ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
Жоспар
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І ОҚУШЫЛАР ЖЕКЕ БАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЖЫМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Ұжымның дамау кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы
... ... ... ... ..5-7
1.2 Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекетімен қарым-қатынасын ұжымдастыру
ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..7-11
ІІ ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Оқушылар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды
қасиет
сапалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...12-21
2.2 Оқушылар ұжымының жағдайын зерделеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... .22-24
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..25
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
V.
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .27-28
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ,
келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы
айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай
күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін
тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз
дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге
және ұғынуға тиіспіз".
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени
дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің
басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен
практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту
үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға ,
білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер
бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен
білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және
жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол
жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне,
бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық
бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1. Меншік нысандарына үлгілерімен түрлеріне қарамастан білім беру
ұйымдарының;
2. Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру
бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттарының;
3. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің
дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен
осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - Оқушылар ұжымын зерделеуге қажетті мұғалімнің
кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) анықтау.
Зерттеу жұмысының обьектісі - мектеп оқушыларының ұжымын зерделеуге
қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні - оқушылар ұжымын зерделеудің әдіс-тәсілдері,
мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.
Міндеттері:
1. Оқушылар ұжымын зерделеудің ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін
оқып-үйрену.
2. Оқушылар ұжымын зерделеуге қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын анықтау.
3. Оқушылар ұжымын зерделеудің кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.
І . ОҚУШЫЛАР ЖЕКЕ БАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҰЖЫМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 ҰЖЫМНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ, ОЛАРДЫҢ БІР-БІРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
Оқушылар ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш
ұжымның негізгі түрі - класс, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік
бригадалары, әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы,
олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
8 Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін
шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының,
кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдасты-рушылардың мектеп
коллективінің тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте
басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.
Көп жылғы практика мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар
жататындығына көз жеткізеді:
Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде
мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге
тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-
пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне
айналады. Осы бірлік — коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық
сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.
Мектеп коллективгніц идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп
коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және
пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің
басшылық ролі. Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады:
мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы
көреген болған адамдар — аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-
жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді. Өмір сүруге үйрету - бұл өте күрделі
және өте нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең
ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, бес жылдан кейін не істейтін
болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның
коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани
байлың әкелетінін білу.
Коммунист-педагогтың басшылық ролі. Коллектив, өз ішінде аға жолдастардың
бағыттаушы, басшылық етуші — коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған кө-
регендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді. Егер
коллектив мектеп басшысы — директордың моральдық байлығымен,
интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-
нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол
тәрбиелеуші күшке айналады. Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде
коллективті тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика
мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде
де коллективтің болуы мүмкін емес. Коллективке басшылық ету үшін және оның
жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәрбиешілер әрбір
баланың психикалық, рухани, интеллектуалдык, ерекшелік-терін жақсы білуге
міндетті.
Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасыпдағы,
педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі,
рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара
байыту және үнемі алмасу — мектеп коллективінің міндетті белгілері міне
осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте
ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр
азапқа айналады. Оқу — сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі
болған жерде — оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Коллектив ішінде
идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар
болған жағдайда, коллектив бай, толық мәнді рухани өмір сүреді. Қайталап
айтамын: қарым-қатынастар. Мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен
оқушыларды магнитше тартуға тиісті. Тек осындай жағдайда оқу магнитше тарта
алады.
Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың
өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек класта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы —
партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады),
педагог — мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға
қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп
коллективі тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат
ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және
тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін
адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым
болуға тиіс. Адам - коллектив - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі
міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін,
азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел
тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс
ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл
бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық
мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол
мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ
осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды —
идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ
күрестегі қатынасын тудырады.
Өзіндік ынта, творчество, инициатива коллектив мүшелері арасындағы әр түрлі
қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік:
өзіндік ынта — стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық,
ата-аналар басшылығы болмайынша, коллективте нағыз өзіндік ынта болуы
мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне
идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда. Коллективтің
әрбір мүшесі тәрбие процесіне белсенді қатысқанда ғана нағыз өзіндік ынта,
творчество, инициатива мүмкін болады.
1.2 ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҰЖЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІГІ
Оқушылар ұжымы немесе қарапайым балар мен жасөспірімдердің өз
еріктерімен және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге
ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық
әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым,
оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз
байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.
Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп
әлеуметтік тәжірибеге тартады.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап
қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен
сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда
қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы
А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру
барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.
Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық
әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктерімен
мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс
демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық
жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол
жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық
топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым
тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым
мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге , мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін
ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге
оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және
мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды , мақсатты
жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан
дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым
топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір
ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша
белсенділік танытуы-олардыңұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ.
Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз
беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға “Атамкен”, “Жұлдыз”,
“Болашақ” және басқа ұйымдар жатады. Сынып жетекшісінің оқушылармен
атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы-сынып жиналысы. Онда оқушылар
демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік
принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы – ол оқушылар ұжымында өзін-өзі
басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті-ұым өмірін
ұйымдастыру барысындаоған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай
, оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның
жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім
қабылдау. Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді
тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік
сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б секторларының жұмыс
жоспарын талқылар, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге
сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу
нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті
атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т.б) Сынып
жиналысы- бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау
жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру
жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың
нәтижесін талқылау т.с.с) өткізуі мүмкін.
Ұжым- әрбір мұғалім үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне
айналуы тиіс. Ең алдымен тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір
мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз - өз
жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең
“қиын” оқушыны да адам ете аламын,- дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар
жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші
болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола
білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам – ұжым- қоғам өзара
қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді
қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел
мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты
тәрбиелейтін күшке саналады.
Ұжымдық өмірдің эмоциялық байлығы дегенде жеке адамның еңбек жетістігін тек
өзі ған емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін,
құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз
мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете
білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде
адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете
түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім
бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші

білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.
Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ұжымның оқу-тәжірибе
үрдісіндегі нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны ұстаздардың сөзінуі де ұжым
жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін
теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен
ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды
заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі
болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы
келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы
ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық
билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.
53 Аамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз
өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол — қоғамдық зат. Адам-ның
қоғамдың мәні оның басқа адамдармен қатынас-тарында, байланыстарын-да,
өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір
бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда, оның
материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе,
бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша
араласу процесін, демек, жеке адамның қалыптасу процесін ғалымдар
социализация деп атайды. Өкінішке қарай, социализацияның педагогикалық
аспектісі тиісінше жете егжей-тегжейлі зерттелмей келуі былай тұрсын, тіпті
қаралмай да келеді.
Ал былай алғанда нақ социализация процесі коллективтің тәрбиелеуші күшін
қалыптастыруда аса маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, кол-
лективтің осынау тәрбие күші туралы педагогикалық әдебиетте көбінесе ол
бейне бір дайын күйінде берілетіндей түсінікті оқуға тура келеді.
Коллективтің әлде-қандай фантастикалық күшіне осылай аңғалдықпен сенушілік
мұғалім-дерді көбінесе торығуға әкеліп соқтырады. Бір жағынан, коллективтің
жеке адамға ықпал ету қабілетінің қалыптасуы, өкінші жағынан, жеке адамның
басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуы әрбір
индивидуумның, кейін юоллек-тив мүшесі болған индивидуумның қоғамға қалай
кіруіне байланысты болады. Тәжірибе адамның қоғамға теріс, жарымжан кейіпте
(өкінішке қарай, кейде осылай да болады) кіруі мынаған әкеліп соқтыратынын
дәлелдейді: ол басқа адамдардың тәрбие ықпалына оңай бейімделе қоймайтын
болады, ал кейде басқа балалар үшін қалыпты, тиімді ықпал ету тәсілдеріне
бейімделу қабілетін мүлдем жоғалтады.
Кішкентай нәрестенің өмірінде оның өзі үшін төтенше жақалық ашатын
мынадай кезең де болады: сірә, өзіңнің айқайлаған даусыңмен, жылауыңмен,
аяқ-қолыңды тырбаңдатуыңмен тілегің мен тұтыну қажетіңді өтейтін адамдарға
— анаңа, күтушіңе, әкеңе, әжеңе ыңпал етуге болады екен. Анаң мен әкеңді ең
шұғыл жұмысын қоя тұрғызып, өзіңе жүгіріп келтіруге болады екен. Өзінің
әрбір тілегі бірден-ақ қанағаттандырылатынына, өзінің тілегін қанағаттан-
дыратын адамның қимылын тездету үшін күшті белгі және реттеуші — айқай
екендігіне таңырқап көзі жеткен бала тұңғыш өзімшілдік тілегінің
қанағаттанға-нын сезе бастайды: не тілесем, соның бәрі істелетін болады деп
біледі. Нақ осыдан кейін-ақ қалыпсыз, орынсыз социализация басталады: адам
өзін тиісті жағынан емес, теріс жағынан танып біле бастайды. Коллективтің
болашақ мүшесінің моральдық саулығы, оның тәрбиелі адам болу қабілеті
едәуір дәрежеде нәрестенің жылап-сықтауына ананың қалай қарайтындығына,
баланың алғашқы тілектерінің қалай қанағаттандырылуына және осы тілектердің
негізінде тұтыну қажеттерінің қалай туатындығына байланысты болады. Міне
сондықтан да, тәрбие ісі баланың тұңғыш тыныс алуынан басталатындығын А. С.
Макаренко сан рет атап айтты, ал егер ана ұлын тәрбиелеу ісін алтыншы айға
жеткенде ғана ойлай бастаса, онда ана жарты жыл кеш қалғаны.
Бала тәрбиелеудің қалыпты процесі үшін оның тілегіне қалай қараудың зор
маңызы бар. Баланың — болашақ коллектившіл-азаматтың басқа адамдарға қарым-
қатынасы осыған байланысты болады. Бұлар - әуелі анасына, әкесіне, ал одан
кейін бөгде адамдарға, алыс адамдарға— отандастарына, еңбектес және
қарулас жолдастарына, кездеген мақсатқа, мұратқа жету жолындағы күрестегі
бір пікірлес, одақтас адамдарға деген қарым-қатынастар. Теріс, жөнсіз
тәрбие қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады, мен мұны тілектің бұрмалануы деп
атаған болар едім. Мұның қауіптілігі мынада: бала өзінің саналы өмірінің ал-
ғашқы қадамынан бастап тілек пен тұтынудың айырмашылығын білмейді. Өзінің
кез келген тілегін қанағаттандыру дағдысы басқа адамдардың интеллектуалдық
эмоциялық дүниесіне деген сөзімталдықты әлсіретеді. Егер осы дағды тамыр
жайса, егер бала осы дағдысымен мектепке келсе, онда ол басқа адамдарға
өзінің қалған тілектерін қанағаттаңдыратын негіз ретінде ғана қарайды.
Ойлаған тілегіне қайшы келген нәрсенің бәрін ол жақтырмайды, ұнатпайды.
Мұндай баланың өзін айналадағы дүниенің бір кішкентай бөлігі ретінде танып
білуі барлық нәрсені бір ғана өлшеммен: өзінің тілегімен өлшеуден
басталады. Ал қоғам өміріне дұрыс араласу, дұрыс социализация мына жағдайда
ғана: адам өзінің мен дегенін басқа адамдардың мүдделерімен үйлестіруге
саналы түрде ұмтылған кезде, өзінің талап-тілектерімен қоғам игілігі
мүддбсі үшін қимыл жасауды біліп қана қоймай, соған тырысқан кезде ғана
мүмкін болады. Бейнелеп айтқанда, социализация баланың мынаны сезгенінен
(ал кейін түсінгенінен) басталады: Менің айқайым, менің жылауым анамды
тілегімді төзірек қанағаттандыруға мәжбүр етеді, бірақ осымен бірге ол
анамның жүрегін ауыртады, абыржытады. Балаға жақсы нәрсе анаға зиян болып
тиеді. Жақсылықтың жақсылығы сонда ғана, одан адам жыламағанда ғана
жақсылық болатынын кішкентай балаға сездіру (ал одан кейін түсіндіру де)
керек,— коллективизм тәрбиесінің логикасы мен диалектикасы осында.
Тәрбиешінің нағыз шеберлігі мынада: бала басқа адамның көз жасын көріп, оны
шын жүрегімен қабылдап, тұңғыш рет қайғы, абыржу, әбігерлену сөзімін
басынан кешіргенде ғана көрінеді. Егер, сіздің балаңыз, басқа адамның қайғы-
сын ақылоймен, жүрегімен ұғынып, тұңғыш рет нағыз қайғыны бастан кешіріп
жыласа, сіз осыны көрсеңіз - онда сіз ол баланы социализация соқпағына
дұрыс алып келдім деп біліңіз.
Біз кішкентай баланың социализациясы туралы соншама неге тәптіштеп айтып
отырмыз? Өйткені бұл коллективтің ойдағыдай тәрбие беруінің төтенше ма-
ңызды алғышарты. Бірінші класс оқушылары тобында бес-алты өзімшіл бала
болса, онда мүғалім өз жұмысының алғашқы қадамынан бастап-ақ игере
алмайтындай қиындықтарға кездесуі мүмкін. Тіпті оның коллектив құра алмауы
да мүмкін, өйткені әрбір өзім-шіл - бұл коллектившілдік өзара қарым-
қатынастардың ірге тасына түскен жарықшақ; егер жарықшақ көп болса —
тәрбиеші коллективизм үйін қаншама тұрғызғанымен, ол құлай береді. Топтағы
балалар неғұрлым жас болса, коллективтің жеке адамдарға тәрбиелік ықпалы
соғұрлым нәзік, мейірімдірек болуы керек. Бірінші класта коллективті
және мұғалімнің жеке басын баланың қалай түсінуінің ерекше зор маңызы
бар.
ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ
ҚАСИЕТ САПАЛАРЫ
Елбасы Н.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сөзінде
"Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет ауыр"- деген болатын Мұғалім -жалпы білім беретін оқу
орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын адам.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып, жүзеге асырушы тұлға –
мұғалім.
Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу
қызметін атқаратын адам.
Мұғалім-педагогикалық қызметпен кәсіби тұрғыда шұғылданушы, арнаулы
дайындығы бар адам. Кәсіби тұрғыдан дайындығы жоқ барлық адамдар да
педагогикалық іс-әрекетпен айналысады, бірақ тек мұғалім ғана педагогикалық
заңдар негізінде жұмыс істей алады.
Мұғалімдік қызмет өсіп келе жатқан ұрпақтың тағдырына жауапты.
Мұғалім-бұл байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа
беру және оларды өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттілігі, оқу мен тәрбиені
өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырады. Мектеп ісінің дамуына
байланысты мұғалімдік кәсіптік кең тарап, түрлі типті училищелер мен
мектептерді штабты қызметке айналған. Осылайша мұғалімдік өз алдына
мамандық болып танылды. Мұғалімнің міндеті мен қызметі оның қоғамдық
өмірдегі ролі мен орны қоғамның әрбір даму кезеңінде өзгеріп отырады.
Тәрбие- обьективті , заңды, тарихи процесс, ал, ұстаздық қызмет- соның
субьективтік бейнесі, тәрбиені іске асыратын адамның еңбегі. Алайда; ұстаз
қызметі ұрпақ тәрбиесіне сәйкес келе бермейді. Яғни, ол күрес қарама-
қайшылықтан тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесі қарама-қайшылықтарды
шешуден тұрады. Ұстаздық қызмет пен ұрпақ тәрбиесінің бірлігі мен
ерекшілігі мына төмендегі құбылыстардан тұрады:
- ұрпақ тәрбиесі жоғарыда айтқандай, алғашқы қауымдастықта пайда болса
ұстаздық қызмет құл иеленуші дәуірде өмірге келді. Қоғам мүшелерін
оқытып, үйретіп тәрбиелейтін қызмет керек болды.
- Ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметке қарағанда, ауқымды ұғым. Сондықтан
ұрпақ тәрбиесі ұстаздық қызметтің ықпалында бола бермейді, осы жерде
қарама-қарсылық пайда болады.
- Ұстаз қызметінің негізі жас ұрпақты толық қамтып тәрбиелеп, қоғамның
белсенді азаматы етіп дайындау. Бұл жерде дүниетанымдылығын,
адамгершілігін, тәрбиесін, тәртібін т.б қалыптастыру;
- Тәрбиенің негізгі мақсаты-қоғамның өндіргіш күшін дайындау. Ұстаз
қызметінің негізгі мақсаты- сол өндіргіш күштің жан-жақты дамуына әсер
ету, мүмкіндік беру, дайындау.
- Ұрпақ тәрбиесінің құралы-жалпы қоғамдық қарым-қатынаста, қоршаған
ортадан ұрпақтың өзінің іс-әрекет қимылынан т.б туындайды. Ал ұстаздық
қызмет- кездейсоқ жалпы тәрбие ықпалын сауатты, саналы педагогикалық
жолға салу;
- Ұрпақ тәрбиесінде бәрі ат салысады. Ал ұстаздық қызметке арнайы
педагогикалқы білімі бар азаматтар қатысады.
- Барлық жағдайда ұрпақ тәрбиесінде ұстаз қызметінің алатын орны ерекше.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздық қызметтің өзіндік құрамдас бөліктері болады:
- ұстаздық қызметтің тұлғаны қалыптастыру жолындағы іытің мазмұнын,
мақсаты мен міндетін, бағытын, ерекшелігін айқындау.
- Ұстаз ұрпаққа түрлі ғылыми білім салаларынан мағлұмат беріп,
өндіріспен таныстырып, рухани байлықты игертіп, қоғамдық қарым-
қатынасқа үйрету және қоғамның жақсы азаматы етіп шығару;
- Ұстаздың педагогикалық білімділігі, тәрбиеші ретінде өмірден алған,
тәжірибесі, шеберлігі іштей сөзінуі;
- Ұстаздың қасиеттері: саяси сауаттылығы, жұғымдылығы, көре білу,
қызметті ұйымдастыра білуі, байқағыштығы, еңбекқорлығы, шығармашылық
қасиеті және эстетикалық, этикалық мәдениеті т.б ұстаздарға тән
ерекшеліктері.
Ұстаздың негізгі мақсаты-жас ұрпақты өмірге тәрбиелеу, оқыту, үйрету. Бұл
педагогикалық мақсаттан туындайды. Педагогикалық мақсат дегеніміз-жас
ұрпақты философиялық, экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық,
эстетикалық, биологиялық тұрғыдан қарап, жан-жақты білім тәрбие беріп,
қоғамға қажетті, азамат етіп шығару.
Ұстазға тән кәсіби сапалар:
Педагогтың идеологиялық сеніміне оның өмірге, дүниеге көзқарасының қандай
болып келуі де жатады. Егер мұғалімнің дүниеге материалистік тұрғыдан қарап
түсіндіре алатын болса, өз шәкірттерін, дұрыс тәрбиелей алады.
Педагогтың қабілеті деп-педагог өз жұмысына икемді келіп, шебер болуын
білдіреді.Педагогтың жұмысқа қабілеттілігі білім мен ған бағаланбай, оқу-
тәрбие жұмысында қандай әдіс-тәсіл қолданып, өткізуімен бағаланады.
Педагогтың ұстамдылығы. Ұстамдылық дегеніміз- ашуланбай тек сабырлық
білдіру емес. Бұл қасиет негізінде педагогтық өзін-өзі меңгеріп,
ептілікпен, тәртіп бұзғандарды тәртіпке шақыру. Педагогтың ұстамдылығына өз
сөзін өңдеп айтып , өзін-өзі бақылай алуы жатады. Педагогикалық әділеттілік
пен абырой. Әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді. Бірақ
абырой тек әділетті болып қана қоймай педагогтың өз жұмысына шебер келіп,
көп еңбек сіңіруге де байланысты келеді.
Мұғалімге қойылатын талаптар бірін-бірі толықтырылатын бірнеше іскерлікке ,
қабілетке байланысты.
Ұстаздық қабілеттің түрлері мыналар:
Қолданбалы қабілет - мұғалім өз мамандығына тікелей қатысы жоқ түрлі спорт,
шахмат ойындарымен, көркемөнер, бейнелеу өнері және өнер туындыларымен
айналысмып, оқушыларды қызықтыра білуі тиіс.
Сөйлеу қабілеті- жеке педагогикалық қабілет болып бөлінеді. Көбінесе
қатынас құралы ретінде қарастырылады. Себебі педагогикалық қатынас
хабарлама материалынсыз болуы мүмкің емес . Хабарлау қабілеті оқу тәрбие
процесінің тиімділігін арттыруда шешуші орын алады.
Конструктивтік қабілет- оқу тәрбие міндеттерін шешудің ең үйлесімді
жолдарын іздестіру, оқу мен тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің
мазмұнын анықтау, терең ойлап , педагогтық тапқырлықты дамыту.
Психотерапевтік және перцевтивті қабілет- оқушының ішкі жан-дүниесін тани
білу.
Дидактикалық қабілет- оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу,
олардың білім дәрежесін , іскерлігі мен дағдасын дұрыс анықтай білу пәнге
қызығушылығын арттырып , таным белсенділігін және ойын дамыту, ұстаз өз
пәнін өте жақсы білу.
Коммунативті қабілет- бұл мұғалімнің педагогикалық процесстің барысында
адамдар мен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым –қатынас тәсілдері ол
алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл- бет құбылысын игере білуден
басталады.
Ұйымдастырушылық қабілет- оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны
ұйымдастыра білу, оқу мен тәрбиеге байланысты міндеттерді орындауда
оқушыларға бағыт беріп, рухтандыру, белсенділермен жұмыс істей білу,
оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне басшылық жасау, ата-аналармен және
жұртшылықпен жұмыс істеу, сынып ұжымын оқушыларға педагогтік ықпал жасайтын
құралға айналдыру, ұстаз өз жұмысын ұйымдастыра білу.
Гедоникалық қабілет- (жоғары дәрежедегі қанағат қабілет) бұл-ұстаздың
шәкірт пен қатынасы арқылы екеуі де үлкен қанағат алуы, рухани сөзімге
баюы.
Рухани эстетикалық қабілет- мұның мәні адамның толқу сөзімін әсіресе ,
қорқыныштан пайда болған сөзімді басу қабілеті.
Діни қабілет- ұстаз бен шәкірттің діни қоғамдарға, өсиеттерге сүйенге
отырып, қатынас жасау жолы.
Мұғалімдік шеберлік- өз пәнін жетік меңгерген істің мәнін біліп, балалармен
тіл табысып, оқу тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады.
Ұстаздық шеберлік 3 қырынан көрінеді:
- Ұйымдастыра білу шеберлігі;
- Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі;
- Ықпал ету, баланың іс-әрекетіне керегінше қуат беру немесе тежеу.
Ұйымдастыра білу шеберлігі- әр ұстаздың өзінің атқаратын іс-шарасының
мақсаты болады. Сол мақсатты орындау үшін ұстаз іс-шараның сценарийін
жасап, әр қатысушыға ролдерін бөліп, ойнап шығу керек. Ол үшін әр шәкірт
қалай ойнау керек екенін үйретіп, ақыл кеңес беріп, тапсырманы орындауына
қатыстыруы тиіс. Ұстаздың шеберлігі әр оқушыға өзіне лайықты роль беріп,
өзі де солардың ортасынан орын алып, қызмет ету. Мысалы, сенбілікте еңбек
етуде т.б жағдайда ұстаз бос қарап тұрмауы керек. Ұстаз ең соңында
істелінген іс-шараларға талдау жасап, жетістіктер мен кемшіліктерін
сараптайды, болашақ іс-шараны қалай жасау керек екенініне болжам жасап,
өзінше қортындылайды. Қарым-қатынас жасай білу шеберлігі балалардың іс-
әрекеті, қатынасы- тәрбиенің негізгі тетігі. Балалар өзара немесе
ересектермен қатынас арқылы білім , тәрбие, үлгі-өнеге алады. Сондықтан да
қатынас сауатты, маңызды, мазмұнды, өнегелі, үлгілі болғаны оған қарым-
қатынастағы ең бастысы- оның мазмұндылығында.
Ұстаздық қарым-қатынастың элементтері:
- қатынастың мақсаты мен мазмұны;
- шәкірттерге сүйкімді болып олардың сеніміне кіру;
- ақжарқын ашық мінез танытып, ыстық-суығына күйіну;
- шәкірттердің рухани байлығына ат салысу;
- шәкірттерді тыңдай білу, керек жерінде әдетті сақтай отырып баланы
дұрыс жолға бағыттау;
- ұстазда тіл байлығы болу керек, мәнерлеп айту, әңгімешіл, нақты
дәлелді сөйлеу;
- пікірсайыс көзінде әдетті сақтай отырып, шындықтың бетін ашып әділ
баға беру, бұрмаламау;
- мәдениетті мінез танытып, соны шәкірттің бойына сіңіру т.б
Қарым –қатынас жасай отырып ықпал ету шеберлігі. Ұстаз өмір бойы бала
тәрбиесіне ықпал етумен шұғылданады. Ұстаз баланың іс-әрекетіне саналы
түрде ұстаздық әдіс-тәсілдердің , тәрбиенің түрлерін қолдана отырып,
бағытты ықпал етіп, жақсы ісін қуаттап, көңілден шықпайтын әрекеттерін
тежейтін кезеңдер болады. Ұстаздың шәкіртке ықпал етуінің 3 жолы бар:
- дәлелдеп сендіру ;
- шәкірттің қызығушылығын дамыту;
- талап ете білу;
Шебер ұстаз- әдіс-тәсілдерінің көптеген түрін пайдалана отырып, балаға ықпа
жасауға тырысу керек.
Ұстаздық ықпал етудің әдіс-тәсілдері:
- Ұстаздық өсиет;
- Ұстаздық ақыл кеңес беру;
- Ұстаздық үйрету;
- Ұстаздық өзіне-тарту;
Елбасы Н.Назарбаев Білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьөзінде “Болашақта
еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр”- деген болатын . Белгілі педагог К.Ушинский “Мұғалім өзінің
білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденісті
тоқтатысымен оның мұғалімділігі де жойылады”,- дегеніндей, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz