Қасым ханның хандығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім

1. Қасым ханның хандығы . . . 4

2. Қазақ хандығы . . . 6

III. Қорытынды . . . 10

Әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ хандығы ХV-ХVI ғасырлардың аралығында нығая түсті де ол еуроазиялық қарым-қатынастар саласында тұрақтандырушылық фактордің рөлін атқара бастады. Өйткені ол осы құрлықтағы күштер мен мүдделердің тепе-теңдік балансын сақтап, халықтардың әскери-саяси және экономикалық интеграциясын қамтамасыз етіп отырды. Осы кезден бастап Қазақстан мен Ресей жағрафиялық жағынан бір-бірімен іргелес жатқан елдерге айналды және дипломатиялық қарым-қатынас жасай бастады. 1594 жылы Мәскеуге, Федор Иванович патшаның сарайына Тәуекел ханның Құлмұхаммед бастаған алғашқы ресми қазақ елшілігі Орыс мемлекетімен достық келісім-шарт жасасу үшін барды. Ал 1595 жылы Қазақ мемлекетінің сол кездегі астанасы Түркістан қаласына Бельямин Степанов басқарған орыс елшілігі келеді де қазақ елінің басшыларымен келелі келіссөздер жүргізеді.

Қазақстан аумағындағы өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан өзгеше Қазақ хандығының, әсіресе XVI ғасырдың басынан бастап анағұрлым кең және берік этникалық негізі болды да, оған қазақ халқын құраған этникалық топтардың бәрі және олар мекендеген бүкіл алқап түгелдей дерлік біртіндеп кірді. Сөйтіп барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке бірікті.

Қазақ хандығының дәуірлеуі Жәнібек ханның ұлы Қасымның (1511-1518 жылдар) есімімен байланысты. Ол өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырған көрнекті қазақ хандарының бірі болған еді. Қасым 1511 жылдан бастап толық өктемдік жүргізген хан. Осы кезден бастап хан билігі ұзақ мерзімге Жәнібек ұрпақтарына көшеді.

1. Қасым ханның хандығы

Билікті тартып алып Мауереннахрда орныққан Мұхаммед Шайбани хан қазақ хандығының күшеюіне жол бермеуді көздеп, Сырдария бойындағы қазақ билеушілерінің дәуірлеуіне қарсы әр түрлі әрекет жасайды. Тіпті ол Түркістан халқының қазақ көпестерімен қандай да болсын сауда жасауына тыйым салатын арнайы жарлық шығарады. Мұхаммед Шайбанидың іс жүзіндегі осындай экономикалық қоршауы, сондай-ақ әскери әрекеттеріне қазақ хандары жағынан дәл осындай қарсы қимылдар жасалуы табиғи нәрсе еді. Оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін соғыс ұзаққа созылған сипат алды. Осындай қантөгіс қақтығыстарда Қасым хан Түркістан, Сайрам және басқа қалаларды Мұхаммед Шайбанидан тартып алады. Хандықтың оңтүстіктегі шекарасы Сырдарияның оң жағалауына дейін созылып, Түркістан қалаларының көп бөлігін, оңтүстік-шығысында Жетісудың тау баурайлары мен жазық даласының едәуір бөлігін қамтыды; солтүстік пен солтүстік-шығысындағы шекарасы Ұлытау таулары мен Балқашты басып Қарқаралы тауларына, Солтүстік батысында Жайық өзені аңғарына дейін жетті. Қасым ханның тұсында халық саны бір миллионға жуықтады да 300 мың сарбаз шамасында әскер болды.

"Бүкіл Дешті Қыпшаққа әмірін толық жүргізген Қасым ханның атақты да құдіретті болғаны соншалықгы, ондайға Жошы ханнан кейін ешкімнің қолы жеткен емес", - деп жазды сол кездегі белгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати. Шебер дипломат ретінде де Қасымның атағы зор болды. Ол ноғайлармен, монғолдармен, қашғарлармен дипломатиялық байланыс жасап, шайбанилықтарға қарсы күресте осы бір достық қатынастарды өз мақсатына пайдалана білді.

Қасымның тұсында Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға тартыла бастады. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатпақ болған алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы князь Василий III билігін жүргізген Мәскеу мемлекеті. Қасым ханның тұсында қазақтар дербес халық ретінде Батыс Еуропаға мәлім бола бастады.

Қасым хан жасаған құнды құжаттар қазақтардың тарихында "Қасымның қасқа жолы" деген атпен мәлім. Олар кейін жазылған "Жеті жарғыға" негіз болды. Қасым хан 1523 жылы 70 жасында Сарайшықта қайтыс болды.

ХV-ХVІІ ғасырларда қазақ халқының тарихында азды-көпті із қалдырған белгілі қазақ хандарының қатарына мыналар жатады: Хақназар (Ақназар) (1538-1580), Шығай (1580-1582), Тәуекел (1582-1598) . Олар хан билігін нығайтып, Сырдария бойындағы қалаларда орнығып алуға ұмтылды, ішкі саяси жағдай ауыр еді: хандықгың солтүстік-батыс және солтүстік шекараларындағы қатынастар ұдайы шиеленісіп тұрды, мұнда ноғай ұлыстарының феодал билеушілерінің бір бөлігі орыс бодандығына өтуге ұмтылды, ал екінші бір бөлігі қазақ хандығына іш тартты, онан соң бұл кезде Сібір ханы Көшім өзінің дұшпандық әрекеттерін күшейткен болатын.

Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып, біріктіруге оның баласы Хақназар хан әрекет жасады. Сырдария бойындағы қалаларда орнығып алуды көздеген Хақназар 70-жылдардың аяқ шенінде Абдолла ханның Ташкенттің үлестік билеушісі, Бұқар хандығынан бөлінгісі келген Барақ ханның баласы Баба сұлтанға қарсы күресін өз мүддесі үшін пайдаланып қалуға тырысты. Бұл арада ол қарсыластар арасында шеберлікпен бірде бір жағын, бірде екінші жағын қолдап отырды. Бастапқы кезде қазақ феодалдары Баба сұлтанға жәрдемдесуге уәде берді. Мұны сезіп қалған Абдолла хан 1579 жылы әскерін Сайрамға қарай беттетеді, бірақ көп кешікпей сұлтандарымен және әскерімен бірге Таласта тұрған қазақханынан оған елші келіп, өздері онымен бұрын жасасқан "шарт пен одаққа" адалдығын және бұдан былай да адал болатындығына уәде беретіндігін айтты.

Хақназар қазақтардың қолына түскен Баба сұлтанның баласын бұларға бермек болады. Абдолла хан қазақ билеушілерінің тарапынан болған бұл қолдауға Түркістандағы кейбір аудандарды оларға беру арқылы жеткен. 1580 жылы Баба сұлтанның тыңшы ретінде жіберген адамы Хақназар ханды өлтіреді.

Хақназардың мүрагері Жәнібек ханның немересі Шығай қартайып қалса да хан болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Өзбек ханы Абдолланы қолдап отырды. Тәуекел 1582 жылы маусым айында Баба сұлтанның әскерін талқандап, оны өлтіреді. Осыдан кейін көп ұзамай Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қамал-қалалары Абдолла ханға беріледі.

1583 жылы Тәуекел өзбек ханымен Хақназар жасасқан "ант беріскен шартты" бұзды да, 1586 жылы Түркістанның кейбір қалаларын басып алып, Ташкентке қауіп төндірді. Қаланың билеушісі қазақ жасақтарын кері қарай қуып тастады. Тәуекел хандықтағы өз билігін нығайтып алып, әрі орыс үкіметінің көмегіне иек арта отырып, 1597-1598 жылдардың қысында Ташкент түбінде Абдолланың әскерін талқандады. 1598 жылы Сырдария бойындағы қалалар мен Түркістанның Қазақ хандығының құрамына қосылуы жайында келісімге қол жетті.

2. Қазақ хандығы

Қазақ хандығы құрылғанымен ол бір орталыққа бағынған мемлекет бола алмады. Оған шаруашылық сипаты, рулық құрылыс және алып кеңістік мүмкіндік бермеді. Сондықтан да XVII ғасырда оның саяси жағдайы босаңси берді. Қазақ жүздері арасында тұрақты экономикалық және саяси қатынастар қалыптасып үлгермеді, әсіресе Кші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен байланысы әлсіз еді. Қазақхандығының экономикалық жағынан мешеулігі, натуралды шаруашылықтың үстемдігі, ішкі рыноктың болмауы, оңтүстіктегі қалалардың құлдырауы - осының бәрі қазақ жерлерін бір орталыққа бағынатын мемлекетке біріктіруді, бытыраңқылықты жоюды мүмкін етпеді, ал бұл кезеңде, әсіресе хандықгың сыртқы саяси жағдайының ауыр болуына байланысты бытыраңқылық күшейе түскен еді.

Феодалдық қырқысулар елді барған сайын кеулеп ыдырата түсті, түрлі феодал топтар өзара бақталас болып, билік үшін, жақсы жайылымдарды басып алу үшін және өздеріне көбірек бодандарды қарату үшін күресті. Бұқаралық және жоңғарлық феодалдар олардың қырқысуын ұшықтырып отырды. Әсіресе қазақтың екі ханының - билікті тартып алған Есім (1598-1628) мен Тұрсын арасындағы таққа талас әскери қақтығыстарға дейін барып жүрді. Соңғысы 1627 жылы Есім ханның қолынан қаза тапты.

Есім ханнан кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қырқысулар үлғайып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін уақытша басып алды. Бүкдр әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстырды. Қазақ хандығының бірі Жәңгір (1645-1680) өз өмірінің денін жоңғарлардың жортуылына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы жорық кезінде қаза тапты.

1680 жылы хандықтың тағы Жәңгірдің баласы Тәукеге (1680-1718) көшті. Ол өз билігін феодалдардың айтарлықтай тобын құрайтын билер сияқты қоғамдағы әлеуметтік тіректің көмегі арқылы нығайтуға тырысты. Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саясатына байланысты маңызды мемлекеттік істерді шешкен кезде билер маңызды рөл атқарды, сондай-ақ олар сот міндеттерін де атқарып жүрді. Феодалдар арасындағы барлық күрделі дау-дамайлар үш жүздің әйгілі билерінің тікелей араласуы арқылы шешіліп отырды. Билер: Төле - Ұлы жүзде, Қазыбек - Орта жүзде, Әйтеке - Кіші жүзде жергілікті жердегі биліктің бәрін қолдарына алды. Солардың қатысуымен Тәуке ханның тұсында аса құнды құқықтық құжат - " Жеті жарғы" қабылданады. Ол қазақтың тәуелсіз бірыңғай таза ұлттық мемлекетінің алғашқы Ата Заңы деуге әбден лайық. Дана бабаларымыз сол замандағы қазақтың тұрмыс-тірлігін елеп-екшей келе, оның басты-басты жеті әлеуметтік-экономикалық саласын заңдастырып, қоғамдық тәртіпті жаңаша құқылық негізде реттеуге тырысқаны сол құжаттан айқын көрінеді. Заң 7 тараудан тұрады, яғни негізгі жеті мәселені шешуді көздеген олар мыналар: жер, отбасы, ел бірлігін сақгау, ел мен ел, ру мен ру арасындағы дау-дамайды реттеу, ұрлық-зорлық, барымтаға байланысты ережелер, құн төлеу, жесір дауы. Соңғы екі дау ел арасында бүлік тудырып, жұртты сойыл-шоқпарға ұмтылдырып, бас жарып, көз шығаратын әрекеттерге бастайтын, шым-шытырық, күрделі даулар болғаны мәлім. Сондықтан құл дауы да, жесір дауы да Жеті жарғыда әбден тәптіштеліп, билік жүргізу рәсіміне дейін мұқият қарастырылған. Мәселен, онда ердің құны мың қой болып бекітілген, тіпті адамның дене мүшелеріне зақым келтірсе де, соған сәйкес қүн тағайындалған (бас бармақ - жүз қой, шынашақ - 20 қой) .

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалықорталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болса, енді Сырдария өңіріндегі қалалар қазақ хандығына өткеннен кейін оның астанасы Түркістан болды, яғни осындағы (Ахмет Йассауи ескерткіші) 200 жылдан астам (ХУІ-ХУІП ғасырлар) хандардың Ақ сарайы қызметін атқарды.

Қазақ-жоңғар қатынастары XVII ғасырдың бірінші жартысында шиеленісіп, ойраттар (қалмақтар) мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының қазіргі Қазақстан жеріне жасаған шабуылдары XV ғасырдың өзінде-ақ басталған болатын. XVII ғасырдың басынан былайғы жерде Қазақ хандығының шығыс шекарасындағы ойрат тайпаларының бірігу процесі жүріп жатты. Осы күрестің барысында феодалдардың бір бөлігі өзіне бағынған руларды тастап, Қазақстанның қазіргі аумағының солтүстік өңірлеріне, содан кейін батысқа қарай қоныстанды.

XVII ғасырдың 20-жылдарының бірінші жартысында қазақ, хакас және ноғай жасақтарының біріккен күштері тарапынан ойрат тайпалары өзінің агрессиялық пиғылдарының желігін басатындай тойтарыс алды. Алайда қауіп азаймады.

XVII ғасырдың 90-жылдарында жоңғар феодалдарының қазақтардың жеріне қысымы босаңсиды. Тәуке билік қүрған кезде Қазақ хандығының нығаюы, қазақтар мен қырғыздар арасындағы одақжоңғар феодалдарына тыйым болды, бұл одаққа қарақалпақтардың бір бөлігі де қосылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Шейбани ханмен қақтығыс
Қасым ханның қасқа жолы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Қасым хан Жәнібекұлы
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz