Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі

Жетекшісі: Үсембаева Р.Б

Орындаған: :
ФК-08-3к2 топ студенті

Жанжігітова С

Шымкент 2009 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1 бөлім Танымдық қызығу мен белсенділік туралы теориялық мәселелер

1.1 Танымдық қызығу туралы ой пікірлер жүйесі

1.2 Танымдық белсенділік туралы зерттеулер

2 бөлім Оқушылардың танымдық қызығуы мен белсенділігін дамыту үрдісі

2.1 Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары

2.2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық
ерекшеліктері

2.3 Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық аспектілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің
барлық саласында көрініс табады Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті
мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негіэі оқу үрдісін
белсендіру жолдары мен оқушылар дың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың
белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі
болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгіендіру оқушының
танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды. Танымдық қызығу ұғымы
және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің
көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары
тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Курстық жұмыс
тақырыбы: Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі

Курстық жұмыстың мақсаты: Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен
белсенділігін дамыту мен қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп,
тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау

Курстық жұмыстың міндеті: Тұлғаның танымдық қызығушылығын айқындау;
танымдық белсенділік көріністерін белгілеп көрсету мен олардың дамуы мен
қалыптасу жолдарын анықтап көрсету.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу
құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру
материалдары.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық,
әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау,
тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге
қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын
зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі
бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.

1 бөлім Танымдық қызығу мен белсенділік туралы теориялық мәселелер

1.1 Танымдық қызығу туралы ой пікірлер жүйесі

Қызығу (латынша іnterest - мәні бар, маңызды) - адам ерекше
сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне
бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық
саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық
белсенділіктің қозғаушысы екені белглі. Л.Выготский бұл жөнінде былай
деген: "Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту ушін, сен оны қызықтыр, оның
бүл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін
барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол
әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы
олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің
әдістерінің калыптасуына тәуелді".

Қызығу дегеніміз – жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық
тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер
негізінде пайда болады, бірақ олардың өзі емес. Қажеттілік міндетті түрде
керек нәрсені белгілейді, ал қызығу белгілі бір іс – әрекетке адамның жеке
қатынасын көрсетеді. Терең тамыр жайған және орнықты болған қызығу
қажеттілікке айналуы мүмкін. Мәселен, театрға деген қызығу – спектакльді
құр жібермеуді әдетке айналдыру тіпті сахна ісімен өзінің де айналысатын
болуына жеткізуі мүмкін.

Қызығудың қалыптасуы әрқашан қажеттіліктерді, талантты немесе қоғамдық
борышты сезінуден бастала бермейді. Қызығу объектінің эмоциялық
тартымдылығы өз-өзінен және бет алды көрінуі мүмкін, ал кейін:
қажеттіліктер, қоғамдық талаптар, қабілеттілік сияқты көптеген себептер
арқылы анықталып әлгі объектінің өмірлік мәні танылуы мүмкін.

Объектінің эмоциялық тартымдылығының, алғашқы кезде, бәлкім, аңғарыла
қоймағанымен, терең тамыры болуы мүмкін, ол тамыр объектінің қасиеттерінен
де, сондай-ақ субъектінің қасиеттерінен де көрінбекші. Неліктен объект
назар аудартып, қуаныш, рахаттану сезімін туғызады? Себебі ол өзінің
қасиеттерімен белгілі бір дәрежеде адамның психикалық көңіл күйіне жауап
береді. Сол бір объектінің барлық адамдардың бойында біркелкі сезім
туғызбайтыны да содан. Рас кейбір объектілер адамның жалпы адамзаттық
табиғатына жауап берсе, басқалары – жас мөлшерінің ерекшеліктеріне,
үшіншілері – әлеуметтік-топтық және төртіншілері – жеке адамның бейімділігі
мен икеміне, көзқарасы мен талғамына сай келеді. Мәселен, жалт-жұлт еткен
объекті, дыбыстық ырғақ, әуен барлық балаларды да ләззаттандырады.

Объектіге деген көзқарастың бір-біріне ұқсамауы жеке адамның өмір
тәжірибесінің көп немесе аз болуына, білмділігі мен тәрбиесіне, оның өмірі
мен қызметінің тарихын бейнелейтін рухани дүниенің өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты болады.

Субъектінің көзқарасын басқа адамдар бағыттап қана қоймайды, сонымен
бірге ол тәрбиеленеді де. Мәселен, объектінің сапасы және оның өмірлік мәні
туралы коллективтік пікір, оған беделді адамдардың көзқарасы – осының
барлығы жеке адамның сол объектіге деген көзқарасына ықпал етеді.
Авиацияның айрықша дамыған кезінде жастар авиацияға құштар болды, ал
космонавтика дәуірінде космосқа ұшуға құштарлық жалпылама сипат алды.

Сөйтіп, индивидтің қызығуы объектінің ерекшеліктері мен индивидтің
өзінің психикалық сапасына байланысты бола тұрса да, оны түптеп келгенде
басқа адамдар, коллектив, қоғам, қоғамдық психология қалыптастырады. Демек,
адамдар қызығуының қоғамдық - тарихи тегі бар деу керек. Қызығу өндіріс
пен қоғамның рухани мәдениетінің деңгейіне, әлеуметтік қатынастарының
дамуына тағы сол сияқтыларға байланысты.

Қоғам дамуының әрбір тарихи кезеңінде жалпы адамзаттық мүдделермен қатар
таптық мүдделер де бой көрсетіп отырады. Буржуазиялық қоғам өмірінің бүкіл
құрылысының ықпалымен, мысалы, жайсаң жастар ақшалы болуды және ойнап-
күлуді ең бірінші мақсат тұтады.

Социалистік қоғамда алдыңғы қатарлы жастар жасампаз еңбекке, ғылым,
өнер, практика (техникалық творчество) саласындағы творчествоға деген
қызығуды жоғары ұстайды. Қызығу еңбекке деген құлшыныс және
қанағаттанушылық, объектіге тез бауыр басу, ең соңында адамның еңбекке
қажеттілігінің арта түсуі сияқты қанағаттану сезімдері түрінде көрініс
табады.

Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірінің
бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу
әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И. П. Павлов қызығуды адам жанын
жадыратушы, ми қыртысында іс-әеркет жағдайын туғызушы фактор деп
қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.

Жеке адамның дамуы мен білімнің қалыптасуы үшін қызығудың мәнін ескеру
педагогикалық практикада ерекше маңызға ие болады. К.Д. Ушинский ешбір
қызығусыз, тек қана зорлық күшімен жүргізілетін оқу оқушы бойындағы білім
алуға деген құштарлықты жойып жібереді деп өте әділ жазған болатын. Сонымен
бірге ол, барлық оқудың мәнән тек қана қызығуға ғана құруға болмайды деп
атап көрсеткен. Білім беру қара жұмысты да, едәуір ерік күшін де қажет
етеді.

Қызығу түрлері. Адамдар қызығуы олардың іс-әрекеті сияқты өте алуан
түрлі. Қызығуды олардың мазмұнынан немесе бағыттылығына қарай ажыратады.
Бұл ретте материялдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.

Материялдық қызығу тұрғын үй ыңғайлығына, тағамдық заттарға, кмімге және
басқа да сол сияқты қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін.
Материялдық қызығу көбінесе нысапсыздық, баюға салыну, дүние-мүлік жинаудың
қызығына түсіп дүние жинау сияқты жағымсыз формаларда кездеседі.

Рухани қызығу адамның жоғары дәрежеде дамуын сипаттайды. Бұл ең алдымен
математикаға, физикаға, химияға, ибологияға, философияға, психологияға тағы
басқаларға деген танымдық қызығулар. Бұған сондай-ақ, әдебиетке және
өнердің алуан түріне (музыкаға, суретке, театрға) деген қызығулар да
жатады.

Арнайы қоғамдық қызығулар қоғамдық жұмысқа, ұйымдастырушылық іс-әрекетке
деген мүдделерді білдіреді. Қоғамдық жұмысты жақсы көретін және оған бар
күшін жұмсайтын адамдар аз емес. Олардың қуанышы мен реніші көп ретте
қоғамдық іістің жетістігіне немесе кемшілігіне байланысты.

Тікелей және жанама қызығулар да кездеседі. Тікелей қызығу дегеніміз –
іс-әрекет процесінің өзіне қатысты: таным, білім алу, еңбек және
творчество процестеріне қызығу. Жанама қызығу дегеніміз – іс-әрекет қызмет
бабында және қоғамдық жағдайда белгілі бір дәрежеге ие болуға ғылыми атаққа
немесе ең соңында, еңбектік материалдық нәтижелеріне деген қызығулар.

Жеке адамның белсенді де жемісті іс-қызметі үшін тікелей және жанама
қызығулардың дұрыс арақатынасы неғұрлым игі ықпал етеді. Егер адам еңбекті,
еңбек процесінің өзін сүйетін болса, оның нәтижелері үшін қам ежйтін болса,
онда ол белсенділік танытады, іс-әрекетке творчестволықпен қарайды және
еңбекті нәтижелі аяқталуына қол жеткізеді. Қызығудың мұндай үйлесімі
болғанда адам көп қанағат табады.

Қызығудың әсер ету дәрежесіне қарай самарқау және белсенді деп екіге
бөледі.

Самарқау қызығу дегеніміз – адам өзін қызықтырушы объектіні қабылдаумен
ғана шектеледі. Мысалы, опера тыңдауды сүйеді, картиналарды қараған кезде
ләззат алады, бірақ объектінің терең тану, оны меңгеру және қызықтыратын
салада творчествоменайналысу үшін белсенділік көрсетпейді. Белсенді қызығу
дегеніміз – пәрменді қызығу, мұндайда адам көріп-білумен ғана шектелмейді,
өзі тыңдаған объектіні меңгеріп алып әрекетке көшеді. Белсенді қызығу –
жеке адамның дамуын оның білімі мен дағдыларының, қабілеттілігі мен мінез-
құлқының қалыптасуын қамтамасыз ететін жайттардың бірі.

Қызығу сондай-ақ көлеміне қарай да бөлінеді. Мұндай бөлу қызығу түрін
анықтамай-ақ, оның орнына жеке адам мүдделерінің құрылымын сипаттайды. Кең,
жан-жақты әрі терең мүдделі, сонымен қатар кең, бірақ үстірт қана мүдделі
адамдардың да болуы мүмкін. Мүдделері жан-жақты болған көптеген ғалымдар
мен жазушылар бар (М.В.Ломоносов, Д.И.Менделеев, А.С.Пушкин, Л.М.Толстой
және басқалар). Барлық нәрсені білгісі келетін, бірақ құбылысты ат үсті
қарап, олрдың мәніне терең үңілмейтін, солардың белгілі біреуімен мықтап
әрі тұрақты айналыспайтын адамдар да кездеседі.

Ақырында, терең, бірақ өте тар мүдделі адамдар да болады. Олар – өз
дамуында шектелген, өте бір сыңар жақты адамдар.

Кең, алуан қырлы қызығулардың аясында өз өмірінің мәні мен іс-әрекетінің
негізгі бағытын анықтайтын өзекті негізгі мүддесі бар адамдар неғұрлым
дұрыс бағытта деп танылады. Мысалы, К.Маркс кең мүдделердің иесі болған
адам, бірақ пролетариатты азат ету жолдарындағы күрес оның өмірінің негізгі
мүддесі болып қалды. Ол өзінің теориялық және революциялық практикалық
жұмысын түгелдей осы мақсатқа жұмсады.

Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады.
Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық
қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен
оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық
қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге
бағытталады. Білім беруді іздендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді
негізгі орынға қояды.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші
рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің
қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным
теориясы" деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі
айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы
ұстанымдарын, обьективтік қатынастарды қалыптастыру.

Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және
әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде
оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер.
Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған.
Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан
бастау алады.

Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер
оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін
репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы
дүниені шынайы ақиқат түрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға,
адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.

Ежелгі Грекия мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика
дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді.
Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық
әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған.
Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон,
Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит Квинтимин
еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. әсіресе,
шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.

Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі
мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол
шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -
эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана
бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін,
қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық
сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы
ретінде қалыптастырады.

И.Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту оқытудың негізгі
міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы
керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте
күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт
адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын
қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты
болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған
дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой
қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай
білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар – симпатикалық
қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу әр
түрлі қоғамдық үйымдардың арақатынасын анықтайды, дінге қызығу - діни
ұғымды күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім
мазмұнын анықтайды екен.

1.2 Танымдық белсенділік туралы зерттеулер

Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес
мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке
бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір
жиынтығы мен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және
тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға
қойылып отыр.

Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту
мәселесіндегі талаптарының бірі – танымдық белсенділікпен саналық. Бұл
талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен
байланыстыруға, негізгісімен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін
тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан
көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік
беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін көздейтін мүддесі- білімнің
қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту.
Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде,
тәжірибеде нәтижелі пайдалана білу болып табылады.

Педогогтер, психологтер, әдіскерлер танымдық іс-әрекет ұғымы
мен танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы
дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға,
адамдарға дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруды қарастырады.

Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып
оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі
тән:

- оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- оқу-танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;
- оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
Сондай-ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші
факторлармен анықталады:

- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісінде мәселік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз
ету;
- бірте бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол
жеткен табыстарды нығайтуды қамтамасыз ету, т.б.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал
танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру
– оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу
материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ
беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына
фактілерден, әрекет тәсілдерден басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу
үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және
оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін
мәліметтер кіреді.

Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру
мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына
төмендегілер:

оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде
мұғаліммен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Галант,
Л. Аристова, М. Данилов, Г. Щукина, Р. Лемберг);

танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б. Есипов, Сабыров, М.
Скатин, Б. Айтмамбетова, т.б.);

оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.
Лербер, Б. Коротяев, М. Құдайқұлов);

іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді
енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);

оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский
А.Қазмағамбетов).

Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін
білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын
шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі
нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ,
оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше, тапсырмалардың
шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше
айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары
деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен
сипатталады, мүнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы
немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға
белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы
көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге
бағдарлануда көрініс табады.

Танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан сырлы
болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс
нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға
деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі факторларына
олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз тандауымен жүмыс етуі оқу
үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мүғалім тарапынан
қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты
ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бүл факторлар оқу мотивтерінің өрісін
кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын
түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу,
білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін
емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мүғалім
танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.

Оқушылардың танымдық белсенділігі - баланың жеке дамуын қамтамасыз
ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен
біліктерді іс-жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне,
дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өз бетімен
кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін
кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.

Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім
тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері
белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басының дамуына белсенді
болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері
болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай,
олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін,
талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.

Казақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында
байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін
белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік,
ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
күрделі педагогикалық мәселе ғағна емес, маңызды әлеуметтік міндет болып
табылады.

Психологиялық-педагогикалық әдебисттердегі талдауда көрсетілгендей,
"танымдық белсенділік" терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік
жатыр. Ол әр түрлі салада талап етуші көп аспектілі феномен ретінде
көрінсді:

* биологиялық (П.К.Анохин, В.М.Бехтереи, Н.А.Бернштейн,
А.Илиади, И.М.Сеченок т.б.);
* психологиялық (Б.Г.Ананьев, М.Я.Басов, Л.С.Высотский,
Б.ФЛомов, В.С.Мухина, В.А.Мясищев);
* педагогикалық (Ш.А.Амоношвили, Я.А.Коменский, Д.Локк,
Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Г.И.ІДукина, Т.И.Шамова т.б.)
Биологиялық аспект-белсенділік мәселелері түсінігімен
байланысты белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып
табылатындығы жөніндс түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке
келтірумен негізделеді. Биологиялық белсенділік адамның ортаға бсйімделуін
қамтамасыз ететін оған тән тұқым қуалау қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас
кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-
кайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды,
сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға
өткен оқига емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін
физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К.Анохин). Белсенділік бейне
белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тірі материяның іштен
детерминацияланған іс-әрекетінің бір түрі болып табылады (В.З.Коған).
Белсенділік көзі сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістер
болып табылады. Адам өзіндік табиғи салаларының күшімен, әлеуметтік
мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялық аспект тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубинштейн
көзқарасындағы жалпы психика жөнінде детерминистік түсінік беру сұрағының
бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы
болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді, сыртқы себептерінің
әрекетінде көрінеді, сыртқы шарттарының нәтижесі және ол ішкі сапарларға
тәуелді. Ішкі мен сыртқының қарым-қатынасы өзбеттіліктің және сыртқы әсерде
жауап беру белсеңділігінің өсуінде көрінетін күрделі шарттардың
жоғарылауына сай өзгеріп отырады. Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына
айналады, бұл - адам жеке тұлға ретіиде көрінгенде және белсенді әрекет
қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады.

С.Л.Рубинштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді: "Сыртқы
себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды".
Белсенділік субъектінің объектіге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына
сәттердің болуын қалайды: объектілерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық;
объектіні таңдаудан кейін мақсаты, тапсырмаларды қою; іс-әрекетте
объектінің қалыптасуы; мәселені шешуге бағытталуы. Практикалық әрекеттік
жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етеді, таниды, өз
қажеттіліктері мен мақсаттарына сәйкес құрады.

Әлеуметтік тұлғаның аспект мәселелері іс-әрекет кезіндегі тұлғаның
белсенділігін зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік - адамның тек
табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.

Бұл орайда субъект белсенділігі сыртқы материалды және ішкі
психикалық әрекеттегі өз қатарына қосатын затты іс-әрекетгің бірдей жүйесі
болып табылады (Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.А Мясищев,
С.Л.Рубинштейн). Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие - әлеуметтік
өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі мақсатқа жетеді. Бұл әрекет өз жеке
тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі
мүмкін.

Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген
түрлі түсіндірумен байланысты:

белсенділік баланың таным іс-әрекетіне (мақсатқа жетудің тиімді жолдарын
тандау, талпыныс, дайындықты жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын
тұлғаның бір белгісі ретінде түсіндіріледі;
белсенділік субъектінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік
күші, эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы
ретінде түсіндіріледі.
2 БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУЫ МЕН БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ ҮРДІСІ

2.1 ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Бүгінгі қоғам мұддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, улттық сана мен
психологиясы қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу - басты міндеттердің
бірі.

Халық педагогикасы мен психологиясын терең зерттеп жүрген С. Қалиев
халық педагогикасының мақсаты, мазмұны, әдістерін айқындай келе, ұлттық
салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене,
денсаулық, еңбек тәрбиесін беру, еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижесінде
"сегіз қырлы, бір сырлы" жаны таза, дені сау адам қалыптастыру мүмкіндігін
атап көрсетеді. Қ. Қожахметова өз еңбегінде мектеп жасына
дейінгі балаларды қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу мәселелері
жөнінде ой қозғаса, Б. Мұханова диссертациялық еңбегінде мектеп жасына
дейінгі балаларды қазақ этнопедагогикасымен сусындата тәрбиелеу үшін
этнопедагогикалық біліммен қаруландыру керектігіне тоқталады. Қ. Сарыбеков
өз еңбегінде экологиялық білім берудің дүниетанымдық, моралдық жағын
анықтай отырып қазақтың табиғат қорғау дәстүрін бірнеше топтарга жіктеп
көрсетсе, Ф. Жұмабековна жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық
көзқарасының қалыптасуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы -
өнер екендігін алға тартады. Р. Сыздық ауызша есептердің мазмұны қазақ
халқының әр дәуірлеріндегі тұрмыстық жағдайлар мен аң аулау, кәсіпшілік
істерімен байланысты екендігін зерттеу жұмыстарында баса көрсетеді.

Балалардың таным үрдістерін дамытуда баланың жас ерекшеліктеріне бай-
ланысты іріктеліп алынған қазақ балалар фольклорын, ұлттық ойындарды, салт-
дәстүрлерді, ұлтгық аспаптарды, қазақтың байырғы өлшем бірліктерін, т.б.
қолданудың маңызы зор.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі - дидактикалық жолмен
дамитын аса күрделі үрдіс. Түйсік - тікелей танымдық үрдіс. Адамның дүниені
танып-білуінің жоғарғы сатысына жататын үрдістер: ойлау, қиял, ес түйсікке
сүйене отырып дамиды.

Баланың ырықты зейінін қалыптастыру үшін зеиіндерін бір мақсатқа
аударып, шоғырландыра білу керек. Ол үшін екі заттың арасындағы ұқсастықтар
мен айырмашылыктарды табуда 3-4 жастағы балаларға 2-6 түрлі айырмашылығы
бар сурет ұсынылса, 5-6 жастағы балаларға 8-12 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық қызығушылық
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Пәндер