Шетелдік педагогикадағы тәрбие


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І ТӘРБИЕ - МАҚСАТТЫ ҮДЕРІС . . . 5
1. 1. Тәрбиенің пайда болуы . . . 5
1. 2. Тәрбие әдістері мен тәсілдері . . . 7
1. 3. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері . . . 19
ІІ ШЕТЕЛДІК ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ТӘРБИЕ . . . 23
2. 1. Шетелдер мектебі мен педагогикасының тарихы . . . 23
2. 2. Шетелдік мектептегі білім беру мен тәрбиелеу практикасы . . . 26
2. 3. Шетелдік практика мен Қазақстандағы тәрбие мақсаттарының тұжырымдалуы . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек.
Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады.
Тәрбие мақсаты - педагогика ғылымының өзекті категориясы. Оны нақтылау, жобалау, дайындау - педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Шынында да, күнделікті мектептегі педагогикалық тәрбиеде болмыс көрсеткендей, мақсат проблемасы өте нашар шешілуде, кейде ол мәселе тіпті естен шығарылады, осыдан ''мақсатсыз тәрбие'', яғни жол-жөнекей тәлім етек алған құбылыс. Осының салдарынан педагогтің кәсіби қызметінің өнімі жоқтың қасы, балалар мен ұстаздардың шығармашылық мүмкіншіліктері іске қосылмайды, ал кәсіптік іскер не істерін білмей, ақырында түңіледі, жұмысынан қанағаттанушылық рахат көрмейді.
Тәрбиелік істің мұндай келеңсіз жағдайларының объективті себептері мақсаттың әлеуметтік-психологиялық табиғатынан туындайтынын түсіне білу қажет.
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Демек, мақсат - жағдайлар себепті пайда болуынан, нақты болмыстан алынатындықтан - ол объективті құбылыс. Бір мақсатты жалау еткен педагогтар, сол мақсаттың өзін әртүрлі баламада түсінеді, себебі олардың әрқайсысы кәсіби әрекеттің нәтижесінде өз сана деңгейінен баға береді. Сондықтан, мақсат болжау проблемасы - тәрбиелі адамның идеалды образының дараланған саналардағы көптеген баламаларын қамтыған мақсаттың мүмкін-дігінше нұсқасын анықтау - байсалды зердемен қоса, көп уақыт та, мамандық күш салуды да талап етеді. Адам өзіне ықпал етуші объективті және субъективті әсерлердің нәтижесінде өмір бойы қалыптасады. Бірақ педагогикалық жүйелер (мектепке дейінгі, мектептік, мектептен соңғы) жеке адамның қалыптасу деңгейі мен сапаларын нақты көрсететін өзінің уақыттық шектеріне ие болғандықтан, әр саты аяғындағы тәрбиелік нәтижелер жөнінде сөз қозғауы мүмкін.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсаты - кең әлеумет пен ғылымның араласуымен тек мемлекет белгі-лейтін педагогикалық саясаттың басты құрылым бірлігі. Жарияланатын тәрбиелік мақсаттардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті. Былайша айтқанда, құқық негізінде бекіген тәрбие мақсатының іске асуына қоғамның бар мүмкіндіктері бағытталуы қажет, әлбетте, бұған да тиісті бақылау қажет.
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатының мазмұны қоғамның өркениеттілігіне (цивилизованность), оның демократиялық сипатына, экономикалық мүмкін-дігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын және нақты жағдайларды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат - шетелдік педагогика практикасындағы тәрбие мақсаттарын қарастыру.
Курстық жұмысты орындау міндеттері келесідей:
- Тәрбие туралы түсінікті ашып көрсету;
- Шетелдік педагогика және тәрбие үдерісін қарастыру.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады және жалпы көлемі 32.
І ТӘРБИЕ - МАҚСАТТЫ ҮДЕРІС
1. 1. Тәрбиенің пайда болуы
Тәрбие - бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Бала тәрбиесі адамзат қоғамының дамуымен байланысты жалпы мәңгілік ұғым болып табылады. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Аға ұрпақ әр уақытта өз білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырады.
Тапсыз қоғамда ру, отбасы болмағанда адамдардың негізгі айналысатын кәсіптерінің түрі балық аулау, аңшылық болды. Балалар ерлермен бірге аңшылық және балық аулаумен ерте айналысты, ал қыз балалар аналарына үй жұмыстарына, тамақ дайындауға көмектесті. Адамдардың еңбек қажеттіліктерінің негізінде тәрбие еңбек үрдісімен байланысты өрбіді.
Адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатвсында тәрбиенің мақсаты еңбекке араласқан балаларға үлкендер қарапайым еңбек құралдарын қалай дайындау керектігін үйретеді және түсіндіреді. Еңбек түрлерінің қиындау деңгейіне қарай адамдар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан кезде ру пайда болды, тәрбиенің рөлі арта түсті және оның түрлері өзгерді. Еңбек үрдісінің өзінде оқта-текте айтылатын нұсқаулардан балаларды бірте-бірте еңбекке даярлауға, оларды еңбектен бос уақыттарында әртүрлі дағдылар мен ептіліктерге оқытуға көшу іске асырылады. Сонымен қатар балаларды рудың дәстүрлерімен, діни түсініктерінің ережелерімен таныстырды.
Алғашқы қауымдық құрылыста отбасы болмаған кезде, балалар руға ортақ болды. Балаларды тәрбиелеу мәселесімен ру мүшелерінің ерекше тәжірибелі, құрметті адамдары, ақсақалдар айналысты. Кейіннен моногамдық отбасы пайда болғанда, балаларды тәрбиелеу мәселесімен өзі айналысты. Бірақ оның тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Бұл кезде тәрбие тапсыз сипатта болғандығы өзінен-өзі түсінікті. Барлық бала бірдей дәрежеде кеңінен қамтылды.
Қоғамның дамуының алғашқы сатысында, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір жағдайлары өте ауыр болды, сондықтан да олар өмір сүру үшін бәрі бірге, тек ұжымдық қатынас түрінде еңбек ету қажет болды. Әлеуметтік теңсіздік, тап деген болмады, адамдар ортақ үйлерде тұрды және бала тәрбиелеу ісі де барлық руларға ортақ болды. Тапсыз қоғамда барлық бала бірдей өздеріне лайықты іс-әрекетке ерте қарастырылды. Жас кезінен бастап олар қоректік азықты өндіруге қатысты - жеуне болатын өсімдіктерді, жемістерді жинады. Жас шамасына қарай олардың үлкендермен бірлескен еңбекке қатысу дәрежесі өсіп отырды. Үлкендермен бірге және олардың басшылығымен балалар мен жеткіншектер өмірге қажетті еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгерді. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды. Жоғарыда айтылғандай, балалар ерлермен бірге аңшылықпен және балық аулаумен басқа да кәсіппен айналысты, оларды күресе білуге, садақ ата білуге, атқа мінуге үйретті; қыз балалар үй шаруасына, әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс-аяқ жасауға қарастырылды. Барлық баланы жануарларды күтуге, егіншілікпен айналысуға үйретті, қолөнердің дамуымен оларды қолөнерге баулыды.
Жеке меншіктің, құлиеленушіліктің және моногамдық отбасының пайда болуымен алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталды. Жеке неке пайда болды. Отбасы ең негізгі қоғамдық құбылыстардың бірі болды, өз бетімен шаруашылық жүргізді, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыса бастады.
Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқаралық түріне айналды. Пайда болған үстем таптар (көсемдер, ақсақалдар) ақыл-ой білімін дене еңбегінен бөлуге ұмтылды. Алғашқы білімнің негіздерін (жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала түсіндіру, адамдарды емдеу тәсілдері және т. б) үстем таптар өздерінің қолдарына жинақтап, оларға өз үстемдігін жүргізді. Ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында айырмашылықтар байқала бастады. Осы білімнің алғашқы түсініктерін оқыту үшін арнаулы мекемелер (мектептер) ұйымдаса бастады. Бұл үстем таптардың билігін арттыра түсті. Дене еңбегімен негізінен бұқара халықтың балалары айналысты. Ондай отбасыларда балалар еңбекке ерте үйретілді, ата-аналар өз тәжірибесін беріп отырды. Мектептерде жүргізілетін ұйымдасқан тәрбие бірте-бірте үстем тап өкілдерінің ісі бола бастады.
Тәрбиенің пайда болуы туралы мәселені буржуазиялық ғалымдар әртүрлі түсіндіріп келеді. Оны түсіндіруде буржуазиялық ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастары саралағанда кейбірінде, алғашқы адамдардың экономикалық өмірі ен еңбек әрекеттерінде және қоғамдың дамудың ең алғашқы даму сатысында бала тәрбиесінің өзегінде өмір сүрген тығыз байланысты жоққа шығару көзқарасы тән. Буржуазиялық ғалымдардың тәрбиенің пайда болуы туралы кейбір тұжырымдары адамның дамуы туралы тұрпайы эолюциялық түсініктердің ықпалымен қалыптасқан, ол негізінен тәрбиенің әлеуметтік мәнін жоққа шығаруға, оның үрдісін биологияландыруға алып келеді.
Жануарлар дүниесіндегі жинақталған барлық материалдарға негіздей отырып, аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қоршаған ортаға бейімделу дағдысын беру « қамқорлығын» осы тұжырымдамалрдың Ш. Летурно, А. Эспинас сияқты жақтаушылары жануарлардың инстинктивті іс-әрекетін алғашқы адамдардың тәрбиелік тәжірибесімен бірдей деп қарастырады және тәрбиенің негізіне адамдардың тұқым жалғастыру инстинктивтік ұмтылыстары жатады, табиғи сұрыптау заңдылығы әрекет етеді деген теріс қорытынды жасайды. Тәрбиенің пайда болуының негізгі шарты алғашқы қоғамдағы адамдардың еңбек іс-әрекеті және қалыптасқан қоғамдық қатыныстар болып табылады.
Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады.
1. 2. Тəрбие əдістері мен тəсілдері
Тəрбие əдістері -бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы - қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша - бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір көреді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым тəрбиенің нақты шарттарына сай келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен, жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану - педагогикалық шеберлік шыңы.
Тəрбие тəсілі - жалпы əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.
Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек -тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру -тəсілдер. Сөз (кең мағынада) - тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу - осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.
Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы дегеніміз қандай да белгісі бойынша бір топқа келтірілген əдістер жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне тəн сипаттарын тереңірек түсінеді.
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер - сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні - əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т. б. білдіреді.
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну) . Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын - сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті - тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.
Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды əдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» жəне т. б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ əдептілік-имандылық тақырыбындағы əңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, əдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру əдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - өнеге-үлгі. Əдістердің əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді əрі жүйелі түрде басқа əдістермен бірге қолданылады.
Этикалық тақырыптағы əңгіме - инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. əдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол - қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.
- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.
Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында) .
- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.
- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.
Ұғындыру - тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі. Бұл əдістің қолданылуы сынып ұжымы мен əр баланың тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тəсілдер мен құрал-шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы «Осылай істеу керек», «Осылай істеп жатыр» - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог айтқанына ере салады. Ұғындыру əдісі, егер тəрбиеленуші қандай да талаптың мəніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме жəне т. б. Бұл орайдағы ұғындыру емес, шектеу əдістерін қолданған дұрыс. Аталған əдіс негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен əрекет-қылық формасын қалыптастыру əрі бекіту үшін; б) тəрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - қолданылады.
Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру əдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тəрбие əдістерінің ықпал əсерін күшейту мақсатында қолданады.
Тəрбие тəжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу əдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу əрекеті тəрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тəуелді. Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік болмысына тəуелді, өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді. Бала тəрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады.
Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз əрекеттің, оның салдарының мəнін дəлелді ашып берумен бірге тəрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тəрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру жəне сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz