ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
экономикалық-құқықтық мәселелері

Орындаған
4 курс студенті ________________________ Оспанбаев Ж.А.

Ғылыми жетекші,
э.ғ.к., аға оқытушы ________________________ Төлешова Г.Б.

Норма бақылушы ________________________ Абдилова А.Ч.

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
э.ғ.д., профессор ________________________ Төлегенова М.С.

Алматы, 2009
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Орындаған
4 курс студенті ________________________ Керімбекова
А.А.

Ғылыми жетекші,
э.ғ.д., профессор ________________________ Шеденов Ө.Қ.

Норма бақылушы ________________________ Абдилова А.Ч.

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
э.ғ.д., профессор ________________________ Төлегенова М.С.

Алматы, 2009
Реферат

Диплом жұмысы БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бәсекеге
қабілеттілігін арттырудың өзекті мәселелеріне арналған. Тақырыптың
өзектілігі ауыл шаруашылығының жекелеген өнімдерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымдық
қамтамасыз етілуі, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік
реттеу, саланы қаржылық сауықтыру мәселелеріне байланысты анықталған.
Диплом жұмысында келесідей кілтті сөздер қолданылады:
- ауыл шаруашылығының түпкі өнімі;
- агроөнеркәсіптік кешен;
- аграрлық азық-түлік нарығы;
- aуылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы;
- баға теңгермешілігі – баға паритеті.
Бұдан өзге төмендегідей қысқартылған сөздер мен терминдер де
қолданылған:
- АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
- АӨК – агроөнеркәсіптік кешен;
- АШМ – ауыл шаруашылығы министрлігі;
- АЭА – Арнайы экономикалық аудан;
- ӘКК – Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорация.
- БСҰ – Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы;
- БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;
- ГАТТ – тауар саудасы туралы Бас келісім;
- ГАТС – қызмет саудасы туралы Бас келісім;
- ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты;
- ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстар;
- ЕО – Еуропалық Одақ;
- ҚР – Қазақстан Республикасы;
- МТС – машина-тракторлық станция;
- РФ – Ресей Федерациясы;
- ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;
- ТРИПС – зияткерлік меншік құқығының сауда аспектілері туралы Бас
келісім;
- ЭЫҚҰ – Экономикалық Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымы;

Диплом жұмысындағы иллюстрациялар саны – 11, соның ішінде 3 сызба, 5
кесте, 3 диаграмма.
Пайдаланылған әдебиеттер саны – 34
Жұмыс көлемі – 64 бет

Глоссарий

1. Агроөнеркәсіптік кешен – бұл халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға
жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы.
2. Агромаркетинг – маркетингтің ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаумен,
өткізу нарықтары арқылы өткізумен, тұтынушыларды іздестірумен
айналысатын бөлімі.
3. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы –
денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация,
байланыс, жол, пошта-жинақ жүйесі, газ, электр, жылу және сумен
жабдықтау және суды бөлу, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинау және
пайдаға асыру объектілерін біріктіретін тұтас жүйе.

Бүгінде Қазақстан өз алдына БСҰ-ға мүшелікке ену, әлемнің барынша
дамыған 50 елінің қатарына қосылу, 2010 жылы ЕЫҚҰ-на төрағалық ету секілді
маңызды міндеттер қойып отыр. Бұл мақсаттардың жүзеге асуы ең алдымен
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап тетеді. Тұтас
экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы өз кезегінде ауыл
шаруашылығының интенсивті дамуға қол жеткізуіне байланысты. Қазақстан
Республикасы БСҰ-ға кіруге қадам басып жатқан кезде ауыл шаруашылығын
реформалауды қайта қарау, оны нарықтық қатынастар жүйесіне толықтай
бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау,
өндірісті тұрақтандыру мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттеріне айналуда.
Осыған байланысты кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартуға
бағытталған бағдарламалар қабылданды. Дегенмен, ауыл шаруашылығындағы
негізгі мақсаттар, нарықтық қатынас жағдайындағы кейбір негізгі мәселелер
әлі де болса шешілмей келеді. Олар ауылдағы тауар өндірушілердің еңбек
өнісділігін көтеру, тиімділгін арттыру, өнім өндірушілердің тауарларының
баға айырмашылығының алшақтығы, көптеген өнім өндірушілердің зиянға ұшырауы
және т.б. Ең бастысы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі рынокта да, сыртқы
рынокта да бәсекеге қабілеттілігн арттыру болып табылады.
Дипом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – БСҰ-
ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық
тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын
анықтау және ұсыну. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер
орындалады:
- ауыл шаруашылығы экономикасының теориялық мәселелері мен оны мемлекеттік
реттеу шараларын ғылыми тұрғыда зертттеу;
- дамыған шетелдік тәжірибені талдау барысында, оларды отандық ауыл
шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда қолдануға ұсыныстар
жасау;
- ауыл шаруашылығын инфрақұрылымдық және инвестициялық қамтамасыз ету
бағыттарын зерттеу және соның негізінде ауыл шаруашылығының болашақ
әлеуетін сараптау.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласы дамыған және дамушы елдер экономикасының
негізі болып табылады. Қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешен деген түсінік
қалыптасқан, ал ауыл шаруашылығы оның басты саласы болып саналады.
Республиканың БСҰ-ға мүшелікке енуі ең біріншіден жаһандану үдерістерімен
байланысты айқындалады. Ұйымға мүше болу экономиканы дамытуда бірқатар
талаптар қойып отыр. Оның ең бастысы – бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мемлекет саясатының басым бағытына айналды. Алайда, саланың бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда бірқатар факторлардың теріс әсері байқалады.
Оларды келесідей топтастырып көрсетуге болады:
- ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын құқықтық
қамтамасыз ету тұрғысынан заңдардың жетілмегендігі, БСҰ талаптарына сай
келмеуі;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің дамыған, тиімді нарығының
болмауы;
- ауыл шаруашылығы өндірісінде негізгі қорлар тозуының жоғары дәрежесі,
саланың техникалық жарақтандырылуының төмен деңгейі;
- ауыл шаруашылығы ғылымдарының артта қалуы;
- мемлекеттік реттеу және қолдау шараларының тек қаржылық сипат алуы;
- салада маркетингтік қызметтің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан тауар
брэндінің қалыптаспауы;
- егіншілікті әртараптандыру мен мал шаруашылығы саласының
рентабелділігінің төмендігі;
- ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарының жетілмегендігі.
Аталған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру терең зерттеуді талап
етеді. Зерттеулер нәтижесінде теориялық саланың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруда тұрғыдан келесідей ұсыныстар әзірленді:
- Ауыл шарушылығын дамыту туралы жаңа Заң қабылдау керек. Әрине, әрекет
етуші Заңда мемлекеттік аграрлық саясат анықталмаса, жаңа Заң қабылдау
қажеттілігі уақыт талабынан туған ұсыныс болып табылады;
- қайта өңдеу саласын мемлекеттік қолдау арқылы сәйкесінше ауыл
шаруашылығының шикізаттық базасын дамыту;
- жаңа қаржылық құралдарды атап айтқанда, өнімді хеджирлеу, қоймалық және
элеваторлық жазбалар, форвардтық және фьючерстік мәмілелер, лизингтік
қатынастар т.с.с енгізу жұмыстарын жүзеге асыру;
- инвестициялық іс-әрекеттерді қолдау, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы
өнімдеріне баға паритетін тағайындау;
- саладағы өндірістің мерзімділігі, капиталдың баяу айналысы, жоғары
өндірістік тәуекел, шет мемлекеттердің протекционистік саясаты, азық-
түлік импортының артуы секілді жағдайлар ескерілген ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерін несиелеудің тиімді механизмдерін жасау;
- рыноктық экономика талаптарына сәйкес шаруашылық жүргізудің заманауи
әдістерін қолдану;
- қызмет көрсету инфрақұрылымдарын және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін
бағалау жүйесін жетілдіру, бұл БСҰ-ның қойып отырған басты талабы болып
табылады;
- шетелдік менеджменттік және маркетингтік тәжірибелерге сүйене отырып,
осы салада отандық менеджмент пен маркетингті дамыту.

Реферат

Диплом жұмысы агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелеріне арналған. Тақырыптың
өзектілігі жаһандық азық-түлік жетіспеушілігі жағдайында отандық
агоөнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы Қазақстанның әлемдік азық -түлік
нарығында өз әлеуетін толық пайдалану мүмкіндіктерін іздестіруге байланысты
анықталған.
Диплом жұмысында келесідей кілтті сөздер қолданылады:
- ауыл шаруашылығының түпкі өнімі;
- агроөнеркәсіптік кешен;
- аграрлық азық-түлік нарығы;
- азық-түлік қауіпсіздігі;
- азық-түлік кластері;
- баға теңгермешілігі – баға паритеті.
Бұдан өзге төмендегідей қысқартылған сөздер мен терминдер де
қолданылған:
- АҚШ – Америка Құрама Штаттары;
- АӨК – агроөнеркәсіптік кешен;
- АШМ – ауыл шаруашылығы министрлігі;
- АЭА – Арнайы экономикалық аудан;
- ББ – Бүкіләлемдік Банк;
- БСҰ – Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы;
- БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;
- ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты;
- ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстар;
- ҒТР – Ғылыми-техникалық революция;
- ЕО – Еуропалық Одақ;
- ЖОО – жоғары оқу орындары;
- ҚазССР – Қазақ Совет Социалистік Республикасы;
- ҚР – Қазақстан Республикасы;
- МТС – машина-тракторлық станция;
- РФ – Ресей Федерациясы;
- ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;
- ФАО – Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы;
- ХВҚ – Халықаралық Валюта Қоры;
- ЭЫДҰ(ОЭСР) – Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы.

Диплом жұмысындағы иллюстрациялар саны – 9, соның ішінде 2 сызба, 4
кесте, 3 диаграмма.
Пайдаланылған әдебиеттер саны – 30
Жұмыс көлемі – 52 бет

Глоссарий

1. Агроөнеркәсіптік кешен – бұл халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға
жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі – сәйкес ресурстармен, әлеуетпен және
кепілдіктермен қамтамасыз етілген, ішкі және сыртқы жағдайлардан
тәуелсіз, тұрғындардың қажеттіліктері тамақтанудың физиологиялық
нормасына сәйкес қанағаттандырылатын экономиканың, соның ішінде
агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайы.
3. Мемлекеттік реттеу – мемлекеттік басқарушы органдардың шаруашылық
жүргізуші субъектілердің және әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың
әрекетіне, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында қолданылатын
мемлекеттік шаралар жүйесі.
4. Қауіпсіздік – ішкі және сыртқы қауіп-қатерлер жағдайында сондай-ақ,
болжауға қиын факторлар әрекеті жағдайындағы объектінің өмір сүруге
және дамуға қабілетті жағдайы.
5. Экономикалық қауіпсіздік – мемлекет пен қоғамның және жеке тұлғаның
өмір сүру әрекетін тұрақты ұдайы өндіру мақсатында ұлттық мүдделер
сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қамтамасыз етілетін экономиканың
жағдайы.
6. Кластер – салалар мен кәсіпорындар, ұйымдар және олардың іс-
әрекеттерін үйлестіру негізінде өндірістің бәсекеге қабілеттілігін
қалыптастырудың жаңа әдісі.

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің түсінігі, қағидалары мен қызмет ету шарттары
1.2 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
мемлекеттік реттеудің рөлі және оның қағидалары мен әдістері
1.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын
құқықтық қамтамасыз ету бағыттары

ІІ БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ

2.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы Ресей
Федерациясының тәжірибесі
2.2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың батыстық үлгілерінің
ерекшеліктері
2.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік
тәжірибелерді Қазақстанда қолдану ерекшеліктері

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Астық рыногын Қазақстанның негізгі экспорттық әлеуетінің бірі ретінде
дамыту жолдары
3.2 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту республиканың азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің алғышарты ретінде
3.3 Кластерлік жүйе – агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың құралы ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен
аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік
қоғамдастықтан агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды
талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде
Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Тәуелсіздік алған
алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары
қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай
алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші
роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа механизмдерін жасау қажеттілігін
байқаймыз. Бітіру жұмысының мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі
жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру бағыттарын айқындау, саланың болашақ әлеуетін
сараптау. Алға қойған мақсатқа сәкес келесідей міндеттер орындалады:

- ауыл шаруашылығы саласы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды
бөлігі ретінде зерттеледі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
мемлекеттік реттеудің рөлі айқындалады;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми
тұрғыда баға беріледі;

- саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен
құқықтық құралдар зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану
ерекшеліктері сараланады.

Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Ауыл шаруашылығы экономикасының
бірден-бір ерекшелігі оның жермен тікелей байланыстылығын ескерсек,
тақырыптың зерттелінуі өте ертеден басталады деген пікір айтуға болады.
Сөзімізді экономикалық ілімдер тарихынан белгілі физиократтар мектебінің
Байлықтың көзі – жер деген пікірі дәлелдей түспек. Ауыл шаруашылығы
экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев
зерттесе, кейінгі жылдары Л.И. Абалкин, В.Ф. Башмачников, А.Г.
Аганбегян, П.Г. Галузо, С.В. Кисилев, А.Е. Булатов, О.К. Ястребова, И.Н.
Буздалов, М.Д. Мацкуляк түбегейлі зерттеп келеді. Одан өзге ауыл
шаруашылығының салалық және салаішілік мәселелері отандық экономист-
ғалымдар Ғ.А. Қалиевтің, С.С.
Сатыбалдинның, Я.Ә. Әубәкіровтың, Р.Ю. Куватовтың,
Д.К. Кабдиевтың, Е.Б. Жатқанбаевтың, Т.А. Есіркеповтың,
Н.К. Мамыровтың, А.Ф. Дебердеевтың Т.И. Есполовтың, Р.Р.
Аутовтың, А.К. Кошановтың, Ж. Ихдановтың, С.Н. Нысанбаевтың, Р.К.
Жоламанның, К.И. Нәрібаевтың, Ө.Қ. Шеденовтың, Л.А. Бимендиеваның,
Ж.Я. Әубәкірованың зерттеу еңбектеріне арқау болып
келеді.

Бітіру жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Ауыл
шаруашылығы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық
еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық
ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және
соған сәкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттар мен пактілер, ҚР Ұлттық Статистика
Агентінің статистикалық деректері, ҚР Ауыл шаруашылығы, индустрия және
сауда министрлігінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының
материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық
сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі
салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі
қолданылады.

Бітіру жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы. Бітіру
жұмысында қол жеткізілген қорытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми
тұжырымдарды іс-тәжірибеде сынақ ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың сынақталуы. Автор тақырыпты 2005 жылдан бастап зерттеп келеді.
Аталған тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалар бойынша ғылыми-теориялық
конференциялар мен Халықаралық Конгрестерге қатысқан: 2005 жылы 14-15
желтоқсанда Алматы қаласында Казахстан: региональные и глобальные
экономические вызовы современности тақырыбымен өткен студенттер мен жас
ғалымдардың VI ғылыми-теориялық конференциясында Ауыл шаруашылығын
мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды пайдалану мақаласы, 2007 жылы 25-27
сәуірде Алматы қаласында Ғылым әлемі І Халықаралық Конгресінде Ауыл
шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдері мақаласы, 2007
жылы 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында Әлемдік қоғамдастыққа интеграция
Қазақстанның экономикалық алға шығуының негізі ретінде тақырыбымен өткен
студенттер мен жас ғалымдардың VIІІ ғылыми-теориялық конференциясында
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – экономиканы мемлекеттік реттеудің
құралы ретінде мақаласы, 2008 жылы 29-30 сәуірде Алматы қаласында өткен
Ғылым әлемі ІІ Халықаралық Конгресінде Кластер – ауыл шаруашылығының
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың құралы ретінде мақаласы жоғары деңгейде
қорғалған. Соның ішінде 2 мақаласы Ауыл шаруашылығының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру механизмдері және Әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорация – экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде
тақырыбындағы мақалалары арнайы жинаққа енген. Бұдан бөлек 2008 жылы сәуір
айында Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдері
тақырыбымен автордың ғылыми жұмысы республикалық студенттік ғылыми жұмыстар
конкурсына, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының конкурсына және ҚР
тұңғыш Президенті атындағы қордың конкурсына жіберілген. 2009 жылғы қаңтар
айының 20 жұлдызында Болон үдерісі аясында жоғары білім берудің сапасын
жетілдіру: болмысы, мәселелері және келешегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
оқытушы-профессорларының ХХХІХ ғылыми-әдістемелік конференциясында автордың
э.ғ.к., доцент М.Қ. Байгісиевпен бірге жазылған Мемлекеттік тілдегі
экономикалық терминдердің қазіргі ахуалы мақаласы қорғалды.

Бітіру жұмысының жариялылығы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Республиканың ауыл шаруашылық секторы қашанда табиғи-климаттық
факторларға тәуелді. Сондықтан да кез келген мемлекет ауыл шаруашылық
саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде реттейді, ал реттеудің өзі
мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады. Себебі, ауыл шаруашылық өнімдері
қағаз өндірісінде, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде және басқа да
өнеркәсіп салаларында шикізат болып табылады. Сонымен қатар халықты
жұмыспен қамтудың бірден бір көзі. БСҰ-на кіру қарсаңында Қазақстанда
бәсекеге қабілетті, дайын өнім шығару мәселесі өткір қойылып отырғаны
белгілі. Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығы саласын дамытуда маңызды орын
алады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев оңтүстік облыстардың тұрғындарымен
кездесуінде экономиканың аграрлық секторындағы басым бағыттарды анықтап
берген болатын. Олар: өндірістің дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу; мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы; кластерлік
бастамашылықты қолдану; корпорацияны дамыту жолымен ақпараттық-маркетингтік
бастамашылықты жүзеге асыру; халықаралық сапа стандартына көшу; ауыл
шарушылығы техникаларын жаңарту; еңбекті ұйымдастыруды жаңа әдіспен оқыту;
транспорттық стратегияға көшу; несиелеудің тиімді әдістері мен нысандарын
ұйымдастыру; ауыл шарушылығы ғылымдарының ролін арттыру; ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізуді жеделдету; ауылдың әлеуметтік
инфрақұрылымын қалыптастыру.
Елімізде ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау шаралары әрқашан
жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2006 жылғы ауыл шаруашылығына мемлекеттен
бөлінген қаржы көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға артып, 77 млрд 25
млн теңгені құраған.2 Мұның өзі мемлекет қаржысының жылдан-жылға артып
келе жатқанын көрсетеді. Алайда, бұл салада түйіні шешілмеген мәселелер де
жоқ емес. Оның ең бастысы – ауыл шаруашылық өнімдерінің ішкі рынокта да,
сыртқы рынокта да бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады. Мәселен, астық
өндіру 2000-2005 жылдар аралығында әр гектарға 8,4 центнерден 11,8
центнерге дейін болса, мұның өзі Ресейдегі көрсеткіштен 2 есе, Канададан
2,3 есе төмен. Әр сиырдан алынатын орташа жылдық сүттің көлемі небары 2127
кг-ды құрап, Ресейдегі деңгейден 30% -ға, Канададан 70%-ға төмен болып
отыр. Сонымен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан астығының қамырлылық
коэффициенті жоғары екендігі мойындалған, алайда оның сатылу бағасы
Канаданың астығына қарағанда 2-2,5 есе төмен болып отырғандығы осы салада
маркетингтің және менеджменттің дамымай отырғанын көрсетеді.12 Мәселен,
Канадада астық жинау кезінде сынған бидай ешқашан да экспортқа
шығарылмайды. Ол астықты сұрыптаған кезде бірден биоэтанол шығаратын
зауыттарға жөнелтіледі. Экспортталатын бидай біздегідей емес, стантарттарға
сай 50 немесе 100 кг-дық қапшықтарға салынып, “Канадада жасалған” деген
жазумен шығарылады, ГОСТ және НЕТТО стандарттарына сәйкестендірілген.
Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерінің әр түрін өсіріп, өндіруге
қолайлы табиғи жағдай болғанымен, оны тиімді пайдалана алмай келеміз.
Тіпті, арнайы экономикалық аймақтардағы (АЭА) бәсекеге қабілеттілік
индексінің өзі салыстырмалы түрде импортталған тауарларға қарағанда әлі де
төмен. Егер шет елдермен салыстыратын болсақ, көптеген елдерде ауыл
шаруашылық өнімдерін алыс қашықтыққа тасымалдауға транспорттық дотациялар
әрекет етеді. Мысалы, Австралияда, Аргентинада, Канадада және АҚШ пен ОАР-
да ауыл шаруашылық өнімдерін теңіз порттарымен тасымалдауда мемлекеттік
дотациялар көлемі тарифтік бағаның 35%-на дейін жетеді. Бұл көрсеткіш
Оңтүстік Еуропа елдерінде 25%-дан , Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 40%-дан
төмен емес. Канадада осы кезге дейін астықты сақтауға және далалық
провинциялардан Батыс және Шығыс жағалаулардағы экспорттық пункттерге
жеткізуге субсидиялар әрекет етіп келді. Сонымен бірге 1995 жылы ауыл
инфрақұрылымын және ауылдық жерлерде өңдеуші кәсіпорындарды дамыту үшін 300
млн доллар көлемінде бейімдеу қоры құрылған болатын.5 Тауарлы өнім құнына
есептесек ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі Австрияда – 44%,
Финляндияда – 72%, Швецияда – 47%, Швейцарияда – 76%-ды құрайды. Ақшалай
сомада қарастыратын болсақ, АҚШ-та ауыл шаруашылығы трансферттерінің жалпы
мөлшері 94 млрд $ соның ішінде тікелей бюджеттен – 77 млрд $, Жапонияда
сәйкесінше 89 және 26 млрд $, Еуропалық Одақта – 134 және 60 млрд $,
Финляндияда – 3,9 млрд $, Норвегияда – 3,4 млрд $.13
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің тұрақты және қолайлы қызмет етуі,
олардың өндірген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы көп жағдайда
ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасына байланысты және де БСҰ-
ға ену қарсаңында Қазақстанда осы сфераның дамуында оның материалдық-
техникалық қамтамасыз етілуі, және ауыл шаруашылығына тиімді қызмет етуі
барынша көкейкесті проблемаға айналды. Егер оның еңбек өнімділігін
арттыруға септігін тигізетінін ескерсек, жағдайдың аса өткір екенін болжау
қиын емес. Дүниежүзілік Банк таратқан мәліметке сүйенсек, Қазақстанның ауыл
шаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда 5
есе төмен болып отыр.11 Қазіргі кезде Қазақстанда ауыл шаруашылығына
әкелініп жатқан тракторлар саны орта есеппен 1200-1500, комбайндар 2500
дана немесе 2000 жылмен салыстырғанда 4-5 есе артық.5 Алайда бұл
көрсеткіштер материалдық-техникалық базаның жағдайына оң әсер етіп
отырғанын көрсетпейді. Нәтижесінде 1 тракторға және комбайнға келетін
маусымдық жүктеме шет елдерге қарағанда анағұрлым жоғары. Қазақстанның
машина жасау саласындағы проблемалары сан алуан. Атап айтар болсақ, қажетті
айналым құралдарының жоқтығы; міндетті төлемдер бойынша қарыздардың болуы;
шетелдік, бірінші кезекте ресейлік жеткізушілерге деген күшті тәуелділік;
жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын жасау мен енгізу бойынша
мамандандырылған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық ұйымдардың
(ҒЗТКҰ) жоқтығы. Бүгінде республикада 296 МТС жұмыс істеп тұр.5 Дегенмен,
олардың қызмет көрсету көлемінің айтарлықтай ауқымды емес екенін атап
өтуіміз керек. Жалпы жұмыс көлемінде олардың үлесі шамамен 32%–ды құрайды.
МТС-тардың негізгі кемшіліктеріне жеткізу қызметі құнының жоғарылығы, МТС-
тардың ауыл шаруашылық өндірісінің түпкілікті нәтижесіне деген
қызығушылықтарының жойылуы жатады. Мұндай жағдайда ірі шаруашылықтар МТС
көрсететін қызметтерден бас тартып, ол жұмыстарды өз күштерімен атқаруға
ұмтылады, ал ұсақ шаруашылықтар экономикалық қатынастардың формальді емес
формасына талпыныс білдіреді. Өз кезегінде көптеген МТС-тар қызмет көрсету
кәсіпорны ретінде қолайлы өндіріске қызығушылық таныта қоймайды. Мысалы,
2004 жылдың басында республикадағы МТС-тардың саны 600-ден 300-ге дейін
немесе 2 есеге қысқарды.5 Бізде отандық азық-түлік тауарларының көлемі
жағынан да, ассортименті (алуантүрлілігі) мен сапасы жағынан да артта
қалуының себебі белгілі. Егіншілік саласын алсақ, әлі күнге дейін өндірісті
диверсификациялау мәселесі артта қалуда. Егістік алқабы 18 млн гектарды
құрайтын болса, соның 65%-на арпа мен бидай егіледі. Майлы дақылдардың үлес
салмағы аз. Соңғы жылдары мемлекеттің егін шаруашылығын диверсификациялау
саясатының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізе бастадық деп айтуға болады.
Мәселен, 2005 жылы майлы дақылдарды егу алқабы 33 мың гектарға артса, 2006
жылы бұл көрсеткіш 758 мың гектарды құрады. Экономикалық реформа жылдарында
тек қана Қазақстанда емес басқа да Достастық мемлекеттерінің ауыл
шаруашылығы өндірісінде айтарлықтай құлдырау орын алды. Аграрлық саладағы
бұл дағдарыстың негізгі себебі ауылды мемлекеттік қолдау көлемінің
айтарлықтай қысқаруы болды. Бұл әсіресе, капиталды жинақтау мен
инвестициялық сферада орын алды. Өнеркәсіптік өндіріс тауарлары мен ауыл
шаруашылығы өнімдеріне бағаның диспаритеті тереңдей түсті. Ауыл шаруашылығы
тауар өндірушілерінің ауыр қаржылық жағдайы салдарынан өндірісті
механизациялау, химизациялау және мелиорациялау деңгейі төмендеді, егіс
алқабы мен мал басы саны айтарлықтай қысқарды. Шаруашылық жүргізу
процесінде соңғы жылдары топырақтың табиғи құнарлылығының төмендеуі
байқалуда және оның айтарлықтай бөлігі су және жел эрозиясының әсерінен,
қалдық пестицидтермен, минералды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирма тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Пәндер