Сөздің фонетикалық варианттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе бөлім . . . 2

Негізгі бөлім . . . 3-20

I-бөлім. Аударматанудағы аударма варианттылығы ұғымы.

1. 1. Ресей және Қазақстан ғалымдарының аудармадағы

варианттылық ұғымын қарастыруы . . . 3-5

  1. Варианттылық және дублет . . . 6-8

II-бөлім. Аудармадағы варианттылық түрлері.

  1. Фонетикалық варианттылық . . . 9-13
  2. Морфологиалық варианттылық . . . 14-15
  3. Стильдік варианттылық . . . 16-20

2. 4. Тұлғалық варианттылық . . . 21-28

Қорытынды . . . 29

Кіріспе.

Тілдегі варианттылық мәселесі тіл білімінің маңызды салаларына жатады, жарияланып жүрген лингвистикалық еңбектердің ішінде варианттылық тақырыбының көрнекті орын алып жүргені бұған дәлел бола алады. Бұл жағдай сөз варианттарын зерттеудің әрі теориялық, әрі практикалық маңызының бар екенін көрсетеді.

Сөз варианттарының көптеген мәселелері әлі де болса жеткілікті түрде шешіліп болған жоқ, сондықтан да бұл туралы баспасөз бетінде талай пікірлер айтылып жүр. Мұның бәрі де қазіргі қазақ тілінде сөз варианттарының проблемасын жан-жақты қарастыруға түрткі болды. Сөз варианттылығы тіл мәдениетінің өзекті тақырыбының бірі болып саналады. Вариант әрбір тілге тән қасиет болғандықтан, универсалиялардың бір категориясы бола алады.

Курстық жұмыс мақсаты қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттарының жасалу, даму және қолданылу заңдылықтарын айқындау, варианттарды тұтас баяндауға ат салысу.

Варианттылық теориялық жағынан аз зерттелгендіктен, осы тақырыпты бір курстық жұмыста толығымен жазып шығу мүмкін емес. Алайда, ғылыми еңбектерді, көркем әдебиетті, сөйлеу тілін, күнделікті баспасөз материалдарына негізделген курстық жұмыстың мазмұнын толықтай баяндаймыз.

Сөз варианттары тілдік дәрежелерде сараланып қарастырылады. Атап айтқанда, лексикалық, фонтикалық, семантикалық, стильдік, морфологиялық, фразеологиялық, тұлғалық варианттар нақты тілдік материалдар негізінде талданады. Сөз варианттарының әдеби нормадағы түрлері де, нормадан ауытқитын жағдайлары да қарастырылады. Сөздер де, олардың тұлғалары да әртүрлі варианттарда қолданылатыны нақты мысалдармен көрсетіледі. Сөз варианттары - тілдің байлығы деп саналады. Сондықтан да, әрбір тілде сөз варианттарының болуы заңды құбылыс.

Негізгі бөлім.

I-бөлім. Аударматанудағы аударма варианттылық ұғымы.

1. 1. Тілдегі сөз варианттарын зерттеу- тіл мәдениетінің ең басты мәселелерінің бірі. Философиялық жалпы тіл білімінде варианттылық ежелгі заманнан ғылымның зерттеу нысандарының бірі болып келеді. Оған Платонның және Әл-Киндидің және басқа ғұламалардың вариантқа айтқан пікірі дәлел бола алады. Араб философиясының негізін қалаған Әл-Кинди синоним мен варианттың бірдей еместігін атап айтты. Вариант мәселесі лингвистикада ХVII-ғасырдан бастап ерекше зерттеле бастады. Осыған байланысты лингвист Никола Катерино француз тіліндегі 468 дублет сөздің тізімін жасап, 1683 жылы шыққан кітабында жариялап, олар туралы өз пікірлерін жазған. Кеңестік уақыттың тіл білімінде вариант мәселесіне ұзақ жылдар бойы ерекше көңіл бөлініп келді. Сөз варианттары туралы арнаулы мақалалар, кітапшалар, авторефераттар, диссертациялар жазылды.

Әдеби тіл нормасының дамуы варианттардың қызметімен тығыз байланыста болды. Кеңестік түркітануда вариант мәселесіне назар аударылып келді. Академик А. Н. Самойлович та мақалалар жазып, онда бай, кедей сөздерінің түркі тілдеріндегі варианттарын тарихи салыстырып көрсетті [1, 64] . В. И. Рассадин тофалар тіліндегі сөз варианттарын нақты мысалдармен көрсетті [2, 137-138]

Қазақ тіл білімінде де вариант мәселесі жөнінде мақалалар мен еңбектер көрсетілді. Қ. Жұбанов 1929 жылғы 2- 4 маусымда Қызылорда қаласында өткізілген ғылыми- терминологиялық конференцияда сөйлеген сөзінде көрі, гөрі шылауының варианттары жөнінде айтып, бұл шылаудың төркіні «көр» деген етістік екенін дәлелдеді [3, 259] . 1968 жылы Алматы қаласында өткізілген баспасөз тілінің мәдениеті жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық конференцияда вариант мәселесі де сөз болды, осы конференцияның ұсыныстарында сөз варианттары туралы былай делінді:

« Баспасөз тілінің мәдениетіне елеулі нұқсан келтіріп жүрген қолайсыз құбылыстардың бірі сөздердің әдеби емес сыңарларын талғаусыз, әркім өз бетінше қолдану деп білеміз. Сондықтан осы уақытқа шейін баспасөз бетінде орынды- орынсыз жарияланып келген жарыспалы сөздерді келешекте ғылыми негізінде нормалауды мақұл деп санаймыз. » [4, 220] . Ал жалпы вариант термині қайдан пайда болды деген сұраққа келсек, вариант термині латынның «өзгеріс», яғни «бір нәрсенің әр түрі» деген мағынаны білдіретін varians (variantos) деген сөзінен алынған [5, 105] . Тілдегі варианттылықтың мәні мынада: лексикалық единицалар мағыналық дәлдік сақтай отырып, әртүрлі құбылыстардың ықпалымен өзінің әдеттегі тұлғасынан өзгеше бірнеше дыбыстық вариантта айтылуы мүмкін. Мысалы, диірмен/ тиірмен, балуан/палуан, ғаріп/кәріп, ғанибет/қныбет, теңіз/деңіз-фонетикалық құрамында айырмашылығы бар, бірақ мағынасы тепе-тең сөздер. Кіріспе бөлімінде жазылған жұмыс мақсатына байланысты осы жұмыста

  1. сөз варианттарының айырым белгісін;
  2. сөз варианттарының шығу арналарымен өзгеру себебін;
  3. сөз вариантының түрлерін;
  4. Варианттылықтың әдеби тілге әсерін анықтау міндеттерін толығырақ ақпарат беруге тырыстық

Осыған байланысты қазақ және орыс ғалымдарының варианттылыққа берген анықтамаларына тағы да оралсақ: Ә. Болғанбайұлы, Ә. Қалиұлы, , Тілдегі синонимдер мағыналық жағынан болсын, тұлғалық жағынан болсын, әрқайсысының өзіндік дербестігі бар жеке-жеке сөздер деп танылады, ал сөздің лексикалық бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас құрылымдарды сөз варианттары дейміз, дей келе, қазақ тіліндегі « разы-ырза-риза», «дәнеме-дәнеңе» , «сайтан-шайтан», «дөңгелек-доңғалақ» секілді фонетикалық варианттас сөздерді мысал етеді [6, 18] . Ғалымдар тілдердегі сөз варианттарын ажыратудың 3 белгісін :

1. cөздің түбірлерінде ортақ ұқсастық болуын

2. лексикалық- семантикалық жалпылығы сақталу керектігін

3. дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмауға тиістігін атап көрсетеді.

К. С. Горбачевич сөздердің варианттылығы ұғымына анықтама бере келе:

«Вариантность- это не только порождение не устойчивости языковых норм, скорее, наоборот, не устойчивость норм следствие варьирования» дейді [7, 9] .

Тілдегі сөз варианттарының қалыптасуында ұқсастық та, елеулі айырмашылық та болатыны анық. Басқа тілдердегі варианттылықтың зерттелуі, олардың мәні жайлы айтылған пікірлердің қазақ тіліне де ортақ жақтары бар. Сондықтан вариант тұлғаларына байланысты теориялық мәселелер қазақ тіліндегі вариант тұлғаларының анықтамасы мен айырым белгісін айқындау үшін де қажет болмақ. Орыс тіл білімінде варианттылыққа байланысты теориялық мәселелерді анықтау қырқыншы жылдардан бергі уақытта жарық көрген В. В. Виноградов, А. И. Смирницкийдің еңбектерінде алға қойылды. Орыс тіліндегі параллель варианттардың мәні жайлы Виноградов пен Смирницкийдің бастамасын О. С. Ахманова әрі қарай толықтыра түсті. Олардан кейін Ф. П. Филин неліктен кейбір сөздердің әр түрлі тұлғасы бөлек мағыналы сөздердің пайда болуына әсер етеді де, кейбір түрі бір сөздің варианты аясында қалып қояды деген мәселе төңірегінде О. С Ахманованың пікірін әрі қарай жалғастыру мақсатын қояды. Ол Ахманованың синонимдер тек әр түрлі түбірдегі сөздер ғана бола алады деген тұжырымына қарсы пікір айтады. Мұндай жағдайда бір түбірге жататын әр түрлі сөздерді вариант тұлғаларынан ажырату қиын болғандықтан тілге тиек етеді [8, 130-133] .

П. Р. Рогожникова «Варианты слов в русском языке» атты ғылыми очеркінде сөздің тұлғалық варианттарымен қоса түбірлес сөздер (однокоренные слова) тәрізді тілдегі бөлек құбылыстарды қабат алып зерттейді. Бұл еңбектердің бәрінде дерлік сөздің варианттылығы теориясында әлі де бірыңғай шешімін таппаған даулы мәселелер көп екеніне, сөздің варианттылығы деген ұғымға варианттылықтың айырым белгілеріне дәл анықтама берілмей келе жатқанына назар аударады.

Орыс тіліндегі вариант сөздерді түрге бөлуде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі вариант сөздердің түрі оларды арнайы зерттеу барысында анықталатыны мәлім. Олар сөздің вариант тұлғаларын негізінен екі үлкен топқа бөліп қарайды.

  1. Сөздің фонетикалық варианттары. Мысалы: галоши - калоши, ноль-нуль, велярный-веларный.
  2. Сөздің морфологиялық немесе грамматикалық варианттары. Мысалы: рельс- рельса, спазм-спазма, зал-зала-зало.

Тілдегі варианттылық қазақ тілін зерттеуші түркітанушылар назарын да ертеден аударғанын байқаймыз. Мәселен, қазақ тілін зерттеуші түркітанушы Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы жарық көрген кітабында абдан-әбден, адауыр-едәуір, уқсаған - ұсаған, оспал- оспақ, биші-бигіш, болға-былға, жаңғыз-жалғыз, мұңдар- мұрдар, қлам-кләм-күмән варианттары берілген [9, 125] .

П. М. Мелиоранский ХІХ ғасырдың соңында жазған еңбегінде сол кездегі қазақ тілінде кездесетін исим - есім, жана- және, тұспан -дұспан, алла- алда, молла-молда, менім- менің, біздің-бізің, шаһар- шеһер сөздердің дыбыстық варианттарын келтірген [10, 29] .

Алайда, біз бұл келтірген варианттылықпен келіспейміз, себебі сөздің мағынасы мүлдем басқаны береді деп ойлаймыз. Мысалы: Жана/және- жана- бағана болған, өтіп кеткен, ал және- шылау. Екеуінің мағынасы әр түрлі. Сондай-ақ тұспан/ дұспан, бұл жерде тұспан- болжамдау, тұспалдау сияқты, ал егерде дұспанмен дұшпан сөзін қойса келісуге болар еді [11, 254] .

1. 2. Варианттылық және дублет

Варианттардың айырым белгісіне тоқталмас бұрын, сөздің варианттылығы деген ұғымға анықтама бере кеткен жөн. Себебі лексикологтар еңбегінде бұл ұғымның өзі әрқалай аталып келгені мәлім. Бір сыпыра еңбекте вариант пен дублет терминдері қатар қолданылып жүрді. Ал бұл екеуінің ұқсастығы неде, айырмашылықтары қандай, бұл жайында тіл білімін зерттеген ғалымдарының айтқан пікірлері қандай деген сұрақ туары анық. Мағыналық тепе-теңдікті білдіретіндіктен, дублет пен варианттың ортақ жақтары бары анық. А. А. Реформатский синонимдес қосымшалары бар түбірлес сөздер жұптарын дублеттер деп атайды [12, 36] .

Лингвистикада бұл термин этимологиялық және синтаксистық дублеттерді атау үшін де пайдаланып жүр. [13. 68-70] Н. М. Шанский лексикалық дублеттерді абсолюттық синонимдер деп қарайды. Ертеректе дублет терминінің түбірлес синонимдерге байланысты қолданылғаны байқалады [14, 62] .

Тіл құбылыстарына бір жақты қараудан, «Вариант немесе дублет» терминдеріне бір жақты ғана анықтама берілуі мүмкін. Сондықтан «Дублет» пен «Вариант» терминдерін ажыратып қолдану жайлы пікірді бір сыпыра лингвистер еңбегінен кездестіреміз [15, 71] . Соңғы кездері орыс тілі мамандары тек вариант терминін ғана қолданып жүр. Осы екі сөзді салғастыра қарағанда, елеулі ерекшеліктер байқалады.

  1. Дублет - француз сөзі, қазақшаекі, қосдеген ұғымды білдіреді [16, 247] . Ал варианттылықта мұндай шек жоқ. Демек, дублет қатарының екі сыңары болса, сөздің фонетикалық варианты екеу де, үшеу де одан да көп бола беруі мүмкін.
  2. Дублеттер мағыналық тепе-теңдікті білдіргенімен әртүрлі түбірден жасалған сөздер екені айтылды. Мысалы:жүгері/порми, кебек/күрпі, шалбар/сым, көрші/хошнат. б. Ал фонетикалық варианттардың бір сөздің түрліше дыбыстық ауытқуынан түзілетіні белгілі.
  3. Дублеттердің бір сыңары бұрыннан қолданылып келе жатқан төл сөз болса, екінші сыңары кірме сөз болуы мүмкін:қауын/діңке, дәке/мәрлі, тәулік/сөтке, үлгі/бәһра.
  4. Дублеттер мен варианттар мағыналық тепе-теңдіктегі сөздер деп есептелгенімен, олардың семантикалық даму бағытында өзгешіліктер болса керек. Дублеттер синониммен тығыз астасып жатады. Сондықтан лингвистер кейде дублет қатарларын абсолют синонимдер деп те атайды. Дублеттердің синонимге айналуға бейім тұруынан қайсыбір кезде олардың ара-жігін ажырату қиынға соғады. Бұғанқораз / әтеш, қант / секер, қақпа / дарбазат. б. сөздер жайлы айтылып келген әртүрлі пікірлер дәлел бола алады. Ал фонетикалық варианттардың мағыналық саралануы тек синонимдермен ғана емес паронимия, полисемия, омонимия тәрізді тіл категорияларымен де байланысты. Себебі фонетикалық варианттардың синонимге айналуы сирек, оның есесіне мағыналық саралану арқылы басқа мағынаны білдіруіне мысалды көптеп келтіруге болады.

Алайда, қазақ тілінде еңбектерде де «дублет» пен «вариант» терминдерінің ара жігі ашылмай қабат салынып келеді. Оның себебі қазақ тіліндегі дублет пен вариант қатарлары мәселесінің ешқайсысы да толық зерттеле қойған жоқ. Әрі олардың бәрі мағыналық тепе-теңдіктегі жарыспа тұлғалар болғандықтан, негізінен әдеби тілге қатысы, нормалану мәселесі тұрғысынан ғана сөз етіледі.

Дегенмен « вариант» пен «дублет» терминдерінің білдірер ұғымын ашып көрсетпейінше, бұл құбылыстардың мәні, айырым белгісі, жасалу жолы, түрлері, өзгеру тенденциялары секілді қазіргі таңдағы өзектілігі мәселелерді түбегейлі шешіп беру мүмкін емес. Мәселен, ,, кішкентай,, (кіп-кішкентай) сөзімен мағыналас : минімдей, мейнамдай, мейнемдей, минамдай, құрттай, қиттай, құттақандай, құйтықандай, құртақандай, құйтақандай, құттай, құйтымдай, титтай, титтей, титімдей, титымдай, тинамдай, тинақымдай, тіп-титімдей . . . деп жарыстыра тізе берсек, олардың баспасөзде ғана қатарынан қолданылып жүргендерінің саны 20-дан асып жығылады екен. Бір сөздің мұншама параллель сыңарларының әдеби тілде қатар қолданылуы мүмкін бе? Егер қолданылса, қандай негізге сүйенеді деген орынды сұрақ туады. Ол үшін бұл сөздердің вариант, дублет немесе синонимдік қатардың қайсысына жататынын ашып алу керек. Осы негізде вариант тұлғаларының айырым белгілерін біртіндеп айқындау арқылы бұл сұрауға жауап іздеп көрейік. Минімдей/мейнамдай/мейнемдей/минамдай / жарыспаларының бір сөздің дыбыстық варианттары екені анық. Бірақ минімдей, қиттай, биттей, титтей сөздері, біздіңше, бір сөздің фонетикалық варианттары емес. Олардың түбірі әр басқа, әрі олардың білдірер мағынасы бір болғанымен, нағыз тепе-теңдікте тұр деп есептеуге келмейді. Себебі амалға, ойлау түріне, сөйлеу мәнеріне қарай контексте берілуінде айырмашылық болуы мүмкін. Олардың қолданылу жиілігі де бірдей емес, кейбір сыңары актив сөздерге жатса, кейбірі сирегірек кездеседі. Демек, бұл сөздер вариант та, дублет те емес - синонимдер. Ал бүл сөздердің түрліше айтылатын фонетикалық варианттары да әдеби тілдің нормасына жатады. Өйткені олардың коммуникативтік ситуацияға қарай контексте сәл-пәл болса да қолданылу ерекшелігі сезілетіндей. Сондықтан оларды вариант сөздердің семантикалық тобына жатқыздық.

Осылайша, орыс лингвистері де, түркітанушылар да варианттылықтың негізгі айырым белгісін - мағыналық тепе-теңдігі деп есептейді. Олардың түбірі бір болу керек. Сөздің сырт тұлғасындағы өзгешелік лексика-семантикалық өзгешелікті білдірмеуі тиіс. Бұл пікірді олардан кейінгі авторлар да қолдап, әрі қарай толықтыра түседі. Соған қарамастан варианттылықтың мәні де айырым белгілеріне дәл анықтама беріп ажыратуда. Әлі де болса, айқындық жоқ. Бүл лингвистердің бір ауыздан білдірген пікірінше, әлі шешіле қоймаған, бір тоқтамға келмеген күрделі мәселенің бірі. Өйткені, көптеген ғалымдар тілдегі варианттылықтың басты айырым белгісі оның мағыналық тепе-теңдігін сақтауда дей отырып, оларға әр түрлі стильдік, экспрессивтік реңк тән екенін ескертеді [17. 69] . Вариант сөздердің барлық жағдайда бірдей қызмет атқара бермейтіндігі жайлы пікір басқа лингвистер еңбектерінде де кездеседі. Бұл варианттылықтың синоним сөздерден ара жігін дәл ажыратып көрсетуге айқындық жоқ екенін аңғартады. Себебі, вариант сөздердегі болар-болмас стильдік айырмашылық мағыналық тепе-теңдіктің ажырауына әкеліп соғатыны мәлім. Міне, дублет пен варианттылық айырмашылығын жоғарыда талдап көрсете кеттік. Ал енді курстық жұмыстың келесі бөлімі, аудармадағы сөз варианттылығын бөлу түрлері тәржімада көрініс табуына көшсек.

II. Аудармадағы варианттылық түрлері.

К. С. Горбачевич ұсынғандай қазіргі орыс тілінде варианттылықтың төрт түрі қарастырылады: акценттік, фонетикалық, фонематикалық, морфологиялық.

1. Акценттік варианттылыққа тек емле арқылы ажыратылатын сөздер жатады. Сонымен қатар, фонемдік құрамға жататын сөз варианттары. Мысалы: лемех-лемех, искриться-искриться, реку-реку, заводский-заводской.

2. Фонетикалық варианттылыққа қазіргі орыс тілінің жүйесіне қатысты көптеген және әрқилы дыбыстау модификациялар жатады: сейчас[с` әйч` ас], [с әч` ас], [ш` ч` ас] немесе [ш` ас] т. с. с.

3. Фонетикалық варианттылық.

4. Морфологиялық варианттылық. Ал қазақ тілінде варианттылықтың бірнеше түрін көрсетеді: фонетикалық, лексикалық, семантикалық, грамматикалық, стильдік, орфографиялық, орфоэпиялық, фразеологиялық, тұлғалық. Бұл курстық жұмыста барынша толық қарастылатындар:

1. Фонетикалық.

2. Морфологиялық.

3. Стильдік варианттылық.

2. 1Фонетикалық варианттылық.

Сөздің фонетикалық варианттары - омонимдерге қарама-қарсы тілдік құбылыс. Олардың тұлғаларында айырмашылығы бар, бірақ мағыналары тепе-теңдікті білдіретін болғандықтан, сырттай синонимдерге ұқсайтыны анық. Бірақ синонимдердің мағыналық болғанымен әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық ерекшеліктері бар екені белгілі [6, 55] . Ал сөздің вариант қатарлары бұндай ерекшеліктерді білдірмеуі тиіс. Соған қарамастан түрлі контексте қолданыла беретіндіктен, кей уақыт бір сөздің варианттарын әр түрлі бөлек сөздерден ажырату қиынға соғады. Синонимдер ертеден-ақ зерттеу нысаны болып келді, көптеген еңбектер жарық көрді.

Алайда олардың бір сөздің варианттарынан ажыратарлық дәл белгілерінің айқын еместігі, синонимдер табиғатының да күрделі жақтары әлі жете зерттеліп біте қоймағанын аңғартса керек . Мәселен, О. С. Ахманова сөздің фонетикалық варианттарының шегі- синонимия деп есептейді. Ал сөздің вариант қатарынан айыру үшін синонимияға әр түбірден қалыптасқан сөздердің лексика-семантикалық бірлігін жатқызған. Мұндай жағдайда синонимдердің де, варианттардың да жігін ажырату қиындап кететініне тоқтала келіп Ф. П. Филин, , С моей точки зрения, то что С. Ахманова считает, равноправным вариантами слова, предоставляет собой принципиально различные явления,, - дейді [8, 95] .

Әр түрлі сөздерге жататын синонимдерді кейде бір сөздің варианттарынан ажыратудың қиынға түсуінің тағы бір себебі: вариант тұлғалардың кейбірінің жүре келе мағыналық саралануымен байланысты. Варинт тұлғалары тұрақты емес, олардың үздіксіз өзгеріске түсіп отыратын тілдік құбылыс екені анық. Олардың бір сыңарының ескіріп, қолданудан біртіндеп шығып қалуы мүмкін. Не мағыналық даралану арқылы бөлек сөздерге айналуы мүмкін, фонетикалық варианттардың мағыналық саралану арқылы синонимге айналуы сирек болса керек. Мысалы: қазір-әзір тұлғаларының бір сөздің дыбыстық варианттары ретінде қалыптасқаны мәлім. Қазірге тілде, , әзір,, сөзі дайын, даяр сөздерімен синонимдік қатар құрады.

Сөздің фонетикалық варианттарының мағыналық саралану арқылы мүлдем бөлек ұғымды білдіретін кезі аз емес. Мысалы: балау-палау, айғай-айқай-айхай-айһай-ойһай-ойхой, барақ-парақ- тарақ. Мағыналық саралану арқылы мүлдем бөлек ұғымның атауына айналған мұндай сөздер паронимдерге (тұлғалары ұқсас бөлек сөздер) сырттай ұқсауы мүмкін. Паронимдерге орыс тіліндегі белет-белить, здравица-здравница, диктат-диктант тәрізді ұқсастығы жоқ ұғымдарды білдіретін сөздер жатады. Бұл сырттай ұқсастық, шындығында вариант тұлғаларынан паронимдердің тұлғалық үлкен айырмашылығы бар. Паронимдердің саны екеу ғана, әрі олардың синонимдік жұптары болмайды.

Сөздің фонетикалық варианттарының айырым белгісін ажыратуда айқындық жоқ екендігі оларға берілген анықтамалардан -ақ байқалады. Себебі әр тілдегі варианттылықты арнайы зерттемей, көбінесе өздері қарастырған басқа мәселелерге қатысы тұрғысынан сөз еткендіктен олардың жеке ерекшеліктеріне ғана назар аударған. Орыс лингвистерінің сөздің фонетикалық варианттарына стильдік, экспрессивтік реңк тән деген пікірі қазақ тіліндегі варианттылықтың бәріне болмағанымен, кейбір түрлері үшін қолдануға келетін тәрізді.

Оларды біз вариант қатарының семантикалық түріне жатқыздық. Түркітанушы ғалымдар сөздің фонетикалық варианттарына көбінесе қарапайым сөйлеу тілінің элементтерін жатқызады. Мұның өзі фонетикалық варианттарды жалпы ерекшелігі тұрғысынан сипаттау ғана. Ал сөздің түрлі варианттарын көптеген тілдер материалы негізінде зерттей отырып, негізгі айырым белгісін дәл ажыратпайынша, оларға толық анықтама беру қиын.

Сөздің фонетикалық варианттарын басқа соған ұқсас тұлғалардан

дәл ажыратып алуда айқындық болмауының басты себебі мағыналық тепе-теңдіктің мәні жете зерттелмегенінен. Осыған байланысты қазіргі тіл біліміндегі ең өзекті мәселе- сөздің лексико-семантикалық бірлігін дәл ажырату болмақ. Фонетикалық варианттардың морфемалық құрылымы да ескерілетіні белгілі. Кейбір вариант қатарының грамматикаға да, фонетикаға да бірдей қатысты болуы мүмкін. Оның себебі, ондай варианттар әр түрлі аффикстер арқылы емес, бір ғана аффикстің фонетикалық өзгеріске түсуінен түзілгенін ескергендіктен болуы керек. Қазақ тіліндегі менімше /меніңше, ащы/ашты, тірілей/тірідей, ақшалай/ақшадай, барайық/баралық, айтайық /айталық жарыспа тұлғалары фонетикалық әрі морфологиялық вариант түрлері бойынша зерттеуі жалғасады деп ойлаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория
Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары
Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс
Тілдің аумақтық өзгешеліктері туралы ақпарат
«Китаб муқаддима» ерекшеліктері
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Тілдік норма
Жұрнақ және оның түрлері
Жұрнақтардың шығу тектері мен даму тарихының сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz