Сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілер
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
ІІ. Пунктуация туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ. Тыныс белгілердің түрлері мен
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ...
а) нүкте;
ә) сұрау белгісі;
б) леп белгісі;
в) көп нүкте;
ІV. Бастауыш кластарда сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілерді үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
а) нүкте;
ә) сұрау белгісі;
б) леп белгісі;
V.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
VI Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылыми негіздері ана тілі арқылы
жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой- өрісін, тіл байлығын ауызша және
жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы
жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын
жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларын еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті
қойылып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс, қатесіз жазуға үйрету жұмысында
көзделетін негізгі мақсат – олардың қате жібермей, сауатты жазу дағдысын
қалыптастыру. Ал жазбаша жұмыстарында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу
сауаттылықты арттырады, әрі сөйлемді дұрыс құруға көмектеседі. Тіліміздегі
сөздер синтаксистік қызмет атқару үшін, сан алуан байланысқа түседі. Сол
байланыстарды мағыналық жағынан дәл ажыратып тұратын – тыныс белгілері.
Сондықтан тыныс белгілерін оқудың нотасы дейтін себебіміз де сондықтан.
Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән интонациасы болатындығы белгілі. Ал,
керісінше, тыныс белгісі қойылуға тиісті емес жерге де интонация мен
үзіліс (іркіліс) жасалады. Тыныс белгісі мен интонацияның, үзілістің сай
келетін жерлері де бар.
Жазғанды, айтқанды ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді әр
уақытта естен шығармаған жөн. Айтайын деген ойды оқырманға дәл де нақты
жеткізу үшін әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі ой мен сезімге бірдей дөп тиіп
жатуы керек.
Сөздерді дұрыс орналастырып жазғанымен, тыныс белгілерімен дұрыс
бөліп жазбасаң, айтайын деген ой дұрыс берілмейді. Қате түсінуге ықпал
етеді.
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде
жазылған алғашқы еңбектердің бірі- Ш. Сарыбаевтың Сөйлемде үтірдің
қойылатын орындары туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар
тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі
интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп
көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рольін
бағалауы дұрыс. Дегенмен автор мұнда тыныс белгілерін тек интонацияға ғана
байланыстырып қарап, мәселені бір жақты шешеді, интонация пунктуациялық
негіздердің бір түрі ғана екені ескерілмейді. Ш. Сарыбаевтың екінші
мақаласы – Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасында қойылуға тиісті сызықшаға
арналған. Автор бұл мақаласында сөйлемнің бастауышын сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелерінен ажырата білу керектігіне, яғни бастауыштың басқа бір
мүше, мәселен не анықтауыш, не басқа бір тұрлаусыз мүше ретінде танылу
қаупі болса, ондай бастауыштан соң сызықша қойып жазу қажеттігіне көңіл
бөлген.
Тыныс белгілері жөнінде С. Жиенбаевтың шағын көлемді екі мақаласы
бар. Оның екеуі де Тыныс белгілер деп аталады. Автор бірінші мақаласында
жалпы тыныс белгілерінің маңызына тоқтала келіп, үтірдің қойылатын
орындары туралы ережелер береді. Автордың өз сөзімен айтқанда, олар
мыналар: араларында демеу жоқ бірнеше мүшелердің үтірмен
ажыратылатындығы, тектес мүшелер арасында я, немесе, сияқты демеулер
тұрса да, үтір қою керектігін, ал тектес мүшелер арасында мен, және,
тағы да т.б осы тәріздес жалғау, демеулердің бірі қолданылса, олардан
соң үтірдің қолданбайтындығы; қаратпа, қыстырма, оңашаланған, мүшелерді
сөйлемнің басқа мүшелерінен, үтір арқылы бөлу қажеттігін сөз етеді.
Х. Басымов Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік деген
мақаласында тыныс белгілерін дұрыс қоюының негізгі граматикалық құрылыс
және дауыс ырғағы делінеді. Алайда, автор бұл дұрыс пікірін тереңдетіп,
нақты дәлелденкіремеген. Мақалада сұрау мен леп белгілерінің қойылатын екі
жағдайы ғана сөз етіледі.
А. Нұғмановтың Пунктуацияның бір мәселесі деген мақаласында
бастауыштан кейін қойылуға тиісті интонациялық сызықша жөнінде айтылады,
дегенмен, бұл-ұшқары, бір- біріне қайшы пікірлері көп мақаланың бірі.
Бұлардан басқа Пунктуацияның кейбір мәселелері, Сызықша туралы
түсінік, Қазақ жазбасында тыныс белгілерін қолдану тарихына қатысты
соңғы деректер сияқты мақалалар жарық көрді. Бұл мақалаларда
пунктуацияның теориялық мәселелері сөз етіледі.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар шығаруға болады.
Аталған мақалалар қазақ тілі пунктуациясының әр түрлі
мәселелерін баяндауға арналған. Сондықтан олардың тыныс белгілері жан
жақты зерттелмеді, қазақ тілі пунктуациясының ерекшеліктері толық
қамтылмады деп кінәлау орынсыз болар еді. Мұнда пікір қайшылығы,
ескірген ережелер де кездеседі. Тыныс белгілері жөнінде жазған осындай азды-
көпті мақалалар қазақ тілі тыныс белгілерін әлі де зерттей түзеу керек
екендігін аңғартады. Әсіресе бастауыш сыныптарда тыныс белгілерін игерту
мәселесі әлі де зерттеу обьектісіне айналмай отыр. Міне сондықтан біз
Бастауыш сынып оқушыларына пунктуацияны меңгертудің жолдары деген
тақырыпты таңдап алдық.
Диплом жұмысының міндеті:
Озат ұстаздардың іс – тәжірибелеріне, ғылыми әдіскерлердің еңбектеріне
және өзіміздің мектептерде жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесіне
сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін түсіндірудің ,
меңгертудің тиімді жолдарын анықтау;
- Сөйлем соңына қойылатын нүктені меңгертудің тиімді әдіс- тәсілдерін
белгілеу;
- Сөйлемнің соңына қойылатын сұрау белгісін мектептердің тиімді әдіс
тәсілдерін айқындау.
- Сөйлем соңына қойылатын леп белгісін үйретудің тиімді жолдарын
белгілеу;
Зерттеу обьектісі Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы, Ықылас
Темір ауылындағы М.Х. Дулати атындағы орта мектебінің бастауыш
сыныптарында жүргізілді.
Диплом жұмысын жазудағы мақсат:
Мектептерде пунктуацияны меңгертуге ықпал ету, бастауыш сынып оқушыларының
тыныс белгілерін дұрыс қоюын қалыптастыруда тиімді әдіс -тәсілдерін жүйеге
түсіріп, мектеп мұғалімдеріне ұсыну.
Диплом жұмысын жазуда мынандай ғылыми- зерттеу әдістері негізге
алынды:
- пунктуацияны дұрыс қоюын қалыптастыруға арналған ғылыми -әдістемелік
еңбектерге талдау жасау және қорытындылау;
- озат ұстаздардың іс – тәжірибелерін жинақтау;
- бақылау, анкета, тест, әңгіме әдістері;
- Эксперимент жүргізу
а) констатациялау эксперименті,
ә) оқыту эксперименті,
б) қорытындылау эксперименті
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау және қорытындыдан тұрады.
ІІ Пунктуация туралы жалпы түсінік
Пунктуация – латынның “пунктум” деген сөзінен алынады. Оның
бастапқы мағынасы нүкте. Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің
құрамын, атқаратын қызметтерін, білдіретін мағыналарын және оларды қолдану
ережелерін зерттейді. Тыныс белгілер графикалық шартты белгілер болып
табылады. Әріп сөздің және оның формасының жеке дыбыстарын (бағалайды)
таңбалайды. Сондықтан ол сөздің бір бөлшегі, жеке бір элементі болып
есептеледі де, лексика мен морфологиялық байланыста болады. Ал пунктуация
жеке дыбыс түгіл, тұтас сөзбен де беруге болмайтын күрделі ұғымды
білдіреді. Мағыналарының күрделігі жағынан алғанда, тыныс белгілері жазу
тілінің көнерек заманында қолданылған мектографиялық немесе идеографиялық
белгілер тәріздес. Қолдану орны жағынан алғанда, тыныс белгілері, әріп
сияқты, сөзде емес, сөйлесуде, сөйлемде қолданылады. Сөйлеудің, сөйлемнің
қандай бөлшектерден құралғандығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен,
қандай сөзбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын
байқату қызметін атқарады. Сондықтан пунтуация сөйлеуге сөйлемге, яғни
синтаксиске байланысты қолданылатын категория болып табылады.
Пунктуация - ойдың, пікірдің, ой қорытындысын дұрыс оқып,
түсінудің құралы. Тыныс белгілерінсіз жазылған тексті оқығанымыз бен ондағы
мағыналарды толық түсінбес едік. Бір бірінен тыныс белгілері арқылы
ажыратылмаған, бөлінбеген сөздер мен сөйлемдер мән мағынасын күңгірттеніп,
ойды айқын білдіре алмас еді.
Мысалы:
“ Ақан қарт ақынға таңдана қарады” деген сөйлемді алайық. Мұнда
тыныс белгісі қойылмағандықтан қарт сөзі кімге тән екені түсініксіз болып
тұр. Ақан қарт сөзінен соң үтір қойсақ, Ақанның қарт екенін жеңіл
түсінеміз. Айталық ой ешқандай күмән келтірмейтіндей түсінікті және айқын.
Тыныс белгілері жазу тілінің өркендеуімен, баспа ісінің дамуымен
тығыз байланысты. Жазба тілінен келтелеу дамыған категория. Жазудың
алғашқы дамыған пиктографиялық және идеографиялық түрлерінде тыныс
белгілерінің қажетсіз болғаны мәлім, өйткені онда жеке сөйлемге жеке
сөздерге сараланбаған болатын.
Жазу тілінің, әсіресе баспасөздің дамуына байланысты тыныс
белгілеріне деген қажеттілік талап етіледі.
Жазушы, журналистің жазған пікірін оқуға оңай, түсінуге жеңіл
болу үшін сөйлемді түрлі ықшамды бөлшектерге бөлу, әр бөлшектің бір
–бірімен мағыналық қатынастарын көрсету қажеттіліктері туды. Сол
қажеттіліктен келіп, тыныс белгілері пайда болады.
Тіліміздегі пайдаланып жүрген тыныс белгілердің түрлері де,
атқаратын қызметтері де әр түрлі. Оларға байланысты заң, ережелер бірте-
бірте дамып жетіліп отырған. Сонау біздің эрамыздағы V-VII ғасыр шамасында
жазылған Орхан – Енисей жазуларында кейбір сөзден кейін қос нүкте
тәріздес белгі, кейбіреулерінен соң төрт нүктеден құралған ромбик сияқты
белгі қойылып отырған. Ғалымдардың пікірінше бұл тыныс белгілер басты
атқаратын қызметі сөйлеуді тек әр түрлі мәнді бөлшектерге бөлу ғана
болғандықтан, бөлуші белгілердің атқаратын қызметі жағынан қазіргі
белгілерден анағұрым өзгеше екендігін дәлелдейді.
Пунктуацияны пайдалануда болсын, қолдануда болсын, оқып тануда
болсын жалпы адамзат қабылдаған заң, ережелер басшылыққа алынуы тиіс. Егер
мұндай болмаған жағдайда тыныс белгілері өзінің қатынас құралдың қызметін
атқара алмайды.
Пунктуация - сөйлемдегі ойды, пікірді оқушыға жеткізу үшін
қолданылатын графикалық шартты белгі ғана. Сондықтан қай тыныс белгісін
қалай қолдану керектігі сөйлемнің мағыналық структуралық ерекшеліктеріне
байланысты.
Өйткені тыныс белгісі сөйлемнің мағыналық, структуралық
ерекшеліктерінен туады.
Мысалы:
- Асан үстінде екен, - деді біреу жүгіріп келіп.
- Қалима ше?
- О да үйінде (С. Мұқанов)
Бұл мысалда көріп отырғандай, бірінші сөйлеммен үшінші сөйлем
хабарлы мәнде айтылып, екінші сөйлем сұрау мәнде айтылып тұр. Бірінші
сөйлемде төл сөз бен автор сөзінің ара жігіне үтір мен сызықша қойылса,
үшінші сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Ал екінші сөйлем тыңдаушыдан жауап
беруді талап етіп тұрғандықтан сұрау белгісі қойылып тұр.
Бүгінгі таңдағы тілдерде пайдаланылатын тыныс белгілеріне тән
тағы бір ерекшелік олардың интернационалдығы. Сондықтан тыныс белгілердің
білдіретін мағынасы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да тілдердің
басым көпшілігінде біркелкі болып келеді. Айырмашылықтар да кездеседі.
Мысалы:
Араб тіліндегі тыныс белгілердің қазақ тіліндегі тыныс
белгілерден айырмашылығы екеуінде ғана: үтір мен сұрау белгілері теріс
қойылады:
Қазақша үтір -, арабша - , : қазақша сұрау белгісі-? арабша -?.
Қазақ тілі пунктуациясы кенжелеп дамыды. Ал пунктуацияның
тууына, оның дамуына ең алғашқы қажеттілік баспасөз, кітап бастыру болып
табылады. Қазақстанда тек кейінгі кезде ғана етек алып дами бастады.
ІІІ Тыныс белгілері түрлері мен функциялары
Бүгінгі таңда қазақ тілінің пунктуациясы ғылыми негізде
қалыптасқан, тұрақты жүйеге келтірілген, әрқайсысының қолданылатын
орындары, атқаратын функциясы мен білдіретін мағыналары айқындалған.
Графикамыздағы тыныс белгілерінің басым көпшілігі бірнеше түрлі қызмет
атқаратын көп мағыналы белгілер.
Мысалы:
- Болат, “Ботакөз” романын оқыдыңыз ба? Бұл сөйлемнің соңынан
қойылған сұрау белгісі мағынаны білдіріп тұр.
Біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын, екіншіден, сөйлемнің сұрау
мағынада, жауап күту мағынасында екендігін білдіріп тұр. Үтір қаратпа
сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұр.
Мына мысалдарға көңіл аударайық .
1. Ауыл сыртында Алуа атты шалқар көл бар, көлдің әр тұсынан су ағар
жыралар кеп қосылады. ( С. Мұқанов) .
2. Бірақ , апа, осы екі балаңды адам етем (М. Әуезов).
3. Ақ үйдің ішінде Ермекбай, Сайлаубектерге Шолпан қымыз сапырып беріп
отыр.
4. Ей, сәлемің қайда жолыққанда?
5. Рас менің байқауымша, сіздің халық-ақын, халық деген мысалдардағы
үтірдің әр сөйлемде атқарып тұрған қызметі әр басқа: біріншіде екі жай
сөйлемді бір -бірінен бөліп тұрса, екіншісінде қаратпа сөзді сөйлемнің
басқа мүшелерінен бөліп тұр; үшінші сөйлемде біріңғай екі мүшені бір
-бірінен бөліп тұрса, төртінші де одағай сөзді, ал соңғысында қыстырма
сөзді бөліп тұр. Осындай тәріздес қызметті қазақ тіліндегі тыныс
белгілерінің басқа түрлері де атқарады.
Болатбек деген жігіттің үйін білесіз бе? деген сөйлемдегі сұрау
белгісі екі түрлі қызмет атқарып тұр біріншіден, сөйлемнің аяқталғанын
білдірсе, екіншіден, сұраулы сөйлем екендігін білдіреді.
Осы мысалдардың нәтижесінен көріп отырғанымыздай,
графикамыздағы тыныс белгілерінің басым көпшілігі- бірнеше қызмет атқаратын
көп мағыналы белгілер екендігіне көзіміз жетеді.
Тыныс белгілердің түрлері мен функциялары қазіргі таңдағы қолданып жүрген
тыныс белгілері сан жағынан онша көп емес. Ұзын сала он шақты ғана. Олар
негізінде
1. Сөйлемнің соңында келетін тыныс белгілер;
2. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілер болып екіге бөлінеді.
Бастауыш клас бағдарламасында сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерге
мән беріліп, оқушылардың осыларды толық та терең игеруіне, автоматты
дағдылануына көңіл бөлінеді. Сондықтан біз бұл дипломдық жұмысымызда
оқушыларға жоғарыда айтылған тыныс белгілерді машықтандырудың әдіс
-тәсілдеріне тоқталамыз.
Біршама тиянақты ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден
кейін олардың білдіретін мағына пікірлеріне, айтылу сазына байланысты
нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сондықтан тыныс белгілерінің
бұл үш түрін сөйлем соңында келетін белгілер болып есептеледі.
Сөйлем соңында келетін тыныс белгілердің әрқайсысы екі түрлі
мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі – сөйлемнің
аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі-
сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Бұл екі
функция - сөйлем соңында келетін тыныс белгілерінің қай- қайсыларының да
ең негізгі қызметтері. Сонымен бірге, олардың кейбіреуі кейде сөйлем ішінде
тұрып та атқаратын қосымша функциялары мен қосымша мағыналары болады.
Бастауыш кластарда бұл қосымша қызметтері пән бағдарламасында
көрсетілмегендіктен диплом жұмысында тоқталмаймыз.
1. Нүкте. Нүктенің басты атқаратын қызметінің бірі сөйлемнің
аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрса,
екіншіден, ол сөйлемнің хабарлы сөйлем екендігін білдіреді.
Мысалы, Аспанда алақандай бұлт жоқ .
Қазір тал түс, жер беті аппақ ( Ғ. Мұстафин).
Жалма – жан тұра сала далаға шықсам,
түс болып, күн ыси бастаған екен. (Б. Майлин).
Жоғарыдағы мысалдарда жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де бар.
Олардың барлығы да хабарлау, баяндау, суреттеу түрінде айтылады.
Әрі қарай кең түрде баяндауды ескеретін сөйлемнен кейін қос нүкте қойылмай,
нүкте қойылады. Бұл баяндаудың өзі бірнеше сөйлемдерден құрылады, көбінесе
жаңа жолдан басталып жазылады.
Мысалы:
Мен іркіліп қалдым. Оның себебі төмендегідей еді.
Адамқұлды мен бірінші рет көтерілістің алғашқы күндерінде көрдім. О
кезде таныса қоюға уақыт болған жоқ . (Адамқұл дегеніміз “осы” дегенге
дейін әрі қарай бір бетке жуық созылады). ( С. Мұқанов).
Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін
нүкте (кейде нүктелі үтір) қойылады. Егер санамаланып айтылған біріңғай
сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүкте қойылса, әрқайсысы бас әріптен
басталып жазылады. Мысалы: Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ қасиеті
болады:
1. Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін
бұзады.
2. Сілтілер майларды сабынға айналдырады.
3. Сілтілер ерітінділерінде лакмустың және фенолфталеиннің түсі
өзгереді.(химия оқулығынан).
Нүкте, сонымен қатар, ерекше екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлемдерден,
жауап алу үшін айтылмаған, бірақ сұраулық мәні бар сөйлемдерден кейін де
қойылады.
Мысалы:
Қазір аттаныңдар да, күн батқанша оралыңдар. Малқардың келіні
еркімен отыр ма, зорлықпен отыр ма оңашалап сұраңдар. Егер зорлық пен
отырса, күйеуімен қосып, осында алып келіңдер. ( Ғ. Мұстафин).
Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілердің қай қайсылары болса да,
сөйлемнің құрлысына қарай қойылмайтыны сияқты, нүкте қоюда да сөйлемнің
құрлыс ерекшіліктері ескерілмейді, тек мағыналық жағы, айтылу сазы
ескеріледі. Сондықтан нүктемен бөлінетін сөйлем құрлысы жағынан алуан
түрлі ( жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жай, құрмалас) бола беруі
мүмкін.
Нүктенің негізгі функциясымен бірге ( сөйлемнің
аяқталғандығының және оның мағыналық ерекшелігінің көрсеткіші оның
қосымша функциясы да бар. Олар мыналар:
1.Драмалық шығармаларда әркімнің сөзінің алдында сол сөздің иесі болып
табылатын кейіпкердің аты – жөні келтіріледі де, олардан кейін әрдайым
нүкте қойылады.
Мысалы: Петр, Бұл немене? Амангелді. Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір
кезек келген сияқты. Кейіпкердің атынан кейін ремарка ( автордың түсіндірме
сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған
жақшадан кейін қойылады.
Мысалы:
1. Амангелді (атып тұрып) кешігіп қалыпсыз, мырза! ( Ғ. Мүсірепов)
2. Сәуле (аз уақыт ойланып). Перизат, сен байқайсың ба? ( Ә. Әбішев).
Пьесадағы кейіпкердің сөзінің ішінде келген ремаркаға байланысты
тыныс белгісі былайша қойылады:
а) Ремарка екі сөйлемнің арасында тұрып, өзінен кейін айтылған сөйлемге (
не сөйлемдегі) байланысты болса, кейіпкер сөзінің ремаркаға үстіңгі
сөйлемнен кейін ( яғни ашылатын жақшаның алдынан) сол сөйлемге тиісті тыныс
белгісі қойылады. Ремарка жақшаға алынады да, бас әріппен басталып
жазылады, жабылған жақшаның ішінен нүкте қойылады, жақшаның сыртынан
ешқандай тыныс белгісі қойылмайды; кейіпкер сөзінің екінші бөлігі бас
әріппен басталып жазылады.
1. Петр. Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді. ( Аманкелдіге) Сен бара тұр,
мерген бір айналып соғарсың (Ғ. Мүсірепов).
2. Тембр. Еһ, тентек қарындасым! (қол алысып). Ризамын жаным, бәрін де
естідім (Ә. Әбішев).
3. Ремарка кейіпкер сөзінің ішіндегі бір сөйлемнің арасында болса, және
мағына жағынан соған тікелей қатысты болса, жақшаға алынып, кіші әріппен
басталып жазылады, жақшаның алды- артына және ішіне ешқандай тыныс белгісі
қойылмайды. Кейіпкер сөзінің ремаркадан кейінгі жалғасы кіші әріптен
басталып жазылады.
Мысалы:
Аманкелді. Жоқ, қарағым, ескі еншіден құтылғалы келдік де, бірақ
(әйелдерге жақындап) жаңа еншіні тізе бүгіп, жалынып сұрап аламыз ба?
(Ғ. Мүсірепов).
Кейіпкерлердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ, автордың түсінігі
ретінде айтылған ремаркадан кейін, көбінесе, жақша ретінде ішіне нүкте
қойылады.
1. Мырқал. Інісі бар болсын! Менде Абзалдан басқа іні бар ма? (Телефон
шырылдады).
(Ә. Әбішов).
2. Қозы, кіре бер шатырға. Күткенін ескертуім керек . (Баян шатырға
кіреді.. Қозы Қодарға келеді). Амандық ағадан емес пе еді, Қодар мырза!
( Ғ. Мүсірепов).
Ескерту. Мұндайда нүкте жақшаның сыртына қойылуы да мүмкін.
Цитаттың, келтірілген мысалдың қайдан екенін, иесін көрсететін сөздер
жақшаның алдында ешқандай тыныс белгісі болмаса, жақша жабылған жерге нүкте
қойылады.
Мысалы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға (Абай). Егер ашылған жақшаның алдынан
нүкте, сұрау белгісі, леп белгісіне көп нүкте тұрса, нүкте жабылатын
жақшаның ішіне қойылады.
Мысалы:
1. Егер жау берілмесе, оны құртар болар! (М.. Горький).
2. Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы. ( Жамбыл).
Бас әріптермен немесе басқа буыннан шартты түрде қысқартылып
алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма тағы басқа аттарының сол
қысқартылған әрпінен не буыннан соң нүкте қойылады. М. Шаханов, М. Әуезов,
С. Мұқанов, І. Жансүгіров, шығармашылығының І- том.
Тағысы тағы, тағы сондайлар , тағы басқа деген сөздер қысқартылып
қолданғанда, олардан кейін нүкте қойылады. Мысалы: т.б., т.с., т.т.
Бұлардан басқа қысқартылып нүкте қойылатын сөздер: ж.-жыл, ғ-
ғасыр; сек- секунд; мин-минут; сағ- сағат.
Санамалы номерді ( ол номердің алдынан кей жағдайларда белгісі
тұруы да мүмкін). Белгілейтін, айшықсыз, жарты жақшасыз қолданылған цифр
не әріптен кейін нүкте қойылады.
Мысалы:
Ш. Уалиханов өзінің қарқаралы округы болысының қыстаулары атты
мақаласында кісі аттарынан қойылған микротопонимдердің әрбір руға тәндігін
айтқан.
1. Надан тобықтының қыстаулары: Қошқар, Қазанқап сайы, Көрпетай т.б.
2. Төлеңгіттер қыстауы: Төлеби сайы.
3. Тарақты руының қыстаулары: Матайдыр, Жотан, Тенебай...
( Т. Жанұзақов)
Цифрдан немесе оның орнына алынған әріптен кейін жарты жақша
( айшық) қойылса одан кейін нүкте қойылмайды.
Мысалы:
а) с өзге- дай ,дей ... жұрнақтары жалғануы арқылы...
ә) сөзге- ша, ше жұрнағы жалғану арқылы...
б) секілді, сықылды, тәрізді ... сөздерінің тіркеуі
арқылы ... (Ә.Хасенов. Қазақ тілі оқулығы).
Кітаптағы тақырыптардың атынан кейін нүкте қойылуы мүмкін. Тіліміздегі
қалыптасқан қысқарған сөздер мен қысқартылып алынған ұзындық, ауырлық және
көлем өлшеулерінен кейін нүкте қойылмайды. Мысалы: МТС, Қаз МИ, совхоз,
колхоз, пединститут, Қаз Пи, 50м, 20кг,30л, с.
Сұрау белгісі. сұрақ белгісі де нүкте сияқты негізгі екі түрлі
мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады. Біріншіден, сөйлемнің
аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұрады, екіншіден,
сөйлемнің мағыналық жағынан сұраулы екендігін аңғартады.
Мысалы:
- Күйігің не? О не деген сөзің? Сенде қандай күйін болушы еді?-
деп, Мәкіш Абайға кінәлап та, сынайда қарады. ( М. Әуезов).
Сұраулық мәнін ерекше көтеру үшін кейде біріңғай мүшенің
әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылуы мүмкін. Біріңғай жеке сөздер де
сөз тіркестері ерекше сұрау интонациясымен баса айтылса, олардың
әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады, сұрау белгісінен кейінгі сөз
бас әріппен басталып жазылады.
Мысалы:
1. Жел ме? Аттың жал құйрығы ма? Жылан ба? Әйтеуір бірдемелер айнала
ысылдайды. ( С. Мұқанов).
2. Адам пішіні әрдайым бұған ( Абайға) бір тамаша, өзгеше қызық
сурет тәрізденетін. Ол кей адамның айғыз- айғыз әжімінен, салбыраған
ұртынан, қыртыстанған маңдайынан, бояу оңған көздерінен, алуан сақал-
мұртынан өзгеше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей
болатын. Қына басқан сызаты көп жас па? Я селдір тоғай ма? Не көде, көкпек
пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кейін отыратын адам
мүсіндері болады. ( М. Әуезов).
Ішінде сұраулы сөйлем жасайтын элементтері( ма, ме, ба, пе, па,
пе шылаулары) бар, сәлемдескенде айтылатын сөйлемдерден кейін сұрау белгісі
қойылмайды. Олар тікелей жауап қайтаруды тілемейді, сол сияқты сөздер мен
қайыра сөйлесуді ғана қажет етеді.
Мысалы:
1. сау ма, княз! Жаным неге тұрсың ұқсап бұлтты күнге?
( А. С. Пушкин).
2.Қозы(иіліп). Армысыз, ардақты ата! (Ғ. Мүсірепов).
3. – Есенсіз бе!- деді Асқар Айбалаға кеп, кім екенін
танымай.
(С. Мұқанов).
Кейде жауап қайтаруды тілейтін таза сұраулық мәні бар, бірақ амандасқанда
айтылатын толық сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады.
Мысалы:
- Е Жұмеке ,мал жан, бала шағаңыз түгел аман ба?. Шүкір
аллаға, аман. Өз үй-ішіңіз де есен бе түгел?
- Тегіс есен... (Ғ .Мүсірепов) .
Құрмаласқан жай сөйлемдердің соңғысы сұраулы болса, сөйлем соңынан сұрау
белгісі қойылады.
Мысалы:
Мен қазір кітап оқимын, сен ше? Кейде, көбінесе диологтарда, сұраулы
сөйлем контекске қарай таза интонациямен жасалады, бірақ бұл өте сирек
кездеседі.
Мысалы:
1. – Бер деймін мен саған! – деді урядник, оппа қарға сүріне- қабына
Амантайға жақындап.
- Себеп?- деді Амантай урядникке тізгінді бермей. (С. Мұқанов).
2. - Сіз, Пелагея Ниловна, саудагер Корсуновамен таныссыз ғой?- деді.
- Таныспын. я? (М. Горький).
Сөйлем ішінде ма, ме, ба, бе, па, пе, және соған орай жалғас деп деген
т.б. сөздермен келетін сұрау мағыналы тіркестерден (күрделі пысықтауыштан)
кейін сұрау белгісі қойылмайды, сөйлемнің соңына тұтас сөйлемге тиісті
тыныс белгісі қойылады.
Мысалы:
1. Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты.
2. – Бүркітбай екеуіміздің оңамыз ба жоқ па, сіз барған соң ұялып қала
ма деп ойлап ем. (С. Мұқанов).
Сұраулық мағынасы бар біріңғай сөз тіркестері ерекше интонациямен
айтылмаса, араларына үтір ғана қойылады.
Мысалы:
Желдің суылы ма, оқтың зуылы ма- құлағыңды жанай әлдене ысқырып өтіп
жатады. (С. Мұқанов).
Кейде сөйлем біріңғай сұраулы ғана болмай, оның үстіне лепті
мағынада болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда сұрау белгісіне қабаттаса леп
белгісі де қойылады, яғни екі түрлі белгі тіркесе қойылады.
Мысалы:
- Мұрның құрғыр пысылдаған, не іздеп кетті екен, ә?!
- Айуанға да өкпе жүреме екен?!
- Е, үйтіп жібермек пе едің?!
- Бетім –ау, өмірі екеуі жай деспей келіп, бұнысы несі?!
Бұл мысалдардағы сөйлемдердің ешқайсысы да таза, жалаң сұрау емес, сұрауға
қосымша оларда реніш, кею, таңдану, ашу, кекету бар. Сондықтан мұндай
сөйлемдерден кейін тек сұрау белгісін ғана қою жеткіліксіз.
Сұрау белгісінің жоғарыдағы айтылған негізгі екі түрлі
функциясымен қатар, кейбір қосымша функцияларда да бар. Жазушы біреудің
еңбегінен келтірген цитаттың кейбір сөзінен кейін жақша ішіне сұрау
белгісін автордың цитат иесінің сөзіне түсінбегенін, оның дұрыстығына
күмәнданатынын келмесе, мұнысы несі дегенін білдіреді.
Мысалы:
Екатерина Ивановна отыра қалып, рояльдың баспаларын қос қолдап
басып басып жіберді; онан кейін іле – шала (?) бар пәрменімен тағы басып
жіберді. (Т. Ахтанов).
Цитат иесінің әбден тіліміздегі іле- шала деген сөзді іле- шыға
деп теріс қолдануының дұрыстығына өзінің күмәнданатындығын білдіру үшін
сұрау белгісін қойған.
Леп белгісі. Леп белгісі лепті мағынада айтылған қуанышты,
күйінішті, өкінішті, қорқынышты, өктем бұйрықты, тілекті, таңдануды,
түңілуді, үндеуді, кекесінді, қарғысты сөйлемдерден кейін қойылады.
Сөйлем соңында қойылатын басқа да тыныс белгілері сияқты, леп
белгісі де негізгі екі түрлі мағынасы мен бірнеше функциясы- сөйлемнің
аяқталғандығын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп тұруы болса, екінші
мағынасы мен екінші функциясы- сөйлемнің лепті сөйлем екендігін білдіру.
Мысалы:
1. Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен ау! (С. Мұқанов).
2. Арыстаным келеді- астында қалма!
Жолбарысым келеді жолында тұрма!
Қыраным келеді-көзіне түспе! (Ғ. Мүсірепов).
3. Шіркін, айтушы мен болғанда,
Үнемі ұқтырушы сен болсайшы, Абай. (М. Әуезов).
4. Бірақ ғажап, таң- тамаша:
Жалғыз балық – алтын балық! (А.С. Пушкин).
Бұйыру, өтіну мағынасында айтылып, баяндаушы ІІ, ІІІ жақ бұйрық раймен
жасалған сөйлемдердің соңынан автордың қолдануына қарай не леп белгісі, не
нүкте қойылады. Ондай сөйлемдер ерекше бір көңіл күйіне байланысты
көтеріңкі дауыспен айтылса, леп белгісі қойылады.
Мысалы:
1. Құнанбай таң атар- атпастан бұйрық беріп;
- Малтықбай тез көшсін! Шұбалмасын! Қатар қозғалсын! Қауырт жөнелсін
!деп, қысқа- қысқа әмірді ауыл басы сайын кісі шаптырып айтқызып
жатқан. ( М. Әуезов).
2. Абай айыптап кінәлағандай болып, ақырып жауап берді.
- Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз мына болсыздықты! (М. Әуезов).
Бұйрық, тілек, мәнді сөйлем екпінсіз айтылса, леп белгісі немесе нүкте
қойылады.
Мысалы:
Сендер үйге бара беріңдер. Менде жетемін арттарыңнан. Ішінде
сұраулы сөйлем жасайтын элементтері бар, бірақ ерекше бір (сөзбен) сезіммен
(сүйсіну, таңдану, мақтан ету, тіксіну, қорқу, қобалжу, т.б) айтылған
сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Мысалы:
1. Қаһарланып аттандық:
Қаусаған кәрі дүниеден
Енді тантық қалар ма!
Жамбылдың аты ақын ба,
Жылғадан жылы ақпаса! (Жамбыл).
2. Бірақ жанды аталатын Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды
қимылдата білсең болды. Көтеріп ала жөнелді! Тәттілігі қандай сол
судың! Салқындығы қандай! Мөлдірлігі қандай! (С.Мұқанов).
3. – Электрге, одан атомға жетсе қайтер еді!- деді Жомарт.
4. (Ғ. Мұстафин). Ұран үндеу мәнді сөйлемдерден кейін әрдайым леп
белгісі қойылады.
Мысалы:
Жасасын қазақ жастары! Қазақстан ғылымын өркендете түсіңдер!
Леп белгісі қойылатын сөйлемдер құрлысы жағынан алуан түрлі
болады, ол бірнеше жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем болуы да мүмкін,
оқшауланып айтылатын жеке бір қаратпа немесе одағай сөз болуы да мүмкін.
Леп белгісі меншікпен қатар азды- көпті сұраулық та мағынасы бар
сөйлемдерде сұрау белгісімен қабаттаса да қолданылады.
Леп белгісінің негізгі функциясымен бірге қосымша функция да
қолданылады. Сұрау белгісі сияқты, леп белгісі де кейде төл сөздің кейбір
сөзінен кейін жақша ішіне алынып қолданылатыны болады. Ондай леп белгілері
автордың цитат иесінің сөзіне таңданғандығын, оған өзінің қосымша
қосылмайтындығын немесе оқушының назарын аударғысы келетіндігін байқатады.
Мысалы:
Өзі аса тірі. Екі тізесі аттың екі құлағын қағып (?) келеді.
Жалмұрат кірпігі жыпылықтап, бөксе жағы қыпылық қағып (!), жер шұқылап
қалды. Балықшылар жарыла (!) күлді. Оның сөзіне Федоров та ысығып (!)
қалған сияқты деп жазады Ә. Нүрпейісов. ( Жұлдыз журналынан).
Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін екі белгі қабат
қойылады. Сұраулық мәні басым болса, әуелі сұрау белгісі, кейін леп белгісі
қойылады. Егер лептік мәні басым болса, әуелі леп белгісі, соңына сұрау
белгісі қойылады.
Мысалы:
1. Кешіре көр балық тақсыр,!
Не қылмақсың бұл ессізге?!
( Пушкин).
2. Отаным, еркелегем өзге кімге ?
Өзіңмен нені болсын көргем бірге !
Қалайша қабырғама батбас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде !?
(Ғ. Омаров).
Көп нүкте. Айтып отырған ой желісі түрлі себептермен ( қысылып сөз таба
алмаушылық, логикалық ойдың бөлінуі, сөйлеп отырған адамның сөзін аяқтамай,
бөліп жіберу т.б. сияқты) үзіліп қалған жағдайда, аяқталған не аяқталмаған
сөйлемнен кейін көп нүкте (үш нүкте) қойылады. Көп нүкте пікірдің
аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп
қалғандығын білдіреді. Көп нүкте көркем шығармалардың кейіпкерлерінің
сөздерінде жиі кездесіп отырады. Оларда негізінде, сөйлеушінің қуанғаннан,
қысылып ұялғаннан сөзі аузына түспей сөз таба алмай мүдіргенін
сасқалақтағанын білдіру үшін, немесе сөз ( таба алмай) сөйлем аралығында
ұзақ кідіріс болғандығын білдіру үшін қойылады;
Мысалы:
1. Жоқ , ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам...
Апа, төсек салып берші, жатқызшы!
(М.
Әуезов).
2. – Он жетіге шықты ғой, - деді шешем. Петруша біздің Настасья
Герасимовна бәйбішенің беті қисайған жылы туған, одан соң әлі...
- Жарайды, деді әкей шешемнің сөзін түгел айтқызбай, - мұны әскер
қызметіне жіберуіміз керек. ( Пушкин ).
3. Жиренше атты байлай сала топқа қарай жүргенде, Абай көзін басып
отыра кетті... Бітті, өлді ... ( М. Әуезов).
Алынған цитаттың ара- қатынасынан сөйлем не сөздер қалдырылған
жағдайда, сол жерге көп нүкте қойылады.
Мысалы:
Сонда бар Қасен ...
- Біз Кадр ... Кадр ... өлкелік мекеме ...
Жауапты қызметкер! – дей беріп еді, келгендер қараған жоқ
( М. Әуезов).
Цитатқа алынған соңғы сөйлем, не біріңғай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz