Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Антропогендік геожүйелер ұғымы, антропогендік геожүйелердің
тұрақтылығы.
2. Техногендік ландшафтар. Техногендік әсер ету факторы.
3. Мұнай-газды аймақтардың техногендік ландшафтары.
3.1. Каспий маңы мұнай-газ провинциясы.

3.2. Бозашы түбегі мұнай-газ аймағы. Табиғи ерекшеліктері.
3.3. Түбек геожүйелері компоненттерінің техногендік факторлар әсерінен
өзгеріске ұшырау дәрежесі.
3.3.1. Мұнай кәсіпорынының ішкі суларға әсері

3.3.2. Түбектің топырақ жамылғысы мен биоценоздарына әсер
3.3.3. Атмосфералық ауаның ластану деңгейі

3.3.4. Геологиялық ортаға техногендік әсер ету сипаты.
3.3.5.Кен орнындағы радиациялық жағдайдың шиеленісуі
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам мен табиғат арасындағы өзара әрекет әр уақытта да күрделі бір
ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-әрекеті техникалық прогрестің
артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының әсер етуші күшті факторлардың
қатарына қосылуда.
Антропогендік процестердің қарқыны да, аумағы да күн сайын артып
келеді. Қазір жер бетінде адам әрекетінің тікелей және жанама әсерлері
тимеген бірде-бір ландшафт жоқ. Көптеген ландшафт адам әрекетінің
нәтижесінде табиғи қалпын өзгертіп, антропогенді ландшафтының тобын
құрыстыруда.
Антропогендік фактор нәтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафттың
құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайымен үйлесім
тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы
тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты
болып келеді.
Анторопогендік фактордың тікелей әрекеті көбіне ландшафтының
морфологиялық құрылымдық бөліктерінің өзгерісінде тез байқалады. Ондай
құбылыстар мен процестерге жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының
шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, тағы басқаларды
жатқызуға болады. [1]
Жанама әсер ететін адам әрекеті негізінен ландшафттың құрамдас
бөліктерінің өзара байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін
табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нәтиже
береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының қалпына келмейтін өзгерісін
тудырады. Ф.Энгельс Табиғат диалектикасы еңбегінде: Месопотамияда,
Грецияда, Кіші Азияда және басқа жерлерде, егістік жер таппақ болған
адамдар орман ағаштарын түп-тамырымен қопара қазғанда, осы арқылы өздерінің
бұл елдерді ормандарымен бірге ылғалды жиып, сақтайтын орталықтарынан
айырғаны, бұл елдердің қазіргі тып-типыл қалыпқа түсуін бастап бергені
түстеріне де кірген жоқ, - деп жазған. Кітапта: Альпілік итальяндар
таудың теріскей беткейінде мұқият сақталып күтілетін қылқанды ағаштарды
кесіп тастағанда, олар осы арқылы өз аймағында биік тау баурайларындағы мал
шаруашылғының тамырына балта шабамыз, деп ойлаған жақ, олардың мұнан да
бетер бір болжай алмаған нәрсесі-олар осы арқылы өздерінің таудан шығатын
бұлақтарын жыл ішінде көп уақыт бойы сусыз қалдырды, - деп адам әрекеті
мен табиғат құбылыстарының бір-біріне өтулері арқылы әсер ететінін өте
нанымды тұжырымдады.[4]

Антропогендік геожүйелер ұғымы

Антропогендік геожүйелердің тұрақтылығы

Ғылымда жүйе термині, өзара байланыстағы және бірігіп белгілі бір
тұтас бірлестік құратын элементтер қауымдастығы ретінде анықталады.
Геожүйе термині күрделі географиялық обьектілердің жүйелік сипатын ашып
көрсеті үшін қолданылады.
Геожүйе термині көп жағдайда табиғи,әлеуметтік-экономикалық, табиғи-
техникалық территориялық жүйелерді сипаттау үшін қолданылып жүр.
Табиғи ортаға антропогендік фактордың әсерін, әсер ету мөлшерін
зерттеу қазіргі кезде өте қажет шара болып отыр. Геожүйелер антропогендік
факторлардың әсеріне шексіз көніп, бейімделе алмайды, яғни белгілі бір
шекке жеткенде, геожүйелердің бейімделу қасиеті азаяды да бірте-бірте
жойылады. Нәтижесінде орын алған экологиялық стресс геожүйенің
компоненттері арасындағы өзара қарым-қатынастың өзгеруіне апарып соғады.
Өзге территорияларды игеру немесе табиғи ресурстарды пайдалану барысында
пайда болған адамзаттың іс-тәжірибесін негізге алған жағдайда
геожүйелердің немесе ландшафтардың тұрақтылығын сақтауға болады. Бұл жерде
биотикалық факторлар қатарына жататын тұрғындардың алатын орны ерекше.
Физикалық-географиялық процестер үнемі даму үстінде болатындықтан,
абсолютті түрдегі тұрақтылықты іздеудің қажеті жоқ, себебі табиғатта мұндай
тұрақтылық болмақ емес. Себебі, даму шапшаңдығы мен соған байланысты орын
алатын өзгерістердің жылдамдығы түрлі географиялық обьектілерде әртүрлі.
Осыған байланысты, география ғылымында адам өмірі бойында байқала бермейтін
өзгерістерді тұрақты процестер деп алу қабылданған, яғни тұрақтылық
дегеніміз салыстырмалы шартты ұғым. Табиғи процестердің тұрақтылық деңгейін
оны басқа құбылыстармен салыстыру арқылы ғана анықтауға болады.
Антропогендік ландшафтардың тұрақтылық жағдайын анықтау үшін, біріншіден
ландшафтың техногендік әсерлерге тұрақтылығын салыстыратындай эталондық
ландшафт болуы керек. Екіншіден, ландшафтың бірнеше қарапайым құрамдас
бөліктерден тұратын күрделі табиғи жүйе екендігін есте сақтау керек.
Дегенмен, әрбір компонент әртүрлі жылдамдықпен дамиды. Демек, кез-келген
ландшафтың даму тұрақтылығын сөз еткенде, ландшафт құрушы материалдардың
тұрақтылық жағдайына тоқталмай өту мүмкін емес. [] Геожүйелер тек ортаның
қалыпты тербелістерінің орнын толтыратын ғана емес, сондай-ақ стихиялық
құбылыстарға да (жер сілкіну, вулкан атқылау, сел, су басу)
бейімделетіндей механизмдерге ие.
В.Н. Солнцев бойынша (1983ж), әрбір геожүйе эрозиялық процестер мен
таулардағы тектоникалық қозғалыстар, жер асты суларының эрозия базисі мен
су деңгейінің өзгеруінен туындайтын әсерлерге төтеп бере алады. Аталған
әсерлердің барлығы геожүйелерде пайда болады және энергетикалық және
ақпараттық құрылымға ие бола отырып, геожүйелердің абиотикалық бөлігінде
реакция тудырады, ал кейін ол абиотикалық факторлардың өзгеруіне апарады.
Бұл өзгерістер сыртқы факторлар, яғни геожүйе тарапынан және ішкі факторлар-
ішкі механизмдердің өзінің әсерінен жүзеге асады.
Адамзат геожүйені мекендей отырып, оны өзінің қажеті үшін қайта құруға
тырыса бастайды. Бұзылған ландшафтар табиғи ландшафтардай тұрақты емес,
себебі олар өзінің бастапқы табиғи күйіне қайтып келуге тырысады.
Ландшафттың антропогендік бұзылыстары өзінің масштабына қарай үшке
бөлінеді: қарапайым-биотикалық факторлардың өзгеруі. Бұл кезде геоматикалық
(фондық) орта өзгере қоймайды. Ірі өзгерістер-ландшафттың су режимінің
өзгеруі .Өте ірі масштабтағы өзгерістер литогендік негіздің қайта
құрылуымен тығыз байланысты. Оның сипаты (төселме беттің, қабаттардың
қасиеті мен құрамы) шапшаң өзгеріп жатқан жерде тұрақты, берік компоненттік
жүйелер пайда болуы мүмкін емес, олар үнемі өзгеру үстіндегі орта жағдайына
бейімделуге тырысады. Бұл тенденция әсіресе, жылу мен ылғал жағдайына
тікелей тәуелді биоценоздарға тән. Ал литогендік негізге антропогендік
фактор әсер етпейтін жерлерде тұрақты биоценоздар пайда болады да,
өзгеріске түскен аймақтарда фитоценоз сукцессиялық процестерден шыға
алмайды. Сөйтіп, геожүйелер мен олардың құрамдас бөліктері арасындағы
байланыстың тұрақтылығы литогендік негізбен тікелей байланысты. Каспий
маңы ойпаты секілді платформалық фундаменті төрттік дәуірдің қалың
борпылдақ шөгінділерімен жабылған аймақтарда геожүйелер динамикалы және
тұрақсыз.
Техногендік ландшафтар
Техногендік ландшафтар дегеніміз техногендік факторлардың қоршаған
ортаға әсер етуі нәтижесінде қалыптасатын табиғи-антропогендік құрылымдар.
Қазіргі заманғы техногендік факторларға тау-кен және мұнай өнеркәсібі,
құрылыс, транспорт тәрізді өндірістік кешендердің әсерінен дамитын
антропогендік факторларды жатқызуға болады. Олар бір жағынан жасаушы,
екінші жағынан бұзушы қызметтер атқарады.
Ортаны ластап отырған факторларды ноқат түріндегі, сызықтық және
территориялық типтерге бөлуге болады. Бұл жерде мән беруді қажет ететін бір
мәселе- ластану ареалдары, ландшафтардың өзара әрекеттесу заңдылығына сай
ластаушы көздердің орналасқан жерімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Техногендік ландшафтар –бұл салыстырмалы түрде балансталған табиғи
кешендерде орын алып отырған парадинамикалық жүйелер. Олар орталардың
контрастылығы мен олардың арасындағы зат және энергия алмасуының
активтендірілуі жағдайында дамиды. Нәтижесінде белсенді әрекет етуші,
күрделі парадинамикалық жүйелер пайда болады. Ал олардың онан әрі дамуы
уақытқа байланысты өзгереді.
Егер техногендік ландшафтардың даму ауданын олардың қоршаған ортаға
тигізетін әсеріне сай бағалайтын болсақ, олардың еліміздің өте аумақты
территориясын алып жатқанын байқаймыз. Техногендік ландшафтардың қоршаған
ортамен арасындағы парадинамикалық қарым-қатынасы қалыптасуының ерте
сатысында заттардың минералдық (жылжу, эрозия, ығысу), биогендік(жаңа
өсімдіктер қауымдастығы мен жануарлар дүниесінің пайда болуы), су
(батпақтану, су толуы т.б.) миграциясы үлкен роль атқарады.
Ал кейінгі, жетілген даму сатысында техногендік ландшафтар мен сыртқы
орта арасындағы қарым-қатынас барынша табиғиланған, баяуланған сипатқа ие
болады. Дей тұрғанмен де, бұл сатының өзінде парадинамикалық процестердің
белсенділігі артуы әбден мүмкін.Мыс, минералдық шикізаттар өндірілетін
аймақтарда бірнеше ондаған жылдар өтіп кетуіне қарамастан, террикондер мен
жылжымалы учаскелердің, жарық, опырылмалардың пайда болуы. Бұрынғы КСРО-ның
құрамында Қазақстан қоғасынның, вольфрамның, висмут, ванадий, барийдің
қоры жөнінен 1 орында, мыс, фосфорит, молибден, кадмий, асбест, мұнай,
табиғи газдың қоры жағынан 2 орында болды. Техногендік ландшафтар
полиметалл рудаларын, көмір, құрылыс материалдарын ашық немесе шахталық
әдіспен өндіретін өте аумақты территорияларында қалыптасты. Ашық өндіру
процесі нәтижесінде (Екібастұз көмір бассейні, Маңғышлақ уран кен орындары)
өте үлкен территорияларды алып жатқан жаңа антропогендік рельеф формалары
пайда болды. Мұндай жұмыстар ландшафтың барлық компоненттерін түбегейлі
өзгертіп, ашық қалған литогендік негіз жыныстары мен әртүрлі микрорельеф
формалары, өсімдіктер қауымдастығы, беткі ағыс арасында жаңа қарым-
қатынастың пайда болуына негіз болады. Қазба байлықтарды игеру барысында
литогендік негіздің заттық, минералдық, гранулометриялық өзгерістері орын
алады. Нашар үгілген, биогендік негізі қалыптаса қоймаған жыныстар
тереңнен жамылғы қабатқа шығып қалады. Барлық химиялық процестердің бағыты
мен шапшаңдығы түбірімен өзгереді. Тереңде жатқан жыныстарға тән химиялық
процестер, бұл жыныстар гипергенез зонасына орын ауыстырғанда өзінің
сипатын күрт өзгертіп, биота үшін зиянды, улы активті қосылыстардың пайда
болуына әкеп соғады. Осындай антропогендік процестер әсерінен биологиялық
өнімділік шамасы, тіпті, зат және энергия алмасуы түбірімен өзгеріске
түседі.[6]

Техногендік әсер ету факторлары
Соңғы кезде техника мен ландшафт арасындағы тіке және кері
байланыстың көп факторлығына байланысты техногендік аномалиялардың шығу
тегін түсіндірмей-ақ, тіркеуге алу тенденциясы орын алып отыр. Түрлі
табиғат зоналарындағы біртұтас табиғи түзіліс ретіндегі ландшафтардың
техногендік факторларға жауап реакциясын зерттеу нәтижесінде белгілі бір
зонаға тән геожүйелердің техногендік әсердің белгілі бір түріне
салыстырмалы түрде тұрақтылық көрсете білетіні анықталды. Техногендік
әсерді басынан кешіріп отырған ландшафтардың бұзылу дәрежесі табиғат
компоненттерінің жекелеген түрлерінің немесе кешеннің тұтастай өзгеріске
түсу деңгейімен анықталады. Соған орай, ландшафтардың өзгеруін оның
техногендік модификациясы түрінде немесе бүкіл кешен түзуші құрамдас
бөліктердің қайта құрылуы түрінде көрініс береді. Ғалымдардың көзқарасы
бойынша Қазақстан Республикасының аридтік ландшафтарының техногендік
модификациялануы оның морфологиялық құрамының барынша қарапайымдануына
апарып соғады, ал дамудың алғашқы сатыларында жаңа жіктенуші факторлардың
қосылуы әсерінен керісінше, күрделілік сипатта болады.
Қазақстанның ұлан байтақ территориясының көп бөлігін өнеркәсіп
орындары, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі
кәсіпорындары алып жатыр. Орталық Қазақстанның, Оңтүстік Арал маңының,
Алтайдың көп бөлігін алып жатқан тау-кен өнеркәсібі елде өндірілетін
өнімнің 30 пайызын, экспорттың 80 пайызын. Бұл аймақтарға аридтік
климаттың әсерінен онан сайын күшейетін мықты техногендік факторлар әсер
етеді.[8]

Мұнай-газды аймақтардың техногендік ландшафтары

Тау-кен өнеркәсібімен қатар ластаушы факторлар қатарына мұнай-газ
кәсіпорындары да жатады. Каспий маңы ойпатының қазақстандық бөлігінде тұз
қабатты шөгінділерден 100 жылдан бері қарай мұнай өндіру жүзеге асырылып
келеді.
Өлкедегі кен орындарын игеру үшін мұнда Аджип, Сименс АГ,
Бритшгаз секілді бірлескен кәсіпорындар мен акционерлік компаниялар,
қоғамдар құрылды. Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам кәсіпорындар
игерілуде.
Олардың ішінде ең алғаш игерілгені Мақат және Доссор кен орындары
(1915 ж). Осы Ембі провинциясына 1995 жылдан бері игеріле бастаған Матай
кен орыны да жатады.
Олардан басқа бұл провинцияға Қысынбай кен орыны жатады. Мұнда мұнай
30 скважинадан 1600 метр тереңдіктен өндіріледі. 1991 жылы 80 млн тоннаға
дейін мұнай беретін әлемдегі ірі кенорындарының бірі Кенбайды игеру
басталды. Мұнай кәсіпорындары Құлсары мен Мұнайлыда да жиі кездеседі.
Барлығы Қазақстанда 300-500 м-лік тереңдіктен қара алтын өндіретін 700-
ден астам бұрғылау жүйелері жұмыс істейді.
Каспий маңы ойпатының топырақ түзуші тау жыныстарының, топырақ
жамылғысының, және ылғалдану жағдайының ерекшеліктері мұндағы техногендік
ластанудың басты сипатын анықтайды. Ландшафтішілік коррелятивтік қарым-
қатынас аймақтың ластануының динамикалық заңдылықтарын ашуға мүмкіндік
береді. Мұнда техногендік ластанулармен қатар, екінші реттік-
посттехногендік бұзылыстар кең етек алып отыр. Олардың қатарына тереңде
жатқан жыныстарды гипергендік өңдеу салдарынан жер бетіне улы қосылыстардың
шығып қалуы, су режимінің өзгеруі, ауа қабатының ластануы, т.б. процестерді
жатқызуға болады. Ал мұндай екінші реттік ластануға душар болып отырған
аймақтардың көлемі ластанудың тікелей ошақтарынан бірнеше есе артық.[9]
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі, табиғи потенциялдың тым жұтаңдауы
осы құбылыстарға душар етіп отырған процестерді толық зерттеуді қажет
етеді. Табиғи ортаны оптимизациялаудың ғылыми негізделген шараларын жүзеге
асыру үшін ластаушыларды құрамдық деңгейіне, кеңістікте таралу дәрежесіне
және әртүрлі табиғи орталардың тұрақтылық, қалпына келу қасиеті секілді
ерекшеліктеріне мән беру керек.
Геожүйелерді ластаушы басты факторлар қатарына Теңіз комплексінің
Досмұхамбетов, Ақтобе, Прорва, Қараарна кенорындары жатады. Ластанған-
өзгерген территорияларды зерттеудің бір тәсілі ландшафт өзгерісіне
геохимиялық анализ жасау болып табылады:
а) кеңістіктік (әсер ету ошағы-ол әсерін тигізетін аймақ схемасы бойынша),
б) уақыт бойынша ( таңдап алынған белгілі бір территорияда ай сайын және
тәулік сайын динамикалық бақылау жүргізу). Геохимиялық активті заттардың
біртипті әсері барлау кезеңдерінің өзінде-ақ білінеді де, 2-3 жылдан соң
олардың тұрақты миграциялық ағындары өзара айқын қарым-қатынас пайда етеді.
Осыған байланысты Теңіз комплексі орналасқан Каспий маңы ойпатының
солтүстік-шығысында геожүйенің барлық орталарында-топырақта, беткі және
жерасты ағындарында, ауада битумды заттар мен жалпы көміртегі мөлшері бірте-
бірте арту үстінде.

Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс бөлігіндегі геожүйелерге мұнай
өндіру барысында туындайтын техногендік әсерлердің түрлері.[12]

№ Мұнай өндіру Техногендік әсер Геохимиялық активті
Процесінің атауы түрлері ластаушылар
1 Алаңдарды игеруге Жол салу, алаңдарды Бұрғылау, шаю ертінділері,
дайындау қаптау, бұрғылау жәнеқабаттарға әсер етуге
механизмдерді арналған түрлі реагенттер,
сынақтан өткізу мульсия, цемент түрлері:
гипс, силикат, сода,
ізбес, тұз т.б.
2 Кен орындарын Мұнайды өндіру және Мұнай (тасымалдау немесе
игеру тасымалдау апаттар кезінде төгілген)
коміртегі, иісті
көмірсулар, сфальт шайыры,
т.б. қосылыстар,
минералданған сулар
(әсіресе хлоридті)
3 Мұнайды алғашқы Мұнайды алғашқы Мұнай және мұнай өнімдері,
өңдеу өңдеуден өткізу және мине-ралданған сулар,
серіктес газ бен газ толықтай өртелме-ген газ
конденсатын өртеу бен газ конденсатының
өнім-дері:
көмірсутектердің түрлі
өкілдері, фенол, хлоридті
және сульфатты-хло-ридті
сулар, ауыр көмірсулар:
бензпи-рен, азотты және
күкіртті қосылыстар
1 2 3 4

Шөлдің қызғылт топырағы мұнаймен ластанғанда топырақ профилінің беткі
элювилі қабатында мұнайдың көмірсутекті фракциясы болытабылатын
битумоидтар, ал иллювилі сорбциялық қабатта асфальтты-шайырлы заттар
шоғырланады.
Битумды қосылыстар арасында канцерогенді ауыр көмірсулар, әсіресе,
3,4-бензпиреннің ролі зор. Ауыр көмірсулардың басым бөлігі ландшафтарда
серіктес газдарды жағу барысында жинақталады. Бұл заттар басқа газ тәріздес
және аэрозольдық заттармен бірге табиғи миграциялық ағынға қосылады да
барлық табиғи орталарға таралады. Олар топырақ профилінің түрлі генетикалық
горизонттарында кездесуі мүмкін және олардың мөлшері автоморфтық топырақ
типтеріне қарағанда гидроморфтық типтерде көбірек болады. Нәтижесінде тек
топырақ жамылғысы ғана емес, сондай-ақ беткі және грунт сулары, ауа қабаты
да ластанады. Топырақтың түрлі генетикалық горизонттарында ластаушы
қосылыстар бірдей мөлшерде таралмайды: олардың неғұрлым көп шоғырлануы
топырақ-геохимиялық барьерлерде байқалады. Таблицадан көріп отырғандай,
әсіресе сорбциялық-биохимиялық (Ао және А1 горизонттары) және сорбциялық
(В горизонты) барьерлердің әрекеті белсенді. Бензпиреннің басым
бөлігішөлдің қызғылт-қоңыр топырағының беткі горизонттарында шөгіп қалады
да техногендік обьектілердің маңында ала-құла ластанған ореолдар пайда
етеді.
Ал геохимиялық анализдер олардың беріктігін анықтап отыр. Мұндай
ластанған аймақтардың аумағы өте үлкен және тек жергілікті обьектілердің
маңында ғана емес бүкіл Теңіз комплексіне таяу жатқан территориялардың
барлығын шарпып жатыр. Бұл мұнай қысымының және мұнай мөлшерінің
жоғарылығымен (20% астам), мұнайлы горизонттардың тереңде орналасуымен
түсіндіріледі.

Орталық және Батыс Прорва кенорынындағы ластанған топырақтардағы
көмірсу мен бензпиреннің шамасы.[17]
Горизонт ТереңдіТабиғи Табиғи қоңыр,Ластанған Ластанған
к қоңыр, шалғын-батпаққоңыр, қоңыр, шалғын
шалғын-батпаты шалғын-батпақтыбатпақты
қ-ты топырақтағы топырақтағы С топырақтағы
топырақтағы БП мөлшері мөлшері БП мөлшері
С мөлшері
Ао 0-10 3,6 2,61 9,2 26,7
А1 10-16 3,2 2,20 9,0 16,06
А1 А 2 16-28 2,8 1,28 0,6 3,75
А2 В 28-50 1,2 0,95 0,5 1,99
В1 50-75 0,9 0,95 0,4 0,57
В2 75-120 0,6 0,62 0,5 1,29
С 120-1500,1 0,20 0,4 0,71

Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс бөлігі ландшафтарын өзгертуші
келесі бір фактор-суда еритін тұздардың сыртқа шығып қалуы болып табылады.
Олар топырақтың геохимиялық процестерін түбегейлі өзгертеді. Мұндай
тастандылар әсіресе, Каспий теңізіне қарай бағытталатын уақытша өзендердің
қызметі күшейетін қар еруі мен су тасуы кезінде артады.
Өте улы қосылыстардың шоғырлануы шөлдің қызғылт-қоңыр топырақтары
үшін тән емес болғандықтан, топыраққа түскен тұздар топырақ жамылғысына
өте теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде жайылым жерлер мен шабындықтардың
биологиялық өнімділік дәрежесі айтарлықтай кемиді. Топырақтың басты суда
ерігіш минералдық ластаушылары- хлоридтер, сульфаттар және бикарбонаттар.
Техногендік ландшафтар көмірсутекті шикізаттың күшті әсер етуі жағдайында
өмір сүреді. Мұнайдың әрбір тоннасына 500м3 серіктес газ ілесе шығады, оның
ішінде күкіртті сутек-16%, көмірқышқыл газы-3%, метан-40%. Теңіз кен
орынының өзінде ғана орналасқан 5 ауданның территориясында жалпы саны 193
ластаушы ошақтар тіркелген. Олардың ішінде 81-і-тұрақсыз, 182-і тұрақты
ластаушылар.
Атмосфералық ауаны ластаушылар көбіне-көп, органикалық отынның жану
өнімдері, коміртек тотығы, күйе т.б. болып табылады. Түрлі ұйымдардың
есептеулері бойынша, тұрақты ластаушы ошақтардан атмосфераға жылына 82340
тонна шамасындағы барлығы 8 суммациялық топқа жататын 39 түрлі заттар
шығарылады. Солармен қатар көміртек тотығы, азот тотығы, күкірт диоксиды,
көмірсутектер, күкіртті сутектері атмосфераны ластаушылардың 99,6%
береді. Ембі мұнай-газ првинциясында орналасқан кәсіпорындарда жылына
өндірістік-транспорттық обьектілердің салдарынан 1124 тонна ластаушы
қосылыстар сыртқа шығарылады. Олардың ішінде азот тотығы, көміртек тотығы,
көмірсутектер басым. 1 км2 төселме бетке 29 тонна күкірт қос тотығы, 28
тонна азот қостотығы, 8 тонна күкіртті сутек төгілетіні анықталған. Ал
көктемде мұз жамылғысы бұзылған кезде теңіз суының ластануы 30 есеге дейін
өседі. Бөгеттер мен дамбалар теңізді барынша сақтағанмен, ластаушы
концерагенттер жерастысуларымен бірге сүзіліп шығып теңізге түседі. Беткі
ағыс пен жерасты сулары арқылы теңізге түскен зиянды қосылыстар мөлшері,
ондағы көмірсутектерді зерттеу мәліметтеріне қарағанда онша көп емес. Беткі
сулардың ластануы да маусымдық сипатқа ие. Көктемгі мұз еруі мен нөсер
жаңбырлар кезінде топырақтың беткі қабаты шайылып, еріген қомылыстар
өзендерге барып түседі. Локалдық ластану өте айқын сипатта болады.
Атырау Ғылыми-өндірістік бірлестігінің мәліметтеріне сай, соңғы
жылдары (1993-1996) орта тереңдіктерге жайғасқан жер асты суларының
ластануы арту үстінде.
Мұнай кәсіпорындары әсіресе, атмосфераға үлкен әсерін тигізуде.
Мұндағы ластаушы қосылыстар қатарына күкірт, азот, көміртек, қос тотықтары
мен күкіртті сутекті жатқызамыз. Кәсіпорындардың әсері тіпті 100
километрлік қашықтық аймағынан-ақ айқын сезіледі. Ауа арқылы топырақ
қабатының ластануы онша үлкен емес. Дегенмен, қабылданған мониторинг жүйесі
есепке алмай отырған өте ауқымды мазуттанған учаскелер жеткілікті.
Мұнай мен газ өндіру кезінде ландшафтардың техногендік ластануына
компоненттік талдау[9]

әсер
өндіріс ету сипаты Ландшафтағы
обьектісі өзгерістер
Топырақтың АтмосфералықБеткі және
литогендік ауа жерасты сулары
негізі
Бұрғылау -Аналық -серіктес -түрлі -Органикалық
скважинасыжыныстың газдардың, генезистегі заттардың ыдырау
геофизикалық ұшқыш орналасқан өнімдерімен өте
және сутектің сулардың жер қатты ластануы
геохимиялық түрлі жанғанбетіне шығуы, (мұнай, газ);
режимінің өнімдердің, -органикалық -биотаның бұзылуы,
өзгеруі, күкіртті шикізаттардың жаңа
-мұнай, газдың ыдырау биогеоценоздардың
серіктес газ әсерінен өнімдерімен пайда болуы.
және грунт ластануы ластану,
суларының жер -тұщы сулардың
бетіне тұздануы;
шығарылуы -жерасты және
-төселме бет беткі сулардың
пен топырақ су балансының
жамылғысының бұзылуы.
мұнай
өнімдері мен
сазды
ерітіндімен
т.б. химиялық
заттармен
ластануы
-топырақтың
ішкі
құрылымының
өзгеруі
-топырақтың
түгелдей
жойылуы

Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысын ала орналасқан, Теңіз мұнай
кешені салдарынан техногендік ластануды бастан кешіп отырған ландшафтар
геохимиялық процестердің жоғары динамикалық сипаттарының ортақтығына
байланысты бірігіп, дамудың түрлі этаптарынан өтеді:
1) ортаның нашарлауы;
2) табиғи процестердің қалпына келуі-өздігінен тазару;
3) геожүйелер күйінің тұрақтануы.
Ортаның нашарлау этапында ластаушы заттардың әсерінен табиғи қызғылт-
қоңыр топырақтар геохимиялық қасиеті мүлдем бөлек (органикалық көміртек
шамасы жоғары, құрғақ қалдық көп, сіңіру жүйесі, РН шамасы өзгерген)
техногендік сортаң топыраққа айналады. Соңынан техногендік әсер тоқталған
жағдайда немесе ластанушылардың әсері тоқтаса, яғни өздігінен тазару
этапында геохимиялық процестер бірте-бірте қалпына келе бастайды: натрий
иондары көбейіп, сутек иондарын ығыстыруы арқасында топырақтың сілтіленуі
артады. Бірақ бұзылған топырақ жамылғысының жекелеген қасиеттері түгелдей
қалпына кемейді, өткен өзгерістердің ізі сақталады.
Ландшафт өзгерістері ерекшелігінің бірі топырақтың, өсімдіктер
дүниесінің, ішкі суының микрокомпоненттік құрамының өзгеруі болып табылады.
Техногендік ағындардың микроэлементтік құрамы ең алдымен, галогендер,
барий, т.б. элементтер арқылы анықталады геохимиялық процестер бірте-бірте
қалпына келе бастайды: натрий иондары көбейіп, сутек иондарын ығыстыруы
арқасында топырақтың сілтіленуі артады. Бірақ бұзылған топырақ жамылғысының
жекелеген қасиеттері түгелдей қалпына кемейді,өткен өзгерістердің ізі
сақталады. Табиғи орталардың арасында көбірек ластануға душар болатыны ауа
бассейні. Әсіресе ең күшті ластау көздеріне көршілес жатқан кен орындары
обьектілері мен барлау жұмыстарын жүргізу кезінде және байқау жұмыстары
барысында газды жағумен айналысатын факелдік қондырғылар болып табылады.
Ауадағы күкіртті сутектің жоғарғы шамасы Теңіз кен орынының оңтүстік-
батысында, Каспий теңізі маңында тіркелген. Кен орындарынан атмосфераға
келіп түскен күкіртті сутектің көп бөлігі миграциялық ағындар арқылы
топыраққа және суға түсіп күрделі жағымсыз гехимиялық жағдайдың туындауына
себеп болады. Технегенездің әсерінен ландшафтардың трансформациялану
ерекшеліктерін зерттеу, мұнда күрделі геохимиялық аномалиялардың қалыптасуы
аномалиялы кеңістіктің құрылымын анықтап, жаңа техногендік жағдай тудырады.

Каспий маңы ойпаты мұнай-газды аймағына жалпы сипаттама

Каспий маңы ойпатының геологиялық-тектоникалық ерекшелігіне байланысты
бұл аймақты планетамыздың мұнай және газ ресурстарына өте бай бөлігі деп
есептеуге мүмкіндік береді. Ресей Федерациясының МГИМО профессоры
Ю.Федоровтың пікірінше мұнда алдағы уақытта жалпы көлемі 5,4млрд. тоннадан
13,6 млрд. тоннаға дейін мұнай өндіруге мүмкіндік бар. Каспий маңы
ойпатында орналасқан мұнай бассейндерінен 2015 жылы 100-200 млн тонна
шамасында немесе әлемдік өндірілетін мұнайдың 10%-дей шикізат
өндірілтіндігі болжанып отыр. 1998 жылдың аяғына қарай өте ірі Мобиль,
Шеврон және Шельф халықаралық мұнай компаниялары мен Қазақстан Республикасы
арасындағы экономикалық келісімге сай Каспий теңізі мен Азербайжан арқылы
өтіп, Түріктің Джейхан портына дейін созылатын мұнай-газ құбырын салу
жөнінде техникалық-экономикалық жобаға қол қойылды. Сөйтіп "АҚШ-тың
әкімшілік органдары мен салауатты экономикалық көзқарас арасындағы ұзақ
уақытқа созылған күрес американдықтардың жеңісімен аяқталды" (АиФ №52
1998ж.). Бұл маршрутты таңдап алудағы АҚШ-тың басты мақсаты- Каспий маңы
ойпатындағы өндірілетін бағалы шикізаттың Ресей мен Иран территориясына
түспеуін қадағалау болды. Ал, Түркия- осы аймақтағы НАТО-ға мүше бірден-
бір ел.

Каспий теңізі бассейнінде ірі үш мұнай-газ өндіретін провинцияны бөліп
көрсетуге болады: Солтүстіктегі Каспий маңы, Орта Каспий (Солтүстік Кавказ,
Манғышлақ), Оңтүстік Каспий.
Каспий маңы провинциясы. Бұл провенция дүниежүзіндегі өте ертеден келе
жатқан мұнай өндіруші аймақ болып табылады. 1999 жылы Қазақстан осы
аймақтағы ең алғашқы мұнай фонтанының 100 жылдығын тойлады. Ең алғаш Каспий
теңізінің солтүстік бөлігінде мұнай қоры бар екендігі жөніндегі мәліметті
орыс патшасы I Петрдың Хиуаға жіберген А.Беков – Черкасскийдің
экспедикциясы берді.
1892 жылы С.Н.Никитиннің жүргізген зерттеулеріне сай Доссор, Ескене
және Қарашұңғылда бұрғылау жұмыстары жүргізіліп,соның арқасында мұнайдың
мол қоры бар екендігі дәлелденді. 1894 жылы Лемон бастаған Петербург
кәсіркерлері осында жер қойнауын игеру құқығына ие болып, Ембі -Каспий
серіктестігін құрады да, көптеген бұрғылау жұмыстары басталады. 1899 жылы
Қарашұңғыл скважинасында 40 метрлік тереңдіктен Қазақстан территориясындағы
ең алғашқы мұнай фонтаны алынды. Алғашқы кезде тәуліктік дебит 20-25 тонна
болды. 1900 жылы ағылшын кәсіпкері Лемон мен Нобель және Стахаевтың Ембі
қоғамы бірігіп Арал-Каспий мұнай қоғамын құрады. 1914 жылы Мақат кен орны,
1924 жылы Доссор кен орны ашылады. Сөйтіп 1978 жылда Каспий маңы
провинциясында барлығы 42, оның ішінде 32 мұнай, 7 мұнай-газ, 3 газ кен
орындары ашылды.
Геологиялық тұрғыдан Солтүстік каспий мұнай-газ провинциясы
дүниежүзіндегі ең ірі және ең терең платформалық ойыстың бірі болып
саналатын Каспиймаңы синеклизасында орналасқан. Аймақ Орыс платформасының
оңтүстік - шығыс жиегі болып табылады. Әкімшілік жағынан мұнда Қазақстанның
Атырау, Орал, Ақтөбе облыстары, Ресей Федерациясының Астрахань, Саратов,
Волгоград облыстары мен Қалмақ АО кіреді. Провинцияның ауданы 500000 км2,
шөгінді жамылғы қабатының қалыңдығы 20 километрден асады. Сейсмикалық
зерттеулердің мәліметтеріне сай, плитаға дейінгі рифтік - вендік комплекс
провинцияның орталығында 80-10 километрлік қалыңдыққа жетеді. Орто
-платформалық жабынды төменгі палеозойдан бастап төрттік дәуірге дейінгі
шөгінді жыныстардан тұрады. Л.Н.Кленина, В.Д.Ильина және М. Липатованың
материалдары бойынша шөгінді қабатта ірі екі мұнай-газды мегакомплексті
бөлуге болады: тұз бетіндегі және тұз жамылғылы. Олар өзара кунгур тұзды
қабатымен бөлінген. Каспий маңы ойпатындағы кен орындарын зерттеу жұмыстары
әлі толық аяқталмаған. Мұнда бес мұнай-газды аудандарды атап айтуға болады:
Теңіз маңы, Оңтүстік Ембі, Биікжал, Солтүстік Каспий және Астрахань.
Теңіз маңы мұнайлы газды ауданда Теңіз, Тажіғали және Шөлдік мұнай кен
орындары орналасқан. Әсіресе Теңіз мұнай кен орны өзінің геологиялық
құрылысы мен мұнайдың қоры жөнінен ерекше аудан болып табылады. Мұндағы
геологиялық зерттеу жұмыстары 1976 жылдан басталып, 1981 жылы алғашқы мұнай
фонтаны алынды. Теңіз кен орынындағы мұнайдың орналасу массивтік типке
жатады. Мұнай жеңіл, тығыздығы төмен, күкірт мөлшері мол, шайыры аз,
төменгі сапалы болып есептеледі. Серіктес газдың құрамында күкіртті сутек
шамасы өте жоғары – 25,1%. Көмір қышқыл газы- 4,8%, азот 1%, метан 52%,
этан 15%, протан 5%. Тәжіғали кен орны орта және төменгі карбонның ізбесті
қабаттарында орналасқан. Мұнда метан мөлшері 68%, күкіртті сутек 17%,
күкірт шамадан тыс өте көп.
Оңтүстік Ембі мұнайлы ауданында Тортай, Шалкара, тағы да басқа кен
орындары орналасқан. Мұндағы ең ірі Қарашығанақ мұнай-газ провенциясы кен
орны Орал қаласының шығысында орналасқан. 1979 жылы ашылды, жалпы ауданы
230км2. Каспий маңы мұнай-газ провенциясы территориясында сондай-ақ ертеден
бері пайдаланып келе жатқан тұз бетіндегі кен орындары – Ескене, Тентексор,
Байшонас, Доссор, Мақат, Сағыз, Қосшағыл, Құлсары, Қаратон, Кеңқияқ,
Шорқұдық, Боранкөл, Прорва кен орындары мен Тал, Порт-Артур және Спортивное
газ кен орындары орналасқан. Олардың көпшілігі Каспий теңізінің жағалауында
су басу қаупі бар зонада орналасқан.
Екінші мұнай-газ провинциясы Орталық Каспий МГП-сы Скиф- Тұран
эпигерцин плитасында орналасқан. Ол Терек-Қума және Маңғышлақ-Үстірт
аймақтарына бөлінеді. Маңғышлақ-Үстірт МГП бөлігі тектоникалық жағынан осы
аттас ендік бағытта созылып жатқан ұзындығы 500 км, ені 100-200 км болатын
ойыста орналасқан. Жалпы көлемі 50000км2, оның ішінде 40000км2-лік
территория қазақстандық болып табылады. Герциндік фундаментке ие шөгінді
жамылғы қабаттың қалыңдығы 9 км деп есептеледі. Маңғышлақ-Үстірт МГП
бөлігі Оңтүстік Маңғышлақ және Солтүстік Үстірт МГ облысына бөлінеді.
Оңтүстік Маңғышлақ МГО-сы Қазақстан өнеркәсібінің ең ірі шикізат базасы
болып табылады. Маңғышлақ мұнайының алғашқы фонтаны 1961 жылы маусымды
Жетібайда атқылады. Ал осы жылдың желтоқсан айында Өзен мұнайы игеріле
бастады. 1965 жылдың шілде айынан бастап Өзен кен орны алғашқы мұнай
эшелонын Гурьев МӨЗ-не жіберді. Өзен газ кен орны 1961 жылы Жетібай-Өзен
тектоникалық деңгейдегі Солтүстік бөлікте ашылды. Мұнда юра және төменгі
бор шөгінділерінен газ өндіріледі. Жалпы аймақтың мұнай және газ
шөгінділері күмбезді көп қабатты болып орналасқан. Мұнай қасиеті жөнінен
жеңіл, шайыр мөлшері көп, жоғары парафинді, күкіртсіз болып табылады. Өзен
мұнай-газ кәсіпорны 1965-95 жыл аралығында өндірген мұнайдың көлемі жөнінен
өте әртүрлі көрсеткішке ие. Қазір мұнай мөлшері азаю тенденциясына ие.
Жетібай газ – мұнай кен орны 1961 жылы ашылды. Мұндағы көмірсутектер
күмбезді пласты орналасу сипатына ие. Барлық горизонттар бойынша жеңіл,
шайырлы, жоғары парафинді. Солтүстік Үстірт газ-мұнай облысы Маңғыстау
облысы территориясында орналасқан, жалпы жер көлемі 240000км2. Мұнда Бозашы
мұнай өндіруші ауданын бөліп көрсетуге болады. Солтүстік Бозшы аймағында
Қаламқас, Қаражанбас және Арман кен орындары орналасқан. Тектоникалық
жағынан облыс Тұран плитасының Үстірт синеклизасында жатыр. Көптеген
зерттеулерге сай синеклиза фундаменті герцин аралас байкал қатпарлығына
тән.
ХХI ғасырдың табалдырығын аттап отырған қазіргі кезде экологиялық
проблемалар зор масштабқа ие болып отырғандықтан, олардың келешекте қандай
зардаптарға апарып соқтыратыны алдын-алып болмайтын мәселеге айналуда, ал
оның түп-төркіні табиғаттан барлығын тартып алу керек деген сауатсыз
практиканың нәтижесі: бір жерлерді бас-көзіне қарамай суландыру, ал бір
жерлерде керісінше құрғату жұмыстарын жүргізу нәтижесінде әлі қыры мен сыры
толық зерттелмеген биосфераның заңдылықтарына мән бермеу салдары болып
табылады. Әрине табиғатқа жүргізілген мұндай жыртқыштық эксперименттер
табиғаттың өзі үшін де, оны мекендеген біздер үшін де із-тұзсыз кетпейді.
Каспий теңізі бізге реликтілік флора мен фауна, соның ішінде бекіре
тұқымдас балықтардың әлемдік қорын сиға тартып отырған табиғаттың ерекше
бұрышы. Сондай-ақ ол өз аумағына климат түзуші фактор ретінде де үлкен
әсерін тигізеді. Каспий маңы ойпатындағы ауа температурасындағы
амплитудалық айырмашылық теңіз әсерінен азаяды. Каспий атмосфераға су
буының мол қорын бөле отырып өз төңірегін ылғалмен қамтамасыз етеді де
орталық азия шөлдерінен келетін құрғақ ауа массаларының әсерін сындырады.
Сондықтан да Каспий бассейні ерекше экологиялық жүйе болып табылады.
Дегенмен соңғы жылдары адамның іс-әрекеттерінің интенсивтендірілуі
нәтижесінде Каспии маңы аймағы өнеркәсіп дамуының тұтқыны болып отыр.
Каспий маңы ойпатында мұнай мен газ өндірудің өте күшті қарқынмен өтуі
нәтижесінде, жоғары химия кәсіпорындарына байланысты аймақта экономикалық
өрлеу орнына экологиялық проблемалар жиынтығы пайда болуда.
Мұндай құбылыстардың басты себебі қоғамда орын алған жанталаса жоспар
орындау, өнеркәсіп үшін жан пида бағытындағы саяси экономикалық көзқарастар
нәтижесінде дамып, өркендеді.

Бозащы түбегі мұнай-газ провинциясы
Өкінішке орай мұндай экологиялық апат туғызу мүмкіндігі бар кен
орындары Каспий маңы ойпатының Маңғыстау обылысына қарайтын территориясында
оранласқан ірі-ірі мұнай-газ првинцияларында да аз емес. Соның бірі
Қаражамбас, Қаламқас, Арман ірі кен орындары орналасқан Бозашы
түбегі.
Бозащы (Солтүстік Маңғыстау) түп өңірі оңтүстігінде Солтүстік Ақтау
куэсталарымен шектелсе, шығысында үлкен сорлар арқылы Үстірт шыңдарына
тіреледі, ал солтүстігі, батыстың солтүстік-шығысын Каспий теңізі қоршап
жатыр. Жалпы жер бедерінің құрылысы жағынан үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі
– оңтүстік бөлікте, солтүстік шекарасы Үшауыз-Тиген-Қожақсор арқылы өтеді.
Ойпат үсті оңтүстіктен солтүстікке қарай 100 метрден 50 метрге дейін
төмендейді. Жер бедері төбелі болып келеді және ірі сайлармен тілімденген.
Оның ішіндегі ең ірілері - Шорынқапы, Ақсай, Ұзынбас, Құмырсай құрғақ
арналары.
Екінші бөлік - түбектің орталық және солтүтік бөлігін алып жатыр. Жер
бедері төрттік дәуірдегі Каспий теңізінің ертехвалын, кейінгі хвалын, жаңа
каспий трангрессиялары нәтижесінде қалыптасқан. Теңіз тартылған кезде ескі
теңіздің жағалар теңіздік террасаға айналады. Террасалар төмендегі жазыққа
қарағанда көтеріңкі жар арқылы айрықша көрініп тұратын тегістік. Жарлардың
биіктігі 10-15 метр болады және жыралармен жиі тілімденген.
Бозащы түбегі мен Оңтүстік Жылыой жер бедерінің құрылысы жағынан бір-
біріне өте ұқсас.
Түбек жерінде құмды массивтер (Уаққұм, Жылымшық, Жанұзақ, Қоңырорпа,
Шөлшағылқұм, Қызылқұм, Егізлақ) мен үлкенді - кішілі сорлар (Қайдақ,
Қаракешу, Қожақсор, Жарылған, Үлкенсор, Құмбелексор, Қызансор, Мәстек)
кездеседі. Құмдарда өсімдік жамылғысы біршама дамыған бедері-ұсақ және орта
төбешікті, кейде құмды төбелердің биіктігі 10 метрге дейін жетеді.
Бозащы түбегінің өзін жергілікті халық екі түбекке бөлген Сотүстігі
(Бұрыншық - Қаламқас төңірегін) орта еспе немесе Керел (орыстың Кирилл
дегенінен шыққан) десе, шығыста – Терең орпа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі геокешендердің эволюциялық дамуына әсер ететін табиғи-антропогендік факторларды анықтап, негізгі ландшафттардың жіктелуін анықтау
Антропогендік ландшафттардың дамуының алғышарттары
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Өскемен қаласы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы
Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға әсері
Жердiң газды қабатының биогеохимиясы
«Қараарна мұнай кен орындарының топырағының ауыр металдармен ластануы»
Биологиялық ресурстарды сақтау
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер