Ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген жаңалықтарын саралау
Мазмұны
Кіріспе ----------------------------------- --------------------------------
3
1. Ахмет Байтұрсынов-педагог-ағартушы------- ------------------------- 6
2. А. Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші ---------------------------------
11
3. А. Байтұрсынов-ақын ----------------------------------- ------------------
-- 23
4. А. Байтұрсынов-тұңғыш әдіскер ----------------------------------- ------
28
Қорытынды ----------------------------------- ------------------------- 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ------------------------------38
Кіріспе
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір
әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында
дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай
ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме
өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің
іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып
жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында
әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті
жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын
болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті
қалыптастырады.
Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет
Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның Баяншы
(1940) және Тіл жұмсар (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс
тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын Тіл
құрал оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі
кезінде былай деп жазған болатын: Тіл құрал қазақ тілі қандай құрал
екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша,
ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. Тіл жұмсар
сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек
ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып
үлкен құралды танытады.(2)
Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген
ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі
түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл
әдістердің әр қайсысына анықтама береді. Жалпылаудың асылы ұсақтан
ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау.(3) Сөз жоқ, бұл аталған
әдістемелер қазақ тілін мектеп оқушыларына орайына қарай қолданып отырады.
А.Байтұрсынов тіл білімі саласында орасан зор еңбектер қалдырған
ғалым.Өз қолымен жазған өмірбаянында (1929,8-наурыз) ол былай дейді:
Орынборға келгенннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық,
морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерртеумен, екіншіден, қазақ
альфавитін (шрифтін емес), орфографиялық жеңілдету және реттеу үшін басқа
тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен, ақыры,ең соңында,төртіншіден
проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл
арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы
халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым.
Бұл жолдарда зерделі ғалымның тіл білімінің бар саласында тиянақты
жүйелі зерттеулер жүргізгендігін байқаймыз.
А.Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы еңбектерін саралау-жүйелеу ,
оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор
жауапкершілігі бар іс,көп жылғы көз жүгіртіп қарағанның өзінде толып
жатқан соны шындық алдыңнан шығады.
Біз А.Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін әдістемелік
жол мұрасын игермей, білмей тұрып бүгінгі таңда қазақ тілінің
заңдылықтарымен әдістемесін сөз қылу шалағайлық болар еді. Міне, сондықтан
А.Байтұрсыновтың ғылыми педагогикалық бай мұрасын зерттеу,оны шама-
шарқымызға байланысты жүйеге келтіру мақсатында А.Байтұрсынов-қазақ тілін
зерттеуші ғалым деген тақырыпта диплом жұмысы таңдап алынды.
Диплом жұмысының алға қойған мақсаттары:
1.Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласына қосқан үлесін
анықтау:
а) фонетикалық
ә) морфологиялық
б) синтаксистік тұрғыдан зерттелуі.
2.Қазақ тілін оқыту және меңгерту жолындағы әдістемелік көз-қарастарын
айқындау;
3.А.Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбектерін белгілеу;
4.Ғалымның қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген жаңалықтарын
саралау.
Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды:
1.Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектермен танысу.
2.Қазақстан Республикасы Білім минстрлігінің қаулы-қарарларын нысана
етіп алу.
3.А.Байтұрсыновтың лингвистикалық , ұлттық әдебиеттану және
әдістемелік ой-пікірлерін бүгінгі талап деңгейімен зерделеу.
Диплом жұмысының апробациясы.
Біздің зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі Қ.А. Иассауи атындағы
ҚХТУ-дың студент жастар ғылыми конференциясында талқыланды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан және қортындыдан
тұрады, еңбектің кіріспе бөлімінде диплом жұмысының тақырыбын таңдау
себебі, оны жазудағы мақсат-міндеттер зерттеу әдістері мен апробациясы
екендігінде сөз болады. Бірінші тарауда А.Байтұрсыновтың педагогикалық
қызметі, екінші тарауда оның халық ағарту саласындағы көзқарастарымен
орны, үшінші тарауда әдістеме ғылымына қосқан мұрасы сөз болады.
Қорытынды бөлімінде зерттеудің нәтижелері көрініс табады.
1.Ахмет Байтұрсынов-педагог-ағартушы.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, еңбегі ерекше ағартушы-
педагог, сөз зергері, тамаша ақын, қазақтың баспасөз тілінің ұлттық
үлгісін танытқан публицист, туған халқының рухани дүниесін
биіктетуге көп күш салған ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов
қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде
Шошақ ұлы Байтұрсын шаңырағында 1873-жылы, 18-қаңтарда дүниеге
келген.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-84 жылдары
әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан
жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады. 1886-1891 жылдары Торғай
қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищиде, 1891-1895
жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады. 1895
жылдан бастап Ақтөбе, Қарқаралы атырабында мұғалім болып қызмет
атқарады. Бұл жылдары А. Байтұрсынов Қостанайдан Омбыға барып,
Қазақ халқының тарихын , этнографиясын , фольклорын , тілін зерттеуші
А. Е. Алекторовпен танысады. М. Әуезовтың айтуына қарағанда,
оның бұл танысуы қазақ халқын оқу білімге тарту жөніндегі
миссионерлердің түпкі ниет-пиғылдарын жақын білуге көмектеседі, нәтижеде
өзінің бұл мәселедегі көзқарасы мен мақсатын айқындай
түседі.(4)
1910-жылдың 9-наурызында Орынборға келіп, ол 1917-жылға дейін
сонда қызмет етеді. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген қазақ
жастарының инициативасымен, елден қаражат жинап, 1913-жылы Қазақ
атты газет шығаруды ұйғарады. Сөйтіп 1913-жылдан бастап, 1917-жылдың
соңына дейін сол органның редакторы болып еңбек етеді.
Бес жылдай (1913-1917) уақыт өз қаражатымен шығып тұрған Қазақ
газеті ең алдымен қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени
әлеуметтік даму үшін күреспен және қазақ қоғамының мүдделерін
көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере білген орган
болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды қазақ
тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ
балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тіліндегі оқу керектігін ,
ұлт мектептеріндегі оқу тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін
жиі жазды. Бір басында сан-салалы өнер тоғысқан телегей теңіз
энциклопедиялық білім иесі, қиын да қайшылығы мол ғұмырында Қалың
елім қазағым жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп
білмеген, М. Әуезовтың сөзімен айтқанда, қазақ халқының рухани көсемі
болған А. Байтұрсынов ұлан-ғайыр еңбегі сан-саладан көрінеді, ол-ең
алдымен қазақ балаларын ана тілінде сауатын ашып, ары қарай қазақ
тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы
мақсатта орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесін және
грамматикалық құрылысын баяндап... талдап танытқан зерттеуші әрі сол
зерттеу негізінде Әліппе мен тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған
педагог-ғалым.
А. Байтұрсынов Қазақ газетінің 1914-жылғы 62-санында жариялаған
мектеп керектері атты мақаласында: Ең әуелі мектепке керегі
білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім
екінші-оқыту ісіне қажетті құралдар қолайлы, һам сайлы болуы.
Құралсыз не істелмейді, һам құралдар қандай болса істеген істе сондай
болмақшы, үшінші мектепке керегі белгіленген бағдарлама көңілдегідей болып
шығуы үшін оның үлгісі иә мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз
ия өлшеусіз істелген іс солы артық, ия кем шықпақшы деп оқытудың
дидактикалық принциптерін тұңғыш ғылыми тұрғыда нақтылы белгілеп
берді: А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілігде сауат ашуына да
көп күш жұмсады. 1902-жылдан бастап ашылған мектептерде шәкірттер
алдымен сауатын орыс тілінде ашатын. Қазақша оқытылатын пәндердің тілі
қазақша болғанымен, жазуы, яғни, ресми түрде қабылданған графикасы
жоқ еді.
Оның қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін
зерттеп оқулықтар жазуына да тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін
жасауына да өзі де діттеген ағартушылық мақсаты деуге
болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен
істеген істері тек оқу білімге шақыру мен тынбады, ол қазақ даласындағы
мектептердің жайын, бала оқытудың жолдарын әр еңбектерінде нақтылы сөз
етеді. Ол 1913-жылы Қазақ газетінде Оқу жайы деген мақала
жариялады.
Бұл мақалада оқу-білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс
жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ,
шикізатын сатады, ал ол шикізаттан жасалған өнімді 2 есе қымбатқа
сатып алады. Бұл - надандықтан келген кемшілік, - дейді. Надандық деп
отырғаны, әрине білім - ғылымнан қалы-қалушылық. Ал қалыс қаулуға үлкен
себеп-қазақ жерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол
мектептерде мамандардың да өте тапшы екенін ашып айтады.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мектеп. Сондықтан
А. Байтұрсынов оқу- білімнің осы бірінші сатысына қатты назар
аударады. 1914-жылы Бастауыш мектеп атты көлемді мақаласын
жариялайды.(5) Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы
керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл
мектептерінің жай - жағдайлары мәз емес екендігі, оларда қажетті
бағдарлама оқу құралдары жоқтығын, мұғалімдердің әрекеттенбейтіндігіне
тоқталады. Бастауыш мектеп мисионерлік саясаттан тыс болуы керек
деп келіп, халық сауатын ана тілінде ашуы керек, атап айтқанда
бастауыш мектеп 5-жылдық болсын, алғашқы үш жылда балалар ана
тілінде кейінгі екі жылда орысша оқысын-деген ұсыныс білдіреді.
Бастауыш мектептерде оқу жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп,
жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын деп
нақтылайды.
Оқу мәселесіне А. Байтұрсынов жан-жақты мән берген оқымысты, ол
өзінің бір мақаласында: Қазақта балаларды оқытатын әсіресе жосықтар
(бағдарламалар) мен кітаптар (оқулықтар) жоқ -дей келіп, оларды жазу
қажеттігін және арнаулы педагогтық білім алатын оқытушылар даярлау
керектігін жазады.
Ол Алашорда кеңесінің оқу-ағарту жайындағы комиссиясының төрағасы
болып, қазақ халқының жаппай сауатын ашу; білім беру бағдарламасын жасайды.
Ол совет өкіметі тұсында да халыққа білім беруді жақсарту жайын
ойлаумен болды. Мысалы, 1923-жылы Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай
жүргізу керек деген мақаласында: Школдар ашуға үкіметтің шамасы
келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходың
көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20-мыңнан артық кісі қажет.
Сондықтан бір ауылдай, не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша,
кедейге кедейше үй басына салық салып сол жинаған салықты оқушылардың
пәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек – жарағына (жұмсауға)
міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап школ ашу
керек, - деп жазады. (6)
А. Байтұрсынов елді сауаттандырудың өз дәрежесінде еместігін қынжыла
жазып отырды. Қазақ газетіне жарияланған Оқу жайы мақаласында өз
кезіндегі мектептер ісіне сын көзімен қарай отырып: Қазақша оқу әлі
бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ кемшілігі есепсіз көп. Қазақша
оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз,
оқу программасы жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті
ететін жасалған өрнек жоқ. Оқыту ғылымын үйрететін дари мұғалимун
(педучилище) жоқ, - деп күйзеледі.
Осыған жалғас ойларды Қазақша оқу жайында мақаласында дамыта
нақтылай түсіп, автор былай дейді: Бала оқытуын жақсы білейік
деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселелерін өзі жақсы білуі
керек, екінші баланың табиғатын біліп көңіл сарайын танитын адам
болуы керек, оны білуге туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар
ақылы кіретін жолын білуге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі
қалімен хабар аларлық болу керек, - деп жазады.
Жоғарыдағы келтірілгендердің барлығы А. Байтұрсыновты оқу-ағарту
жайындағы көзқарастарын байқатады. Ол халқын оқуға, өнер-білімге
шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші ғана
емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын, жалпы балаларды оқыту
ісін жолға қоюға көп күш салған, бала оқытып, ұстаздық құрған
тәжірибелі хан. Сонымен қатар ол оқу-ағарту ісін жолға қою үшін
қажет өзге де іс-әрекеттерді қолға алған қайраткер. Бұл іс-
әрекеттер қазақ жазуына лайық графика түзу жазу тәртібі-емілені
жасау, қазақша сауат ашатын Әліппе жазу, ана тілін меңгертетін
мектеп оқулықтарын жазу, бала оқытудың әдістерін көрсету. Міне осы
орайда А.Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгінде жалаң ағартушы болып
қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінеді.
2. А.Байтұрсынов қазақ тілін зерттеуші.
А. Байтұрсынов еңбек жолын ұстаздық етуден бастаған. Бала
оқытып жүріп, сол оқыту ісіндегі кемшіліктерге аса қынжылады, ол
кемшіліктер: қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық
графикасын және қазақ тіліндегі әліппе мен оқулықтардың
жоқтығы болатын. Жоғарыдағы кемшіліктерді түзетпейінше, жүзеге
асырмайынша , қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізумүмкін
емес екендігін жақсы түсінеді. Күнделікті бала оқуымен қатар,
жоғарыдағы жоқтарды түгендеуге кіріседі. Атап айтқанда А.Байтұрсынов
1910 жылдардан бастап қазақ жауымен айналыса бастайды. Сол күнге
дейін өзге түркі халықтары сияқты қазақтарда пайдаланып отырған
араб графикасы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес
екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта
түзеуді қолға алады, ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық
құрамын зерттейді.
А.Байтұрсынов 1912 жылы қазақ балаларын қазақша сауатын ашатын
тұңғыш Оқу құралын жазды. Осыдан көп ұзамай қазақ тілін пән
ретінде үйрететін оқулық жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған
бірінші бөлімі тіл құралы деген атпен алғаш рет 1916 жылы жарық
көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған екінші бөлімі 1914 жылы,
ал синтаксиске арналған үшінші бөлімі – 1916 жылы жарияланды.
Өзі жазған Өмірбаянында 1929, 8 наурыз Ахмет Байтұрсынов:
біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік
тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын
жеңілдету және зерттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба
тілін лексикалық шұбалықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан
тазарту арқылы ең соңында, төртіншіден, проза тілін кітаби тіл
арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерімен термин жасау арқылы

Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған Қазақ газеті
арқылы іске асты. - деп жазды.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі
түрде айтылған.
Ахмет Байтұрсынов тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау,
жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың
еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс, көп жылғы еңбектердің
нәтижесіне көз жүгіртіп, ат үсті қарағанның өзінде толып жатқан сомы
шындық алдыңнан шығады. Рухани көсемнің тіл жөнінде айтқан
тұжырымы бүгінгі күнге дейін құнын жойған жоқ десек қателеспейміз.
Мәселен, Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының
бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай
қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза
алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл
болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы, жазу мен сөйлеу ауызша
сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман деп тілдің ауызша және
жазбаша түрде қатынас құралы болғандығын, жазбаша тілдің өзіне тән
ерекшелігін, құндылығын бүгінгі деңгейдегі көзқараспен баяндап отыр.
Жазбаша қарым-қатынас жасау белгілі бір тілдің қалыптасқан
графикасына байланысты екені белгілі, сондықтан ол қазақтың төл
дыбыстық жүйесін таңбалайтын әрәптер құрауды мақсат етіп қояды. Бұл
туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап Айқап 1912 жылғы 9-10
нөмірлерінде Шаһзаман мырзаға атты көлемді мақаласын жазып, онда
қазақ дыбыстарына білдірмейтін таңбаларды алып тастау қажеттігін
дәлелдейді. Қазақ газетінің 1913 жылғы 34-інші және ары қарайғы
сандарында жазу мәселесі үдеген үлкен мақала жариялап, онда кейбір
дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады.
Көп жылдық зерттеудің нәтижесінде араб графикасын қазақ жазуы
үшін былайша лайықтап алуды ұсынды: 1 араб алфавитіндегі жуан
дыбыстардың таңбаларын алмау; 2 қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у
дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу. 3 к. ғ дыбыстарынан басқа
дауысты дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін яғни қазіргі ә,
е, і, ү дыбыстармен айтылатындығын білдіру үшін сөздің алдынан
дәйекше таңба қою. Бұлайша түзілген алфавиттің бала сауатын ашудың
дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
Ғалымның араб графикасын қазақ тілінің ерекшелігіне икемдеген
нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе ұстаздар қауымы ешбір талассыз
қабылдады. Себебі Байтұрсыновтың бұл жасаған реформасы қазақ тілінің
табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар
оның 1912 жылдардан бастап ұсынған осы алфавиті негізге алған
жаңа жазу ол Жаңа емле деп аталды іс жүзінде қолданыла
бастады. 1915 жылдың өзінде осы емлемен 15-тей қазақ кітабы
басылып шықты және бұл жазуды Жаңа емлені 1912 жылдардан
бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана
бастады.
Жаңа емлені А.Байтұрсынов қайта-қайта қарап шығып,
коллиграфиялық жағынан қолайлы – қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі
тиімді – тиімсіз жақтарын ой елегінен өткізді. Сөйтіп араб әрәптері
негізінде қазақ тілі дыбыстарына лайықтап жасалған қазақ
графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12- де басталған Қырғыз
қазақ оқымыстыларының тұңғыш сьезінде талқыланды. Бұл сьездің күн
тәртібіне алты мәселе қойылды. Олар:
1 жазу ережелері яғни орфографиялық мәселелер ;
2 әліпби яғни алфавит мәселесі;
3 қазақша пән сөздер яғни терминология;
4 ауыз әдебиетін жию шаралары;
5 оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары;
6 бастауыш мектептердің бағдарламалары;
Съезде А.Байтұрсынов Әліпби тақырыбы деген атпен баяндама
жасады. Ол мына мәселелер жайында сөз етеді. Түркі халықтарының
қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа
графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы сьезде дәлелдеді.
Әліпби графика қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ
халқы қолданып отырған, икемделіп өңделген реформаланған араб
алфавитінің оң сипаттарын көрсетеді.
А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын графикасын алуды
қостаған Нәзір Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі алфавиттің
оң-теріс жақтарын сарапқа салып, таразылағаннан кейін, сьезд: қазақ
тұтынып отырған түрік араб таңбалы әліпбиінің баспа түрінің
дара болмауы баспа ісіне де үйрету жағына да қолайсыздық
қылатын болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрік
әліпбиінің өзін түзеті өзге әліпби алудан анағұрлым оңай
болғандықтан, түрік әліпбиінің жазба түрін осы күйде қалдырып,
баспасын дара түрінде алу керек - деп А.Байтұрсынов реформалаған
және баспа түрінің де вариантын ұсынған араб жазуы
негізіндегі қазақ алфавитін қабылдау керек - деген қарар ұсынды.
(7)
Сонымен А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезінде
қазақ мәдени дүниесінде үлкен рол атқарған, қалың көпшілікті
жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа
жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогриссивтік
құбылыс болды. А.Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін сол кезде өзге
түркі халықтары, мысалы, өзбектер мен татарлар үлгі тұтып, оларда
өз жазуларына реформалар жасай бастады.
А.Байтұрсынов тіл дыбыстарын таңбалауды ғана зерттеп
қоймай, тіл білімі саласында да көп тер төккен ғалым. Тіл
құрал , Дыбыс жүйесі мен түрлері , Тіл танытқыш құралдары -
осының айғағы. Осы еңбегінде: 1 түбіршік тіл; 2 жалғамалы тіл;
3 қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей
жұмсалады. Мәселен, қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің
аяғына жалғау қосылып, өзгерілетін тіл. Мәселен, түрік, фин
тілдері. Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып, өзгертілген тіл.
Мәселен, орыс тілі, араб тілі.
Бұл пікірі дәл бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ, жаңа
жазылған көзқарас сияқты.
Ал оның біз де тіліміздің бүлінбей сақталуын тілесек,
өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша
оқытуға тиіспіз. Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен
қатар, тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелеріне де үйрету керек
деген пікірі ешқашан өз маңызын жойған емес. Қазақ балаларына
арнап жазылған 4 Тіл құрал оқулығы. Сөз басы 1 – 3 бет.
Тіл мүшелері , Сөйлеу мен сөйлем , Сөйлем мен сөз, Сөз бен
буын, Буын мен дыбыс 3 – 10 бет . Қазақ тіліндегі
дыбыстар, олардың таңбалары: 11 – 14 б. , Сөз тұлғалары 15 –
16 б. , Сөз жазуының жалпы ережелері 17 – 18 б. ,
Жұрнақтар 19 -26 б. , Атауыш сөздер 27 – 33 б. , зат есім,
сын есім , сан есім, есімдік, етістік . Шылау сөздер 34 – 37 б.
, үстеу , Жалғаулық , Одағай сөз , Қорыту 38 б. , Тасымал
39 б. бөлімдерінен тұрады. Әрбір ұғымға анықтама берілген,
мысалдар келтірілген. Сынау деген айдарма түрлі жаттығу
тапсырмалар ұсынылады. Берілген анықтамалар өте ұғынықты,
мәселен, зат есімге берілген анықтамаға назар аударайық:
Сөздердің кейбірі нәрсенің өзін айтады. Мәселен, жер, тау, тас,
су, ағаш, шөп, жапырақ, ұн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел,
бу, сағым, кісі, мал, аң құс, бақа, шаян, шыбын, шіркей, құрт,
құмырсқа, қала, ай, төсек-орын, аяқ-табақ, киім, қазан-ошақ, арба,
бал, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, табақ, асық т.б. Осындай
сөздердің өзін айтатын сөздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы
кім? не? деп сұраймыз. Кім? деп адам туралы сұраймыз. Не? деп
басқа заттар туралы сұраймыз. 27 – бет
Міне осылайша тілдік ұғымдарға берілген анықтамалардың берілген
дәлдігі,ғылыми тереңдігі түрлі категорияларды сұрыптаған, жіктеген
кезде,оларға қазақша термин берген кездерде тіпті айқын көрінеді.қазіргі
қазақ тілі ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын,оларды бірінші
болып А.Байтұрсынов ғылыми анықтама бергенін байқаймыз.
Осы ғылыми еңбегінде: Сөйтіп сөз тұлғасына қарай беске бөлінеді:
1)түбір сөз, 2) туынды сөз, 3) қос сөз, 4) қосалқы сөз, 5) қосымшалар
Сөздер мағынасына қарап тоғыз топқа бөлінеді: 1) зат есім, 2) Сын есім, 3)
сан есім, 4) есімдік, 5) етістік, 6) үстеу(үстеуіш), 7) демеу (демеуші), 8)
жалғау (жалғаушы), 9) одағай (еліктеуіш, лептеуіш). Алғашқы бесеуі
есімдеуіш, атау сөздер, ал соңғы төртеуін шылау сөздер деп топтайды.
Рымғали Нұрғалиевтің қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың
лингвистика ғылымына арнаған еңбектерін жинап бастырып, оларды бағалау-
азаматтық, ғалымдық борыштарымыздың бірі, қайткен күнде тарихи шындыққа
қиянат жасамау, әділетті орнатуға қайта құру, ашық сөз дәуірі мүмкіндік
беріп отыр (8), деп пікір білдіруі ұлы ұстаздың еңбектеріне берілген әділ
баға деп білеміз.
А.Байтұрсынов-қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, білім алуына
көп еңбек сіңірген ұстаз.Сол мақсатта қазақша сауат ашатын әліппе құралын
жазды. Бұл еңбек 1912 жылы Орынбор қаласында Оқу құралы деген атпен
басылып шығарылды. Бұл оқу құралы жеті рет қайта басылып, аса құнды құрал
ретінде танылды. Қазақ қауымы Оқу құралын 1925 жылға дейін пайдаланды.
Ұстаз ұсынған әліпби а, р, з, таңбаларын танытудан басталады, аса
құндылығының бірі балаға әріп танытудың әдіс-тәсілдері көрсетілген. Бар тіл
дыбыстарының таңбасы танытылып болған соң,қоршаған шындық жайында
материалдар ұсынылады. Мысалы, Туысқан-туған іліктес деген тақырыпта ата,
баба, әке, шеше, аға, іні т.б. деген сөздер қосылады. Сонымен бірге, киім-
кешектердің, ойындармен ойыншықтардың т.б. атаулары ұсынылады. Оқулықтың
аса құндылығының бірі - А.Байтұрсынов балалалға лайық тілмен жазылған,
тәрбиелік мәні бар жұмбақ-жауаптарды, мақал-мәтелдерді, шағын өлең
мәтіндерін береді. 96 беттік бұл оқулық ұсақ әңгімелер деген
атпен автордың өзі құрастырған 24 шағын мәтәннен және Балалық
күйі атты өлеңмен аяқталады.
1926 жылы А.Байтұрсынов Әліппенің жаңаша түрін дүниеге
келтіреді. Мемлекет білім Кеңесінде бұл оқулық жоғарғы
деңгейдегі, бүгінгі күн талабына сай жазылған деп бағаланады.
Ұлы ұстаз балалардың қазақша сауатын ашатын әліппені (
Оқу құралын ) жазып қоймай, мектептерде қазақ тілін пән ретінде
меңгертетін оқулық жазуға кіріседі. Біздің заманымыз – жазу
заманы... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз
қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша қиындасып, жалғасатын
жүйесін білу керек болғандықтан, қазақтың бастауыш мектебінде
басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем
жүйелерін де үйрету керек(9) дегенді өзіне міндет етіп алады
да, сол міндетті атқару үшін Тіл құралы деген атпен үш
бөлімнен тұратын оқулық жазуға кірісті. Бұл оқулықтың фонетикаға
арналған I бөлімі алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.
Қазақ тілінің морфологияға арналған II бөлім 1914 жылы
жарық көрген болатын, ол да бірнеше рет толықтырып қайта басылып
шығарылды, ал синтаксиске арналған III бөлімі де 1916 жылдан
бастап 6 рет жарық көрді.
Жоғарыда аты аталған кітаптар-қазақ топырағында бұрын болмаған
оқулықтар еді. Білім мен мәдениетке әбден сусындаған қазақ халқы үшін
мүлде тың дүние болатын. Мұны автордың өзі де мойындайды. Бұған
оның мына сөзі куә: Тіл құрал деген аты қандай жат
көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені
қазақта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң
қалатын -дейді. Шын мәнісінде бұл кітап қазақ жастарына ана
тілінің қыр мен сырын танытқан ең құнды дүниесіне айналды.
Тіл құрал қазақ топырағындағы тұңғыш оқулық болумен қатар, алғашқы
баспалдақ бастауыш мектепке арналған мен,бұл-ана тіліміздің фонетикалық,
грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп танытып берген, қазақ
тіліндегі тұңғыш ғылыми талапқа сай жұмыстың басы болды. Бұл
оқулықтар шын мәніндегі қазақ тіл біліміне қосылған үлкен
үлес болып табылады.
Ана тілімізді өз дәрежесінде танытуда Байтұрсыновтың сіңірген
еңбегін ерекше атау керек, ол тіл біліміндегі термин
жасаудағы іс-әрекеті. Ұстаз-ғалым қазақ тілі фонетикасы мен
грамматикасының қатысты категорияларына қазақша термин ұсынды.
Күні бүгінге дейін біз пайдаланып, әжетімізге жаратып жүрген
зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш,
баяндауыш, сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, леп белгісі, сұрау белгісі
т.б. толып жатқан лингвистикалық ғылыми терминдер А.Байтұрсынов қолданған
атаулары. Бұлардың түгел дерлігі қазақ сөздерінің не байырғы
мағынасын жаңғырту, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге
келген атаулар. Көбі жасанды сөздер. Сонылығы мен жасандылығына
қарамастан, әр қайсысы сол өзі атап тұрған тілдік категорияны да
білдіретін термин болып шыққан. Бұлардың сәтті жасалғанын күні
бүгінге дейін қолданыста жүргендігі оның өміршеңдігін
дәлелдейді.
А.Байтұрсыновтың қаламнан шыққан еңбектерді талдай отырып
оның интерноционалдық терминдерден де бас тартпағанын айтуымыз керек, ол
жариялаған мақалаларында фонетика, морфология, грамматика деген
интерноционалдық терминдерді пайдаланған. Кейбірін орыс тілінде
қандай пайдаланса, сол күйінде қолданғанын байқауға болады.
Мысалы, проект, дума, депутат, Франция, доктор, фельдшер, микроб,
флот, корпус, батарея, солдат, завод, телефон, телеграм деген
терминдер жиі ұшырасады.
А.Байтұрсынов қазақ тілін меңгертуге арналған Оқу
құралы мен Тіл құралын жарыққа шығарумен шектелмейді. Ол
тіл жұмсар атты қолданбалы грамматикаға арналған еңбегінде 1928
жылы Қызылорда қаласында жарыққа шығарды, өз сөзімен айтсақ
бұл кітапта: I бөлімі сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы
танытатын кітап деп ұсынған. I бөлімде автордың айтуы бойынша Әріптер
мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен
сөйлем бөлшектерін жаза білуді тәжірибе арқылы жұмыс істетіп
үйрету көзделген, ал II бөлімде бірінші бөлімдегі жаттығулардың көбі
қайта беріліп алайда қайталау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz