үлкен топтары да жатады (оларды қазір жер аударған тұлғалар
немесе БЖКБ уәкілдігі шеңберіне кіретіндер деп те атайды). Әрбір
жағдайдағы өте маңызды мәселе әңгіме болып отырған тұлғалардың
мемлекетаралық шекаралардан өтуі және осы топтың қашуын осы елдегі
қақтығыстармен немесе радикалды саяси, әлеуметтік немесе экономикалық
өзгерістермен байланыстыруға болатындай болуы керек. Адамның негізгі құқығы
қатерде қалған жағдайда онда өзекті фактор болып зорлық немесе тәуекел,
немесе зорлық қаупі табылады, бірақ тек қана белгілі бір жағдайларда; таза
экономикалық мотивпен орын ауыстырушылар, өзінің пайдасы үшін немесе
қылмыстық ниетпен жер ауыстырушылар БЖКБ мандатының қорғауына түспейді.
Одан өзге, БЖКБ өз елінің ішінде орын ауыстырушы тұлғаларға да көмек
көрсете алады және қайтқан босқындар мен ел сыртына орын ауыстырған
тұлғалардың ақталуына және қайта бірігуіне ықпал ете алады. Кейбір
жағдайларда БЖКБ ел ішінде орын ауыстырғандарды қорғай алатынын, бірақ
мұндай қызмет үшін құқықтық база соншалықты айқын анықталмағанын соңғы
уақыттардың тәжірибесі көрсетеді. Бұрын ел ішінде орын ауыстырған
тұлғаларды қорғау мен көмек көрсету ерекше жағдайларда болатын, бірақ қазір
мұндай операциялар бірте – бірте көбірек жүргізілуде. Мұндай әрекеттердің
БЖКБ-ның рөлі мен міндетін анықтау үшін және ресурстарды бөлуде үлкен
маңызы бар, бірақ олар босқындардың халықаралық – құқықтық мәртебесі туралы
сұрақтарға нақты жауап беруде шектеулі мәнге ие болады.
Осы аядағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тәжірибесі босқын
ұғымының мағызын жалпы халықаралық құқықта толықтырады және байытады.
Дегенмен бұл жерде кемшіліктер де бар. Өзінің шыққан мемлекетінің қорғауын
ала алмаған немесе оны пайдалану қабілеті жоқтар категориясына жататын
тұлғалар жағдайы көп сұрақтар туғызады.
Одан басқа, босқын терминінің анық емес мазмұны тура осыған ұқсас
бірдей емес құқықтық салдарға әкелуі мүмкін, осыдан мемлекеттердің
келесідей сұрақтарға қатысты міндеттемелері қандай да бір нақты
категорияның мәртебесіне тәуелді болады: жер аударудан бас тарту (non-
refoulement), шекара арқылы өткізу, уақытша баспана беру және мемлекетке
кіргеннен кейінгі арыз берушілерге мемлекеттің қатынасы. Көптеген
мемлекеттерде Жарғымен қарастырылған БЖКБ міндеттемесі мемлекеттердің 1951
жылғы Конвенциямен немесе 1967 жылғы Хаттамаға немесе регионалдық
келісімдерге сәйкес міндеттемелерімен толықтырылады. Дегенмен бұл механизм
тиімділігі жеткіліксіз, өйткені мемлекеттер міндеттемелері мен БЖКБ
міндеттемелері арасында келіспеушілік бар.[9]
Босқын анықтамасы, сонымен қатар, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі N С-
114-9611 ТМД-ның Экономикалық Сотының шешімінде де бар, оған сәйкес тұлға
босқын деп таныла алады, егер келесі критерийлерді қанағаттандыратын болса:
1) тұлға, баспана берген елдің азаматы болып табылмайды (қабылдаушы
мемлекеттің);
2) тұлға басқа мемлекет территориясында орналасқан өзінің тұрақты
тұрғылықты жерін тастауға мәжбүрлі (жөнелтуші мемлекет);
3) тұлғаның мемлекетті тастауға мәжбүрлі болу себебі ─ жасалынған зорлық
немесе басқа нысандағы қудалау немесе тұлғаның өзіне ғана емес сонымен
қатар оның жанұясының мүшелеріне де қатысты нәсілдік немесе ұлттық
жағдайына, діни нанымына, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір
әлеуметтік топқа жатуына байланысты қудалау.
4) зорлық пен қудалаушылық жасаудың арасында байланыс бар, өйткені
қарулы және ұлтаралық қақтығыстарға ілінудің нақты қаупі бар.
Бейбітшілікке, адамзатқа қарсы немесе басқа да қасақана қылмыстық
әрекеттер жасаған тұлға босқын деп мойындалмайды.
Сонымен, халықаралық регламенттеуді қорытындылай отырып, өзінің елін
төменде көрсетілген себептер бойынша тастап кеткен тұлғаларды босқындар деп
атай аламыз:
а) сыртқы басқыншылық, оккупация, шетелдік үстемдіктің басқа да
нысандары;
б) олардың өмір сүруінің материалдық негізіне зиян келтіретін табиғи
апатты құбылыстар;
в) қандай да бір әлеуметтік топқа жатқаны, саяси және діни көзқарасы
болғаны үшін қуғын – сүргінге ұшырауының негізделген қатері.
Өздерінің құқықтары бойынша босқындар елде тұрақты тұратын
шетелдіктермен теңестіріледі. Одан өзге, босқындар өздері тұратын
мемлекеттің азаматтарымен теңдей еңбектері үшін сыйақыны алуға құқығы бар.
Босқындарға олардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне мүмкіндік беретін
құжаттар беріле алады.
1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы мен 1967 жылғы Хаттаманың қарастырылған
халықаралық құжаттарында шетелдіктер иммиграция және натурализация бойынша
Қызметке баспана беру туралы өтініш жазады деп айтылған. Бас тарту туралы
шешім соңғы шешім болып табылады және шағым беруге жатпайды, бірақ бастапқы
берілген өтініш бойынша бас тартуға негіз болған кедергілерді болдырмайтын
қажет құжаттарды қоса берумен, тағы да бір өтініш жазуға болады. Бұл
құжаттардан өзге Африкалық Бірлік Ұйымының шеңберінде 1969 жылы қабылданған
Африкадағы босқындар проблемасының ерекше аспектілеріне қатысты регионалдық
Конвенция жұмыс істейді.[10]
Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясындағыдай арнайы заңның жоқ
екенін айта кету керек. Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңына сәйкес,
босқындар ұғымы мен олардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 13 желтоқсанындағы Халықтың көші – қоны туралы Заңында
анықталған.[11] Көрсетілген заңға сәйкес (1 бап) босқындар – шетелдіктер,
бұлар саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері,

орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін тұлға.
Босқын режимімен баспананың құқықтық институты байланыстырылады. Баспана
құқығы өз мемлекетінде саяси көзқарасы, қоғамдық қызметі үшін қудаланудан
қорғануға мәжбүрлі болып, басқа елдерден баспана іздеу құқығының әрбір
адамға берілетінімен қорытындыланады. Мұндай ереже, әдетте,
Конституцияларда, елдің басқа заңдарында жазылады.
Ізгілікті әрекет бола отырып, адамға баспана беру достық емес әрекет
ретінде қарастырыла алмайды. Баспана құқығы - бұл мемлекеттің саяси қызметі
үшін өз елінде қудалауға ұшыраған шетелдік азаматты өз территориясына
кіруге және тұруға рұқсат беру және бұл азаматты оны қудалаған мемлекетке
бермеу құқығы.
Баспана екі нысанда болады: территориалдық – бұл азаматқа басқа
территорияда баспана беру; дипломатиялық – жеке тұлғаларға шетелдік
мемлекеттердің дипломатиялық немесе консулдық өкілдіктері территориясында
баспана беру.
Территориялық баспана туралы 1967 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен
Декларация[12] қабылданды, ол бойынша: Әрбір адам қуғындалудан басқа
елдерден баспана іздеуге және сол баспананы пайдалануға құқығы бар. Бұл
құқық, шын мәнінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына
қарама-қайшылықта болатын әрекеттер мен саяси емес қылмыстар жасауға
негізделген қуғындалу жағдайында қолданыла алмайды. Адам құқықтары туралы
жалпыға бірдей Декларацияның 14 бабына сілтеме жасауға негізі бар
тұлғаларға мемлекеттердің баспана беруі бейбітшіл және қайырымды әрекет
болып табылатынын және басқа ешқандай мемлекетпен достық емес әрекет
ретінде қарастырыла алмайтынын тани отырып әрбір адам кез–келген елді
тастап кете алады, оның ішінде өзінің елін де.
Дипломатиялық баспана Латын Америкасы елдерінде таралған. 1976 жылы БҰҰ-
ның Бас Ассамблеясының XXII сессиясында қабылданған территориялық баспана
туралы Декларацияға сәйкес мемлекеттер кімге баспана беру керек екенін
өздері шешеді. Декларацияның 1 бабына сәйкес, отаршылдыққа қарсы күресуші
тұлғалар да баспана құқығын пайдалануы керек.
Қазақстан Республикасында дипломатиялық баспана құқығы институты жұмыс
істемейді, яғни баспана құқығы тек қана жалпы тәртіпте жүзеге асырылады.
Мысалы, жекелеп айтсақ, Халықтың көші-қон туралы Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес (25 бап), шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасымен саяси баспана беру туралы өтінішті
қанағаттандыру немесе қабылдамай тастау, әрбір нақты жағдайда, Қазақстан
Республикасының Президентімен жүргізіледі[13]. Баспана беру ҚР
Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі Жарлығына сәйкес және ҚР Сыртқы Істер
Министрлігінің 1997 жылғы 3 ақпандағы Ережесіне сәйкес жүргізіледі.[14]
3. Босқындар режимін беру қағидалары.
Босқын мәртебесі халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда, біржағынан
мемлекеттер егемендігі қағидасымен және сонымен байланысты территориялық
үстемдік пен дербес сақталу қағидаларымен, ал екінші жағынан – жалпы
халықаралық құқықтан (Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттар мен қағидаларын
қоса) және шарттардан шығатын бәсекелесті ізгілікті қағидалармен
сипатталатын құқықтық кеңістікті алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидалары Біріккен Ұлттар Ұйымы
Жарғысының Кіріспесінде және 1, 2 бабында келтірілген[15]. Негізгі
міндеттері – соғысты болдырмау, негізгі құқықтарға сенімді қайта бекіту,
әділдік пен міндеттемеге сыйластық сақтала алатындай жағдайлар жасау және
әлеуметтік прогресс пен үлкен еркіндіктегі өмір жағдайының жақсаруына ықпал
ету. Бұл міндеттерді шешу үшін 1 және 2 баптарда мақсаттар мен қағидалар
көрсетілген, оған қоса бейбітшілікке төнген қатерді және басқыншылық
актілерін болдырмау және ескерту бойынша ұжымдық шаралар, дауларды бейбіт
жолмен шешу, мемлекеттер арасындағы достық қатынасты дамыту, халықтар
теңдігі мен өзін – өзі билеуін сыйлау, экономикалық, әлеуметтік, мәдени
және ізгілікті мәселелердегі халықаралық ынтымақтастық және барша үшін
айырмашылықсыз адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын дамыту мен
көтермелеу де қарастырылған. 2 бап Ұйымның өзіне де, оның мүшелеріне де
қатысты, ол олардың арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаларды бекітеді.
Олардың арасында – ұлттардың егемендіктерінің теңдігі қағидасын мойындау,
халықаралық міндеттемелерді бұлжытпай орындау, айтыс – дауларды бейбіт
құралдармен шешу, күшпен қатер төндіруден немесе оны қолданудан бас тарту
міндеті, Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеті кез – келген мемлекеттің ішкі
құзыретіне кіретін істерге араласпау.
Мақсаттар мен қағидаларр туралы мәлімдеме мәні бойынша ұйымдастырушы
болып табылады: ол БҰҰ шеңберінде әрекет етуші мүше мемлекеттер не істеуі
керектігін және олар өзара қатынасты қалай құруы керектігін анықтайды.
Бірақ, көптеген құрылтайшылық құжаттар сияқты, БҰҰ Жарғысы да динамикалық
аспектілі және кейбір салаларда жарияланған мақсаттар мен қағидалардың
нақты мазмұнын барынша жалпы уақиғаларға қатысты анықтау қажет.
Босқындардың халықаралық-құқықтық режимінің бекітілуі сөзсіз белгілі
құқықтық салдарды туғызады, оның ішіндегі ең маңыздысы — мемлекеттердің
тұрақты түрде non-refoulement қағидасын сақтау міндеті. Non-refoulement
қағидасы бірде-бір босқынның оған қудалау мен азаптау қатері төнуі
ықтималды елге қайта қайтарылмауы керектігін қарастырады. 1954 ж. non-
refoulement қағидасы 27 мемлекет қатысқан ББҰ-ның конференциясында
қабылданған болатын. Қарастырылған қағида босқындарға да, сонымен қатар
баспана іздеуші тұлғаларға да таралады. 1977 ж. БЖКБ атқарушы комитеті
мүдделі тұлғалар босқын деп ресми түрде танылуы,танылмауына қарамастан
қағиданың маңыздылығын мақұлдады. Баспана іздеуші тұлғаның миграциялық
мәртебесі де маңызға ие емес. Мұндай тұлғаның территорияға немесе
мемлекеттің юрисдикциясына қалай келгені маңызды емес : ең маңыздысы
мемлекет агенттерінің әрекеттерінің нәтижесі. Егер баспана іздеушіні ол
толық негізді қудалану қаупі немесе азапталу қатері бар елге мәжбүрлі
түрде қайтарса, онда мұндай мәжбүрлі қайтару халықаралық құқыққа қарама –
қайшы болып табылады.
Non-refoulement қағидасы қуғындалу қаупі төніп тұрған кез келген тұлғаға
тарайды немесе белгілі бір елге қайтарылатын тұлғаның сол елде азапталуы
мүмкін деуге негіз болған жағдайда әрекет етеді.
Қарастырылып отырған қағиданың ережелері кейбір құқықтық қайшылықтар
енгізді. Мысалы, 1951 ж. бірқатар мемлекеттер 33 бап (non-refoulement)
экстрадиция (беріп жіберу) қағидасына зиян келтірмейді деп жорамалдады.
Дегенмен, мемлекеттер тәжірибесі және пікірлердің кең шеңбері non-
refoulement қағидасы қолайлы түрде босқынды экстрадициядан (беріп
жіберуден) қорғайды деп болжайды.
Мемлекеттер non-refoulement қағидасымен байланысты болғанымен, олардың
белгілі бір әрекет еркіндігі сақталады, мысалы, ұзақ мерзімді баспана
беру немесе оның жүзеге асуы мен тоқтатылуының шарттарына қатысты. Дегенмен
мемлекеттер — Конвенция мен Хаттаманың қатысушылары — босқындарды жер
аударту ерекше проблемалар туғызатынын мойындады және 32 бапқа сәйкес
олардың территориясында заңды түрде тұрып жатқан босқындарды қайтармауға,
бұл мемлекеттік қауіпсіздік пен жалпы тәртіпке қатысты болмаған жағдайда
міндеттенеді. Одан өзге, жер аудару туралы шешім сот тәртібімен шығарылуы
тиіс және босқындарға шағынуға құқық берілуі керек, тек қана, жер аударуға
мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жағдайлар
мәжбүрлемесе. Сондай ақ, жер аудару туралы қаулы қабылданған босқындарға
басқа елге заңды түрде ену үшін рұқсат алуға қажет жеткілікті мерзім
берілуі керек, дегенмен мұндай өздері қажет деп табатын ішкі сипатқа ие
шараларды қолдану мемлекет еркінде болады.
Тәжірибеде бұл қағиданы оның барлық міндеттілігіне және
императивтілігіне қарамастан сыйлау оңай болмайды, өйткені қандай шешімді
таңдауға еріксіз көндіретін саясат мүмкіндіктерінен ажырату қиын. Соңғысы
саяси факторларға сөзсіз тәуелді, оның ішінде адамдарды қашуға мәжбүр
ететін жағдайларға да; дегенмен шешім қанағаттанарлықтай болуы үшін қандай
да бір мемлекетпен байланысы бар адамның тілегіне толығымен көңіл
аудармауға болмайды.
Мемлекет босқын мәртебесінің берілу салдарының бірімен байланысты (non-
refoulement қағидасымен), бірақ баспана беру туралы шешім олардың қарауына
қалдырылады. Мемлекеттің міндеттемесі мен қарау еркіндігі арасындағы
аралықта босқындар құқықтық анықсыздық аймағына түсіп қалуы мүмкін, ол
жерде олардың құқықтық және әкімшілік қауіпсіздіктері әр түрлі болады.
Тәжірибеде көптеген мемлекеттер босқын мәртебесін берумен байланысты
процедуралар бітпейінше баспана іздеуші тұлғалардың болуына рұқсат береді
немесе шыдайды. Келесі елдер оларға үшінші елге баруға ұсыныс жасай
алатынына қарамастан шешім қабылданғанға дейін тұруға рұқсат береді.
Уақытша тұру әр түрлі жағдайлардағы сияқты басқа елдерге орын ауыстыруды
күтетін баспана іздеушілерге де рұқсат етіледі.
Тәжірибеде көптеген елдерде босқын мәртебесін ресми танығаннан кейін
оған заңды түрде тұруға рұқсат нысанында баспана беріледі. Кейде баспана
заңмен немесе әкімшілік тәжірибемен бекітілген құқық негізінде беріледі.
Қазақстан Республикасында, мысалға, көші-қон және демография бойынша
Агенттікпен, облыстардың, қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және Республика астанасының, аудандардың және қала ішіндегі аудандардың
ішкі істер бөлімдері мен басқармаларымен берілген саяси баспана беру туралы
куәлік негізінде ықтиярхат рәсімделеді.[16]
Басқа жағдайларда босқын деп танылған тұлғаларға ашық немесе жасырын
түрде басқа елге бару ұсынылады. Тұрғылықты тұруға рұқсат нысанында
баспана берілгеннен соң, адамға қараудың стандарттары ұлттық құқықтағы
халықаралық шарттардың әрекет ету сипатына және егер бар болса, олардың
инкорпорациясы туралы заңнаманың ережесіне тәуелді болады.
Енді, шығарып жіберуден қорғау, беру және мәжбүрлі қайтару заңмен жанама
(мысалы, депортация туралы шешімге шағымды қарайтын аппелляциялық соттардың
істің барлық жағдайын ескеруге өкілетті болған жағдайда) немесе тікелей
(жер аудару және баруы керек ел үшін ұйғарымды негіздер шеңбері айқын
шектеулі болғанда) қамтамасыз етіле алады.
Халықаралық құқық босқындар мәртебесін беруде принципиалды тәсілдемені
қолданады. Кейбір халықаралық құжаттарда, атап айтсақ 1951 ж. БҰҰ
Конвенциясында нақты белгіленген жағдайларда босқын мәртебесі берілмейді.
Бұл егер босқын мәртебесіне үміткер келесідей қылмыстар жасаған жағдайда
орын алады:
1) бейбітшілікке қарсы қылмыс;
2) әскери қылмыс;
3) саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс;
4) БҰҰ мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін қылмыстық әрекеттер.
1946 жылы Бас Ассамблеямен қабылданған Босқындар істері бойынша
Халықаралық Ұйымның Жарғысы (БХҰ) әскери қылмыскерлерге, квислингтерге
және сатқындарға, тұрғын халықты қудалауда дұшпанға көмек көрсеткендерге,
шарт бойынша берілуге жататын қылмыскерлерге және БҰҰ мүшесі болып
табылатын қандай да бір мемлекет үкіметін күшпен құлату мақсатын ұстанған
кез-келген ұйымның әрекетіне қатысқан немесе кез-келген террористік ұйымның
әрекетіне қатысқандарды қорғаудан тікелей бас тартады.[17] 1951 жылғы
Конвенцияда әскери қылмыскерлерді қорғаудан бас тарту туралы мәселе алдымен
Бодандықсыз мәселелері бойынша Арнайы комитетпен қаралды және осыған
байланысты 1950 жылғы қаңтар – ақпандағы сессияда қаралды; Адам құқығы
туралы жалпыға бірдей Декларацияның 14(2)бабы аталып өтті.
Әскери қылмыстар оккупацияланған территорияның тұрғылықты халқын өлтіру,
зорлау-зомбылау немесе құлдыққа салу не басқа да мақсаттарда айдап әкетуді
қоса алғанда, соғыс жүргізу заңы мен дәстүрін бұзу; әскери тұтқындарды
немесе теңіздегі адамдарды өлтіру мен қорлап азаптау; тұтқындарды өлтіру;
қоғамдық немесе жеке меншікті тонау; қалалар мен ауылдарды мақсатсыз
талқандау, қирату, әскери қажеттіліксіз күйзелту.
1994 жылы Халықаралық құқық комиссиясымен әзірленген Халықаралық
қылмыстық сот Жарғысы жобасының 20 бабы Соттың юрисдикциясы таралатын
қылмыстар қатарына – басқыншылық қылмысын жатқызады.
ХӘТ (Халықаралық әскери трибунал) Жарғысының VI бабы бейбітшілікке
қарсы қылмыс үшін жеке жауапкершіліктерді қарастырады, оған келесідей
анықтама берілді: басқыншылық соғысын немесе халықаралық шарттарды,
келісімдерді немесе сенімдерді бұзуға бағытталған соғысты жоспарлау,
дайындау, өртін тұтандыру немесе жүргізу немесе жоғарыда айтылған
әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған жалпы жоспарға немесе сөз байласуға
қатысу[18]. Одақтастардың әскери трибуналы Германияда өзінің басқа әскери
қылмыскерлердің соттық ізіне түсуі бойынша заңдық юрисдикциясын негіздеген
Бақылау кеңесінің № 10 заңы, ұқсас түрде, бейбітшілікке қарсы қылмыстар
қатарына халықаралық құқық пен шарттарды бұзып басқа елдерге басып кіру
мен басқыншылық соғыстарды ұйымдастыруды... жатқызды. Мұнда, мемлекет
ішіндегі әскери процестерде және басты әскери қылмыскерлер істері бойынша
процестерде барлық дерлік Оси мемлекеттерінің үкіметінің жетекші
мүшелері мен жоғарғы қолбасшылары айыпталушы болса, ал мұндай айыппен
сотталғандар негізінен саясатты әзірлеуші тұлғалар болды. Сонымен қатар,
осы ережелер негізінде соғыс даласында соғысқан әскерді де; әскери
шараларды қолдайтын азаматтық тұлғаларды да атауға болмайтыны
белгіленді.[19]
ХӘТ Жарғысының қағидалары 1949 жылғы Женева Конвенциясымен және 1977
жылғы Қосымша хаттамамен нығайтылды. Осылай, әскери қылмыстар қатарына
Женева конвенциясын айтарлықтай бұзушылық жатады,[20] оның 1993 жылғы
Югославия бойынша Халықаралық трибунал Жарғысында келтірілген қысқаша
тізімінде келесідей іс – әрекеттер енгізілген: қасақана кісі өлтіру;
азаптау және рақымсыз қарау, биологиялық эксперименттер; ауыр зардаптарды
қасақана келтіру немесе ауыр жарақаттау немесе денсаулыққа ауыр зиян
келтіру; әскери қажеттіліксіз, заңсыз, өз еркінше жүргізілетін үлкен
масштабтағы қирату және мүлікті меншіктеніп алу; қарсылас державаның әскери
күштерінде әскери тұтқынды немесе азаматтық тұлғаны әскери қызмет атқаруға
мәжбүрлеу; әскери тұтқынды немесе азаматтық тұлғаны әділ және дұрыс сот
өндірісіне құқығынан қасақана айыру; азаматтық тұлғаны заңсыз
депортациялау,жер аударту немесе қамауға алу; азаматтық тұлғаларды кепілгер
(тұтқын) ретінде алу.
Қосымша хаттамада шабуыл да ескерілген: оның ішінде азаматтық
тұрғындарға қатысты таңдаусыз сипаттағы; әскери әрекеттерге қатысуын
тоқтатқан тұлғаларға шабуыл жасау; халықтың орын ауыстырулары; нәсілдік
кемсітушілікке негізделген адамның намысын қорлаушы адамгершілікке жат
әрекеттер, апартеидті тәжірибеде қолдану; және қорғаныссыз жерлерге және
қарусызданған аймақтарға шабуыл жасау.
ХӘТ Жарғысындағы анықтама бойынша адамзатқа қарсы қылмыс әскери
қылмыстармен ұқсас, бірақ өте үлкен масштабта болады. Бұл ұғым геноцидке
қарсы қылмысты ескерту және сол үшін жазалау туралы Конвенцияны қабылдауға
әкелді[21] және апартеид қылмысын тоқтату және сол үшін жазалау туралы 1973
жылғы Халықаралық конвенцияның негізі болып табылды.[22] Югославия мен
Руанда бойынша трибуналдар Жарғысы олардың құзыретіне адамзатқа қарсы
қылмыстар бойынша істерді қарауды енгізді, олардың қатарына жататындар:
кісі өлтіру, қырып – жою, құлдыққа салу, депортация, түрмеге қамау, қинап
азаптау, зорлау, саяси мотивтермен қудалау және басқа адамгершіліксіз
актілер. Мемлекеттердің міндеттемелері туралы баптардың жобаларында да
халықаралық қылмыстардың категориялары бар, онда адамды қорғау үшін өте
үлкен маңызы бар халықаралық міндеттемелерді кең масштабта айтарлықтай
бұзу, мысалы құлдыққа, геноцидке және апартеидке тыйым салатын болып
табылады.
Соғыстар аралығындағы және соғыстан кейінгі алғашқы жылдар кезеңіндегі
құжаттар мен келісімдерде қылмыскерлер мен басқа жағымсыз босқындарға аз
көңіл бөлінген. БХҰ Жарғысы шарт бойынша беруге жататын қылмыскер болып
табылатын босқындарды қосқан жоқ, және осы тұжырым БЖКБ Жарғысында қайта
жазылды. БХҰның қорғауына жату құқығы туралы Басшылықта беру үшін негіз
болып табылатын келесі қылмыстар көрсетілген: кісі өлтіру, уландыру,
зорлау, өртеу, арамдық, жалған ақша шығару, жалған куәлік ету, ұрлық,
банкроттық, ұрланған затты қабылдау, қазынаны ұрлау, екі әйел алушылық,
соққыға жығу, ауыр дене жарақатын түсіру және ауыр жағдайларда мүлікті жою.
Адам құқығы туралы жалпыға бірдей Декларацияның 14(2) бабы шынымен
қылмыс жасалынғаны негізінде қылмыстық із кесу жағдайында баспана беру
мүмкіндігін болдырмауды қарастырады.
Егер әскери қылмыскерлерді сотқа беруде мемлекеттердің тікелей
мүдделілігін ескермесе, онда 1951 жылғы Конвенцияның дайындық материалдары
қылмыскерлерге босқын мәртебесін және сонымен байланысты жеңілдіктерді
беруде жалпы бас тартуға қатысты көптеген шешілмеген сұрақтарды
айқындайды. Конвенцияның түпкі мәтінінде негіз ретінде алдамшы қарапайым
сөз тізбегі алынған — саяси сипатқа ие емес ауыр қылмыс, — мұндай
қылмыстардың шеңбері баспана берген елден сыртта және [кінәлілер] елге
босқын ретінде жіберілмес бұрын жасалған қылмыстармен шектеледі.
Әрбір мемлекет 1951 жылғы Конвенция мақсатын ұстана отырып, қандай
қылмыстың ауыр екенін өзінің жеке критерийлері бойынша өзі анықтауы керек.
Сондықтан, мемлекет босқын мәртебесін алуға өтініш берушінің қылмыстық
бейімділігі оның адал босқын ретіндегі мінездемесінен асып түсетінін және
сондықтан мемлекеттің ішкі тәртібі үшін қауіпті екенін анықтауды өз қарауы
бойынша шеше алады.
Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасын айтуға
болады,[23] онда мемлекет пен қоғам үшін аса қауіпті болатын бірқатар
қылмыс құрамдары бекітілген. Мұндай құрамдарға жататындар: геноцид,
терроризм, адамды ұрлау, мемлекеттік құпияны жариялау, жаппай тәртіп бұзу
және т.б.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қарсы келетін
қылмыс жасау салдарынан Конвенция әрекеті аясынан тұлғаны шығару қағидасы
БХҰ Жарғысында да бар және ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде
өзінің мақсаттарының бірін қандай да бір мемлекет үкіметін (БҰҰ мүшесін)
қарулы күшпен құлату етіп қоятын ұйымның немесе қандай да бір террористік
ұйымның жұмысына қатысқандарға таратылмайды, сонымен қатар олардың
үкіметтеріне қарсы қозғалыстар жетекшілеріне немесе босқындардың өз еліне
қайтуын қолдамайтын қозғалыстар жетекшілеріне таралмайды.Мұнда келесідей
пікірлер де ұсынылды: Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына
қарсы келетін іс-әрекеттер, әскери қылмысты, геноцидті және демократиялық
режимдердің беделін түсіру немесе құлатуды қамтиды; әр түрлі мемлекеттер
басқа да мүмкін түсініктемелерді ұсынды.
Босқын мәртебесін беруден бас тартудың қарастырылған негізі аясына,
мысалы, басқаларға құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеген немесе осы
құқықтарды шектеген тұлғалар әрекеті де түседі. 1F с) бабы адам құқығын
бұзатын немесе БҰҰ мақсаттары мен қағидаларына басқа түрде қарсы келетін
саясатты жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттің жоғары деңгейдегі лауазымды
тұлғаларын шығарып тастайды. Аталған бап өте кең қолданыла алады. БҰҰ
есірткілер айналымымен күрес бойынша, басқарудың демократиялық және өкілдік
нысандарына жәрдемдесуге қатысты және кейбір азаттық қозғалыстардың
халықаралық мәртебесін мойындау бойынша шаралар қолданды. Бұл есірткіні
сатумен айналысатын тұлғалардың, демократиялық процесті бұзушылар немесе
бүлдірушілердің немесе билікте колониалдық немесе соған ұқсаған режимдердің
сақталуына жауапты тұлғалардың босқын мәртебесін алуға құқығы болмауы керек
екендігін көрсетеді.[24]

Босқындардың баспана іздеген елде өмір сүру режиміне қатысты құқықтары
мен міндеттері жай және конвенциялық халықаралық құқық нормаларына сәйкес
анықталады. Бұл құқықтар мен міндеттер туралы негізгі ережелер 1951 жылғы
Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияда тұжырымдалған. Бұл ережелер осы елде
тұрып жатқан шетелдіктер пайдаланатын режимге жалпы бағдары сәйкес келетін
босқындар режимінің минималды, стандартты нормасы ретінде анықталады.[25]
1951 жылғы Конвенцияның 7 бабы конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне
барынша қолайлы құқықтық жағдай ұсынылатын кездерден басқа босқындарға
шетелдіктер қолданатын режимді беруді жүктейді.
Мемлекет өз бетінше немесе өзара қатынас негізінде босқындардың
құқықтары мен міндеттерінің көлемін кеңейтуге құқылы. Мұндай кеңейту,
әдетте, босқын тастап кеткен мемлекет пен оның жаңа тұратын мемлекеті
арасындағы жасалған арнайы шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге
асырылады, яғни шарттық өзаратүсіністік негізінде немесе босқынның жаңадан
қоныстанған мемлекетінің ішкі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни
заңдық өзаратүсіністік негізінде.
Конвенцияға сәйкес заңды өзаратүсіністік негізінде, жалпы, шетелдіктер
пайдаланатын құқық осы мемлекеттің территориясында үш жыл ішінде тұрған
босқындарға беріледі (7 бап, 2 т.). 1951 жылғы Конвенция күшіне енген күні
шетелдіктердің құқықтары мен артықшылықтарына ие болған босқындар оларды
ары қарай да қолдана береді (7 бап, 3 т.).
1951 жылғы Конвенция боқындармен қатынастың төрт режимін бекітеді:
1) ұлттық режим, яғни сәйкес мемлекеттің азаматтарына берілетін режим;
2) босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтарына берілетін режим;
3) барынша қолайлы режим, яғни шетел мемлекеттері азаматтарына берілетін
барынша қолайлы режим;
4) барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда шетелдіктер
қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режим.
Ұлттық режим босқындарға келесі құқықтарға қатысты беріледі: дінді
пайдалану құқығы (4 бап); сотқа жүгіну құқығы (16 бап); ел аумағында үш
жылдан аса тұрған,сонымен қатар азаматтығы бар жұбайы,бір немесе бірнеше
балалары бар босқындарға қатысты жұмысқа жалдану құқығы (17 бап, 2а т.,17
бап, 2b 'т.); тапшы өнімдерді бөлуді реттеуші сыбағалар жүйесі (20 бап);
бастауыш білім (22 бап, 1 т.); мемлекеттік көмекке және қолдауға құқық (23
бап); еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға (24 бап); салық салуға
қатысты (29 бап).
Босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтары үшін орнықтырылған режим
өнеркәсіптік меншікке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz