Қанның негізгі көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе.

1. Әдебиетке шолу

2. Қанның қасиеттері және жасқа байланысты ерекшеліктері.

2 .1 Қанның атқаратын қызметі

2 .2 Қанның негізгі көрсеткіштері

3. Қанның құрамы және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.

3.1 Қан плазмасының құрамы

3.2 Қан жасушалары

4.Зерттеу әдістері мен әдістемелері.

4.1 Лейкациттердің санын анықтау және лейкоформуланы шығару.

4.2 Гемоглобиннің мөлшерін анықтау.

4.3 Эритроциттердің санын анықтау және тұну жылдамдығын анықтау.

4.4 Зерттеу нәтижелері және оларды анықтау..

5. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
Қанның адам организмдегі қызметі ерте заманнан ақ белгілі болды. Гипо-
крат қанды төрт маңызды сұйықтардың ішіндегі “Ең мықты денсау-лықтың
негізі”деп санаған.Қан және одан жасалған дәрі-дәрмектер формологияның ескі
деректерінде кездеседі. Аурулар мен жараланған адамдарға қан құю ескі
Грекия (Эллада) тарихында кездескен (1.Бет 89) Қанның қүбылысына қарап
аурудың түрін зерттеу Ежелгі Қытайдың дәрігерлеріне белгілі болған (2.бет
108) ол арабтан шыққан дәрәгерлер (X-XI ғасырлар)түрлі өзгерістерді зерттей
білген. (3. бет 186)
XIV-XVI ғасырларда У.Горвей, М.Сервема, А.Везалия сияқты ғалымдардың
арқасында адамзатқа адам ағзасындағы қанның ағу бағыттары белгілі болды.
Мыс: У.Горвей 1628 жылы өзінің қанның ағысы жөніндегі кітабын жарыққа
шығарып (4. бет 24), қан айналымы бар екендігін паш етті.Оның ең басты
жаңалығы-шаққандағы удың веноздық индоильтрция арқылы тарайтындығымен
қауіпті (4.бет 23)
У.Горвейдің жаңалығына жүгініп, ағылшын дәрігерлері жануарларға веналық
дәрі егу, ол неміс дәрігерлері олардан озып, адамдарға осы тәжірбиені
қайталады.Алайда тек 1910 жылы ғана Пауль Эрлих сольварсон
деген өте күшті дәрі ойлап тауып(Мерез ауруына қарсы) оны венаға (ол ауыр
жағдайда (ортерияға)) егуді, барлық дәрігерлердің қолдана алатындығын
көрсетті.
XIX ғасырда ең қарапайым микроскоп қолдану және қанның әртүрлі
зерттеулері кең етек алды.Қанның клеткалары зерттеліп олардыңі әрқайсысының
ағзадағы ролі терең зерттелді десек қателеспеген боламыз. Адамның
тамақтануына тбайланысты қанның түйіршіктерінің құрамы өзгеріп тұрады.
Қан денеге қуат беретін коректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы
сақтайды. Тамақ құрамындағы коректік заттар организмде, қорытылып,
оттегінің қатысуы мен болатынтынығу барысында энергия бөледі. Қоректік
заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан
пайда болған организмге қажетті заттар мен қоса, қажетсіз тіпті денені
уландыратын заттар да пайда болады. Айталық, зат алмасуының нәтижесінде
аммиак,фенол,индол,кетондар және басқа улы заттар пайда болады.
Сонымен, адамның өмірі клеткаларға аса қажетті коректі заттар мен
оттегіне қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты. Мұның бәрін тасмалдау
қызметін денедегі қан атқарады. Қан күллі денені аралап, оның опаларындағы
клеткаларындағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз
заттарды әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға
қатысапды, организмнің иммондық қасиеттерін қамтамасыз етеді және
мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар
қанды “тіршілік өзені”деп бекер айтпаған. Яғни қан өмір бір-бірінен
айырылмай, қосарланып жүреді. Қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік
тоқталады.Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы оның ерекше
құрылысымен қасиеттеріне байланысты.
Адамның денесіндегі қан организмнің сұйық негізі ішкі ортасы. Қанның
жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6л шамасында,яғни дененің жалпы
салмағының 6-8% жаңа туған нәрестеде ол 10-20%,1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-
8% болады.Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып
сақталады. Ондай мүшелерге бауыр,көк бауыр, өкпе және тері жатады.Бұл
мүшелердегі қан қоры адам жараланып,қажырағанда қан айналымына шығып,
тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп
қалады.
Қан денедегі үлкенді-кішілі тамырлар арқылы қозғалыста болады. Оның
тоқтамай қозғалуы жүректің және қан тамырының үздіксіз жұмыс істеуіне
тікелей байланысты. Адам организмінде қан тамырының жалпы ұзындығы 100 мың
шақырымнан астам.Әрбір 20-25 секундына қан организмді түгелдей бір айналып
шығады.Ол осы кезде денедегі ұлпаларға қажетті коректі заттарды (су, газ,
қышқыл, тұз, гармон, ферменттер, дәрумендер т.б) жеткізеді,сонымен
қатар,оқыста кездесіп қалған микробтарды құртуға оның дамуына жол
бермейді.Сөйтіп денедегі зат алмасу процесі маңызды қызмет атқарады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жүргізілген жұмыстың негізі мақсаты-Қанның
жас ерекшеліктеріне байланысты морфо-физиологиялық көрсеткіштерін анықтау.
Бұл мақсатты орындау үшін келесі міндеттер орындалады:
- Әдебиеттер мен ғылыми басылымдарға шолу;
- Қан айналу жүйесі, оның қызметі, қасиеті,ерекшеліктері құрлымы туралы
мәліметтер жинақталады;
- Зерттеу әдістері мен әдістерімелері игерілді,
- Зерттеу нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізіледі:
Жұмыстың жаңашылдығы: Ғылыми зерттеу жқмысында қанның кейбір
көрсеткіштерінің жасқа байланысты өзгеруі; Әр жастаға адамдардың қанның
негізгі көрсеткіштері;
Іш және тұмаумен ауырған адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты қанның
көрсеткіштері берілген.
Қолдану саласы: Адам морфологиясы мен физологиясы және жас ерекшеліктер
физалогиясы пәндерін оқыту барысында пайдалануға болады.
Әдебиетке шолу. Қан, лимфа және клетка аралық (интерстициялық) сұйықтық
организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілік үшін осы ішкі ортаныңи
оның ішінде қан құрамын физикалық , химиялық, биологиялық қасиеттері
тұрақты болуы шарт,тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы
құбылмалы да, күрделі өзгерістерге төтеп береді. Адамның солтүстік полис
суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығын да өмір сүре беретіні осы
тұрақтылыққа байланысты. Қан туралы ғылым- гематология деп аталады. Оның
дамуы өте ұзаққа созылды, әрі қиын болды.Негізгі жетістіктері тек соңғы
жылдары ғана көзге түсе бастады.
Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл
бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі ортасының
салыстырмалы тұрақтылығы сақтауда өте қажет деп мәлімдеді, ол 1878 жылы.
1929 жылы Америка физиологі В.Теннон ішкі ортаның,организмнің басты-басты
биологиялық көрсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін
белгілеу үшін Гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан
көлемі мен құрамынің және физикалық, химиялық, биологиялық костаталарды
(артериялыұ қан қысымы, дене температурасы т.б)айтады.
Клеткалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи
құбылыстарымен ойдағыдай қарым-қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың
сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйректер
бездері өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында,сондай-ақ
денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды.
Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөріә салыстырмалы
және динамикалық гомеостаз тән.
Ағзаның ішкі ортасын ұүрайтын сұйықтықтар ұлпаларды қоршап жатады,
және олардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасайды.Осы сұйықтықтардың
құрамы тұрақты болады. Жасушалық сұйықтық-мөлдір лимфа ақ сарғыш, қан
қызыл түсті болады.
Қан ақ түйіршіктері немесе лейкоциттерінің ашылуы ағылшын анатомы
Вильям Гвесонның есімімен тығыз байланысты. Ол 1839 жылы дәріханашылар
отбасында өмір келген.Гвесонның әкесі ауру адамдардан қан алу, сүлік алу,
жеңіл-желпі операциялар жасау сияқты істермен шұғылданатын. Әкесінің
істеріне қызығып өскен Вильям кейін оқып, дәрігер болып шығады. Бірнеше
жылдар бойы Гвесон лимфа жүйесін және қанның физикалық-химиялық қасиетін
зерттейді. 1871 жылы ол микраскоппен зерттеп отырып, бір тамшы қанның
ішінен кезінде Левенгун ашқан дөңгелек эртроциттермен қатар таныс емес
жасушаларды байқайды. Оларда да дөңгелек бірақ басқа клеткалардан бірнеше
есе үлкен әрі эритроциттердей боялмаған түссіз болады.Оларды Гвесон
қанның ақ түйіршіктері деп атайды. Қкінішке орай ол бұзылған өліктің ішін
жарған кезде оқыста қолын жарақаттап иалып,содан уланып 35 жасында қаза
болады.
1946 жылы лейкоциттің бір түрі лимфоциттер ашылды.(6-бет 32)Бұны
профессор Д.В.Петров ашты. Барлық лейкоциттердің 25-30% гимфоциттерден
тұрады. Олар дөңгелек келген кішкене жасушалар мөлшері 7-9 ликронға тең.
Негізгі бөлігі түйіршіктермен толған,сырты жұқа цитоплазмамен қапталған.
2. Қанның қасиеттері және жасқа байланысты ерекшеліктері.
2.1 Қанның атқаратын қызметі.
Қан-атқылтым келген тұтқыр сұйық,сарғылт заттан (плазмадан)және қан
жасушаларынан тұрады.Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритройиттер)ақ
түйіршіктер (лейкоциттер)қан тақташаларынан (тромбоциттер) құралады. Қан
жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық.
Қанның негізгі функциялары:
1.Тасмалдау
2.Тыныс алу
3.Графикалық
4.Экскреторлық
5.Қорғаныс
6.Рефлекстік реттеу
7.Креаторлық байланыс
8.Гомеостаздық
9.Термореттеушілік
Тасымалдау қызметі.Тіршілікке қажет заттарды жасушаларға, ұлпаларға
жеткізеді,ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады.
Тыныс алу қызметі.Өкпедегі веналық оттегіне қанығып, артериялық қанға
айналады.Бұл оттегімен қанықан қандар.(8-бет 17) Өкпелік төрт вена арқылы
жүрек-тің сол жақ қарыншасына келіп құяды,одан соң жақ құлақша қарынша
тегісі арқылы сол жақ қарыншаға өтеді. Сөйтіп жүректің сол жақ қарыншасынан
қан негізі артермалық қолқаға және одан оның тамыр-тармақтары мен қылта-
мыры арқылы бүкіл денеге тарайды.Ол жерде қан оттегін ұлпаларға беріп,одан
көмір-қышқыл газын қабылдайды да,венелық қанға айналады.Ол қантамырлар
қайтадан бірігіп, ірі вена қан тамырларына айналады.Веналық қан қайтадан
жүрекке келеді.
Осылай жүрек веналық қанды өкпеге апарып,оттегімен қанығады да,
қанықан қанды бүкіл денеге таратып,жасушаларға жеткізуге жәрдем етіп
тұрады.
Трофикалық яғни, коректендіру қызметі.Ішек-қарыннан коректік заттарды,
витаминдерді, су мен тұздарды (минералды) ұлпаларға жеткізеді.
Экскреторлық қызмет. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен
адам денесіндегі усыз заттар, азот қалдықтарын ұлпалардан бүйрекке
өкпеге,тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тастайды.
Қорғаныс қызметі. Қан жасушалары (лекотивтер) плазмадағы анти денелер
денеге енген микробтарды,вирустарды, табиғаттағы улы заттарды бейтарап-тап
зиянсыздайды.
Рефлекстік реттеу. Адам денесіндегі көптеген функцияларды,процестерді
реттеуге қатысады (гумаральдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті
заттар-гармондар,медиаторлар,метаба литтер ағзалармен жасушаларға өтіп
тікелей немесе қан тамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторлар-ды
тітіркендіру арқылы әсер етеді (ревлекстік реттеу).
Креаторлық байланыс. Қан жасушалар ұлпа жасушаларымен креаторлық
байланыста болады.Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және ұлпалардың
табии құрлысы мен кейпінің сақталуын қамтамасыз етеді.Жаңа жасушалар
құрлысы жағынан ескі жасушаларға ұқсас болуы үшін жасушаға аралық
информациялардың маңызы өте зор. Жасушаларға қажет мағлұматтарды
макромолекулалар тасиды.(5-бет 28) Мағлұматтар бір жасушадан екінші
жасушаға аралық каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай
макромолекулаларды басқа жасушаларға қан жасушалары да жеткізіп отырады.
Гомеостоз. Қан бүкіл денеде гоместазды сақтайды.
Гомеостаз.Қан бүкіл денеге тән гомеостозды сақтай отырып жасушамен ұлпа
аралық сұйықтықтық,коллондтық,осмалық тұрақтылығын сақтайды. Осмалық
тұрақтылық бұзылса,жасушалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын
сақтауда буферлік роль атқарады.
Термореттеуіштік.Қан көп энергия шығарып,қызып кеткен ағзаларды
суытады,ал суыған ағзаларды жылытады.Сөйтіп,дене қызуын бірқалыпта сақтауға
қатысады.
2.2 Қанның негізгі көрсеғткіштері.
Қанды сипаттайтын негізгі сандық көрсеткіштерге қарай түрлі -түрлі болып
бөлінеді.Оған келесі көрсеткіштер жатады.
1.Қанның мөлшері (көлемі);
2.Қанның меншікті тығыздығы;
3.Қанның тұтқырлығы;
4.Гемотокриттік сан.
Қанның мөлшері үлкен адамдарда әрдайым дене салмағының 7%-ін
құрайды,немесе 4,6 л дейін болады. Ал,балаларда дене салмағымен жас
шамасына қарай өзгеріп отырады.Жаңа туылған сәбиде қанның мөлшері дене
салмағының 10%-тен 20%-ке дейін құбылып отырады.
Кей жағдайда адам денесіндегі қан бүкіл нүктеге тарамайды екен.
Тыныштықта ғана қанның 40-45% қан тасмалдағышта жүгіріп отырады. Ол жүрек
соғысының жұмысын оңайлатады,ал қалған бөлігі былайша айтқанда бауырдаың
майда тамырларында (20%-қанға дейін),көк бауырда (15%-ке дейін),жер
астындағы жасушада (10%).Сөйтіп жалпы қан айналым орталығына дененің
температурасы жоғарылағанда бұлшық ет жұмыс істегенде,бірнеше километр
жоғары биіктікке сүйрегенде түседі.
Мұндай қандар құрамының тұрақтылығын сақтаудағы мәні орасан зор.
Ал,қанның тығыздығы негізінен оның құрамының эритроциттер,белок пен
метидтер санына байланысты. Негізі қанның тығыздығы шамамен 1,050-1,064
гмл,плазмада 1,024-1,030 гмл,жасушада 1,089-1097 гмл құрайды. Үлкендерге
қарағанда жаңа туылған нәрестеде қанның меншікті салмағы жоғарлау болады.
Ол 1,060 тан 1,080 гмл-ге дейін жетеді. Екінші жолы ол 1,050-ге дейін
азаяды,ал мектепке барар кезде 1,060-қа тең болады,яғни үлкендердікімен
теңеседі.Ер баланың қанының меншікті салмағы қыз бала-нікіне қарағанда
бірнеше рет жоғары болады.
Қанның келесі қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қантүйіршіктері мен
плазмадағы,әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты қан
тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қарай әрдайым өзгеріп отырады.
Қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің плазма белоктарының әсіресе
глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың
тұтқырлығынан 4-5 есе артық плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.
Жаңа туған нәрестеде денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай
оның қойылып,эритроциттер саны көбейтеді де,қан тұтқырлығы 10,,-14,8-ге
жетеді, бірақ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп,бір ай өткен соң
есейген баланікімен теңеледі.(4,6-5)
Гемотокриттік сан- бұл қанның формалық элементі.(4-бет 32)Ол 40-45%
құрайды.
Қанның өте маңызды қасиетерінің бірі-осмостық қысымы. Осмостық қысым деп
жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті айтады.
Организмге қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың
қызметін атқарады.Оның іш жағында қан сыртқы жағында торшааралық сұйықтық
жатады.
Қанның осмостық қысымының деңгейі оның құрамындағы электрот ион-дарының,
белок молекулаларының бұл көрсеткіштерінің мөлшері тұрақты болғандықтан
оның осмостық қысымы да тұрақты 7,8-8,1 атмосфера аралығында
сақталады.Осмостық қысымның тұрақтылығын реттеуде әртүрлі бөлу иүшелері
(бүйрек,тер бездері,ішек-қарын жолдары т.б мүшелер) маңыз-ды рол атқарады.
Олардың қызмет әрекеттерінің арқасында зат алмасу кезін-де организмде
түзілген түрлі зиянды ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып, осмостық қысымының
атқаруына мүмкіндік берілмейді.Бұл процесте әртүрлі ұлпалардың минералды
тұздарды сәңәрәп алып,оларды қанңа жайлап бөліп отыратын қабілетті де
маңызды рол атқарады.
Қанның осмостық қысымның тұрақтылығының үлкен биологиялық маңызы бар.
Дененнің кез-келген торшаларының (қан түйіршіктері,нерв,ет, эпителий
торшалары) осмостық қысымы оларды қоршап тұрған сұйықтық (қан,лимфа,
торшааралық сұйық) осмостық қысымына тең. Сондықтан да торшаны қоршап
тұрған сұйықтың осмостың қысымы өзгерсе,онда торшалардағы су алмасу процесі
бұзылып,гемолиз (торшаның ісініп жарылуы), не плазмализ (торшаның су
жоғалтып,бүрісуі)құбылыстары байқалады.
Қанның осмостық қысымының деңгейін оның қату температурасы (депресиясы)
арқылы анықтайды.Депресия деп сумен салыстырғанда сұйықтық қату нүктесінің
төмендеуін айтады.Ерітіндінің қату температурасы ондағы еріген заттардың
мөлшеріне байланысты.Ерітіндінің құрамында еріген заттар неғұрлым көп
болса,оның қату температурасы соғұрлым төмен болады. Қан депресиянсыың
көрсеткіші-0,56-0,58С,ал бұл шама осмостың қысымының 7,7-8,1 атмосфералық
деңгейіне тең. Салыстыру үшін тер депресиясының көрсеткіші-0,18-0,60С,ал
зәр депресияяының көрсеткіші 0,2-0,22С болатынын келтіріп өтейік.(9-бет 54)
Қанның осмостық қысымының 60 пайызына жуығы оның құрамындағы үлесіне
байланысты.
Қан белоктарының әсерімен түзілген осмостық қысымның бөлігін осмостық
қысым деп атайды. Оскостық қысым деңгейі бар болғаны санап бағасымен 20-30
мм ғана болады,соған қарамастан ол организмге маңызды биологиялық рол
атқарады. Коректік заттарды сіңіру,ыдырау өнімдерін бөлу,торша аралық сұйық
түзу процестері оскостық қысым арқылы реттеледі. Қан тамырларының қабырғасы
электрометтерді жақсы өткізеді,сондықтан оларды концентрациясы
қанда,лимфада және торшааралық сұйықта бірдей болады. Осының нәтижесінде
ішкі ортаның әртүрлі сұйықтарының осмостық қысымыбір деңгейде сақталады.
(10-бет 25) Ал, белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді.Қанның
құрамындағы белоктар суды ұстап тқратын бірден-бір шешуші фактор,олардың
мөлшеріне қарай су қаннан ұлпаға,не ұлпадан қанға қтіп оотырады.Егер қанның
құрамындағы белоктардың мөлшері азайса (мысалы,ашығу кезінде) су қан
тамырларынан қлпаларға өтеді де,денеде ісік болады.
Қанның белсенділікреакциясы.
Қан реакциясы сутегі (Н) мен гидроксил (ОН) иондарының ара қатынасына
байланысты.Реакция көрсеткіші (РН) өте тұрақты гомеостаз көрсеткіштерінің
бірі (РН ағылшынша Power Hydrogen-сила водорода). Мұның үлкен мәні бар:
реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізі тіршілік процес-
тер дұрыс бағытта өтеді.Қанның реакциясы-сәл сілтілі,вена мен артепия
қанында бірдей емес. Вена Қанында көмір қышқылы көбірек сондықтан оның
көрсеткіші (РН) 7,35-7,36 артерия қанында 7,4-7,42 яғни сілтілеу келеді.
Жасуша ішінде зат алмасу өнімдерінің көбеюіне байланысты РН төменірек (7,0-
7,2),яғни қышқылдың РН мөлшері әдетте 7,0-7,8 аралығында,бұдан әрі өзгерсе
ол тіршілік үшін өте қауіпті. РН қзақ уақыт 0,1-0,2 мөлшерде өзгерсе де
адам өледі.
Тіршілік процестері барысында сутегі концетрациясы көбейіп кетеді,әсіресе
ауыр жқмыс істеген кезде көмір қышқыл газы, сүт қышқылы т.б көптеген зат
алмасу өнімдері үздіксіз қанға өтеді де сутегі концентрациясын өзгертеді.
Бірақ адам мен жануар денесінде сілті-қышқыл тепе-теңдігін қамтамасыз
ететін,яғни РН мөлшерін бірқалыпты сақтайтын арнайы және күрделі әрекет-тік
жүйе бар.(11.38бет) Мұның қызметі осмостық қысым тұрақтылығын сақтайтын
әрекеттік жүйе тәрізді,қандағы артық қышқыл не сілтілі заттар рефлексті
түрде сыртқа шығарылады.
Қан реакциясын өзгерпей бірқалыпты сақтауда эритроциттер мен плазма-ның
үлкен мәні бар.
1.Гемоглобин буферлік қызметтері
2.Карбонаттық буфер жүйесі
3.Фосфоттық буфер жүйесі
4.Белоктық буфер жүйесі
Гемоглобин ең күшті буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді,қанның
барлық буферлік қызметінің 75%-ін сол атқарады.Бұл буферлік жүйе гемоглобин
мен калий тұзынан тұрады.
Гемоглабин оттегі мен көмір қышқылды газды тасмалдап қан реакциясын
(РН) реттеуге қатысады,қалыпты гемоглобин мен оксигемоглобиннің (ННвО2)
реакциясы қышқыл.(12.45бет) Қалыпты гемоглабиннің қышқылдығы оксигемоглобин
қышқылдығынан 80 есе төмен.Қышқылдар тобының гемоглобиннен бөлініп шығуы
(диссоциация) оның оттегіне қанығуына байланысты.
Гемоглобиннің буферлік қасиеті мынада: гемоглобин қышқыл зат,бірақ көмір
қышқылына қарағанда ол әлсіз сондықтан ол көмір қышқылына К+ ионнын
беріп,өзі Н+ ионын қосып алады да,әлсіз диссоциацияланатын қышқылға
айналады.
КНв+Н2СО3→ННв+КНСО3
Сөйтіп,тканьде гемоглобин буфері сілтілік қызметін атқарады,көмір қышқыл
газ бен сутегін өзіне қосып алады да қышқыл заттың қанда жиналуына кедергі
жасайды,яғни қанды қышқылданудан сақтайды.(13.45бет)Өкпедегі көмір қышқыл
газ сыртқа шыққан соң қанның сілтілігі артуы мүмкін.Мұндай жағдайда
гемоглобин қышқыл ретінде сілтілеуіне кедергі жасайды.
Қанның карбонаттық буфер жүйесі гемоглобиннің буферлік қызметтің 10%-ін
атқарады. Карбонат жүйесі көмір қышқылынан,натрий және калий
бикорбанаттарынан тұрады.Натрий бикорбанаты көбінесе плазмада,ал калий
бикорбанаты эритроциттерде болады.Бұл жүйенің буферлік мәні мынада: қанда
қышқыл өнімдердің көбеюіне байланысты сутегі иондары бикор-банаттың
анионымен қосылып сәл диссогтацияланатын көмір қышқылына айналады да қанды
қышқылданудан сақтайды.
NaHCO3+HCe→H2CO3+NaCe
Мұнымен қатар артық көмір қышқылы ыдырап,су мен көмір қышқыл газға
айналады да,өкпе қатты желденген кезде (гипервентиляция) сыртқа шығары-
лады.(14.54 бет) Қанда сілтілік иондар (ОН) көбейсе ,олар көмір қышқылымен
әрекеттеседі де натрий бикарбонаты (NaHCO3) мен су пайда болады.
Н2СО3+NaOH→NaHCO3+H2O
Пайда болған артық өнімдер есеппен бірге сыртқа шығарылады.
Фосфаттық буфер жүйесі фосфор қышқылының бір негіздік NaH2PO4 және екі
негіздік (Na2HPO4) тұздарынан тұрады.Олардың буферлік қызметі қан-ның жалпы
буферлік қызметінің 1%-ін ғана алады.
Қанға күшті қышқыл құйылса онымен негізгі фосфат (Na2HPO4) әрекет-теседі
де бейтарап тқз бен бір негізі фосфатқа айналды (15.56бет)
Na2HPO4+HCe→NaH2PO4+NaCe
Қанға күшті сілті құйылса,керісінше ол фосфор қышқылының бір негізі
тқзымен әрекеттесіп,фосфор қышқылының екі негізгі тқзы мен суға айналады:
NaH2PO4+HCe→Na2HPO4+H2O
Жиналған фосфаттар бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.
Белоктық буфер жүйесі плазмадағы күшті буферлік жүйелердің бірі.белоктің
буферлік қасиеті оның молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына,яғни
амфорттерлік реакция беретініне байланысты.
Белок қышқыл жерде сілті ретінде қышқыл затпен,сілтілі жерде қышқыл
ретінде сілтілі затпен әрекеттеседі.
Жоғарыда аталған буферлік жүйелердің қызметі ұанның буферлік
мүмкіншілігінің өте жоғары екенін көрсетеді.(16.48бет )Жай ерітінділермен
салыстырғанда өте күшті қышқылдар мен сілтілер қанның белсенді реакциясын
өзгерте алмайды. Мәселен,плазманың рн-ін сілтілік жағына қарай ығыстыру
үшін қанға қосылатын натрий сілтісін судан 40-70 есе артық қосу
керек.Ал,қан реакциясын қышқыл ету үшін плазмаға құятын тұз қышқылының
мөлшері суға қосылатын мөлшерінен 300-350 есе жоғары болу керек.
Қанның буферлік қасиеті ондағы әлсіз қышқыл,сілтілі тұздарының мөлшеріне
де байланысты.(17.68бет)Олардың мөлшері қанның сілтілік қоры (резерві)
деп аталады. Қанның сілтілік қоры,көмір қышқыл газдың қысымы 40 мм-ге тең
(альвеолалық қуыстағы қысымдай) болса,100 мл қандағы тқздармен байланысқан
көмір қышқылының мөлшерімен (мл) өлшенеді.
Адам қанының сілтілік қоры әдетте СО2 өлшемімен 50-65% ке тең. Қандағы
буферлік жүйелер әлсіз болса,зат алмасуы барысында түзілген қышқыл-сілті
өнімдерін сыртқа шығарып отыратын әрекеттік жүйенің қызметіне қарамастан
қанның белсенді реакциясы аздап ығысуы мүмкін. Қанның белсенді реакциясының
қышқыл жаққа қарай ауысуы ацидоз,ал сілтіліке қарай ауысуы алкалоз деп
аталады.
Қан айналысының үлкен және кіші шеңберлер капиллерларында қанның сілтілі
қоры мен рн-і әрқашан аздап ығысуы мүмкін.Басқаша айтқанда қан айналысының
үлкен шеңбер капиллерына ұлпалардан көмірқышқыл газы келеді,осыған
байланысты вена қаны артерия қанына қарағанда 0,01-0,05 мөлшерінде
қышқылданады.(18.55бет)Сондай-ақ өкпе капиллерларынан көмір қышқыл газдың
альвеолалық ауаға шығуына байланысты рн,керісінше қарсы жаққа ығысады.
3.Қанның құрамы және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
Қан адам организмінде болып жатқан өзгерісті хабарлайтын жаршы деуге
болады.Оның қүұрамына қарап адам денсаулығы қандай күйде екенін анықтау
қиын емес Тамырларды қуалай жүрген қан жасушаларының саны қашанда тұрақты.
Бір текше миллиметр таза қанда 4-5 мың қызыл түйіршік,5-8 мың ақ түйіршік
және 250-400 мыңдай қан пластинкасы болады.
Тәулігіне организмде орта есеппен 300млрд эритроцит, 5млрдқа жуық
лейкоцит,250 млрж қан пластинкалары жойылып отырады. Бірақ қанның құрамы
одан өзгермейді,қанның осыншама мол жасушаларының сүйек майы,төс,ортан
жілік,жамбас жәе омыртқа сияқты,фабрикалар бар.(19.43бет)
Денедегі барлық қанның 45 проценті қан жасушалары,55 проценті сары судан
тұрады. Қанның құрамы.

3.1 Қан плазмасының құрамы.
Плазма шамамен қанның 55%,ал пішінді элементтері 45%құрайды.Қанның
пішінді элементтері –эритроциттер,лейкоциттер,тромбоцит тер.
Қанның плазмасы күрделі сұйықтық оның құрамында еріген органикалық және
бейорганикалық қосылыстар бар. Плазманның 90-92%-су,7%-белок-тар,0,8%
май,0,12% жүзім қанты-глюкоза,шамамен 0,9% минералды тұздар. Плазманың
ақуызларына альбумин,глобумин (а,в,д) жатады.(20.56бет)Глобулин ақуызының
құрамындағы фибринон қанның ұюына қатынасды.Глобулинның құрамындағы в-
глобулин дененің қорғаныс заттарынан тұрады. Қанның белоктары қан қысымының
тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Плазманың минерал тұздарының құрамына Na+,Ca++ және К+ тұздары
кіреді.Олар қанның газдың тұрақтылығын сақтайды.Бұлардың құрамының өзгеруі
аурудың нәтижесінде болады.Қандағы глюкозаның мөлшері 4,44-6,66 ммольл (80-
120мг%).Глюкоза дененің негізгі энергия көзі.Плазмадан фибриноген белогоін
бөліп сарысу дайындайды.(21.48бет)
Ас қорыту органдарыда плазма қоректік заттарға болды.Коректік заттарға
белоктар,углеводтар,майлар және минералды тұздар жатады. Бұлар ішек
қабырғаларынан өтіп плазмаға араласады да,бүкіл организмге таралады.
Сонымен қатар плазма органдардан көмір қышқыл газын,ұлпадағы ыдырау
өнімдерін және басқа заттарды алып кетеді.Бірақ плазмаға қаншама зат
қосылып жатсада құрамы өзгермейді.Қан өкпеде көмір қышқыл газынан ал
бүйректе судың артық мөлшерінен,суда еріген ыдырау өнімдерін мен минералды
тұздардың біраз мөлшерінен айырылады.
Плазма құрамының өзгекруі организмге өте қолайсыз әсер етеді. Ғалымдардың
есептеулеріне қарағанда плазманың құрамында 200-ден астам зат болады
екен.Олардың ішінде көптеген органдар мен жүйелердің қызметін реттеп
отыратын гормандар бар.Олар ішкі секрет бездерінен бөлініп шығып,плазма
арқылы организмге тарайды.
Швед ғалымы Арне Тизелюус плазмадан белоктың екі түрін анықтаған. Олар
альбулин және глобулин (£,β,χ). Ғалым гамма-глобулиннің организмге
тигізетін әсерін ашты. Х-глобулиннің құрамында жұқпалы ауруға құрсы тұратын
антитела пацда болады.Осындай қасиеті үшін х-глобулинді жұқпалы аурылы
балаларға кеңінен қолданылады.(22.29бет)
Плазманың құүрамында фосфор бар.Бұл элемент организмге жетіспесе, балалар
мешел болып қалады.Сол сияқты плазмада иод та болады. Иодтың жетіспеуі
қалқан безінің зақымдануына соқтырады.Ал,плазманың құрамындағы магний
азайып кетсе,адам өояншық ауруына тап болады.
3.2 Қан жасушалары
Қан сарғылттау келген зат плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген
Қан жасушаларынан яғни формалы элементтерден тұрады.Қан жасушалары қызыл
түйіршіктер (эритоциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер) қан
пластинкалары-тромбоциттер.Плазма қан құрамының 52-58%-іне қан жасушалары
42-48%-ке тең.(22.44бет)
Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48% ал қанның әр
литрінде 0,42-0,48 литр.Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.
Тромбоциттер.
Тромбоцит-қан пластинкасы,екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша
құрылым,диаметрі 0,5-4мкм (эритроциттен 2-8 есе кіші) Сау адамның 1л
қанында 180-320*10 тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік
жасайды. Ол сүйек кемінде мегакариоциттен түзіледі,бір мегакариоциттен 3000-
4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі Ол көптеген ферменттер-ден,олардың
ішінде АТФ-ны және лизоцим,адренолин,народденалин гармондарының 11-шақты
қанды ұйыттатын факторлардан тұрады.Бұлармен бірге тробоцит құрамына
жиырылатын қабілеті бар белок-тробоцитнен кіреді.
Тробоциттердің саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек,ол
қуаныш,реніш,қайғы-қасірет шаттану т.б себептерден де,тамақ ішкеннен кейін
де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тромбоциттер тез бұзы-лады,сондықтан
олар сапар алдында қанға химиялық заттар қосып,тез санау қажет.(23.65бет)
Тромбоциттердің қызметі.
1.Антиотрофикалық қан тамырды коректендіру функциясы.Қан тамырлар-дың
қалыпты құрлысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар.Қан
тамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан өажет мөлшерде қоректік заттарды ала
алмайды.Оны тромбойиттер қаннан сорып алады да әлсін ,эндотелиймен түйіскен
кезде оған беріп отырады.
Сондықтан тромбоцит эндотелийдің асырап сақтаушысыдеп бекер айтпаған.
Қанда тромбоцит саны азайса,эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде
уақытында жетпейді де,оның құрлысы өзгереді,капиляр кенересі селдіреп,ол
арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл тканьдерге
қан құйылуына әкеліп соғады,тканьдерге көптеген ұсақ нүкте тәрізді дақтар
пайда болады.Қоректік функциясын барлық тромбоциттердің 15%-і ғана
атқарады.(24.38бет)
2.Ангезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы.Қан тамыры
жарақаттанса,тробоциттің пішіні өзгереді.Оның протоплазмасында өсіктер
(жалған аяқтар) болады.Олар жабысқақ келеді,эндотелий жарақатталған жердегі
негізі мембранаға бекиді де,бір-бірімен жабысып,10-20 тромбоциттен тұратын
үйінді құрады.Бұл процесс агрегация деп аталады. Агрегация тамырдың ішкі
бетінде ғана емес қанның ішінде де пайда болады. Сөйтіп жарақаттанған
жерден қан тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды.
3.Ангиотензивтік (қан тамырын тартылу) функциясы қан тамыры саңылауын
тарылтады (спазм).Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің
әсері.
4.Қан ұйыту функциясы (гемокоагуляциясы) Тромбоцит құрамында қан ұйыюы
тездететін заттар (олардың жалпы саны 10-нан асады) болады,араб санымен
белгілейді.Олар қан ұйыуының тромбоциттік факторлары деп аталады.1-фактор
тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцилерін (VIф),бұл
протромбиннің тромбинге айналуы тездететін фактор,3-фактор тромбоциттік
тромбопластин. Тромбопластин тромбоцит мембранасында және түйіршіктерінде
болатын фосфолипит.Ол тромбоцит жарылған сәтте сыртқа шығып,қан ұйуының
бірінші фазасына қатысады. 4-гепаринге қарсы тұратын фактор ол гепаринмен
әрекеттесіп, қан ұйыуы (гемокоагуляцияны) тездетеді. 5-фактор фибриноген
тәрізді зат тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,үйінді (агрегат)
жасалуына әсер етеді. 6-фактор тромбостенин (ретрактозм)-ұйыған қанды
тығыздайды,октин мен миозин белоктарына ұқсас. Бұл да актин мен миозин
тәрізді жиырылуы кезінде АТФ-энергиясын жұмсайды. 7-Фактор антифибирнолизин
фибринолизин жасайтын герменттің әсерін төмендетеді. 8-фактор серотонин қан
тамырларын тарылтады. 9-фактор фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді.10-
фактор қан тамырларын тарылтатын фактор,11-фактор агрегация
факторы,тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып,ұйынды құруды тездететін
тромбоксин деген зат. Қан тамырының эндомен деген зат бөліп шығарады. Осы
аталған әсерлі қарама-қарсы 2 заттың (тромбоксин,простоциклин) қан-дағы
арақатынасына қарай қанның ұйыуы шапшаңдайды не тоқтайды.
5.Тромбоциттер қанның кретарлық байланысын,әсіресе қан тамырларының табиғи
құрлысын сақтайды.(25.46бет)
Эритроцит (грекше erytros-қызыл,cytus-клетка) қанның қызыл түйіршіктері.
Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес.Ер адам қанының әр литрінде 4,0-
5,0*10 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7-3,9*10 одан
да төмен эритроцитопения деп аталады. Эритроцититозбен эритро-цитопения сау
адамда да науқас адамда да кездеседі,сондықтан олар физлологиялық және
патолиялық болып екі топқа бөлінеді.(26.33бет)Сондай-ақ абсолюті
эритроцитозбен эритроцитотопея ұғымдары да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның абарагенді қойлардың қан сарысуының биохимиялық көрсеткіштерін анықтау
Ұсақ үй жануарларына қан құю техникасы
Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу
Қаналмастырушы
Ақмола облысы жағдайындағы Герефорд тұқымды ірі қара малының қанының көрсеткіштері
Қанның ұюына қарсы дәрілік заттар
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физика-математикалық заңдылықтары
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Пәндер