Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1ТАРАУ. МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ.
1.1. Бүгінгі күні мұғалімге қойылатын талаптар.
1.2. Ұстаздық шеберлік мазмұны.

2 ТАРАУ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА – МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ.
1. Мұғалім сырт бейнесінің мәдениеті.
2. Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары.
3. Бастауыш сынып мұғалімінің шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
жолдары.
2.4. Бастауыш сынып мұғалімінің ізгілікті қарым-қатынас
мәдениеті.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Кіріспе

Жалпы білім ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа
сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндеттерін
шешу жас мамандардың кәсіби біліктігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне
тікелей байланысты. Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің
мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің
үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі
және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты
творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан-жомарттығын
балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Қазіргі жағдайда қайта құру процесінің басты міндеттерінің бірі
- білім сапасын арттыру алдындағы орынға қойылып отыр. Сондықтан
мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын
оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы
күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы
бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Мұғалімнің
кәсіби дайындығы оның қоғамдық-саяси, арнаулы және психологиялық-
педагогикалық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады.
Бүгін де білікті педагог мамандарын даярлау заман талабына айналып
отыр. Елбасымыз өзінің жуықтағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа сатыдағы
мұғалім өмірге келуін білім беру жүйесін реформалау нәтижелерінің бірі
ретінде атап өткен.

I ТАРАУ. МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ.

1.1. Бүгінгі күні мұғалімге қойылатын талаптар.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін
адам иесі. Тәрбие деген аталы ұғымның пайдалы болғанынан бері бұл
қызметтің ең беделді әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан.
Осыған орай мұғалім-тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген.
Г.А. Ягодин өзінің Еркін адамды тек еркін мектеп қана
тәрбиелейді атты мақаласында: Семья, мектеп, білім беру, мәдениет,
адамгершілік ұғымдары мұғалім, тәрбиші сөздерімен қатар қолданылады. Бұл
ұғымдар қоғам өміріне біте қайнасып жатыр. Сайып келгенде, қоғамның
рухани дамуын үнемі алға жылжытып отырған нәрсе адамзат өз балаларының
келешек ұрпағының өмірін неғұрлым жақсырақ, неғұрлым мағыналы етуге
үздіксіз тырысушылығы белгілі. Бұдан туатын біздің мақсатымыз адамның
қабілетін дамыту, адамнда жан-жақты жетілдіру, адамды әрі азаматты
тәрбиелеу, - деп атап көрсетеді.
Бұл орайда жаңаша ойлау жүйесіне негізделген қайта құрудың
күретамыры – мектепті гуманитарландыру мен демократияландыру еліміздегі
барлық жаңару жолындағы мақсат міндеттерімен ұштасып жатыр.
Сонымен, бүгінгі таңда толғағы жеткен көптеген педагогикалық
әлеуметтік проблемалар мұғалімнің ой-санасының жаңаруымен, жаңа
міндеттерді айқын түсінуімен, педагогтердің белсенділігі мен творчестволық
қатынастарымен шешіледі.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі әрі көп салалы. Мұғалім оқушының
жеке басының дамуын, қалыптасуын, білім беру мен тәрбие әне оқыту процесін
басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары
педагогикалық шеберлік, идеялық шыныққандық, саяси-моральдық қасиет,
табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етіледі.
Мұғалім еңбегі өзінің мақсаты, мазмұны және қоғамдағы алатын орны
жағынан ең құрметті болып танылған. Педагогикалық қызмет қиындығы мол
қызмет. Себебі, ол бір-екі ғана баланы тәрбиелемейді, ондаған әртүрлі
қабілеті мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы мен әдеп-ғұрпы,
түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жас өспірімдерді тәрбиелейді.
Олардың әрқайсысының өзіндік жекелеген ерекшелігін дамытады, ынтымақты тату
жарасымды коллективке топтастырады. Әр балаға жеке адам деп шынайы
қамқорлық жасайды. Адам жанында, қоғамда, табиғи ортаны да ізгілікке
белейтін пәрменді ерекше құрал – мәдениет. Ал мұғалім мәдениеттің қайнар
кезі, әдебиет пен өнер шығармаларының жаршысы. Сондықтан қандай мұғалім
болашақтың мүсіншісі бола алады деген сұрақ туатыны заңды. Қазіргі заман
мұғалімі қызметінлегі ең басты ерекшеліктің бірі – жастарға рухани тұрғыдан
ықпал жасауды күшейту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын,
еңбеккелерін және отанды қорғаушысын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім
табиғат, қоғам, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен
қаруланған болуы шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі объектісі әрі субъектісі
де бала, ал оның дамуын, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу – бірінші
кезектегі міндет.
Осыдан мұғалімді адам тану мамандығының иесі деуге де болады.
Себебі, бала пассивті материал емес. Мұғалім еңбегі өте-мөте ептілікті,
сезгіштікті, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді. Мұғалім - бала
жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан
жалықпайтын және одан өзіне зор ләззат алатын адам. В.А. Сухомлинский:
Менің өмірімдегі ең басты нәрсе не болып еді? Бұған ойланып жатпастан-ақ
балаларға деген сүйіспеншілік деп жауап беремін - деген. Мұғалімнің
балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра
алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көріне түсуіне негіз болады.
Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге
деген сыйлау сезімін тудырады. Мектеп өміріне сөз салсақ, балалар бір
қарағанда алдымен математика, не физика, химия мұғалімін жақсы немесе жек
көреді, содан кейін біртіндеп мұғаліммен бірге оның беретін физика не
химия пәніне де қызығып, жақсы көре бастайды. Екінші жағынан , балаға шын
ықыласы бар мұғалімнің өзінің мамандық қызметіне де қызығушылығы арта
түсетінін көруге болады. Л.Н. Толстой мұғалім өз ісіне деген
сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол –
шын мәніндегі қазіргі заманның мұғалімі бола алмайтынын өсиет етіп айтқан.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі қарым-қатынаста
болуымен және рухани араласуымен сипатталатынында. Сондықтан мұғалімнің
жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы оның интеллектуалдық мүмкіндігі,
ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы педагогикалық процесті тиімді
ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Мұғалімдік қай кезеңде де өзінің маңызын жоғалтқан емес – қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық міндеттер ұдайы өзгеріп отырады, сонымен
байланысты жас ұрпақты қоғамға бейімдеудің жаңа талаптары туындайды,
әлбетте, бұл педагог мамандары кәсіби даярлау жүйесіндегі жаңа көзқарастар
жиынтығынан жан-жақты көрініс тапқан.
Жаңа ғасыр мұғалімдерін кәсіби даярлау талаптары да өзгеше болуы
заңды.
Білім берудің ұлттық үлгісіне көшу жағдайындағы қазіргі заманғы
мектеп, сөз жоқ, оқу-тәрбие әдісіне, психологиялық-педагогикалық тәсілдерге
жетіп, ұстаздық жұмыстың жаттанды, қасаң қалыбынан бойын аулақ ұстайтын,
оқу үдерімдерін нақты тәжірибе негізінде өздігінен құра алатын ойшыл -
мұғалімге, педагог-зерттеушіге аса мұқтаж. Бүгін де мектептер алдына
қойылар талаптар мұғалімдерді әзірлеу жүйесіндегі өзгерістерден анағұрлым
жылдам түрде өсуі ахуалы қалыптасып отыр. Біз өзіміз түзіп шыққан XXI
ғасыр мұғалімінің нобайы тұжырымдамасында осы мәселенің барлығын қамтуға
тырыстық. Ол кезінде республикалық педагогикалық басылымдар беттерінде
жарияланып, педагогикалық қауымдастықтар арасында жан-жақты талқыланды.
Көптеген тиімді ұсыныстар алдық.
Жасыратыны жоқ, міндетті орта білім беру кезінде ақпарат
көздерінің шамадан тыс көбеюімен байланысты мұғалім өзінің бірден бір
ақпарат қоймасы ретіндегі мәртебесін жоғалтып алды. Оның үстіне оқушы
мектеп қабырғасында меңгеруі тиіс ақпараттардың 80% басқа тараптардан
жинайтыны да дәлелденіп отыр. Нобайда бұл құбылыс мұғалімнің оқушыларды
оқытудың алуан түрлі әдістерін меңгеруі, яғни жай дәрісшіден ақпараттық
білім беру қызметін ұйымдастырушыға айналуы керектігі тұжырымдалған.
Кәсіби педагогикалық біліктілік кешенінің ішінде мұғалімге
қажеттісі – тұжырымдамада атап көрсетілгендей, педагогикалық
құбылыстарды, ахуал деректерді бірінші кезете қарастыру, олардың
арасындағы тәуелділікті, себеп-салдарлық байланыстарды айқындау және
осының негізінде педагогикалық ойлау икемділігіне қол жеткізу, жаттанды
үлгіден арылу дер едім. Сондай-ақ болашақ мұғалімдер оқушылардың мүлде жаңа
буынымен жұмыс істейтіндігі де ескеріледі. Ал, олар мектептегі оқу-тәрбие
ісінің әдісі мен мазмұны жаңартылуын, отандық педагогикалық білім беру
ісіне дәстүрлі емес, инновациялық тұрғыда келу тәсілдерін енгізуді талап
етеді.
Аталған тұжырымдаманы елімізде тұңғыш іс жүзіне асыратын бірден
бір әдістемелік орталық та осы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
болғалы отыр.
Бүгін де мұғалімдерді ескі жүйеде оқытып даярлаудың ешбір реті жоқ.
Жаңа инновациялық технологиялар іздестірілуде.
Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды,
балаларға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді.
Мұғалім қызметі - өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарам-қайшылығы
мол жан дүниесіне ене білуде. Педагогтың балалармен шынайы достық қарым-
қатынасын ешбір оқулықпен алмастыруға болмайды. Парасаттылық – ақыл-
оймен, ар-ұятпен, отанға берілгендік – соған адал қызмет етумен
тәрбиеленеді.
Мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру
шипагер ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның
алғашқы қылығының әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші баған ... деп айтады.
Осының бәрі – таза шындық.
Бүгінгі күнгі біздің мемлекетіміздегі педагогикалық қызметтің,
педагогикалық процестің (қызметтің барысы) ғылыми зерттеу пәнінің
негізгі проблемалары бар. Біз сол проблемаларды іріктеп алып шешкен
жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық процесс дұрыс жолға
қойылады. Олар:
1. мұғалімдік қызметтің, педагогикалық процестің ұйымдастыру барысы,
тәрбиенің заңдылықтарына сәйкес келуінде. Педагогикалық қызмет және
оның барысы, іс жүзіне асу жолдары заңдылыққа сәйкес болғанда ғана тәрбие
жұмысы дұрыс атқарылады. Ұстаздық қызмет, оның барысы деп отырғанымыз:
оқытудың, тәрбиенің, үйретудің мазмұны, түрлері, әдістері, солардың
өндіргіш күшке сәйкестігінде, өндірістік қарым-қатынасқы лайықты
болуында.
2. Мұғалімдік қызметтің, оның педагогикалық процесінің барысы тек тәрбие
заңдылықтарына ғана сүйеніп қоймай, педагогикаға байланысты ғылымдардың
заңдылықтарына да сүйенеді.
3. Мұғалімдік қызмет пен педагогикалық процестің нәтижелі болуы ұстаз бен
шәкірттің қарым-қатынасына байланысты. Сондықтан ұстаз үнемі
шәкіртінің іс-қимыл әрекетіне зер салып бақылап, керек кезінде шәкіртінің
әрекетіне түзеті енгізу қажет.
4. Мұғалімдік қызмет пен педагогикалық процесте диагностика керек.
Шәкіртінің іс-әрекетіне баға беріп, қай бағытта тәрбиеленіп жатыр, қай
бағытқа жөн сілтегеніміз жөн, дегендей оймен ұстаз шәкірттің мінез-
құлық, тәрбиесіне диагноз қояды, емдейді. Яғни тәрбие нәтижесі туралы
кері информация болғаны жөн.
5. Бүгінгі өмірдің өзгеруіне байланысты тәрбие, оқу, үйрену өзгеріп жатыр.
Сондықтан осы өмірше байланысты ұстаздық қызмет, педагогикалық процесс
экспериментті қажет етеді.
6. Ұстаздық қызмет пен педагогикалық процесте баланы субъект-объект ретінде
қараймыз. Сондықтан тәрбие нәтижесі бастапқы қойған бағыттан басқаша
болады. Бастапқы бағыт пен нәтиженің арасындағы бала тәрбиесіндегі
өзгерістер есепке аланып, келесі бағытқа жаңалықтар еніп тұруы қажет.
7. Педагогиканы екі бағыттан тұрады дедік: теория және тәжірибе. Сондықтан
теория тәжірибеден нәр алады. Ол мұғалімдік қызметтегі, педагогикалық
процестегі пайдаланып жүрген алдыңғы қатарлы тәжірибе, соны жинақтау,
қорытындылау және тарату.
Педагогиканың теориялық бағыттары: оның заңдылықтары, прициптері
т.б. іс жүзінде тексеріліп, шәкіртті тәрбиелеу, оқыту, үйрету арқылы сол
теория бағыттарының дұрысын көре аламыз. Ал оның дұрыстығы шәкірттің іс-
әрекет, білім, қимылы, еңбегі арқылы іске асады. Ұстаздың еңбегінің
нәтижесі шәкірттің берген жемісінен білінеді.
Соңғы 10 жылда мұғалімнің қызметіне, жеке басына қойылатын талаптар
артып келеді. Білім мен тәрбиенің ісінен гуманитарлық сипат алуы
педагогиканың қарым-қатынас стиліне әсер етуде. Болашақ мұғалімдерді
дайындауда олардың кәсіби дайындығы мен практикалық дайындығына үлкен көңіл
бөлінуде. Ең алдымен мұғалімнің жеке мәдениетінің жоғары болуы, оқушыны өз
еркімен білім алуға әрекет етуге итермелейтін басты фактордың бірі.
Мұғалімнің мәдениеті оның әдептік, еріктік, жігерлік қасиеттерімен тығыз
байланысты. Нақ осы әдептілікке, жауапкершілікке адамның іс-әрекеті
атқаруда іскерлігі жеке бастың адамгершілігі, сыпайылығы т.б. қасиеттері
көрінеді.
Мұғалім қоғам алдындағы өзінің орнын біле отырып қоғамның
мүшесі және маманы ретінді өз міндетін ағартушылық бағыттарда атқаруы
тиіс. Мұғалімнің мінезінің қалыптасу процессі мінез-құлқының,
сезімталдығының, сапасының дамуы. Әртүрлі іс-әрекеттерді атқаруда жүреді.

Мәдениет рухани, материалдық құндылықтар болып табылады.
Мәдениетті мұғалім рухани дүниесі бай, өнерден,ғылымнан, білімі терең,
адамгершілік қасиеттері жоғары тұлғаны айта аламыз. Мұғалім мәдениеті
қоғамдық, қызметтік, имандылық бағытындағы жұмыстарды атқару барысында
тәжірибелер жинақтап, мәдениеттілік құндылықтан хабар ала бастайды. Болашақ
мұғалімнің кәсіби мәдени қасиеттерінің қалыптасуы адамның жеке
ерекшелігіне, дайындығына, ізденушілік талабына байланысты. Білімді үнемі
толықтырып отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі жан-жақта игеру қазіргі
мұғалімге қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін білім дәржесі ғана
шешуші мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлділігі, жүйелілігі және
үнемі дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық қызметке жарамдылығы
білімінің молдылығында ғана емес, сол білімнің үздіксіз дамып отыратығында,
меңгеруге ыңғайлығы мен жағдайына бейімділігінде. Бұл үшін мүғалім ертеңгі
мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы
керек. Мүғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін.
Дегенмен, осывндай жағдайда ол мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана
көрсеткіші бола алады. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен,
әдіс-жағдайларымен байланыстары, ұштастыра білу шеберлігі шешуші
көрсеткіш болып табылады.
Өз бетінше ойлай білу, қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу
– қазіргі заман мұғаліміне тін кәсіби бейне. Ойлау процесінің әрдайым
педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталуы, білімдер комплексінің маңызды
болуы, мүғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен әрәкетіне өзіндік сипат береді.
Бүгінгі мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен бірге олардың
жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана-сезімін жоғары дәрежедегі рухани
байлықтарымен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген
қажеттілікті оятушы, олардың өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасауға
үйретуші әлеуметтік белсенділігі бар жеке адамды тәрбиелеуші. Сондықтан
мұғалім оқушылардан осы қасиеттерді көру үшін, еі алдымен, осындай жақсы
жақтарды өз бойында тәрбилеуі тиіс. Мұғалім ешбір қажымайтын, өз ісін
сүйетін, өзінің творчестволық деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық
иесі.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген,
шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін
маман. Педагогикалық шеберлік – идеялық-саяси бағыттың, жалпы мәдениеттің
мамандық білім, іскерлік дағдының, ұстаздық тәжірибенің жиынтығы. Мұғалім
еңбегінің нәтижелі болуы оның табиғи дарындылығында детін пікірлер де
бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болиасын
кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат.
Педагогикалық шеберлік – кейбіреулерге ғана табиғиттың таңдап берген сыйы
емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және
өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің
жиынтығы.
Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласына да өте
қажет, ал мұғалім үшін ол - ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы,
педагогикалық еңбекте шешуші орын алады. Себебі мұғалім еңбегінің
объектісі – жансыз дүние емес, құрал-жабдық өндірісі де емес, өте күрделі,
қарама-қайшылықты әрі нәзік тірі организм, жас ұрпақтық рухани дүниесі.
Мұғалімде педагогикалық қабілет пен бейімділіктің болуы – оның еңбегінің
нәтижелі болуының кепілі. Педагогикалық қабілет пен мінез-құлық қасиеттері
мектептегі кезден-ақ біртіндеп көріне бастайды да, педагогикалық
институттағы оқумен әрі қарай дамытып жетіледі.
Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі ғылыми пәндерді терең әрі жан-
жақта игеру қазіргі мұғалімге қойылатын басты және айқын талап. Бұл үшін
білім дәржесі ғана шешуші мәнге ие болмайды. Оған қоса білімнің дәлділігі,
жүйелілігі және үнемі дамып отыратындығы қажет. Адамның педагогикалық
қызметке жарамдылығы білімінің молдылығында ғана емес, сол білімнің
үздіксіз дамып отыратығында, меңгеруге ыңғайлығы мен жағдайына
бейімділігінде. Бұл үшін мүғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және
күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек. Мүғалімнің ғылыми білімдер
жүйесін меңгеруі жоғары болуы мүмкін. Дегенмен, осындай жағдайда ол
мұғалімнің кәсіптік дәрежесінің бір ғана көрсеткіші бола алады. Алған
білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс-жағдайларымен
байланыстары, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады.

1.2. Ұстаздық шеберлік мазмұны

Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін
шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әректтерге де, барлық мамандықтарға тән
қасиет.
А.С.Макаренко былай деген болатын: Тәрбиешінің шеберлігі ол бір
ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз
мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз
мамандығына үйрету-деп, атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері
мен қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі
негізгі мақсат – мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты
педагогикалық іс - әрекетті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра
білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады:бірінші жағы,
баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психалогиясын білу, екінші жағы,
оқытып – тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны
қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып
жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптеген
таныс,даңқты педагогиканың іс – тәжірибесін оқып үйрену арқылы
педагогикалық шеберліктерді танып – біліп, олардың іс – тәжірибелерін
жаңа жағдайда жаңа форма - әдістерменжандандыра отырып, өз ісімізде
басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана өзіміздің педагогикалық
шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский
атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі
“Ұстаздық дастан”, “Мұнара үстіндегі тулар” атты еңбектерінде айқын
суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс - әрекеттің шеберлері Макаренконың
педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы “Көкпенті” балалар
үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар
үйінің директоры – Архимед Мыңбаевтың іс - әрекеттері нағыз шеберліктің
үлгісі болады.
Қазір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов,
И.Е. Ильина, Ш.А.Амонашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б педагогтардың
іс - әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Бұлардың педагогикалық шеберліктерінің негізі балалардың өз
еркімен дамуына жол ашу, жергілікті мұғалімдердің пікірімен,
тәжірибелерімен санаса отырып, оқу құрал, бағдарламалардың балама
түрлерін жасау, сөйтіп білім – тәрбие берудің жаңа талаптарына сай
педагогикалық шеберліктерді дамытуға үлес қосу болллып табылады. Оқу
– тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс
атқарудың формаларын, әдістерін дамыту. Әрбір оқу пәндерінің
ерекшеліктеріне сай оқу – тәрбие әдістерін жетілдіру. Балаларға деген
қамқорлықты, сүйіспеншілікті арттыру. Жаңа жұмыс әдіс – тәсілдерін
жандандыра түсу – олардың педагогикалық шеберліктерінің сипаты.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз мұғалімнің оқу–тәрбие істерін
нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс - әрекетті жоғарғы
педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс -
әрекет мақсаты, іс - әрекет обьектісі, іс - әрекет субьектісі, іс -
әрекет құралы.
Аталған іс - әрекеттер құрылымдары бір – бірімен байланысты
комплексті жүзеге асырылып іс - әрекеттің компоненттері де болды.
Осы аталған іс - әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс
– ірекет мақсаты, обьектісі, субьектісі және іс - әрекет құралдарын
жеке-жеке алып қарайтын болсақ : іс - әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-
жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс
жүзеге асыруды қажет етеді. Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбббиелерін тұтас
бір-бірімен ұштастттыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбббиеленушілердің санасына
да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметттіне де бір мерзімддде
ықпал жасауға мүмкіндддік береді.
Жеке адамддды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік
қызметінің алуан түрлі : өндірістік, қоғамдық саяси, рухани
адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды
қарастырады.
Іс - әрекет обьектісі – адамдардың қалыптасуының обьективтік
негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар,
тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-
нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес
факторлар құрайды. Адам жанасқан нәрселерінің бәрі – адамдар,заттар,
табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының
барлығы оның санасы мен мінез- құлқына, оның рухани әлпетіне ізін
қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп,
адам қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Баланың тәрбиесіне педагогтық іс - әрекеттің обьективтік
жағдайлары, қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында
өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын айналадағы обьективті өмірмен байланысты
үйлестіре жүргізген жөн.
Іс - әрекет субьектісі – тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге
тәрбие жөнінен әсер етушілер : педагогтар, жанұя, педагогикалық
коллектив және жұртшылықтар болып табылады.
Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйымдастыратын
негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекеттері, оның
білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс - тәсілдері үлкен әсер
етеді. Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін
педагогтарды өзін-өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік
қасиеттері мол тәжірибелі шебер педагогтар дддеп айта аламыз.
Педагогикалық іс - әрекет құралдарына : оқу, еңбек, ойын, қарым-
қатынастар жатады.
Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды
тәрбие жұмысында басшылыққа алады.
Мысалы А.С.Макаренко өзінің іс - әрекетінде тәрбие құралы етіп
*еңбекті* қолданған. М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар
колония тәрбиеленушілерін тәрбиелеуде көп нәтижеге жетеді.
Қазақстанда Макаренконың тәжірииибесін басшылыққа алушы, өзінің
қиын балалармен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мыңбаев тәрбие жұмысының
құралы етіп еңбек процесін алды. Әр оқушының ерекккшелігін біле
отырып, еңбекке баулудың нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, *қиын*
оқушыларды дұрыс жолға сала білді. Еңбекке деген олардың
сүйіспеншілігін арттыра біледі.
Кейбір педагогтар іс - әрекет құралдары ретінде, бірлескен
коллективтік оқуды, басқа да бірлескен іс - әректтерді ұйымдастыруды
құрал етіп пайдалана білді. Мысалы, Москвалық мұғалім В.А.Караковский,
Ленинградтың мұғалімі В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы
етіп олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына байланысты жүргізілді.
Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап,
ұйымдастыратын педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық
шеберліктер жүйесіне жатады.
Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді : Педагогтық іс
- әрекетіндегі гуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік,
педагогтық іс - әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған
педагогтық шеберлік жүйелері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.
а\ Педагогтық іс - әрекеттегі гуманистік бағыттылық – тәрбиешілердің,
мұғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату
жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі –
педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-
адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының
болуын қажет етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын : *Егер мұғалім өзінің
балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс - әрекетпен
жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім.* Педагогтың іс - әрекетіндегі
гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:
1\ өзін шебер педагог ретінде танып білу
2\ педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы
3\ балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілік,
ынтымақтастық бейімділігінің болуы
4\ педагогикалық іс - әрекет мақсатының, гуманистік
стратегиясының, тактикасының болуы.
ә\ Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі-
кәсіптік білім. Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі – біріншіден, өзі
оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден, сол пәнді
оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім
мазмұны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже
принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім-теориялық, технологиялық, методикалық жағынан
тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми
білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
б) Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі-
педагогикалық іс - әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты бейімділік
дегеніміз өзі белгілі бір затқа, обьектіге, іс - әрекетке адамның
сезімдік талғамының арта түсуі соған деген құлшынысының арта түсуі
деп білеміз.
Сол педагогикалық іс - әрекетке бейімділікті танытатын
төмендегідей түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға
болады.
- Адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу,
адамдармен коммунативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету.
- Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағышт ық. Адамдарда болатын күрделі
сапалық қасиеттерді ажыратып, тани білу қабілеттілігі.\эмпотия,
педагогикалық интуиция\
- Жеке бас динамизмі – эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету
сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз
жеткізу.\жаңашыл педагогтар тәжірибесінен байқалады\
- Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара
білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шешім қабылдай білу.
- Оптимистік болжай білушілік алға үмітпен қарау, оқушыларды келешекке
үміт, сенімге бағдарлап тәрбиелеу.
в\ Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі – педагогикалық
техника. Педагогикалық техника дегеніміз – педагогтық іс – ірекетті
ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік – осы салада білудің екі түрін
құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі, екіншісі, педагогтық
міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша – педагог өз денесін, эмоциялық сезім
дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу.
Екіншісі бойынша – педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра
білу, өзара үйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен
педагогикалық шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете
отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
Педагогикалық шеберлік – жүйелі процесс. Педагогикалық іс -
әрекетте нәтижелі табысқа жеткізеді. Жұмысқа жаңа сапалық мазмұн
береді. Педагогтық кәсіптік позицияны қалыптастырады.
Педагогикалық шеберлік жүйелері педагогикалық бағыттылықты,
бейімділікті, білімділікті, іскерлікті білдіретін процесс.
Педагогикалық шеберлік өлшемі :
- Педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық.
- Тәрбие беру, білім беру ісінің нәтижелігі.
- Әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімдік.
- Іс - әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Жоғарыда көрсетілген әрбір шеберлік жүйелерінің өз дамуының
белгілі өлшемі, даму деңгейі болады.
Өз заманында А.С.Макаренко педагогикалық кәсіптік шеберлік
деңгейі қазірге дейін әлі жоғары дәрежеге жете қойған жоқ деген
болатын. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік
педагогикалық шеберлік деңгейі де дамуға тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері –
педагогикалық білім білгірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімдігі,
ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып
табылады.
Педагогикалық міндеттер педагогикалықшеберліктің ең түйінді
мәселесі, өйткені педагогикалық міндеттер, педагогикалық ситуацияны
ойлау, оны жаңа жағдайға келтіріп шешу. Мысалы, Сабақ басталды,
оқушылар сабаққа отырды.Одан кейін бір оқушы кешігіп келді,- Ол
ситуация; мұғалім үйге берген тапсырманы тексеріп еді, екі оқушы
тапсырманы орындамаған – ол ситуация( Сабақ үстінде оқушылар жазған
қағазын лақтырып отырды – ол ситуация.
Бұл ситуацияны бағдарлаған мұғалім өз алдына міндеттер қояды. Ол
балаларды саналы әрекетке тарту, сөйтіп қатынасты педагогикалық
мақсатқа жақындастыру.
Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық
оқу орындарында ең алдымен жекелеген мамандыққа байланысты пәндерді:
педагогиканы, психологияны, методиканы оқуға байланысты жүзеге
асырылады.
Эстетикалық сезім – педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті.
Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту,
жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту – оқу процесінде де ешбір
нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерлігін, оқушының
сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Мұны біз
эстетикалық сезім дейміз.
Мұндай эстетикалық сезім тудыру жолдары оның көзін жеткізу
процесімен байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болады.
Жағымды сезімдер түрлі психофизиологиялық жағдаймен байланысты. Олар
оймен, ерікпен, адамгершілікпен, біліммен, мәдениетпен, көзқараспен
байланысты.
Сезімді бірінші және екінші деп бөлуге болады. Бірінші сезім
биологиялық сезім – ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші
сезім – адамдарға тән сезімдер. Олар әлеуметтік өмір жағдайына
байланысты туып, қалыптасатын сезімдер. К.Маркс сезімді тұтас біріктіру
мәселесін былай деп көрсеткен: *Бір жағынан адам сезімін – адамдандыру,
екінші жағынан адам сезімін тудыру.*
Мұғалімнің шеберлігі – алдындағы оқушының даму деңгейін, оның
әрбір кезеңде өсуін бақылап отыру керек. Сол даму кезеңдерінде оқушыны
бағыттап, оның әрі өсу, даму жағдайларына бағыттап отырған жөн.
Оқушының дамуын сезім талғамын екі деңгейде тануға болады. Бірінші
кезеңінде неге бейім, оның сол бағыттағы әрекетін білу керек. Екінші
кезеңі – потенциалдық даму мүмкіндіктерін білу керек.
Тәрбиелеуде қоғамдық бағыттылық және адамға әсер ету, оны
“Қос ықпал” дәрежесінде қолданған уақытта өнімді нәтиже береді. Оның
моральдық, эстетикалық әсер ету сезім күшті болады. Осы бағытта
өндіріс пен мектептің байланысын жақсарту – оқу мен еңбекте тәрбие
жұмысын ұштастыра түсуде өте маңызды. Оқуды еңбекпен ұштастыруды
оны дұрыс үйлестіріп отыру оқушыларға қанағаттанарлық сезім, яғни
эстетикалық сезім туғызады.
Педагогикалық ықпал етіп, эстетикалық сезім тудыратын
құралдардың ішінде халық мұралары, ұлттық салт-сана, ұлттық мәдениет,
өлең, жыр, сурет, өрнек-ою өнерлері т. б оқушыларға эстетикалық сезім
тудырудың негізгі көздері болып табылады.
Ұстаздық өнерге: а) мұғалімнің шеберлігі жатады. Бұл – ұстаздың
өнерді меңгеру жолы. Шебер - өз ісін жетік меңгерген, өз қызметінде
өнерлі адам. Мұғалімдік шеберлік те осығын жатады. б) ұстаздық техника
(ұстаздық білімділік) – ұстаздың іс-қимылы арқылы ұстаздық шеберлікті
меңгеру құралдары.
Шеберлікке қол жеткізуге болады. Ол үшін адамның ұстаздыққа бейім
болуы керек. Бейімділік ұстаздың қызметке, шәкірттерімен жұмыс істеуге
айқын бейнеленген ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Ең бірінші ұстаздық шеберліктің мазмұнын, шеберліктің жолын
қарастырған жөн. Әр мамандықтың шеберлері болады. Шебер болу үшін өз ісін
жақсы менгеріп, ары қарай шыңдай білуі керек. Ұстаздық шеберлікке келетін
болсақ, пәнді жақсы меңгкріп, істің мәнін біліп, балалармен тіл табысып,
оқу-тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.
Ұстаз өз қызметінде үш қырынан көрінеді:
1. Ұйымдастыра білу.
2. Қарым-қатынас жасай білу.
3. Қарым-қатынас жасай отырып ықпал ету, баланың іс-әрекетіне керегінше
қуат беру немесе тежеу.
Әр мүғалімің өзінің атқаратын іс-шарасының мақсаты болады.
Мақсатсыз еш жұмыс жүрмейді. Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның
сценариясын жасап, әр қатысушыға ролдерін бөліп ойнап шығуы керек. Ол үшін
әр шәкірт қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл- кеңес беріп, тапсырманы
орындауына қатыстыруы тиіс. Балалармен атқаратын іс-шараның мазмұнында ойын
аралас болғаны жөн. Балалар ойынды қалайды. Бұл жағдайда балардың көңіл –
күйін де ескергеніміз жөн. Сондықтан әрбір іс-шараның (сабақтың ) басында
балалардың қатысқаны дұрыс. Әсіресе бұл сабақтан, мектептен тыс іс-
шараларға қажет. Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты роль беріп,
өзі де солардың ортасынан орын алып қызмет ету. Мысалы, сенбілікте, еңбек
етуде т.б. жағдайда ұстаз қолын қалтасына саылп тұрмауы керек. Ұстаз ең
соңында істелген іс-шараларға талдау жасап, жетістіктері мен кемшіліктерін
іштей сараптайды, болашақ іс-шараны қалай жасау керек екеніне болжам жасап,
өзінше қорытындылайды.
Мұғалімдік шеберліктің екінші қыры – ол қарым-қатынас жасай білу .
Ол туралы қысқаша айтып өтейік. Сонымен балалардың іс-әрекеті, қатынасы –
тәрбиенің негізгі тетігі. Балалар өзара немесе ересектермен қатынас арқылы
білім, тәрбие, өнеге, үлгі алады. Сондықтан да қатынас сауатты, маңызды,
мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны жөн. Қатынастағы ең бастысы – оның
мазмұндылығында.

Ұстаздық қатынасты екіге бөлуге болады :

а) іс-әрекеттегі қатынас (сабақ, іс-шара, жиналыс т.б.)
б) жай кездегі қатынас . Қазіргі кезеңдегі ең керегі жай кездегі
(сабақтан, іс-шарадан тыс уақыттағы) қатынас. Шәкірттер еркін қатынасты
жақсы көреді. Жалпы еркін қатынаста баланы барлық қырынан көруге болады.
Еркін қатынаста да ұатаздың алдында мақсат тұрады.
Ұстаздық қатынастардың элементтері барын есте ұстайық :
- Қатынастың мақсаты мен мазмұны ;
- Шәкірттерге сүйкімді болып, олардың сеніміне кіру ;
- Ақ жарқын, ашық мінез танытып, ыстық –суығына күйіну;
- Шәкірттердің рухани байлығына атсалысу;
- Шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдепті сақтай тұрып баланы дұрыс
жолға бағыттау;
- Ұстазда тіл байлығы болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл
(жолықтырмайтын), нақты дәлелді сөйлеу;
- Пікір-сайыс кезінде әдепті сақтай отырып, шындықтың бетін ашып, әділ
баға беру, бұрмаламау;
- Мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б.
Ұстаздық шеберліктің үшінші қыры – шәкіртпен қатынастың, қарым-
қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады.
Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады. Сонымен қатар
ұстаз баланың іс-әрекетіне саналы түрде ұстаздық әдіс-тәсілдерді, тәрбиенің
түрлерін қолдана отырып, бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден
шықпайтын әрекеттерін тежейтін кезеңдері болады. Осы жерде мұғалім
шеберлігі өте қажет. Себебі жалпы қатынас бір бөлек те, ықпал ету, қуаттау,
тежеу әр шәкіртпен жұмыс істеу бір бөлек. Көп жағдайда ұстаз бен шәкірт
арасындағы сызат та пайда болады.
Ұстаздың шәкіртке ықпал етуінің үш жолы бар : дәлелдеп сендіру,
шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу.
Үш ықпал түрін іске асыру ұстазға оңай емес. Ол үшін ұстаз нағыз
шебер болуы керек. Бір жерден ұстаз осалдық танытса, ұстздың ықпал
болмайды. Ықпал болмаса тәрбие болмайды.
Сондықтан шебер ұстаз әдіс-тәсілдердің мыңдаған түрін пайдалана
отырып, балаға ықпал жасауға тырысуы керек. Біз соның үшеу-төртеуін ғана
айтып өтейік. :
а) Ұстаздық өсиет. Шәкірттің санасына қонатындай, нанымды, тартымды
өсиет. Жаман жолдан, жаман ойдан қайту үшін шәкіртке дәлел керек. Көк
сөзді, көп сөзді өсиет түкке тұрмайды. Ол үшін баланың санасына, сезімін,
арын, намысын т.б. нәзік жерлерін тауып оятып өзіне қарату керек. Сонда
ғана ұстаздық өсиет орныдалады.
б) Ұстаздық ақыл-кеңес.
в) Ұстаздық үйрету.
г) Ұстаздық өзіне тарту.
Сонымен мұғалім әдепті, дарынды, өнерлі, шебер болуға тиіс. Мұғалім
осының бәрін жүз процентке орындайды десек жаңылысамыз. Әсіресе дарынды
ұстаз жоқтың қасы, өнерлі шебер ұстаздар баршылық, ал әдепті болу әрбір
ұстаздың міндеті. Ұстаздық қабілеттің бірі - әдептіліктен басталады. Әрине
бұл жерде ұстаздық құралға (техникаға) да тоқталған жөн. Ол ұстаздық
қызметті атқарудағы іс-әрекеті, сөзі, киген кимімі, жүрген жүрісі, сөйлеген
сөзі, бет әлпеті т.б.
Педагогтың еңбегі баланы тұлға ретнде қалыптастыру. Бұл еңбек
мұғалімдерінен шеберлікті талап етеді. Орыстың көрнекті педагогы
В.А.Сухомлинский Нағыз адамды қалай тәрбиелеу керек кітабында былай дейді
: - мұғалімнің еңбегі ешнәрсемен салыстыруға келмейді.
Адоль Дистерберг мұғалімге қойылатын негізгі екі талапты атап
көрсетті.
1. мамандыққа деген сүйіспеншілік.
2. балаға деген сүйіспеншілік.
Осы екі қасиет мұғалімге өз еңбегінің шебері болуға, педагогикалық
шеберлікті қалыптастыруға көмектеседі.
Педагогикалық шеберлікті меңгеру үшін мұғалім әр уақытта іздену үстінде
болуы қажет.
Бедел мінез арқылы жинақталады. Мінез- адамның негізгі өмірлік
беталысын және оның өзіндік әрекетінің артықшылығын сипаттайтын қасиеттер
жиынтығы. Темпераментпен байланысты ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отыратын
қасиетті генотип деп атаса, мінезбен байланысты қасиетті фенотип деп
атайды.
Беделдің орысшасы авторитет латынның аутотас деген сөзінен алынған.
Оның қазақшасы ықпал, бедел, билік. Осы ұстаздар мен шәкірттердің тәрбие
процесіне бедел, абырой арқылы ықпал етуі жайында сөз болмақ. Бедел –
біреудің, не қоғамдық ұйымның ықпалын жұртшылықтың, қалың бұхараның
қабылдауын көрсететін этикалық түсінік. Қоғамды, ұйымдарды не адамдарды
белгілі – бір беделсіз ұйымдастыруға болмайды.
Ұстаздың беделі тырнақтап жинақталады. Күнделікті іс-әрекет, мінез-құлқы,
сабақ беру барысында, мектептен тыс кезінде т.б. ұстаздың іс-қимылы
шәкірттердің ата-ана, жұртшылық бақылауында болады. Сондықтан ұстаз әр
уақытта өзін жауапты сезініп, ағынан жарылып, шындықты жүрегінен шығарып
дәріс беруге, таза жүруге тиісті. Бала ұстазға деген сенімді күні бұрын
ойластырып, ұстазға үміт артады. Ұстаз сол үмітті ақтауға тиісті. Егер
ұстаз сол үмітті ақтай алмаса, ұстаздың тырнақтап жинаған беделі қас-
қағымда жоғалады. Беделсіз, абыройсыз ұстаз – ұстаз болып жарытпайды. Ондай
ұстаз балаға да, ата-анаға да, қоғамға да зиянды.
Ұстаздың беделі көптеген іс-әрекетті мінез-құлық, білімділіктен,
қасиеттерден жинақталады. Олар :
а) Адамгершілік, қайырымдылық, рақымдылық т.б. қасиеттер ұстаздың бойында
болуы керек. Мұның бәрін көрер көзге емес, адамгершілікті, қайырымдылықты,
рақымдылықты балалар тез сезіп қояды.
б) Рухани байлық, азаматтық сенім, ашық-жарқын мінез. Осындай мінезді
ұстаз балалармен көкейкесіті мәселелерді талқылап, шәкірттерінің дұрыс
көзқарасын қалыптастырады. Шәкірттер ондай ұстазбен сырлас болады.
в) Ұстаз интеллект (латынша, қазақшасы адамның ойлау қабілеті) дамыған,
білімді, көп нәрседен хабары бар, бүгінгі ақпарат құралдары арқылы жетіп
жатқан жаңалықтарды талдай біліп, өз ойын, өз көзқарасын шәкірттерге
жеткізе білетін маман болуы қажет.
Ұстаздың беделінің артуы, ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасының дамуының
негізгі құралы – ұстаздың балаға қатал болмай, шыдамды болып, шәкірттің
көңілін баспай, үзілді-кесілді тыю салмай, барлық нәрсені ақылымен шешу,
шәкіртпен кеңесіп ойлауға байланысты.
Ұстаздың балаға тартымды, жағымды мінезі педагогикалық пргоцесті
ұйымдастырудың ұтымды жолы. Ол үшін ұстазға эрудиция (латыншасы, қазақшасы
оқымысты, өз мамандығын жан-жақты білетін адам) интеллект керек. Оқымысты,
ойлау қабілеті күшті ұстаз әр уақытта беделді болады. Ондай ұстаз баланың
жетістігіне қуанып, кемшілігіне күйініп, шәкіртін дұрыс жолға қоюға
ұмтылады.
Сонымен ұстаздың беделі, абыройы шәкіртен бірнеше қырынан көрінеді :
- ұйымдастырушы;
- кеңесші;
- бақылаушы;
- ақылшы;
- сырлас;
- демократ;
- талап ете білетін аға буын;
- басшы;
- қолдаушы;
- демеуші т.б.
Ұстаз бедел, абырой ұшін әр минут сайын атсалысып, тер төгуі
тиісті. Ұстаз бен шәкірттің өзінің ара қашықтығы бар, соны сақтай білу
қажет. Ұстаз бен шәкірттің арасында ағайынгершілік те, суыққандылық та
жараспайды. Ол үшін ұстаз өзінің шәкіртпен қарым-қатынасын талдап, баға
беріп, отыруы тиісті.
Ұстаздың беделі, абыройы ұстаздар ұжымының беделі мен абыройына
байланысты. Беделді, абыройлы ұжымда жеке ұстаз да абырой, беделін
қалыптастыруға мүмкіндік алады. Жалғыз ағаш орман болмайды, дегендей
жалғыз беделді, абыройлы ұстаз бүкіл ұжымның қызметін атқара алмайды.
Осындай беделді ұстаздардан тұратын беделді ұстаздар ұжымы беделді
шәкірттер ұжымын қалыптастырады. Мұндай ұжымды әрбір шәкірт бар
мүмкіншілігінше дамып, мерейі өсіп, жақсы білім алып, тамаша азамат болып
өсуіне мүмкіндік алады. Әрине ол үшін ұстаздар мен шәкірттердің
бірауыздылығы, пікірлестігі, жақсы сыйластығы, қарым-қатынасы керек.
Ұжымның беделі, абыройы тек жеке ұстаз немесе ұстаздардың
беделімен, абыройымен шектеліп қалмайды. Ол әрбір шәкірттің, шәкірттер
ұжымының беделі мен абыройы да байланысты. Ұстаздар беделдің не екенін,
қалай жинақтау керек екенін білсе, шәкірттер оны біле бермеуі мүмкін.
Шәкірттерді беделге, абыройға не ету үшін ұстаздарға көп еңбек ету керек.
Шәкірттерді беделді, абыройлы ету үшін олардың ұжымын дұрыс
қалыптастыра білуіміз керек. Ол туралы қысқаша айта кетейік :
а) Ұжым белсенділерін дұрыс таба білу, соларды беделге не еткізу.
б) Ұжымның үш кезеңін, мақсаттарын, паралельді (қос ықпал) ықпалды
айқындап іске асыру.
в) Ұжымды өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беру.
г) Әрбір ұжым мүшесі ұжымда еркін сезініп, бірақ ұжым алдындағы
жауапкершілігін ұмытпау.
Сонымен әрбір ұстаздың,шәкірттің беделінен ұжымның беделі
сомдалады. Әрбір ұстаз, сынып жетекшісі , ұжым басшысы, оқушы белінің иесі.
Олардың өзара қарым-қатынасы денедегі қантамырының қатынасындай нәрсе.
Ұжымның дұрыс өмір сүруіне, тәрбие (оқу, үйрену) процесін жақсы ұйымдастыру
үшін әрбір тұлға беделді болуы керек. Беделді тәрбие құралы ретінде
пайдалана білу қажет.

4. Бастауыш сынып мұғалімінің шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
Мектепте технология пәнін оқыту
Оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырудағы мұғалімнің ролі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі
Педагогикалық қарым-қатынас стилдеріне сипаттама
Теориялық сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыру формалары мен әдістері
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Бастауыш сынып жастағы оқушыларды оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелері
Пәндер