Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі
қаржылар
Кіріспе
І Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.2 Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржыларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Валюта ресуростарының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Елдің төлем
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
байланыстағы мәселелер және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Аннотация
Менің курстық жұмысымның тақырыбы сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесіндегі қаржылар.
Бұл тақырыпта сыртқы экономикалық даму бағыттары, нысандары мен
әдістері және валюта ресуростарының қалыптасуы мен елдің төлем балансын
қарастырып шықтым.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының экономикалық байланыстағы
мәселелер және оны шешу жолдарын талдадым.
Курстық жұмыс 24 беттен, 5 кесте, 15 әдебиет қолдандым.
Компьютерлік текстте терілген.

сипаттамасы
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтің даму бағыттары
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен
бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің
көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет
етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи
тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит
институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт
және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең
шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі
ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық
агенттерінің "басқа дүниемен" (Ұлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі
бойынша) қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық
құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды
(интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық
байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан
Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы
саясатын іске асырудың құралы болып табылады (1 сызбаны қараңыз).
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің
қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ
шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді.
Бөлгіштік қатынастардың міндетті суъбекгілері шетел мемлекеті, халықаралық
ұйым, фирма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы
қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасы-нан шығып кетеді және
халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе
отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша
көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар
жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау:
бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңи тұлғалардың мүлкіне акциялар
және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;
3) концессиялар - елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге
асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді
пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
4)Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына
қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер
мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға
жарналар төленеді;
5) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
6)шет елдерде елшілікгерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы
қағаздарға, шетелде өнеркөсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау
нысанындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда, қызметтің бұл түрі
Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың
жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мұндай активтер айтарлықтай дәрежеде шетке
"капиталдың кемуі" болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды - айрықша құқықтық және
экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің
ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-
экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік
технологиялар мен басқару тәжірбиесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамьпу республиканың
шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне
қойылған (2 сызбаны қараңыз).
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі
қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі
өзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және
шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына
байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге- 50%
тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 50% құрайды.
Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22,4% , химия өнеркесібінің өнімі 5%, азық-
түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% алады.
Агроөнеркөсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары
шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі -валюталық түсім-
ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі
бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар - көлік, жүкті ауыстырып тиеу,
порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады.
Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау
өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту
жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары,
приборлар - 41%, химия өнімдері, пластмассалар, каучук - 15% , минералдық
өнімдер - 13%, асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат -
9%, басқадай баптар -11% болып табылады.
Макроэкономикалық теорияға сәйкес экспорттың импорттан асып түсуі таза
экспорт таза ұлттық өнім көлеміне (19.2 бөлімді қараңыз) оның
мультификациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты ұлттық экономиканы дамытудың
қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем
балансының (ондағы сауда балансының едәуір ара салмағы жағдайында) оң
айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражат-тардың экспорттық
түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда
импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені
отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктағы
тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем
балансының пассивін теңестіру үшін пайда-ланылатын ресми валюталық
резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және
ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен
басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы
берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың негізгі
әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып отыр.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының
қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін
тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым
міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық
әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы
кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар
сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз
етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетел капиталы елге кредит, дамуға ресми көмек, инвестициялар сияқты үш
әр түрлі нысанда түседі. Алғашқы екі нысан туралы баяндалған болатын.
Инвестициялардың екі түрі болады: тура жөне портфелдік. Тура
инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің өз тәуекелдігімен
пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жұмсауы. Портфелдік инвестициялар
- қаражаттарды жалған капиталға - басқа елдің заңи және жеке тұлғалары
шығаратын бағалы қағаздарға жұмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік
рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік
және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру және т.б.;
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) жене басқалары);
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын қамтасасыз ету,
қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда өкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвсстиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетгі әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Әу баста елімізге келген шетелдік
инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі
уақытта да инвестицияның басым бөлігі кен-қазба байлықтарын құрайды. Өз
кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі
істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның
сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның
бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына
мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жыпға дейінгі кезеңде Қазақстан
экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел
инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген
тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр.
Дүниежүзілік банк біздің елімізді "инвестициялар әкелуге ете қолайлы 20
елдің қатарына қосты. Халықаралық "Moody's Investors Service" рейтинг
агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары
рейтингін берді. Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден,
кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық
банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның
нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі
біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен
реформалардың біз қалаған бағытга дамып келе жатқанын танып отырғаны
тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл
дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта қүру және даму
банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы
институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті
үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан Респуб-ликасы бүгінде
дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 80 халықаралық ұйымға мүше болып табылады,
олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес
республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан
туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша
қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт
ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары
көлеміне жеткен.
Туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика мен қоршаған ортаға әсер
ететін маңызды әрі кешенді фактор болып табылады. Дүниежүзілік туризм
ұйымының мөлшерлеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы турзм жалпы ұлттық
өнімнің 10 пайызын, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Бұл
туризмнен түсетін пайданың мұнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші
орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркендету
Қазақстанда арнайы зандастырылғаны мәлім. Статистика жөніндегі
республикалық агенттік мәліметтері бойынша 2003 жылы елімізде 713 туристік
фирмалар мен агенттіктер жұмыс істеп, 229 мың туристер мен экскурсанттар
қызметін пайдаланған. Туристік фирмалардың негізгі кіріс көздері
жолсапарлық туризм болып табылады, оның үлесі 61,2 % құрайды.
Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі
бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қызмет көрсету экспортына
салынатын қосымша құн салығы алынып тасталды, туроператорлық қызметті
жүзеге асыратын туристік ұйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету "Қазақстан
Республикасындағы туристік қызмет көрсету туралы" Заңмен бекітілді және
т.б.
Сонымен қатар, бүгінгі танда республикада туристік саланы дамытудың
шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар
саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бұл ең алдымен туристік индустрияның
өзіндегі, онымен сабақтас салалардағы менеджменттің әлсіздігі, туристік
инфрақұрылым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстауды және олардың жүмысын қаржыландыру дамудың кезіргі кезеңінде сыртқы
экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Тәуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін
Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып,
ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына
жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы
саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді 64
халықаралық ұйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде
32 елшілік, 4 тұрақты өкілдік, 2 дипломатиялық миссия, 3 бас консулдық, 10
консулдық және 1 төлқұжат- виза қызметі жұмыс істейді. Көптеген елдерде
Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық
заңдарында қаланған. Бұл қызметті кеңейту өзара байланыста және
дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономиканы
қалыптастыруды қажет етеді.
Сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сыртқы рынокта
республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және аймақшарының дербестігін
кеңейту идеясы, коммерциялық операцияларды шаруашылық жүргізуші
субъектілерге бере отырып сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен
алу және орталықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін
қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың функцияларын бұл операцияларды
реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Сыртқы экономикалық
қызметті басқару негізінен құқықтық және экономикалық тұтқаларға (кеден
баждары, салықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Сыртқы
экономикаяық қызметтің стратегиялық бағыты - ұлттық валютаның тұрақты жұмыс
істеуі және валюта рыногын дамыту. Валютаның нарықтық бағамы экспортты
кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы
экономикалық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі
болып табылады. Көсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық
бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы
құрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-
саттықты жүргізгенде валютаға сұраным мен ұсынымның ағымдағы ара салмағының
негізінде Ұлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта және кредит
операцияларына коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші
субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға
құқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, ұйымдардың, банктердің сыртқы экономикалық
кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі құрылуда.
Дамудың бағдарламаларына сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы
экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. Дүниежүзілік конъюнктура
мен шетелдік бәсекенің қолайсыз дамуынан ұлттық рыноктың мүдделерін қорғау
үшін импорттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сәйес импорттық баждар
қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртұтас экономикалық
кеңестігінің шекарасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың негізгі
мәселелері жөніндегі ұлттық заңнама сәйкестендіріледі.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық
курс экономикалық одақты сақтау және тәртіпке келтіру, бұл елдердің
кәсіпорындары арасында қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери
өндірістерді; көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық прогресс,
кадрларды дайындау сферасында, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты
қайта бағдарлау жөніндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған сыртқы
экономикалық инфрақурылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, Ұлттық банктің құрылымында
сыртқы байланыстарды басқарудың органдары құрылған. Валюталық операциялар
жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар
биржаларының желісі жұмыс істейді.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының аса маңызды
функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу -
нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта
заңнамасының сақталуын бақылау және заңдарда көзделгсн санкцияларды
қолдану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі
заңдарға сәйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі
валюталық реттеу органдары болып табылады. Үкімет және өзге де мемлекеттік
органдар зандарға сәйкес оз құзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге
асырады. Бұл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады.
Мұндай фукнцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері - уәкілетті
банктер мен уәкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға
алынған лицензияларға сәйкес операциялар жүргізген кезде валюта
заңнамасының сақталуына бақылау жасау міндеті жүктелінген.

әдістері
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен
әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвсстициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек
6) экспортты қаражаттандыру
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ
жанама әдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар
жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары
мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып,
тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ
сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және
басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикстық әдістері неғұрлым пәрменді және
дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға
салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дуниежүзілік баға,
сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа
бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде
тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа
елдің бағаларымен байланыстырады. Валюта бағамының ауытқуы отандық
тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және,
керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін
өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер
етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы
жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені
бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды және бұл
тауарларға олардың тарапынан сураным ұлғая түседі; екінші жағдайда
импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бұл тауарларға сұраным
ұлғая түседі екінші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және өздерінің
елінде бұл тауарларға сұраным артады.
Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді (құбылмалы) немесе
тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Икемді бағамдар жүйесі кезіндс айырбас валюталардың сұранымы мен
ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жүйесі кезінде
ұлттық валютаның алтынға немесе басқатұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы
белгілінеді; екінші жағдайда мемлекет бұл ара қатынасты реттеп отырады,
сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта
рыногының қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта ба-ғамының кемуі
экспорт кезінде құнның импорт кезіңде өтелінетін шығасын тудырады және
керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда
болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс (1 кестені, А бөлімін қараңыз).
1 кесте. Валюта бағамдары өзгерісінің экспорт пен импорттың көлеміне
әсері (шетелдік ақша өлшемдерінде шетелдік ақша өлшемі және ұлттық ақша
өлшемінде - ұлт. ақша өлш.)
КӨРСЕТКІШТЕР Бағамдар нұсқалары
1-қалыпты 2-төмендетілге3-көтері
н ңкі
1 2 3 4
Бағамдардың арақатынасы (шет.
ақша өлш.: ұлт. ақша өлш.) 1:150 1:140 1:180
Ақшаның бастапқы сомасы (мың 10000
ұлт. өлш.)
А. Тіркелген бағамдар Экспорт
Алынған экспорттық түсім-ақша 100 100 100
(мың шет. ақша өлш.)
Белгіленген бағам бойынша
қайта саналған экспорттық 1600
түсім-ақша (мың ұлт. ақша 1500 1400
өлш.)
Валюталардың қалыпты бағамының
шарттарынан ауытқу (мың ұлт. -100 100
өлш.)
Импорт
1. Отандық импортшы үшін: 66,7 71,4 62,5
Шетелдік валютаға қайта
саналған ақшаның сомасы
(импорт құны, мың шет. ақша
өлш.)
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі
(рыноктық шарттар бойынша мың 10000 10710 93,75
ұлт. өлш. 1:150)
Валюталардың қалыпты бағамының
шарттарынан ауытқу (мың. ұлт. - 710 - 625
өлш.)
2. Шетелдік импортшы үшін:
Жеткізілім келемі (мың. шет. 100 100 100
өлш.)
Әткізуден алынған табыс (мың 1500 1500 15000
ұлт. өлш.)
Шетелдік валютаға қайта
саналган өткізуден алынған
табыс (мың ұлт. өлш.) 100 107,1 93,7
Шетелдік импортшы үшін ауытқу
(мың шет. өлш.) 7,1 -6,3
Б. Икемді бағамдар
Экспорт 10000 10000 10000
Жеткізілім көлемі (мың ұлт.
өлш.)
Шетел рыноктарында сату (мың
ұлт. өлш.) 66,7 71,4 62,5
Еркін бағам бойынша ұлт. өлш. 10000 10000 1000
қайта саналған өткізуден
алынған табыс (мың ұлт. өлш.)

Валютаға қайта саналған
қаражаттардың сомасы және
сатып алу көлемі (мың шет.
өлш.)
Ішкі рыноктағы сатудың көлемі
(мың ұлт. өлш.) - 10000 10000 1000
2. Шетелдік импортшы үшін:
Шетелдік өлшемдегі жеткізілім
көлемі (мың шет. өлш.) 100 100 100
Өткізуден алынған табыс (мың 1500 1400 1600
шет. өлш.)
Валютаға қайта саналган
өткізуден алынған түсім-ақша
(мың шет. өлш.) 100 100 100 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz