Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгені енгізу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Теңгенің пайда болуы мен қалыптасуы
1. 1. Теңгенің енгізілy себептері . . . … . . . 4
1. 2. Теңгені жасау. . …… . . . 6
II. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы -
теңгені енгізу . . . 8
2. 1. Алтын күміс ақша - байлықтың, тарихтың,
мәдениеттің көзі . . . 15
2. 2. Теңгеміздің тағдыры . . . 17
III. Қазақстан Республикасының теңгені құнсыздануына жол бермеу саясаты
3. 1. Инфляцияға қарсы саясат . . . 23
3. 2. 2003-2004 жылдардағы инфляцияның өсуі . . . 28
Қорытынды . . . 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Өзімнің жұмысымды мен «Қазақстан республикасының ұлттық валютасының нығайту проблемасы» туралы тақырыпта жазып отырмын. Осы тақырыпты тандап алған себебім, ең біріншіден, теңге - бұл Г. А. Марченко мырза айтқандай «тәуелсіздіктің тұмары». Яғни, ұлттық валюта - әр елдің тарихында маңызды орын алатын және мемлекеттің экономикалық егемендігінің көрсеткіші болып отыр. Ұлттық валютаның енгізілуі нарықтық экономикақа көшуге бағытталган түpлi структуралық өзгерістердің бірі. Осы сәтте, бар жетістіктері мен қиыншылықтарын, теңгенің енгізілуінің алдында, оған артқан үміттерінің ақталғаны немесе ақталмағанын атап көрсеткім келді.
Жалпы айтқанда, ақша - бұл ежелден келе жатқан тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Олар адам арасындағы өндіріс кезінде белгілі бір экономикалық қатынастардың көрсеткіші ретінде саналады. Ғасырлар бойы адам өркениетінің дамуымен қатар, ақша қатынастары мен жүйесі үнемі дамып келеді, және олардың бүгінгі қалпы да біткен іс емес. Теңге де дамып келе жатқан валюта.
I. Теңгенің пайда болуы мен қалыптасуы
1. 1. Теңгенің енгізілу ceбeптepi
Теңгенің енгізу себептеріне тоқталсам, әрине coл кездегі тарихи жағдайларға назар аудару керек. 1991 жылдың желтоқсанында Совет Одағы ыдырағаннан кейін, Қазақстан басқа да ТМД елдері секілді «рубль аумағында» кала берген. 1992 жылы 200, 500, 1000 рубль купюралары шығарылды. Олардың эмитенті ретінде әлі КСРО Мембанкі болып көрсетілген еді. 1992 жылдың мамыр айында ресей купюрасы 5000 рубль, кейінірек 10 000 және 50 000 рубль шығарылды.
Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тыс мемлекеттерде 1961-1991 жылдары шығарылған кеңестік ақша, Ресейдің Орталық Банкімен шығарылған 1992 жылғы кеңестік ақша үлгісіндегі және 1992-1993 жылғы ресей ақшалары айналымда жүрген.
Бірақ, Қазақстан Үкіметі және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Ресейдің рубліне толығымен сенбей, 1991 жылдың соңында өзінің валютасы мен бағалы қағаздар шығару мәселесін қарастырды. 1992 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президентінің «Ұлттық Банк пен «Манат ауласын» құру туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттык Банкінің баспа фабрикасын құру туралы» Жарлықтары (құпиялы түрде) шықты. 1993 жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және «Банк және Банктік қызметі туралы» заңдар қабылданды. Осы заңдар бойынша Ұлттык Банк еркін ақша-кредит саясатын жүргізу, ақша шығару, оны сақтау, жою, инкассация функцияларын иеленді. Сондай-ақ, осы заңдарға сәйкес ешқандай ортақ валюта бірлігі жайында айтылған жоқ. Осындай шаралар, республикада ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігі дайындалып отырғанын көрсетеді.
1993 жылдың 23 шілде күні Ресейдің Орталық Банкі 1961-1992 жылғы кеңестік ақша үлгілері мен 5000, 10 000 мыңдық 1992 жылғы ресей
рубльдерін айналымнан шығару туралы хабарлады. Ресейдегі ақша реформасы ТМД елдері мен Қазақстанға ескі үлгідегі ақшаның ағылуына, соның салдарынан инфляцияның өсуіне және өмір cүpy деңгейінің төмендеуіне әкеп соқты, және жаңа ресей рубльдеріне ескі ақшаны айырбастауға рұқсат берілмеді. Ресейдің Орталық Банкі мен Қаржы министрлігінің басшылары ТМД елдерінің өз валютасын енгізіуін колдады. /2/ Қазақстан Үкіметі рубль аумағын сақтағысы келді, бірақ Ресей Үкіметі Қазақстаннан алтын валюталы резервтердің бәрін Ресей қарамағына беру және ресей рубльдерімен камтамасыз еткені үшін Қазақстанның мемлекеттік қарызы деп санауды талап етті. Осындай талаптар Қазақстан үшін жарамсыз еді. Сондықтан өзінің валютасын енгізу кажет еді. 1993 жылы 3 караша айында ҚР Президентінің Жарлығы бойынша ұлттық валютаны енгізу комиссиясы ресми турде құрылды. Оның құрамына: ҚР премьерминистрі С. А. Терещенко, ҚР вице-президенті Е. М. Асанбаев, ПремьерМинистрдің алғашқы Орынбасары Д. Х. Сембаев, Ұлттық Банктің төрағасы Г. Б. Байназаров, қаржы министрі Е. Ж Дербесов, экономика министрі Б. И. Ізтілеуов кірді. Олар валюта режимін, бастапқы валюта курсын, енгізілу уақытын және т. б. сұрақтарды қарастырды. Теңгенің айырбас курсын таңдағанда реттелетін қалқыма, сондай-ақ, жартылай айырбасталатын валюта курсына тоқталды. Ұлттық валюта - теңге - 1993 жылдың 15 қараша күні бүкіл Қазақстан территориясына ресми турде енгізілді. Ескі акшаның жаңа теңгелерге айырбастау 1993 жылдың 15 қараша күнінің ертеңгі сағат 8-00ден басталып, 20 карашаның кешкі сағат 20-00-де аяқталған еді. Айырбас 1:500 катынасындай жүргізілді. Айырбастаудың нәтижесінде 951 млрд. кеңестік рубль алынды. 18 қараша күнінен бастап, теңге Қазақстан территориясында айналымда жүретін жалғыз төлем құралына айналды. /3/
1. 2. Теңгені жасау
Ұлттық валютаның атауын ортағасыр тарихынан алған (Қыпшақтар тұсында «таңга (теңге) » деген айырбастау манаттары қолданыста жүрген) .
1992 жылы Қазақстанда шетел фирмалар саны өсті. Соның ішінде «Харрисон және ұлдары» фирмасы да болды. Олар теңгені жасауға өзінің көмегін ұсынды. Қазақстан дизайнерлері мен суретшілері ағылшын фирмасына өзінің үлгілерін көрсетіп, бірігіп жұмысқа кірісті. Теңгенің алғашкы үлгілерінде қазақ ұлттық ою-өрнектерінен басқа, ешқандай портреттер болған жоқ. Бірақ, ағылшын эксперттері ақша бетінде портреттер болу керек, ойткені баспаның ерекше техникасына байланысты ондай ақшаларды қолдан жасауға қиын болады деп сендірген.
Арнайы құрылған топ мүмкін болатын барлық портреттерді қарастырып, таңдаған. Сөйтіп, теңгенің беткі жағында Қазақстан тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бейнесін, ал артқы жағында Қазақстанға тән табиғи және сәулет өнерінің элементтерін бейнелеуге шешім қабылданған.
Банкноттардың беткі жағында (аверс) :
- 9-10 г. Отырарда (Оңтүстік Қазақстан) өмір сүрген атақты философ, ақын Абу Насыр Әл-Фарабидің (1 теңге) ;
- сазгер Сүйінбайдың (3 теңге) ;
- күйші Құрманғазының (5 теңге) ;
- тарихшы, демократ-Шоқан Уәлихановтың (10 теңге) ;
- ақын, ұлы ойшыл Ұлы Абай Құнанбаевтың (20 теңге) ;
- мемлекет қайраткері Әбілхайыр ханның (50 теңге) ;
- саясаткер және дипломат - Абылай ханның (100 теңге) портреттерін салу қабылданды.
Бас дизайнердің бірі Тимур Сулейменовтың айтуы бойынша ағылшындар өздерінің үлгілерін ұсынған еді, бірақ қазақтар оны қабылдаған жоқ. Одан басқа Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжалелов, Меңдібай Әлин дизайн-суретшілер еңбек етті. /4/
Алғашқы дизайнерлер 200 теңгеге дейін ақшаның нұсқасын ойлап тапқан, кейінгі үлкенірек номиналда теңгені Ұлттық Банк суретшілері ойлап тапқан. Бүгінгі күнi теңге 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 номиналда шығарылады. Ал 100-ге дейінгілер тиын түрінде ғана айналымда қолданылып жүр (1, 5, 10, 20, 50, 100) .
Ұлыбритания суретшілері гильош деп аталатын арнайы портреттерді бедерлеуді дайындаған және осыған авторлық құқық алған. «Харрисон және ұлдары» фирмасы теңге банкноттарын істегені үшін Ұлыбритания патшайымынан, ең жақсы экспорттық өнім үшін, «Алтын Белгі» сыйлығын
алды.
Қазақстандық теңге пайдаланған қорғау элементтеріне, техникалық әдістерге қарай бүгінгі күнi қолданыста жүрген дуниежүзілік валюталарымен сапасы жағынан бір қатарда тұp.
Алғашқы майдалау монеталары - тиындар қағаз түрінде болған. (2, 5, 10, 20, 50) .
Жалпы, ұлттық валютаны қабылдағанда дизайнды жасау және баспаға шығару бір уақытта және қысқа мерзімде істелген еді. Тиындардағы негізгі элементтер - ұлттық ою-өрнектер, жануар мен құстардың графикалық бейнелері, киіз үйдің құрамдас бөліктері болып табылады.
II. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - теңгенің енгізілуі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасың ұлттық валютасын енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабынан және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашадан сағат 08. 00-ден бастап (жергілікті уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін.
2. 1993 жылғы 18 қарашадан сағат 08. 00-ден бастап (жергілікті уақыт) теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
3. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер кабылдауға міндетті.
4. Осы Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев.
Алматы. 1993 жылғы қарашаның 12-сі.
Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің төралқасы мен Қазақстан
Республикасы министрлер кабинетінің қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттык валюта - теңгені
енгізу туралы шешімі жөнінде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы мен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті каулы етеді:
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қараша ел аумағында ұлттық валюта - теңгені енгізу туралы шешімін ақша айналымында қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір дұрыс және дер кезінде жолы деп есептелсін.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Премьер-министрі
С. Әбділдин. С. Терещенко. Алматы, 1993 жылғы қарашаның 12-сі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ұлттық валюта - теңге күнi тypалы.
1993 жыл, 15-қарашаның ҚР-ның ұлттық валютасы - Теңге енгізілген күн ретіндегі тарики маңызын атап өте отырып, сондай-ақ қаржы жүйесі қызметкерлерінің тұрақты экономикалық өсуді қаматамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. 15-қараша ұлттык валюта - Теңге күні, ҚР-ның қаржы жүйесі
қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жариялансын.
2. осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
ҚР Президенті
Н. Назарбаев
Алматы, 1997ж., қарашаның 13-i.
Қазақстанның тәуелсіздігіне 14 жыл. Ғасырға бергісіз деп жатырмыз. Өз жеріне еге болган ел мемлекеттік рәміздерін, ұлттық белгілерін енгізіді. Республикамыз Әнұранын, Көк байрағын, Елтаңбасын сайлады. Тек бір ғана ақау - сауда-саттық айырбасы, экономикамыздың бір өлшемі ұлттық валютаның қолданысқа ендіру барысында көбімізге беймәлімдеу тежеу «қол-аяқты» орап, матап жатты. Мұндайда еліне, ірrесін бекіткен жаңа мемлекетке
шын жаны ашар жандар қажет-ақ екен. Құдайға шүкір, ондайлар табыла
кетті. Теңге дүниеге қалай келді?
Кез-келген мемлекет өзінің ақшасын ерекше құпия түрінде жасайды. Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін де Әнұраны, Гербі, Туы болған. Бірақ мұның бәрі СССР деген алып мемлекеттің тасасында қалатын да, ал рубль деген ақша өз үстемдігін үнсіз жүргізіп отырды. Тіпті, «міне, біздербес елміз» деп жүргеннің өзінде, Ресей рубль барынша қоқан-лоққы жасады.
Ресей Қазақстанға 1 рубльді беріп, 65 копеекті кайтьш алатын. Ресей
төл экономикасын нығайтуға бағытталған өз жолын таңдады да рубль аймағы қасқара берді. 1992 жылы Қазақстаннан басқа төлем құралы ретінде рубльді екі-ақ мемлекет - Ресей мен Тажікістан пайдаланды. Сонымен қатар, ресейліктер таяу уақытта кеңес сомының орнына ресейлік рубль болады деп ескертті. Сонымен, рубль аймағын бөлу бастамасы Ресейден шықты. Қанша тырысқанмен, ұлттық валютаны енгізу шынайы қажеттілік болды.
Қазақстан етек-жеңін жиып, Елтаңба мен Tyғa конкурс жариялаған кезде, осы теңгені жасау жөнінде ой келді. Теңге жобасын жандандыру үшін «Қазақстан дизайн орталығы» құрылып, Хайролла Ғабжалелов осы құрылымның бас директоры болды.
Теңгенің авторлары көп. Бірінші кезекте бұл - қазақстанның Президенті, oл 1992 жылы еліміз «рубль аймағында болған кезде өз валютамызды енгізу туралы күрделі саяси шешім қабылдады. Қазақстандық қолма-қол ақшаларды экономистер, банкирлер, Ұлыбританиядағы банкнот фабрикасының басқарушылары және басқа да мамандар, ағылшын оюшылары да жасады.
Теңгенің ә дегеннен қазақ арыстарынын басталмады. Tүрлі бағытты ұстанды. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі архитектурасын, табиғатын, тұлғалардың бейнелерін кескіндеді. Жоғарғы Кеңестің басшылары Ерік Асанбаев пен Сауық Текежановтар портретке тоқтау керек деп кеңес айтты. Тұлғаларының елі, жері, жүзі айқындалып болғанда, оны эскиздерімен дайын
нұсқалары Елбасыға көрсетілді. Президент келісімін берді. Бұл 1992 жылдың 27 тамызы болатын. Англияда ақша жасайтын «Harrisson and Sons Limited» фирмасының өкілдері теңгенің дүниеге келуіне қол жұмсасты. Дизайнерлері салған эскизді тамашалап, мақтағанмен ақша жасаудың машақаты жетіп артылды. Алғашқы эскиздер олардың технологияларынан өтпегендіктен, бәрін басынан бастауга тура келді. Әрбір деталь қайта сызылып, әрбір штрихты металлоформаға келтірілді. Әйтеуір теңгенің эталлон үлгісін жасалынып, ол Қазақстанға құпия түрде алып келінді, Президентке көрсетілді. Елбасының ризашылығымен қазақтың ақшасы 30 наурызға дейін Қазақстанға келетін болсын деп нақты тапсырма берілді.
Ақшаны жаппай шығаруға қажеттілігі туғанда, тағы бір проблема кесекөлденең тура қалды. 1 теңгелік 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелік номиналдан Қазақстанға қанша ақша керек? Ешкім білмейді. Ақшаны талайдан бері шығарып жүрген фирма емес пе! 17 млн. халқы бар Қазақстанға мұнша ақша керек деп есеп-қисапқа жүгінген экономистері ел өндірісін, тауар айналымын және басқа да мәселелерді есептеді.
Теңге ә дегеннен инфляцияға ұшырады. Оның да себебі бар. Англиядан бері келерде «Harrissons and sons Limited» фирмасының өкілдері теңгенің бағамын немістің маркасымен тепе-тең күйде ұстаса, инфляцияға ұшырамайды деп кеңес айтқан. Ал, мұнда теңге әбден дайын болғанда, Ораз Жандосов бастаған жаңашыл топn «Біз неміс маркасын қайтеміз, Ресей рубльімен есеп айырыссақ та жетедің деп, ақшаны шығарудың бас-қасында жүрген адам сияқты жалаулатқаны бар. He керек 1 теңгеміз Ресейдіц 500 рубліне теңеледі де алғашқы инфляцияға ұшырайды. Кейін 200, 500, 1000, 2000 теңге шығаруға тура келді. 1992 жылдың қарашасында басталған теңге шығару 1993 жылдың сәуірінде аяқталды. Дегенмен, Қазақстанның ұтқан жері де аз емес. Басқа мемлекеттер зайчик, купон шығарып, екі әуреге түсіп жатқанда, біз ұлттық валютамызды бірақ процеспен шығардық. Сонымен, кеңес сомдарын шығаруды тоқтатқан кезде өз ақшамыз бізде дайын болды.
Ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы басталды. Ұлттық банкке бірнеше ірі міндеттер турды . Төл валютамызды енгізуге дайындық басталды. Ол өз кезегінде ұлттық төлем жүйесін құруды және халықаралық банк жүйесіне кіруді жорамалдады. Болашақ валютаның инфрақұрылымын даярлау өз кезегінде валютаның өзін құруға, валюта биржасын ұйымдастыруға, мәдениет сарайын, банкнот фабрикасын, алтын-валюталық резервтерге арналған мемлекеттік қойманы салуға бөлінді. Cол кезде тіпті мектеп оқушыларының кәмелеттік аттестаттарын шығаратын фабрика да болған жоқ. Бұрын бәрі де, шетел державалары елшілерінің сенім грамоталарына дейін Мәскеуден әкелінетін. Ордендерді, медальдарды, офицердің иығына тағылатын жұлдызшаларды әзірлейтін жер болмады. Бәрінен де нольден, не матерриалдық не ғылыми базасыз, не ақшасыз, не қызметкерлерсіз құруга тура келді.
Жұмысты Ұлттык банк бастаған мемлекеттік банк жүйесін құрудан бастады. Банк аппаратында 1992 жыл 200-250 адам болатын. Көптеген жақсы мамандар сол кезге дейін жалақысы әжептәуір коммерциялық құрылымдарға кетіп қалды. Ұлттық банк қуаты аз, залалды, материалдық базасы нашар мемлекеттік мекеме болды. 1993 жылдың аяқ шенінде банкте 800-ден астам адам қалды. Халықаралық қатынастар жөніндегі, валюталық және көптеген басқа департаменттер құрылды.
Екі жыл бойы басқа мемлекеттердің орталық банктерін қалай ұйымдастырғанын мұқият зерттеді. Еуропаның және АҚШ-тың банкирлерімен кездесулер өткізілді. АҚШ-тағы Федералдық резерв банкінің басшысы үш рет келді. АҚШ-қа білімін жетілдіру үшін бір топ мамандар жіберілді. Біз үйреніп алуға асықтык, себебі шетелдік іс-тәжірибені асықпай игеруге мүлде уақыт болмады.
Қазақстанның банк жүйесі шын мәнісінде жаңадан құрылды. 1992 жылы Ресейден кейін екінші болып валюта биржасын ұйымдастырды. Аптасына бір рет сауда-саттық ұйымдастырылып отырды, оның қорытындылары «Сұхбат» газетінде жарияланды. Сөйтіп қоғамды банк
аясында не болып жатқанын хабарланып отырды. Сонымен қатар, Ұлттық банктің баспасөз орталығы арқылы республиканың барлық бұқаралық ақпараттар құралдарымен (БАҚ) байланыс жолға қойылды.
Қағидалы жаңа негізде басқарудың жоғарыдан төмен құрылымы мен коммерциялық банктер арнайы қадағалау органын құрды. Еліміздің бас банкісінің материалдық базасын нығайтуға көп күш жұмсалды. Ұлттық банк төртінші буынды, ескірген компьютерлерді пайдаланатын. Оның орнына 55 «Пентиумды» сатып алды. Ақшаны қайта санау үшін техника жетіспеді. Автопарк толығымен тозған болатын.
Осымен бір мезетте coл кезеңде Ұлттық банктің алдында тұрған негізгі міндеттерді шешуге дайындалды. Алтын-валюталық резервті құру үшін алтын мен күмic сатып алына бастады. Мәселен, Жоғарғы Кеңестің іссапарлық шығындары үшін валюта Сырткыэкономбанктен сатып алынды.
Жұмыстың бәрі академик Такежановтың күш-жігерінің арқасында әзірленген арнаулы бағдарлама бойынша іске асты. Барлық алтын қазушы кәсіпорындар Ұлттық банкке алтын бере бастады. Марқұм Сауық Темірбайұлының осынау идеясы дұрыс та дер кезінде болды.
Алтын-валюталық қорды құру бағдарламасы бойынша Ұлттык банк алтын өндіруді қаржыландыруға және несиелеуге кірісті. Сол сәтте айрықша баға түзілімі қолданылды, бірақ та біздің бағалар әлемдік бағаларға жуық еді. Лондондық түcтi металдар биржасындағы алтын мен күмістің бағаларын белгілі болды. Ұлттық банктің бір қызметкерін Ұлыбританиядағы Ротшильд банкісіне аттандырып, оқытылды.
Сол кезде алтын өндіру жылына алты-жеті тонна шегінде тербелетін. Күмісті республика жылына 600 тоннаға жуық өндіретін. Металды қайта сату мақсатында сатып алынатын. Екі жыл ішінде алтын өндірісі 12 тоннаға жетті, бағалы металдардың арнаулы қоймасы құрылды. Алдымен ол Алматыда орналасты, сонан соң бағалы металдардығ көлемдері өскен кезді астаналық облыстың бір ауданында жаңа пана - жайды таңдап алуға тура келді.
Күмісті «Соломон бразерс» атты қоймадан алынды да жұмыс істесуге келісім-шарт жасасқан «Кредит свис» банкісіне аударылды. Металдар жеткілікті және күмісті сатқан жөн.
Сол уақытта Қазақстанның елдік дәргейі төмен еді. Бізді ешкім білмейтін және бағалы металдар рыногында ешкім күткен жоқ. Сонымен бірге елімізде бірде бір әлемдік дәргейлі банк жоқ. Сондықтан да күмісті Лондондық биржадағы халықаралық баға бойынша, мәміле күнгі турақталым бойынша сатуға ұйгарылды. Сөйтіп Қазақстан тұңғыш болып Еуропаға терезе ашты, әлемдік рынокқа шықты, 30 тонна күміс сатып алғаш рет үш миллион АҚШ долларын алды. Швейцарлықтар тауарды қатты бағалағанын атап өту керек. Meталл мамандар «төрт оңдық» деп атайтындай аса таза болып шықты. Яғни күмістегі бөтен қоспалар пайыздың мыңнан бір бөлігі болды. Ал банктер сапасы төмен металды қабылдайтынын айту керек. Содан кейін Үкіметтің келісімімен бірнеше рет осындай мәміле жасасты.
Қазіргі таңда Ұлттык банк күмісті сатып алмайтынын, алтын - валюталық резервті ішінара алтынмен ұстайды. Тек валютамен мемлекеттің ақшасын ұстауға болмайды, өйткені бүкіл әлемде инфляция жүріп, бағамдары ауысып жатады. Ал алтынның бағасы соңғгы кезде көтеріліп келеді.
Бүгінгі күні біздің елімізді металл рыногында жақсы біледі. Қазақстан тәуелсіздігінің сонау алғашқы жылдарынан біз күміспен белсенді турде сауда жасаймыз. Осы қаражат есебінен Ұлттық банк бағалы кағаздарды шығару жөніндегі кәсіпорын құрды. Бағалы металды сатқаннан түскен пайда теңгені жасауға және мәнет сарайына техниканы сатып алуға әрі төлем жүйесін ұйымдастыруға кетті. Бірақта басында ол Ұлттық банк шеңберінде құрылды. Сол кезде екінші деңгейлі банктер қаражат жетіспеушілігінен бүгінгі деңгейде жұмыс істей алмады.
Мемлекет басшысы еліміздің бюджетіне қатер төніп тұрғанын түсініп, филиалдар торабын аудан деңгейінде қалпына келтіру және есептесукассалық орталықтар арқылы төлем жүйесін құру туралы шешім қабылдады.
Ал Жоғарғы Кеңес бүткіл аудандық банктердің ғимараттарын Ұлттық банкке қайтару туралы шешім шығарды. 1992 жылы жарты жыл ішінде екі жүзден астам филиалды құруға, кадрларды тіркеуге, техникамен жарақтандыруға, ғимараттарды жөндеуге тура келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz