Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық-құқықтық
сипаттамасы

1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі.
2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы
3. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі
4. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы
5. Денсаулыққа ауыр жарақат салғаны үшін жаза тағайындау мәселелері

2 тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық
сипаттамасы

2.1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қылмысын жасаушы субъектінің тұлғасы
2.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысының себептері
2.3 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын алу
4. Денсаулыққа ауыр жарақат келтіруді кісі өлтіруден ажырату

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары. Әлемнің ең дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан
Республикасында да адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері
алдында басымдық берілген. Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты
таңдауы қоғамдағы құндылықтарды бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең
басты құндылығы, қазынасы, байлығы.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын
қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16
шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше
бөлімінде 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне
қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен
қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші
болып орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін
қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға
қарағанда ауырлығынан көруге болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға
бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы
қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
салдарынан жәбірленуші өлімі келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 103-
бабының 1-бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі),
ерекше сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған
қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі
ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа
қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының
мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының
жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау
яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет
қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге
байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық
жауаптылық негізіне жатқызады.

1-тарау. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объектісі

Жасалатын кез-келген қылмыс тікелей немесе жанама қоғамдық
қатынастарға қол сұғады. Сондықтан, ол бүкіл қоғам үшін қауіпті боп келеді.
Қылмыстық құқық саласындағы көпшілік ғалымдар мен криминалистер таныған
жалпы ережеге сәйкес қылмыстың жалпы объектісі болып, соның ішінде
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 103-бабымен көзделген
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің де, қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастар табылады.[1] Қоғамдық қатынастар- бұл кез-келген
қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастар, ал адам осы қатынастардың иегері
болып табылады. Сондықтан, қылмыскер адамның жеке басына, оның өміріне,
денсаулығына, ар-намысы мен қадір қасиетіне және т.б. игіліктеріне қол сұға
отырып, сонымен бір уақытта қоғамдық қатынастарға да қол сұғады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру жеке тұлғаға қарсы, оның
ішінде денсаулыққа қарсы қылмыс болып табылады. Ал, денсаулыққа қарсы
қылмыстар дегеніміз адам денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын
және қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттер. Бұдан
денсаулыққа қарсы қылмыстардың, соның ішінде ҚР ҚК 103-бабымен көзделген
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тектік (топтық) объектісі болып
адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар табылады.
Қылмыстың жалпы объектісінен оның тікелей объектісін ажырата білген
жөн. Көп жағдайда қылмыстық заңда кез-келген қылмыс құрамының белгілерін
сипаттау кезінде объект ретінде қоғамдық қатынастар көрсетілмей, олардың
материалдық көрінісі немесе кез-келген қылмыс құрамының тікелей объектісі
болып табылатын қоғамдық қатынастарға қатысушыларының нақты игіліктері
көрсетіледі. Қылмыстың тікелей объектісі нақты қылмыс құрамын ұғыну,
түсіну, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін ашу қылмыстық әрекеттің
қоғамдық қауіптілік дәрежесін ұғыну үшін маңызды және осы қылмыс құрамын
оған ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде қылмыс тікелей басқа адамның
денсаулығына зиян келтіруге бағытталады. Сондықтан, адамның денсаулығы ҚР
ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей
объектісі болып табылады. Бұл көзқарас қылмыстық құқық ғылымында
көпшілікпен танылған болып келеді. Қылмыстың тікелей және жалпы объектісі
арасында ажырамас өзара байланыс бар. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіру кезінде адам денсаулығына қол сұға отырып, қылмыскер белгілі бір
қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Өйткені осының нәтижесінде адам дұрыс
өмір сүре алмайды, дені сау бола алмайды, тиісінше еңбек қабілеттігінен
толық немесе ішінара айырылады. Медициналық тұрғыдан денсаулық деп - адам
организімі органдарының немесе тіндерінің дұрыс қызмет етуін түсінген жөн.
Қанау, дене жарақатын келтіретін соққылар, тырнақ іздері және т.б. кез-
келген түйіршіктің немесе органдардың дұрыс қызмет етуін бұзады және адам
денсаулығына белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Сондықтан, адам тіндері
мен органдарының дұрыс қызмет етуін бұзуға бағытталған барлық іс-
әрекеттердің тікелей объектісі болып адам табылады.
А.С. Никифировтың көзқарасы бойынша адам денсаулығы деп-адам
организімінің тұтас алғандағы қалыпты жәй-күйін түсінген жөн дейді.[2]
Бірақ адам денсаулығы деген бұл түсінік тар мағыналы болып келеді. Адам
организімінің кез-келген түйіршігі белгілі қызметтерді атқарады, сондықтан
түйіршіктердің дұрыс қызмет етуін бұзу адам денсаулығына зиян келтіреді
және адам организмінің тұтас алғандағы қалыпты жай күйінің бұзылуына
соқтырады.
А.А. Жижиленко мен В.В. Ореховтың көзқарастары бойынша денсаулыққа
ауыр зиян келтірудің объектісі болып адам денсаулығы емес, оның дене қол
сұғылмаушылығы табылады екен.[3] Бұл көзқарасты П.А. Дубовец былай
терістейді: Іс жүзінде адамның дене қол сұғылмаушылығы денсаулыққа
ешқандай зиян келтірмей-ақ та бұзылуы мүмкін. Мысалы, қорлау іс-әрекеттері
кезінде. Кейбір жағдайларда дене қол сұғылмаушылығының бұзылу фактісінде,
тіпті, қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, жеке тұлғаның өзге игіліктеріне
қол сұғу белгілерінсіз бір адамның басқа адамның денесіне оның еркіне қарсы
қол тигізуі. Сонымен бірге, дене жарақаты дене қол сұғылмаушылығын бұзбай-
ақ келтірілуі мүмкін. Мысалы, қорқудың нәтижесіндегі психикалық ауру.[4]
Сонымен, қылмыстық заң қылмыстық қол сұғушылықтан дене қол
сұғушылығын қорғамайды, керісінше тұлғаның өмір, денсаулық, ар-намыс, қадір-
қасиет және т.б. сияқты белгілі бір игіліктерін ғана қорғайды.
Қылмыстық заң адамның денсаулығын оның туған сәтінен бастап өлген
сәтіне дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы денсаулығын қорғайды. Адам өмірі
нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш
тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл
құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім
клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның
айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы
басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан
да көп минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім орталық
нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады.
Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға
жалғасқанымен мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни,
адам өмірінің соңғы сәті биологиялық өлім.
ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің в тармағында көзделген кінәліге
дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей адамды ұрлауға немесе кепілге
алуға ұштасқан адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің тікелей
объектісі болып кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сонымен бірдей
адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамның денсаулығы табылады.
Бұндағы адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз – оның физиологиялық немесе
басқадай себептермен (жастығына, кәрілігіне, науқастығына, соқырлығына,
кереңдігіне, ақсақтығына, есінен тануына, қатты мастығына, терең ұйқыда
ұйықтап жатуына т.с. байланысты) қылмыскерге қарсылық көрсете алиауы.
Дәрменсіздікке ұрланған және кепілге алынған жағдай да кіреді. Өйткені бұл
жағдайларда да жәбірленушінің қылмыскерге өз денсаулығына ауыр зиян
келтіруге қарсылық көрсету мүмкіндігігі шектеулі.
Жәбірленушінің дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім болуы керек.
Әйтпесе, дәрменсіз күйде екені қылмыскерге мәлім емес адамның денсаулығына
ауыр зиян келтіру ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігінің в тармағымен емес, ҚР ҚК
103-бабының 1-бөлігімен сараланады.
Денсаулыққа ауыр зиян өзге де қылмыстарды жасау кезінде де келтірілуі
мүмкін. Бұнда қол сұғушылық бір жағдайда денсаулыққа емес, өзге объектіге
бағытталса, ал басқа жағдайларда – адам денсаулығына және кез – келген өзге
объектіге бір уақытта бағытталады. Бұлай денсаулыққа ауыр зиян ҚР ҚК 179-
бабымен көзделген қарақшылық кезінде де келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда қол
сұғушылық бір уақытта адам денсаулығына және меншігіне жасалады. Бұндай
әрекет тиісінше ҚР ҚК 179-бабы 2-бөлігінің д тармағымен сараланады. ҚР ҚК
233-бабымен көзделген терроризм актісін жасау кезінде де зиян келтірілуі
мүмкін, бірақ бұнда қол сұғушылық тікелей қоғамның қауіпсіздігіне
бағытталған. Бұл қоғамға қауіпті әрекет 233-баптың 3-бөлігінің б
тармағымен сараланады.

1.2. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағы

Кез-келген қылмыстық істі тергеу кезінде ең алдыменен қылмыстың
объективтік жағы - қылмыс құрамының негізін қалаушы анықталады, ал содан
соң осының негізінде қылмыстың субъективтік жағы және оның
белгілері -себеп, мақсат, ниет, т.б. анықталады.
Қылмыстың объективтік жағы дегеніміз: белгілі жағдайларда
орында және уақытта өтіп жатқан, қылмыстық заңмен қорғалатыкн
объектіге зиян келтіретін нақты қоғамдық қауіпті мінез-құлықтың,
қол сұғушылықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын қылмыс құрамының құрамдас
бөлігі. Бұл әдетте, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің Ерекше бөлімі бабының диспозициясында көрсетіледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 1-
бөлігінің дизпозициясына сәйкес аталған бапта көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік жағын мыналар құрайды:
а) денсаулыққа зиян келтіру түріндегі қоғамдық қауіпті әрекет;
б) денсаулыққа келтірілген ауыр зиян түріндегі қылмыстық зардап;
в) әрекет пен аталған зардап арасындағы себепті
байланыс.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян қоғамдық қауіпті әрекеттің құқыққа
қайшы іс әрекет жолымен де, әрекетсіздік жолымен де келтірілуі мүмкін.
Әрекетсіздік жолымен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, егер тұлға
өзі жасауға міндетті және жасай алатын белгілі іс-әрекеттерді жасамаса,
сол сияқты соның нәтижесінде басқа түлғаныің денсаулығына зиян келтірілсе
ғана орын алады. Белгілі іс-әрекеттерді жасау міндеті заңнан (мысалы, ата-
аналарының балаларының денсаулығына қамқорлық етуі) немесе басқа тұлғаның
денсаулығына қауіп тудырған тұлғаның оған дейінгі мінез-құлқынан, не өзге
де негіздерден туындауы мүмкін. Сот-тергеу тәжіребесіне сүйенсек
әрекетсіздік шен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру көп кездеспейді.
Қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекет деп адамның саналы және ерікті
мінез құлқы түсініледі. Сондықтан егер, денсаулыққа ауыр зиян есі дұрыс
емес адаммен келтірілсе, онда қылмыс орын алмайды, өйткені бұндай тұлға
өзінің мінез-қүлқының қоғамдық қауіптілігін үғынбауына және оларды
басқара алмауына байланысты қылмыстык-құқықтық мағынада әрекет
етпейді. Қылмыстық-құқықтық мағынада есі дұрыс тұлға да әрекет етпейді,
егер ол белгілі іс-әрекеттерді өз еркіне қарсы бой бермейтін физиологиялық
күштің әсерінен жасаса. Мысалы, біреудің екінші адамды итеріп қалуынан,
екінші адамның үшінші адамға соғылуынан, үшінші адамның жерге құлап, қолын
шығарып алуы немесе сындыруы.
Сонымен бірге, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кез-келген
жағдайларда құқыққа қайшы болуы керек. Басқа тұлғаның денсаулығына
әрекеттің құқыққа қайшылығын жоятын жағдайларда қасақана ауыр зиян
келтіруде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің құрамы түгіл қылмыстың
жалпы құрамы да болмайды. Құқыққа қайшылық пен қылмыс құрамы денсаулыққа
қасақана ауыр зиян қажетті арнайы нұсқаулардың жоқтығына карамастан,
сонда да тек қана заң болып табылады.
Заң дәрігерлік қызметпен айналысуға рұқсат береді. Өйткені ол адам
денсаулығын сақтап калуға, қалпына келтіруге немесе жақсартуға, адам өмірін
құтқаруға бағытталған, бірақ денсаулыққа зиян келтіруге емес. Дәрігердің
жоғарыда аталған жағдайдағы қызметі қоғамдық пайдалы болып табылады,
өйткені хирургиялық араласу жолымен адам денсаулығына ірі зиян
келтірілуінің немесе тіпті өлімнің алды алынады. Бұл жағдайдағы денсаулыққа
ауыр зиян келтіру денсаулыққа одан да ауқымды зиянның келтірілуінің немесе
өлімге әкелудің алдын алу үшін қажетті болып табылады. Сондықтан, бұндай
сипаттағы денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, дәрігер оған қызметтік
борышымен жүктелген қызметтік міндеттерін тікелей атқарып отырады.
Бірақ кейбір жағдайларда науқастың денсаулығына келтірген ауыр зияны
үшін дәрігердің қылмыстық жауаптылығы орын алады. Бұл жерде қылмыстық
жауаптылық егер, дәрігер өзінің кәсіби міндеттерін бұзса және соның
нәтижесінде науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, оны келтіру
қажеттіліктен туындамаса ғана орын алады. Бірақ бұл жағдайларда дәрігер
қылмыстық жауаптылыққа егер, ол лауазымды тұлға болса, қызметтік қылмыс
үшін тартылады, ал дәрігер жеке тәжірбиемен айналысып жүрген тұлға болса,
қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК 103-бабымен тартылады.
Денсаулыққа ауыр зиян бокс, футбол, т.б. сияқты спорт
жарыстарында да келтіріледі. Егер денсаулыққа ауыр зиян заңмен тыйым
салынған спорт түрі бойынша жарыстарда келтірілсе, онда әрекет құқыққа
қайшы сипатқа ие болады және бұл_ жағдайда қылмыстық жауаптылық
жоққа шығарылмайды. Қылмыстық жауаптылық, рұқсат етілген спорт
жарыстарында спортсмен қасақана спорт ережелерін бұзса және соның
нәтижесінде басқа түлғаның денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайда орын
алады.
Жәбірленушінің өз денсаулығына ауыр зиян келтіруге
келісім беруі кейбір жағдайларда әрекеттің құқыққа қайшылығын жоюы
мүмкін.
А.А. Жижиленконың көзқарасы бойынша жәбірленушінің өз денсаулығына
ауыр зиян келтіруге келісім беруінде құқыққа қайшылық жоқ дейді.[5]
Осыған байланысты В.В. Ореховтың денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтірудің объектісі болып дене қол сұғылмаушылығы танылады, ал зардап
ретінде адам денсаулығына келтірілген зиян деген көзқарасы дұрыс деп тану
мүмкін емес.[6]
Бұл тұжырымдама ретсіз, өйткені денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтірудің объектісі ретінде дене қол сұғылмаушылығын тани отырып,
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің зардабы ретінде дене қол
сұғылмаушылығының бұзылуын, яғни қол сұғылмаушылық объектісіне келтірілген
зиянды таныған жөн еді. Әйтпесе, қол сұғушылық дене қол сұғылмаушылығына
жасалады да, ал зиян жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі екен.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру кезінде қол сұғушылық сөзсіз адам
денсаулығына бағытталған, ал қол сұғылмаушылық нәтижесіндегі зиян
жәбірленушінің денсаулығына келтіріледі.
Денсаулыққа келген ауыр зиян сот-медициналық сараптамамен анықталады.
Қазіргі кезде денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11
наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын
сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесімен анықталады. Бұрын
денсаулыққа келген зиянның ауырлық дәрежесі Қазақстан Республикасы Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалаудың Ережесімен анықталатын
болатын, бірақ бұл нормативтік актінің ескіруіне байланысты Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттіктің жоғарыда
аталған ережесі қабылданған болатын. Қазіргі кезде бұл ереженің орнына Сот-
медициналық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу Ережесі Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандг №8451
Бұйрығымен бекітілді. Бірақ бүл ереже әлі күнге дейін қолданысқа, яғни
тәжірбиеге енгізілмеген. Сондықтан жоғарыда аталған акт қолданыстағы ереже
деп саналады. .
Денсаулыққа келген зиянның анықтамасы Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің келтірілмеген, бірақ оның анықтамасы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттіктің 2001 жылғы 11
наурыздағы №226 Бұйрығымен бекітілген Денсаулыққа келген зиянның ауырлығын
сот-медицина тұрғысынан бағалаудың Ережесінің 4-тармағында былай деп
берілген: Денсаулыққа келген зиян деп не дене зақымданулары, яғни
органдар мен тіндердің анатомиялық тұтастығын немесе олардың физиологиялық
қызметтерін бұзу, не сыртқы ортаның механикалық, физикалық, химиялық,
биологиялық, психикалық әртүрлі факторлары әсер ету нәтижесінде
патологиялық науқастар немесе патологиялық күй түсініледі.
Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылуы да денсаулыққа ауыр зиян болып
танылады. Бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бүзылуы механикалық зақымданулар,
отқа, қышқылға күйюі және т.б. зардабынан болуы мүмкін. (Мысалы, көз
қарашығының, мұрынның жоқ болуы не болмаса мұрын сүйегінің нысанын
өзгертетін кемсітіктерінің болуы, бір құлағының немесе оның ірі бөлігінің
жоқ болуы). Сот-медициналық сарапшы бет әлпетінің қалыпқа келгісіз бұзылу
фактісін анықтамайды, себебі бұл түсінік медициналық емес, сарапшы қалыпты
белгілерге сүйене отырып денсаулыққа зиянның ауырлық дәрежесін анықтайды
сонымен қатар жарақаттың кейін ешқандай хиругиялық көмексіз біртіндеп
тартынып немесе тегістеліп кетуі мүмкіндігін анықтайды. Егер жарақаттың
ізін жою үшін жедел ем (к осметикалық операция) керек болса, онда беттегі
жарақат қалыпқа келгісіз деп саналады. Жәбірленушінің бет әлпетін қалыпқа
келгісіз бұзған жарақатты тану мәселесі сот-медициналық сарапшының емес,
соттың құзіретіне жатады.
Ауыр зиян болып табылатын келесі зақымдану бұл адамның жалпы еңбек
қабілетінің кемінде үштен бірін жоғалтумен ұштасқан денсаулықтың бұзылуы.
Жалпы еңбек қабілетін тұрақты жоғалту дегеніміз оның кемінде үштен бірін
(33%) жоғалту, жарақат алғанда жалпы еңбек қабілетін қаншалықты тұрақты
жоғалтқаны жарақат-зардабы анықталғаннан кейін, объективтік мәліметтерге
сүйеніп және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі дайындаған еңбек қабілеттілігін жоғалтудың пайыздардар
кестесіне сәйкес белгіленеді.
Балаларда еңбек қабілетін жоғалту осы Ережемен белгіленген жалпы
ережелерден шыға отырып анықталады.
Мүгедектерде алынған зақымдануға байланысты жалпы еңбек қабілетін
тұрақты жоғалту оның мүгедектігіне және оның тобына қарамастан дені сау
адамдардағыдай анықталады.[7]
Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту егер, кінәлі жәбірленушінің
кәсіби қызметін білген болса және физикалық күш қолдану арқылы оны өзіне
тән кәсіби қызметін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырған болса,
денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып есептелінеді (мысалы,
пианисттің саусақтарының зақымдандыру). Кәсіби еңбек қабілеттілігін
жоғалтқан жағдайда жәбірленуші өзінің жалпы еңбек қабілеттілігін сақтауы
да мүмкін. Кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін анықтау кезінде
сарапшы арнайы Нұсқаулықты басшылыққа алады. Бұндай жағдайларда
денсаулыққа зиян жалпы негіздер бойынша орташа ауырлықтағы да болуы мүмкін,
бірақ қуқықтық тұрғыдан әрекеттің адамды кәсіби еңбек қабілетілігінен
толық айыруға алдын ала қасақана бағытталғандықтан оны денсаулыққа ауыр
зиян деп тану дәлелді.
Түсік тастауға әкелу түріндегі денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның
белгісі ретінде, көбінесе дене зақымдануларының салдарынан болады.
Кінәлінің әрекеттерін ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігімен саралау ушін
жәбірленушінің жүкті екені кінәліге мәлім болуы керек. Денсаулыққа ауыр
зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың тағы бір міндетті белгісі
болып кінәлінің жасаған іс-әрекеті мен түсік тастау арасындағы тікелей
себепті байланыстың болуы. Қанша айлығында болса да түсік тастау
денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып саналады. Бұл жағдай да сот-
медициналық сараптама акушер-гинекологтьң қатысуымен-комиссиялы түрде
жүргізіледі.[8]
Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның белгісі болып психиканың бұзылуы
да табылады, психиканың бұзылуы физикалық жарақаттың не болмаса психикалық
таң қаларлықтың салдарынан (мысалы, жарақаттан алынған кемақылдылық) болуы
мүмкін. Психикалық аурудың бар жоғын сот-психиатриялық сараптама
анықтайды, ал ол аурудың алынған зақымданумен байланысын және денсаулыққа
келтірілген зиянның ауырлығын психиатриялқ сараптамадан кейін психиатрдың
қатысуымен сот-медициналық сараптама бағалайды.
Кінәлінің құқыққа қайшы іс-әрекеттің нәтижесінде есірткімен және
уытты умен ауру денсаулыкқа келгірілген ауыр зиян болып саналады.
Есірткімен ауру дегеніміз есірткі заттардың тұтынуға деген аурулық
құштарлығы, ал уытты умен ауру дегеніміз заң актілерімен есіркі заттары
болып танылмаған заттарды ес алжастыру мақсатында дұрыс қолданбау. Оның
дәрілік және тұрмыстық уытты умен ауру сияқты екі түрі бар. Есірткімен не
болмаса уытты умен ауру ауруының бар жоғын сот-наркологтік немесе
токсикологиялық сараптама аныктайды. Кейін есірткімен не болмаса уытты умен
аурудың салдарынан денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын сот-
медициналық сараптама наркологтың не болмаса токсикологтың
қатысуымен бағалайды.
1.3. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі

Қылмыстың субъектісі болып қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық
қауіпті әрекетті кінәлі жасаған белгілі бір жасқа толған есі дұрыс жеке
тұлға боп табылады.[9] Қылмыстың субъектісінің бұл анықтамасынан оның
келесідей белгілері туындайды:
1) жеке тұлға болуы;
2) есі дұрыстық;
3) белгілі жасқа толуы;
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес қылмыстық
жауаптылыққа тек қана жеке тұлғалар ғана тартылады. Біздің қылмыстық заңмен
заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы көзделмеген. Өйткені қылмыстың
субъектісі ретінде заңды тұлға жеке тұлға сияқты оған өз мінез – құлқын
және оның әлеуметтік маңызын ұғына және бағалай алуға мүмкіндік беретін
белгілер мен қасиеттерге ие емес. Әсіресе заңды тұлғаға есі дұрыстық
белгісі табиғатынан тән емес, ал жеке тұлғаға бұл белгі тән. Сондықтан,
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана жеке тұлға
тартылады. Әрине, бұл мәселе қылмыстық құқық саласындағы ғалымдар арасында
пікір талас туғызуда.
Денсаулыққа қасақана ауыр қиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа
басқа қылмыстар үшін сияқты тек қана есі дұрыс тұлғалар ғана тартылады.
Есі дұрыстық дегеніміз – тұлғаның қылмыстық заңмен көзделген қоғамдық
қауіпті әрекет жасау кезінде өз іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну немесе оларды басқара алу
мүмкіндігі. Ал, есі дұрыс еместік дегеніміз – тұлғаның қылмыстық заңмен
көзделген қоғамдық қауіпті әрекет жасау кезінде өз іс-әрекеттерінің
(әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына
алмауы немесе психикасының науқасты күйінің салдарынан оларды басқара
алмауы. Қылмыстық заң есі дұрыс еместіктің анықтамасын анықтай отырып, есі
дұрыс еместіктің 2 критериін қолданады.
1) медициналық (биологиялық)
2) құқықтық (психологиялық).
Есі дұрыс еместіктің медициналық критериі ҚР ҚК 16-бабының 1-бөлігінде
көзделген қызметтің науқасты бұзылу түрлерінің біреуінің болуын талап
етеді:
А) созылмалы психикалық ауруы
Б) психикасының уақытша бұзылуы
В) кемақылдылығы
Г) псхикасының өзге де дертке ұшырауы
Интеллектуалдық белгі тұлғаның өзінің іс- әрекеттерінің (әрекетсіздігінің)
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмауынан тұрады.
Еріктілік белгісі тұлғаның өз іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола
алмауынан тұрады.
Психикалық есі дұрыс тұлғалар әр кезде өз іс-әрекеттеріне есеп
береді, олар жасаған қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие
бола алмаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті емес.
Бірақ есі дұрыс емес тұлға мен есі дұрыстығы шектелген тұлғаны, яғни
есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамды айыра білген
жөн. Өйткені ҚР ҚК 17-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде
психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс
жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаған не
оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
Қылмыстың субъектісі кез-келген есі дұрыс жеке тұлға бола бермейді,
тек қана белгілі бір жасқа жеткен, яғни қылмыстық заңда белгіленген
қылмыстық жауаптылық жасына жеткен тұлға бола алады. Балалардың психикалық
дамуы кәмелеттік жасқа толған сәтке толып аяқталады. Сондықтан
жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар әр уақытта өз мінез-құлқын дұрыс
бағалай бермейді және олардың қоғамдық қауіптілігін ұғына бермейді.
Сондықтан ҚР ҚК 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапқа қылшмыс
жасаған кезде он алты жасқа толған адам ғана тартылады. Бірақ ҚР ҚК 15-
бабының 2-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін
қылмыстық жауаптылық басталатын жас он төрт жастан басталады.
Адам денсаулығына қасақана зиян келтірудің қоғам үшін ерекше қоғамдық
қауіптілік болып келеді және осындай қылмыстарды жасайтын кәмелетке
толмаған тұлғалар олардың қауіптілігін ұғынбауы мүмкін емес, сондықтан заң
шығарушы осы жасты төмендетіп, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені
үшін қылмыстық жауаптылыққа он төрт жастан жол беріп отыр ( ҚР ҚК 15-
бабының 2-бөлігі). Бұл белгі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
субъектісінің арнайы субъекті болып отырғандығын көрсетеді. Өйткені
қылмыстың арнайы субъектісі деп субъектінің жалпы белгілерімен қатар
солардың бар болғаны кезінде ғана ҚР ҚК-ң белгілі бабы немесе бабының
бөлігі бойынша жауаптылық басталатын заңда көрсетілген қосымша белгілерге
ие тұлғалар аталады.[10]
Кәмелетке толмау фактісінің өзі ҚР ҚК 53-бабының 1-бөлігінің б
тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай болып
табылады және ҚР ҚК 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағанды
қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу кезінде де, жазалау шарасын
таңдау кезінде де ескерілуі тиіс. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені
үшін кәмелетке толмағандар кейбір жағдайларда нақты қылмыстық істің мән-
жайларын ескере отырып, қылмыстық жазадан босатылуы мүмкін және оларға
тәрбиелеу шараларындағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
1.4. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағы
Егер қылмыстың объективтік жағы қылмыстық мінез-құлықтың сыртқы
көрінісі болса, онда қылмыстың субъективтік жағы оның ішкі психологиялық
жағын сипаттайды. [11]
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъективтік жағын сұрыптау
үлкен қиындықты туғызады. Бұл күрделілік денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтірудің табиғатында жатыр. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді
дұрыс саралау жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянның мөлшеріне
қарағанда субъективтік жағына көбірек байланысты. Сот-тергеу тәжіребесі
денсаулыққа касақана ауыр зиян келтіруді саралау кезінде көп қателіктер
субъективтік жағын дұрыс анықтамау себебінен жіберілетіндігін көрсетіп
отыр.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес басқа тулғалардың
денсаулығына ауыр зиян келтірген тұлғаның тарапынан кінә болмаса, зиян
қандай ауыр болса да қылмыстық жауаптылық болуы мүмкін емес. Қазақстан
қылмыстық қүқығына өзге де дамыған мемлекеттердің қылмыстық қүқығына сияқты
объективті айыптау тән емес, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа жол берілмейді (ҚР ҚК 19-бабының 2-бөлігі). Бұл ереже
толықтай ҚР ҚК 19-бабының 3-бөлігінде қасақана немесе абайсызда әрекет
жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады деп белгіленген.
ҚР ҚК 103-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтірудің кінә нысаны қасақаналық болып табылады.
Осы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру тікелей немесе жанама
ниетпен жасалады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі тұлғаның тікелей ниеті
адам өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып,
оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай
қоймайтынын алдын-ала білуімен осы зардаптардың болуын тілеуімен
сипатталады (ҚР ҚК 20-бабының 2-бөлігі).
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді жанама ниетпен келтіру
кезінде түлға өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынады, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
біледі, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол береді
не бұған немқұрайлы қарайды (ҚР ҚК 20-бабының 3-бөлігі).
Денсаулыққа қасақана ауыр зиянды тікелей ниетпен келтірудің кейбір
жағдайларънда кінәлінің ниеті көбінесе анықталған болып келеді. Бұл
жағдайларда субъект денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіре отырып, үшінші
түлғалардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп отырғанын үғынып қана қоймай,
сонымен бірге келтірілген зиянның мөлшерінде үғынады, яғни өз іс-
әрекеттерінің нәтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келтірілетінін ұғынады және
соның келтірілуін тілейді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
көптеген жағдайларында кінәлі субъект келтірудің табиғатында жатқан
объективті мәнін түсінбейді. Мысалы, егер субъект жәбірленушінің бетіне
қышқылды саналы түрде шашса, онда оның ниетінің мазмұны болып денсаулыққа
ауыр зиянның келетінін алдын-ала білуі мен тілеуі болып табылады,
өйткені ол жәбірленушінің бет-әлпетін қалыпқа келгісіз
бұзылатынын не көру қабілетінен айырылатынын алдын ала білді және соны
тіледі. Субъекті ниетінің мазмұны басына жұдырықпен ұрған, қолын ағашпен
немесе пышақпен ұрған жайдайларда өзгеше болады. Бұндай іс-әрекеттерде
тұлға оның іс-әрекеттерінен денсаулыққа жеңіл немесе ауыр зиян келтіруі
мүмкін екендігін ұғынады және солардың кез-келгенін тілейді. Сондықтан,
тікелей ниет шегінде анықталған ниет пен анықталмаған ниетті ажырата
білген жөн, өйткені бұл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді саралау
кезінде тәжіребелік жағынан өте маңызды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтірудің кейбір себептерін денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің
сараланған құрамдарына жатқызады.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе
араздық тұрғысы себебінен адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ҚР
ҚК 103-бабы 2-бөлігінің з тармағымен сараланады. Мүндай себептермен
адам денсаулығына қасақана конфессияға жатқандықтан толыққанды адам
еместігін көрсеткісі келеді.
Екінші жағынан өз ұлтының, нәсілінің немесе діни конфессиясының
ерекшелігін көрсетеді. Қылмыскер жәбірленушінің денсаулығына оның басқа
ұлтқа, нәсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін ауыр зиян
келтіреді.
ҚР ҚК 103-бабы 2-бөлігінің ж тармағында көзделген денсаулыққа
қасақана ауыр зиян келтірудің себебі бұзақылық ниет болып табылады. Бұл
жердегібұзақылық ҚР ҚК 103-бабымен емес, ҚР ҚК-нің өзге баптарымен
сараланады. Мысалы, ҚР ҚК 341- бабының 1-бөлігіне сәйкес судьяға,
прокурорға, тергеушіге, алдын- ала анықтауды жүргізетін адамға,
қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына,
сол сияқты олардың туыстарына істеген қызметі үшін кек алу мақсатында
олардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруде ҚР ҚК 341-бабында
көзделген қылмыс құрамы орын алады.
Қылмыстың мақсаты - бұл кінәлі қылмыстық қүқыққа қайшы әрекетті
жасай отьірып жетуге тырысып отырған тілеген нәтиже туралы болжамы.
Тікелей ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруде кінәлінің әр
уақытта ортақ мақсаты – жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру.
Бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық және қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің субъектісі және субъективтік жағы
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің объективтік белгілері
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылық
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің криминологиялық сипаттамасы
Қасақана зиян келтірудің себептері
Қылмыстық құқықтық пәні, түсінігі
Әртүрлі дәрежедегі ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіретін қылмыстар
Пәндер