Тіл кемістігін топтастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5

І-Тарау Тіл мүкістігінің түрлері және оларды
топтастыру ... ... ... ... ... .6

1.1.Тіл мүкістігінің түрлері және оларды
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... 6-7

1.2.Сөйлеу тілінің кемістіктері және оның себептері. Тіл кемістігін
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-11

II Тарау. Тіл мүкістігі бар балаларға психологиялық жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.Тіл мүкістігінің негізгі
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-13
2.2.Тіл мүкістігі бар балаларға көрсетілетін логопедиялық
көмек
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-22
2.3. Тіл мүкістігі бар балаларға психологиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ..23-2 5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6-27
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 28-29

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық
дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке
душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды
орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы
мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық
қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе
жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл
арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы
қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-
лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің
формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында
қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл
кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің
бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден
ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-
арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-
терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен
түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын
зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы
логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
жүйесін ғылыми түрде қарастырады.
Логопедияның міндеті – тіл кемістігі бар балаларды
психологиялық дамуына теріс ықпал ететін факторларды анықтау болып
келеді. Соның ішінде адам өмірінде кездесетін психикалық
ерекшеліктердің бір түрі – сөйлеуге мән берілуде. Ал бірақ тіл
кемістігінде ауытқуы бар балалар туралы мәләметтер аз кездесуде.
Менің курстық жұмысты осындай тақырыпта таңдау себебім де осыған
байланысты туындап отыр.

Курсық жұмыстың мақсаты:
Дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін
анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша
шетелдік, отандық әдебиеттерге
терең теориялық мәлімет жасау.
2. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар
балалардың психологиялық
ерекшеліктерін анықтайтын
әдістемелерді іріктеп талдау,
оларды қазақ тобына бейімдеп
аудару.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы:
Тіл мүкістері бар балаларға көрсетілетін логопедиялық көмек
түрлерін анықтау.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі:
Тіл мүкістері бар балаларға объективті және субъективті
әдістері арасындағы шартты және шартсыз рефлекторлық әдістер
ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде
қолдана алады.

Курстық жұмыстың теориялық мәні:
Тіл мүкістерінің негізгі себептері, тіл кемістіктерін
топтастыру және сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы.

Курстық жұмыстың практикалық құндылығы:
Л.С.Выготскийдің мәдени – тарихи тұжырымдамасы, Р.Е.Левинаның
жалпы дамуының теориясы болып табылады.

Курстық жұмыстың зерттеу әдісі;
1) Р.Е.Левина.
2) Л.С.Выготский

Курстық жұмыстың құрылымы;Кіріспе,екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың көлемі -26 бет.

I.Тарау.Тіл мүкістігінің түрлері және оларды топтастыру
1.1.Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы мен түрлері

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы
жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсатымен жеке
жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осы
айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен
сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.
Тіл әр түрлі материалдық субстанцияларда қызмет етеді; дыбыстық,
графикалық, қозғалыстық.Тілмен кез-келген материалдық обьект сияқты
жұмыс жүргізуге болады.Тіл арқылы біз белгілі-бір деңгейде тани
аламыз.Бірақ тілмен байланысты емес,тілдің көмегімен сыртқы өмірден,ішкі
өмірге ,психикаға ауысуға болады.
Тілді меңгерумен бірге тілдік-логикалық ойлау,ұғымдар мен логикалық
операциялар дамыды.Оның көмегімен индивидтің ой мазмұны қоршаған
ортадағыларға жетеді.
Тіл туа біткен қабілет емес,онтогенез процесіне баланың функцио- налдық
және ақыл-ойының дамуымен қоса жүреді.Шартты рефлекс арқылы қалыптасады.
Тіл дегеніміз-азаматтық қоғамдық тарихи тәжірбиесінің қорытын- дысы
ретінде адамдарға берілетін құрал,яғни қарым-қатынас құралы.
Сөйлеу тілінің құрамының негізгі бөліктері дыбыстар,сөздік және
граматикалық құрлысы болады.Ауызша сөйлеу тілінің диалогтық және монологтық
түрі болады.Диалогтық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше адамның тікелеу
қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын
сөйлеудің ең қарапайым түрі.Ал монолоялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы
жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың бейнелеуі
негізінде графикалық бейнеленуі.Сөйлеу тілі бұзылған балаларда міндетті
түрде жазуы бұзылады.
Тілді меңгеру үшін фонематикаылқ есту қабілетінің дамуы және ана тілі
фонемасын сөйлеуде дағдылануы,сөздік қорын және синтаксистің дұрыстығын
меңгеру,сөзлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың сөйлеу тілінің дамуы заттық іс-әрекеттен алынып,жинақтал-
ған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болып табылады.Сөздің артында
ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана,сол сөзді игеру жемісті
болады.Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарам-қатынас
қажеттілігінің ары қарай дамуына байланысты жүзеге асады.Сөздік қарым-
қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда,яғни оны үлкендер
түсінікті сөйлеп өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда
пайда болады.Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса,онда
оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады.Ерте сәбилік шақ тілді
дамыту үшін өте сезімтал(сензитивті) кезең болып табылады,нақ осы кезде
сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді.Егер бала қайсібір себептермен осы жылдарда
тілді дамыту қажетті жағдайлардан айрылып қалса, онда кейін жіберілген
қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста
баланың тілінің дамуымен қарқынды шұғылдану керек.
Сөйлеуді баланың тікелей тәжірбиесінің өрісі жетпейтін болмысты танудың
негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.Ерте сәбилік балалық
шақ-баланың белсенді сөйлеуінің қалыпатсу кезеңі.
Бір жарым жасқа дейін бала 30-40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды
өте сирек қолданады.Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі
өзгеріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады.Сәби бастамашыл болады.Ол
заттарды атап отыруды үздіксіз талап етіп отырады.Сөйлеудің даму қарқыны
арта түседі.Екі жастың аяғында бала 300-ге деін,ал үш жастың соңында 1500-
ға дейін сөздер қолданады.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай дыбыстарды-дауысты және ерінді,ерінді-
тісаралық дауыссыз п,б,м,ф,т,б дыбыстарын меңгереді.
Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды, соны-мен бірге р-л
дыбыстарын айту өте қиынға түседі.
Тілді дамыту ана тіліінң дыбыстық жағы мен граматикалық жағын игеруді
көздейді.егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-
Мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың
соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын
Фонетикалық қабылдау қалыптасады.Осының негізінде белсенді сөздікті және
сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Граматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады.Бірінші кезең
бір мен екі жасқа дейін-түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі.Бұл
кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.Тілдің
граматикалық құрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады.Бала
нақты заттық қатынастарды бейнелейтін граматикалық мәндердің байланысына
ерте бағдар ала бастайды.Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан
оның негізгі синаксистік құрылымын,граматикаылқ формаларын және дыбыстарды
игере отырып,орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикасының дамуының негізі
болады.
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты.Сондықтанда біз
баланың тілін дамытумен бірге бізде оның ойын дамытамыз.Адамның
ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және сол арқылы қолданылады.Сөз
қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл-ойдың дамуын
кешулендіреді.

1.2.Сөйлеу тілінің кемістіктері және оның себептері.
Тіл кемістігін топтастыру.

Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан
мәселелердің бірі – жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін
топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын
жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің
кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде
кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп,
топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сонда, егер тіл кемістігінің
бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, керісінше бір
себептің салдарынан тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы
мүмкін. Мысалы, дыбыс шығару кемшілігі шеттегі сөйлеу мүшелерінің
дұрыс жұмыс істемеуінен, немесе есту қабілетінің бұзылуынан, жоғарғы
дәрежедегі акустикалық талдау мен жинақтау функцияларының
жетілмеунен т.б. себаптердің әсеріне болуы мүмкін.
Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық
механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға
тән мөлшерден ауытқуын айтамыз. Қатынас теориясының көзқарасында тіл
кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі.
Сонымен сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей сипатталады:
1.Сөйлеу тілі өз бетінше пайда болып, ол жоғалмайды, қайта бекиді;
2.Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
3.Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды
талап етеді;
4.Баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсерін жиі тигізеді;
5.Тіл білмейтіндік – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды;
6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен
байланысты.
Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен
деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.
Сөйлеу тілі құрамының әртүрлі бөлімдерінің сөздік қоры,
грамматикалық құрылыының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі
функциялары – қарым – қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл
кемістіктері деп саналады. Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі
мөлшерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып
айтуы немесе мүлде айта алмауы мүмкін. Жеңіл тіл кемістіктері бар
адамдар актер, диктор, мұғалім, т.б. мамандықтары бойынша жұмыс
істеуіне бөгет келтіреді. Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және
ішкі зияндық факторлардың немесе екеуінің бірдей организмге әсер
етуінің нәтижесінде болады.
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
1.Әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын
тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістігі төрт апталық және төрт айлық
аралығында дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің бұзылуына
анасының екіқабат кезіндегі токсикоз,вирусты және эндркринді аурулар,қанның
резус факторының сәйкес келмеуі, т.б.
2.Босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия
(оттектің жетіспеуі)
3.Өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4.Тұқымқуалаушылық факторлары;
5.Әлеуметтік жағдайлардың қолайсыздығы;
6.Бас сүйегінің жарақаттануы.
Жоғарыда атап көрсетілген себептер өзгешеліктеріне қарай табиғи
және функционалды болып екі түрге бөлінеді.
1.табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
2.функционалды тіл кемістіктері
Көп жылдар бойы логопедияда тіл кемістіктерін клиникалық
негізде топтастыру кең орын алып келеді.М.Е.Хватцев, Ф.А.Рау,
О.В.Правдина, С.С.Ляпидевский, Б.М.Гриншнин т.б.. Клиникалық
топтастыру тіл кемістіктерінің себептері мен белгілерінің негізінде
жасалған.
Тіл кемістіктерін топтастыру және бір ғана жүйеге келтіру
өте күрделі,себебі тіл кемістіктерінің себептері түрлі болып келеді немесе
бір себептен болатын тіл кемістігінің көрінісі әр түрлі болады.
Сөйлеу тілі кемістіктерін екі бөлімге топтастырамыз;
1.Клиникалық-педагогикалық топтастыру.
2.Психологиялық-педагогикалық топтастыру.
Клиникалық-педагогикалық топтастыру - бұл классификация бойынша
сөйлеудің түріне байланысты ауызша және жазбаша тіл кемістіктері
болып екіге бөлінеді.
1.Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы;
а) тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы;
б)Сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде жеткізу
қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің толық жетілмеуі.
Тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен
қисындасып, тіркесіп кедесуі мүмкін. Соған байланысты олар
логопедияда белгілі терминдермен белгіленеді.
Сөйлеу тілінің дыбыс айтудың бұзылуы;
Дислалия-есту қабілетінің және сөйлеу қабілетінің инервациясы қалыпты
жағдайда болатын,бас мидың үлкен жарты шарының зақымдалу салдарынан сөйлеу
тілінің бұзылуы.
Дисфония-сөйлеу аппаратының дауыс шығару бөлімінің анатомиялық-
физиологиялық бұзылуынан болатын дауыс шығару қабілетінің бұзылуы.Афония-
мүлдем дауыстан айрылу.
Дизартрия-сөйлеу аппаратының инервациясының бұзылуынан болатын дыбыс
айтудың және сөйлеу тілінің просодикалық бұзылуы.
Ринолалия-сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық жағынан
бұзылған дыбыс айту және дыбыс шығарудың бұзылу. Ринолалияға шалдыққан бала
мұрынмен сөйлейді.
Брадилалия-өте жай созылмалы,дауысты дыбыстың бұзылуы, сонымен бірге
артикулияциялық айқындықтың бұзылуы.
Тахилалия-потологиялық түрде баланың ырғақты сөйлеу мәнерінің
бұзылуы,өте жылдам сөйлеу кіреді.
Сөйлеу тілінің жүйелі түрде бұзылуы;
Алалия-фонетикалық есту қабілеті мен интелектісі сақталған,бас мидың
зақымдануынан болатын сөйлеу тілінің бұзылуы.
Афазия-бас мидың зақымдануынан болатын,қалыптасқан сөйлеу тілінің
органикалық иннервациясының бұзылуы.
Тұтықпа-сөйлеу аппараттарының бұлшықеттерінің тартылып қалу
саладынан болатын сөйлеу тілінің ырғақ жылдамдығының бұзылуы.Ғылыми атауы-
логоневроз.Мұндай құбылыстар сөйлеу кезінде сөйлеу үшелерінің (ерін, тіл,
таңдай, жұтқыншақ, көмекей, диафрагма), ішкі бұлшықеттердің дірілдеп тырысу
салдарынан болады. Тұтығу - сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол
баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін
тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар
арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.
Фонетикалық-фонематикалық бұзылу(ФФЖ)-есту қабілетінің бұзылу
салдарынан болатын жалпы сөйлеу тілінің фонематикалық бұзылуы.
Жалпы тіл кемістігі(ЖПК)-есту мен ақыл-ойы қалыпты дамыған, баланың
мағыналық,дыбыстық жағына байланысты сөйлеу тілінің құрылымдық
компоненттерінің бұзылуынан болатын күрделі кемістік.
Фонетикалық жетілмеу(ФЖ)-баланың есту қабілеті салдарына сөйлеу
тілінің бұзылуы.
2.Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы. Бұзылу түріне байланысты екі топқа
бөлінеді:
1.Дисграфия – оқу процессінің жартылай бұзылуы.
2.Дислекция – жазу процессінің жартылай бұзылуы. Оқу процессінде
жазу процессі мүлде қалыптаспаған, оны аграфия деп атайды.
Қазіргі уақытта арнайы логопедиялық мекемелерге балаларды іріктеп
жинақтаудың және жалпы жұмыс барысында пайдалы ықпал жасаудың
негізі ретінде сөйлеу тілі кемістіктерін психология – педагогикалық
жолмен топтастыруды қолданады.
Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және
оның бірыңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете
зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы
топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және
фонетико – фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы
жатады. Сөйлеу тілінің фонетико – фонематикалық дамымауы тіл
дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл
кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы немесе жалпы тіл кемістігі
сөйлеу тілі жүйесінің дыбыс шығару және мағына жағына қарасты
барлық бөліктерінің бұзылуынан болатын әртүрлі тіл кемістіктері. Бұл
дамымау сөйлеу тілінің бүтіндей жоқ болуынан толық дамуына дейінгі
дәрежеде байқалуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық
дамымаудың нышаны сақталады.
Екінші топ – қатынас құралының қолдану кезіндегі
бұзылуы.Ондай бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық
дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістік те болуы
мүмкін.
Клиникалық және психолого – педагогикалық топтастырулар бір –
біріне қайшы келмейді, керісінше өзара бірін – бірі толықтырады.

II Тарау.Тіл мүкістігі бар балаларға психологиялық жалпы сипаттама
2.1.Тіл мүкістігінің негізгі себептері

Өмірінің алғашқы айларынан бастап бала адамдар арасында болады. Ол
адамдарды көреді, сөздерді естейді, сөз адамның бар екендігін білдіретін
бастапқы шартты тітіркендіргіш болады. 3-5 айлық кезінде бала анасын, ал
кейде өзін күтетін басқа адамдарды да ажырата алады.
Барлық жағдайдада дауыс адамдарды ажыратудың айтарлықтай мәнді белгісі
болады. Бұл уақытта бала тиісті мимикаға байланысты дауыс ырғағын ажырата
бастайды.
Өмірінің алғашқы айларында-ақ айқын білінетін еліктеу рефлексіне
байланысты бала адам сөзінің дыбыстарын қайталай бастайды. Және сөзге
шартты байланыстар түзелгенге дейін онда алғашқы сөйлеу шуылы- көмекей,
жұтқыншақ, таңдай, ерін және т.б. дыбыстар пайда болады, олар
соңынанбіртінднп жіктеліп, сөз дыбыстарының түзілуіне себепші болады.
Баланың айтатын дыбысы онда есту мүшесіненде ( бала өзі дыбыстарды
естейді), сондай-ақ сөйлеу мүшесінен ( дыбыс сіңірлерінен тілмен бүкіл
сөйлеу аппаратынан) де афференттік импульстер туғызыды. Ми қыртысына жеткен
соң бұл импульстер, кейін сөз шартты байланыстарын орнықтыруда зор маңызға
йе болатын сигнал болып табылады.
Өмірінің алғашқы жылының екінші жартысында баласөз тітіркендіргішіне
шартты рефлекстер пайда болады.
Сөйлеу дыбыстарының белгілі бір ұштасуы ретінде сөздің өзі тек біртіндеп
басым болатын маңызға ие болады. Сөздер бірте-бірте әрекет, құбылыс және
құбылыстар арасындағы қатынас сигналдары болады.
Баланың сөзі оның айтатын жекелеген сөз дыбыстары немесе оларлың
комбенациясы айналадағы адамдардың айтатын сөздері секілді белгілі бір
тікелей тітіркендіргіштердің сигналы бола отырып, шартты
тітіркендіргіштердің маңызына ие болатын сәттен басталады. Алғаш рет сөз
құрау және оларды дұрыс айта білу көп уақыт жұмсауды қажет етеді.
Әдетте, бала айтатын сөз дыбыстарының комбинациясы алғашында олар
бейнелейтін сөздерді сырттай ғана еске түсіреді де, одан соң бірізөзгеріске
ұшырап, дұрыс айтылатын сөздерге айналады.
Сөйлеу стереотиптерінің түзілуі сөйлеудің дамуындағы, атап айтқандай,
қарапайым сөйлеу әрекетін сөздерді сөйлемдерге біріктірумен сипатталған
тізьекті сөйлеу әрекетіне көшуге маңызды сәт болып табылады.
Бала тілінің дамуы, яғни тиісті грамматикалық құбылысты қолдану
арқылы тілдің үйлесіміді, мағыналы сипатқа сипатқа ие болуы көбіне – көп
айналадағы адамдар сөзінің дұрыс құрылуына байланысты болады.
Сөйлеу және ойлау қабілетін меңгеру процессі сөзсіз адамның
үлкен ми сыңарлары қыртысындағы шартты байланыстардың негізгі
бөлігі міндетті және басым түрде сөз тітіркендіргіштерінің қатысуымен
тізілуінеде әкеп тірейді, бұл жағдай жағымды, сондай-ақ жағымсыз
шартты байланыстардың түзілуін тездетеді.
Жекелеген сөз тітіркендіргіштердінжалпылаудың және түр, одан соң
дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздерге сөйлеу шартты байланыстырының
түзілуінің баланың жоғары дәрежелі нерв қызметінде елеулі маңызы бар.

Сөйлеу қызметінің құрылымы өте күрделі және келесі процесстерден
тұрады:
- Фоне,тикалық ( дыбыстық) немесе сөйлем шығару;
- Фонематикалық ( сөз мағынасын тану) ;
- Лексикалық грамматикалық.
Дамуында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілінің бұзылысы – баланың
сөйлеу тілінің дамуына оның толық жетілгент есту қабілентішешуші
қызмет атқарады. Бала ересек даамдардың сөздерін естиді, тыңдайды,
соларға еліктейді сосын өздігінен сөйлеуге үйренеді . Саңырау балалар
арнайы оқытуды өтпейінше сөйлеу тілін меңгериейді. Нашар еститін
балалардың сөйлеу тілдері өрескел бұзылады.

.

2.2.Тіл мүкістігі бар балаларға көрсетілетін логопедиялық көмек
түрлері

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық дамуының негізгі
ерекшеліктері – олардың мінезіндегі, жеке басының сыртқы ортамен
байланысысындағы өзгерістер болып табылады. Бұл ең алдымен
балалардың сөйлеу қарым – қатынасындағы өзгерістерге байланысты
болады.
Сөйлеудегі кемшілікті көбінесе психикалық процестердің өзгеруімен
байланыстырылады. Сондықтан, қандай психикалық процестер бұзылған,
сонымен қатар психикалық әрекеттердің құрылымының қайсысы толық
емес екенін анықтау қажет. Баланың іс әрекетіндегі кемістіктің
себебін анықтау өте маңызды, қандай жағдайларда кемістік
байқалатынын бақылау, сонымен қатар, зерттеу қорытындыларын сапалық
талдау жағы да өте маңызды болып табылады. Мұндай талдау балаға
берілген тапсырманы орындау процесінде оның мінез – құлқы мен
іс–әрекетінің көлеміне, сапасына көңіл аударуды талап етеді (шешім
қабылдау, тапсырманы орындау тәсілдері қателерінің түрі, өз
қатесіне көңіл аударуды т.б.).
Осы әдістердің барлығы балалардың психикалық әрекеттерінің
динамикалық ерекшеліктерін (тынысының бұзылуы, төзімділігі, жылдамдығы
т.б.) анықтауға көмегін тигізеді. Зерттеу қарапайым деңгейде
байқалады ма немесе психикалық әрекеттердің жоғарғы деңгейіндегі
бұзылыстарға байланысты ма; осы симптом бірінші рет пе немесе
бұрын байқалып па еді, оның байқалуының себебі бар ма, т.б.
осыларды анықтау түзету жұмысына көмегін тигізеді.
Баланың психикалық – педагогикалық әдістермен зерттеу қажетті
мәліметтерді жинап, оларды талдау арқылы анықталады. Бұл мәліметтер
құжаттарды оқу, балалардың ата – аналарымен әңгімелесу барысында
айқындалуы мүмкін. Ата – аналары баланың жасына, қалыптасуына
байланысты әртүрлі байқалған қиыншылықтарға көңіл аударады. Мысалы
мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу барысындағы кемшіліктері
қынжылтады. Егер эксперссивті сөйлеу ерекшеліктері болса, бәрін түсінеді,
бірақ нашар сөйлейді, сөйлеуге ұялады. Көбінесе шығымдары баланың моторлы
сөйлеудегі кемістіктері (3 жасқа дейінгі ерекшеліктері) болады.
Мектеп жасындағы балалардың ата – аналарын көбінесе балаларының
үлгерімдері, мектеп бағдарламасын меңгерудегі қиыншылықтары
алаңдатады. Осы шығымдар маңызды болады да, қалғандары екінші
орында қалады. Баланың іс–әрекеттеріндегі ерекшеліктерді түсіндіру
педагогикалық коррекциялық шараларды ұйымдастырудағы негізгі шарттар
болып табылады. Осыған байланысты келесі аналитикалық мәліметтерді
білу өте маңызды:
• Онтогенез процесінде баланың психикалық даму ерекшеліктері;
• Тәртібіндегі өзгерістердің білінуі және тәртібінің
өзгеруіне әсер етуші жағдайларды анықтау;
Сапалы анамнез (мәліметтер жинау, зерттеу) баланың дамуы,
кемістігі туралы қажетті мәліметтерді ақпараттарды жинау – зерттеудің
негізгі бөлімі болып табылады.
Психикалық – педагогикалық зерттеуде келесі даму көрсеткіштерін
сипаттаудың маңызы зор.
• Психикалық дамудың әр сатысындағы мерзіміне сәйкестігі
(басталу және аяқталу уақыты);
• Темпі (жылдамдығы, жиілігі), белгілі дағдылардың жиынтығы;
• Спонтандық ерекшеліктері (әр түрлі әрекеттерді меңгерудегі
баланың өзіндік дәрежесі);
• Нәтижелік (тексеру кезіндегі баланың даму деңгейі).
Көрсетілген параметрлер баланың даму ерекшелігін, өзіне қызмет
көрсету, қарым – қатынас жасау, танымдық әрекеттерін зерттеген кезде
таладанады.
Жоғарыда көрсетілген зерттеулер нәтижесі дифференциалды –
диагностикалық мәліметтер далуға ғана емес, түзету жұмыстарын
жоспарлау үшін де қажетті.
Тіл мүкістігі бар балалармен жұмыс істеудің үлгісін төмендегі
мысалмен қарастыруға болады.
Баланың анамнезі бірқатар психологиялық ауытқулар әр түрлді
іс–әрекеттердің зақымдануымен байланысты екенін анықтайды. Әрі
қарай баланы зерттеу жұмысын жалғастыру қажет.
Зерттеуді шартты түрде 2 сатыға бөлуге болады:
1. Баланың іс–әрекеті мен тәртібін анықтау.
2. Эксперименттік әдістер арқылы тексеру жүргізу.
Жұмыстың бірінші сатысының міндеті: дамудың жалпы сипатын
зерттеу мақсатында баланың психикалық әрекеттерінің жағдайын бақылау.

Бақылау процесінде баланың сыртқы көрінісі қалыптасқан, оның
қарым-қатынасы, тексеру жағдайындағы реакциясы, әрекеті мен ынтасы
бағыты, басқа іс-әрекеттеріне көңіл аудару; демалу уақытын қалай
қолданады; істі сөйлей жүріп істей ме, жұмыс кезінде көңіл-күйі
қандай; т.б. Осы мәліметтерді білу келесі жұмыс сатысын жүргізуде
өте маңызды. Осы сатыда психикалық даму ерекшеліктерін де айқындауға
болады. Мысалы, есту қабілетінің тұрақсыз екені байқалуы мүмкін.
Кейбір балалардың іс-әрекеттеріндегі ретсіздік басқа нәрсемен назар
аударумен, ұшқалақтықпен үйлесіп отырады, егер істеген істеріне
үлкедер тарапынан көңіл аударылмаса, іс-әрекеттерін жиі нәтижесіз
ауыстырып отырады.
Бас ми жарты шарларының қыртыс қабатында орналасқан қозғалу
әрекетін басқаратын арнайы бөліктеріндегі жетіспеушілік, балаларда
алғашқы сөйлеудің бұзылуына әкеледі де, қолмен жасаған іс-әрекетке
көңіл аудара алмай, сөйлеу және басқа істеріне баға беру қиынға
соғады. Егер сөйлеу бағыты сенсорлы сипат алса, тәртібі де
өзгереді (қозғалысы жай, эмоционалды тұрақсыздық байқалады).
Психикалық дамудағы жетіспеушілік симптомдары көп мағыналы, олар
әртүрлі синдромдарға кіруі мүмкін.
Тексерудің 2 сатысы – әр түрлі экспериментальді тапсырмалардың
көмегімен психикалық процестерді тереңірек зерттеу.
Ең алдымен мимикалық, сенсоперцептивтік процестердің сөйлеу
және ойлау қабілеттерімен байланысты қарастырылады. Сонымен қатар
жоғары психикалық функциялардың қалыптасу деңгейін анықтауға ерекше
көңіл бөлінеді, дамудағы кемшіліктердің себептері мен оның салдары
және олардың арасындағы өзара байланыстар қарастырылады. Қазіргі
кезде логопедиялық және нейропсихологиялық ғылыми әдебиеттерде
сөйлеудегі кемшіліктердің коррекциялық көрсеткіштері туралы
материалдар көптеп көрсетілген.
Сөйлеу, көру қабілеті бұзылған балаларда ұзақ уақытқа дейін
қабылдау төмен деңгейде болатыны анықталған. Бұл – нақты фрагментті
және ситуациялық қабылдау жағдайында байқалады және соңында талдау,
қорыту деңгейі төмендегені де айқындалады. Сөйлеу және арнайы
қабылдау қабілеті бұзылған балаларда, жаңа сапалы танымдау әрекеттеріне
өту, белгілі бip жасқа дейін қиынға соғады.
Зерттеу қорытындылары, мидың сейлеу және сенсорлы
байланыстарының дұрыс қалыптаспағанын айқындайды. Бұл қортынды тәжірибелік
логопедия да өте маңызды, өйткені бұл жағдайда баланың тілін ғана
емес, көру қабілетін де зерттеуді талап етеді.
Эксперименттің келесі мідеті – жазба мүшелерін, арифметикалық
білімдері мен дағдыларын зерттеуді қажет етеді, баланын оқу материалдарын
қалай меңгеретінін бағалауға мүмкіндік туғызады. Тексеру барысында
баланың оқу процесінде пәндерді меңгеру ерекшеліктерін және
оқыту кезіндегі қиыншылықтардың себебін, сипатын анықтайды. Баланың
даму деңгейін анықтау үшін әр тапсырма турлы варианттарда
беріледі, бipaқ бұл кезде мыналарды еске алу керек:
- тапсырманың дәлдігі;
- материалдық көлемі
- тапсырманы орындау процессінде балада көрсетілген көмектің
түрі және осы көмектің көлемі, дәрежесі (ұйымдастырылған көмек,
нақты түсіндірме т.б.).
• Есту қабілетінің тұрақсыздығы болса (ұйымдастырушы жағдай жасауы,
кемек көрсетyi, баланың ден қою концентрациясын қамтамасыз етуi
керек);
• Семантикалық факторлар әсерінен сөйлемді дұрыс меңгеруі, мағынасын
түciнyi мүмкін емес;
• Окустикалық – гностикалық қиыншылықтар. Нұсқауларды дұрыс түсінбейді,
бала сейлеу ақпаратын дұрыс қабылдай алмайды.
Тапсырманы өз бетімен орындауға мүмкіншілігі бар ма және
әрекетінің нeгiзгi тәсілдері қандай, оларды қалай қолданады – баланың
тапсырманы орындау барысында анықталады.
Нейродинамикасы тұрақсыз балалар дұрыс әрекет стратегиясын
таңдап алуы мүмкін, бipaқ кейбір операцияларды дұрыс орындамауы,
қателер жiбepyi немесе ұзақ уақыт жұмсауы мүмкін. Кейде үлкендер
көмек берген жағдайда бала тапсырманы орындау тактикасын өзгертуі
мүмкін, бipaқ бipaз уақыт өткен соң селқостық байқалады. Бұл
баланың жаңа ic–әрекет тәсілдерін меңгергені дәлелдейді, бipaқ
тапсырманы орындау кезінде бip тәсілден екінші
тәсілге қиыншылықпен кешедг Сонымен тапсырманы орындау тәсілдеі мен
эрекеттерппц тактикасын мен стратегиясыньщ ерекшел1ктер'те корытынды
жасауга болады. Тапсырманы сапалы орындауга эсер етет'ш жагдай -
эксперимент процесшде улкендердщ кемегш колдану болып табылады. Осы
жагдайга талдау жасау, баланьщ потенциалд1 мумкшшшктерш аныктауга
байланысты болады.
Көңіл аударатын тағы бip маңызды критерий үлкендер кемегінің мөлшері
мен сапасы болып табылады. Көмек аз керсетілсе, онда баланың сезімталдығы
жоғары болғаны. Баланың ic ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫС БҰЗЫЛЫСЫН ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінде жүйелі кемістіктерді жоюдың әдіс – тәсілдерін талдау, логопедиялық сабақтарда тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін өңдеу
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамыту
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулары
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Дағдарыс жағдайларындағы психикалық өзгерістер туралы ақпарат
Аффект
Сөйлеудің онтогенез бен филогенездегі дамуы.
Пәндер