Кооперативтің мүшелерінің міндеттері
Жоспар
Кіріспе
I. Берік өндірістік коперативінің жалпы мәліметтері
1.1 Берік өндірістік кооперативінің құрылу тарихы
1.2 Өндірістік кооперативтің жарғысы және құрылымы
II ҚР-ң агробизнес негіздерін талдау
2.1 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.
2.2 Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі
тәсілдері
III Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің технологиясын жақсарту
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер
ҚР-ң агробизнес негіздерін талдау Берік ӨК
Кіріспе
Еліміз өз егемендігін алып, ауыл шаруашылығында экономикалық
реформалардың өркендеуінің нәтижесінде нарықтық қатынастарға өту
жылдамдады. Бұрынғы ұжымшар, кеңшарлар таратылып, әрбір ауыл, отбасы өзінің
жер және мүлік үлестеріне ие болды. Мемлекетімізде көпукладты
агроқұрылымдардың агробизнесін ұйымдастырудың құқықтық негізін қолдау
мақсатында: “Шаруа (фермер) қожалығы”, “Өндірістік кооперативтері”,
“Акционерлік қоғамдар”, “Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер” туралы
сонымен қатар “Жер кодексі”, “Су кодексі” және “Су пайдаланушылардың
селолық тұтыну кооперативі” бойынша тағы басқа да бірқатар заңдар
қабылданды. Бұл заңдардың жер учаскесін және мүлік үлесін тиімді
пайдалануға ықпалы мол болып жатыр.
Осының нәтижесінде елдегі табиғи және өндірістік ресурстарды дербес
пайдалануға, құрылымдық негізін қайта құрып, оның тиімділігін арттыруға қол
жеткізіледі.
Экономиканың моделін түбегейлі қайта жасау, қайта құру, өңірдің ішкі
қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, бұрынғы Кеңес Одағының жабық
экономикасынан ашық типтегі нарықтық экономикаға айналдыру мәселе болатын.
Экономикадағы осындай сапалық жаңартулардың нәтижесінде Қазақстан
Республикасының экономикасы қазіргі кезде әлемдегі нарықтық қатынастардың
тікелей ықпалымен қалыптасып келеді. Әлем рыногына дербес шығу мүмкіндігі
экономиканың дамуына жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға беруі,
экономикалық сараптаулардың тың әдіс қолданылатын және Қазақстан
республикасының экономикасына, ерекшеліктеріне бейімделген болуы керек.
Жалпы адамзатқа берілген материалдық ресурстардың шектеулі мөлшері,
соның ішінде Қазақстанның өндірістік ресурстарының шектеулі салаларының
экономиканы шаруашылығының үлес салмағы басым дамытуы үшін әр қырлы
экономикалық өндірістік зерттеулер жасап, қоғамның, өндірістік салалардың
барлық мүмкіндіктерін толық пайдалану жолдарын қарастырудың маңызы зор.
Қазақстан республикасы Орталық Азиядағы аграрлық секторы ілгері дамыған
мемлекеттердің қатарына жатады. Әсіресе дән өсіру мен мал шарушылығында.
Қазақстанның Оңтүстік аймағы табиғи жағдайына, жер-су ресурстарына
байланысты бидай өсіруші облыс болып табылады. Бұл дақыл аймақ
экономикасының дамуына, соның ішінде жеңіл тамақ өнеркәсібінің өрлеуіне
негіз болады.
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық
қатынастарға ендіру Қазақстан-2030 стратегиясына және бірқатар заңнамалар
негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып
келеді.
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін
кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және
нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге
қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше
болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану
құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта
құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан айдарымен жарияланған Қазақстан
халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және
сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыты айқындалған. Осы бағыттардың
төртіншісінде: ҚазАгроның негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік
деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи
ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген
аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына
тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру
мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігін атап айтқан. Ілгергі колхоз,
совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай
үлестері өлшемлерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ
тауарлы болып қалыптасты.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі
болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын
табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізгі
болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары
өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру
әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы
шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға
немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктерінеде ие емес.
Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану
экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік
жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды.
Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе
тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай
олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік
шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен
көрсеткіштермен аяқталады.
Ұсақ тауар өндірушілер өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған
өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып
қалыптасады.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің
жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы
ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра
отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық
әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру

Берік өндірістік кооперативінің ауылшаруашылық саласындағы қызметі 1998
жылдан бастау алады.1998 жылдың екінші жартысында Жеңіс өндірістік
кооеративінен бөлініп шығып,мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлға
мәртебесіне ие болды.
Алғашқы жылы кооператив мүшелері ,яғни өз пай-жарналарын біріктірген
адамдар саны10-нан аспады.Бұл кооператив азғана капиталымен
тұқым(бидай)шаруашылығымен,яғни егін шаруашылығының бір саласына
маманданды.Бұл жылы кооператив меншігінде 5 гектар егіс алқабы,3 тұқым
себетін трактор,2 жер жыртатын трактор,1 комбайн болды.Егін егу және егінді
жинау маусымдарында еңбек күші жетіспегендіктен жалдамалы жұмыскерлерді
жалдауға мәжбүр болды.
1999 жылы кооперативтің кезекті жиналысында еңбек күші мәселесі
талқыланды.Дауыс беру нәтижесінде кооперативке жаңа мүшелер мен жұмыс
күшін тарту көзделді.Осы жылдың екінші жартысында кооперативке өз пай-
жарналарын қосуға 9 адам ниет білдірді және қабылданды.
2000 жылы осындай ниет білдірген тағы 11 адам қосылды.Бұл жылы
кооператив егін шаруашылығы саласынан басқа құс шаруашылығы саласын да
қамтыды,яғни жұмыртқа және құс етін өндіре бастады.Осы жылы кооператив
қарамағында 9 гектар егіс алқабы,5 комбайн,6 жер жыртатын трактор,5 тұқым
себетін трактор және 30-дан аса жұмыскер жұмыс істеді.
2002 жылы кооператив мүшелері 45 адамға жетті.Көршілес облыстарға өз
өнімдерін кең көлемде сатуға қол жеткізді.
Кооператив 2003 жылы өз өмір сүру тарихындағы жаңа сала-мал
шаруашылығымен де айналыса бастады.Ет,сүт өнімдерін өндіре бастады.Бұл жылы
кооператив қарамағында 13 ірі қара мал,30 қой-ешкі тұқымы болды.Осыған орай
ет өнімін өңдеумен айналысатын кәсіпорындармен келісім-шартқа отырды.
2004-2005 жылдары Голландия мемлектінен 15 ірі қара мал сатып
алынды.Осы жылы жүн-тері өңдейтін кәсіпорындармен келісім-шартқа отырды.
2007 жылы кооператив меншігінде 15 гектар егіс алқабы, 7 комбайн,12
трактор,40ірі қара мал,47 қой мен ешкі болды.
Кооператив ҚР-ң толыққанды шаруашылық жүргізуші субъектісі ретінде
мемлекет экономикасына өз үлесін қосып келеді.
1.2 Берік өндірістік кооперативінің жарғысы мен құрылымы
Кооператив өзінің мақсаттарын орындау үшін сауда-саттық
орындарымен келісім-шартқа отырып, түрлі мүліктерді сатып алуға,
сондай-ақ сот алдында даулы мәселелерге жауап беруге және талап қоюға
құқылы.
Қызмет мақсаттарының түрлері.
Берік өндірісітік кооперативі рынокты ауылшаруашылық тауарлары,
тұрғындарға қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында құрылған.
Кооперативтің қызметіне мыналар жатады:
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу;
халық тұтынатын тауарларды өндіру және сату;
сауда – саттық қызметі;
дүкендер, сауда нүктелерін ашу;
сыртқы экономикалық қызметі;
коммерциялық қызметі;
жанар-жағар май құю бекеттерін ашу;
экспорт-импорт операциялары;
Бұл қызмет түрлерін кооператив лицензия алу жолымен жүзеге асырады.
Бақылау, басқару органдары және оның міндеттері
Кооперативтің жоғарғы басқару органы оның мүшелерінің жалпы
жиналысы болып табылады. Кооперативтің мүшелерінің жалпы жиналысының
негізгі міндеттеріне мына төмендегілер кіреді.
кооперативтің Жарғысын өзгерту;
кооператив мүшелерін шығару және қабылдау;
жылдық есеп беруді және есеп - қисаптық балансты бекіту;
пайда мен шығынды бөлу;
тексеру органын құру мен оның мүшелерін шақырып алу;
өндірістік кооперативті қайта құру немесе оны жою туралы шешім
қабылдау;
төрағаны сайлау және оны шақырып алу;
кооперативтің Қор және резервтерінің мөлшері мен оның түрлерін белгілеу,
оларды пайдалануға қосу;
ішкі еңбекті ұйымдастыру, басқарудың ережесін қабылдау және оған
өзгерістер енгізу, сондай-ақ лауазымды адамдарға, оның мүшелеріне,
жалдамалы қызметкерлерге еңбек жалақысын төлеудің ережесін белгілеу;
филиалдар мен өкілдіктерді құру;
қосымша пайлық жарнаны енгізудің мәселелерін шешу;
тексеру комиссиясының есептерін бекіту;
кооператив төрағасының есебін тыңдау.
Кооператив мүшелерінің жартысынан астамы және олардың сенім
білдірген өкілдері қатысқан жалпы жиналыс толық құқықтық маңызға ие
болып табылады. Кооперативтің әрбір мүшесі жалпы жиналыста шешім
қабылдауда бір дауысқа ие бола алады. Жалпы жиналыстың шешіміне
кооперативтің қатысып отарған мүшесінің жартысынан астамы дауыс берсе,
ол қабылданған болып есептеледі.
Жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, босатуды жүзеге асырады.
Банктерден есеп шот ашады, жалпы жиналыста тексеру комиссиясының құрамы
екі адамнан тұратын болып, үш жыл мерзімге сайланады. Тексеру
комиссиясының міндетіне мыналар кіреді:
Жылдық жалпы жиналыс есеп пен есеп-қисаптық баланстың растығын
тексеріп, қортындысын ұсынады;
атқарушы орган төрағаның қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясының мүшелігіне тек кооперативтің мүшелері сайлана
алады.
Мүліктерді құрудың тәртібі
Өндірістік кооперативтің иелігіндегі мүліктер оның мүшелерінің
жарнасы мен коопертивтің Жарғысына сәйкес бөлініп беріледі. Пайлық жарна
кооперативтің мүлігі-негізгі қор мен айналма қаржыдан, сондай-ақ құны
баланста көрсетілген активтерден құралады.
Мүлікті қалыптастырудың негізгі көзіне мыналар жатады:
• кооператив мүшелерінің пайлық жарнасы;
• өнімдерді сатудан, жұмыстан және қызмет көрсетуден, сонымен бірге
басқа шаруашылық қызмет түрлерінен алынған кірістер;
• банктерден алынған несие мен басқа да несие берушілерден түскен
қаржы көздері;
• заңмен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері;
Өндірістік кооператив тарқап немесе оның мүшелігінен шыға қалған
жағдайда, соңғысы кооперативтің мүлігінен өзіне тиесілі несібесін пайлық
жарнасына сай бөліп алуға құқылы.
Алынған пайданы мен шығынды бөлудің тәртібі
Кооперативтің шаруашылық іс-әрекетінің қаржылық іс нәтижесінің негізгі
көрсеткіші пайда болып табылады.
Кооперативтің тапқан пайдасы оның мүшелерінің жеке еңбекке қатысу мөлшеріне
сәйкес бөлініске түседі. Өндірістік кооператив салықтарды және басқа да
төлемдерді бюджетке төленгеннен қалған таза пайданы өзінің иелігінде
қалдырады. Кооперативтің мүшелері кооперативтің міндеттері бойынша заңда
көрсетілген тәртіп пен тәсілдің негізінде қосымша жауапкершілікті
мойындарына алады. Кооператив құрылғаннан кейін оған мүше болғандар
кооперативтің міндеттемелеріне толық жауап береді.
Кооператив мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен мүлкі.
Кооператив мүшелерінің мынадай құқықтары бар:
кооперативтің істерін басқаруға қатысуға;
басқару органын сайлауға және сайлауға қатысуға;
кооперативтің қызметі жөнінде толық ақпарат алуға;
пайданы бөлуге қатысуға;
өз еңбегі үшін жалақы алуға;
Осы жарғыда көрсетілген құқықтардан бас тарту немесе оны шектеу жарамсыз
болып саналады.
Кооперативтің мүшелерінің міндеттері
Кооператив мүшелері жалпы жиналысының шешімін орындауға;
Жарғыда көрсетілген тәртіппен мүліктік жарна төлеуге;
Кооперативтің іс-әрекетіне жеке басын киліктіруді жүзеге асыруға;
Кооперативтің міндеттері бойынша қосымша жауакершілікті алуға;
Өндірістік еңбек тәртібін сақтауға;
Коммерциялық құпияны тараптауға;
Кооператив мүшелерінің еңбек қатынасы Жарғымен реттеледі.
Кооператив мүшелерін ақшалай марапаттаудың мөлшері жалпы жиналыстың
шешімімен белгіленеді.
Кооператив мүшесінің жеке табысының мөлшеріне шек қойылмайды.
Кооперативте жұмыс істеген уақыт еңбек өтіліне кіреді.
Кооперативтің мүшесі мен жалдамалы қызметшілер сақтандыру және әлеуметтік
қамтамасыз етілуге жатады. Жарғыда көрсетілгендей, кооператив мүшелеріне
өз міндеттерін адал орындауға мүмкіндіктер тудырылған.
Өз міндеттерін орындамаған кооперативтің мүшесін тәртіпке щақыруды
тексеру комиссиясы жалпы жиналысының шешіміне сүйеніп жүзеге асырады.
Егер кооперативтің мүшесі өз міндетін үнемі орындамай келсе онда жалпы
жиналыстың шешімімен кооперативтен шығарылады. Несие алушылармен өзара есеп
айырысқан соң жоғарыда құрылған комиссия заңды тұлға ретінде кооперативтің
мүлкіне ие болып, жою балансын жасайды. Жою жөніндегі комиссияның
міндеттемісіне кооперативтің қаржылай ақша төлемі кіреді. Жою бойынша
несиелерді анықтап, борыштарды қайтарудың шараларын қарастырады, сондай-ақ
несие берушілерге өндірістік кооперативтің жойылғандығы жөнінде хатпен
ақпарат береді.
Кооператив мүшелерінің оның құрамынан шығуы:
Өндірістік кооперативтің мүшесі өзінің жағдайына қарай оның құрамынан
шығуға құқылы. Мұндайда оған жарналық пай және басқа төлемдер төленеді, ол
үшін кооператив мүшесі төрағаны екі ай бұрын жазбаша түрде ескертеді. Ал
төлемдер оған кооперативтің қаржылық жылы аяқталғаннан кейін және есеп-
қисап балансты бекітілген соң төленеді. Кооператив мүшесі өзінің жарналық
пайын кооперативтің өзге мүшесіне толық немесе жартылай бере алады (егер
жарғыда көрсетілсе). Кооперативке мүше емес азаматқа пай берілу тек
кооператив мүшелерінің келсімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл жағдайда
кооперативтің өзге мүшелері аталмыш пайданың мүмкіндіктеріне ие болып қала
береді.
Егер өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның
мұрагері кооперативке мүше болуға құқылы. Кооператив мүшесінің пайлық
жарнасы бойынша жеке қарызы жөніндегі талаптары көрсетілген қағидалардың
негізінде орындалады.
Кооперативті тарату.
Тыйым салынған және рұқсат етілмеген қызметтермен шұғылданса немесе
бірнеше рет заңды өрескел бұзса, онда Қазақстан Республикасының заң
талаптарына орай кооператив тарқатылуы мүмкін.
“Берік” өндірістік кооперативін тарату кезінде кооператив мүшелерінің
жалпы жиналысы оны жою жөніндегі коммисия құрып, кооперативті таратудың
тәртібі мен мерзімін белгілейді.
Кредиторлармен есеп айырысу болған соң тарату комиссиясының құзырына
кооператив кредиторларына ақша сомасын төлеу міндеті кіреді.
Тарату комиссиясы кредиторларды анықтап, жалпы соманы алуға шара
қолданады, сондай-ақ кредиторларға кооперативтің тартылуы туралы жазбаша
түрде хабарлайды.
.
Берік өндірістік кооперативінің құрылымдық схемасы
2. 1. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге
және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген
шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы
экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең
зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық
- әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену
қажеттілігі туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір
кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше агроөнеркәсіптік кешен атауы
пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қоладынысына енді. Оның үш саласы
– қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар
кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша
ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз
табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің
салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді
Агробизнес кешені
1-схема
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы
ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (І) ауыл шаруашылығын
техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды
қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғниөндірістің материалдық факторымен қамтамасыз
ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға
мүмкіндік беретін қаржылық ресурс – несие де кіреді. Бұл сфера ауыл
шаруашылығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және
технологиялық деңгейін анықтап, ауыл шаруашылығындағы өндіріс шығынының
көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін
ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптің басқа
салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады. Сфералардың үшінші тобы
(ІІІ) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың
жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық
салаларға қатысты маркетингтік арналарға қарағанда агробизнестің бұл саласы
өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала – тамақ өнеркәсібінің болуымен
ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның
орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық – түлік сервисінің
дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген
салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады.
Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа
сфераларына мамандандырылан қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар,
кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу,
коммуникация, мемлекеттік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі
сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару,
рынокті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және
тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін,
агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді
шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге
бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің
техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялық қызметтер,
жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың
консультациясы, материалдық – техникалық жабдықтау және қамтамасыз ету және
басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен
кәсіпорындарына сондай – ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен
бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және
әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас
және ол үш негізгі сфераның басын құрайды (2-схеманы қараңыз).
Агроөнеркәсіптік кешен (2-схема)
І ІІ
ІІІ
Бірінші сфераға (І) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,
минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық
құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және
микробиология, сондай – ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін
салалар кіреді.
Екінші сфераға (ІІ) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін
шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру жатады.
Үшінші сферасы (ІІІ) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау,
тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің
жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалмауды,
сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде
өздігінше, жеке төртінші сфера (IV) жатқызып жүр.
Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және
агроөнеркәсіптік кешендер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын
өздерінің құрамы бойынша бір- бірімен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы
салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл
айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.
Бір қарағанда дәстүрлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай
болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің
болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік
кешеннің отандық схемасында мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген
жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық
жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны
айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу
агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономикалық процестерді
қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні
рас.
Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу
процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі
өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай
алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген
салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан,
бұл кешендердің ішкі тепе – теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің
Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының себебі ауыл
шаруашылығы шикізаты мен азық – түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып
табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің
еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама
Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердері айырмашылық бізді
аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70
проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауыл
шаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл
шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та ІІІ
сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ
өнеркәсібі атқарады.
Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де
қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауыл
шаруашылығынан тыс жерде жасалады. Скандинавия елдерінде түпкі өнімде тамақ
өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.
Батыс елдері өнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт,
мұнда азық – түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту
байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30
процентке жуық болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі
есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметкерлердің
саны өсе түсуде. Айталық АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің
маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды
қажет ететін салалар мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдіру технологиясының бір – бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен
мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген
жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің үлес салмақтарын
салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық және ішкісалалық
сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да
айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық секторын
реформалау ауыл үшін қсініліп отырған техниканың сәйкессіздігін қатты
сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін
өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының
қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде
мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру
технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі
құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет
бой көрсеткен.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық –
түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта
құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл - әкімшіл экономика
шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен
сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық
байланыстар негізінде жүйенің өз - өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторға бірдей бастау
алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге
болмайтын өзіндік ерекшеліетер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда
болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей
қатысты.

тәсілдері.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық
экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек
деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің
тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің
қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік
бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық
жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен,
мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста
болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар
әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады.
Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысуып отыруы
мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылға тәжірибеде
сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп
кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теориялардың тиісті
тарауларынының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан
саяси және ілеуметтік конъюнктураның әсеріне ұшырады.
Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және
тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты
қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы
экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет
ететін кең көлемдегі проблемалар бар.
Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат
сферасындағы дәстүрлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа
мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің
нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін макроэкономикалық
проблемаларды да шешуі тиіс.
Ауыл шаруашылығында бұл – ең алдымен сыртқы тиімділік проблемесы
немесе экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге қатысушылардың өзара
іс – қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы
тиімділіктер туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс – қимылға түсетін
аграрлық өндіріске экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген
мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай,
көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.
Жағымсыз экстерналий де жақсы белгілі, бұл – қоршаған ортаны
тыңайтқышпен, пестицидпен, өндірістің қалдығымен уландыру; ауыл
шаруашылығының зиянкестері, басқа бір жерлерде туындаған және өзін заңы
бойынша таратылатын өсімдіктер мен малдың аурулары.
Таза нарықтық тегеріш, оның заңдары мен өлшеуіштері тұрғысынан алғанда
өзендерді химикатпен уландыру тікелей өндірушілердің шығындарына, осы нақты
өнімді тұтынушылардың шығындарына әсер етпегендіктен ешқандай маңызы жоқ
сияқты. Нарықтық тегеріш бұл жерде дәрменсіз және барлық мұндай құбылыстар
ерікті бәсекелестіктің логикасымен толық жарасады.
Жағымсыз экстерналийді реттеуге сыртқы, мемлекеттік араласудың тарихи
қажеттілігі бірді – екілі жағдайлар әлеуметтік проблемаға айналғанда барып
мойындалды. Соның нәтижесінде, біріншіден, бекітуші немесе шектеуші мәндегі
таза әкімшілік, заңдық шаралар қабылданды, екіншіден, ерекше салық саясаты
түріндегі экономикалық шаралар дүниеге келді.
Нарықтық экономикалық теориясы дәстүрлі қарастырылатын басқа проблема
– қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын
және бірге тұтынатын тауарларды қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай
сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың тарапынан жоқ болады, бұл
оларды ешқандай жеке өндіруші шығара алмайды және шығарғысы да келмейді
деген сөз. Аграрлық секторда бұл – жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен және
зиянкестермен күреске жұмсалатын, агроазық – түлік секторында бұл – жаппай
ауыл шаруашылығы шикізаттар мен азық – түлігінің сапасына кепілдікті
қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспекцияларды ұстауға жұмсалатын
шығындар.
Еркін нарықтық тегеріш тұрғысынан алғанда, кез келген тауар, егер ол
сұранысқа ие болса, өмір сүруіне құқы бар. Сұраныс – қоғамдық маңыздылықтың
және тауар бағалығының бірден – бір төрешісі. Егер бір себептермен сапасы
нашар және зиянды тауарлар тез өтіп кетті, онда бұл рынок заңдарына
ешқандайда қайшы келмейді. Алайда, тамақтану проблемалары, соның негізінде
ұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz