Экологиялық - экономикалық қатынастардың қалыптастыру мәндері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І. Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық
проблемалар ... ... ... ... ... 5
1.1. Экологиялық – экономикалық қатынастардың қалыптастыру мәндері... 6
1.2. Экологиялық
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 14
ІІ. Экономиканың тұрақты дамуы – экологиялық мәселелерді шешудің алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .. 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
31
Кіріспе
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-
қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі
еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен
қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс
нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен
құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат
ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде
пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су
тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи
құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей
жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп,
биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның
табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп
тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние
жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60
жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл
адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны
мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні
жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс
қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс -
әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбінне бүлдірушілік
сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына
қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін,
ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне
әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык
дағдарыс шын сәніндегі кауіпті төндІріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара
жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған
тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде
жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық
тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы
іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында
көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей,
табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге
берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге
тырысуымыз керек. Американдык оқымысты Р.Риклефстің Жалпы экология
негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың
өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын
барынша айқын көрсетеді. Алайда, табиғат қорғаудың нақтылы мәселелерін
шешуге тым бой алдырып, біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын
білмейінше, жұмсаған бар күш - жігеріміз табиғат пен адам арасындағы
қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге
жүмсалатынын естен шығарып аламыз. Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен
табиғатты сақтау. Бұл жерде тек биологтар ғана айтылған тезистің әділдігін
мойындатар дәлелдер келтіре алады деп жазады Ф.Рамад Қолданбалы экология
негіздері атты еңбегінде. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды айқын:
адамды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму
заңдылықтарын оқып - үйренуден бастау қажет. Р.Риклефстің Егер біз
табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне
көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді... - деген сөзін еске
алған жөн.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғаламдық жағдай барған сайын күрделеніп, өткір сипат алып барады,
Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі алға шығып отыр. Ғасырдың бас
кезінде ақ В.И.Вернадский таяу болашақта Жердің табиғатындағы антропогендік
сипаттағы, адамның қарекетінен болатын өзгерістер планеталық сипат алады
деп болжаған еді. Бұл болжам нақты шындыққа айналып отыр.
Соңғы ғасыр ішінде дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі 50 еседен астам
ұлғайды және осы өнімнін 5 - тен 4 бөлігі қазіргі кезеңге катысты. 50 - ші
жылдардан бастап адамның өндірістік қарекеті ауқымынын және табиғатқа
араласуының басқа да формаларының жорықсыз өсуі жағдайында ауа және су
бассейндері барынша ластанып кетті. Атмосферада күкірт қос қышқылы, азот
қышқылы, көміртегі кос қышқылы және басқа да органикалық қосындылар жиналып
жатыр. Атмосфераның ластануы мен қышқылды жаңбырлардың салдарынан
өнеркәсібі дамыған елдерде 31 млн. гектар жерлерге нұқсан келтірілді.
Қалыптаскан тенденциялар сақталған жағдайда осы ғасырда планетаның ауа
бассейндегі СО2 кұрамы индустрия болғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда
екі есеге ұлғайады, мұның өзі парниктік нәтиже салдарынан климатты көп
өзгертуі мүмкін. Ұлан ғайыр территорияларда қалдық пен қоқыс орасан көп
мөлшерде жиналуда. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі азып барады. Жыл сайын
6 млн га жер құлазыған далаға айналуда, 11 млн орман кесілуде. Адамның,
әсіресе материалдық өндіріс саласындағы қарекетінің табиғи ортаға тигізетін
теріс әсері шын мәнінде дағдарысты сипат алып отыр. Бұл экономикалық
механизмнің ұлттық шекараларда бұзылуы ғана емес, сонымен бірге су мен
ауаның асып ластануы, табиғат жағдайларының ғаламдық көлемде нашарлауы.
Табиғи ортаның барған сайын соншалыкты ластануына қарсы, қоғам мен
табиғат арасындағы қазіргі қайшылықтарды жоюдың тұтас бір концепциясы
жасақталған жоқ. Адамдардың қолында экологиялык дағдарысқа жол бермеу және
оның көріністерін бейтараптандыру жөніндегі іс кимылдың халықаралық ауқымда
келісілген бағдарламасы жоқ. Айналадағы ортаны корғау саласындағы
халықаралық концепция мен іс -қимыл бағдарламасын талдап белгілеу алуан
түрлі ғылыми, техникалық, өндірістік және өзге де міндеттердің шешілуіне
байланысты. Олардың арасынан экологиялық қорғаныштың экономикалық
аспектілері бірінші орынға шығарылады. Ауа және су бассейндері тазалығының
стандарттарын іс жүзіне асыру үшін, сондай ақ адам өмірінің басқа да
экологиялық жағдайларын қамтамасыз етуі үшін қажет шаралардың ауқымдылығы
тазарту құрылғыларының барлық түрін салуға, қазіргі заманғы технологиялық
процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұтас алғанда табиғат
қорғау қызметіне арналған шығындардың жалпы көлемі, сарапқа салынған
деректер бойынша, экологиялық жағдайды тұрақтандырып алып, одан әрі
жақсарту үшін кажет мөлшерден екі есе аз. XX ғасырдың аяғын да тіршілік ету
ортасын сақтауға, оған келтірілген залалды жоюға, қазіргі және болашак
ұрпақтар өмірінің қажетті сапасын қамтамасыз етуге қамқорлық жасай отырып,
қоғам айналадағы ортаны қорғау жөніндегі жұмыстарды қаржыландырудың
қалдықтық принципін бағдар ете алмайды.
Адам мен табиғат арасындағы өзара байланыстардың тарттысты сипаты
мынадан да көрінеді: оның ресурстары экономикалық және демографиялык өсу
үшін мүмкіндіктер ашып қана қоймайды, сонымен бірге белгілі бір шек қояды.
Өсудің экономикалық шекаралары нақты шындыққа айналды, өйткені ендігі жерде
ол шикізат пен энергияның қалпына келтірілмейтін ресурстарын, табиғи
жүйелерге көп салмақ түсіретінін ескерместен, барған сайын мол өндіру мен
лайдалануға негізделе алмайды. Бұлайша салмак салудың әрбір ұлттық
шаруашылықтағы және тұтас алғанда дүниежүзілік шаруашылық көлеміндегі ұдайы
өндіріс пен экономикалық өсуге тікелей қатысы бар. Олар табиғи ресурстарды
пайдалануға деген жаңа, ұтымды көзқарастарды, Жер бетіндегі тіршілікті
сақтап қалу мен бұдан былайғы әлеуметтік - экономикалық прогресс мүдделері
үшін біздің планетамыздың экологиялык корғалуын қамтамасыз ету қажеттігін
алға тартады.
Адамзаттың алдында сондай - ақ өзінің мәні жағынан экологиялық
мәдениет болуы тиіс жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеті тұр.
Бұл арада қалдықсыз технологиялар басым болуы тиіс. Солардың көмегімен
өндіріс пен табиғат арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетуге, ал кейінірек
жоюға, экономикалық өсудің экологиялық шектеулерін алып тастауға, табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалануға болады. Қалдықтар өндірістің болмай
қоймайтын салдары емес. Қалдық өндірістің жетілдірілмеуінің салдары ғана.
Озық технологияларды жер - жерге тарату арқылы ғана ұлттық табыстың
материал және энергия қажеттілігін бірнеше есе кемітуге болады.
1. Экологиялық – экономикалық қатынастардың
қалыптасу мәндері
Мемлекеттік экологиялық саясат мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол аймақтық, өнеркәсіптік,
инновациялық және тағы басқа саясаттармен бірге Әлеуметтік-экономикалық
өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоршаған орта жағдайының нашарлауына
жол бермеу мәселелеріне міндеттейді. Мемлекеттік экологиялық саясатты іске
асыруда бірқатар құжаттар қабылданды Қазақстан дамуындағы ұзақ мерізімді
стратегияның "Экология және табиғи ресурстар" деп аталатын бөлімі,
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігі гидрогеологиялық, ннженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және
тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар жасады.
Экономикалық даму жалпы алғанда, табиғи ресурстар қорына тәуелді
болғандықтан, экологиялық проблемаларды экономикалық жоспарлау шенберінде
қарастыру қажет. Егер бұл жүйелердің біреуінде өзгеріс болса, екіншісіне
әсер етеді, сондықтан да экономика мен табиғат байланысы маңызды орын
алады. Экологиялық проблемалар жоспарлаудың барлық сатыларын қамтуы керек,
ал экономиканың дамуы экологиядан тысқары қалса, жердңн тақырға айналуы
мүмкін.
Экономикалық даму барысында табиғи шикізат өндірісі, кеніштерді игеру,
жер қойнауындағы байлықтарды пайдалану, ауа-су ресурстарын ұтымды тұтыну
мәселелері өндіргіш күштердің элементтерінің даму дәрежесіне, сипатына
тәуелді нәрсе. Табиғат өнімдерін игеру касиеттеріне байланысты жасанды
заттар түзу процесі экономикалық, ғылыми-техникалық процеспен тәуелді
дамиды. Индустриалды қоғамның даму кезеңдерінде өз қасиетін ұзақ мерзімге
жоя қоймайтын, табиғатқа зиянды өндіріс калдықтары мен заттар жүйесі
қалыптасады, бұл енді жер койнауын тікелей бүлдірумен қатар оны улайтын,
адам өміріне тікелей қауіп төндіретін катерге айналды.
Бүкіл адамзаттық қоғамдық қатынастарының жиынтығы адамның еңбек
қызметі, оның табиғатқа қатынасы негізінде жатыр.
Адам табиғатпен өзара әрекеттесе отырып еңбек құралдары көмегімен
табиғи ортаны өзінің заттық әлемін құрады, тіршілік әрекетінің жағдайын
ұдайы өндіреді. Адам мен таиғат арасында, жалпы адамзат еңбегнің өзара
әрекеттесу нәтижесі болып көрінетін жасанды жолен құрылған адамдық таиғат
дамиды және жұмыс істейді. Сонымен, еңбек процесі өркениеттің пайда
болуынан бастап адамның қалыптасуының шешуші жағдайы ретінде ғана емес,
сондайақ табиғатты жаңартушы фактор ретінде көрінеді. Адамдар өздерінің
қоғамдасу әдістерімен, қоғамдық күштерді игеру арқылы ғана табиғаттың
шынайы және саналы әміршісі бола алады. Қоғам адамның тіршілік әрекетінің
тарихи формасы ретінде, жеке адамның қарапайым қосындысы емес және болмайды
да. Ол адамның өндірістік, экономикалық, мәдени және басқа қоғамдық
ұйымдардың өзара әрекектінің крделі жүйесі болып көрінеді.
Экологиялық проблемалар адамзаттың басты проблемасына айналды, ол
барлығының және жекелеп алғанда әрбір адамнын мүддесіне тікелей қатысты.
Қазіргі кезде дүниежүзілік барлық елдерінде қоршаған ортаны бүлдіру арқылы
қоғам өз келешегін жоятынын мойындау түсінігі бірте-бірте өсіп келеді. Біз,
адам өзінің техникалық жабдықталу жетістіктерінің арқасында бақты күшке ие
болдық, ал шексіз кеңістік болып есептеліп келген жер шары аса Шсктеулі,
тез тарылып қана қоймай, бірнеше сағатта жоқ болатын осал шарға айналған
дәуірде өмір сүріп отырмыз. Әр түрлі континенттің адамдары өмірлік маңызды
экологиялық байланыстың арқасында бір-біріне жалғасқандай болып шықты,
қоршаған ортаны бұзу салдары әр түрлі халықтардың ортақ қасіретіне айналды.
Егемен еліміздің, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің өсіп-өркендеп,
әлемде еркениетті елдердің алдыңғы қатарына қосылуы оның экономикалық
потенциалына көп байланысты. Бірақ, оған қарап экономикалық өсу ғана
адамдардың аман-есен, сапалы өмір сүруіне кепілдік береді десек
қателесеміз. "Тазалык - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деген қазақ
халқының мақалын естен шығаруға болмайды. Өйткені, бүгінгі күні экологиялық
жағдайдын күрт нашарлауы адам өміріне және мемлекетіміздің дами түсуіне
кәдімгідей қауіп төндіріп отыр.
Қазақстанның табиғи ортасы ерекше бай және зор алуан, оның өзі
республиканың экономикалық тұрғыдан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
үшін аса маңызды негіз болып табылады. Республика Президентінің Казақстан
халқына Жолдауында атап керсеткеніндей. басты міндет: "оларды, табиғи
байлықтарды дұрыс пайдалану". Қазакстанның орасан зор табиғи байлык
потенциалын пайдаланумен бірге қоршаған ортаны өз қалпында сақтау - бүгінгі
таңда республика алдында шүғыл шешілуге тиісті негізгі міндет. Бұл міндетті
шешу оңай мәселе емес,
Қазіргідей ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта
мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылықтары айқын байқалуда.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғы адам баласының өз мекен ортасына бұрынды болмаған
іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталады. Осының нәтижесінде адамзат
табиғатты өзгертудің келеңсіз нәтижелерін сезінуде
Табиғат пен адам бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың адам
тіршілігіне әсері. Табиғатта болып жаткан өзгерістердің көбі адам қолынан
жасалады. Соның ішінде табиғатка зиян келтіретін келенсіз жақтары да бар.
Бұл тұста жаңаның бәрі жақсылық емес дегек сөздің растығына көз
жеткізгендей боласың. Табиғатпен өзара қарым-қатынастың бұзылуы
экологиялык апаттарға әкеледі.
Өмірлік көп проблсмаларды табиғи ресурстарды шектен тыс пайлалану
есебінен біржақты шешу қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Казірдің
өзінде экологиялық жағдай адам өміріне қауіп төндіруде. Адамның
денсаулығына және ұзақ жасауына айтарлықтай кері әсер етіп, демографиялық
қатерлі өзгерістердің зардабын шектіреді.
Еліміздің жеткілікті дамыған өндірістік-экономикалық потенциалы, аса
бай минералды-шикізат ресурстары коры бар. Соған қарамастан, мынандай
экологиялық проблемалар өзекті күйінде қалып отыр:
- жердің азуы және ландшафтардың азаюы (еліміздің территориясының 60%
шөлейт далаға айналған);
- су ресурстарының тапшылығы (Қазақстан сумен қамтамасыз етуден ТМД
елдері арасында соңғы орынды алады);
- Арал, Балқаш және Семей ядролық және әскери полигондары, Каспий
маңы аймағының проблемалары,
- елді мекендердегі ауаның, жер қыртысы мен судың жоғары дәрежеде
ластануы.
Осы және табиғи қорлардың бірте-бірте азаюы, тағы басқа жағдайлар
экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге айтарлықтай кедергі
жасап келеді.
Әлеуметтік-экономикалық ілім барлык құбылыстар мен процестер бір-
бірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Сондықтан қоршаған ортаның тепе-
теңдігі, зандылықтарымен арнайы санасып отыруға тура келеді. Әйтпесе,
адамның есепсіз әрбір қимылы бірте-бірте экологияның азып-тозуына, соның
зардаптары орны толмас қыруар шығындарға ұшыратып, мемлекетіміздің
экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Адамдар ерте заманнан табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып
келелі. Ол кезде табиғат байлықтары мол, ал оны жұмсау аз болғандықтан
адамдар олардың орнын толтыру, қалпына келтіру сиякты мәселелерге көп көңіл
бөлмейтін. Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан сон басқа ағаш өсіп,
ауланған балық орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған
сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып тазарып жататын. Адамдардан
келген залалды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп калпына келетін.
Алайда, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен қаруланған
адамдардын іс-әрекеті миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан теңсіздікті
бұзып, қоршаған ортаны аздырып, енді өздерінің өміріне қауіп төндіре
бастады. Табиғи ортаны бұзулық, бүлдірудің мөлшері өте үлкен болғандықтан
жасалған зиянды табиғат өз күшімен жоя алмайтын, өздігінен бұрынғы калпына
келе алмайтын күйге түсті.
Дүниежүзінде әрбір 14-15 жылда өндірістік өнім шығару екі есе өсіп
отырады. Ол үшін қажетті шикізатты, құрлыс материалын, азык-түлік адамдар
табиғаттан алады. Сөйтіп, 15-20 жылда табиғат ресурстарын пайдалану да екі
есе өсіп отырады. Ал, табиғат байлықтары болса, мұндай қысқа мерзім ішінде
қалпына келмейді. Сондықтан жыл сайын қолда бар қорлар азайып, кейбір
түрлері таусыла бастады
Көп ғасырлар бойы табиғатка қожалық етіп, билік жүргізуге үйренген
адамдар онык байлыктарын есепсіз жұмсап, шашып-төгіп, қазіргі экологиялық
дағларысқа әкелді. Өмір сүруге қажетті кеңістіктің тарлығын, табиғат
байлыктарынын таусылатынын адамдар енді түсіне бастады.
Ерте заман адамдары келешегін ойлауды, іс-әрекетінің зардабы кандай
болатынын күні ілгері болжауды біле бермейтін, ол үшін оларды кінәлауға
құқығымыз жоқ. Оның үстіне табиғатқа келген зиян сол бойда көрінбей,
ойлаған жылдар өткесін барып біліне бастайтынын да ескерген жөн.
Табиғат ресурстарын пайдаланғанда адамдар алдарына белгілі бір мақсат
қояды да, соған тезірек жету жолын ойлайды. Бірақ, осы орындалған мақсат
коғамға, табиғатқа қосымша қандай, біздің ойымызға келмеген залал
әкелетінін ескермейді.
Өткен ғасырдан бастап-ақ адамның планета тағдырын ойлаған жанайқайы
естіле бастаған еді, үстіміздегі жүзжылдықта ол табиғи ортаға түскен күштің
шұғыл өсуінен әлемдік экологиялық жүйенің дағдарысына дейін жетті.
Табиғатқа жанашырлықпен қарау, табиғат байлықтарын сақтау,
шаруашылыққа және баска да кызметтерін тияңды әрекеттердің алдын алу,
қоршаған ортаның сапасын жақсарту және сауықтыру әрбір адамның өміріндегі
нормаға айналуы тиіс. Өйткені, адам - тіршіліктің ең жоғарғы тетігі, оның
табиғатқа тиісті дәрежеде табиғи процестерді үйлестіру, қоршаған ортаның
жағдайына ықпал ету мүмкіндіктері бар. Сондықтан да дүниені бағындыратын
күшке ие адам ғана бұл мәселені жалпы үйлстіру функииясын өзіне алуы тиіс.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамзат өз өмірінің жағдайыи
жақсартуға ұмтылуда, олардың табиғат процестеріне араласуын кеңейтіп,
антропогендік әсердің масштабын өсіре түсуде. Табиғатқа әсер ету интенсивті
түрде жүргізген сайын онын негативті зардабы суде. Жер қыртысы және су
ластанып, орман кесіліп, атмосфералық ауа улануда. Қоғамның
бақылаусыздығынан кең көлемдегі территориядағы табиғаттың табиғи ортасы
бұзылуда.
Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян негізінен экология және
экономикалық жағдайға әсер етеді. Экологиялық зиян экономикалык шығынға
әкеп соқтырады, ал экономикалық зиян табиғатта негативті өзгерістерді
туындатады. Экономикалық зиян өтемакымен өтеледі, ал экологиялык зиянды
барлық уақыта қалпына келтіру мүмкін емес және оның құнын ақшамен бағалауға
келе бермейді Өйткені, оның зарлабын жою өте ұзаққа созылады. Бір сөзбен
айтқанда, экологиялық проблемаларды шешу мемлекеттің экономикасына орасан
зор шығын әкелетіні сөзсіз.
Экологиялық шығындардың экономикалық шығындарға қарағанда мынадай
ерекшеліктері бар:
- Экономикалык шығындар өнім өндіру саласында ғана болса, экологиялык
шығын өнім өндіруде де, өндірістен тысқары да болады;
- Экологиялық шығындар қоршаған ортаны ластаудан болған залалдың
себебінен және қоршаған ортаның табиғи кешені элементтерін алып қою
нәтижесінде пайда болған өндірістен тыс шығындарды азайту арқылы өндірістік
қордың базасын кеңейтуге арналған қор;
- Экономикалық және экологиялық шығындар уақыт пен кеңістікке
бөлінген;
- Экономикалық шығындар – бұл өнім өндіруге бағытталған өндірістік
шығындар, ал экологиялық шығындар – жанама, өндірістен тыс шығындар.
Қазіргі уақытта экологияық бағыттың дамуы қажет өйткені, экология –
экономикалық бағаласыз шаруашылықтың даму тенденциялары жорамалдау мүмкін
емес. Қоршаған ортаның элементтерін дәстүрлі экономикалық есептеулерге
уақтылы кіргізе алмау қиындығы туындап отыр. Сондықтан адамның өндірістік
іс - әрекетін экология – экономикаық тұрғыдан бағалаудың жаңа әдістемелері
қажет.
Өндірістік процестерде экологиялық шектеулерді сезіну, әрі білу
материалдық дүниеліктер мен энергияның табиғи айналымын пайдаланатын
оңтайлы технологияларды жасауға әклуі керек. Қоршаған ортаға теріс әсердің
негізгі себебі бұл өнеркәсіптік салалалардың шамадан тыс көбеюі, жетілмеген
технологияны пайдалануы, өндіріс масштабының ұлғаюы және шектеулі
территорияда шоғырлануы болып табылады. Осыған байланысты қоршаған ортаны
ластаудан қорғаудың екі түрін қарастыруға болады:
- өнеркәсіп және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының зиянды қалдықтарын
тазалау;
- қоршаған ортаға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шаралар: аз
қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді кеңінен
енгізу.
Экономикалық және экологиялық тұрғыдағы пайдалы нәтижелерді және оларды
алуға қажетті белгілі бір ресурстардың көлемін салыстыру өте маңызды,
өйткені табиғат еңбектің өзі сияқты тұтыну құнының нағыз кезі болып
табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мен табиғат
ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өте маңызды. Себебі, біздің ел
территориясында 1998 жылы 80-нен астам елді мекенде орналасқан 2921
өндірістік өнеркәсіптер болды. Соның ішінде, түсті және қара металлургияның
химия мен нефтехимия өнідірісінің 151 ірі өнеркәсібі және жылу әнергиясының
138 өнеркәсіптері бар .
Республика бойынша 2000 жылы ауылшаруашылығы бағытындағы жер 93,1 млн
гектарды немесе жер қорының 34,4%-н құрады. 1490 жылмен салыстырғанда
барлық жердің ауылшаруашылық бағытындағы үлесі 2,4 есеге азайды.
Ауылшаруашылық бағытындағы жерді негізгі пайдаланушылар мемлекеттік емес
ауылшаруашылығы кәсіпорындары (64%) мен шаруа (фермерлік) қожалықтары.
Республикамыздың территориясында 39 млн гектардан астам егістік жер,
186 млн гектардан астам шабындык жане жайылымдық жер орналасқан.
Республикада жайылымдық жердің шөбіне 100 млн бас қазақы, ірі жүнді,
қаракөл және жібек жүнді қойлар мен ешкілерді, ірі қараны, жылқы, түйені
жайып өсіруге болады. Осының 18 млн гектардай егістік жері желден, судан
және ирригациялық тозудан зардап шексе, барлық жайылымдық жердің үштен бірі
азып барады.
Жер құнарлылығы жөнінен Қазакстан қазір мақтана алмайды. Қазақстан
Республикасының Статистика жөніндегі агентгігінің, мәліметтеріне сүйенсек,
егістіктің 25% жарамсыз жағдайда десе де болады, 46% - құнарлылығы төмен,
24% - орташа, тек 4,7% ғана жоғары құнарлылықта. Жалпылай айтқанда, соңғы
40-50 жылдың ішінде құнарлылык өлшемі 22-30%-га төмендеген,
Қазақстан дүниежүзінде орманы аз елдердің қатарына жатады. Орасан зор
272,5 млн гектар территориядан орман қорының аумағы бар болғаны 11,4 млн
гектарды құрайды, сонда республиканың тоғайлы жері — 4,2%. Ал, кейбір
жекелегел аудандарда тіпті біркелкі емес: Актөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,
Қараганды және Маңғыстау облыстарында үлесі 10%-дан Алматы, Шығыс Қазақстан
және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7-8%-га дейін.
Республиканың орман ресурстарына ормандағы өрттер айтарлықтай шығын
әкелуде. Оның аумағы барынша құрғақшылык болған 1997-1999 жылдары 259 мың
гектарға жетіп, одан барлығы шығын 1999 жылы 87,6 млн теңгені құрады. Орман
өрті көбіне орманды алқаптың 30 пайызын алып жатқан отырғызылған қалқан
жапырақты жерлерді қамтығанын ескерсек, осы жылдарда Шығыс, Батыс және
Солтүстік Қазақстан облыстарында ескіден келе жатқан қарағайлы орманның
төрттен бір бөлігі өмір сүруін тоқтатты деген қорытынды жасауға болады.
Өз бетінше ағашты кесу көлемі өсе түсуде, бұл 1999 жылдың аяғында 10
мың текше метрге жетті Орманды өз бетінше кесу және басқа себептерден соңғы
20 жылда жабайы шыққан орманның аумағы 25 пайызға, сексеуілді алқап 40
пайызға қысқарды. Қызылорда және Алматы облыстарында Сырдария және Іле
өзендерінің ағынды арнасын қолдан бөгеуден ормандық тоғайлар құрып,
территорияларының шөлейттенуі облыстардың кейбір аудандарында 46 пайызга
дейін жетті.
Табиғи байлықтың негізі — жер. Олай болса, жер қатынастары мәселесі —
мемлекеттік деңгейдегі мәселе ретінде үнемі күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Жер қатынастары - бұл жерді иемдену, пайдалану және басқару бойынша
тұлғалар арасында туындайтын қатынастардың жиынтығы. Оған меншік пен
шаруашылық жүргізу (нормасы, жер нарығы, жер бағасы, рента, жерге салық
салу, аренда, жер пайлалану мен жер ресурстарың басқару мәселелері кіреді.
Қазақстан Республикасы Констнтуциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде
қалады, сонымен катар жер жеке меншікте де бола алады. Егерде бірнеше
адамдардан сұраныс түссе, онда жерлі аукцион бойынша сатуға болады.
Жерге жеке меншікті енгізу, яғни жерді жеке адамдардың қолына
беру - әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелсрдін ең
маңыздылығының бірі болып табылады. Бәрінен бұрын жер өндірістік ерекше
туралы ретінде өткен, казіргі және болашақ ұрпақтың мұрасы екендігін
ұмытпау қажет. Сондай-ақ біздің міндетіміз — келер ұрпаққа жерді сақтау,
оның құнарлы күйінде жеткізу. Ол үшін жерді бөлу мен оны жеке меншікке беру
міндетті емес немесе басқа әлеуметтік, экономикалық және жерді, қоршаған
ортаны қорғайтын реттеуші механизмдер де бар. Ол өмір бойы иелену мен
мұраға беру бойынша жерді ұзақ мерзімге арендаға беру. Сонымен, жерді
иеленуге байланысты екі көзқарас қалыптасты: олардың бірі аренданы, ал
екіншілері жерге жеке меншікті жақтайды.
Жерді жеке меншікке сатудың екі принципті артықшылығы бар:
- жерді сатудан аз уақыт ішінде үлкен көлемде ақша қаржыларын табуға
болады;
- жерге жеке меншік иеленушіге оны болашақта тартып алмау кепілдігін
береді. Жерге жеке меншікті жақтаушылар мемлекеттің жерді иеленудегі
көпжылдық монополиялық тәжірибесінен бас тартуының бірінші себебін — меншік
объектісі жағдайының нашарлауы мен оны тиімсіз пайдаланудың болуы деп
көрсетеді. Сондай-ақ жерге жеке меншік құқығын енгізу отандық және шетел
инвестицияларын тартуға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол
негізде өнеркәсіптік ауыл шаруашылық өндірісің дамытуға мүмкіндік береді
деп дәлелдейді. Сондықтан да, жерді тек оның нақты қожайыны болғанда қана
тиімді және ұтымды пайдалануға болады деп санайды.
Жер ұсынысының шектеулігі мен икемсіздігі ауыл шаруашылығында баға
құру ерекшелігін ескереді. Бұл негізгі жаппай барлық экономикалық
мектептерде танылады, айырмашылық олардың концептуалдық тәсілдерімен
ерекшеленеді.
Жер рентасының маркстік тұжырымдамасы қоғамдағы барлық табыстың қайнар
көзі қосымша өнім болып табылады дегеннен шығады. Сондықтан жер рентасы
пайда және процент сиякты қосымша құнның өзгертілген формасы болып
табылалы. Құрылу ерекшеліктеріне сәйкес жер рентасының екі түрін —
абсолюттік және дифференциалдық көрсету классикалық политэкономияға тән
жетістік. К.Маркс ілімі оның жүйелі дамуын өз дәуіріне сәйкес көрсете
білді.
Қазакстан территориясында көмір, қара металл, фосфорит өндіруді жүзеге
асыратын кәсіпорындары бар Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тау-кен және
өңдеуші өндіріс орындарының айтарлықтай қалдық үйінділері жинақталған, ол
2000 жылдың басына 21815 млн текше метрге жетіп, аумағы 25 мын гектардай
жерді алды. Республиканың барлық қалаларында көлемі күн санап өсіп бара
жатқан тұрмыстық қалдықтарды сақтау мен өңдеу мәселелері шешілмей отыр.
Оларды жинап қоятын орындар санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай емес,
қоршаған ортаның жағдайына, оның ішінде жерге зиянды әсер етеді.
Жердін тозуы оның топырақ жамылғысын су ағыны мен желдің бұзуы және
қиратуынан болады. Табиғатқа жердің қалыңдығы 18 см топырақ қабатын жасау
үшін орта есеппен 1400-1700 жыл қажет болса, осындай жер қабатын тоздыру
салдарынан жоқ қылу үшін 20-30 жыл ғана керек екен, ал кейбір жағдайда бір
ғана нөсер жауын немесе алапат шаңды құйын жетіп жатыр. Адам өміріне,
жануарларға, өсімдіктерге зиянды қалдықтардың және басқа заттардың түсуіне
байланысты топырақтың физикалык және химиялық құрамының өзгеруі жерді
ластайды. Бұларға өндіріс қалдықтары, тазартылмаған ағынды су, пестицид,
гербицид, түрлі минералды тыңайтқыштар, мал фермаларының қалдықтары жатады.
Жердің ластану салдары егістік жерлердің бүлінуіне, құнарлы қабатын
бүлдіріп, құнарлылығын төмендетуге әсерін тигізеді.
Пайдалы қазбаларды өндіруден пайда болған үйінділер, карьерлср,
ауаның, судын, топырақтың ластануы, әсіресе, табиғи пайдалы қазбаларды ашық
тәсілдермен өндіру табиғи ортаны көп өзгеріске әкеліп соқтырады. Кенді
алқаптардан шығатын түрлі қалдықтар бұрын орман басқан, көк шалғын ен
даладағы каншама құнарлы жерлерді атдырып, жауып тастайды. Бұлардан басқа,
әскери-жаттығу полигондары коршаған ортаны ластап, үлкен зиян келтіріп
жатқанын ашық айтуымыз керек [10].
Байқоңыр ғарыш айлағынан осы күнге дейін зымырандар үздіксіз
ұшырылуда. Оның адамдар үшін қауіпті зардаптары мүлде ескерілмейді. Ғарышқа
зымыран самғату басталғалы жарты ғасырға жуықтады, осы уақыт ішінде
республика аумағына қаншама гептил - адам денсаулығына зиян тигізетін удың
шөккенін ешкім білмейді.
Ғалымдардың есебіне Қарағанда, тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі
дамушы елдерде енді әрбір 15 жылда екі есеге көбейеді. ІПаруашылықтық
қызметтің ауаны, суаттарды, топырақты улаушы және ластаушы қалдықтары
тиісінше еселеп көбейеді. Өндіріс табиғат заттарының 100 шартты бірлігін
игере отырып, оның тек 3-4-тен көп емес мөлшерін тиімд; қолданады, ал
қалғандары ластаушы заттар мен қалдықтар түрінде қоршаған ортаға тасталады.
Индустриялық дамыған елдін әрбір тұрғысына есептегенде жыл сайын табиғаттан
30 тонна заттар шығарылады, олардан жекелеген жағлайларда 1-1,5 пайыздан
көп емес тұтынатын өнімдер формасын қабылдайды, ал қалғандары табиғат үшін
ең қауіпті қасиетке ие болатын қалдықтарға айналады. Соңғы жылдары
өнеркәсіптік қалдықтарды тастау (шахталар мен рудниктерге тасталган
радиоактивтік калдықтарды, тұзды өндіруді және бұрғылаушы скважиналарды
қоса есептегенде) кен өріс алды. Ғалымдар есебі бойынша сәуле таратудың
табиғи айналасының 10 есеге көтерілуінін ауыртпалығы тұқым қуалаушылық
арқылы әрбір жаңа ұрпақта 6 миллион ауру халықтың пайда болуына әкелуі
мүмкін. АҚШ-ның Ұлттык инстнтуты жариялаған роктың алуан түрлерінен болған
өлім-жітім туралы мәліметтерден осы аурудың 60 пайызы немесе одан көп
оқиғалары, қоршаған ортаның әртүрлі факторлары әсерінен болатындығы (жылына
500 мың аныкталған.
1.2. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Егер Қазақстан экономикасының материалдық өндіріс саласындағы
өткен 10 жыл ішіндегі нақты міндеттері туралы айтар болсақ, оларға мыналар
жатқызылды:
- рынокты өзімізде өндірілген азық-түлікпен және халық тұтынатын
тауарлармен молыктыру;
- құрылыс пен құрылыс индустриясы базасын ең алдымен тұрғын үйлер салу үшін
ұлғайту;
- экономиқалық шикізатты бағытын өзгерту;
- ғылымды көп керек ететін өндірістер мен машина жасауды дамыту,
экологиялық таза технологиялар енгізу.
Бүкіл осы жұмыстарды үш кезеңге жүзеге асыру көзделді. 1992-1997
жылдарды қамтитын және белсенді түрде мемлекет иелігінен алу, меншікті
жекешелендіру және тұтыншы рыногын тауарлармен молықтыру сияқты процестер
тән бірінші кезеңде белгіленген міндет орындалды деп айтуымызға болады.
Екінші кезеңде, яғни 2005 жылға дейінгі аралықта экономиканың
шикізаттың бағытын бірте-бірте жою және Қазакстанның дүниежүзілік
экономикаға жедел енуі жөніндегі жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Осы
кезеңде рыноктық механизмдер іске қосылуға, барлық тауар өндірушілердің
шынайы бостандық, табиғаттың ұтымды пайдаланылуы, технологиялардың жоғары
деңгейі қамтамасыз етілуге тиіс.
2030 жылға дейін созылатын үшінші кезсңге анық тұрпатты экономиканың
шапшаң қарқынмен дамуы және Қазақстанның дүниежүзіндегі жаңа индустриялы
елдер қатарына қосылуы тән болады.
Осы алға қойылған мақсатқа жету үшін Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында жеті
ұзак мерзімді басымдықтарды бөліп көрсетті. Солардың бірі-ұлттық
қауіпсіздік. Аумақтық тұтастылықты толық сақтай отырып, Қазақстанның
тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. Өз Жолдауында
Президент осы бағыт басымдығының айқын екенін атап көрсетті: егер ел
қауіпсіздікті сақтап қалмайтын болса, бізде тұрақты даму жоспарларын құру
мүмкіндігі болмайды.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық
қауіпсідікпен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше. Егер
экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ Қазақстанның дамуында
төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп
керсетуге болады:
- табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды есепсіз,
орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын
өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына пайдаланатын
жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек ғана жаңа жерлерді
игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;
- экологиялық жүйеге үнемі кері әсер ететін табиғи өндіріс орындарын
пайдалануға басымдық беру арқылы халық шаруашылығының құрылымын
өзгерістерге ұшырату;
- экономиканы милитзризаииялау;
- техникалық жүйенің осалдығы және экологиялық қауіп-қатері жоғары
кәсіпорындардағы кадрлар мамандығының жетімсіздігі;
- өндіріс орындарында технологиялық процестерде қолданылатын табиғат қорғау
жабдықтарының ескіруі және тиімсіздігі;
- Қала халқының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканын
мемлекеттік және жекеменшік секторларында тауарларға және қызметке
сұраныстың өсуі;
- стихиялық және антропогендік апаттар, апатты жағдайлар.
ХХ ғасырдың аяғынан басталған өндірістерді индустриализациялау,
экономика және технологияның жаппай милитаризациялау, табиғи ресурстар
рыногын глобализациялау - экологиялық жағдайды күрт езгертті. Қазақстан
табиғи байлықтарды игеру және шикізат провинциясы ретіндс жержүзілік және
евразиялық рынокта да бірегей орын алады. Мұнда пайдалы қазба байлықтарының
300-ден астам түрі шығады. Техногендік экологиялық жүктеме жылына әр адамға
есептегенде 50 тонна затқа жетеді.
Елімізде соңғы бес жылда адам өмірінің ұзақтығы күткендегіден,
әсіресе, дағдарыстағы аймактарда (Арал өңірі, өнеркәсіптік аймақтар,
Лениногорск, Теміртау және т.б. қалалар) 4 жастан адамға төмендеді, тек
ғана ұлттық қауіпсіздікке емес, еліміздің саяси, экономикалық технологиялық
тәуелсіздігіне қауіп төндіретін халықтың қайыршылануы байқалады.
Экономикалық саясатта үстемдік алып тұрған идеологиялық стереотип қоғамның
экологиялық сферасына ауысты Қазақстанда салық төлеушілердің табиғат қорғау
қорына аударған қаржысының өзінің тек үштен бірі ғана мақсатына жұмсалады.
Жылына халықтың жан басына шаққанда экологиялық қауіпсіздігінен қамтамасыз
етуге бір доллардай ғана, ал территорияның әр шаршы километріне бір жарым
доллардай бөлінеді.
Бүгінде басқа да әлеуметтік - экономикалық шұғыл мәселелердің
шешілуіне кедергі болып отырған көкейтесті мөселелерді жедел шешу
қажеттілігі, жақын арадағы экологиялық қауіпсіздік саясатын анықтап тұрады.
Бұл жөніндегі іс-шараларды қолданбау адамдардың денсаулығына зиян
келтірумен қатар, Қазақстан Республикасының экономикасына орны толмайтын
шығын әкеліп, шаруашылықтың бірқатар маңызды бағыттарының экологиялық
тежелу қаупі болуына мүмкіндік тудырады. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің құрамдас бөлігі,
сондай-ақ Қазақстан Республикасын халықаралық Қауіпсіздік жүйесіне
қатысуының маңызды шарты болып табылады. Қоршаған ортаның сапасының
төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен табиғи ортаның
ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы түрғындарының
денсаулығының нашарлауына, экономикалық шығындарға және табиғаттың құруына
әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуына кедергі жасап отыр.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін нығайту үшін,
біздіңізше мынандай шараларды қолдану керек:
- өндіріс пен ауылшаруашылығында қуатты және табиғи ресурстарды
үнемдейтін технологияларды жасап енгізуді және ресурстарды қайта
пайдалануды экономикалық жағынан қолдау;
- табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін экономикалық жағынан
негізделген төлемдер жүйесін енгізу;
- қоршаған ортаның ластануының жергілікті және аймақтық квоталары мен
лимиттері бегілеу;
- экологиялық апат және төтенше экологиялық жағдай қалыптасқан
аймақтарда экологиялық жағдай сауықтыру бағдарламаларын жүзеге
асырудың ықпады механизмін жасау;
- мемлекеттік экологиялық қорды құру.
Ебасымыз Сындарлы он жыл атты кітабында ұлттық қауіпсіздік жүйесі мен
міндеттеріне нақты тоқталып өткен.
Ұлтық қауіпсідіктің міндеті едік дербестікті, аумақтық тұтастықты,
халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Бұл
тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз
ететін жүйе түрінде табылады.
Қазақстанның көптеген аймақтары экологиялық дағдарысқа ұшыраған оса
мемлекеті. Мемекеттің, экологиялық қауіпсіздігін нығайту үшін экологиялық
дағдарыстан алып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz