Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама
КІРІСПЕ
І. ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
1.1 Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама
1.2 Архитектуралық ескерткіштер
1.3. Көне замандағы қалалар
1.4. Қазіргі заманғы қалалардың сәулет өнері
ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.2. Солтүстік және Орталық Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.3. Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
2.4. Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ
ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТУРИЗМДЕГІ РӨЛІ
3.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы
3.2 Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм
керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан
қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік.
Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін
есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген
қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті
тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен
сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт
тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі
жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы
етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт
қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін
Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден
тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені
тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан
ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің
інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған,
бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің
салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны
Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне
археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас
жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды
дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ
қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат
жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік
сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін
жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты
(“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі
жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі
шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық
өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда,
82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның
кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті
шаруашылық сипатына қарай біріккен, ірі тарихи – мәдени аймақтар
қалыптасты (қ. 5 – қосымша).
Батыс және Орталық Қазақстан аумағында палеолит кезеңінде, көптеп
табылған жебе тәрізді заттардан көрінетіндей, аңшылыққа бейімделген
біртұтас материалдық мәдениет қалыптасқан. Неолит дәуірінің тұрақты
өзендік және көлдік типті болып келеді. Бұл кезең мәдениетінің
Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан және Арал маңы мәдениеттерімен ұқсас
тұстары да бар, оның басты ерекшелігі – көшпелі тұрмыс кешкен дала
аңшыларының әдениетімен сипатталады.
Аңшылар мен балықшылардың тығыз мәдени – шаруашылық байланыстары,
әсіресе кельтминар мәдени қауымдастығын айқын байқалады, олар Батыс
Қазақстан аумағында бедерлі қолөнер түрінде ( шапақ тас құралдары
мен ерекше пішін оюланаған қыш ыдыстар) ұшырасады. Батыс Қазақстан
облысындағы көне мәдени ошақтарының арасында барынша зерттелгені –
кельтминар археологиялық мәдениеті неолитте пайда болып, қола дауірінің
ортасына дейін созылды. Бұл мемлекет өзін шектен тыс тұрақтылығымен
ерешеленеді,, археологиялық деректердің материалдық тұрмыстары бірнеше
мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз сақталды. Кельтминар археологиялық
мәдениеті Жайық өңірінде, өздерінің теңізге жағасына таралды. Бұл,
алдымен, аулаушылар – терімшілер болды, кейін құғақ жерлерді игеруге
орай аулаушылар – терімшілер мәдениетіне ұласты. Бұл мәдениет өкілдері
мүмкін алғашқы ұсақ жануарларды қолға үйрете бастаған болар, бірақ
кельтминалықтар жалпы алғанда “неолит төңкерісі” - өндіруші
шаруашылықтың пайда болуына қатысқан жоқ. Кельтминар археологиялық
мәдениетінің ескерткіштері Ақтөбе облыс аумағында барынша зерттелді.
Батыс Қазақстан облысындағы “Солянка” (тасқала маңы) қоныстарында
материалдарын зерттеуші ғалымдар осы археологиялық мәдениетке жатқызып
жүр.
Соңғы 25 жыл көлемінде Ғ.А.Кушаевтың далалық зерттеулері
нәтижесінде анықталған ескерткіштер Далалық Жайық бойы аумағы б.з.б.
ғасырдың басына дейін қола мәдени – тарихи қаудастығына кіргеннін
көрсетті. “Кресты” қонысы мен қорымында жүргізілген көпжылдық қазба
жұмыстары барысында едәуір қызық материалдар табылды. Қазіргі кездегі
бұл аймақтағы қара шұңқырлы археологиялық мәдениеттің (б.з.б. 3 ғасыр –
2 ғасыр басындағы) Далалық полтавкиндік архиология мәдениеті өрісіне
кіреді деген болжамға дәлел де (кейбір табындылар негізінде) бола
алатын бірден бір ескерткіш. Дәлме - дәл осы жерінде қима мәдениеті
жергілікті варианты – ескі қорға шұңқырсыз топырақты қосымша үю арқылы
жерлеу қалыптасады. Ал қалғандары керамика формасы, ою – нақышы, жер
ғұрпы – Дон бойы мен Еділ жағалауында қималық жерлеуді толық қайталады.
Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданы аумағында “Қырықоба” атты
ескерткіш 19 – ғасырдан ғалымдарға белгілі, 1883 жылы Кастаньенің
тізбесінде “Қараоба” деген жергілікті атаумен енген, Еуразиядағы ең
улкен қорғандар кешенінің бірі қима мәдениетінің ерекшеліктерін
көрсетеді.
Сарматтық археологиялық ескерткіштері барынша жан - жақты зерттелген
мәдениеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің объектілі жағдайларынна
бөлінеді, атап айтқанда – а) Прохоровтық (ерте
сарматтық) – б.з.б. 4 ғ. - б.з.б. 2 ғ.; ә) Сусловтық (орта
сарматтық) - б.з.б. 2 ғ. – 2 ғ.; 3 ( соңғы сарматтық – 2 ғ. – 4ғ. Соңғы
археологиялық мәдениет жылдары Шипов станциясы маңынан зерттелген
ескерткіштерге байланысты шиповтық деп аталған еді. Бірақ одан әрі
зерттеу барысында олар б.з. 4 – 5 ғасырларындағы ғұндар заманына
жатқызылады.
Темір дәуірі Далалық жайық өзенінде б.з.б. 9 ғасырдың соңынан 4 ғасырға
дейін Савромат архиологиялық мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Осы
кезеңді зерттеуші К.Ф.Смирнованың пікірінше, Жайық өңіріндегі аталмыш
тайпаның іріктелуі нәтижесінде Еділ бойында б.з.б. 8 ғасырда савромат
ескерткіштерінің еділбойлық жергілікті тобы пайда болады. Бұл мәдениеттің
қалыптасуындағы негізгі құрамдас бөлік қима археологиялық мәдениетін
жасаушы тайпалар еді.
Жалпы алғанда савроматтардың археологиялық мәдениеті қару – жарақты
жауынгерлерді о дүниелік азығы саналатын ірі – ірі жануарлар қаңқаралымен
бірге жер бетіне жерленген қорғандық ескерткіштермен сипатталады. Өте
қызғылықты ескерткіштердің бірі – Володарка селосы маңындағы фалларлы
жерлеу. Мұндағы мәдени материалдар савромат тайпаларының герк –
фракациялықтармен байланысын куаландырады. Савроматтық археологиялық
мәдениеттің соңы осы аймақта аса ірі (4 м жоғары) қорғандардың пайда
болуымен аяқталады. Әдеттегідей, олардың көпшілігі тоналған, әйтседе сол
уақытты сипаттайтындай сан – алуан деректер сақталған. 1987 -1988 жылдары
Филиповка селосы түбіндегі қорғанды зерттеу кезінде көркедік құндылығ,ына
баға жетпейтін, түсті және бағалы металдардан жасалған өте көп бұйымы бар,
үш қойма табылды. Сарматтардың савроматтармен тектік байланысы бар, бірақ
уақыт өте келе олардың арасына алан тайпаларының (Жайық өңірі
массагеттерінің барынша күшті этникалық бөлігі) сіңісуімен материалдық
мәдениеттің сыртқы бет – бедері өзгере береді. Сарматтық археологиялық
мәдениет қорғандық ескерткіштерден, жерастылық, кейде жер бетіндегі
қорымдардан тұрады. Көптеген қару - жарақ - ұғымалы қола және және мыс
жебе, қанжар ұзын найзалар бірге көмілген. Өліктің басы көбінесе оңтүстікке
қаратылады. О дүниелік тағам ретінде қой сүйектері мен ішінде қандай да бір
сусын болған, қоладан жасалған қыш ыдыстар ұшырасады. Көптеген қорымдар
ерте заманда – ақ тоналған, әйтсе де сақталғандарының үлес салмағы аз емес
және олардан көптеген дерек алуға болады. Уақыт өте келе со4ғы сарматтардың
көпшілігі хундармен (сюннулармен) араласып, жұтылып кетті және Батысқа бет
алған көшке қосылды.
Б.з.б. 6-4 ғасырларда Еділ – Жайық бойы даласының ұлан – ғайыр аумағын бір
–бірімен туытас тайпалар мекендеді. Еділ – Жайық өзендері аралығында
археологиялық ескерткіштер Қараөзен және Сарыөзен жағалауларынан, Қамыс –
Самар көлдерінің маңынан табылды. Жайық өңірінде олар көбінесе Елек, Шаған,
Шыңғырлау өзендері жағалаурарында, Қобданың Елекпен қосылған жерінде,
Жайықтың сол жағалауында кездеседі. Археологиялық ескерткіштер шартты түрде
екі тарихи кезеңге: савромат мәдениеті (б.з.б. 7 -5 ғасырлар) мен сармат
мәдениетіне (б.з.б. 4 – 2 ғасырлар бөлінеді. Соңғы сармат мәдениеті
алғашқы жазба жұмыстарын жүргізген жердің атымен “прохоров ескерткіштері”
деп те аталған.
Батыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары отқа табынушылар болғандықтан өлікті
өртеудің бірнеше түрі қолданылған. Қорымдарда табыну ғұрыптары мен салт –
жоралғыларына қатысты көптеген бұйымдар ұшырасады. Сол кездегі савромат
қорымдарында көптеген қару – жарақ пен аттың әбзел тұрмандары, әсіресе
жүген, жон ұштары, сондай – ақ, қола және темір семсерлер жиі кездеседі.
Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында сармат әскері мен қару – жарағының реформасы
аяқталып, қару – жарақты атты әскердің алғашқы отрядтары пайда болады.
Б.з.б. 4 – 3 ғасырлардағы әскери саяси өзгерістер аймақтағы этно – саяси
процеске айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Сарматтардың Орта Азия
тұрғындарымен де, сондай – ақ Кавказ, Шығыс Европа және Қазақстанның
тайпалық одақтарымен де қарым – қатынаста болғанын күмансыз.
Әсіресе, сармат мәдениетінің нышандары ерте орта ғасырлар кезеңіндегі жер
рәсімдерінде, зират тұрғызу әдісінде айқын көрініс тапқан. Облыс аумағынан
табылған (Сантас тауы маңы, 1970) кейінгі көшпелілер ескерткіштеріне тән
ерекшеліктер:
1) мүрдені аттың жіліншігімен, сүйегімен қоса жерлеу (8-9 ғ.); 2)
жылқының тұтас қаңқасымен қоса жерлеу (9 – 11); 3) ат әбзелдері –
жүген, айыл, ер – тұрманмен қоса жерлеу.
Әдетте, тарихи мерзім дәстүрі бойынша мәдениеті 11 ғасырдың екінші
жартысынан 13 ғасырдың 30 – жылдары аралығына жатқызылатын оғыз –
печенегтерінің архиологиялық ескерткіштері обалар сипатында болып келеді.
Оғыздар мен печенегтердің әдеп – ғұрпы мен материалдық мәдениеті арасында
айырмашылық аз, сондықтан Жайың өңірінің 9 – 11 ғасырдағы архиологиялық
ескерткіштерін ортақ алып қарастырамыз. Олардың ішінде мейлінше құндылығы
– І Қарасу және Қалмақ – Чабан қорымдары. Аймақта Алтын Орда ескерткіштері
– обалар мен қалалықтар көп кездеседі, әрі олар толық сақталған. Бұлардың
арасында көрнектісі - Сарайшық. Обаларды қазғанда көшпенділердің жерлеу
кезеңдері айқын көрінеді. Өткен дәуірлерге тән рәсім адамды ат – көлігімен
қоса жерлеу мүлдем жойылады. Зираттардан Алтын Орда архемдері (теңгелер)
жиі табылады.
Алтайдың жібек мақтасының үлкен бөлігі сақталған Шалқар қорымындағы қыпшақ
сүйегінің моласы зерттелді. Көптеген бұрымдардан бұлғар айнасы, т.б. заттар
шықты 15 ғасырдағы араб географы Дешті Қыпшақтың көршілес мемлекеттерімен
кеңінен сауда және саяси байланыста болғанын айтады.. Каспий теңізі
деңгейінің көтерілуі Жайық өңірінің ылғалдануы, сондай – ақ қоғамдық
саяси өзгерістер Алтын Орда орталығын Еділ бойы мен Жайық өңіріне көшіруге
мүмкіндік береді.
Осы себептен де аймақта бұл кезеңнің ескерткіштері молынан ұшырасады, бірақ
олар барынша толық зерттеліп болған жоқ.
Алтын Орда ескерткіштерінде дәстүрлі шығыстық – түркілік мәдениеттің, Орта
Азияға тән қолөнер әдебінің ықпалы байқалады.
Жалпы кез келген аймақтық материалдары мәдениетімен таныстыру барысында
архиологиялық зерттеулердің өзге ғылым салаларынан, әсіресе тарих пәнінен
өзіндік ерекшелігін ұмытпаған жөн. Ең бастысы мұнда тарихтағыдай нақты
тұлғалар қатыспайды, әйтсе де өткен кезеңдердегі тұтыным заттарын тауып
зерттеу арқылы архиология сол тарихи тұлғалардың (ұлыстар мен тайпалардың,
т.б.) белгілі бір кезеңде нақты аймақта болғанын - өмір сүріп, тірлік
еткенін дәлелдейді. Алғаш рет Батыс Қазақстан облысындағы архиологиялық
ескерткіштері хақында П.И.Рычковтың “Орынбор губерниясының топографиясы”
(1762) және академик П.С.Палластың “Ресей мемлекетінің әр алуанжерлерін
аралап саяхаттау” (1770, 1778) атты еңбектерінде айтылды. 19 ғасырдың 50
– жылдары Орынбор Кадет корпусының түлегі, алғашқы қазақ ғалымдарының бірі
– С.Бабажанов аймақтағы печенег – қыпшақ дәуірінің ескерткіштері - балбал
тастар туралы жазды. Оның зерттеу еңбегіндегі ой – тұжырымдары орыс
ғалымдары (П.И.Небольсин, В.В.Григорьев, т.б арасында жоғары бағаланып, жас
қазақ ғалымы Ресей география қоғамының күміс медаліне ие болды.
Одан кейінгі жылдары батыс Қазақстанның архиологиялық ескерткіштерін
зерттеуде орыс ғалымдары Ахарузин (1889ж), И.А.Кастенье (1810), П.С.Рыков
(1925- 27), М.П.Грезнов, И.В.Синицын (1948-50), т.б. ғалымдар қатысты.
Әсіресе, өлке тарихын зерттеп, тануға Орал педагогикалық институтының
оқытушысы археолог Ғ.Кушаевтың сіңірген еңбегі зор. Оның басшылығымен
Жәнібек, Фурманов, бұрынғы Тайпақ, Бөкей ордасы аудандарында (1971) арнайы
барлау жұмыстары жүргізіліп 500 аса ескерткіштер (342 оба, 48 мола, 11
мазар) есепке алынды. 1972-86 жылдар аралығында облыс аумағындағы 1000 аса
архиологиялық ескерткіштер тіркелді. Архиологиялық қазба жұмыстары
нәтижесінде Батыс Қазақстан облыстық өлкетану музейі өткен дәуірлердегі
материалдық мәдениеттің аса құнды үлгілері мен: қышқұмыра, темір қанжар,
семсер, темір және қола жебе, зергерлік әшекейлік бұйымдар және т.б.
жәдігерлік бұйымдармен толықты.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысындағы 460 оба қазылып, Жайық өзенінің
сол жақ алабындағы 25 мола зерттелген.
Халық архитектура ескерткіштері. Батыс Қазақстан аймығының солтүстік батыс
бөлігіндегі халықтық архиологиялық ескерткіштері көршілес облыстар мен
салыстырғанда этнографиялық тұрғыдан да, тарихи архитектуралық жағынан да
аз зерттелген. Бұл қалыптасқан зерттеу дәстүрлеріне және аумақтың негізгі
ғылым орталықтан шалғай орналасқандығына, бәлки Жайық өңірінде мемориялдық-
рәсми архитектуралық үрдісінің кенже әрі баяу дамуына да байланысты болуы
мүмкін.
Көне жазбаларда қазіргі Батыс Қазақстан облысы мен оған шектес аумақтардағы
ескерткіштер туралы деректер аракідік ұшырасып отырады. Мәселен, 1768- 74
жылы академиялық экспедицияны басқарған П.С.Паллас “Саяхаттар” атты
еңбегінде “1773 жылы студент Быков... Нарын даласының шағылдарына дейін
келеді... Толағай көлінен 10 верст қашықтағы даладан ол қалмақтардың шикі
кірпіштен қалаған пирамидасын тапты, оны қалмақтар “ Шороллигин Билгассун”
(Топырақ қала) деп атайды” деп жазды. Осы еңбекте , сондай-ақ
А.Н.Харузиннің жазбаларында қазақтардың мола - қорымдарының ерекшелігіне
көңіл бөледі, әйтсе де оның өзіндік болмысын, әсіресе тастан қашалған
эпиграфиялық ескерткіштер тұрпатын ашып көрсете алмаған. И.А.Кастаньенің
“Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің ежелгі дүниелері” (Орынбор, 1910)
еңбегінде Жайықтың сол жақ беткейіндегі кейбір архиологиялық ескерткіштері
шалқар көлінің солтүстік шығысындағы күйдірілген кірпіштен салынған
ортағасырлық зират қалдығы мен Жымпиты болысындағы “жүз жыл бұрын” ағаштан
салынған Әбіл бейіті туралы сөз қозғайды. Сондай- ақ өлкетанушы
Е.Ф.Тимофеев “Урало- Прикаспийская степь” аймағында (Орал, 1930, №4) сол
Жымпиты уезіндегі көне зираттар, мешіт ғимараты жөнінде жазады.
Алайда далалық Жайық архиологиялық ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеу
жұмыстары тек 1980 жылы Республика Мәдениет митингі “Казпроектреставрация”
институтының Орал архитектура экспедициясының (жетекшісі Т.Төреқұлов)
күшімен жүргізілді. Іздестіру экспедициясы шолу сипатында өтіп, мемориялдық-
рәсми ескерткіштер қатарын құжаттау мақсатында зерттеу жүргізілді.
1998 жылы Батыс Қазақстандағы кең ауқымда этномәдени тұрғыдан зерттеу
шеңберінде шыққан арнайы экспедиция (жетекшісі - С.Әжіғалиев, архитектор-
Ғ.Мұсабеков бар) дәстүрлі- халықтық, бірінші кезекте, мемориялдық-рәсми
архитектураны қарастырады. Облыстағы Ақжайық, Касталов, Бөкей ордасы,
Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағындағы ескерткіштер назарға
алынды. Экспедиция жұмысы барысында Жайықтың оң жағалауы Бөкей болысы
жағында орналасқан ескерткіштер мұқият әрі тыянақты зерттелді, сондай - ақ,
Жайықтың сол жақ, “Бұқара бетіндегі“ қорымдарға барлау жасалып , есебі
алынды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында мемориялдық- рәсми архитектура
ғимараттары Арал, каспий аймағына таралған халық сәулеткерлік пен тас қашау
өнері ескерткіштерінің құрамдас бөлігі екендігі тұжырымдалды. Бұған қоса,
далалық Жайық өңірінің ескерткіштерінде географиялық фактормен өлкелік
тарихи-әкімшілік ерекшеліктері айқын аңғарылды. Мәселен, аймақтың батыс
жағалауындағы құлпытас арасында беті жазық, эпиграфиялық пішіндегілері, ал
шығыс жағында бөлікті, ауқымды тасбелгілер жиі ұшырасады. Сондықтан олар
екі жергілікті топқа Бөкей ордасы және Жайық өңірі ескерткіштеріне
бөлінеді. Атырау тобымен бірге бұл екеуі де солтүстік Каспий кешендерінің
тобына жатады (қ. 12-15 қосымшалар).
Әсіресе оң жағалауда, “Бөкей бетінде” орналасқан ескерткіштердің өзіндік
ерекшеліктері мол. Олар көбінесе Қараөзен мен Сарыөзен алабында 19 ғасыр
мен 20 ғасыр басындағы қорымдарда, Жалпақтал, Казталовка ауылдары маңындағы
ескі зираттарда шоғырланған. Әсіресе, Жалпақтал маңындағы қорымдағы
тастан қашалған құлпытастар тарихи – этнографиялық және архитетуралық
тұрғыдан көңіл аударарлық. Мұндағы көне белгілердің бәрі Бөкей Ордасындағы
эпигарфилық құлпатастардың әдібімен жасалған. Әдетте, жалпақ, кейде шаршы
пішіндес қашалған, ұзын не орташа биіктіктегі құлпытастардың жазба бөлігі
әр алуан кескінде бедерленген. Олардағы араб қарпімен айшықталаған
жазулар мен таңбаларға қарап, мұнда негізінен байбақты, тана, табын, т.б.
рулардың өкілдері жерленгенін байқауға болады. Осы қорымдағы кейінгі
кезеңдерде салынған ағаш ескерткіштерге де дәстүрлі сәулеттік кесуін
сақталған. Сонымен қатар арнаулы экспедицияға қатысқан зерттеуші ғалымдар
Көктерек, Казталовка, Беспішен, Айдарлы, Жаңаөзен, Мәстеқсай, ескіқала
ауылдарының маңындағы зираттардың, Бөкей Ордасындағы Хан зираттарының (қ.
11 – қосымша) этнографиялық – тарихи архиологиялық ескерткіштеріне зейін
аударды. Жәңгір хан М.С.Бабажанов, т.б. тарихи тұлғалардың кесене –
бейіттерінің сақталу жайына көніл бөлді.
Обылыстың шығыс жағында, сол жағалаудағы аудандарда орналасқан мемориалдық
– рәсіми архиологиялық ескерткіштері әлі күнге дейін тиянақты зерттелмеген.
Мұнда негізінен далалық Арал – Каспий аймағына таралған дәстүрлі нышан –
ауқымды көп бөлікті құрылыстар кездеседі. Солардың қатарында Әулие
қасірет қорығы мен Қондыке бейітін атауға болады. Дәстүрлі соқпа тәсілімен
құйылған молалар да осы өңірінде ғана ұшырасады. Ақкөл ауылының оңтүстік
шығысында Қазының бейіті бар. Ал Қаратөбе ауданындағы Ақбақай қорымына
төре тұқымы – Мұхит Мерәліұлы, Шәңгерей Бөкеев, т.б. жерленген. Сондай – ақ
аудан орталығы – қаратөбе ауылынан солтүстікке қарай 20 км жердегі қорымға
С.Датұлының серігі, батыр әрі би Қаратау Өмірзақұлы жерленген.
Шола зерттеу нәтижесінде Батыс Қазақстан болысындағы дәстүрлі мемориалдық –
рәсми архиологиялық ескерткіштеріне Еділ татарларының әсері байқалады. Ал
сол жағалау тұрғындары Үстірт ескерткіштерінің әдібімен көп бөлікті,
тастан қашалған белгі орнатуға бейімделген. Сонымен қатар, облыс
аумағындағы қорымдарда өзге де ерекшеліктер – отарлау кезеңінің
просинциялық архитектурасының нышандары да із қалдырған. Облыс
шеңберіндегі, әсіресе солтүстік пен шығыс кеңістіктегі ескерткіштерді
кешенді түрде зерттеп, зерделеу келешектегі міндеті болмақ (қ. 16 –
қосымша).
Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік - мәдени дамуына
үлес қосқандар көп. Тоғызыншы бесжылдықтың кезінде “Омега” прибор құрылысы
зауыты, “Металист” тігін және киіз бастыру фабрикасы салынды. Он бірінші
бесжылдықта “Оралмұнайгазгеология” мұнай – газ бұрғылау бірлестігі
құрылды. Бірегей Қарашығанақ мұнай – газ конденсаты кен орны батысында
“Қазақгаз” мемлекеттік холдинг компаниясы ұйымдастырылды. Норвегия,
Жапония және басқа шет елдерге экспорт шығаратын мия өңдеу зауыты жаңа
өндіру корпусына көшірілді. Обылыс аумағында өнеркәсіптің түрлі салаларын
қамтитын жүзге жуық кәсіпорын бар. Облыс орталығының өнеркәсіп
кәсіпорындары 30 шет елге өз өнімдерін өткізді.
Орал қаласы – тоғыз жолдың торабы, мұнда қала мен облыс
орталықтарына, жақын және алыс шет елдерге темір жол ауа, су және
автомобиль жолдары тоғысады.
Еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, бес даму жолын таңдауына
байланысты Батыс Қазақстан облысының саяси - әлуметтік өмірінде,
жергілікті басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. 1992 жылы
республикада әкімшілік басқару институты енгізіліп, облыс әкімі
Н.Есқалиев (1992-93), Жақыпов (1993-2000) болды. 2000 жылдың желтоқсан
айынан бастап облысты Қ.Көшербаев басқарды. Жергілікті басқару
жүйесінде облыстық мәслихаттың да алатын орны зор. Бұл мемлекетті
билік органы тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністен сайланған депутаттар
арқылы облыс тұрғындарының ерік – жігерін білдіреді. Сондай – ақ батыс
қазақстандықтар республика аумағында маңызды мемлекет, қоғамдық іс –
шараларға белсене қатысып, саяси – құқықтық және экономикалық реформаларды
жүзеге асыруға үлес қосып келеді. Мәселен, еліміздің жоғарғы заң
шығарушы органына А. Есенғалиев, И.Б.Водолазов, Э.Ғаббасов,
В.В.Киянский, Т.Сапаров, Р.Сүйербаев (1994), М.Артығалиев, С.Мұқанов
(1996), В.Б.Асанов, Қ.Шалабаев, В.Я. Землянов (1999), сондай –ақ
В.И.Балдин, А.Таспихов, Р.Ахметов депутат сайланды.
Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік – мәдени дамуына
үлес қосқан басшылар есімі құрметпен аталады. Мәселен, Кеңес өкіметі
жылдарында облыс партия комитетін К.М. Аммосов (1932), І.Құрамысов
(1934), Х.М.Пазиков (1937), М.С. Салин (1946), С.Тоқтамысов (1955),
С.Ниязбеков (1959 – 62), ш.Қоспанов (1962 -75), М.Ықсанов (1975 – 86),
Н.Ескалиев (1986 -92), облыс атқару комитетін әр жылдарда Х.Ищанов,
Ғафиатуллин, П.П. Волошко зерттеді.

Беғазы кешені - Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінен сақталған
тайпа көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай
ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысында 40 км жерде. Беғазы
қорымының солтүстік – шығыс жақ шетінде орналасқан. 1947 – 1952 жыл
Орталық Қазақстан архиологиялық экспедициясы ( жетекшісі - Ә.Мағұлан)“
зерттеген 6 қоршаулы обалардан тұрады. Барлығы қазылған. Құлылыста бір –
біріне ұқсас. Тек көлемдері әртүрлі. Сыртқы көлемі 4х4 метрден 9,6х9,6
метрге жетеді, пішімі шаршы, кісі қойылған қоймасының көлемі 2,2х2,2
метрден 6х6 метрге дейін. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген,
қабырғаларының қалыңдығы - 1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 – 1,1 м. Барлығының
шығыс жағынан 1,8 – 9 м, ені 0,75 – 4 дәліз салынған Кешеннің ішінде
көлемінің үлкендігімен көзге 1 - және 2 – бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын
қақпақ тастарды биіктігі – 2,5 м Бейіттер кезінде ұрланғандықтан жерлеу
дәстүрін анықтау үшін”
тайпаның іріктелуі нәтижесінде жерлеу дәстүрінанықтау үшін емес.
Қабірлер бірнеше бөлікке мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен
сс құылатын орын болған. 1 – бейітте бұл орын саз жентектерден
қаланған,ұзына бойына үш сытас тіреуіш қадасы бар, сәкі тәрізді. Оның
үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға, төрт көзе мен марал,
арқар таутеке сүйектері қойылған.Осы жерде мәйітті орын да бар. Оның
ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күйген сүйек
қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзеренінің пішіні де, өрнектері де
андрон мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәрәздес, қабырғалары
жұқа, сырты мұқият тегістелген, өрнек салу тәсілдері де өзгеше. Беғазы
кешендерінен қола шаштүйреуіш, жұлдыз моншақ, тас қайрақ, өрнектелген және
өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің үш қола ұшы табылған. Бұл заттар,
әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. – 8
ғасырларда салынғанын көрсетеді. Осы кезеңде мұндай ірі кешендердің
салынуы (Дәндібай, Бұғылы Ақсу-Аюлы, Сангру) құрылыс ісінің жоғары
дәрежеде ұйымдастырылған. Оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының
ерекше болғандығы айтады.
Беғазы қорымы– Қазақстандағы қола, ерте темір тоб. Қарағанды обылысы,
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысына қарай 40 км жерде.
Қаратал (Беғазы) өзінің оң жағалауында . 1947 – 49 және 1952 жылдары
Орталық Қазақстан архиологияқ экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан)
зерттеген.Беғазы қорымында қола, ерте темір дәуірінің бейіттері мен
ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100 – ге жуық қазақ бейіттері бар.
Қорымның аум 240х570 м 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен
Беғазы – Дәндібаймәдениетіне өту кезеңіне жатады. Өтпелі кезең бейіттері
өңделеген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді жалпақ грагнит тастары
қырынан, жоғырғы жағын ортаға қарай еңкейте құрастырылған қоршаулар
ретінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген. Кейбір
қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған.
Сақталған сүйектерінің қалдығынан, олардың бүклеліп, қырынан батысқа қарай
жерленген, бірінің мүрдесін өртелгенін күлінен анықталды. Бейіттер андрон
мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішіні сақталған көселер мен
олардың сынықтары. Жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған
моншақтар, киімге тағатын өрнекті жапырмалар, Алтыннан апталған
салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды. Беғазы
қорымындағы пішімі, құрылысы, табылған бұйымдар Оңтүстік Қазақстанда қола
дәуірінен соңғы кезеңінде өмір сүрген. Тайпалардың жерлеу салты. Діни
сенімдері, қолөнеру туралы күнделікті мағлұмат береді.
Қазақстан территориясында 6002-ден аса неолиттік және энеолиттік тұрақтар
болатын болса, соның үшеуі Баянауыл өңірінде. Олардың бірі Жақсыбай
көлінің, екіншісі Сағындыкөлдің жағалауында, үшіншісі Баянауыл орталығынан
8 км қашыттықтағы Капар деген жерде орналасқан. Орталық Қазақстанның
тарихи топографиясында да қола дәуірінің қоныстары мен өзен аңғарлары
бойнан тыс жерлерде де кездесе бастады. Бұл қоныстар Қарқаралы, Баянауыл
далалары мен Нұра, Есіл, Шілдерті өзендерінің бойын қамтиды. Қола
дәуірінің қоныстарының үлгісі көп бөлмелі тұрғын үйлер ретінде көрініс
табады. Ол үйлердің ортасында жеке ошақтардың орны табылған. Мұндай қоныс
орындары Ақкезең, Қаратомар, Тағыбай бұлақ тағы басқа жерлерде ашылып
зерттеледі.
Әуелі Темір дәуірі ескерткіші Тасмола зираты Павлодар облысы, Шідерті өзені
бойынды кіші – гірім қырдың басында орналасқан. Оларға 1959 жылы зерттеу
жүгізілді. Зиратта әртүрлі деңгейдегі 36 жерлеу жәшіктері, қола дуірінің
қоршауы, жерқорғандар, бір “мұратты обы”, қазақ қорымы орнадасқан.
Баянауыл даласында 1964 – 1965 жылдар геолог В.С.Танцюра Қойтас жерінде 12
тұрақтың орнын ашты. Бұлардың ішіндегі айғақты деректерді беретіндері
Қойтас І, Қойтас ІІ, Қойтас IV, Қойтас VII, Қойтас XII. Олардың барлығы
Баянала тауының солтүстік беткейінде, осы өңірге белгілі Қойтастың басы.
Табылған заттық құралдар: 70 нуклеус, 121 пышақ қырғыштар, 35 қырғыштардың
ұштары, 33 қашаулар, 1180 қырғыш заттық құралдар.
Қола дәуірінің ескерткіштерінің бірі “Тағыбай бұлақ” деген жерде. Бұл
ескерткіш 1974 жылы М.Қадірбаевтың жетекшілігімен зерттелді. 1989 жылы
Баянауыл ауданы Бірлік моласын А.Бейсеновтың ғылыми жетекшілігімен зерттеу
жұмыстары басталды. Екі жыл ішінде 14 оба зерттеліп, ерте көшпенділердің
зерттеу рәсімі жөнінен біршама деректер берді.
Он саусағына өнері тамған тас безеуші – шеберлердің тамаша туындылары –
тас мүсіндер еді. Өткен замандардан сақталып, біздің уақытқа дейінгі
жеткен тас мүсіндер жөнінде ғылыми тұжырым жасаған Әлекей Марғұлан болды.
Ол Сарыарқаны 30 жыл бойы зерттеген. Тас мүсіндері туралы жазғаны да
көп. Түркі мен Қыпшақ дәуірінен қалған ондаған мүсіндер тауып, Ә.Марғұлан:
“Тегінде, мұндай тас мүсіндер әрбір өлген адамның ескерткіші ретінде
орнатылған, сондықтан олардың әрқайсысы әрбір өлген адамның келбетін
бейнеледі деуге болады”, - деп жазды.
Мүсін тастардың шоғырланған жерлері Жаңаарқа, Ұлытау өңірі болып
есептеледі. Ұлытау ескерткіштері сияқты тас мүсіндер тобы Астана қаласының
алдындағы Шұбардан басталып Ерментаудың сыртына дейін кездесіп отырады.
Олардың жие кездесетін жері Кедей, Торғай өзендерінің бойы мен Ерейменнің
сыртқы жазықтары, Олжабай, Едіге сөрелерінің қасы. Торғай өзені бойындағы
тас мүсіндердің бір тобын ғалым А.Машанов зерттеп, қағаз бетіне түсірген.
Бұл мүсіндер қос батыр деп аталады. Кедей өзенінің бас жағындағы Жаушоқы
деген жердегі ескерткіш солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған, көлемі
3,5х3,5 м екі тас шарбақ зерттелген. Шарбақтың әрқайсысының шығыс жақ
іргесіндегі беті шығысқа қарап бір –бір мүсіннен тұрған.
Тас зират. Бақтыбай қажының қорымында орналасқан енді бір зират бедері
өңделмеген табиғи асты жымдастырып қалаған сәулеткерлік өнермен
ерекшеленеді. Осы аталмыш қорымның сәулеткерлік құрылымын тас күйінде
қайталаған. Зираттың барлық алты қыры және қабырғалары кескінделіп
салынған. Табиғи тасты өте ұқыптылықпен қалау әдісінің арқасында
бұрыштыма қырлары бұл күндері де жақсы сақталған. Дегенмен, тас зираттың
біршама бөліктері қираған. Сәулеткерлік құрылымындағы өлшемдерін
қарастырсақ, ішкі диаметрі – 3,3 м, қабырғасының қалыңдығы – 1,20 м. табиғи
заттардың аумақтары құрылыс қалауында қолданылғанына қарай әртүрлі.
Амалдық сопы мазары. Қарағанды - шідерті тас жолының бойындағы Шідерті
өзенінің ескі арнасының жағасында орналасқан. Ескерткіш ХІХ ғасырдың ІІ
жартысында тұрғызылғын. Күмбез архитектуралық құрылым жақсы сақталумен
және қайталанбас өзіндік қалануымен ерекшеленеді. Себебі бұның төбесі
жабық, ал жан – жақты қабырғалары шаршыдан жоғарылаған сайын ұшталып
салынған. Жерден – 3,10 м биіктікте терезе басталады, оның биіктігі –
1,10 м. Төрт терезенің екі жақ бөлігіқұлаған, қалған екі бөлігі
сақталған. Жан құбырларының өлшемі – 5,20 м, алдыңғы қабырғасы – 5,40 м.
Есігінің биіктігі – 0,95 м, ені – 0,60 м. Қабырғасының қалыңдығы -1,10 м.
Архитектуралық құрылымыбойынша бұл тектес күмбез бұл өңірде кездеспейді.
Жасыбай- Баянауыл тауларындағы табиғаты аса көркем жерлердің бірі. Адам
тұрмысына ерте дәуірлерден-ақ қолайлы болғанына ескілікті жәдігерлер куәлік
етеді. “Арғымақтағы” көне дәуірден сақталған ізтаңбаларда елдікті
сипаттайтын тасқа түсірілген таудың, ерліктің белгісі болып табылатын
найзалы жауынгердің суреттері салынғпн. Сол сияқты бұл жерде ғұндар кие
тұтқан бұғының, бақсы-абыздар көлік ретінде мінген түйенің суреттері
бейнеленген.
Жасыбай жерін қазақтың арғы бабалары тас, қола, темір дәуірлерінде де, ғұн,
түрік заманында да қоныс қылған. Қазақтың әйгілі батырлары Олжабай.
Жасыбай, Жалаңтөс осы жерлерді мекендеген. Жасыбай көлінің жағасында Жаяу
Мұса, Ермұхан Бекмаханұлы дүниеге келіп, балалық шағын өткізген.
Мәтек абыздың екі қонысы Далба тауының бауырындағы Қарағайлы бұлақ,
мұрынтал жерінде. Өз дәуірінде ерекше қасиеттерімен танылған Мәстек абыздың
өмірі, қария сөздің айтуынша, осы жерлерде өткен. Мәстек абыздың зираты
Мұрынтал аулының ортасында орналасқан көне қорым ішінде.
Түрік кезеңінің әйел мүсін тасы, Баянауыл өңірінен. Әйел адамның басында
қазақы суйе келе бейнеленген. Ер адамның қолында тостаған болуы- бақсы-абыз
белгісі. Қанжар суреті салынуы- батырлықты білдіреді. Көп жағдайда ер
адамның мүсініндегі бейнесі малдас құрып отырған күйінде салынған.
2.3.Оңтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы – ғылыми- мұрағаттық
мәдени мекеме. Орталық Азиядағы ең ірі де көне мұражайлардың бірі. 1925ж.
Қазақ өлкелік Орталық мұражайы құрылды. 1929ж. Қазақ өлкелік Орталық
мұражайы жаңа астана- Алматыға көшірілді, Жетісу губерниясының мұражайымен
біріктіріліп, еліміздегі іргелі мәдени ордаға айналды. 1944 жылдан қазіргі
атымен аталады. Алматы қаласындағы мұражайдың жаңа ғимараты архитекторлар:
Ю.Ратушный, З.Мустафина, Б.Рзағалиевтердің жобасымен 1985ж. салынды. Жалпы
аумағы 17 мың м2 құрайтын құрылыс кескінінде төрт экспозиция залы, ауқымды
көрме галереясы мен сақтау қор-қоймалары, киномәжіліс залы, қызмет
кеңселері бар. Оның қорында Қазақстанның ежелгі дәурінен бастап қазіргі
күніне дейінгі терең тарихынан сыр шертетін 200 мыңнан астам жәдігерлік
бұйым жинақталған.
Ғалам, дүние жаратылысы туралы мұражайдың полеонтология залына
хронологиялық мөлшері 570 млн. жыл бұрынғы кембрий дәуірінен бастау алып,
голоцен деп аталатын бүгінгі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жәдәгерлік
бұйымдар қойылған. Олар қазіргі Қазақстан жерінде тіршілік еткен жан-
жануарлар, өсімдіктер, тасқа айналған сүйек қалдықтарымен таныстырады.
әсіресе, 420 млн. жыл бұрынғы тіршілік еткен трилобит деп аталатын
жануарлардың түрі, 300 млн. жыл бұрын пада болған ең алғашқы омыртқалы
жануарлардың бірі-стегоцефалдар, сондай-ақ, Қазақстан аумағында тіршілік
еті, 10-12 мың жыл бұрын жойылып кеткен мүйізтұмсықтар мен піл-мамонттардың
сүйек қалдықтары ерекше құнды.
Мұражайдың аргеология қорындағы сирек кездесетін экспонаттар- ежелгі обалар
мен көмбелерден табылған қола, күміс, алтын бұйымдардың жасалу мәнері бағзы
дәуірдегі бабаларымыздың эстетикалық талғамын көрсетеді. Мұражайға 1939ж.
Алматы қаласынан 50 км батыста, Іле алатауы бөктерінде орналасқан Қарғалы
қонысынан табылған көмбе бұйымдары қойылған. Бұл “Қарғалы көмбесін”
қазғанда шамамен б.з.б. 2ғ.-б.з. 1 ғасырында өмір сүрген абыз әйелдің
мүрдесінен бірге көмілген ерекшк әсем 370әшекейлік бұйым шықты. әйелдің
басына киетін тәтісі-қарғалы диадемасында бейнеленген құстардың,
хайуанаттардың, қиял-ғажайып кейіптегі әйел мен ер адамның бейнелері ата-
бабаларымыздың ғарыш пен кеңістік туралы дүниетанымын аңғартады.
Бестамқала- Қазақстандағы орта ғасырлардан сақталған көне қала орны.
Қызылорда облысынан солтүстік батысқа қарай 240 км жерде, Жаңадарияның
құрғап қалған арнасының бойында. ХІІ-ХІІІ ғғ. өркендеген қаланың ауданы
390х300м, айнала екі қатар дуалмен, терең ормен қоршарған, ішкі қорғаныс
алаңы оның бойындағы биіктігі 3м, мұнаралар мен ауызғы бөлмелері жақсы
сақталған. Мұнаралардың ортасын жалғастыратын жұмбаздап соғылған дуалдың
биіктігі 1,5м, қабарғасы 1м. Сыртқы қорғаныс дуалының қалыңдығы 2м-ге жуық.
Биіктігі 3м. Қала ішінде төрт бұрышты жердің орындары сақталған. Қорғанға
сырттан солтүстік және оңтүстік қабырғалар арқылы кіретін болған. Үйдің
орны мен ерекше ошақтардың қалдығы ашылып алынған. Қашалынған қыш ыдыстар,
металдан жасалған дөғгелек қалқанның, тастардың, көгілдір моншақтың
ойыншықтары, жебенің сабы ментемір қорытпалары т.б. сақталған.
Бесшадыпыт- Батыс Түрік қағанатындағы ондық негізде оң қанатқа топтасқан
территориялық-тайпалық бірлестіктің атауы. Деректер бойынша 648 ж.
Бесшадыпыт құрамына Азғыр, қашу, барсхан, Азғыр-Низук,Қашу-Чубон тайпалары
енген. Бесшадыпыттар негізінен Шу өзенінің батысы мен солтүстігіндегі
Бесшатыр- Қазақстандағы көне қорамдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі
ескерткіші. Алматы облысы, Іле өзенінің жағалауынан 3 км жердегі Желшағыр
тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында.1957,1959-61ж. Жетісу археологиялық
экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) зерттеді.қорым құрамында үлкенді-кішілі
31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1км, солтүстіктен оңтүстікке қарай
2км болатын алқапты алып жатыр. 21-і тас пен, ал 10-ы қиыршық тас арқылы
топырақ үйінділерімен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік
және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең ірі үлкен,
ІІ және ІІІ обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45-ден 105-ге дейін,
биіктігі 6-17 м-ге дейін, тиісінше орталарынікі 25-38м, 5-6м, кішісінікі 6-
18м, 0,8-2м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі бұл аймақтың ежелгі
Бесшатыр тұрғындардың әлеуметтік баму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу барысында 18 оба қазылды. Олардың үшеуі үлкен, қалғандары орташа
және кіші обалар. Алынған ғылыми деректкр ежелгі сақтардың әлеуметтік
топтарға жіктелуі, шаруашылығы, тұрмыстық салт-дәстүрлері, діни-наным
сенімі, архитектуралық жетістіктері, тұтынған қару-жарағы мен құрал
жабдықтары жайлы құнды мәліметте береді. Таспен жабылған 21 обаның
алтауында шағын тастармен қоршалған ұзын тізбектер бар. Олардың жалпы саны
5-тен 94-ке дейін жететін тастардан тұрғызылған құрайды.
Айша бибі кесенесі- Қазақстандағы сәлет өнері ескерткіші. ХІХ ғ. салынған.
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында орналасқан. Кесене
құрылысын 1897ж. В.А.Киплаур, 1938-39жж. А.Н.Бернштейн жасаған КСРО ҒА
Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы. 1953 ж.
Қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген Күмбезді Қарахан (Әулие Ата)
салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні
шаршыланып біткен. Ауданы 7,6х7,6м. бұрыштар бағаны- тіреулер арқылы
көтерілген. Кесене ортасында кұлпытас (3х1,4м) орналасқан. Батыс жақ
қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның
ортасында сүйір арқылы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар
тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғары жағы көгеріс
өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді.бұрыштағы бағаналар көгеріс
өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі
кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға арап
әріпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде “күз,бұлттар,
дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы
80см) үш бөліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш
әшекейлі палитармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз
балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға
ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін
арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған.
Кесене қабырғаларының сыртқа беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген
оймыш қисақ плиткалар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық
өрнегіне алпыс түрлі әшекеей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл
ойулар бір-бірімен қиуласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік
сипатталған композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Әмір Темір
дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды – тақталды дәстүр
айқын аңғарылады. “Қазақ жобалау, қалпына келтіру” институтының Айша бибі
кесенесін ресубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескеткіштерінің
тізіміне енгізіліп, мемлкет қорғауына алынған.
Есік сақлаған жазуы – Қазақстандағы сақ дәуірінен сақталған жазба
ескерткіш. 1970 жылы Іле өңірінің тау бөктеріндегі Есік қаласы іргесінен
сақ дәуірінде (б.з.б. 5 – 4 ғасырларды) салынған үлкен қорым қазылды.
Қазу жұмысына жетекшілік еткен – К.Ақышев. Мазардың ішінен алтынғы
бөленген жауынгердің мәйіті, дулығасы, алтын саты қанжары мен семсері,
түрлі ыдыс - аяқ және жұмсақ жазуы бар күміс тостағанша табылды. Күміс
тостағаншаның сыртқы жағына ойылған 26 таңба екі жолға жазылғын. Үстінгі
жол тостағаншаның тура түп ортасына, ал астыңғысы жол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz