Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 ТУРИСТЕРГЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ . . .
1. 1 Көлік саяхаттарын топтастыру мен жобалау . . .
1. 2 Тасымалдау түрлерінің тиімділігін салыстыру . . .
1. 3 Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру . . .
2 ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ МӘНІ . . .
2. 1 Әуе тасымалдауларының дүние жүзіндегі жағдайы, тенденциялары . . .
2. 2 Құқық аспектілері . . .
2. 3 Әлемдегі әуекомпаниялар . . .
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ НАРЫҒЫ . . .
3. 1 Көлік жүйесінің жағдайы, туризм үшін мүмкіндіктері . . .
3. 2 Әуе көлігінің қазіргі жағдайы. « Эйр Астана » әуекомпания қызметінің жалпы сипаттамасы . . .
3. 3 « Эйр Астана » әуекомпаниясының негізгі бағыттары . . .
3. 4 « Эйр Астана » әуекомпания мәселелері мен болашағы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Жер бетімен және сумен тасымалдау түрлернің қаншалықты жедел болғанымен, жер өте үлкен, сондықтан алыс мемлекеттер мен континенттерге саяхаттау үшін айлар мен жылдар кеткен.
Адамдардың әуе көлігін ойлап табуы, бұл көлік түрінің дамуы мен оның саяхаттау мақсатын да пайдаланылуы туризмнің қалпын, стилі мен тәсілдерін өте қатты өзгертіп, туризмнің көпшілік түрінің дамуына, саяхаттар географиясының және туристік ағымдардың, құрылымының өзгеруіне әкеп соқты.
Мысалы, Мәскеуден Владивостокқа темір жол арқылы саяхаттау ең аз дегенде 7 күн алады, демек жалпы 14 күн (барып- қайту үшін) . Ал бұл саяхатшының тасымалдауға бөлетін уақытының нормасынан шығады. Ұшақ болса, Мәскеуден Владивостокқа 8 сағат ішінде жетуге мүмкіндік туғызады.
Туризм мақсатымен трансконтиненталдық тасымалдауда әуе көлігінің бәсекелесі жоқ (арнайы мақсатпен саяхаттауды алмағанда) .
Көпшілік туризмі әр жұмыс істейтін адамның бос уақытында негізделген.
Еңбек қарым-қатынастарын реттейтін Норма бойынша, жұмыс-
шыларға берілетін демалыс 2-4 аптаға созылады. Сондықтан, адамдар тек 5-12 күнге басқа жерлерге, мемлекеттерге қысқа мерзімді саяхаттарға барады және, бұл мерзімде тасымалдауға саяхатшы ең көп дегенде 2 күн бөліп, қалғанын демалысқа қалдырады. Осындай туризм түрі тек әуе көлігінің пайда болуынан кейін ғана мүмкін болды. Бұл көлік түрі саяхатқа шыққан ірі туристік ағымдарды комфортты және берік тасымалдауға мүмкіндік туғызды. Дәл осы жағымен әуе көлігі ерекшеленеді.
Осы жұмысымда жалпы тасымалдау түрлеріне мағлұмат беріп, әуе көлігінің туризм үшін қаншалықты маңызды екендігін жеткізіп, оны толық сипаттау мақсатқа алынған. Оның ішінде әуе тасымалдарының дүние жүзіндегі жағдайы, реттелу, ұйымдастырылу сұрақтары қарастырылады.
1 ТУРИСТЕРГЕ КӨЛІК ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ
1. 1Көлік саяхаттарын топтастыру мен жобалау
Қазіргі уақытта көлік саяхаттары туризмнің жеке бір түріне айналды. Жалпы айтқанда көлік саяхаттары - бұл алдын-ала құрастырылған маршрут бойынша жолдамасы бар ұйымдастырылған туристердің көлікті пайдалану мен түрлі қызметтер көрсету (тамақтану, орналасу, экскурсиялық және т. б. ) арқылы саяхаттары.
Көлік саяхаттарының топтастырылуында негізгі мінездемелерінің бірі - маршрут типі. Туризмде қозғалудың әуе, жер, су және аралас түрлері пайдаланады. Жер көлігі өз кезегінде темір жол және автомобильді, ал су - теңіз және өзен болып бөлінеді.
Көлік түрлері моторлы және моторсыз бола алады. Моторлы түріне поезд, ұшақтар, автобустар, теплоходтар, мотоциклдер және т. б. жатады. Қозғалудың моторсыз түрлеріне техникалық жабдықтар жатады: қайық, велосипед, дельтаплан және т. б., сонымен қатар жануарлар да жатады.
Маусымдық көлік түріне және аймақтың табиғи - климаттық жағдайына байланысты. Әсіресе көліктің навигациялық периодқа байланысты су түрлері маусымды болып табылады. Турфирмалар тәжірибесінде көлікті негізінен бірретті тапсырыс бойынша пайдаланады.
Трассаның құрылуы бойынша маршруттар сызықтық (бірінші нүктеден екінші нүктеге), сақиналы (маршруттың нүктелері бойынша басталған нүкте- ден басқа пунктер арқылы қозғалу), радиалды (бір пунктен бірнеше түрлі нүктелерге бару), аралас (бұған әр түрлі құрылысты трассалар кіреді) болады.
Саяхаттың ұзақтығы бойынша ұзақ және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді саяхаттарға «демалыс күндік сапарлар» жатады. Өкінішке орай олардың үлесі қазіргі уақытта қысқарды. Бұл өте қанық және арнайы демалысты алуды керек етпейтің саяхаттар. Ұзақ мерзімді саяхаттар дема- лыс, емделу, терең танымдық, т. б. мақсаттар үшін арналған.
Меншік түріне байланысты маршрутта жалдамалы, мамандандырылған, жеке және жалпыға арналған (демек, графиктік) көлік болып бөлінеді.
Көлік саяхаттарын топтастыру негізінде келесі кестені пайдалануға болады: /1/
Таблица 1. Көлік саяхаттарын топтастыру
Әрине, автобус, әуе және темір жол саяхаттары ең әйгілі, ең жиі қолданатын саяхаттар болып табылады (көлік саяхаттарының жалпы көлемінің 90 %) .
Таблица 2. Көліктің негізгі түрлерінің халықаралық туристік саяхаттардағы тартымдылығы (10- балдық рейтинг бойынша) /1/
Осыдан, көлік түрлерінің рейтингі онша ерекшеленбейтіні көрінеді. Мұнда анықтаушы негізгі рольді қарама-қарсы факторлар ойнайды( бағасы, капиталды шығындар, эксплуатациялық жылдамдығы, сыйымдылығы және т. б. )
Өзінің саяхатын жоспарлағанда, турист баратын жеріне жету жылдамдығы, саяхат жайлылығы, бағасы, жүкті тасымалдау мүмкіндігі мен оның салмағы, тамақтану жағдайы, шу мен сілкініс деңгейі, ұйықтау мен демалу жағдайы, сапар барысындағы кең шолу мүмкіндігі, зиянды экологиялық факторлардың болуы, қауіпсіздік сияқты факторларды ескереді.
Приоритет бойынша, бұл талаптар келесідей бөлінеді: саяхат қауіпсіздігі; бағасы және түрлі жеңілдіктердің бар болуы; ыңғайлылық; әкелу жылдамдығы; т. б. факторлар. Әрине, оңды факторлар көбірек болғанда, көлік саяхатының бағасы да жоғары болады. Бірақ ешбір көлік түрі барлық талаптарға жауап бермейді.
Туристік кәсіпорындардың қызметкерлері көлік ұйымдарының негізгі міндеттерін білу керек:
- Жолаушыларды тасымалдау үшін лицензия алу;
- Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
- Сертификаты бар көлік түрін ұсыну;
- Қызмет көрсетудің жоғары сапасымен қамтамасыз ету(өз уақытында қызмет көрсету, тазалық, әдептілік, т. б. ) .
Көлік қызметін көрсетумен байланысты құқық негіздерін білу туризм мамандарына өзара пайдалы келісім жасауға және саяхат маршрутын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде туристік саяхаттарды жобалаушылар үшін маршруттың көптеген ерекшеліктерін ескеретін технологиялық карта құрастырылады. Оған келесі пункттер кіреді:
1) Маршруттың негізгі көрсеткіштері: түрі; қиындық категориясы; ұзындығы(км) (оның ішінде қозғалыстың активті түрлерімен) ; саяхат ұзақтығы(тәулік) ; туристік топтардың саны; топтағы туристердің саны; маршрут бойынша жалпы туристер саны; қызмет көрсету күндерінің саны; бірінші топқа қызмет көрсетудің соңы; жолдаманың бағасы; 1 айдағы туристердің саны, туристік топтардың ай бойынша келу графигі; 1айдағы топтар саны; туристік кәсіпорындарының мекен-жайы(одан саяхат басталады) .
2) Маршрут бойынша туристерге қызмет көрсету және саяхат бағ- дарламасы: қоныстанған аймақтар, олардың арасындағы ара- қашықтық, қозғалу әдістері, нүктеге келу және одан кету уақыты; туристік кәсіпорындардың атаулары және орналасу жағдайлары; жоспарланған туристік қызметтер; экскурсиялардың, туристік серуендер мен жорықтардың атаулары (көрсетілетін негізгі обьекттердің тізімімен) ; маршрут ішіндегі тасымалдау, 1 адамға экскурсиялық шығындар; топтарды тапсыру нүктелері;
3) Инструктор - методист, экскурсовод, гид-аудармашы, т. б. қызмет көрсететін адамдардағы және олардың қосымша дайындықтағы қажеттілік.
4) Жарнамалы - ақпараттық және картографиялық материалдарды дайындау; саяхаттың қысқаша суреттелуі.
Әрине, көлік саяхаттарын құрастыру туроператорлардың қызметімен байланысты. Сондықтан, туристік өнімнің сапасы оның тұтынылатын жерінде тексерілуі қажет. Өйткені, фотовидеобейнелер шындыққа сәйкес келе бермейді. Сондықтан, алыс жерге және шетелге турларды ұйымдастырғанда қаржы шығындарын алдын ала қарастыру керек.
Кейде туристерді қарсы алуда мүдделі ақшасы бар туроператор осы шығындарды өзі өтейді. Мысалы, «Фром» француз турфирмасы әр жыл сайын жаңа маршруттар бойынша өзінің турагенттеріне 2 ақысыз әуесаяхат ұйымдастырады.
Фирма жұмысшылары турагенттердің сұраныс азайған саяхатты өзінің жарнамасына қоспайтынын біледі. Бұндай жағдайда турдың реанимациясы болып, көптеген адамдар қызық маршрутқа қатыса алмайды.
Осылай, сату көлемін ұзаққа сақтап, турөнім үшін әдеттегідей құлдырау периодынан қашық болуға болады. Ал оны құрастыру кезегінде көлік түрі, іске асырылу мезгілі, жеке материалдық базаның болуы, саяхат ұзақтығы және тағы басқа құрамдастар маршруттың сапасы мен атағына әсер ететінін ескеру керек.
1. 2 Тасымалдау түрлерінің тиімділігін салыстыру
Тасымалдау түрлерінің әрбіреуінің өзіндік тарихы, әдіс, тәсілдерінің, аппарат конструкцияларының, т. б. құрылу және даму кезеңдері болады. Жоғарыда айтылып кеткендей, тасымалдау түрі қажеттілік пен рационалдық бойынша таңдалып қолданылады (Орта жағдайының ерекшелігіне, рельеф, климаттық жағдай, мақсатына, жылдамдығы мен сыйымдылығына, бағасына байланысты) .
Дүние жүзіндегі туристік және пассажирлік тасымалдаудың механикалық түрлерін пайдалануын келесідей бағалауға болады (2000 ж) :
автомобильдік 41 %
әуе 44 %
темір жол 7 %
теңіз және өзен 8 %
Баратын жерден қаншалықты алыс екені өте маңызды.
Жақын жерлерге жаяу бара салу немесе велосипедпен бару ұтымды. 5-500 км қашықтықта орналасқан жерге көліктің автомобиль түрін, ал 30-1500 км - темір жол көлігін пайдаланған жөн. Ал әуе көлігін 500 км аз қашықтықта орналасқан жерге бару үшін пайдалану ұтымсыз.
Бірақ та тасымалдау түрінің тиімділігін бағалау және таңдау кезінде келесі принциптерді ескеру қажет: « қайда орналасқан, қашан, не үшін және қандай бағаға». Кейбір жерлерде көлік түрлерін таңдау мүмкіндігі болмайды. Мысалы, поляр маңы кеңістіктерінде жолдар жоқ, су көлігін мұздық жағдайға байланысты пайдалану мүмкін емес. Сонда вертолет немесе кіші авиация түрлері пайдаланады. Ал жергілікті қозғалыс жануарларды жегу арқылы іске асырылады, немесе мүмкіндік болса - вездеход пайдаланады.
Автомобиль, темір жол және әуе тасымалдауларының тиімділігін салыстыру
Сурет 1.
Мәселен, АҚШ-та жолаушылар мен жүктің автомобильді тасымалдауы дамыған. Мұнда өте көп автомагистраль салынған. Бұл дамыған мемлекет - автомобиль отаны және дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерге қарағанда жақсы автомобильдендірілген. Орташа алғанда әр жанұяға екі жеңіл автомобильден келеді. Жалпы мемлекетте 6 млн. км автомобиль жолдары бар, оның 67 500 км негізгі қалаларды қосатын Inter State Highway System ұлттық жол желісінің шосселік жолдар разрядына жатады. Бұл екі және төрт- сызықты асфальттік жамылғысы күшті шосселік жолдар. Осы жолдар бойымен АҚШ автомобиль тасымалдауларының 20 % жүзеге асады.
Европада автомобиль және темір жол көлігі дамыған. Франция мен Германияда темір жол магистральдарының тығыздығы жоғары. Германияның German Rail темір жолдарының ұлттық желісіне темір жолдың екі түрі кіреді: Deutsche Bundesbahn (BD) - жолдарының ұзындығы 28 000 км және German Reichsbahn (DR) - 1 500 км . Жалпы Германияда 2 500 жабдықталған темір жол вокзалдары мен станциялары бар.
Германияның темір жолы - маңызды тасымалдаушы. Әр күн сайын онда 30 мың жолаушылар тасымалданады. Темір жол желісі мемлекеттің 50 қалаларын байланыстырады. Жылдам жүретін поездардың көбісі өте жайлы, вагондары кондиционермен жабдықталған, жолаушылардың жайлылығы үшін үлкен терезелері бар.
Испания дүние жүзіндегі туризмнің маңыздылығы мен көлемі бойынша 3-ші аймағы болып саналады.
Таблица 3. Туристердің Испанияға келетін көлік түрлері /2/
Келу көрсеткіші
Көрушілер
Туристер
Экскурсанттар
57 594
38 803
18 791
76 392
51 772
24 642
Тасымалдау түрі
Әуе
Темір жол
Автомобилді
Теңіз
27 746
0 241
9 108
1 707
37 701
0 446
11 644
1 981
Келу мақсаты
Демалыс
Іскерлік және мамандандырылған Басқа
33 370
3 376
2 057
41 973
3 485
2 289
Кейбір мемлекеттерде темір жол жоқ . Мысалы, Ауғаныстан, Белиз, т. б. Норвегия Скандинавия түбегінде орналасқан. Онда негізінен терең фьордтар мен таулы жер бедер. Сондықтан әуе тасымалдауы дамыған.
Жолаушылар мен туристерді тасымалдау жүйесінде басқа маңызды фактор - халықтың жүріп-тұру жиілігі. Бұл халықтың салт-дәстүр, өмір сүру қалпы, төлеу қабілеттілігіне байланысты. Бұған байланысты СССР кезінде тасымалдау төлем ақысы төмен болып, халықтың қозғалысы жоғары болып көлік нормадан тыс болып кететін. 1940 ж. СССР-де тасымалдау көлемі жылына 2 050 млн. жолаушы болды. 1988 ж. қарай тасымалдау көлемі жылына 55 423 млн. жолаушы болды.
1. 3 Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру
• Әуе билеттері
Жолаушы мен тасымалдаушы арасындағы Контракттың дәлелі - билет болып табылады. Онда жолаушының аты мен әуекомпания (тасымалдаушы) атауы жазылады.
Әуе билеті атаулы болып келеді де, онда барлық қажетті атрибуттар бола- ды (ұшу купоны, жолаушылық купон және ұшу үшін отыру купоны) .
Әр түрлі әуекомпаниялардың билеттері әртүрлі безендіріледі, бірақ барлық билеттерде келесі атрибуттар жазылады: жолаушылардың фамилиясы; маршрут; класс; рейс номері мен әуекомпания коды; ұшып шығу күні мен уақыты; билетті пайдалана алу мерзімі; статусы.
Жолаушылардың фамилиясы билетте (паспортта француз тілінде жазылса
да ) ағылшын тілінде жазылады. Әйел фамилиясының алдында Ms (миссис),
еркек фамилиясының алдында Mr (мистер) деп жазылады.
Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау
Сурет 2.
Жолаушылардың тұлғасын куәландыратын құжаттар:
1) Ресейдің және ТМД мемлекеттерінің азаматтары үшін жолаушылардың куәландыратын құжаттары: паспорт; шетел паспорты; теңізші паспорты; дипломатиялық паспорт; Ресей азаматтары үшін РФ Мемлекеттік Дума депутатының куәлігі және жергілікті үкімет органдарының куәлігі; әскери қызметкердің куәлігі; әскери билет; 16 жасқа дейінгі балалар үшін туу куәлі- гі; қамаудан шығу туралы справка; Ресей азаматтары ішкі істер органдары- мен берілген үшін (тек РФ ішінде) № 9 формасындағы справка.
Құжаттарын жоғалтып алған ТМД азаматтарына, мұнда орналасқан консулдық бөлімдер, олардың қайтуына куәлік беруі тиіс. Бұл куәлікті тек азамат мемлекетіне қайтып келгенше ғана пайдалана алады.
РФ азаматтары ТМД мемлекеттеріне барған кезде, олардың ресейлік азаматтығын куәландыратын қағаз паспортында болуы қажет.
2) Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен саяси эмигранттар үшін, жолаушылық куәлік: ұлттық паспорт; азаматтығы жоқ тұлға үшін куәлік; атқарушы комитеттің (СОКК) саяси эмигранттары үшін куәлігі; тұратын жерінің түрі.
Ұшу маршруты ұшақ отырулар жасаса, әлде жолда рейс номері өзгерсе, т. б. жағдайда ғана көрсетіліеді.
Егер де жолда ұшақ отырып, бірақ ұшақ және рейс номері өзгертілмесе, билектің “маршрут” графасында тек бастапқы және соңғы пунктер ғана белгіленеді. Жолда рейс номері өзгерсе, қосымша ауыстырылу пункті көрсетіледі.
Әуекомпаннияның класы билетте әріпті символ арқылы көрсетіледі: бірін-ші класс ( F ) ; бизнес-класс ( C ) ; экономикалық класс ( Y ) ; туристік класс ( Т ) .
“Air France” (Франция) ірі әуекомпанияның класы ерекшеленеді:
Espace - 180 (бірінші класқа сәйкес) ;
Espace - 127 (бизнес-класқа сәйкес) ;
Economical (экономикалық класс) .
Рейс номері және әуе компания коды сәйкес символдармен көрсетіледі: Мысалы, LM-124, бұл Lufthansa (Германия) әуекомпаниясының 124-рейсі.
Басқа кейбір әуекомпаниялардың кодтары:
SU - Аэрофлот - Ресейдің халықаралық әуе жолдары;
AF - Air France - Франция;
DL - Delta Air Lines - АҚШ;
AY - Finn Air - Финляндия;
BA - British Airways - Англия;
CY - Cyprus Airways - Кипр және т. б.
Күні (мезгілі) “бару” және “қайту” графасында жазылады. Ашық датасы бар билетте “қайту” күні көрсетілмейді. Ұшу купонының ішкі жағында “ореn” - “ашық” белгісі қойылады.
Ұшып кету уақыты әрдайым жергілікті сағат бойынша көрсетіледі. Көпте-ген әуекомпанияларда кейде ұшып келу уақыты да көрсетіледі.
Билеттің пайдалану мерзімі билет типіне байланысты қойылады. Бірақ ол оның берілуі немесе сапардың басталу мезгілінен 1 жылдан аспау керек. Әрине, билеттің пайдалану мерзімі сәйкес графада жазылады.
Билеттің пайдалану мерзімі келесі жағдайда ұзартылады:
- егер жолаушы орын сатып алып, рейс іске асырылмаса; маршрут бойынша тоқтау болмаған жағдайда (бұл жолаушы үшін саяхаттың басталу жері болса) ; егер тасымалдаушы күнтізбе бойынша ұшуды іске асырмаса; жолаушы сервистің басқа класы ұсынылса; егер тасымалдаушы билетте көрсетілген орынды ұсына алмаса.
Бұл жағдайларда билеттің пайдалану мерзімі тасымалдау Ережелеріне сәйкес ұзартылады.
Жолаушылардың жолда қайтыс болған кезінде, оның қасында болған адамдардың билеттері 45 күнге дейін өлімі туралы куәлігі бар болса ұзартылады.
Статус билетте символдармен көрсетіледі:
OK - бұл рейске орын броньдалған болса
RQ - орын сұралып тұр, бос орын болса, жолаушы ұшып кетеді.
Жоғалып қалған билет ұшудың алдында, оның сатылып алған агенттікте қайтадан алынады (билеттің дубликаты беріледі) . Егер де билетті шетелде жоғалтса, оны сол мемлекеттен әуекомпанияның өкілеттігі бере алады.
Егер де жолаушы рейске кешігіп қалса, тасымалдаушы оны басқа рейспен тасымалдай алады (егер орын бар болса), бірақ РЕХ немесе АРЕХ жастарға арналған тарифтегі билеттерді қоспағанда, бұндай жолаушыларға көптеген шектер қойылған.
• Регистрациялану және тасымалдау шектері
Жолаушы регистрациялану орнына рейстің басталуына дейін тасымалдау- шы белгілеген уақытта барлық ресми үрдістерден өту үшін алдын ала келу керек.
Егер де жолаушы белгіленген уақытта келмей қалса және оның құжаттары толық болмаса, демек ол ұшуға дайын болмаса, демек ол ұшуға дайын болма- са, онда тасымалдаушы оған бөліп қойған орынды жоюға құқылы, өйткені рейстен қалып қоюға болмайды. Сонымен қатар, тасымалдаушы жолаушы-ның жасаған шығындарынажауапты болмайды.
Қауіпсіздік ережелері бойынша, тек жолаушы жүгін өткізіп, оның ұшақ бортында жоқ болса ғана, рейс кешігуі мүмкін.
Көптеген мемлекеттерде аэропорттағы бірінші және бизнес-класс жолау- шыларын регистрациялау басқалардан бөлек жасалынады:
Бірінші класс жолаушылары арнайы VIP жоғары комфортабелді күту зал-дарымен пайдалынады.
Егер жолаушы өзінің мінез-құлқымен, ақыл-ес және физикалық жағдайы- мен басқа жолаушыларға кедергі жасаса, әлде жалпы қауіпсіздік себептері- мен жолаушыны тасымалдаудан бет бұруы мүмкін.
Тасымалдаушы келесі жағдайларда тасымалдаудан бет бұруы мүмкін:
- тасымалдаушы белгілеген нұсқаулар мен Ережелерді бұзу;
- қауіпсіздік және т. б. қызметтерге бағынбау;
- жолаушының міндетті құжаттарының жетіспеушілігі;
- егер тасымалдау билеті заңды түрде емес сатылып алынса немесе шындыққа сәйкес болмаса;
- егер ұшу купондарында жолаушы аты біреумен өзгертілсе.
Ересек адамдарсыз балаларды, инвалидтерді, екіқабат әйелдерді немесе ауру адамдарды тасымалдау рұқсаты Ережелермен анықталады немесе тасы-малдаушымен келісіледі.
• Туристік жүкті тасымалдау
Жолаушы (турист) жүк түрінде келесі заттарды тасымалдауға құқықсыз:
- ұшақ жолаушыларына, борт мүлкіне қауіпті заттарды;
- ұшып келу, ұшып кету және транзитті мемлекет заңдары және ереже-
лерімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды;
- тасымалдаушының ойы бойынша, өзінің салмағы, көлемі, түрі бойын
ша тасымалдауға ыңғайсыз заттарды;
- тез бұзылатын және сынғыш заттарды;
- дәрімен атылатын қаруларды (аң аулау және спорттық қарудан басқа)
және амуницийді;
6) ақша, зергерлік бұйымдарды, алтын металдарды, күміс бұйымдарды, іскерлік құжаттарды, паспорттарды, т. б. заттарды;
7) жабайы аңдарды;
8) Ережеге сәйкес т. б. заттарды.
Одан басқа жүкте келесі заттарды тасымалдауға тыйым салынған: қысыл- ған және сұйытылған газ, бутан, оттегі, сұйық азот, зарядталған акваланг баллондарын, уларды, күйдіретін заттарды, сынапты, сілтілерді, аккумуля- торлық батареяларды, жеңіл жанатын сұйықтарды, радиоактивті элементтер- ді, агрессивті және пітірентетін газдарды немесе магнитталған материалдар- ды және т. б. заттарды.
Егер регистрацияланған жүк керекті түрде оралмай, қауіпсіздік ережелер-ін бұзса, тасымалдаушы оны тасымалдаудан бет бұра алады.
Қауіпсіздікке байланысты жолаушының рұқсатымен тасымалдаушы жүкті тексеруі мүмкін. Егер де жолаушы қатыса алмаса, оның жүгін онсыз ақтара алады. Ал егер жолаушы мұндай шарттармен келіспесе, тасымалдаушы жол- аушыны немесе оның жүгін қабылдамай алуға құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz