Түскен материалдарды алуды тексеру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің
өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы
шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі
шикізаттар,материалдар,отындар,энер гиялар,жартылай фабрикаттар.
Тауарлық-материалдық босалқылар келесідейактивтер түрінде
болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға
арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы
бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.
Тауарлық-материалдық қорлардың ауыстырылатын және
ауыстырылмайтын түрлері бар. Мысалға энергияны өндірістік қажеттілік үшін
көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал,
таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын
қорларға жатады.
Материалдық қорлардың негізгі және көмекші деген екі түрі болады:
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық
негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін
өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай
негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші
материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Тауарлық-материалдық қорлар
туралы сипаттап, түрлерін,есептелуін, құжаттық рәсімделуін толықтай
қарастыру.
Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және
өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру
керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай
түгендеу,бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке
алып отыру қажет етіледі.

І.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті

Тауарлы-материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды
аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі
олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан
басталады.Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды,құжатта рәсімдеуді,тиеу-
тасу жұмыстарын,материалдық ресурстардың қозғалысын,сақталуын және ұтымды
қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма
шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатын алу,өндіріс және дайын
өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері
мыналар:
1.Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын
тексеру.
2.Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
3.Қорлардың жағдайынжәне олрдың қолданылу деңгейін бағалау.
4.Қойма шаруашылығынұйымдастырудың жағдайын тексеру.
5.Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операциялардыесепте
көрсетудің дұрыстығын тексеру.
6.Қорларды түгендеудің жүйелілігімен дұрыстығынзерттеу.
7.Тауарлық-материалдық құндылықтардықолдануды ішкі бақылау жағдайын
бағалау.
8.Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін,басқаруды және талдауды
жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға
кездеседі.Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-
дайындау іс қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған
материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын
қорытынды,шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға
деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып
қойылады.

7 кесте

Қорларды сатып алу мен басқарудың функционалдық аудит

бағдарламасы
Аудит процедуралары Ақпарат көздері мен бағалау
критерийлері
1 2
1Материалдық-техникалық қамтамасыз Жылдық,тоқсандық және
ету мен бухгалтерлік есепті ағымдағыесеп,сонымен жедел
ұйымдастыруды талдау мәліметтер
2.Бастапқы есепті,қорлардың 4-9 БЕС қойма есебі карточкалары ТМҚ
қозғалысы туралы есеп беру жағдайын жоғалту туралы акті
тексеру
3.ТМҚ синтетикалық және аналитикалықБас кітап,6,7,10,журнал ордер есеп
есебінің дұрыстығын тексеру регистрлері
4.Баланстағы ТМҚ бағалаудың 4-7,30 БЕС, материалдық
дұрыстығын тексеру құндылықтарды түгендеу актісі
5.ТМҚ бар болуымен Материалдарға жауапты адамдар мен
сақталуын,уақтылығымен дұрыстығын шарттар,бастапқы құжаттар,түгендеу
зерттеу актілері
6.Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың Техникалық құжаттама,қойма
дұрыстығын зерттеу шаруашылығын ұйымдастырудың
стандарттары мен нормативтері
7.Қойма есебін,ТМҚ қозғалысы бойыншаБастапқы құжаттар,қойма
бастапқы құжаттарды рәсімдеудің есебініңкартокалары
дұрыстығын тексеру
8.Кәсіпорынның өндірістік қорлармен Стандарттар,нормалар мен
соңғы есеп беру күндерінің нормативтер, техникалық шарттар
қамтамасыз етілуін бағалау
9.Түскен материалдарды алуды тексеруБастапқы құжат, шот-фактура,кіріс
ордері
10.Өніммен жабдықтау,жұмыспен Бас
қызметті орындау,сақталуын бақылау кітап,шарттар,нарядтар,сертификатт ар
11.ТМҚ-ны өндіріске босату жөніндегі10журнал ордері,бас кітап
операциялардың негізділігімен оларды
шоттарда көрсетудің дұрыстығын 7-кестенің жалғасы
талдау
12.ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың 6,10 журнал ордер,
дұрыстығын тексеру
13Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау Ішкі тәртіп,4-10,13,24,30 БЕС
жағдайын тексеру
14.ТМҚ өткзу мен қайта өңдеуге беру Сенім хаттар,кіріс ордері,24,30 БЕС
дұрыстығын тексеру
15.ТМҚ табиғи кему,бүліну және Түгендеу актісі, нарықтық баға мен
оларды арзандатудағы белгіленген сатып алу бағалары туралы мәліметтер
нормадан тыс кем шығуын есептеп
шығаруға арналған құжаттар талдау

Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдың
құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады.
Қойманың ұй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің,
еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салман өлшейтін
приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір
жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі
бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты
адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдың жауапкершілік шарты
жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді.
Материалдың құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен
ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар
номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда
қоймада және бухгалтерияда материалдық құндылықтардың әрбір номенклатуралық
нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады. Материалдық қорлардың
қозғалысы жөніндегі құжаттың әрбір дерегі кар-точкаға жазылады. Ай соңында
карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомоске
көшіріледі. Мұндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең
ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдың
құндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия
материалдардың қоймадағы есебінің №17-нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай
әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдың сандық өлшеммен
енгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол
келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс
құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты
карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба
операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық
құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі
карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері
аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма
меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен
қарточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жү-зеге
асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын
тексеруді бухгалтерия қызметкері №17-нысанының тиісті бағанына қолын қою
арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерия бастапқы
құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деректері №18-
нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде
олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір
данада жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса,
онда карточкалардың дұрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге
асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай
соңындағы материалдардың қалдық ведомосін екі дана етіп жасап,
бухгалтерияға өткізеді. Ведомость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысна
түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомоске цех (учаске) бастығы
қол қояды және құжаттарды ресімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір
данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының
номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттың есеп кітабын
жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық
есебінің кітабы (қалдықтарды есепке алудың №20-нысанындағы ведомосі)
қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан
қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша
материалдың құндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін
бухгалтерияға қайтарылады. Бұл әдіс кезінде:
Бухгалтерлік есеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз
байланысты;
қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда
жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау жөніндегі
қиын жұмыстарды жояды.
Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын
күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту
бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың
талдамалы есебінің синтетикалық есептен қалуына жол берілмейді. Сальдолық
әдіске тән қасиет — қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі, ал
бухгалтерияда қорлар сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір
шот немесе қорлар тобы бойынша ескеріледі.
Үшінші әдіс — материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі
(құрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта
тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша №19А-нысанындағы
материалдық есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 20 (материалдар)-
бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай
соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесінен есепті
айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы
құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-
жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың
пайдалану бағыты бойынша толтыра-ды. Материалдардың ай соңындағы қалдығы
есептеу жолымен анықталады. Алғашңы құжаттары қоса берілген материалдық
есептемеге оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен
кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні) бухгалтерияға
тапсырылады, Онда оны жасау-дың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген,
берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен
салыстырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының
құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім.
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп
мыналарды анықтауы тиіс:
1.Дайын өнімен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және
оларды рәсімдеу дұрыстығы.
2.өнімді тиеуге арналғанқұжаттарды рәсімдеудіңдұрыстығы.
3.Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.
4. Дайын өнімді тиеу өткізу есебінжүргізудің дұрыстығы.
5.Өнімді тиеу мен өткізужөніндегі бухгалтерлікөткізбелердіжасаудың
дұрыстығы.
6.Синтетикалық және аналитикалықесеп жазбаларының 1210301Алынатын
шоттар және 6010 701 Дайын өнімді(тауарларды,жұмыстарды,қызмет терді)
өткізуден түсетін табыс шоттры бойынша сәйкестігі.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеумен оның қорытындысын талдау
заттарды сатып алу,өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит
кезінде жеке шара болып табылады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен
өткізілуін дәлелдейтін ,соның ішінде , материалдық құндылықтардың
ескерілмеген артықтары , көмекші материалдардың , шығарылған өнімнің
есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін жұмысшыларға
еңбекақы төлеу фактілері автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері,
дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және тағы басқа бар болуын растайтын
басқада көрсеткіштерді келтіру қажет.
Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық
құжаттаманы , бұрынғы тексеру қоытындыларын оқып білуі тиіс және
ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар екендігі
немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек .
Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің
көмегімен өндірістің мақсатын орнын анықтап және шығыстарды
қатаң бақылауды ұйымдастыруға , олардың азайту резервтерін табуға
және тауарлық- материалдық қорларды қолданудың тиімділігін артыруға
болады.
Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды
міндетті түрде қайта есептеу , қайта таразылау және өлшеу жолымен
тексереді . Тауарлық- материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін,
түгендеу тізімдемесіне жеке әр бір атау бойынша кіргізеді . Тізімдеме
бір дана болып жасалады .
Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда ,
комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс . Түгендеу біткен соң
тізмдеме салыстырмалы ведомость жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі.
Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы
мәжілісінде қаралады.
Өндірістік іс-қызметте бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс
пайдалану анықталғанда рұқсатнамалар бақылау материалы ретінде
пайдаланылады. Олардың мәліметтері шот- фактураларда жапсырмада және
басқа ілеспе құжаттарда көрсетілген, тасып шығарылған құнды-
лықтардың іс жүзіндегі санымен,ассортиментімен сапасымен және
құнымен салыстырылады.
Тауарлық – материалдық қорлардың сақталуын бақылауға
кәсіпорынның тексеру жүргізуінің мезгілін, толықтығын және
дұрыстьығын тексеру кіреді.
Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылаудың ажырағысыз
бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады.
Комиссия жұмысының іс-тәжірбиесі көрсеткендей, қойма есебін
жүргізуде негізгі бұрмалаулар материалдық құндылықтар түрлері
бойынша теріс қойма қалдықтары (қызыл сальдо) бар болғанда ,
жекелеген кірістік құжаттар бойынша материалдардың түсуі
жөніндегі жазбалардың жоқтығынан, қойма есебі карточкаларының
мәліметтерінің айырмашылықтары, есептен шығарылатын құжаттар санын аса
көтеру,қалдықтарды қате санаудан тұрады.

ІІ. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

2.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің
ұйымдастырылуы

Материалдар өздерінің сақталып тұрған жері бойынша, яғни
шаруашылық субъектісінің қоймасында және субъектісінің бухгалтериясында
есептелінеді. Материалдық құндылықтардың коймадағы есебінің дұрыс
ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс
жүргізілуіне және жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.
Қоймада материалдық құндылықтар түрлері, сорттары бойынша бөлек
сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, номенклатуралық
номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрган материалдардың мөлшері және
тағы да басқа көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалға
байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтағы материалдардың
аналитикалық (талдамалық) есебі белгіленген түріне сәйкес олардың ішінде
сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық
құндылықтардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың
әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М - 17
карточкасы ашылады.
Бұл карточкада материалдық құндылықтардың аты, мөлшері,
көлемі , өлшем бірлігі, номенклатуралык номері және есептеу
бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алынған
материалға шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы дайындап, одан кейін
кіріс ету ордерімен (реестр) бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері
немесе қойма меңгерушісі алынган карточкаға материалдық құндылықтардың қай
жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардық кіріс -
шығысының сорттық - сандық есебі сол материалдарға жауапты
адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі
бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа адамға, яғни
есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін.
Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын
шаруашылық субъектісінің қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар
есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп
кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда шоттық есеп кітабында қойма
есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет.
Қоймашы белгілеген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы
құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алуын және есептен
шығарылуы операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп
карточкасына жазып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы
қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір
операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген
материалдың алынған немесе алынып болғанына қарамастан лимиттік –жинақтама
карточкасының барлығы тапсырылуы керек. Алынып болмаған материалдар үшін
келесі айға жаңа лимиттік – жинақтама карта жазып береді. Қоймашы
материалдардың қоймалық сорттық есеп карточкасының деректері негізінде
жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның
тұрақты қор мөлшерден аутқуы, көптен бері пайдаланбай жатқан материалдар
жайы деректер беріп отырады.
Қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін бухгалтерия
бақылап отыруы керек. Бухгалтерия қызметкері жиі - жиі (апта сайын, 10
күнде) қоймашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы
құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін
және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы
қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені
жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жолына қол
қояды. Қоймалық - сорттық карточкаларындағы жазуды тексеру, қойма
меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын
есептерінің негізінде жүргізіледі.
Қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсыратын құжаттары үлгілі
түрі М - 18А қабылдау - өткізу регистрына тіркеледі. Материалдарға жауапты
адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын
тексергені және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мүндай
жағдайда құжаттарды қабылдау - өткізу регистрын жасаудың керегі болмайды.
Егер орталық қойма немесе цех қоймасы шаруашылық субъектісі
басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың
дұрыс құжатталуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп картасын дұрыс
жүргізуі орталық бухгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және
шығыс ету құжаттары белгіленген уақытта регистрлармен бірге бухгалтерияға
табыс етілуі керек.
Шаруашылық субъектісінің орталығынан қашық жерде орналасқан
қойма басшысы белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдың ай
соңындағы қалдық ведомосын (тізімін) тапсыру керек. Ведомость құрамыда
өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалып, онда тек қана
материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Ведомосқа цех, қойма, бөлімше
бастығы және ол құжатты толтырушы (жүргізуші) қол қояды. Дұрыстығын
тексеріп болғаннан кейін ведомостың бір данасы жіберілген қателер
жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады.
Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік,
қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкамен қатар
үлгілі түрі М - 20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу ведомосы
жүргізіледі.
Қойма меңгерушісі (бастығы) карточкалардағы әрбір
ай ішіндегі жиынтық деректері бойынша
материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы
ведомосқа көшіріп жазады. Ведомоста материалдар қоймалық есепте қаралған
номенклатуралары бойынша аралық шоттарға (субшоттарға) және синтетикалық
шоттарға топталған күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда
материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп,
ай аяғына қалған материалдардың жалпы сомасы анықталады. Егер пайдаланатын
материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды
алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы
босатуға болады. Мұндай карточкалар тек 1 (бір) айға ғана
ашылып, ай соңында бухгалтерияға тапсырылады. Келесі айда олардың
орнына жаңа қоймалық есеп карточкасы ашылып, оған материалдардың ай
басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы
бөлімшелері қоймалық - сорттық карточкасының орнына ай
сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі
түрі М -19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте
материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі
материалдардың барлығы кіргізіледі.
Материалдық ресурстардың бухгалтериядағы есебін
ұйымдастыру.
Материалдардың аналитикалық есебін ұйымдастыруда олардың кірісі
мен шығысын сандық және ақшалай өлшемде есептеу көзделеді. Мұндай есептік
ұйымдастырылудың көп қиындығына байланысты аналитикалық есептеу жұмысы
үздіксіз жетілдіріліп келеді.
Есеп жұмысына есеп регистірінің мүлде ұжымдық жаңа түрлері
еңгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп мамандарының қайталап
есеп беруі жұмысын біртіндеп қысқартады.
Соңғы кезге дейін бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық
бағаларының есебін карточкаларда жүргізіп келеді. Номенклатуралы нөмірлері
карточка бөлек ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына
жасалған әр бір құжат деректері тиісті карточкаларға жазылуы керек. Ай
біткеннен кейін әр карточка бойынша материалдардың кірісі мен шығысының
қорытындысын шығарып, олар жылдық айналым ведомостына жазылады.
Сөйтіп, бухгалтериядағы карточка қоймадағы жазылған деректер
қайталанады. Айырмашылығы қоймадағы карточкада сандық есеп жүргізілсе,
бухгалтериядағы карточкаларда сандық есеппен қатар олардың құндары да
көрсетіледі.
Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін
жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да
бухгалтерияда карточкалар мен айналым ведомостарын толтыру кей кездері
кешігіп қалып отырады. Мұндай есеп материалдарға дер кезінде көмек жасауға
жетілдірілген айналым ведомостін пайдаланып, жүргізілген сорттық, сандық
есебінде орын алады.
Есептін бұл әдісін қолданылған кезден бастап бухгалтерияда
соттық, сандық, бағалы карточкалар пайдаланылмайтын болады. Шығысталған
материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы
шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы
мен қалдығы сорттық айналым ведомосында жазылады.
Бұл әдісті пайдалануда бухгалтерия жұмысын жеңілдеткенмен
кемшіліктер кездеседі. Ол кемшілік қоймадағы материалдардың сандық есебі
мен бухгалтерияда осындай есеппен қатар жүргізіледі. Материалдардың
бұл екі есебі көбіне бір - бірімен есеп байланыссыз материалдар есебін
одан әрі жүргізу негізінде жедел бухгалтерлік, оперативтік, салыстырмалы
есептеу әдісі пайда болады.
Егер ай бойы материалдарға кіріс, шығыс болса, онда саны мен
сапасы келесі айға жазылады. Материал қалдықтарының қойма карточкасы М -20
ведомосында сандық өлшемде көрсетілген материалдар жоспарлы бағасына
көбейтіліп, материалдардың әр бір есептелу топтары мен синтетикалық
шарттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Материалдардың сомалық есебі
синтетикалық шарттар бойынша олардың ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептегі кәсіпорынның даму тарихы
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Тауарлы-материалды қорларды түгендеу және оларды есеп беруде ашып көрсету
Қорлар есебінің талдауы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп турасындағы заңдар мен нормативтік актілер
Тауарлы-материалдық қорлардың есебін және аудитін ұйымдастыру
Дайын өнімнің аудиті
Қорлар есебі
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Пәндер