Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І-тарау Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
ғылыми-теориялық негіздері.
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны,
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Оқушыладың танымдық белсенділігін арттыруда ғалымдардың ой-
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...13
ІІ-тарау Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың
танымдық белсенділігін арттыру.
2.1. Оқыту процесінде 5-6 сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін арттыруда экспериментальдық жұмысты жүргізу
және оның
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..23
2.2. Оқушылардың танымын қалыптастырып дамытудың педагогикалық
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:
Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық
әдебиеттерге теориялық талдау жасау; орта мектептерде оқушылардың оқу
үрдісін бақылау; оқушылар, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу,
сауалнама алу;
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді педагогикалық,
психологиялық тұрғыда саралау; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін
және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік-
эксперимент жұмысының мәліметтерін жалпы қорытындылау.
Зерттеу мақсаты:
Жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып сабақтарын оқыту үрдісінде
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жолдарын теориялық тұрғыда
негіздеп, оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. 5-6 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың теориялық
негіздерін жасау.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық
шарттарын белгілеу арқылы оның мазмұны, формасы мен әдіс-тәсілдерін
айқындау.
Зерттеудің теориялық мәні
Табиғат пен қоғам дамуының байланысы туралы диалектикалық теория,
жеке тұлғаның үздіксіз қалыптасуы мен дамуы туралы философиялық ойлар;
таным теориясы, оқушы – жастардың таным белсенділігін арттыруға қаратылған
оқу жүйелеріндегі құжаттар жиынтығы жатады.
Зерттеудің практикалық мән:
- қазіргі жағдайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
әдістемесі жасалынды;
- оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар жасалынды;
- зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәні
бойынша оқушылардың ересек тобында жүргізілетін іс-шараларда
пайдалануға, мектеп мұғалімдер қызметінде, жоғары оқу орнында маман
даярлауда, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында
пайдалануға болады.
“Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми-
теориялық негіздері” атты бірінші тарауда оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері көрсетіліп,
танымдық белсенділік, мазмұны, қалыптасу деңгейлері айқындалады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру педагогикалық шарттары,
мүмкіндіктері қаралады.
“Оқыту процесінде инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мазмұны, формасы мен әдістері” атты екінші тарауда
оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін инновациялық
технологиялар арқылы арттыру қарастырылады. Инновациялық технологияларды
сабақта қолдана отырып оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін
жасайтын тәжірибе-эксперименттік жұмыс нәтижелері көрсетіледі.
І-Тарау. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
ғылыми-теориялық негіздері.
1.1 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мәні, мазмұны құрылымы.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын терең
теориялық мазмұнсыз, оқыту процесіндегі дидактикалық белсенділік
принціпінсіз, ҚР жалпы орта білім беруде қазіргі концептуалдық жолдарды
есепке алмастан шешу мүмкін емес.
Оқушының танымдық белсенділігі педагогикалық құбылыс ретінде әр
оқушының белсенді өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың
белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада, еңбекте адамға өмір
сүру образының қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі процесінде
әсіресе рухани дамытатын оқыту процесінде қалыптасады. Оқушының
белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық
белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде танылатын
фактор оқыту процесіндегі белсенділік принципі. Соңғы жылдары педагогикалық
теория мен практикада оқту процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін
көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады;
- Оқушы оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;
- Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа
мазмұны ойластырылып енгізіледі;
- Жаңа ұрпақтың жалпы білім беретін мектепте арналған оқулықтары
оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Бұл оқулықтарда құбылысты факт жүзінде емес, оның мазмұнын
түсінетін деңгейде және ол оқушылардың белсенділігін дамытуға
бағытталған.
- Жаңа педагогикалық және ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану
оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік
танытуда. Дидактикалық ықпал етуде түрлі психологиялық ықпалдар әсер
етті.
- Оқушылардың дидактикалық жұмысында оқушының және жұмыс көлемі көбейеді,
оқушылардың таным процесіндегі белсенділігін арттыруда және жұмыс мазмұны
мен көлемі елеулі өзгеріске ұшырайды.
- Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі.
- Оқытуда техникалық құралдар мен ақпараттық технологияны енгізу.
- Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке
алынады.
- Оқу процесіне ұжымдық шығармашылық енгізу.
Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды оқымыстылар білім беру
сапасының жоғарылағанымен шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның
әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады.
Оқымысты дидакттар белсенділік принціпін іске асыру үшін оған әр
қырынан кіріседі. Ю.К. Бабанский, В.С.Ледиев, И.Я.Лернер және т.б.
белсенділік принціпін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту
әдістерімен, оған проблемалық тұрғыдан қараумен байланыстырады.
“Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әркеті”, “шығармашылық
белсенділігі”, “танымдық өзінділігі” категориялары мен астарласып жатады.
“Танымдық белсенділік” түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау
әрекеттерінің айырмашлылығын ашып алу керек.
М.Н.Скаткиннің ойынша олардың айырмашылығы мынада, танымдық
белсенділікте тек ойлау әрекеті емес, бақылау, ес, ерлік процестері де орын
алып, онда адамның қоршаған ортаға көзқарасы айқындалады. Ойшыл ешнәрсені
танымауы мүмкін, ал тану ойлаусыз мүмкін емес.
Танымдық белсенділікті арттыру оқушылардың белсенділігін қалыптасыру,
білім беру процесінің күшейтілуі үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі
(ойлау) белсенділігі мен сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата
білудің маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі белсенділік түрінің
де өзіндік орны бар. Алайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты, сыртқы (моторлы) әрекет
мұнда ішкі белсенділіктің қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет
атқарады.
Оқушылардың белсенділігі проблемасының танымдық белсенділік
әрекетіне қатынасы қазіргі педагогика оқулықтарында айтылған. Сонымен,
И.П.Подласый, танымдық және белсенділік принциптеріне қарай келе былай
көрсетеді “оқушының өзіндік танымдық белсенділігі оқудың маңызды факторы
болып табылады және оқу материалының тақырыбының терең және берік игеруіне
жетекші рөл атқарады”. Оқытудың ерекшеліктерін бақылау арқылы оқудың таным
және белсенділік принципін қалыптастыруға болатынын айта келіп
“белсенділікті тәрбиелеу үшін не уақытты, не күшті аямаңыздар”. Бүгінгі
белсенді оқушы-ертеңгі белсенді кәсіп иесі, қоғам мүшесі екенін естен
шығармаңыздар деп ескертеді.
Дидакт- оқымыстылар танымдық белсенділік түсінігін оқуға түрлі
жағынан қарайды. Б.И.Есипов “белсенділік” және “өзіндік” түсініктерін
шектей келе былай деп жазады: “оқушылардың белсенділігі оқу жұмысының
барлық кезеңінде қажетті”. Оның ойынша белсенділік түсінігінің ауқымы
өзіндік түсінігіне қарағанда кең, “белсенділік оқушының өзінділігінің бір
дәрежесін көрсетеді”.
Г.М.Муртазин танымдық белсенділік әрекеті түсінігін оқыту танымдық
процесін мақсатты түрткі, қалыптастыру және осы прцестерін күшейту
бағытымен байланыстырады. Өкінішке оарй біздің көзқарасымыз бойынша автор,
белсенділік пен оған жету жолдарын шатастырып алған сияқты. Енді бірқатар
зерттеулер танымдық белсенділікті жеке тұлғаның бір бөлігі ретінде қарап,
бұл түсініктің психологиялық жағына көңіл бөліп, шығармашылық және
репродуктивті белсенділікті бір-бірінен бөліп алады. Сонымен, танымдық
белсенділік түсінігін әр авторлардың түрлі позициядан қарауы танымдық
белсенділік түсінігінің дамуына ыққпал етіп, оған әр қырынан талдау жасауға
мүмкіндік береді. Бір жағынан бір мәселеге бұлай түрлі жақтан қарау
қарастырылып отырған категорияларға нақты көзқарастың қалыптастыруды
қиындата түседі.
Таным белсенділігі түсінігі туралы жарық көрген негізгі басылымдарға
талдау жасай келіп, бұл сұраққа ғалымдар екі тұрғыдан қарауды ұсынады:
- Танымдық белсенділігі әрекет ретінде қаралады;
- Танымдық белсенділігі және тұлғаның бір қыры ретінде.
Т.А.Шамованың дәлелдеуі бойынша, бұларды бір-бірінен бөліп қарауға
болмайды. Бұларды диалектикалық бірлікте қарау танымдық белсенділік арттыру
түсінігін қалыптастыру үшін маңызды. Және ол әрекет мақсаты үшін де оған
жету мен нәтиже үшін де маңызды рөл атқарады.
Оқытудың мақсаты мен оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес,
сонымен қатар олардың және қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің
бірі танымдық қызғушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік
және оқу-танымдық әрекет арқылы білімді тиімді игеру оқу-танымдық мақсатта.
Мұнда эмоционалдық, интеллектуалдық адамгершілік процестердің комплексі
көрініс табады. Бұл қасиеттер табылатынын оқушының белсенділігі мен
байланысты таным процесінде негізінен көп кездеседі. Бұл жағдайда
белсенділік мақсатқа жетудің жолы ретінде қаралады.
Қорытындысында, субъектілігі белсенді жағдайға алып келу оның сыртқы
орта мен қарым-қатынасының нәтижесі. Танымдық белсенділікке және
индивидуалды қасиет тән. Белсенділік, танымды қалыптастырушы фактор
ретінде, адамның туа біткен қасиеті емес – ол танымдық әрекет процесінде
туып, қалыптасып, танымға, ойлау дәрежсесіне, оқушының және еркі қабілетіне
байланысты сипатталады, сонымен бірге белсенділік әрекет сапасына ықпал
етеді.
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең
бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың
оқу танымдық іс-әрекеті ұғымдары ойлау іс-әрекеті ұғымдары жиірек
пайдаланылады. Ойлау және таным ұғымдарына анықтама берер болсақ,
философиялық инциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың
белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының
жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан таным ойлауға қарағанда әлде
қайда кеңірек ұғым философиялфқ сөздікте таным объективті шындықтың
бейнеленуінің жоғарғы формасы ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның
жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші
объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын
басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп
көрсетуде болып табылады.
Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әректтің ерекшелігінің біріне
оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің
құрылымына жататынын компоненттік енеді. Алайда бұл іс-әрекеттің
мақсаттылық және бағдарламалық сиапты міндетті түрде біліммен, білікпен,
дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс-
тәсілдермен, оның ұйымдастырумен шектеледі.Осы мағынада алынғанда танымдық
іс-әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына
тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі.
М.А.Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас
ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да
болып табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс-әрекеті жас ұрпақтың
міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отыратын іс-әрекеті болып
табылады.
Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде
В.И.Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990).
Автор жеке тұлғаның белсенділігін талдай және жүйелей келе жеке тұлғаның
мәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың
орнына алып отырағынын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.
1. Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория
болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік
ретінде көрініс табады.
2. Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.
3. Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.
4. Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.
Танымдық белсенділікті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға
ұмтылушылық пен, ерік-жігер көрсетуімен сипатталатаны шәкірттің хал-
жағдайы; білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен ұмтылушылық;
ақыл-ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе, В.И.Лозовая
олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады дегенге меңзейді.
Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді ол, жеке адамның білім алуды, қол
жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз
қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып
табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде
танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық
белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның
ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Таным – ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау,
салыстыру, тәжірибе жинақтау , оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім
негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл –ойын өсіру үшін
олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек. Егер бала ойын, оқу
әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды
қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі
объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру,
танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – ол мектептегі оқытудың
негізгі мәселелері.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру
үшін С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді,
логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл
оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен
жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден – бір
тәсілі болып табылады" деп көрсетті.
Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға , білімге деген ынта
– ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың
өзіндік белсенділігін қалыптастыру мәселесінің маңызы өте зор.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты
жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол
пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік
танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Төменгі мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқыту
үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің көбеюінің
маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл
оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс
түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту
үрдісінің қозғаушысы - ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-
әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі
-өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, оқушылардан мидың белсенді жұмыс істеуін
қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда
болады.
Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай
қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлану біліктері .
2. Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.
3. Өз ойының дербестігі.
4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі.
Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімінің
көмегінсіз жасайды. Әрбір оқу пәні оқушылардың алдына көптеген міндеттер
қояды және оқушылардың әрекеттерінің жиынын, олардың алған білімдерін,
арнайы біліктерді пайдаланып, жұмыс істеуді талап ететін, әр түрлі
сипаттағы өзіндік жұмыстар түрінде анықтайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның
негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық
қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы
деңгейіне көтеру деп санайды.
1.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда ғалымдардың ой-
пікірлері
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді
тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін айтқан. Жалпы білімге деген
құштарлық – кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Ал, В. Г. Лембергтің
пікірінше, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты.
a) Жұмыстың мақсатын түсінуі.
ә) Жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы.
б) Жұмыстың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы
болып табылады. Оқушы-лардың танымдық қызығушылығы, олардың білім сапасы
мен даму деңгейіне байланысты болып келеді.
Оқушылардың танымдық ынта – ықыластары олардың білімінің деңгейі мен
санасына ойлау іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты. Танымдық іс-әрекетке
деген ынта – ықыласты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы
жетістікті қамтамасыз ету, оқушылардың артта қалуының алдын алу, жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану, ақыл-ой қабілеттігін дамыту т.б.
Сонымен төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігі дегеніміз –
мұғаліммен оқушылардың оқу іс -әрекетінің субъектісі ретіндегі өзара
әрекеттесуі мен оқушылардың өзара қарым – қатынасының бірлігін сипаттайтын
күрделі тұлғалық құрылым болып табылады.
Мектептегі таным процесі тек білім берушілік емес, сонымен қатар
тәрбиелеушілік , дамытушылық сипатта болады. Танымдық білімді игеру
барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен
сенімдері қалыптасады.
Танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі
мотивті қалыптастыру, білімді сапалы түрде игеру және оқу – танымдық
белсенділікті қорытын-дылау негізінде құрылады .
Оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі
белсенділігі әр түрлі деңгейде болады. Мысалы, танымдық белсенділігі орта
деңгейдегі оқушы көп нәрсені білгенімен, оның мәнін ашып бере алмайды.
Біраз қиын тапсырмаларды орындай алады, бірақ ондай тапсырмаларды орындау
үшін едәуір күшін жұмсайды.
Оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін арттыру барысында Г. И.
Щукинаның, Т. И. Шамованың, Н. Ф. Талызинаның, ал Қазақстан ғалымдары Т.
Сабыровтың, А. Аренованың, М. Асылханованың ғылыми еңбектерінде бірқатар
орын алған.
Басқа зерттеушілер өзіндік жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді тәсілі деп санайды
О.А.Нильсон, И.И.Пидкасистый және т.б. Л.П.Прессманың, С.Г.Шаповаленконың,
Н.М.Шахмаеваның т.б. айтуы бойынша оқытуда техникалық құралдардың енгізілуі
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жетекші факторы.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру И.М.Чередов,
И.Ф.Харламов, С.Абылқасымова, М.И.Махмутов және т.б. пайымдауынша олармен
жеке жұмыс барысында қалыптасады. Олай болса, оқушылардың танымдық
белсенділігі түрлі жолдармен арттып отыратынын соңғы он жылдық
зерттеулерден байқауға болады. Біздің зерттеуіміз үшін танымдық
белсенділігін және “оқытуды арттыру” сияқты түсініктер басты назар аударуды
қажет етеді.
В.Г.Казанов, Л.Л.Кондратьев сынды психологтардың айтуы бойынша, адам
белсенділігінің түрткісі ретінде биологиялық және әлеуметтік қажеттілікте
болуы мүмікін. Туа біткен қажеттіліктің ішінде оқу әрекетін қалыптасыруда
ерекше мааңыздылары белсенділік пен ақпарат қажеттілігі. Бұлардың біркеуі
болмасын біреуіне шектеу жасау интеллектуалдық эмоцияның ерікті дамудың
ақауға алып келетін жағдайлар жасап, оқу әректін қалыптастыруда іш
пыстыратын жағдайға алып келеді.
А. Аренова математика пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыру мәселесіне тоқталған.28,240
Т. Сабыров оқушының танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың
әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануды
қарастырған. 23,110
Қ.Жарықбаев өз еңбегінде танымды қалыптастыру процесі зейіннен,
қиялдан, ақыл-ойдан басталады,- дейді. Оқушылардың зейінін дұрыс
қалыптастыру барысында танымдық процесте мұғалімнің алатын орны ерекше.
Егер мұғалімнің зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, ондай мұғалім оқушылардың
зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. 29,101-102
Танымдық белсенділік дегеніміздің өзі - оқушының білімге деген ынта
– ықыласының ерекше бір көрінісі , яғни , оқушы білім алуда ілгері қарай
жылжып , білмеуден білуге қарай қадам басады.
Мысалы : ағылшын тілі сабағында оқушының белсенділігін арттыратын
әдістерді қолдану, әртүрлі ойындар арқылы оларға тапсырмалар беру.
Оқушылардың тапсырмаларды орындау жеке-дара шығармашылық,
қызығушылық өзіндік жұмыс арқылы танымдық іс - әрекеті қалыптасады.
Сабақтарда оқушыларға білім, тәрбие беріп, олардың қызығушылығын, ынта –
ықыласын және танымдық қасиеттерінің артуына мүмкіндік жасауымыз қажет.
Мысалы: мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығы сурет салу, ән – күй,
кино, өлеңмен таныстырып, дамытып отырудың маңызы зор. Оқушылардың танымдық
белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының
жақсы оқу қабілеттілігіне, сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым
қадағалап отыруына байланысты. Оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану,
зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне
жетудің бірден-бір кезі.
Қазіргі заман талаптарына сай оқушыларды өзінің шыққан тегін,
қоршаған ортаны, жақсы мен жаманды ажырата білуге, отанын сүюге, білімге
деген құштарлығын оятуға, танымдық қасиетін дұрыс жолға қоя білуге
үйретуіміз қажет.
1.3. Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
педагогикалық шарттары.
Оқытудың мақсаты тек оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана
емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай
қасиеттердің бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған
танымдық белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып
табылады. Оқушылардың шығармашылық күштерінің, бейімділігін және
қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы
толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл
жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі.Танымдық қызығушылық
барысында ықылас ерекше көрініс табады.
Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген
жағымды ынта негізін құрайды, оны біреулер білімге деген құмарлық деп
қараса, басқалары оқуға деген әуестік деп топшылайды. Психолог
мамандардың пікірінше, танымдық ықылас ізденіс сипатына ие болады. Оның
әсерімен адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді
іздеп табады. Мұның барысында оқушының ізденістік әрекеті қызығушылықпен
іске асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.
Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай,
танымдық ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және
нәтижесіне тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау,
қиялдау, есте сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік
және бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды
оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас
ықпалымен, тіпті әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны
Л.С.Славинаның зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
атқаруда тек оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей
оқу жағдайын, өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға
өзгертті. Мұның нәтижесінде оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды:
үлгерімі төмен және жалқау оқушылар қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының
ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын
болып көрінетін мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті.
Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда
шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін
іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда
белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал
сыныптастарының ұжымы ішінде – білім алудың қосымша қайнары, қызықты және
танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық
жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған
жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам
жұмыс атқарады. К.Д.Ушинский оқуға деген ықыласты ойға толы ықылас деп
атайтын .
Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде
қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму
беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең
білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың
мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың
тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық
ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі
қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына
бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға
болады:
• ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының
болуы;
• тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
• игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
• анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
• ой сапасының дамушылығы;
• жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
• ойлау үнемділігі;
• интелектуалды белсенділік пен дербестік;
• ойлау әрекетінің жалпылануы;
• ойлаудың саналылығы;
• ойлау әрекетінің нұқалылығы;
• ойлай әрекетінің тұрақтылығы;
• ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
• оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге
қажеттіліктің қалыптасуы.
Төменгі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын
арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез
келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
- мұғалім мақсаты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеуішін түсіндірмейді;
- мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі
ретінде қарастырады;
- қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі
таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан
біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
- жаңа тарсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше
мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін
тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында
білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім
жүйесінің заңды нәтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған білімін
(дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда,
азаматтық бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең.
Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап
бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық
қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының танымдық мотивациясын
арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек:
- мақсатты қоя алу ( мақсатты түсіндіру);
- мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
- нәтижені бағалай алу 32,34-36.
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана жүзеге
асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені мұғалім
оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол
мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің
талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз
қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды.
Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген
қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой
ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар
әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде
ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген
көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен
айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни,
бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік
беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену
керек. Егер түсінік жоқ болса, адам әлемінің барлық түрлілігін тану керек,
нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық
заттардың, құбылыстардың жалып қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде
қарастырады.
Біздіңше, төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын
жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну ғана
болады. Танымдық қабілетті арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде
төменгі сынып оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың
өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, белсенділігі және тіліде дамып, логикалық
ойлау қабілеті қажетті деңгейде дамиды, ал соның арқасында бастауыш
мектептер орта білім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз.
Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын
қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру
оқушылардың жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы
түрде игеріп, оның танымдық- шығармашылық және қарапайым есептерді шешуге
дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін
дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, серік-жігер
мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсересе, жоғары сынып оқушылары мен
төменгі курс студенттерімен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді.
Сондықтан оқытушы оқушылар өзінің қызығуын толық түрде
қанағаттандыратындай, өзінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге
асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне
айналу үшін оның бойында өз күші және білімі игеру қабілеті мен қатар
дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек. Танымдық
белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның
көмегінсіз орындауы мен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар
қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттай отыру мүмкіндігіне ие болу
керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан
қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін
жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізігі
қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз.
Мазмұндық-амалдық бөлік негізінде білім жүйесі мен жаңа білімді өз
бетінше жетілдіру мүмкіндігін ашатын басты білімдер жүйесінен және оқу
танымдық іс-әрекеттер тәсілдерінен құралады.
Процессуалды-жігерлік бөліктің негізін оқушыларда таным кезіндегі
кездесетін қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік-жігерін болуы және оның
өзінің дербес іс-әрекетінде жүзеге асыру дайындығы құрайды.
Біздің жүргізген зертеулерге қатысты осы үш бөлік оқу үрдісінің барлық
кезеңдерінде диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өты тығыз байланысты
болатындығы анықталды. Осы бағытта жүргізілген жұмыстарға жасалған
талдаулар мен өз байқауларымыз: бізге танымдық белсенділіктің негізгі
бөліктерін мынадай белгі-шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы анықтауға
мүмкіндік береді.
Біз оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың негізгі жолының
бірі ретінде олардың сыныптық және сыныптан тыс дербес оқу-зерттеу
жұмыстарында компьютердің мүмкіндігін пайдалануды таңдадық. Сонымен қатар
оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей дидактикалық
шарттар орындалуы тиіс деп есептейміз:
- оқытудың алдынғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдау арқылы қалыптасатын
теориялық білімнің болуы;
- компьютерлік технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу
және оқудан тыс өзіндік жұмыстарының арнайы жүйесін жасауға оқушылардың
белсенді араласуы;
- компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу
және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім
сапасының анықталуы.
Осы жасалған теориялық моделдің негізінде танымдық
белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің сипаттамасын, оның бөліктерінің
қалыптасу дегейлерін жалпылау деп қарастыруға болады.
Біздің пікіріміз бойынша, мазмұндық-амалдық бөлік танымдық
белсенділіктің қалыптасуына мынадай деңгейлермен сипатталады.
1. дағды онша маңызды емес мәліметтерді қабылдау және оны қайталау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаты
игерілетін тақырыптың мазмұнына сай келмейді, олар тапсырмалар мен
есептеуде нақтыланбайды. Сондықтан жоспарлау қойылған мақсатқа
сәйкес келмейді.
2. Дағды хабардың жалпы мазмұнының негізгі идеясы анықталмай тұрып,
қабылдау мен еске түсіру деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық
белсенділіктің мақсаты тақырыпқа сай келгенімен, қойылған
тапсырмаға сәйкес нақтыланбайды. Жоспарлау жұмыстың барлық кезеңін
толық қамтымайды.
3. Дағды хабардың негізіг мазмұнын мен мақсатын танып, қабылдау
деңгейінде қалыптасады. Оқу-танымдық іс-әрекеттің мақсаты
анықталады және есептерді шешеуге нақты айқындалады. Осыларды
есепке ала отырып, жұмыстың нақты жоспары жасалынады.
Процессуалды-жігерлі бөлік танымдық белсенділіктің қалыптасуының
келесі деңгейлерінен тұрады.
1. Танымдық қиындықтарды жеңу дайындығы төмен. Оқушылардың ерік-
жігері әлсіз, сабақ үстінде өздерін босаң ұстайды, жұмысты
аяғына дейін атқармайды, оқу-танымдық іс-әрекетке өз бетінше
белсенділік, жүйелік танытпайды, т.б.
2. Танымдық кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-
танымдық іс-әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар
сабақ кезінде ынталанып, жұмысты аяғына дейін атқаруға
тырысады. Бірақ үлкен қиындықтарды жеңуде табансыздық
танытады.
3. Танымдық қиындықтарды жеңуге дайындық оқу-танымдық іс-
әрекеттің көпшілік түрлерінде байқалады. Оқушылар кез келген
тапсырманы аяғына дейін орындап шығады. Жыл бойы жүйелі түрде
жұмыс істейді.
Танымдық белсенділіктің қалыртастыруының осы анықтаған
сипаттамаларының негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі үш деңгейге
бөлінеді: төменгі, орташа, жоғары.
Төменгі деңгей белгілі бір көлемде теориялық білімнің толық
еместігіне күрделі емес тапсырмаларды игеру дәрежесімен, үлгі бойынша
тапсырмаларды орындауына өз бетінше жұмыс істеумен, оқушылардың оқуға
тиісті көңіл қоймауымен сипатталады.
Орташа деңгей білім негізінің болуы, оқушылардың білімге, өзіндік
жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, орта дәрежедегі тапсырманың игеру және
оны орындау алу қабілеті арқылы анықталады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық
белсенділігі даму үстінде деп саналады.
Жоғары деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген
қажеттіліктің қалыптасуы арқылы танылады. Яғни, оқушылардың оқу танымдық
белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамығандығы мен сипатталады.
Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық дербестігін ұйымдастырудың
негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол оқушы жастардың дербес танымдық іс-
әрекетін жандандыруға ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты
сабақ жүргізудің, ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол
оқушыларды дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықытру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz