Несиенің банк балансындағы көрінісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3-5
I БӨЛІМ Несиелеуді ұйымдастыру

1.1 Несиенің мәні мен
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6-13
1.2 Нарықтық экономикадағы несиенің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-15
1.3 Несиенің заңдылық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-
17
II БӨЛІМ Несиенің банк балансындағы көрінісі

2.1 Несиені ұсыну операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .18-22
2.2 Кепілхат,
кепілдеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22-27
2.3 сақтандыру
полюсі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...27-29

III БӨЛІМ Несиенің қайтымдылығын қамтудағы мәселелер ... ... ... ... 30-35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 36- 37
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 38
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...39-4 2

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы "Банктік несиелердің қайтымдылығын
қамтамасыз ету нысандары мен формалары"
Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілермен қатар
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің
пайда болуын өнімдерді өндіру сферасын іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл
тауардың бір қолдан өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас
кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнының қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының түбін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Қазіргі
кезде шаруашылықта несие ақша түрінде берілуде. Несие ақшалай қаражаттардың
екі жақты қозғалысын , яғни қаражаттың уақытша және уақыт өткен соң
қайтарылуын білдірсе, ал қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын
білдіреді. Несни мен ссуданың арасында айырмашылық бар. Несие – бұл банктің
қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың
әртүрлі формалардың болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір
формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссудалық шот ашумен байланысты
қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана фомасын
білдіреді.
Экономикалық катигория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасында несие қорын құру және оларды
қайтару, пайыз төлеу шартына белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру
негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы. Ұдайы өндірістік
фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар ақша қатынастарының, құнның
тауарлық жәе ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Қаржы-несиелік механизмінің үздіксіз қызмет етуінен және
тиімділігінен жекелеген шаруашылық бірліктерінің уақытында ақша алуы ғана
емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқыны тәуелді болады. Несие
жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік
операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық нысандардың, несиелеу әдісі
мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады.
Банк басшысы "Неселік қоржын " ішінде ақша қаражатын бөлу мәселелерін
шешуі қажет, бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын
мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай бөлудің негізі ретінде
салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс
қарастырылады. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру
деңгейін ұстап тұру қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне
тәуелді.
"Қаражаттардың жалпы қоры" әдісіне сәйкес орналастырылуына
коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі,
оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жиынтық, мерзімдік салымдар
және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің барлық
ресурстарды біріктіру идеясы алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп
саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру
құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын
үлестерін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде "басқа банктердің
қарыздары және қолда бар ақшалары" бабына кіретін активткр қарастырылады.
Оған басқа коммерциялық банктің корреспондентік шотындағы ақша және де
инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді.
Қаражаттарды орналастырудағы екінші мәселе , белгілі бір табыс алып
келетін "кассалық емес" өтімді активтерді құру мәселесі. Бұл резервтерге
жоғары өтімді табысты активтер жатады, олар өз кезегінде жоғалту тәуеклі
төмен және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: банк мекемесінде берілген несиелердің
қайтымдылығын қамтамасыз ету. Банк клиенттерге несие беру барысында
тәуекелділіктерді жою мақсатында банк мекемесі клиенттерден кепілдік
қабылдайды, яғни қамту нысандары. Банк несені ұсыну барысында алдын ала
қойған міндеттемелердің бірі ретінде қарызшының төлем қабілеттілігін
анықтау болып саналады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: несие экономикалық катигория ретінде
қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы
анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық катигория ретінде
бөлмейді. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасайды және өз мазмұнын
өзгертеді.
Курстық жұмыстың әдістемелігі: жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен
тұрады:
Бірінші бөлім несиелеуді ұйымдастыру, бұл бөлім өз кезегінде үш
тарауды қамтиды. Екінші бөлім несиенің банк балансындағы көрінісі, бұл
бөлімде үш тарауға бөлінді. Үшінші бөлімде несиенің қайтымдылығын қамтудағы
мәселелер қарастырылды.

I БӨЛІМ Несиелеуді ұйымдастыру
1.1 Несиенің мәні мен сипаты
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі
операция түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп
атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік
операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің
орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге
шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85% ұсынылған қарыздары үшін төлем
түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз
алады, коммерциялық банктердің шығындар құрылымының 80%-ға жуығын салымдар
мен депозиттер, сол сияқты банкаралық несиелері бойынша несиелік пайыз
төлеу шығындары кқрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері
бойынша жіктеуге болады.
1. Кредиторлар бойынша:
- Орталықтандырылған , бюджеттік, банктік , банктік емес қаржылық
ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- Қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі),
бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға
несиелер;
- Экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл
шаруашылығына , өнеркәсіпке , саудаға және т.б.
- Жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);
3. Банктік несиені қолдану мерзіміне байланысты мынандай
түрлерін ажыратуға болады:
- Қысқа мерзімді;
- Ұзақ мерзімді.
4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер,
айналым капиталына несиелер;
5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болуы бойынша;
- Қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
- Сақтандырылған;
- Қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).
6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты,
аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, ломбардты, жеңілдікті,
онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие,
факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншікті айналым құралдарының
жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын;
экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-
әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған
шикізат, материалдар, құралдаржәне басқа да мүліктер, ломбардтық
кепілді-несиелік операцияларды, театрлардың табыстары мен
шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды
қаржыландыру; еңбекакы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез
шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын
несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы
қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несие – мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады.
Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың
қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі кездде осы уақытқа дейін қолданылып келген кәсіпорындардың,
ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып
табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өз қызметін пайдаланғысы келетін
несиелік ұғымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес,
бірнеше банктерде ашуға құқылы.
Жүргізіліп отырған несиелеудің сызбасын либерализациялау, сөзсіз
клиенттің мүмкіндіктерін кеңітеді, оның ішінде несие алу кезінде,
банкаралық бәсекелестікті дамытуға жағдай туғызады. Несиелеу жүйесі банк
ресурстарына кәсіпорын ретінде сүйенеді. Бұл қалыпты жағдай сияқты
көрінгенімен, бұрын қолданыста болған сызба бойынша несиелік мекемелер оған
жоғарыдан берілген несиелік ресурстар есебінен жұмыс істейтіндігі туралы
елес тудыратындығымен ерекшеленеді. Іс жүзінде төмендегі банктер
қабылданған барлық ресурстар орталықиандырылған түрде КСРО Мемлекеттік
банкінің басқармасына беріліп, ол жерден несиелеудің шектеулері түрінде
төмендегілерге жіберілетін. Осы шектің көлемінде белгілі бір аймақтардың
клиенттерін несиелеу жүргізілетін.
Банк бөлімшелері олардың активтері Мемлекеттік банктің пассивтерінен
тәуелді болмағандықтан, қаржыларды жинауға мүдделі болмайды. Несиелеудің
қазіргі заманғы жүйесі басқа негізде құрылған: берілетін несиелердің көлемі
толығымен тартылатын қаржыларға тәуелді. Бұл берілетін несиелердің
көлеміне, яғни несиелік мекемелерде қалатын пайда мөлшеріне әсер етеді.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет
көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытаға маңызды рөл атқарады.

Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа бөлінеді: активті-
банк қарыз бере отырып кредитор ретінде қатысса; пассивті- төлемділік,
мерзімділік және қайтымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа
банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде қатысады.
Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады:
қарыз және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік
операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде де
жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар: біріншіден, клиенттер мен несиелік
операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операцияларынан; екіншіден,
басқа банктерде орналастырылған депозиттерден тұрады. Пассивті несиелік
операциялар үшінші тұлғаның және тұлғалардың депозиттерінен және банктің
банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған
сипаттамалардан несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын
ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын
қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса- нәтижесінде қарыз шотын
ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны.
Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру Ұлттық
банктің ұсынысын ескере отырып жасалған әрбір банк несиелік саясаты
негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан шотта бір клиентке берілген
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың
дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу
көрсетіледі. Неиелік шоттың режимі шартта анықталады: берілген несие қарыз
алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін.
Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің
жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету
қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк
пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік
міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың бағалы
қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу
тәжірбиесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алынған міндеттеме
нотариалды куәландырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің
орындалуымен бірге, сол сияқты кредитор үш айдың ішінде кепілдік берушіге
талап ұсынбаса тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау мерзімі
көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңында
тоқтатылады.Кепілдік беуші мен қарыз алушы бірдей жауапкершілікте болады.
Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып табылады. Кепілдік
беушімен қарыз алушы бірдей жауапкершілікте болады.
Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкке сақтайды
және несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің
хабарламасымен бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны
орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім
қабылдаған кезде клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полюсін
ұсынады.
Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады
және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасалу туралы
қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде
келесі жағдайлар анықталуы тиіс:
• Несиенің мақсаты;
• Қарыз алушы ұсынылған зайымның техно-экономикалық негіздемесіне немесе
бизнес жоспарға сәйкес;
• Берілетін несиенің жалпы сомасы;
• Несиенің валютасы;
• Несиені және ол бойынша сыйақы өтеу мерзімі;
• Несиені өтеу әдісі;
• Қамтамасыз ету;
• Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі;
• Қарыз алушы заңды тұлға банкке ұсынылатын есептіліктің түрлері мен
мерзімдері;
• Қарыз алушының ол жөніндегі мәліметтерді несиелік бюроға беруі
жөніндегі, сол сияқты екі тараптың өз міндеттемелерін орындауына
байланысты ақпараттар.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынылған құжат мерзімді
міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты
орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді
алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші
жағында сәйкес белгі қойылады.Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер
жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттама кез келген несиені
ұсынуды талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі
құжаттар келесілер:
• Қарыз алушы қол қойған несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және
баластық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін
кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;
• Егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған
құрылтай құжаттардың көшірмесі;
• Қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны
растайтын құжат;
• Жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;
• Балас пен кіріс және шығыс жөніндегі есептілікпен бірге қарыз алушы
қол қойған және аудитор растаған, өтініш жазылған күнге қаржылық
есептіліктер;
• Егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы,
жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;
• Қарыз алушының несиелерді қайтару бойынша төлемдерді жүзеге асыруға
қажетті жеткілікті ақша ағымдарын қамтамасыз ету қабілеттілігін
растайтын, банктің құзырлы қызметкері дайындаған есептемелер;
• Заңды тұлғаның бизнес- жоспары сияқты несие алу сәтіндегі қаржылық
есептілік және ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп;
• Несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және
аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының
анықтамасы;
• Басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.
Егер қарыз алушы, осы несиені толық көлемде немесе жартылай алу бойынша
басқа тұлғаның агенті болса, онда қарыз алушының құзырын куәландырушы
құжаттың көшірмесі, несиенің сомасы және оны нақты алушының қолдану мақсаты
көрсетіле отырып, қоса тіркеледі.
Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз
етілсе онда несиелік құжаттама бойынша құжаттарға келесілер кіреді:
• Мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы белгі соғылған ипотека және
кепіл шартының түп-нұсқасы;
• Кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін
бағалау құжаты;
• Егер несиеге осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлкінің сатып
алу бағасын бекітетін құжат.

1.2 Нарықтық экономикадағы несиенің рөлі
Несиені экономикалық катигория ретінде қарыз мәмілесі негізінде
көрінетін және дамитын өндірістік қатынасы арқылы анықтау керек. Қарыз
мәмілесі несиені экономикалық катигория ретінде пайда болатын өндірістік
байланыстырылатын өндірістік қатынастар ды сипаттайды. Қарыз мәміле тауар
шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономикалық тарихи дамумен бұл
мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің
формальды ұқсастығы олардың бір атауымен "несие" бекітіледі, бірақ әр түрлі
дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге,
мазмұнға, табиғатқа ие.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де
ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы
жүйесінің алдыңғы жүйені жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық
жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі
несиені жоққа шығарушы болып табылады. Несиелеу субъектілерінің қарыздары
қайтару қабілеттілігін, қарыз алушының балансының өтімділік деңгейін
тыңғылықты талдау, несиелеу нысандарын талдау, қарыз алушымен оның несиеге
қабілеттілігін ескере отырып қарым-қатынасқа түсу туралы шешім, қалыптасқан
несиелік механизмнің айтарлықтай артықшылықтарын білдіреді.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға
негізделеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің
төлем сипаты ескеркеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады.
Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізіледі. Осыдан
бірінші жылдар бұрын несиелеуге саралау режимі қолданылатын жақсы және
жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар катигориясы болғаны бәрімізге мәлім.
Кәсіпорынды бағалау негізіне уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында
қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттің несие қабілеттілігі
ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлем қабілетсіздігі анықталған
кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген
әкімшілікке жедел мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.
Өзгерістер несиені қамтамасыз ету қағидасына да тікелец материалдық
қамтамасыз етілуі болмайтын қарыздарға қатынастарға да әсер етті. Тәжірбие
бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік
етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде
жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту
қарастырылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік
тәжірбиеде кепілдеме құқығы, кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда
сақтандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды
іске қосатын несие механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге
мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді.
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті, шешуші жағдай бола
отырып, басқа фазалармен тығыз байланысты. Ұдайы өндіріс процесі
материалдық игіліктерді қоғамдық өндірісті процестің үздіксіз жаңаруы
ретінде, оны әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты-
өндіріс, үлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауарлық
шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және мәнін ашуда елеулі мәнге ие.
Өндірісте несиелік қатынастардың тек бірінші жағы – алынған несиені
өндірістік мақсаты пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші
жағынан кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек ол
экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы
процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды,
өйткені мұндай өнім әлі дамыған жоқ, ал оның бөліктер ұдайы өндіріс
процесінің несие қатысушыларының игілігіне түскен жоқ. Сондықтан бастаманы
өндіріс сатысы емес өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы
мағынада несиелік қатынастар бұл өндірістегі қатынастар емес, оның
сыртындағы қатынастар болып табылады. Осылайша, өндіріс сферасының
айқындаушы мағынасы тек несиелік қатынастардың түпкі мәнін есептеуге негіз
болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара
әрекет процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.
Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидиумдардың қатарына тиместен
бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт,
өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.

1.3 Несиенің заңдылық аспектілері
Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті
арасындағы 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк
несиені үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет
белгілеген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін
коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге
берілетін несиелер. 1994 жылы Министрлер кабинетінің қарамағында Ұлттық
банк ұсынған несиелердің 19%-ы несиеге берілген. Соымен бірге бюджеттің
кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд теңге сомасындағы депозиттер үшін
төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кірісінің 17%-ы несиені
құрайды.
Директивті несиелердің айналысында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан
бұл несиелерді қайтару бойынша төленеді деп сенді, өйткені несиелер Қаржы
министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несилік
қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді. Нәтижесінде
4,6 млрд. Теңгеден 1994 жылы 1,8 млрд теңгесі ғана қайтарылды. Сөйтіп, банк
жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетіледі, олар
банк несиесі есебінен бюджет дотанциясын жасады, өйткені несие қайтару жүгі
Қаржы министрлігіне ауысады.
Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылық
салаларының кәсіпорындарының қаржы мәмілесін шешудің сәтсіз аяқталуы
нәтижесінде 1995 жылдың ақпанынан бастап, директивті несиені беру
тоқтатылды.
1994 жылғы ақпан-сәуір айларындағы кәсіпорындардың міндеттемелері мен
өзара талаптарын республика ішіндегі шаруашылық аралық есепке алу арқылы
төлемсіздік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып
шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айдың ақша массасы оның
алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6%-ға, ал сәуір айында 56,4%-ға
өсті.
Төлемсіздікті шаруа аралық есепке алу арқылы шешу бір жағынан
мәселені шешсе, екінші жағынан кәсіпорындардың айналым қаражаттарын
жоғалтуға әсер ететін факторды бағалардың өсуін ынталандырады. Ақша несие
саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншісіне қалды. Оның орнын тұрақты
түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсіпорындардың қаржы
тәртібін сақтаған кезде ғана төлемсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және
оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталады. Қаншалықты бюджет
тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдылығы үлкен
болады да, инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз
көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және
үкіметтің бағалы қағаздары жатады.
Ұлттық банк 1994 жылы сәуір айында мемлекеттік қысқа мерзімді
міндеттемелердің бірінші аукционын өткізгенде Қаржы министрлігі бастапқы үш
айда сату көлемін 1,5-2,3 млн. теңгеден, 1994 жылы желтоқсан айында 171,7
млн. теңгеге дейін көтерді.
Ашық нарықтағы операция. Бұл Орталық банкпен нарықта ақша массасының
көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары
ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банктердің
өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең
икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банктің ақша эмиссиясын
шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып
алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару
үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді. Бағалы қағаздарды сатып алып,
оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк
ашық нарықтағы операциялармен банк жүйесінде өзінің ноталарын шығарумен
айналысады. Ал банктік депортамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер
есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді.

ІІ БӨЛІМ Несиенің банк балансындағы көрінісі
2.1 Несиені ұсыну операцияларының есебі
Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке
адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде пайыз, өсім алу үшін
белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты
пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып
екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие – бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан
тауардың құнын алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банктік несие – ұйымға ақша түрінде өндірісті ұлғайтуға, ағымдағы
қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және
кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несе берушілермен жасалған
келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін
объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін мерзімі, міндеттемесі,
өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі,
екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін
құжаттардың тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың
қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық
банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы ставкаларымен және басқадай
талаптармен танысып , алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері, әдетте
несие сұраушы ұйымның төлем қабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы жағдайын
тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін
алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес несиені қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.
Несиені бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі
заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды.
Несиелік бөлім қажетті қолтаңбаларды жинап, оны мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен
рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе
ҚР ҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені
қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң
бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің
қайтымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға
несиені аудару туралы өкім береді, яғни оған банк басқармасы төрағасының
және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін
мерзімділік міндеттемелер бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырмаға
сай екенін тексеру үшін несие бөлімінің қолымен куәландыратын қарыз
алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы
бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп келесідей
заңдармен беріледі:
• Несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициардың төлем құжаттарын
төлеу;
• Бенефициардың төлем құжаттары бенефициар мекен-жайына төлеу;
• Аккредитив қою жайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты
аудару;
• Қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
• Қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
• Қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
• Басқа да жолдармен
Қызмет көрсетіліп отырған банк клиенттерге несие берген кезде мынадай
өткізбе құрылады:
Дт 1411, 1417 - "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
қарыздар"
Кт 1001 - "Кассадағы нақты ақша"
2003 - "Клиенттердің ағымдағы есепшоттары".
Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі - "Әр
түрлі құндылықтар мен құжаттар" (7339).
Басқа банк қызмет көрсететін клиенттерге несие беру кезінде мынадай
өткізбе құрылады:
Дт 1411 - "Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар"
1417 - "Клиенттерге ұзақ мерзімді қарыздар"
Кт 1050 - "Банктің корреспонденттік есепшоттары".
Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу
жазылады:
Дт 1411, 1417 - "Клиенттерге берілген қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар"
Кт 1858 - "Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы"
2858 - "Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы".
Сонымен бір уақытта теңгемен:
Дт 1859 - "Шетел валютасының теңгемен қарсы құны (валюталық ұзақ
позициясының)"
2859 - "Шетел валютасының теңгемен қарсы құны (валюталық қысқа
позициясының)"
Кт 1001 - "Кассадағы қолма-қол ақша"
2203 - "Клиенттердің ағымдағы есепшоттары"
1050 - "Банктің корреспонденттік есепшоттары"
Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жазылады. Теңгелей
берген несиені қайтарған кезде:
Дт 1001 - "Кассадағы нақты ақша"
2003 - "Клиенттердің ағымдағы есепшоттары"
1050 - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем балансы туралы
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Несиелік ресурстарды қалыптастыру және орналастырудың теориялық негіздері
Несиелік жүйе
Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы
Банктің балансын талдау жəне оқудың əдістемесі
Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру
Ұлттық Банктің несиелері
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі
Пәндер