Бала психикасы дамуының қозғаушы күші



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ.

1. Психикалық даму және оқыту.
2. Бала психикасы дамуының қозғаушы күші.
3. Даму мен оқытудың байланысы.
4. Бала психикасының даму кезеңдері.

1. Психикалық даму шарттары. Даму - баланың қоғамдық - тарихи
тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму
күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің
сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың
психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе
алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген
тәжирибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға
дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол
олар баланың қоғамдық-тарихи тэжірибені игеру процесі үстінде дамып
отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары
дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік
етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы
дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер
жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта
болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір
мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты
бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-
әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың
пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың
тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму
процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді.
Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін,
білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып
қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің
ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту,
ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып
табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде айқындаушы
роль атқарады.
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары. Адам психикасы дамуының
негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау
заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады және
парктикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде
педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және
жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік
жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің
күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алады.
Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым
қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро-физиологиялық
ерекшеліктерінің, оның психикасының дамуындағы ролі қандай?
Адамның психикалық іс-әркеті - өте күрделі құрылым. Оның
ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі және тәрбиесімен сабақтас. Сөздік
логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да
жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен
қалыптасып, берілмейді.
Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле
түсуіне мүмкіндік береді.
Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау,
сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен
тежелеу процестерінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек.
Психикалық іс-әрекет өзіне басқа да көптеген компоненттерімен қоса осынау
қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері
мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі
және синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп
аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен
қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе
бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс -
әрекетті да айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне
зақым келгенде қарапайым кеңістіксинтезі бұзылады да мұның өзі есептей
білуге (акалькулия) зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір
нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей
тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып
табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған
әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр. Мәселен, психологтар жоғары
естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс-әрекет пен
қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама қарама-қатынастар
болатындығын мидың шектелген бөлімдеріне зақым келген науқастармен
жүргізілген орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде
(А.Р.Лурия мен оның қызметкерлерінің зерттеулері (күрделі психикалық іс-
әрекет (сөйлеу-ойлау процестері) құрылымын қайта құрудың өте бай
тәжірибесін дәлелдейді.
Ми қызметінің тұқым қуалау берілетін ерекшеліктерінің бірі - жоғары
нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін,
қимылйн және тепе-теңцігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі
баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне
еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің
жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларды тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта
құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық
пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар
психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен
механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың
арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.
2. Бала психикасы дамуының қозғаушы күші. Оқыту мен тәрбиелеу
процесінде балалардың психикалық дамуының. Негізгі жолдары. Адамның
психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек
білім мен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп салуға болады дегенді
білдірмейді. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл
процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені
осылай қарастырғанда ғана даму қайсібір жекелеген функциялардың жетілу
немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке
адамның дамуы ретінде көрінеді.
Оқыту мазмұны және психикалыц даму. Балалардың дамуының оқыту
процесіндегі ең басты және анықтаушы жагы білімдерді іс-әрекет әдістерін
күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен
орыс прихологтары, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-
әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын
дәлеледеп берді.
Көптеген зерттеулерде (Л.А.Венгер, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов) оқыту мазмұнына арнайы құралдарды (сенсорлық дамудағы форма,
түс эталондар, математиканы оқытудағы түрлі үлгілер мен схемалар өлшемі)
енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелеген
сатыларында принціпті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды.
Мысалы, Швейцария психологы Ж.Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-
сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында қолдана
алмайды деді. Пиаже сипаттаған санның сақталынбауы деген феномен көпке
мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі екі ыдысқа тең
мөлшерде су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік
ыдысқа ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілуі деңгейіне қарай
болжамдап бала су көбейді дейді. Алайда совет психологтарының зерттеулері
көрсеткендей өлшем амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен
бес жасар балалар арасында да болмайды екен.
Пиаженің есебі бойынша 11-12 жасқа қарай ғана дамиды деген логикалық
операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын енгізсе, мектепке
дейінгі жаста да мүмкін екендігі анықталады. Мысалы, алты-жеті жасар
балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон-үлгі
қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу операциясының механизмі
мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсірді. Зерттеулерден алынған деректер
төменгі класс, тіпті кейде мектеп жасына дейінгі балалардың оқу пәндерінің
ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп отыр. Ғылыми білімдерді игеру
балалардың ойының дамуын түбегейлі қайта құруға себепші болады.
Ғылымның белгілі бір пәніне сай келетін білімдер айрықша міндеттерді,
объектілері, операциялары бар күрделі құрылыммен сипатталады. Балалар жаңа
операцияларды олардың өздеріне тән функцияларында, яғни берілген операция
орындау құралы болатын іс-әрекетпен байланыстырып игеруі керек. Мысалы,
арифметикалық амалдар арифметикалық есептерді шығару тәсілдері ретінде
енгізіледі. Белгілі бір есептерді орындау үшін қажетті операциялар жиынтығы
есеп шығару тәсілін құрайды.
Сөйтіп, оқытуда балалар белгілі бір есептерді және оларды шығарудың
тәсілдерін игереді. Кең көлемде есеп шығару мүмкіндігі тәсілді жалпылауға
байланысты, ал әркелкі мөлшерде жалпылау тәсілі алдымен өзінің құрылымымен
ерекшеленеді. Мәселен, көптеген балалар 1-сыныпта арифметикалық есептерді
нақтылы амалға бағдарлай әрі одан арғы тікелей арифметикалық іс-әрекетке
көше отырып шығарады. Сондықтан да балалар есепті кері шығаруда
қателіктерге ұрынады. Мысалы, Бала досына үш қарындаш берді, өзіне бес
қарындаш қалдырды. Оның неше қарындашы болды? - деген есепте балалар алу
амалын (өйткені бұл амал оларды әдеттегідей берді, қалдырды, деген
сөздермен байланыстырылды) қолданады. Демек, балалар арифметикалық амалдың
жалпылама мәнін түсінбейді. Түсінбеушілік арифметикалық есепті жалпылай
шығару тәсілінің өз құрамына теңдік-теңсіздік, бөлшек - бүтін
қатынастарын және арифметикалық амалды енгізетін құрылымның күрделілігінен
келіп шығады. Жалпылау тәсіліне үйретілген балалар тікелей жэне кері
есептерді бірдей оңай шығара білген. Зерттеу нәтижелері, жалпы тәсілді
игергенде еңбекте де, кәсіптік оқуда да неғұрлым жоғары нәтижені жетуге
болатынын көрсетіп отыр.
Сонымен, оқыту мазмұны, балалар игеретін білім мен іс-әрекет
тәсілдерінің ерекшеліктері, оқытудағы белгілі бірізділік балалар дамуының
негізгі қырларының бірін сипаттайды.
Тәсілдер мен білімді қолданудң психологиялъщ механызмдерінің дамуы.
Іс-әрекеттің жалпы типін анықтайтын қайсібір біркелкі тәсілдерді балалар әр
түрлі дәрежеде сәтті қолдануы мүмкін. Бұл нақтылы іс-әрекетті жүзеге
асырудың негізіне жататын психологиялық механимдердің ерекшелігіне
байланысты болады. Психологиялық зерттеулерден алынған деректер бұл
механизмдер жекелеген оқу пәндеріне тән операциялар мен қарым-қатынастар
түрінде ғана болмай, жалпылама сипатта болатынын көрсетіп отыр. Мәселен,
Д.И.Богоявленский, Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская және тағы басқа
психологтар ақыл-ой іс-әрекетінің жалпылама тәсілдерінің (абстракция,
салыстыру, анализ, синтез) балалар ақыл-ойы дамуының жалпы процесінде
алатын маңызын көрсетіп берді. Тәсілді қолдану процесінде берілген тәсілмен
игерілген білімді қолданылатын нақтылы міндетпен байланыстыра білу қажет.
Оқушыларды мұндай арақатынастың неғұрлым жоғарғы формаларына, мысалы,
нақтылы және абстрактілі білімнің арақатынасын белгілеп, байланыстыру
білуге үйретіп отыру керек.
Тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын психологиялық
механизмдердің даму типі немесе дәрежесі қайсібір оқушының дәл өзінде, ол
түрлі іс-әрекет орындағанда да, тіпті түрлі пән оқығанда да көбінесе
біркелкі болып шығады. Мысалы, мағлұматтың нақтылы мазмұнын бағдарлап, ал
абстрактілік жалпылама маңызды бөліп шығаруға келгенде қиналатын балалар
көбінесе бүларды математикада да, физикада да, тарихта да, әдебиетте де
көрсетіп отырады. Сол сияқты, дәл осылай, формализмге үйір болу материяның
нақтылы ерекшеліктерін талдау және есепке алу орнына абстрактілі схеманы
арттырып жіберу де балаларда әр түрлі іс-әрекеттерде көрініп отыруы мүмкін.
Сонымен тәсілдер мен білімді қолданудың негізіне жататын жалпылама
психологиялық механизмдердің қалыптасуы балалардың даму процесінің маңызды
жағын құрайды.
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен
іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделенуі ғана болып қоймайды. Баланың
психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы
қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-
әрекеттің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын
көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді,
білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай
бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы
өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы
бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық
қүрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі
жатады.
1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму процесінде
қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді
зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын
жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу
бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын
орындау маңызды саналып, мектептегі үлгерім бағасын көбірек ойлайды. Кейде
мұндай бағдар біршама формальды қарадүрсін сипатқа ие болады. Екінші
балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім
алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндеріне бірдей тырыспайды.
Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы мен қызық
болуы маңыздырақ. Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы - айналасымен
өзара қарым-қатынас жасау. Бұл балалардың мінез-құлқы коллективтегі
құрдастарымен, үлкендермен өзара қарым-қатынасындағы белгілі бір позиция
жетістіктерімен анықталады. Төменгі класс оқушылары үшін кейде оларда
бұрынырақ, тіпті мектепке дейінгі кезде-ақ, қалыптасқан мінез-құлық пен
қарым-қатынастың дағдалы тәсілдері маңыздырақ болып саналады. Жеткіншек
шақта, басқа типтермен қатар, өздерінің жеке басын қалыптастыру мен
нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ болашақ іс-әрекетке деген мақсат
айқынырақ көрінеді.
Адамның жеке басының жетекші бағдары балалардың психикалық дамуының
көптеген басқа жақтарын да анықтайды. Мысалы, танымдық бағыттылығы бар
балалар сыртқы болмыс заттары мен құбылыстары туралы білім алуға тырысады,
білім алу тәсілін санада берік сақтайды. Сөйте тұра осы оқушылар
қимылдарын, дағдыларын жетілдіре түсуге жөнді ықылас, әс-әрекет нәтижесінде
үнемі айқын мақсаттылық көрсетпейды. Оқу бағдары бар балалар оқу
тапсырмаларын, жекелеген операцияларды мұқият орындаумен ерекшеленеді,
бірақ оларда кейде үйренген қалыппен жұмыс жасау ағымы пайда болып, жаңа
міндетті шешудің ортақ тәсілін өздігінен бөліп алуға келгенде қиналады.
Басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасауды ерекше маңызды деп санайтын
қайсібір балалар бұл бағыттылықты түрліше жүзеге асырады. Мысалы, қайсібір
балалар үздік оқушы позициясын алуға тырысса, екіншілері бұзық, сотқар, т.б
атануымен қанағаттанады.
Жалпы бағдар балалардың мектептегі өмірін және олардың ұғым, білім
мінез-құлық тәсілдерінің қалыптасу ерекшелігін анықтап отырады. Сонымен
адамның жеке басының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамудың шарттары қайнар көздері және қозғаушы көздері
Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Бала психологиясы туралы
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Жеке адамның психикалық дамуы
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы
Тұлға аралық ортақтасу түрлері
Пәндер