Жыныс бездерінің гормондары
Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы: Стероидты гормондар. Курстық жұмыс 20
беттен тұрады.
Кіріспе бөлімінде гормондар туралы түсінік берілген.
Эндокринологияға кіріспе бөлімінде эндокринология ғылымыныа жалпы
сипаттама келтірілген.
Стероидты гормондар бөлімінде стероидты гормондардың құрылысы,
атқаратын қызметі, әсер ету механизі және т.б. қарастырылған.
Курстық жұмыс қорытындыдан және 15 пайдаланылған әдебиеттен тұрады.
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Эндокринологияға кіріспе
1.1 Гормондарға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .4
1.2 Гормондардың номенклатурасы және оларды
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ..6
2 Стероидты гормондар
1.1 Стероидты гормондар және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Жыныс бездерінің
гормондары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..9
1.3 Бүйрек безінің

... ... ..13
1.4 Стероидты гормондардың әсер ету
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .20
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының
миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен
тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды,
сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың
үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын
заттар реттеп отырады.
Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда
нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар
арқылы іске асады. Жүйке жүйесі арқылы хабар беру өте тез - миллисекунд
ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.
Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі.
Сыртқы секрециялық (секреция - сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы
олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз
қуысына сілекей безінің өнімі - сілекей) немесе дененің сыртына шығады
(мысалы, тер безінің өнімі - тер). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық
немесе экзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер,
ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі
немесе эндокриндік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.
Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл
денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездерге
гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті,
ұйқы безі немесе Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады.
Ұйқы және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі әрі сыртқы,
әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты – стероидты гормондардың құрылысымен,
қызметімен және түрлерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті – гормондардың ішінде стероидты гормондардың
құрылысын, атқаратын қызметін, олардың әсер ету механизмін анықтау.
1 Эндокринологияға кіріспе
1.1 Гормондарға жалпы сипаттама
Биологиялық жүйелерде биохимиялық реакциялар қатаң және үйлесімді
ретпен өтеді. Метаболизмді реттеудің бірнеше деңгейі бар. Шартты түрде
метаболизм реттегіштерін 2 топқа бөлуге болады: клеткаішілік және клетка
сыртындағы (клеткадан тыс). Клеткадан тыс реттегіштер өкіліне гормондар мен
нейромедиаторлар жатады. Бұл реттегіштерді арнайы клеткалар синтездейді.
Гормондар - ішкі секреция жүйесінің клеткаларында, ал нейромедиаторлар
жүйке клеткаларында синтезделеді. Осыдан кейін бұл қосылыстар клеткааралық
кеңістікке бөлінеді де, қан немесе лимфа ағымымен нысана клеткаларға
жеткізіледі. Клеткаішілік реттегіштер өздері әсер ететін клеткаларда
синтезделеді немесе солардан бөлінеді. Клеткаішілік реттегіштердің нағыз
өкілі - простагландиндер, сақиналы АМФ, кальций ионы (Са2+).
Бұл екі түрлі реттегіш бір-бірімен тығыз байланысты. Жануарлардың көп
клеткалы организмінде клетканың бір топтары, айталық, бауыр клеткалары
жасайтын қосылыстар басқа жерде, мысалы, қаңқа бұлшық еттерінде жұмсалады.
Гормондарды бөлетін клеткаларға оларды пайдаланатын клеткалардың
метаболиттік жағдайы туралы ақпарат қажет. Осындай ақпаратты алу арнайы
заттың әсерімен іске асады, оны ақпараттың химиялық жеткізушісі дейді.
Осындай ақпараттың химиялық жеткізушілері - гормондар, нейромедиаторлар.
Олар өздері түзілмейтін клеткаларға - нысана клеткаларға белгі береді.
Нысана клеткаларға белгі жеткен соң, олар өзгеріске ұшырап, клетка ішіндегі
арнайы процестерді іске қосады. Бұл нысана клеткалардағы ақпарат
жеткізушілер мен соларға тән рецептордың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде
іске асады, осының салдарынан клетка мембранасымен байланысқан және клетка
ішіндегі ферменттер активтенеді (белсенділігін арттырады). Нәтижесінде
ақпаратты одан әрі беретін қосылыстардың, яғни клеткаішілік реттегіштердің
синтезі басталады немесе синтезінің қарқыны артады. Клеткаішілік
реттегіштерді екінші реттегіш делдалдар деп атайды [5].
Эндокрин бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар
түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден
қашықта орналасқан нысанаға алынған - клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің
гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ
болады.
Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады.
Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, ағзадағы зат
алмасуын орталық жүйке жүйесі басқарып отырады.
Сонымен, гормон дегеніміз — биохимиялық процестерді реттейтін және
адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін
химиялық зат.
Гормон деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hоrтао
- қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У.Бэйлисс пен
Э.Стерлинг енгізген.
Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер
мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл ағзаға әсер етеді. Ішкі секрециялық
бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Химиялық құрамына
қарай гормондар - белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады.
Гормондар ішкі секрециялык бездерден басқада, ас қорыту жолының
мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар ағзадағы зат
алмасу процестеріне әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен тек қана
клетканың мембранасымен қабысқанда ғана активтеледі. Адам денесіндегі
гормондардың ішінде гипоталамус-гипофиз - бүйрек үсті бездері гормондарының
маңызы өте зор. Олар ағзаның біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық
және биохимиялық қызметтердің негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда
мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты негізгі эндокриндік
реттеуші болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофизінің жұмысына дем беруші
нейросекреттерді өндіріп ғару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған
нейросекрет гипофизге құйылып оның басқа бездерге тін тудырады.
Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі иелердің және ішкі
секрециялық бездердің қызметін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық
бөлімдерімен гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі нашарлағанда (гискрепия) және
күшейгенде (гиперсекреция) ағзада болады.
Гормондар тек нысана - клетка деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол
клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары болады, ондай рецепторлар
плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасқан және олармен
байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде
ғана биохимиялық процестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді,
ал кейде тежейді. Гормонның жалпы өмірі ұзақ емес, әдетте ол бір сағаттан
кем.
Гормондар ағзада аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:
1) физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі;
2) физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді;
3) бірқатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық
қысымының, қандағы глюкоза деңгейінің бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің гипофиздің гормондары және гипоталамустың
гормондары жақсы зерттелген. Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші
болып табылады және мұнда өте күшті гормондар немесе нейрогормондар
түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормондардың түзілуіне әсер етеді.
Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін, одан бөлініп шығатын
секреттерді және зат алмасуда гормондардың реттегіш механизмдерін
зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Эндокринологияның негізін қалаған француз ғалымы Броун - Секар. Ол
1890 жылы жас қошқарлардың енінен алынған экстрактқа қатысты классикалық
тәжірибе жасады. Ондай эсктракты кәрі қошқарлардың денесіне (терісінің
астына) құяды, оны бірнеше рет қайталағаннан кейін кәрі қошқарлар ширайды,
олардың қимыл-әрекеті жігерлі бола бастайды, тіршілік қабілеті жақсарады,
қан қысымы қалпына түседі, жем-шөпке тәбеті артады. Осы тәжірибені өзіне де
істеп байқайды (ол 72 жаста еді). Тәжірибеден кейін өзінде жаңа күш-қуат
пайда болғанын сезінеді. Осындай тәжірибелерге сүйеніп, Броун-Секар
мынандай қорытынды жасайды: жыныс бездері және басқа да бездер қанға
активті заттар бөліп шығарады, ол заттар бүкіл ағзаға және жеке мүшелерге
қосымша куат береді [1].
Сонымен, ағзаның үйлесімді жұмысы, оның сұйық ортасы (қан, лимфа,
клеткааралық сұйық) арқылы химиялық заттардың жәрдемімен - гуморалдік
әдіспен (латынша гумор — сұйықтық) және жүйке жүйесінің жәрдемімен
реттеледі.
Жүйкелік және гуморалдік реттеу арқылы барлық мүшелер жүйесі өзара
байланысты және үйлесімді жұмыс істейді. Сондықтан, ағза біртұтас құрылым
ретінде қызмет атқарады.
Жүйке жүйесі гормондар жұмысында маңызды қызмет атқарады. Гормондар
жәрдемімен (реттеудің гуморалдік типі) және жүйке импульстары арқылы
реттеудегі айырмашылықтар мынада: гормондар клеткалар жұмысы режимінің
алмасуында ерекше жылдамдықты талап етпейтін, бірақ ұзағырақ ықпал етуді
қажет ететін жерде әсер етіп, жүйке жүйесі сигналдарының тез берілуін қажет
ететін жерде іске қосылады. Көбінесе аралас жүйке-гуморалдік реттелу жиі
кездеседі.
1.2 Гормондардың номенклатурасы және оларды топтастыру
Химиялық табиғатына қарай адамдардың және жануарлардың гормондары үш
топқа бөлінеді.
1. Белоктық және пептидтік гормондар: инсулин, глюкагон (ұйқы
безінің
гормондары), соматотропин, вазопрессин, окситоцин (гипофиз маңындағы
гормон), кальцийтонин (қалқанша безінің гормоны) және басқа гормондар.
2. Стероидтік гормондар: эстрадиол, прогестерон, тестостерон,
(жыныс бездерінің гормондары), кортизол, кортикостерон (бүйрек безінің
гормондары).
3. Аминқышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар;
тироксин мен трийодтиронин (қалқанша безінің гормоны), адреналин мен
норадреналин (бүйрек безінің гормондары).
Бірінші және үшінші топқа жататын гормондардың рецепторлары клетканың
сыртқы плазмалық мембранасында орналасқан, ал екінші топқа жататын
гормондардың рецепторлары клетканың ішіндегі цитоплазмада орналасқан.
Рецепторлардың осылай орналасуы гормондардың химиялық табиғатына
байланысты.
Жеке бір топка ұлпа гормондары немесе гуморальді факторлар жатады.
Олар ішкі секреция бездерінен емес, ұлпалардан бөлінеді: гистамин,
простагландиндер. Қазіргі кезде көптеген гормондардың химиялық құрамы
белгілі. Міне, осыған байланысты оларды сол химиялық табиғатына қарай атау
керек еді, бірақ гормондарды тривиалдық деп атайды. Бұлай аталуының себебі
бар біріншіден, химиялық тұрғыдан атау көптеген гормондар үшін қиын және
күрделі, кейбір жағдайда ондай атауды пайдалану мүмкін емес. Екіншіден,
тривиалдық атау, әдетте, гормонның атқаратын қызметін немесе шығу тегін
көрсетеді.
Мысалы, инсулиннің химиялық құрамы күрделі, сондықтан химиялық атауды
қолдану ынғайсыз. Ал тривиалдық аты лайық, өйткені бұл гормон ұйқы безінің
аралық ұлпасында синтезделеді (грек тіліндегі инсула-арал). Кейбір
гормондардың аты оның организмге тигізетін физиологиялық әсерін көрсетеді.
Мысалы, окситоцин (грек тілінде оксис - жылдам, токос - туу, пайда
болу). Ерлердің жыныс гормоны тестестерон, ал оның химиялық атауы - З-кето-
17-оксиандростен-4.
Гормондарды шығу тегіне қарай да топтастырады. Мұндай жағдайда оларды
бөліп шығаратын гормондардың атымен байланыстырады.
Осыған байланысты топтастыру:
тиреоидті гормондар, қалқанша без бөліп шығаратын гормондар -тироксин,
трийодтиронин, дийодтиронин, т.б.;
параттиреоидті гормондар (паратгормондар). Оларды қалқанша без маңында
орналасқан бездер бөліп шығарады;
адреналинді гормондар - адреналин, кортикостерон, гидрокортизон,
альдостерон, т.б. Бүйрек үсті безі синтездейді;
панкреатгы гормондар, ұйқы безінде жасалатын гормондар - инсулин, глюкагон;
жыныс гормондары - тестестерон, эстрадиол (аталық, аналық бездер бөлетін
гормондар);
гипофизді гормондар - окситоцин, вазопрессин, самотропин (өсу гормоны),
адренокортикотропин, тиреотропин, гонодотропин, т.б.;
ас қорытуға қатысатын гормондар, асқазан мен ішектің шырышты қабаты бөліп
шығаратын гормондар - гастрин, секретин, т.б.;
8) алқым асты бөліп шығаратын гормондар. Бірақ бір жерде синтезделуі
абсолютті болмай шықты. Айталық, жыныс гормондары бүйрек үсті безінде
бөлінген, ал кейбір пептидті гормондар бездерден тыс жерлерде жасалған.
Кейбір химиялық табиғаты жағынан бірдей гормондардың әсер ету механизмі,
шығу тегіне қарамастан, бір-біріне ұқсас. Сондықтан да қазір химиялық
топтастыруға көбірек көңіл бөледі.
Қанға қосылған гормондардың әсері зат алмасуының барлық жағына
бірдей таралады. Гормон әсерін нысана-клеткасы ғана іске асырады. Сол
нысана клеткада ерекше гормонды танитын компонент болады.
Гормондар әсер ету барысында, ең алдымен, өздеріне тиісті молекуламен
байланысады, оларды гормондардың рецепторлары деп атайды. Рецепторлар - бұл
гормондарды байлайтын белоктар.
Әрбір гормонның өзіне меншікті рецепторы болады. Олар нысана
клеткалардың үстіңгі жағында, не цитозолда орналасқан. Рецепторлардың
тиісті гормондарға жұғымдылығы күшті [2].
Пептидтік жөне аминдік гормондардың рецепторлары (олар клетка
мембранасы арқылы өте баяу өтеді) нысана клеткалардың үстінде орналасқан,
ал стероидті гормондардың рецепторлары мембрана арқылы оңай өтеді, олар
нысана клеткалардың цитозолында орналасқан.
Гормондар рецепторлармен байланысқаннан кейін рецепторлар өзгеріске
ұшырайды, осының салдарынан клеткада медиатор, яғни делдал пайда болады.
Міне, осы делдал белгіні гормонның рецепторынан тиісті ферментке, не
молекула жүйесіне (гормонның бұйрығын орындайтын) береді. Клетка ішіндегі
делдал не тиісті ферменттің, не реакцияның қарқынын тәртіпке келтіреді
немесе активті емес жағдайда жатқан геннің (немесе бір топ геннің)
экспрессиясын тәртіпке келтіреді.
Гормондардың әсер ету механизмінің екі жолы бар деген көзқарас
қалыптасқан (стероидтік және стероидтік емес гормондар). Гормондар әсерінің
механизмі суда ерігіштік қасиетіне байланысты. Гормондарды медицина
тәжірибесінде гормон жетіспегендіктен пайда болатын әр түрлі ауруларды,
мысалы, аддисон ауруын, диабетті, қалқанша без ауруларын емдеу үшін кеңінен
қолданады.
Стероидті гормондар және олардың көптеген синтетикалық аналогтары
ревматизмді, көз ауруларын, (ревматикалық ауруларды), күйгеннен пайда
болған ауруларды емдеу үшін қолданылады. Жыныс гормондары және олардың
туындылары, атап айтқанда, тестестеронпропионат кеуде бездерінің қауіпті
ісіктеріне қарсы пайдаланылады.
Қан ауруына (лейкомия) қарсы адренокортикотропин, кортизон
пайдаланылады. Эстрогенді және анаболитті стероидтерді қолданғанда,
байлаған малдын салмағы 16-20%-ға өседі. Соматропты және тиреоидті
гормондар малдың сүтін және оның майлылығын арттырады. Бұл препараттар,
сонымен қатар, қойдың жүнін өсіреді.
Кейбір гормондар және олардың туындылары инсектецидтер ретінде
қолданылады. Өнімнің түсімін кемітетін (15%-ға дейін) жәндіктерде адам мен
жылы қанды жануарларда болмайтын гормондар болады. Оларды ювенилді
гормондар деп атайды. Олар жәндіктердің фазалық жағдайын сақтайды.
2 Стероидты гормондар
2.1 Стероидты гормондар және олардың түрлері
Стероидты гормондарға эстрадиол, прогестерон, тестостерон (жыныс
бездерінің гормондары), кортизол, кортикостерон (бүйрек безінің гормондары)
жатады. Соларға жалпы сипаттама беріп өтейік.
2.2 Жыныс бездерінің гормондары
Әйел мен ерлердің жыныс бездері қос секрециялы болады. Сыртқы
секрециялық без ретінде жыныс безі (гонадтар) ер адамда ұрық безі
(тестикула) түрінде, ал әйелде аналық без түрінде болады. Ол екеуінде жыныс
клеткалары - әйелдердің жұмыртқа клеткасы мен ерлердің сперматозоидтары
өніп дамиды және олардың жыныс гормондары жасалып шығады. Сперматозоидтар
мен аналық клеткалар өзара қосылған кезде болашақ жаңа ағза ұрықтанған
клетка (зигота) түзіледі. Ал жыныс гормондары екінші кезектегі жыныстық
белгілердің қалыптасуын реттейді және еркек пен әйел ағзаларындағы зат
алмасу ерекшелігін анықтайды. 1929 жылы екіқабат әйелдің зәрінен ең алғаш
жыныс гормондарының біреуі - эстрон (фолликулин) кристалл түрінде бөлініп
алынды. Казіргі кезде барлық жыныс гормондарының құрылымы зерттелді және
еркек пен әйелдің бірқатар жыныс гормондары синтезделіп алынды.
Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап бала мен төлдің өсуіне,
дамуына әсер етеді, жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің
пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гормондарының негізгі қызметтері -
тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде, олардың мөлшері жоғары
болады. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мерзімді асексуалді немесе
жыныстық бейтарап мерзімі, яғни инфантильдік (балалық) уақыт деп есептейді.
Шынында 8-10 жасқа дейін балаларда қосымша жыныс белгілері болмайды.
Олардың өсуі мен дамуында жыныстық айырмашылык жоқ деуге болады [3].
Ерлердің жыныс безі - қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер
ұлпаларынан тұратын капсуламен қапталған, мұны белокты қабық деп те атайды.
Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпаларынан тұратын бөліктерінде
Лейдингтің интерстициялық (интерстиция-саңылау) клеткаларының топтары
болады. Осы интерстициялық клеткаларда аталық жыныс гормондары енеді. Иірім
шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалып, 7-8 жаста
ғана қалыптасады.
Омыртқалылардың аталық жыныс безінде аталық гормондар тобына жататын
тестостерон гормоны түзіледі.
Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон басқа жыныс гормондары
пайда болады. Олар ұрық безінің клеткаларында түзіліп шығады және шағын
мөлшерде бүйрек безінің қабығында және аналык безінде түзіледі.
Бұл екеуінің мейілінше белсендісі тестостерон, ал андростеронның
белсенділігі одан 10 есе кем. Еркекте тәулігіне 6-10 мг тестостерон
синтезделінеді. Әйелде де тестостерон түзіледі, бірақ оның мөлшері мейлінше
аз, 0,4 мг шамасындай.
Еркектердің жыныс гормоны андроген деп аталады. Ол гормонды қанда
плазма гликопротеиды (м.м. 94000) тасымалдайды.
Химиялық табиғаты. Жыныс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz