ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ИРАК МӘСЕЛЕСІ
1.1 Ирак мәселесінің тарихы
1.2 Дипломатиялық күрестің соңы: әскери әрекеттің басталуы

II ТАРАУ ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
2.1 Ұлыбританияның Ирактағы мүддесі
2.2 Буштың соғыстан кейінгі жоспары

III тАРАУ ИРАКТАҒЫ ІШКІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
3.1 Ирак күрділері
3.2 Ирак шииттері
3.3 Жаңа Ирак үкіметін құру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні американың Ирактағы декларативтік емес, ал нақты мүдделері айтатын болсақ, тәуелсіз бақылаушылардың көбісі Ақ үймен ресми түрде мойындалмаған, бірақ ирак дағдарысында геосаясат, экономика, Үлкен мұнай және Штаттың өз ішіндегі жағдайы кешенді шиеленіскенін белгілейді.
Осы жағдайға байланысты американың билікті ақсүйектері мен олардың жанындағы іскерлік құрылымдары дербес өкілдерінің риялы жеке мүдделеріде еске алынады. Сонымен қатар, қазіргі Ақ үй басшысы кіші – Джордж Буштың жеке тұлғасының психологиялық кейбір ерекшелігі, әсіресе осы жағдайда роль ойнаған оның мерсиандық мінезі де ескеріледі. Бұл және басқада субъективті факторлар жан – жақты зерттелініп, жүйеге келтірілді. Бұл дегеніміз, ресми Вашингтонның нақты уәждері мен түпкілікті мақсаты туралы сұрақтарға жауап жоғары дәрежелі растықпен есептеледі. Ғаламдық стратегия көзқарасында, оны Штаттың әлемдік гегемон ретінде – қазір және келешекте дүниежүзілік саяси және экономикалық жүйенің дамуын жекеше анықтайтын мемлекет ретінде белгілейді. Осыдан шығатын барлық саяси және экономикалық “дивидендтермен”. Бұл стратегияның барлық элементі Иракты және барлық Персид шығанағының мұнай ресурстарын бақылау болып табылады, келешекте әлемдік мұнай рыногінің мәнді үлесін бақылауға әкеледі.
Сонымен қатар, құлдырау процесі қатерлі созылып кеткен өз экономикасын да, сыртқы әскери және қалпына келтіру операциялары есебінен “тарқату” бойынша жоспарлар туралы да ескерту керке. Жәнеде әлемдік резервтік валюта роліне Үміткер ретіндегі евро жайғасымының беделін түсіруге және әлемдік күштің потенциал орталығы ретіндегі Еуроодағы жайғасымын ойсыратуға ұмтылатыны туралы айтуға болады. Бұл “тактикалық” тізімді жалғастыру жеңіл, әсіресе оны трансұлттық корпорациялардың жеке мүдделерімен толықтырса. Әрине, осы кездегі америкалықтармен таңдалған стратегия мен тактика қаншалықты әрекетті болатыны, олардың мүмкіндікті “падасы” мен “зияны” адекватты болатыны , жәнеде мұның бәрі қаншалықты қазіргі көпполюсті жалпы әлемдік даму болмысында іске асатыны туралы дауласуға болады. Бірақ, бұл мүдделердің барлығына және оларды біртізбекті практика жүзінде іске асыру әрекетінің жүргізілуіне күмән келтіруге болмайды.
Вашингтонда өзінің әділдігі мен ізгілігіне, меркантильді ұмтылысының жоқтығына бізді сендіріп, қандай бір жоғары демократиялық материялар туралы бізге айтса да күмән болмайды. Басқа жағдай - британдықтар мүдделері қатынасындағы “ұшуларды таңдау”. Бұл жерде Лондон Вашингтон көлеңкесінде бола тұрып өзіне пайдалы жеткілікті жайғасым алады. Нәтижесінде екі кінәлі болған ағайындылардың, бірінші кезекте, және бәрінен көбірек Үлкенге “ұрысады”. Ал, дегенмен британиялықтардың американдықтарға көрсететін саяси, дипломатиялық және әскери көмегінің бағасы туралы әңгіме болғанда, көптеген түсініктемелер айта беретін Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы “ерекше ” қатынас пен тарихи ағылшынсаксон бірлігі туралы ескертуге жүгінеді. Бұл әрине дұрыс
Стратегиялық өзара байланыстар, оның ішінде қорғану мен барлау мәселелеріндегі ынтымақтастық, Ұлыбританияның Ұлттық қауіпсіздігі жүйесінде негіз қалаушы элементтер болады және солай қалады. Сондықтан бұл дәстүр шынымен – ақ бар және уақытпен тексерілген. Шын, бірақ толық емес және декларативті, сондықтан – сенімсіз. Жалпы фразалар артында бастысы көрінбейді – егер құрама Корльдықтың, болмаса онда бүгінгі британия басшыларының тікелей мүдделері. Дегенмен бұл, мұндай мүдделердің табиғатта жоқтығынан емес. Олардың мәні мен масштабы туралы, Блэр мен оның жақтастарының тәуекелге баруға дайындықтары, шындығында, өздерінің саяси карьерасы мен тарихтағы орнымен тәуекелге баруы фактісі – ақ айтып тұр.
Тек бұл мүдделердің сипаты сондай, ойынның орныққан шарты бойынша, ол туралы жергілікті және халықаралық жұртшылыққа ашық айту мүмкіндігі болмайды. Ал олардың кейбірі туралы тіпті ең жақын және сенімді одақтасқа да айтуға болмайды. Иракқа қарсы каолицияның жеткілікті тез ирак қарсылығымен шешім табатынына ешкім күмән келтірмейді. Бірақ, жоғары ирактың басшылығын биліктен өз бетінше тысқары шығарып, АҚШ әрбір министрлік басына Ирактың “демократиялық” трансформация процесін басқаратын және оның бұзылған инфрақұрылымын басқаратын “өз” адамдарын қоятынынада ешкім шүбә келтірмейді.
Бұлар нақты кімдер болатынын әзір айту қиын, ал соғыстан кейінгі Ирактың бірінші қайта құрылуына кететін 900 млн. долларға сұраныс алатын компаниялар туралы біраз нәрсе белгілі: онда америкалық бес компания, оның ішінде құрылыс гиганттары Весһtel және Ғluor, және топтары Наlluburton, оның бұрыңғы басшысы вицепрезидент Дик Черни бар. Батыс эксперттерінің бағалары бойынша, Ирактағы үшайлық соғыс әрекеті 49 млрд долларға бағаланады. Оның жарты жылға дейін ұзаруы шығынды 73 млрд. Дейін жоғарылатады. Егерде бір жылға дейін соғыс созылса, сома 121 млрд. Долларға шығып кетеді. Сондықтан АҚШ пен Ирак соғысының артында кім тұрсада, соңғы шешіммен ерекше асықпауына тура негіз бар. Идеал нұсқа – қаншалықты болмасын қымбат тұратын қаруды қолданып, минимум инфрақұрылымдық объектілерді бұзу.
Ауғанстандағы “ойдағыдай” операциялар бұл логиканы мақұлдайды: массалық бомбалау есірткі өндіретін лабораторияларды ғана емес, көкнәр алқаптарында айналып өтті. Бұған дәлел Дж. Буштың ультиматумы – ирак әскеріне үндеуінде, оны мұнай скважиналарын бұзбауға шақырады. Осының бәрі соғыстың нағыз себебі – Саддам Хусейннің диктаторлық режимі емес (бұл тезиспен ешкім дауласпайды), осы режимнен шығатын әлемге қатерлі миф емес (осыған орай айтуға болады, билікте болған жылдары кіші – Дж. Буш, ол қалыптастырған режим, демократиялық бағалық туралы барлық патетикасына қарамастан, өзінде үлкен қатерлік бар екенін көрсетті), Иракта массалық жою қару – жарағының болуы емес (БҰҰ инспекторлары Ирак территориясында ондайдың жоқ екенін растады), ал тіпті АҚШ – тыңда емес, кіші – Дж. Буш әкімшілігінің жоғары фигуралары айқын көрінетін ірі трансұлттық корпорацияларының экономикалық мүддесі екенін көрсетті.
Қазіргі әлемде Құрама Штаттарының біріншілігіне ешкім дауласпайды. Халықаралық қоғамдастықты мазасыздандыратын басқа нәрсе: АҚШ – тың халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін қалыптастыруда бірінші тұрған елдерді елемеушілігі, халықаралық құқық нормасын елемеуі, өз ролінің бірегейлігі туралы жабысқақ ойлары, өз бағалылығын басқа да елдер мен халықтарға жабыстыру әрекеті және халықаралық қатынас жүйесінің ең киелісі – мемлекеттік егеменділікке АҚШ – тың қастандылығы. Дж. Буш ашулы табандылықпен, жақсы қолдануға лайықты, соғыс туралы айтқанда және басқа аргументтерді тыңдағысы келмегенде, БҰҰ бейбітшілікті іздеу құралы ретінде емес, ал соғысқа лигитимді негіз беретін орган ретінде қолданылғанда, Ақ үй Еуропаның бөлінуін жасырынсыз қуанышпен қабылдағанда, есепке ең жақын одақтастар саяси тағдыры алынбағанда, мақсаты әлемді түпкілікті қайта құру болып табылатын тек “арнаулыларға” ғана белгілі ғаламдық қаскүнемдік туралы, не болмаса осындай саясатты жүзеге асыратын адамның медициналық диагнозы туралы әңгіме болып жатқандай сезім пайда болады. Атап айтқанда, Иракта әскери операцияларды бастаумен
Ақ үй дүниежүзілік қоғамдастық арасында саяси бөліну болуына қол жеткізді. Және де бұл жағдайда С. Хантингтон теориясы расталмады: бөлініс өркениетті емес, саясатты және дүниетанымдық көзқараспен өтті. АҚШ – тың жаңа әкімшілігі Иракқа қандай демократиялық бағалық әкеле алады, егер оның өзі және соңғы кезде пайда болған “жаңа демократия” бұл ұғымды бұрмалап жіберсе. Соғыс үшін елдер, халықтар немесе конфессиялар емес, бай дастарханынан қомақты түйір алу уәдесіне сатылған, саясаттың бір шөкім шенеуніктері дауыс берді.
Бұл жұмыстың мақсаты АҚШ – тың Ирактағы әскери компаниясы мен соғыс зардабымен байланысты қазіргі проблемеларын зерттеу болып табылады. Жұмыс мақсатынан келесідей мәселелер көтеріледі:
1. Ирак мәселесінің тарихын халықаралық қатынастарда зерттеу;
2. Ирактағы әскери әрекет жүрісін талдау;
3. АҚШ – тың Ирактағы одақтасы ретінде Ұлыбритания мүддесін талдау;
4. Ирактағы қазіргі ішкі саясаттық жағдайға баға беру;
Зерттеу әдістемесі Ирактың қазіргі жағдайының тарихи және аналитикалық талдауына негізделген.
Тақырыптың зердемеленген дәрежесі. Бұл тақырып кеңінен зерттелінуде және БАҚ жарық көруде: жаңалықтарда, арнайы аналитикалық басылымдарда, конференцияларда. Бүгінгі күнде бұл проблеманың жан – жақты политологиялық талдауымен өте аз әдебиет шығарылды.

1 ТАРАУ. Ирак мӘселесі халықаралық
қатынастарда

1.1 Ирак мәселесінің тарихы

Егер, жалпы тарих туралы айтатын болсақ, онда Месопатами, немесе қазіргі Ирак орналасқан Междуречьяда, солай немесе басқалай барлық уақытта дерлік әйтеуір біреу күресіп, қақтығысып жататын. Оған не істейсің, біркездері дәл айтылғандай: адамзат тарихы – бұл соғыстар тарихы. “Солай немесе басқалай” - өйткені барлық уақытта тікелей әскери әрекет қана болған жоқ. “Соғысуға” құпия дипломатия жолымен және оданда құпия сарай маңайының көтерілістері мен қастандықтармен де жүрді. Шығыс – сондықтанда нәзік іс деп аталады, өйткені онда бірігіп қаскүнемдік жасау саяси мәдениеттің бөлінбес бөлігі болды, өз кезегінде Қастандыққа айналды. Бұл алғашында, әрине тек қана мессопатамдықтардың өз ішіндегі талдау болды.
Междуречьенің әскери және саяси тандаулы тобы күн астындағы орынға, яғни – билік пен жерге таласты. Содан соң өмірлік бағалылықтар үшін оларға “күн сәулесіне” ашкөзді басқа да регион бойынша көршілері қосылды. Кейіннен қашықтау жердегі шығыс және азия империяларының кезегі келді, олардың әрқайсысы егер бұл жерді билемесе, ең болмаса осы стратегиялық маңызды нүктені бақылауға ұмтылды. Кейіннен барлық регионға ықпал еткен бұл жаймадағы бір беткейлі өзгеріс XVII және XVIII ғасырлар тоғысында басталды. Тура сол кезде Батыс еуропалық ірі мемлекет тұлғасында Шығыстан артықшылығы басымдана бастады1.
Сондықтан да XVIII жүз жылдық ортасында Шығыстың бірді бір әскері Батыстың жүйелі әскерінен бір ретте ірі жеңіске жете алмады. Осылай, әскери және экономикалық айрықшылығымен, Батыстың осы статусқа сәйкес басымдылық статусы пайда болды. Сондықтан, егер бұрын еуропалықтар сол Персид шығанағында жағалаудың флот қорғауы мен әскери база және сауда факторийлары тұрғызылған жеке орындарының жаулаумен шектелсе, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында олар жергілікті әскерге ашық араласуға өзіне мүмкіндік берді.
Бұл жағдайда аборигендерге қарағанда өз өзімен бәсекеге түсті. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Месопатамийда ағылшындар берік орналасты. Бұл, әрине жергілікті таңдаулы топтар мен регионның күш орталықтарының көбіне ұнаған жоқ. Әсіресе түріктің жалтырауық Портесіне, ол уақытта өзінің бұрынғы жоғары мансаптығы мен қаһармандығын жоғалтқан ол, бұл аймақтарды өз жері деп есептеді. Бәрінен бұрын Британдық “үлкен маневрлары” бәсекелес еуропа мемлекеттеріне ұнаған жоқ. Бірінші кезекте – жас және дөрекі Германия империясына, оның бұл регионда өз мақсаты болды. Сонымен Құрама Корольдіктің билігі мен қару жарағына беріктік пен жеңімпаздыққа кезеңді сынақтар жүргізіліп тұрды. Ең қызығы - әскери басымдығына қарамастан, ағылшындықтар күткен әрекет еткеннен көрі, қулықпен, тікелей әскери әрекеттен көрі дипломатиялық әдістермен әрекеттескенді ұнатты.
Британдық резиденттер өте жиі өз мәселелерін өзгенің қолымен, өздерінің қойған адамдары қолы мен шешті: жергілікті ақсүйектерді бір – біріне айдап салу, ситуативті одақтар құрды, біреуіне саяси және әскери көмек беруге уәде етіп, кейбіреуін сатып алды. Сол кезде түрік протектірі қарамағында болған Месопотамийда өз ролін ойнаған болу керек, ал ағылшындар олардан құтылғысы келгендердің бәріне көмек етті. Ирак үшін ең тарихи мезгіл Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс болды. Барлық Британдық әскери операцияның ішінен 1914 жылғы Басраны басып алу ең мүдделі паралеллді немесе Ирактағы бірінші жағдайларға ұқсастықты көрсетеді.
Сонымен, егер 1914 жылға дейін Британ саясатын Ирак немесе түрік ішкі істеріне белсенді араласу саясаты деп атауға болса, соғыстың басталуы мен тікелей басқыншылық туралы сөз болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс Антанта елдері жеңісімен аяталды, оған Ұлыбританияда кіретін. 1920 жылдың мамырында ағылшындықтар бірлескен Иракты жаңа шекараларда басқарудың Ұлттық Лигасы мандатын алды. Ал маусымда “жаңа” қожаға қарсы елдің үлкен бөлігін жайлаған көтеріліс басталды.
Қазан айында 65 мыңдық әскерлері көмегімен бұл көтеріліс басылып тасталынды. Оның ішінде газ қолдану және бомбалау қолдануда болды. Көтерілістер мен келеңсіз мемлекеттік ауыспалылықтары сол кезден бастап Ирак өмірінің бөлінбес бөлігі болды. 1941 жылдың сәуірінде британдықтарға қарсы толқынды Иракта билікке Рашид – аль – Гайланидің әскери үкіметі келді, ол ашық германдық жайғасымды алды1. Ирактармен мұнай беру тоқтатылып, Бағдад түбіндегі британның әскери әуе базасы қоршауға алынды. Лондон Ирак мұнайын жоғалтып, региондағы мұндай форпостты ұлтшылдарға беруге қарсы болды. Сондықтан 1941 жылы мамыр айында британ әскері Иракқа Персид шығанағы және Иордан жағынан басып кірді.
Әлсіз дайындалған Ирак әскерінің қарсылығы айға жуық жалғасты. Ирактағы Британның әскери және саяси қатысуы 1958 жылға дейін созылды, одан соң билікті қайтадан әскерлер алды. Содан бері Батыстың бұл елдегі жағдайдың дамуына ықпалы төмендеумен өтті. Бұл тенденцияны әскери күшпен сындыру биполярлық әлем қарсылығы жағдайында мүмкін болмады. Ағылшындар кетті, бірақ өздерінен кейін жай әрекеттегі мина қалдырды.
1899 жылдың өзінде олар қазіргі Кувейт аймағында өз протекторатын орнатты, Мүбәрәк Шейхпен құпия келісімге келе отырып. Кейіннен, Ирактың бір виларетінің бір бөлігі болуы қажет бұл аймақ, осы территорияға маңдат алған жеке мемлекетке Лондонмен бөлініп берілді. Яғни, Ирактан бөлініп алынды. 1990 жылы “мина” әрекетке түсті, “жерді жинау” Саддамның Кувейтті жаулауына себеп болды. Алдында өз елшісі арқылы Хусейнге оның ойын іске асыруға кедергі жасамаймын деп хабарлаған АҚШ үшін, Ирак агрессиясы бірінші халықаралық Иракқа қарсы “коалиция” ұйымдастыру үшін себеп болды. Әрі қарай - белгілі. 1990-1991 жылдар үлгісінің коалициясы 34 елге көрсетілді. Ол өзіне 700 мыңнан аса адам, 4000-нан аса танкі, 370 дала артиллериясы қаруын және минаметтер, 2000-ға жуық ұшақтар, 195 соғыс кораблдері және 50 қосымша кемелер ұстады. Бұл күштермен құралдардың 80 пайызға жуығы американдық екенін айтуымыз керек. Соғыс әрекеті 1991 жылы 17 қаңтарда басталып, 28 ақпанға дейін жалғасты, бұл кезде қоршалған, дағдарған Ирак армиясы өзінің соғыс әрекеттерін тоқтатты1.
Одақтастар 50 мыңға жуық Ирактарды тұтқынға алып, 3008 танкі, 1856 БТР және БМП, 2140 қару,123 ұшақты жойды. Ал коалицияның өлген, жарақаттанған, тұтқындалған, ізсіз жоғалған жоғалымдары 1000-нан асқан жоқ. Басты міндет орындалды – Кувейт босатылып, Ирак армиясы жойылды, Батыс үшін маңызды региондағы ыңғайсыздық алынды. Бірақ, Ирак режимі құламады. Американдықтар Бағдадқа бармады, өздері ұйымдастырған Саддамға қарсы шииттер мен күрділер көтерілісіне де көмектеспеді, Хусейнге көтеріліс жасаушылар мәселесін шешуге және алған соққысынан айығуға мезгіл берді2. Ал, 2003 жылы, екінші иракқақарсы коалиция Иракта кезекті “тәртіп орнатуға” кірісті. Тек бұл жолы “агрессор” мен “шындық қолдаушысы” өз рөльдерін алмастырды, сондықтан коалиция бұрынғыдай болмады: 300 мыңнан аса адам, 1000 танкі, 600 әскери ұшақтары және 700 соғыс тікұшағы, 110 кораблдер.
Американдықтарға қомақты қосымшалық қажет болды, өйткені операцияны жоспарлау кезіндегі қателіктер мен жауды дұрыс бағаламау қолданымдағы контингенті толық жеңіс үшін жетімсіз екенін көрсетті. Ал оларға қарсы 1991 жылдан бермен қаруланбаған сол баяғы ирак әскері қарсы тұрды. Басында айтылғандай тек ролдері ғана ауыстырылды. Енді америкалықтар мен британдықтарға әскери жоспарда Ирактардың үлкен бөлігі қарсы тұрады, ал саяси жоспарда осы коалицияға кірмеген қалған әлем. Әскери эксперттердің ойынша, бұл соғысты әлі басталған жоқ деуге болады. Бірақ, қазір-ақ, егер экстраординарлық бірнәрсе өтпесе, бұл әскери әрекет ұзаққа созылатыны байқалуда. Аз қан төгумен соғысты бітіру бұл жолы бомайды.
Әрбір кезде, Батыстықтар алдымен ағылшындар тұлғасында, енді – американдықтар тұлғасында Иракта берік қарсылыққа кездеседі. Әрине соған сәйкес, оны басу үшін және өз мақсатына жету үшін көп күш пен қаражат жұмсауға тура келеді. Оның орнына аз мөлшерде пайда түседі және бұрыңғыдай бұл мәселе бірнеше жүз солдаттар мен канонеркалармен шешілмейді. Сол кезден бастап шығын және жоғалым қисығы жоғары, ал шешілген сұрақтардан алынатын “дивидендтер” қисығы – төмен жылжуда. Бүгінгі күнде АҚШ пен Ұлыбритания бұрынғы колонниалды саясатты туғызуға күш салады. 20 ғасырдың екінші жартысында мұны қолдануда өздері бас тартқан болатын, экономикалық және саяси тәуелділікке жол беріп. Дегенмен, биполярлы әлемнің бұзылуы моментінен бастап бұл жүйе жиі тоқтап қалды. Ескі әдістер қазіргі уақытта бұрыңғы өзінің міндетін атқара алмайды. Ирак секілді елдер үшін жаңа бірнәрсе ойлап табуға Батыстың әзірге жағдайы келер емес.

1.2 Әскери әрекеттің басталуы

Ирак айналасындағы бір жарым жылдық “дипломатиялық соғыс” аяқталды. 20 наурыздың таңында әлем нақты, айтылмастай зардапты соғысқа кірді. АҚШ – тың Иракқа қарсы агрессиясы халықаралық қауіпсіздіктің қолданымдағы жүйесінің астыңғы сызығын сызды. Заң мен логика құқығы орына эмоция мен күш келді. Адамзат тарихында, оның аяғы болатын жаңа эпоха басталды1. Әзірге, шынында, мұндай “қара ой” іске аспас деген үміт бар. Бірақ, Персид шығанағындағы екінші соғыстан соң не боларын кім біледі. АҚШ, Ұлыбритания және Исания басшыларының Азор аралдарындағы кездесуінен соң “Ирак проблемасын” бебітшілік жолмен шешу мүмкін еместігі белгілі болды. “Үштік” басшысы БҰҰ- нан үзілді – кесілді өз көзқарасын анықтауды талар етті. Қауіпсіздік Кеңесіне бұл үшін 24 сағат берілді, мұны кіші – Дж. Буш “ақиқат моменті” деп атады . Бұл жерде әрине оныкі шындық. Егер “Ирак мәселесінің” күштік шешіміне қарсылар көнсе, онда адамзатта ешқандай үміт қалмас еді. Наурыздың 17 күні кешке жаңа резолюцияның өшпейтіні белгілі болды.
БҰҰ ҚК 15 мүшесінің 11- і қарсы дауыс беретінін, ал оның үш тұрақты мүшелері өздерінің құқықтарын қолдануға дайын екенін түсініп, АҚШ пен Ұлыбритания өз резолюцияларының жобасын қайтып алды. Ресей, Франция және Германия 18 наурызда шұғыл СІМ басшылары деңгейінде қауіпсіздік кеңесін шақыруды ұсынғанмен, ал БҰҰ-ның жетекшілері Ханс Бликс пен Мұхамед Аль-Бараден БҰҰ ҚК Бағдад ынтымақтастығы туралы жаңа баяндама жасауды ұсынса да, АҚШ бұған көңіл қоймайды. Жағдайдың БҰҰ-да бұлай өз өрістеуі жеңіліспен бірдей болды, әсіресе Дж.Буш үшін өте резолюцияны қайта шақыртып алу, “БҰҰ-мен ойын” аяқталғанын көрсетті, қауіпсіздік кеңесі одақтастықтан қарсыластыққа ауысты.
Тәулік бойы әлем күтуде болды. 18 наурызда Дж. Буш ұлтқа үндеу жасады. Бұрынғыдай ешқандай дәлелсіз, аргументсіз, тұтас эмоциалар және американың басымшылығы ғана айтылды. Дж. Буш жариялаған ультиматум - “Саддам Хусейнмен оның ұлдары 48 сағат ішінде Ирактан кетуі керек. Оны орындамау қай уақытта біз бастағымыз келсе, басталатын соғысқа әкеледі.” Біраз сағаттан соң Бағдадтан БҰҰ инспекторлары кетті: соғыстың болатынына көз жетті. Мүндай жоспарлар ақпан аяғымен, наурыз басында кеңесілді, кейбір мемлекеттер, тек қана Ислам елдері емес, Саддамға саяси орын беруге дайын болды.
Күдікке Ақ үй пресс-секретарі Ари-Флейшер айқындық берді: “Егер Ирак басшысы Саддам Хусейн елді тастап кетсе де, Америка әскери Иракқа кіреді, тек қана бейбіт түрде, өйткені шабуылдау мен оқ атуға бұйрық болмайды”. Дегенмен, соғыс себебі басқа да. Азор аралдарындағы кеңес алдында АҚШ вице-президенті Дик Чейни Ирактағы операция мақсатын атады: АҚШ пен оның одақтастарына қарсы тұратын кез-келген күшті жою; Саддам Хусейн үкіметін тарату; массалық жою қаруын жою; региондағы мемлекеттердің аймақтық тұтастығын қамтамасыз ету; Иракта нағыз халық үкіметін құру. Мүмкін солай да шығар, дегенмен, кейбір мақсаттар сенімсіздік білдіреді. Бірақ, мақсат пен себеп - әртүрлі категориялы нәрселер. Иракқа соққы бергеннен соң аптадан кейін, президент Буш соққыға 4 күн берген ол, енді ай керек екенідігін айтты1.
Компанияны өткізу қарқынын қайта қарау – ТО. Бұл біріншіден, Құрама Штаттардың алдын ала қаралмаған жағдаймен кездескенін; екіншіден - әскери әрекеттер ойланған жоспардың жоқтығын көрсетті. Еске түсірсек, тура осындай мезгіл мен жоспарды қайта қарау Ұлы Отан соғысында Германияны жеңіске әкелген. “Коалиция” ұшқыштары фронт операцияларын жүргізуге төменгі дайындықтарын көрсетті.
Американың командирлері мен саяси басшылардың Иракқа әскери қару қойған Ресейге арыздануына қарағанда жоғалымдар одақтастарды ыңғайсыз жағдайға қойғандай. Американың әскери цензурасы қалқанынан өткен аз мәліметтердің өзіне АҚШ-тың ондаған бронетехника жоғалтқаны мәлім. Әскери тойтарысының ашу алуға АҚШ бейбіт объектілермен елді мекенді бомбалай бастады. Жеке “әскери эксперттердің” “80-100 мың күрті әскерлері АҚШ ресурсу болады. Сонын көмегімен солтүстік фронт ашылады” деуі өтірік болып шықты. Эксперттер соғысқа қарсы көңіл-күй “Вьетнам” деңгейіне жеткенін көрсетті. Дегенмен, соғыстың басты сюрпризы - күрессіз Бағдад пен Тигридтің берілуі еді, Саддам пропагандасы оны “Ирак Сталининградына” айналдырам деген еді.
Парадокстер сәуір басында басталды, екінші сәуірде 7000 үшінші дивизия тобы Евраттан өтіп, қорғалмаған, миналанбаған Эль-Мусайиба көпірінен өтті. Басыраны қорғаушылар әрекетін көрген бақылаушылар, Саддам Хусейн де бір кезде Кутузов қолданған стратегияны қолданады деп болжады: авангардты өзіне тартып алып, содан – соң басқаларға сабақ болатындай етіп оның талқанын шығарады деп2. Бірақ, ешнәрсе болмаған күйі, бесінші сәуір күні американдықтар Бағдад шетінде реид жасайды. Алтыншы сәуірде американың бірнеше танкісі Бағдад орталығына дейін жетіп содан – соң ешқандай шығынсыз қайтадан өз жайғасымына оралады. Мұндай нәрсеге америкалықтар бір жағдайда ғана жасай алатын еді – егер күшті қорғану шеңберінде оларға қауіпсіз коридор берілгенде немесе сол шеңбердің тіпті болмаған жағдайында, екіншісі шындыққа жақын сияқты. Бұл ойды тек қана тарих шешеді. Алтыншы сәуірден бастап американдықтар барлық фронт бойынша жеңіске жете бастады, тоғызыншы сәуірде қарсылықсыз Бағдадқа кірді. Американдық қоғам екіге бөлінді, адамдар “бұрыңғы достармен және туыстармен тұмсық бұзуға дейін өтіп кететін” ұрыс – жанжал шығармау үшін, ирактағы соғыс тақырыбын сөз етуден қашады1. Саясаткер – демократтар жағынан, республикалық әкімшіліктің басына түскен келеңсіз жағдайды, өз пайдасына пайдалану бойынша бірінші қадамдар жасауы байқалады (атап айтқанда әзірге жеке конгрессмендердің жариялары мен демарштары). Сондықтан, америкалық авантюраның қолайсыз аяқталуына болжау жасауға негіз бар еді, тіпті Американың әскери – саяси жеңілуіне дейін .
Оқиғаның келесідей түрде дамуы мүмкін еді. АҚШ пен Ұлыбритания жаяу күштерінің жаңа жеңілісінен соң, АҚШ – тағы соғысқа қарсы қозғалыс өрши түседі, қоғамның пацифисттік көңіл – күйдегі бөлігінің бүгінгі белсенділікті 28 % - тен 35 – 45 % дейін кеңее отырып (әңгіме тек ресми мойындалған сандар туралы болып отыр, Гэллап әдістемесі бойынша алынған. Ресми емес сандар бұдан да әлдеқайда көп болуы мүмкін). Бұл жағдайда өкіметтің заңгер және орындаушы тармақтарында бөлінуі пайда болады, жалпы айтсақ Конгресс пен президент арасында.
Бұл кезге АҚШ пен “коалиция “бойынша одақтастар қатынасында тоқырау пісіп жетеді. Бұл жерде, Ұлыбританияның АҚШ – тың өмір сүру проблемасымен бас ауыртпайтынын еске алу керек және бұл операцияны тек америка басшыларын өзінің беретін көмегіне қатаң тәуелді ету үшін ғана қажет етеді. Ұлыбританияның өзінде өсіп келе тұрақсыздық кезінде (соғысқа қарсы шығушылар деңгейі 80 % асып кетеді), Блэр бәрінен бұрын тұрақсыз Австралияны да Иракка қарсы соғыстан шығуға итермелеуі мүмкін. Бұл америка басшыларыбойынша күшті соққы болады және АҚШ – ты британ көмегіне қатты байлайды. Осыдан соң америка баспасөздерінде республикалық әкімшілік қызметкерлерінің және АҚШ күш құрылымдарының 11.09.2001 жыл оқиғаларына қатысын әшкерелейтін әңгімелер басылатын болар2.
Халықаралық ұйымдардың мүмкіндікті соғыс қа қатысты шығындар туралы ойлары бір жерден шығады. Мүмкіндікті соғыста және оның соңғы нәтижесінде ең үлкен шығын АҚШ – тың үлесіне тиеді. Содан кейін Израиль, Ирак. Төртінші орында Ұлыбритания. Тек жанжалдың басты себепкері – массалық жою қаруы – солай белгісіз қалады, бірақ Ирактың кәдімгі әскери күші дәлдікпен қанша екені белгісіз. Бұл АСТРИС зерттеу орталығының мәліметі. Ирак халқының саны 26 миллион емес (БҰҰ мәліметі) ,27 миллион 570 мың. Ирак қорғаушыларының патриоттық деңгейі өте жоғары белгіленеді: 98 %.
Ирактың қарсыласуының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ пен НАТО: ланкестікпен күрес
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
Кедейшілікпен күрес. Қауіпсіздік мәселесі
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
Шиалық атаудың қалыптасуы
Орталық Азия және Қазақстанның қауіпсіздік мәселелері
Иранға АҚШ президенті
20 – ғасырдың екінші жарысы – 21 ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар
Буш бастаған консерваторлардың билiк басына келуi
Пәндер