Биологиялық әсерлі заттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Анотация
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Негізгі бөлім
1.1 Жануар тектес азықтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...6
1.2 Азықтық протеин алмастырушылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Азықтық микробиологиялық қосындылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Азықтық минералды қосындылары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.5 Биологиялық әсерлі заттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
1.6 Құрамажем
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23

Техникалық қауыпсіздік

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..31

Анотация
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Жануар тектес азықтар. Оның негізгі
бөлімі 23 парақтан тұрады. Бұл курстық жұмыста мал азығына өсімдік тектес
жемшөппен қатар жануар тектес азықтар да қолданылуы, оларға жаңа туылған
төлге берілетін сүт пен сүт өнімдері, ет өндірісінің қан ұны (кровяная
мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны (мясо-костная мука), сүйек ұны
(костная мука) мен балық зауыттарының балық ұны (рыбная мука) түріндегі
қалдықтарды беру тұралы хабарландырылған.
Қазіргі кезде мал азығындағы протеин проблемасын шешуде микробиологиялық
өндіріс қалдықтары кеңінен қолданылып келеді. Тағамға жарамсыз шикізаттан
биотехнология арқылы өндірілетін ащытқылар мен микробтар малды бағалы,
жоғары сапалы протеинмен қамтамасыз етеді. Ашытқылаушы микроорганизмдер
тәулігіне өз массасынан 2,5 есе көп биологиялық тұрғыдан құнды белок
түзеді. Құрамындағы ауыспайтын аминқышқылдары бойынша олардың белогы
өсімдік және жануар белогы аралығындағы орын алады.
Мал азығында минералдық заттар жетіспеген жағдыйда оларды қосымша
минералды өосындылармен толықтырады. Минералдық қосындылардан малдың
күнделікті қажетсінетіні ас тұзы. Мұның мәнін жер бетіндегі тіршіліктің
Әлемдік Мұхитта жаралуымен байланыстыруға болатын секілді. Әрине,бұл
жорамал ғана. Дегенмен барлық мал түлігі мен құстың күнделікті азығына ас
тұзын қосады. Ас тұзының ұнтағын құс пен шошқаға жеміне араластырып берсе,
күйісті мал мен жылқыға жеке тұз кеспектерін (соль-лизунец) жалатуға қояды.
Жерінің басым бөлігінде йод жетіспеушілігі байқалатын елімізде мал
азығы мен адам тағамын биологиялық тұрғыдан өте өажет йодпен йодталған ас
тұзы, сүт, нан, т.б. түрінде байыту үшін ақ түсті, суда жақсы еритін, текше
формалы, құрамында 76,4% йоды, 24% калийі бар йоды калий немесе калий
йодатының кристалын қолданады.
Құрамажем тұралы айтатын болсақ, ол екі түрде өндіріледі. Бірінші, құс
не мал (төл) азығына жалғзыз азық көзі ретінде жұмсалатын толық рационды
(полнорационный комбикорм) құрамажем де, екінші, мал азығына құнарлы жем
ретінде жұмсалатын дәндер қосындысынан құрастырылған құнарлы құрамажем
(комбикорм-концентрат). Толық рационды (полнорационный комбикорм) құрамажем
де ол арналып шығарылған құс не мал түлігінің қорегіне қажетті барлық
қоректік заттар толығымен және жан – жақты қамтылады да, құнарлы
құрамажемде малдың негізгі азығын қосымша энергетикалық және қоректік
заттармен толықтырады.

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң, ауыл шаруашылығына үлкен
назар аударыла бастады. Республикамыз Президенті 2003-2005 жылдарды Ауыл
жылы деп жариялағаны, ауыл шаруашылық жұмыстарының өркендеуіне өте
салмақты үлес қосты.
Құс шаруашылығы – бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз
ететін шаруашылық саласы.
Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыруына
байланысты. Құстың тез-өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың
организмінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Биохимиялық және
физиологиялық зерттеулер жетілуінің арқасында көптеген витаминдер, амин
қышқылдары, минералды заттар ашылып, олардың және де көмірсулардың, май
қышқылдарының қоректендірудегі орны анықталды.
Құс азығын қажетті барлық қосындылармен толықтыру арқылы денсаулығын
нығайтып, өнімділігін өсіріп, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Солардың ішіне жануар тектес азықтар да кіреді.
Мал азығына өсімдік тектес жемшөппен қатар жануар тектес азықтар да
қолданылады. Оларға жаңа туылған төлге берілетін сүт пен сүт өнімдері, ет
өндірісінің қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны
(мясо-костная мука), сүйек ұны (костная мука) мен балық зауыттарының балық
ұны (рыбная мука) түріндегі қалдықтары жатады.

Техникалық қауыпсіздік. Құс шаруашылығы мен айналысатын шаруашылықтар
техника қауіпсізлігімен еңбек қорғанысын орындалуы керек. Дегенмен жұмыртқа
мен ет өнімдерін өңдейтін техникалық құрылыстар, еңбекшілер денсаулығына
аса үлкен зиян келтірмейді. Құс фабрикаларында техника қауіпсізлігі міндеті
инженерлерге жүктеледі, ал цехтарда учаскілерде техника қауіпсіздігіне
жауапты етіп цех басшыларын, бригадирлерін немесе бас мамандарын
тағайындайды. Инкубация цехтарына инкубатор құрылысы мен жұмыс істеу
құрылысымен танысқан, қауіпсіздігін оқыған ғана кіреді.
Жұмыс алдында орындарын жиып, тазалау кезінде электірлік құрылғымен
электірлік приборларға тиісуге болмайды. Олардың су тиуден, кіші электорлық
ақаулардан қорғау керек.
Ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізетін барлық мүшелер
техникалық қауіпсіздігін, яғни жою дәрі – дермектермен, дезинфекция
жасайтын машиналар мен құрылғыларды қалай пайдалану керектігін білу керек.
Ветеринарлық санитариялық техника қауіпсіздігін міндетті түрде сақтау,
орындау ережелері миыналар:
- профилактикалық дезинфекциялық дәрі дәрмектермен улану.
- профилактикалық травматикалық механикалық аппараттармен жұмыс жасау,
электір тоғының үлкен ағымарымен жарақаттану.
- Дезинфекциялық аймақтағы өртке қарсы шаралар.
Бактерияларда өсіретін юалапан цехтарын меңгеру және қауіпсіздік
ережелерімен талаптарын орындау.
Әр жұмысшының міндеті, жұмысты бастамас бұрын жұмысшылар арнайы киімдерін
киіп, жұмыс орындарын дайындап, жұмыс құрылғысының дұрыстығы тексеріліп,
барлық ережелерге сай келгенде ғана жұмыс бастауға рұқсат етіледі.

Жануар тектес азықтар
Мал азығына өсімдік тектес жемшөппен қатар жануар тектес азықтар да
қолданылады. Оларға жаңа туылған төлге берілетін сүт пен сүт өнімдері, ет
өндірісінің қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны
(мясо-костная мука), сүйек ұны (костная мука) мен балық зауыттарының балық
ұны (рыбная мука) түріндегі қалдықтары жатады.
Туа сала төл енесінің уызымен қоректенеді. Уыз құрамы сүттікінен
ерекшеленеді. Уыздың сүттен құрғақ затында жоғары болғандықтан, қою келеді.
Казеинді сүт белогымен салыстырғанда уыз белогында жылдам іріп, ыдырағыш
келетін альбуминдер мен глобулиндер басым болады. Уыз гамма-глобулиндері
мен төлге енесінің иммундық, яғни ауруға қарсыласушылық қасиеттері
беріледі. Апта аралығында уыз құрамы біртіндеп жай сүттікіне ауысады.
Алғашқы күнгі уызда 16(14-ші сағатта) – (12-ші сағатта) 8% белогы , 5-3,4 %
майы , 2-3 % қанты, 1% күлі бар 24 – 15 % құрғақ заты болса, 7 -9 күні
бұл көрсеткіштері, тиісінше , 4,5-3,5 %; 4 -3,7% ; 4,5 -4,8 % ;0,8% мен 14
-13 % дейін өзгеріп, ол жай сүтке айналады. Бұл мерзімдегі оның қышқылдығы
40-32 Тернер градусынан 24-19 градусқа дейін төмендейді.
Сиыр сүтінің 12,7% құрғақ затында 3,4% протеин, 4,9% сүт
қанты(лактоза), 3,6% май, 0,7% күл болады. Сүт қоректілігі майлығына
байланысты өзгереді. 1 кг сиыр сүтінде ...майлылығы 3% болса- 0,31 а.ө.,
майлылығы 4% болса – 0,36 а.ө., майлылығы 5% болса – 0,42 а.ө., 33 г
қорытылатын протеин болады. Жинақталған сүтпен (сборное молоко) қолдан
емізілетін сүтті тұқым бұзауына сүтті 3-4-ші айда біртіндеп майы алынған
(обезжиренное) көк сүтпен (обрат) алмастырылады. Майсыздандырылған сиыр
сүтінің 1 кг-да 0,3а.ө.,35 г қорытылатын протеин болады. Сүт пен көк сүтті
ұзақ уақыт сақтау үшін тұз қышқылымен өндеуге болады. Тұз қышқылы қосылған
сүт тез ұйып, бұзылмай сақталады да төлді іш ауруына шалдықтырмайды.
Сондай-ақ сүтпен май айырғанда қалатын пахта , ірімшік өндіргенде қалатын
сүт сарысуы (молочная сыворотка) да мал азығына бірден немесе ашытып
пайдаланады.
Сүт пахтасында 3,5% жеңіл қорытылатын жоғары сапалы белок, 4,5-4,7% сүт
қанты, 0,7% күл болады. Барлық сүт өнімдерінің протеині жоғары сапалы
болып келеді. Витаминдерден оларда рибофлафин мен пантотен қышқылы көп
жиналады.
Мал азығына ет өндірісінің тағамға жарамсыз қан ұны, ет ұны, ет- сүйек
ұны түріндегі қалдықтары құнды протеинді, ал сүйек ұны кальций фосфорлы
қосынды ретінде мал азығына жұмсалады.81% протеиннен тұратын қан ұнының 1
кг – да 0,95а.ө.,650 г қорытылатын протеин болады. 65% ет ұнының
протеинінде лизин көп, бірақ метионин мен триптофан аз болады. Тағамға
жарамсыз мал ұшасынан дайындалған ет-сүйек ұнында 20-25% күл болып, 50%
дейінгі протеинінде 5,4% лизин, 2% метионин мен цистин, 0,75% триптофан
болады.
Тағамға жарамсыз және ұсақ балықтар мен балық өңдеу қалдығынан
протеинінің биологиялық құндылығы өте жоғары (4,7-7,3% лизині, 2,5-3%
метионині бар) балық ұны дайындалады. Оның 1 кг – да 0,9-1,5а.ө.,480-630 г
қорытылатын протеині, 50 г лизин, 15 г метионин 5,7 г триптофан, 20-80 г
кальцый, 15-60 г фосфоры болады.Осыған байланысты балық ұны белоктық
құндылығымен қоса және бағалы фосфор көзі болып табылады. Балық ұнының
протеині аминқышқылдық құрамы жағынан эталон ретінде алынған тауық
жұмыртқасы ағының құрамына жақындайды. Оның органикалық затын шошқа 85-90 %
қорытады.
Азықтық ет ұнының түсі – сарғыш, боз не қоңыр, ет - сүйек ұнынікі-
бозғылт-бурыл қоңырқай, қан ұнынікі қоңыр болып, козінің тесігі 3 мм
електен 150 грамын елегендегі өтпейтін өалдығы 5% - дан (7,5г), ал 2 мм-
ден үлкен өткір металл қалдықтары...1 сортты ұнда – 150 мг- нан, басқа
сортында – 200 мг – нан аспауға тиіс. Құс құрамажеміне қосылатын 2-3 сортты
қан ұнында 500 мг- ға дейін саусақ пен жеңіл үгітілетін металл тотығы болуы
мүмкін.
Жануар тектес азықтар түрі, түсі, иісі, химиялық құрамы бойынша келесі
қоректілік кластарына (сортына) бөлініп бағаланады.
Мал терісін өңдеу қалдықтарынан құрамында 85-90 протеині , 2-3 майы,
1,5-3 күлі бар азықтық тері ұны дайындалады. Оның цистин мен триптофаны аз
протеинінің қорытылымын жоғарылату үшін қышқыл не сілтілік өңдеуден
өткізеді. Ол үшін жарамсыз тері мен оның қалдықтарын жоғары қысымда , 120
-130С температурасымен гидролизлейді . Гидролизленген тері қолагені еріп ,
ас қорыту барысында 75 -80% ферменттеліп , қорытылады.
Құс етін өндіргенде пайдаланылмай қалатын қауырсынынан 83% протеині ,
4,6% майы , 6,4 % кальцийі , 2,7 % натрийі , бар қауырсын ұнын (перьевая
мука ) шығарады . Оның 1кг-да 0,8 а.ө., 500 г қорытылатын протеин болады .
Қауырсын ұнын шошқа азығына , құс құрамажеміне лизин , метионин мен
триптофан аминқышқылдарына бай протеиндік қосынды ретінде қосады ...
Малды азықтандыруға қоректілігі құрамына байланысты өзгеретін асханалық (
тағамдық ) қалықтар да пайдаланады . Олардың органикалық заты жоғары (87 –
90%) қорытылады . Тағам қалдықтарын, әдетте , басқа азықтармен
бордақылаудағы шошқа мен мүйізді ірі қара мал азығына пайдаланады . Малға
жұғымды қосынды.Орташа құрамында 80-88% су, 1,5-3% протеин, 0,5-2% май,
0,5-1,5% жасунық, 7-14% азотсыз экстрактивті заттар, 1,3-2,3% күл
болатын тамақ өнеркәсібі мен асхана қалдықтарын, негізінен, шошқа азығына
жұмсайды. Бордақылаудағы шошқа азығындағы асханалық тамақ қалдығының үлесін
бордақылаудың басында – 60 -70% , аяғында 50-30% көлемінде қосуға болады.
Асханалық қалдықтарының 50% -на 43% жем қосындысын мен 7% витаминді шөп
ұнын қосып, құнарлылығын арттыруға болады.
Бірақ ылғалдығы жоғары тағамдық қалдықтар тез арада бұзылатындықтан мал
азығында дереу жұмсалуын қамтамасыз ету керек. Малға жегізілетін асхана
өалдықтарында металл, әйнек-шыны секілді мал ас қорыту жолын зақымдайтын
бөгде қалдықтардың болмауын мұқият қадағалайды. Біраз тұрып қалған асхана
қалдықтарын жоғары температурада өңдеп, микробтардан, арылтып, арнайы
магнитті қондырғылардан өткізіп металл және басқа бөгде заттардан
тазартады.

Азықтық протеин алмастырушылары
Малды қажетті көлемде дене мен өнімің құрылымдық қосындылары болып
табылатын протеинмен қамтамасыз ету үшін бір қарынды мал мен құсқа тікелей
белок пен аминқышқылдарын қосу қажет болса, қарыны көп бөлімді күйісті
малға құрамында азоты бар қосындылар қосу жеткілікті. Ол қосындылар азотын
месқарын микроорганизмдер өз тіршілігіне (өсіп-өнуіне) игеру арқылы қожайын
организмін, яғни малды микробиологиялық түзу белогы және аминқышқылдарымен
қамтамасыз етеді. Осы мақсатта пайдаланылатын протеиндік қосындыларға
карбамид, аммоний тұздары, аспарагин, өндірісте дайындалатын амин
қышқылдарының препараттары, т. Б. Жатады.
Өндірісте түзілген зәрлік (синтетическая мочевина, яғни карбамид) иіссіз,
ақ тусті, ащы дәмді, ылғал сіңіргіш, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Оны
химия зауыттары ауа азоттың жоғары температурада сүтегімен қосудан пайда
болған аммиакты (NH3) 200 атмосфералық қысыммен 185-200С ыстықта
катализатор қолдана отырып көмір қышқыл газымен( СО2) қосып шығарады. Қос
амидті көмір қышқылы ((СО)NH2) түріндегі карбамид жылдам ерігіштігінен
месқарында тез ыдырап, көмірқышқыл газы мен аммиакқа бөлінеді.
Санитарлық тұрғыдан таза аммиак тыныс жолдарын қабындырып, көздің кілегей
қабығын қоздырып, жалпы организмді уландыратын өте күшті уға жататындықтан,
карбамидті мал азығына қолданғанда басқа да аммиакты қосындыларды
қолданғанда сақталатын санитарлық сақтық ережелерін қатаң сақтау қажет. Мал
азығына жұмсалатын карбамид құрамында 46% азот болады. Бұл суда жақсы
еритін, бірінші фракциясындағы көлемі – 0,2 – 1 мм, екінші фракциясындағы
көлемі – 1 – 2,5 мм ақ, ылғал тартушы ұнтақ . Оны күйісті малға 6 айлығынан
соң, аз мөлшерден бастап, 7-10 күнде месқарын микрофлорасын оны игеруге
әбден бейімдеп барып береді.
Карбамидтің тәуліктік мөлшерін малға тәулік бойы жегізілетін жеммен
біркелкі мұқият араластырып немесе оның судағы не сірнедегі ерітіндісі мен
жем шөпті бүркіп енгізеді. Құрамажемге не жем қосындысына карбамидті
массасының 0,3-0,5% көлемінде қосады. Осылайша карбамид азотымен күйісті
малдың протеиндік мұқтаждығының 25-30% қамтамасыз етуге болады. Одан
ыдырап шыққан аммиакты өз дене құрылымына игеру арқылы месқарын
микрофлорасы 1 г карбамидтен орташа 2,6 г қорытылатын микробтық белок
түзіледі.
Карбамидпен қоса күйісті мал азығындағы протеиндік қосынды ретінде
аммоний қос карбонаты мен сульфатын, аммиак суын, амидтер мен амидтік
құнарлы қосындыларды қолданады.
Құрамында 17% азоты бар аммоний қос карбонатының жазғы ыстықта жылдам
ыдырап аммиак иісін шығаратындықтан протеиндік қосынды ретінде, әдетте,
қыста пайдаланады. Біртіндеп үйретіп оның малға берілетін мөлшерін
тәулігіне сауын сиырға – 200-300 г, танаға – 100-130 г, бордақылаудағы
өгізшеге – 130-230 г, саулыққа – 30-40 г, тоқтыға 20-30 г көлеміне
жеткізуге болады.
Құрамында 21,2% азот, 25,9% күкірті бар аммоний сульфатын карбамидпен 2-
3 : 1 аралығында қосып пайдаланған жөн .Ал 1 атмосфералық қысымда бөлме
жылулығында 1 л суда 545 г аммиактың еритіндігін пайдаланып дайындалған 25%
- дық аммиак суын күйісті мал азығын азотпен байытуға және қышқыл сүрлемді
қышқылсыздандыруға пайдаланады. Оны пайдаланғанда басқа да сұйық аммиак
препаратындағыдай сақтау барысында азотының 30-50% дейін ыдырап, ұшып
жойылатынын ескереді.
Мал азығын жұмсалатын амидті-құнарлы қосындыны дайындау үшін экструдерде
30 атмосфералық қысымда және 135-160С жылылықта карбамидті астық
тұқымдастар дәнінің крахмалымен қосып дайындайды. Оны дайындағанда жылу
режимі қатаң сақталуын бақылайды. Өйткені 130С төмен жылылықта, бір
жағынан, карбамид нашар еріп, крахмалмен тығыз байланыспайтын болса,
екінші жағынан, крахмалдың өзі жеткілікті декстринделмейді де, қосынды
сапасызданады.
Құрамында 70-80% дән, 15-20% карбамид, 5% натрий бенотиті болатын
мұндай амидті –құнарлы қосындының 1 кг-да -0,7-0,9 а.ө.,500-700 г протеин
болады. Дайындалған қосынды сапасын ылғалдылығы мен протеині бойынша
бағалайды.Оның ылғалдылығы – 12% - дай аспай, ал протеині 40% - дан кем
болмауға тиіс.Дайындалған қосындының сақтау мерзімін 3 айдан асырмай мал
азығына жұмсау қажет.
Азықтық аминқышқылдық препараттарға синтетикалық жолмен түзілген лизин
мен метионин жатады. Синтетикалықлизин иіссіз, дәмі ашы, ылғал тартпайтын,
суда жақсы етитін кристалды ұнтақ немесе түйіршік түрінде щығарылады.
Құрғақ азықтың лизин түйіршіктерінде 7-10% лизин болады.Әдетте, оны бидай
көбегімен араластырып дайындайды. Бұлай дайындалған препарат ылғалдылығы75%
- дан, температурасы 2% - дан төмен бөлмеде 6 ай жақсы сақталады.
Синтетикалықметионин капролактам қосындысынан химиялық жолмен түзіледі.
Құрамында 96 % метионині бар ақ-сары не ақ - боз түсті, әлсіз иісті, тәтті
дәмді, суда нашар, ал әлсіз қышқылдар мен сілтілерде жақсы еритін кристалды
ұнтақ түрінде шығарылады. Бұл азықтық аминқышқылдық препараттарды мал
азығының протеинінің ауспайтын аминқышқылдары болып табылатын лизин және
метионинмен байытуға пайдаланылады.

Азықтық микробиологиялық қосындылары
Қазіргі кезде мал азығындағы протеин проблемасын шешуде микробиологиялық
өндіріс қалдықтары кеңінен қолданылып келеді. Тағамға жарамсыз шикізаттан
биотехнология арқылы өндірілетін ащытқылар мен микробтар малды бағалы,
жоғары сапалы протеинмен қамтамасыз етеді. Ашытқылаушы микроорганизмдер
тәулігіне өз массасынан 2,5 есе көп биологиялық тұрғыдан өқнды белок
түзеді. Құрамындағы ауыспайтын аминқышқылдары бойынша олардың белогы
өсімдік және жануар белогы аралығындағы орын алады.
Микробиологиялық белоктың құрамында ауыспайтын аминқышқылда-рымен қоса
көптеген витаминдер жиналады. Мысалы, 500 кг ашытқы 1250 кг құнды белокпен
қатар Д және В тобының витаминдеріне бай микробтық масса өндіреді. Онық 1
кг құрғақ затында -2,5-7 г эргостерин, 15-18 мг тиамин, 54-68 мг
рибофлавин, 0,8 мг цианкобаламин жиналады.
Мұндай микробиологиялық өндіріс қалдықтарына азықтық ащытқы паприн
жатады. Паприн мұнай парафиндерінен микробиологиялық жолмен өндірілетін өте
бағалы биомасса. Оны мал мен қүс азығына 3-8% мөлшерінде қосады. Күйісті
мал азығындағы протеин жетіспеушілігін толықтыру үшін шаруашылық жағдайында
супер азоттық азықтық қосынды ксаид дайындауға болады. Оны дайындау үшін
астық тұқымдастар дәнін 40 литрінде 21 кг карбамид ерітілген сумен
ылғалдандырады да 6-7 сағат 2-3 рет араластырып бөктіреді. Бөктірілген
денді шқп ұнын дайындайтын АБМ агрегаттарынан өткізіп ұнтақтайды. Ұнтақтың
1 кг – да месқарын микрофлорасы 400-500 г протеин түзетін (400-500 : 2,6
=150-200 г) азот болады.
Ксаидті дәннен басқа да кез келген көкшөп, сүрлем, пішендеме, сабан
топан, т.б. секілді жемшөпті карбамидті ерітіндімен ылғалдандырып
дайындауға болады. Оның ұнтағына малды 5-7 тәулікте біртіндеп үйретіп,
малға берілетін жем не сүрлеммен араластырып, тәулігіне сауын сиыр басына
400-800 г, тана басына – 200-300 г береді.
Микробиологиялық азықтық өнімдерге ағаш өндірісінің қалдықтары, мұнай мен
табиғи газ көмірсүтектілерінде (парафиндерінде) өсірілетін құрғақ заттың
50% протеиннен тұратын азықтық ашытқылар жатады.
Ультра күлгін сәулелендіру арқылы олардың құрамындағы эргостеринді Д2
витаминіне айналдыруға болады. 1 кг – ғы Д2 витамині 10 – 15 мың
халықаралық өлшеміне жететін мұндай азықтық ашытқыны төл мен шошқаның қысқы
азығындағы Д витаминінің көзі ретінде жұмсауға болады. Микробиологиялық
жолмен азықтық аминқышқылдарының L-лизин моно-хлоргидраты, DL-метионин мен
L –триптофан түзіледі. Олардың өндіріс өндірген ұнтақтарын осы шектік
(критическое) лимиттік амин қышқылдарын мал мен құс мұқтаждығына
сәйкестендіру үшін қолдануға болады.
Азықтық минералды қосындылары
Мал азығында минералдық заттар жетіспеген жағдыйда оларды қосымша
минералды өосындылармен толықтырады. Минералдық қосындылардан малдың
күнделікті қажетсінетіні ас тұзы. Мұның мәнін жер бетіндегі тіршіліктің
Әлемдік Мұхитта жаралуымен байланыстыруға болатын секілді. Әрине,бұл
жорамал ғана. Дегенмен барлық мал түлігі мен құстың күнделікті азығына ас
тұзын қосады. Ас тұзының ұнтағын құс пен шошқаға жеміне араластырып берсе,
күйісті мал мен жылқыға жеке тұз кеспектерін (соль-лизунец) жалатуға қояды.
Ас тұзы диссоциялануынан пайда болатын натрий мен хлор иондары
организмдегі су алмасуын реттеуіне қатысатындықтан бүкіл зат алмасуына,
оның ішінде, алдымен жылы өандылар гомеостазын негіздендірушісі болып
табылатын денедегі жылу алмасуына ықпал етеді.96% натрий хлоридінен
тұратын азықтық ас тұзында аздаған магний, күкірт қосындылары болады.
Натрий хлоридімен қатар мал азығындағы калий хлоридін (хлорлы калийді)
қолданады. Құрамында 25% калий, 47% хлоры бар, түсі мен дәмі ас тұзына
ұқсас, суда еритін кристалды хлорлы калий ұнтағы көбіне торай жеміне
қосады.
Ас тұзынан кейінгі малдың қажетсінетін маңызды азықтық минералдық
қосындыларына сүйек (қанқа) құрылымын құрайтын кальцый мен фосфор
қосындылары жаталы. Кальций мен фосфор, содан кейін магний, марганец
элементтері алдымен тез өсетін төл мен балапан остеогенезін қамтамасыз
етумен қатар қанның ұюына, дене жылуының алмасуына, т.б. зат алмасуының
маңызды үрдістеріне қатысады.
Құрамына қарай мал азығына қолданылатын минералдық қосындылар кальцийлік,
кальций-фосфорлық, фосфор –азоттық, фосфор –натрийлік, азот-күкірттік,
микроэлементтік қосындыларға бөлінеді. Негізгі азықтық макроэлементтік
қосындылар құрамы 2-кестеде келтірілген.

Минералдық қосындылар құрамы, %
Қосындының атауы Формуласы Қосылатын элемент
Ca P Mg Na S Cl N
Азықтық ас тұзы NaCl - - - 39 - 57 -
Азықтық бор CaCO3 37 + - + - - -
Азықтық әк CaCO3 33 - + - + - -
Азықтық ұлу қабыршығы CaCO3 36 - - - - - -
Азықтық фосфаттар
Бір кальций фосфат Ca3(PO4)2 26 13 + - - - -
Қос кальций фосфат Ca(H2PO4)2 18 23 - - - - -
Сүйек ұны CaHPO4 25 19 - - - - -
Бір натрий фосфат Ca3(PO4)2 30 16 - - - - 1
Қос натрий фосфат NaHPO4 - 24 - 11 - - -
Азықтық бір аммоний Na2HPO4 - 21 - 13 - - -
фосфаты NH4HPO4 - 26 - - - - 11
Азықтық қосаммоний
фосфаты (NH4)2HPO4 - 23 - - - - 19

Азықтық кальцийлік қосындылар химиялық құрамы жағынан көмір қышқылды
кальций (СаСО3) болып табылады. Азықтыұ бор ақ түсті, аморфты, суда
ерімейтін ұнтақ. Құрамында кальциймен қоса 0,8 фосфор, 0,5 калий, 0,3
натрий болады. Құс азығында, әсіресе мекиен жұмыртқасының қабығын қайтаруға
кеңінен пайдаланылады.
Мал азығында кальций жетіспеген жағдайда республиканың көптеген
жерлерінде кездесетін әктердің (известняки) ұнтағын пайдаланады. Кальций
көзі ретінде Каспий теңізінің жағалауында мыңдаған жылдар бойыжиналған ұлу
қабыршығы (ракушечник) да ұнтақтап жұмсауға болады.Химиялық формуласы
бордікіндей болып келетін бұл кальцийлік қосындылар құрамы өндірілген
жеріне байланысты біршама өзгереді.
Мал азығында кальциймен қоса фосфор жетіспеген жағдайда азықтың
фосфаттарды қолданады. Мал азығына жұмсар алдында фосфаттарды
фторсыздандырады. Жамбыл суперфосфат зауытында Қаратау кенінен шығарылатын
азықтық фосфаттар құрамында 22-28% кальцый, 12-14% фосфор, 0,2% фтор,
0,01-0,1% күкірт, 0,1% марганец, 20% дейін магний, 3-4% темір болады.
Құрамында кальций, фосформен қоса 1,2% азоты бар сүйекатерді
майсыздандырғанда (май 0,8% кем болаиындай) сүйек ұны, ал оларда желатин
өндірілгенде азықтық преципитат деп аталатын екі кальций фосфат шығарады.
Алғашқысы ақсүр түсті ұнтақ болса, құрамында 0,012% -ға дейін күшәлә, 0,2%
-ға дейін фторы болатын прейипитат ақсүр түсті кристалды ұнтақ. Екі
кальций фосфатпен қоса кальций-фосфорлық қосынды ретінде бір кальций фосфат
пен үш кальций фосфаты қолданады. Суда еритін рН көрсеткіш 3,5, сұр түсті,
ұсақ түйіршікті ұнтақ түріндегі бір кальций фосфаты таза күйінде малға
беруге болмайды. Ал үш капльций фосфат суда ерімейтін, аморфты ұнтақ
түрінде шығарылады.
Кальций фосфаттарымен қатар кальций –фосфорлық азықтық қосынды ретінде ақ
түсті аморфты ұнтақ түріндегі фосфор қышқылды кальций шығарылады. Қорыту
барысында оның құрамындағы 16-23% кальцийі мен 16-26% фосфоры түгелімен
дерлік сіңдіріледі. Кальций-фосфорлық минералдық қосындыларға сүцек
қалдықтарын жаққанда қалатын сүйек күлі де жатады. Оның құрамында 35%
кальций , 16% фосфор болады.
Азықтық фосфорлық қосындыларға құрамында 12% азоты бар азықтық бір
аммоний фосфат, 19% азоты бар екі аммоний фосфат, 10-13% натрмйі бар бір
натрий фосфат, 28% -ға дейін фосфоры бар натрий көп фосфаттары кіреді.
Суда еритін, аммиак иісі, тұз татитын ақ не ақ-сары түсті аморфты не
криталды ұнтақ болып келетін олардың құрамындағы күшәлә 0,012% -дан, фтор
0,2% -дан аспауға тиіс. Азықтық фосфаттарды мал азығына фосфор жетіспеген
жағдайда немесе оның кальциймен ара қатынасы қалыпты 1,5-2:1 аралығынан
ауытқығанда қосады. Осы мақсат фосфор қышқылын сода мен қосқанда алынатын
ақ кристалды тұз түсіндегі натрий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті химиялық, биологиялық зақымдану кезінде халыққа көмек көрсету
Итмұрын
Қазақстан Республикасында жабайы және мәдени түрде өсірілетін дәрілік өсімдіктерді жинаудың қазіргі жағдайы
Минералды азықтар. Азықтық антибиотиктер және басқа биологиялық әсерлі күшті заттар
Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар
Антисептикалық заттар
Ауылшаруашылық малдарын нормамен азықтандыру
Жалпы фармакология
Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер
Тетрациклиндер тобының антибиотиктері
Пәндер