Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1 Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ...8
1.3 Сорттары

... ... ... ... ... ... ... ..10
1.4 Картоптың сақталу объектісі ретіндегі ерекшеліктер
... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Ауыспалы егістегі орны

... .16
2.2 Тыңайтқыш енгізу жүйесін қолдану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 Топырақ өңдеу жүйесі

... ... 20
2.4 Картопты себу, отырғызу мерзімі, әдісі, мөлшері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5 Дақылды күтіп баптау

... ... 25
2.6 Картоп ауруларымен күресу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.7 Картопты жинау

... ... ... ... .27
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Жабайы картоп осыдан 13 мың жыл бұрын Оңтүстік Американың Чилий
жағалауында өскен деген мағлұмат бар, яғни жер шарындағы ауыл
шаруашылығының дамуынан бұрын өскен.
7 мың жыл бұрын картопты Анд тауының маңында мекен еткен оңтүстік
американдық халықтар еккен.
Оңтүстік Америкадан картопты осыдан 400 жыл бұрын Испанияға алып
келген. Ал Ресейге ұлы Петрдің басшылық еткен жылдары алып келінген және
одан әрі дамыған. Ал Америкаға картоп Еуропадан әкелінген.
Әлемде әр жыл сайын 100 млрд АҚШ доллар есебінен картоп егіледі. Өте
дәмді әрі қайталанбас тағамдық азық ретіндегі картоптың құрамында: көмірсу,
протеин, дәрумен, минералды тұздар болады. Оның түйнегінде жұмыртқаның
ақуызының құнарындай болатын 15-тен 30 %-ға дейінгі құрғақ заттар болады.
Адам ағзасына крахмалмен бірге түсетін көмірсулар энергия көзі болып
табылады. Картоп протеины алмастырылмайтын амин қышқылымен қамтамасыз
етеді.
Жаңа қазылып алынған картоп түйнегінде көптеген дәрумендер кездеседі.
Картоптың 200-300 граммын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік
нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде
қолданады. Жүзім, қызыл алша, алманың кейбір сорттарының құрамында болатын
С дәрумені картоптың құрамында әлде қайда көп кездеседі. С дәруменінен
басқа адам ағзасына өніммен бірге В, А, РР және К дәрумені түседі. В
дәрумені жүйке жүйесі және қан айналым ауруларының алдын алады; ал А, РР,
жэне К дәрумендері ағзаның дұрыс дамуына өз септігін тигізеді.
Әсіресе құрамында лимон, аскорбин және барлық алмастырылмайтын амин
қышқылдары бар картой шырыны өте құнды болып табылады.
Сонымен қатар картоп түйнегіндегі минералды тұздар бізді бірқатар
құнды элементтермен: кальциімен, темірмен, йодпен, күкіртпен қамтамасыз
етеді.
Бұл тұздар өз кезегінде адам ағзасын созылмалы асқазан ауруларынан,
қан аздықтан, гастриттен қорғайды.
Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді,
нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді.
Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде
қолданылады. Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он
жылда және әртүрлі картоп шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар
Ресейде картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады.
Картоптың халық шаруашылық маңызы зор. Ол адамға тамақ, малға азық ретінде
қолданылады. Отанымыз картоп егісінің көлемі және картопты қай аймақта
болмасын өсіруге мүмкіндік береді, соған қарамастан қндірілетін картоптың
мөлшері республика халқының қажетін толық өтей алмауы мүмкін.

Картоп маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының қатарына жатады. Ол азық-
түліктік, техникалық және мал азықтық мақсатта еліміздің барлық
аймақтарында кеңінен өндіріледі. Картоп түйнегінде 75-80 % су және 20-25 %
құрғақ заттар: оның ішінде 17-20 % крахмал, 1,5-2 - шикі протеин, 1 -
жасунық, 0,2-0,3 - май, 1 % жуық күлді заттар және де ағзаға жеңіл сіңімді
кальций, темір, фосфор, күкірт тұздары мен дәрумендер бар. Негізінде
картоп С және В дәрумендер тобының (В1 В2 және В6 көзі. Онда каротиноидтар
мен РР және К дәрумендері де болады. Дәрумендер әсіресе жас түйнектерде
көп.
Картоп өте құнды тағамдық азық және оның екінші нан аталуы да орынды.
Картоптың техникалық дақыл ретінде де маңызы зор. Ол крахмал-сірне,
декстрин, глюкоза, спирт және басқа да өндіріс салаларына шикізат болып
саналады.
Картоп ― малдарға жақсы жем. Органикалық заттарының қорытылуы (83 - 97
%) бойынша ол малазықтық тамыржемістер сияқты, өсімдік азықтарының ішінде
бірінші орында.
Картоп өсімдігінде улы зат - соланин болады. Қайнатқанда соланин
бұзылатындықтан, малға жем ретінде оны қайнатып, немесе буда ұстап барып
береді. Малға картоп түйнегі шикі, буда ұсталған күйде азық болса, жемге
өсімдіктің сүрленген пәлектері де пайдаланылады.
Малға сондай-ақ спирт өндірісінің қалдығы - төп пен үгінділер де жақсы
жем.
Аталған жемдердің қоректілігі келесідей көрсеткіштермен (100 кг
азықтағы малазықтық өлшем) сипатталады: шикі түйнектер 29,5, көк
пәлектерінің сүрлемі - 8,5, жаңа төп - 4, кептірілген төп - 52, жаңа үгінді
- 13,2, кепкен үгінді 95,5 малазықтық бірлікке тең.
Картоп отамалы дақыл болғандықтан, оның агротехникалық және
агроэкономикалық рөлі ерекше.
Ол өзінен кейін танаптарды таза қалдырып егіншілік мәдениетінің жалпы
деңгейін көтереді және жаздық дақылдардың, ап ерте пісетін сорттары -
күздіктердің жақсы алғы дақылы болып есептелінеді.
Картоптың жоғары өнімділігі, экологиялық бейімделгіштігі, түрлі пісу
мерзімдеріндегі сорттарының болуы, оның қамсыздандыру дақылы ретіндс
маңызын арттырады.
Картоптың орташа өнімі гектарына 110-120 ц төңірегінде.
Картоп алқа тұқымдастарға жататындықтан саба,ы шөп сияқты, тамыры
шашақты және жер астында да сабағы болады. Жер асты өркендерінен жуандап
келе түсі мен пішіні әр түрлі түйнектер пайда болады. Олардың кеш пісетін
рете пісетін орташа мерзімде пісетін сорттары вегетациялық кезеңдерін
қзақтығына байланысты болады. Картоп түйнегінде 75% дейін су, 2% белок, 1,5-
2% қант, 25%крохмал және басқа да заттар бар. Түйнектері жарыққа ұзақ
сақтаса, олардан соланин деген улы зат пайда болады. Картопты әдетте
вегетативтік жолмен, түйнектері арқылы өсіреді.
Сурет 1.
Картоп өсімдігінің жалпы түрі
1.2 Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктер
Картоп (Solarium tuberosum L.) - Алқалар тұқымдасына (Solanaceae)
жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қоңыр салқын климатта оны біржылдық
дақыл ретінде егеді және тек қана түйнегімен көбейтеді. Картой бұтасының
биіктігі 80-100 см, 2-6 жеке сабақтардан тұрады.
Сабағы – үш немесе төртқырлы, туктенген, жасыл түсті. Сортына
байланысты сабағы тік тұратын немесе жатып қалатын болып келеді. Сабақтың
жерасты бөлігіндегі өркендері - сталондарының аяғы жуанданып түйнектер
түзеді.
Түйнектері - түрлі формалы (домалақ, ұзынша, сопақ және басқа) және
түсті (ақ, қызыл, күлгін және басқа реңді) болып келеді. Түйнек сырты кеуіп
кетуден және аурулардан қорғайтын жұқа қабықпен қапталған. Картоп
түйнектері шашақтану кезеңі мен гүлдеудің басында түзіледі. Түйнекте
көзшелер орналасқан. Олар қойнында бүршігі орналасқан жетілмеген
жапырақтар. Көзшелердің көбі түйнектердің үстіңгі бөлігінде болады.
Түйнектер өскіндерінің өніп шығуы жоғарғы бүршіктерден (төменгілері
өспеуіде мүмкін) басталады.
Картоптың тамыр жүйесі - негізгі массасы жырту қабатында болатын әлсіз,
жіңішке тамырлардан тұратын шашақты.
Жапырағы – көбіне түкті, үзікті - дара қауырсынды, иректеліп
орналасқан. Жапырақ бөліктерінің размері, формасы және орналасуы -
сорттарына тән белгі.
Гүлшоғыры - гүл тұғырында орналасқан 2-3, кейде 4 бүйра гүлдсн тұрады.
Гүлі - бес толық бірікпеген желегі бар, біріккен жапырақты тостағанша. Гүл
желектері - ақ, көк, қызыл-көкшіл. Гүлдердің түсі де жапырақтардың формасы
сияқты сорттарға тән белгі.
Жемісі - шырынды, екіұялы, көпдәнді жидек. Кәдімгі жағдайда өсіргенде
жемісі піспейді, тіпті шанақтардың жиі түсіп қалуы байқалады.
Картоп - қоңыр салқын климат өсімдігі. Оның толық жтеілуіне қажетті
жылу мөлшері сортқа байланысты.
Ерте пісетін сорттарының вегстациялық кезеңі 70-90 күн, осы кездері
оларга 1000 - 12000С жуық белсенді температура қажет болса, кейін пісетін
сорттары 150-180 күнде вегетациясын аяқтайды, оларға 30000С дейін
температура керек. Картопқа жетілуінің алғашқы кезеңіндс жылу өте қажет.
Түйнектер 4-50С өне бастайды, ал 100С олардың өсуі қарқынды.
Картоп өскіндері сәл ғана үсіктің өзін көтере алмайды, оның кеш
егілетін өсімдік болатыны да сондықтан. Түйнектеу кезеңіндегі қолайлы
температура 17-200С. Картоп көбіне жеңіл, бос, жақсы өңделген топырақтарда
және де көлтабан мен жайылмалы жерлерде жақсы өседі. Оған ауыр сазды, ыза,
жеңіл ағып жайылып кететін учаскелср жарамсыз болса, тұзданған топырақтарда
нашар өседі. Жеңіл құмдауыт топырақтарды міндетті түрде органикалық
тыңайтқыштармен қамтамасыз ету керек. Өндірісте жоғары өнімді сорттарды
пайдалану - өнімді көбейтудің өте қарапайым және жеңіл тәсілі.
Жылуға талабы.
Картоп салқын ауа райына бейімделегн өсімдік, ыстық пен ұзаққа
созылған құрғақшылықты көтермейді. Түйнек саулыңына ең қолайлы температура
15-17С ал жай ғана 22-25С жылулықта өте майда не азғандаған түйнектер
береді. 30С жоғары температурада түйнек салмайды. Картоп түйнектеріә 3-5С
жылулықта өне бастайды, бірақ бір қалыпты өнуіне 7-8С қолайлы болып
табылады. Картоп көгі суыққа өте шыдамсыз -1С суықта үсіп кетеді.
өсімдіктің толық өсіп дамуы үшін 1400-2000С температура қажет.
Ылғалға талабы.
Картоп дақылы топырақ ылғалдылығы талғампаз болып келеді. Топырақтың
далалық ылғал сиымдылығы 70-80% болғанда өнімнің түзілуіне қолайлы жағдай
жасалады. Транспирация коэфиценті 330-700 бірлік. 1 кг түйін алу үшін 150
литр су қажет.
Топыраққа және қоректік заттарға талабы.
Картоптың жақөсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда,
әсіресе тығыз топырақта оның жжер астындағы сабақтары бұтақтап кетеді,
түйнекті кеш байлайды, баяу өседі және кешігіп піседі. Оның ойдағыдай өсіп
дамуы үшін ауа еркін өтіп тұратын кеуекті топрақ қажет. Сондықтан картоп
қара, қызыл- қоңыр топырақтарда жақсы өседі. Оған жақсы тыңайтылғын құмдақ
және саздақ топырақтарда жарайды. Топырақтың қолайлы тығыздығы бір текше см
1,0 – 1,2 гр болуы қажет, ал бұл көрсеткіш 1,4-1,5 грсм 3болса онда картоп
түйнегі қысылып жөнді өспейді. Картоп дақылы РН – 4,5-5 топырақты ұнатады.
Картоптың коректік заттарға қоятын талабы үлкен. Бұл дақыл 1 тонна өнім
және сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5кг азот, 2кг фосфор және 9кг
калий элементтерін пайдаланады. Ал органикалық және минералдық
тыңайтқыштарды топырақ құрамына енгізу Картоп және овощ шаруашылығы
институтының деректері бойынша толық тыңайтқыш енгізгенде картоптан
негұрлым мол өнім алынады. Органикалық тыңайтқыштарға жататындар: көң, көң
суы, құс саңғырығы, күл. Бұл тыңайтқыштардың қасиеті топырақтың құнарлығын
арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жапырақтың физикалық сапасын
жақсартады.
1.3 Сорттары
Картоп сорттары шаруашылықтық пайдалануына қарай - тағамдық
(асханалық), техникалық, малазықтық және әмбебап (түрлі мақсатта) болып
ажыратылады.
Асханалық картопқа - пісуі әртүрлі, тағамдық және дәмдік сапасы жақсы,
түйнектерінің еті қараймайтын сорттар жатады.Олар жақсы бұзылмай пісетін,
формасы дұрыс және бүршіктері (көзі) терең емес болуы керек.
Қазақстанда асханалық картоптың 40-тан аса сорты аудандастырылған.
Олардың кең таралған сорттарына Приекульский ранний, Кокчетавский ранний,
Гатчинский, Лорх, Весна, Невский, Полет, Шортандинский жатса, жаңадан
аудандастырылғандары - Ақкөл, Ақсор, Ақжар, Жанайсан, Нэрли, Тамаша, Тамыр,
Теңіз, Тоқтар, Үлан, Орбита және Граиола.
Техникалық (зауыттық) картопқа - көбіне кеш пісетін, техникалық өндеуге
пайдалануға крахмалы көп сорттар жатады. Keн қолданылатындары - Лощицкий
жөне Вера сорттары.
Малазықтық картоп сорттары жоғары өнімімен, түйнектеріндегі ақуызы (3-4
%) мен құрғақ заттарының (25 % кем емес) көптігімен ерекшеленеді. Оларға -
Вита, Лаймдота, Новинка, Шпекуле сорттары жатады.
Картоптың әмбебап сорттардың өнімі жоғары, дәмі жақсы, түйнегінің еті
қараймайды, ақуыз бен крахмалы көп және сақталу қасиеті жақсы. Әмбебап
сорттар - көбіне орташа және орташа кеш пісетіндер; тағамдық, техникалық
және малазықтық мақсаттарға қолданыла береді.
Көп таралғандарына - Берлихинген. Лора, Темп, Сотка, Люберецкий,
Уфимец, Истринский жэне тағы басқа да сорттар жатады.
Белгілі бір экономикалық аудандарға сортгар таңдағанда әp шаруашылыққа
бірден пicy мерзімі түрліше болатын 2-3 сорттар егу керек. Бұл техника мен
жұмыс қолын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, көң топыраққа
енгізілсе мұндағы көректік саттар қорын молайтумен бірге топырақтағы
микробиологиялық процестерді жеделдетеді.

Картоп азық-түлік, мал азығы және техникалық дақыл ретінде кең
қолданылады. Оның халықшаруашылығындағы орны екінші нан деген сөзбен дәл
сипатталған. Ол жоғары сақталу кабілетімен ерекшеленеді.
Жыл сайын елде ондаған миллион тонна картоп әр түрлі мақсаттар үшін
сақталады. Сақтау тәсілдерінің толық жетілдіруі және шығындардың қысқаруы
елімізге орасан зор экономикалық пайда әкеледі.
Сондықтан қазіргі уақытта картоп сақтау технологияларын толық жетілдіру
м.ен оны өндіру,сақтаудың және сатудың барлық сатысын толық механикаландыру
бағытында қарқынды зерттеулер жүргізілуде.
Картопты сақтаудың мерзімі және шығындарының мөлшерін ең басты
анықтаушы жиін – терін аяқталғаннан кейінгі кезеңдегі терең тыныштық
(физиологиялық) жағдайындағы оның түйнектерінің биологиялық қасиеті болып
табылады. Оның ұзақтығы 1-3 айға созылады әрі сортына өсуі мен сақталу
жағдайларына тәуелді болады.
Тыныштық жағдайының механизмі күрделі және клетка құрылысының өзгеруі
мен зат алмасуға тікелей байланысты. Тыныш жағдайдағы түйнектердің өсу шегі
тікелей торларында протоплазмалардың әлсізденуі байқалған. Ол құбылыс
кұрылымдағы және оның сыртқы қабаты құрамындағы күрделі өзгерулермен
жалғасқан. Өсудің белгісі болып табылатын клеткаларды бір-бірлерімен бүтін
бір денедей байланыстырып құратын плазмодесмдер жоғалады.
Протоплазмалардың үстіңгі қабаты гидрофобты заттардың липоидтарымен
толады. Сондықтан клеткаға заттардың өтуі, одан судың бөлінуі қиынға
айналады ткандардың электрлік кедергісі біршама артады.
Өзгерулер клеткалардың басқа құрылымдарында да, соның ішінде өте
қажетті ядро мен митохондрия да да болады. Нәтижесінде өмір сүру процесінің
тиімділігі төмендейді. Мысалы, түйнектерден тыныштық күй-жағдайында
көмірқышқыл газ бөлісі 40 температурада сортына байланысты сағатына орташа
3-6 мгкг-ні құрайды.
Тыныштық кезсң аяқталғаннан соң (түйнектердің өсуінің бас кезі) дем алу
мөлшері 3-5 есе артады.
Бірақ дифференцациямен және өсу шегі нүктелерінің дамуымен
байланысты : баяулаған процестср, яғни оларды келесі даму кезеңі
маусымына дайындау тыныштық жағдайында жүреді. Нақ осы процестер
тыныштықтық жағдайының негізгі мәнін сорттарды биологиялық
ерекшеліктерімен программаланғанымен өрнектеледі. Тыныштық
механизмінде маңызды роль ұстау арақатынасы
түйнектердің
физиологиялық күй - бүршіктердегі жағдайымен анықталатын активаторлар
мен өсу мен ингибиторларына беріледі.
Активаторлардың маңызы өсу кезеңінде, ингибиторлардың маңызы тыныштық
кезеңінде басым болады. Бұл арақатынас ткандардағы тотықтыратын - қалпына
келтіргіш процестермен байланысты,өйткені олардың көлемі мен мазмұнына
байланысты не активтаторлар, немесе өсу шеті ингибиторлары (немесе олар
белсенді жағдайға ауысады.) жиналылып отырады.
Түйнектерді тыныштық күйден шығаратын, немесе оны ұзартатын яғни өсуін
бәсеңделетін экзогендік өсуді реттеуші дәрілер бар.
Бұл дәрілердің тигізер әсері түйнектердегі активаторлар мен
ингибиторлардың белсенді формаларының ара катынастарына байланысты, СО2
концентрациясының аз ғана мөлшері түйнектердің тыныштық күй-жағдайынан
шығуына жағдай жасайды.
Оңтүстік аудандарда жазда отырғызылатын тұқымдық картопты бір аптадай
жабық ыдыста, не 2 күндей су астында ұстайды, өйткені бұл жағдайда
түйнектер тез өсу қабілетіне ие болады, Бұл СО2 концентрациясының әсерінен
түйнектегі р-нің өзгеруіне, яғни түйнектегі тотығу – қалпына келтіру
процестеріне байланысты болуы да мүмкін.
Картоп түйнектерінің сақталу мерзіміне әсер ететін оның тағы бір
биологиялық ерекшелігі механикалық зақым келген жамылғылық ткандардың қайта
орнына келу қабілеттілігі болып табылады. Бұл қасиеттің маңызы картопты
жинау мен сорттауда техниканы пайдалану барысында еселене түседі. Картопты
жинау мен сорттау кезінде түйнектердің зақымдалуы 15% не одан да көбірек
болуы да мүмкін.
Олардың маңызды бөлігі сақталатын картопқа қосылып кететіні анық.
Өсіп тұрған және жаңадан жиналған түйнектердегі зақымдар тез бітіп
кетеді. Бұл қабілеттілік сақтаудың бірінші кезеңінде сақталғанымен,
өскіндердің пайда болуына байланысты жоғалады; Түйнектің сиыр зиян
келтірген аймағының жамылғысы тезірек әрі толығырақ қалпына келеді, ал
тереңірек және ортасына келтірілген залалдың жазылуы қиынырақ болады.
Механикалық зақым, келген аймақтарда суберинаның (тотыққан
либоидтық заттардың биік дәрежелері) пайда болуы оттегінің жақсы келуі мен
10-18° жоғары қы,зуды,ң болуына жағдай туғызады. Жоғары дымқылдық қажет
етілмейді, ауаның қарқынды, қозғалысы зақымның бетіне суберинаның пайда
болуына кедергі болмайды. Жаралық перидермалардың (жаңадан пайда болған
клеткалардың бірнеше қабатының қалыптасуы үшін 70С-тен темен емес ауа
температурасы қажет және оның ылғалмен толық қамтамасыз етілуі керек.
Картоп жинау мезгілдердің дұрыс таңдалуы және сақтаудың алғашқы екі
аптасында температураның 10 - 180, ауа дым.қылдығының 90-95% болуы және
қарқынды желдетудің жұмыс істеуі жаңа жамылғылық тканның пайда, болуы
тез жүзеге асады.
Түйнектерінің қабығы қатаймаған жетілмеген картопты тоңазытқышта сақтау
үшін әлдеқайда қоймасы жанындағы арнайы алаңдарда жоғарғы температураға
ұстаған дұрыс. ( Емдеу кезеңінің талабы). 1 – 3 аптадан соң мұндай
картопты тұрақты сақтауға мұздатқышқа қояды.
Сурет 2. Картоптың клеткалық қабатының қалыптасу процесі
Түйнек заттарының айырбас интенсификациясының нәтижесінде Суберина
биосинтезі мен перидермалардың құрылуы түйнектегі зат алмасу
интенсификациясының нәтижесінде жүзеге асады және ол дем алудың күшеюімен,
тотықтыратын қалпына келгіргіш ферменттердің белсенділігінің жоғарылғымен
түсіндіріледі (перексидаздар, полрфенояоксидаздар). Сол сияқты
фунгитоксидтік әрекетті полифенольтектес заттар - хлорогенді қышқыл,
кофейндер құрылады.
Зақымданған аймақта жаңа клетка ішінде болған кезінде нуклейн кышқылы
мен азоттық заттар көбейеді. Бұның барлығы картоптың мынау - белсенді
қорғау реакциясы зақымды жоюға деген белсенді карсылығы болып табылады.
Сабақты кұрам болып келетін түйнектерде сақтаудағы басқа заттарға
қарағанда бұл әрекет көбірек байқалады (тамыр жемістер)
Температураға тікелей тәуелді болып келетін крахмал қабаттың бір-
біріне айналу процссінің маңызды технологиялық мәнін неміс зерттеушісі
Мюллер-Тургау ашқан.
Піскен түйнектерде қалыпты жағдайда сақталганда орташа алғанда 15-18 %
крахмал және 0,5-1,5% қант болады. Температураның төмендеуімен әсіресе 30С-
тан төмен болғанда, крахмалдың қанттануы нәтижесінде қанттың қарқынды
қорлануы жүзеге асады, Оның аз бөлігі тыныс алуға жұмсалады. Осымен бір
уақытта кері процес қанттан крахмал түзілу процесі де жүреді, бірақ
температураның төмендеуіне байланысты бүл процестің жылдамдығы крахмалдың
қанттануына қарағанда айтарлықтай бәсеңдейді және бұл қанттың жиналуына
себеп болады.
Қанттың мөлшері 7-8%ке жетуі мүмкін (түйнектің дәмі тәтті болуы
мүмкін). Егер қант қорлану процесі салқын сақтау кезінде аса көбеймесе,
жылы сақтау кезінде оның біраз бөлігі кайтадан крахмалға айналады,
Түйнектер физиологиялық жағынан сау қалуы да мүмкін, олардың дәмдері де
қалыпты болады.
Салқын сақтаудың температурасы неғұрлым төмен болып, онда картоп
соғырлым ұзағырақ сақталса, крахмалдың ресинтезі жай жүреді, белгілі бір
кезеңнен өткен соң крахмал қанттың алғашқы ара қатынасына жетпей қалуы
мүмкін, мұндай жағдайда картоп бүлінеді де, жарамсыз болып қалады(мал
азығынан басқаға). Қанттың жинақталуы түйнектердің суыққа қарсы қорғану
реакциясы болып табылады. Крахмалдың қантқа айналу барысында клетка
шырынының концетрациясы бірнеше есе көбейеді, бұл сүйықтың үсуге беріктігін
арттырады.
Сонымен қатар, қант салқындау жағдайында клетка құрылымы мен оның
ферменттік жүйесіне байланысты қорғаныстық қабілетке ие. Бірақ салқындау
жағдайында крахмалдың қанттану процесінің шамадан тыс дамуы крахмалдың кері
синтезін іске асыратын ферментті жүйелердің бұзылуына әкеп соғады.
(түйнектердің физиологиялық тәртібі жойылуы).
Бұл өскіндер құрылымының бұзылуына әкеп соғады, бұл оның кеш шығуынан,
өнімнің төмен болуынша тұкымдық материалды салқын сақтаудан кейін ұзақ
уақыт жоғары температурада ұстау керек.
Балдырлардың қараюы альдегид топтағы қанттың амин қышқылымен араласынан
болады. Нәтижесінде қарақошқыл зат-меланойдиндер түзіледі
Бұл - картоп сапасының төмендеуіне және аршу кезінде көп қалдық қалуына
әкеп соғады. Қараю жинау, сорттау, тиеу. Қаптау кезіндегі механикалық
әсердің нәтижесінде болған болуы мүмкін. Салқын сақтау кезінде болған кез
келген зақым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz