Психологияның бағыттары мен мектептері


Психологияның бағыттары мен мектептері
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
- Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері
- Батыс елдері психологтары мектептерінің психологиялық құндылығы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т. б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т. с. с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
- Психологияның ежелгі таным ретіндегі дәстүрлі емес ғылыми салалармен байланысының теориялық талдауы
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі ΧVΙΙ ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде ΧΧ ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса, төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология -жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XVΙΙΙ ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1, 6] . Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. Оның біріншісі -шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталған жан дүние жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы көптеген ғұлама ғалымдардың, атап айтқанда, Эразестрат, Герофил, Гиппократ, Гален, Ибн Рошд, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер, т. б. есімдермен тығыз байланысты. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған айналадағы сыртқы және ішкі заттардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, қиял, сезім, ерік қабілет, дағды, икем, бейімділік, қызығу, мінез, әдет т. б. ) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология -ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге келген жері ежелгі Греция. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы әр заман ғұламаларының көз-қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай түсініктердің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, мәселен, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, өледі деп тұжырымдаған. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының(Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лао-каль» деген сөзі арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуын олардың бірімен-бірінің байланысын дұрыс ажырата алмай, жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді. Қазіргі кезеңде тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың дамуы мен функцияларының атқару заңдылықтары туралы ғылым деп те айтады. Нейрофизиология мен биологияның жетістіктері нәтижесінде психологияның өз ғылыми- санаттық аппараты дамыды да эксперименттік жұмыстың өрістеуі арқасында философиядан да, физиологиядан да оқшаулана бастады, өйткені лабораторияларда анықталған психика заңдылықтары анатомиялық-физиологиялық заңдылықтармен үйлеспейтін болып шықты. Тұлғаның сыртқы ортамен әрекеттестігінің өнімі болып табылатын психикалық үрдістердің өздері мінез-құлықтың белсенді себепші факторы болатындығы көрсетілді. XΙX ғасырдың ортасында физиологиямен аралықта эксперименттік психология (психофизика, психофизиология және т. б. ) қалыптасты. 1870-1880 жылдары психологияның физиология мен философиядан бөлінуі аяқталып, психология дербес пән болып қалыптасты. Қазіргі уақытта психологияның зерттеу салалары 40-тан асады. Оның негізгі салаларына: психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық психология, жас ерекшелігі психологиясы, еңбек психологиясы, шығармашылық психологиясы, медициналық психология, патопсихология, нейропсихология, инженерлік психология, психолингвистика, этнопсихология, практикалық психология, дифференциалды психология, эксперименттік психология және т. б. жатады.
Жоғарыда көрсетілген психологияның салалары дәстүрлі тұрғыда қолданылатын болса, ал төмендегі психологияға қатысы бар ғылымдар дәстүрлі емес түріне мысал бола алады. Солардың бірі эзотериялық ілімдер. Эзотериялық мұралармен танысу біздің ойлауымызды өзгертеді. Ол біздің материалисттік бейнедегі ойлауымызға қарсы тұрып, болашақта кездесетін көкейкесті мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Сол себептен бұл көне білім әмбебап және әрқашан түрлі уақыт кезеңі мен мәдениетінде анық көрініс тауып отырған. Мұндай ішкі білім шеңберіне тәуелсіз болу, яғни адамның өзіндік бостандығы негіз бола алады.
Соңғы жылдары көне білім өзіне жаңа формадағы ұғымдарды, әдістерді тез қалыптастыруда. Демек, осы тақырыптарды тақырыптық шеңберге кірістіруге кез келді деген сөз.
Эзотерика - бұл адамның жеке санасы, әлемдік білім мен адам тәнінің, денсаулығының нәтижесін, ақыл мен жанның жиынтығын белгілі тәсілмен тегіс қамти алатын әдістер болып табылады. Грек тілінде «эзотерика» арнаулы адамдарға пайдалануға болатын немесе «құпия ілім» деген ұғымды білдіреді. «Эзотерика» қарама -қарсы ұғымда, яғни құпиядан жалпыға хабарлауға болатын білім ретінде де қарастырылады. Қазіргі таңдағы эзотерика ұғымына кең көлемдегі мәселелер: оккультизм, мистика, альтернативті медицина, шекаралық ғылымдар, кешенді ойлау, метафизика, сананы кеңейту т. б. мысал бола алады.
Эзотерика адамның іс-әрекетін, ойлау бейнесін, емдеу тәсілдері мен шығармашылық энергияның байланысын анықтайды. Ол өзінің түсіндіруінде тек рационалды анализ, логикалық ойлау, адам мен әлемді материалисттік тұрғыда қабылдауға негізделмейді. Эзотерика сол жақ жарты шарының қызметінің көмегімен жоғары білімге жетуге болатынын айқындаумен қатар, оң жақ жарты шарлары аймағының да « икемді» қасиеттерге ие, яғни жасырын өмірлік процестерді -интуиция, аналитикалық және интуитивтік ойлауға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Ақиқат жолы мен тегіс қамтитын ұғымға жету тек жарты шарлар қызметіне қатысты болмаған кезде ғана нәтижесін беретініне сүйенеді. Бүгінде эзотерика ақыл орнын басуға, қандай да бір ғылымның, қоғамның алдында жауапкершілікте болуға тырыспайды. Керісінше, біздің көзқарасымызды, білімімізді жетілдіруге, қабілетімізді дамытуға, өзіміз туралы білуге, өз түсінігімізді тереңдету үшін иррационалды, әмбебап тәжірибе арқылы таным әдістерінің көмегімен кеңейтуге ықпал жасайды. Қандай кезеңді алып қарасақ та, қоғамға көмегі тиер физикалық және рухани адамды дамыту актуалды мәселелердің бірі.
- Шығыстық психотехникалардың психология ғылымында қолданыс табуының ерекшеліктері.
Дзен ілімінің адам өмірінде үлкен рөл алатын бір себебі дзен ұстаздары күнделікті және діни өмірдің арасындағы айырмашылықтарды емес, керісінше олардың қатынастарын қарастырған. Жалпы дзен Үндістанда пайда болып, Қытайда өсіп, дамуының көркеюі Жапония елінен көрініс тапқан. Сондықтан Жапония Шығыс медицинасы мен Батыс ақылының түйісетін жері болып саналады. Бүгінде дзен дін, догма, ақиқатты іздеуші және философияға қатысты ілім емес. Ол барлық құбылыстарды шындықта қандай болса, дәл сол қалпында қабылдауға негізделеді. Оның мақсаты «осында және қазір»басқа еш жерде болуы мүмкін емес. Дзен үшін ешқандай «ертең» сөзі тіршілік етпейді. Басты шындық нақ осы шақтағы сәтке сәйкес келеді. Сол үшін дзен әдістер мен тапсырмалар, құралдар мен мақсаттар арасында айырмашылықтар жасамайды.
Дзен сөзінің этимологиясы санскриттің «дхъяна» сөзінен шыққандықтан ол «медитация » деген мағына береді. Барлық будда мектептері адамның рухани дамуы үшін медитация техникаларын қолданғандықтан Қытайда оны «чань», ал Жапонияда медитацияны-«дзен» терминімен атаған. [37, 34]
Дзеннің дәстүрлі қарастыратын мәселелері мынадай.
- Адамдардың ұғымдарды дұрыс қолданбауына байланысты дзен түзетулер енгізіп, оны дұрыс пайдалануға үйретеді және логикалық ойлау параметрлерін анықтайды.
- Батысқа қарағанда Шығыстағы дзен «даналық» туралы терең мағынада зерттеген.
Дзен негіздерінде өмір қозғалыс пен тыныштық балансынан құралған. Ал қозғалыс пен тыныштық арасындағы үйлесім әсерінен адам өзінің тіршілігінің орталығына жақындайды. Ол үнемі оның ішкі әлемінде және қимыл мен тыныштық, сергектік пен ұйқысына байланысты болады. Сонымен қатар дзен ілімінде жадырау нәтижесіне жету өте қиындықтар тудырып отырған. Ол үшін эгоисттік сананы ментальды және физикалық деңгейде көрсету аса қажетті болған. Өзіндік сананың қалыптан тыс ұлғаюын дзен ойлау формасын табиғи емес деп санаған. Себебі сананың қалыптасуын сыртқы жағдайлардың әсер етуінен жүзеге асатынын байқаған. Адам өзінің эгосының жасанды екенін түсінгенде ғана, табиғи қалпы мен шындықты қабылдау тәсілдері мен интуициясын түсінетінін аңғарған. Сана табиғи және интуитивті болғанымен көп жағдайда эгоцентрлік концептуалды ойлаудан басымдық көреді. Адам өмір процесіне қатысушы болудың орнына үнемі концептуалды ойлаудың әсерінен өз-өзіне махаббат пен жауапкершілік сезімін, өзінің қатынасын бағалау арқылы құндылықтар шкаласын құрайды. Мұндай әрекеттерден ақиқат сезімі ой мен сезім хаосында жоғалады. Осыдан қалай саналылық күйіне жетуге болады? деген сұрақ туындайды. Нәтижеге жету үшін дзеннің әдістері мен техникаларын пайдалануға болады. Бірі Риндзай, екіншісі сото әдісі. Дұрыс шешімін табу үшін Риндзай адептері төмендегідей тәжірибе жасаған. Олар дәстүрлі ойлауға қарсы шығып, кенеттен пайда болатын интуицияға жүктелген. Ал сото -дзен мектебінің өкілдері медитацияның дзаден яғни отырып орындалатын әдісін пайдаланған. Жүргізілген әдістердің мақсаты адамдардың эгоисттік санасын жалпы әлемдік санаға қосу болып табылған.
Мыңдаған жылдар бойы Үндістан медитация жолымен жүргендіктен, кез-келген ойдан босанып, таза сананы сақтауға үйренген. Дзен әдісін көптеген тарих беттерінде есімдері қалған монахтар қолданған. Солардың бірі Бодхидхарма. Ол рухани мәдениет тарихының дамуына үлкен іс жасап, Үндістан мен Жапонияға қарағанда Қытайды тепе-теңдік ұстайтын ел деп қарап, өзінің ілімін осы жерде қалаған. Себебі Конфуцийлік өнеге қандай жағдай болмасын орталықты, тепе-теңдікті сақтай алатын болған.
- Үнді монахы Бодхидхарма «чань» (дзен) дәстүрінің негізін б. э. 520ж. Қытай елінде салған. Бодхидхарма патриарх-ұстаздардың арасында тұңғыш медитацияны қолданушылардың бірі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол қатал мінезді және қадала қарайтын, сұсты адам болған. Өз өмірінде жаңа білім ашуға аса назар аударып, медитацияның жаңа әдістерін өңдеп, мектептерде тәжірибе жасаған. Оның басты мақсаты адамдардың өзіндік табиғатын тану және оны ашу.
- Созанның өмірбаянында ол қай жерде туылып, қай жерде дүние салғаны туралы деректер көрсетілмеген. Шығыс түсінігі бойынша адамның өмірі туралы дәлелі емес, керісінше не істегені аса қажетті. Созан өз әдісінде өзгенің шындықтағы бейнесін көру қандай болса, ақиқаттағы бейнесін дәл солай қабылдау керектігін айтқан. Егер сіз ақиқатты көргіңіз келсе, әрбір пікірден бас тартыңыз. Сана адамның ұнамды болуы, оның көрінуінің арасындағы күрестің бар болуынан азап шегеді деген. Оны қалай жеңуге болады? Оның қандай да бір тәсілі бар ма? деген сұраққа Созан: Сіз ақиқатты сезгеніңізде ауру сізден арылады. Себебі бұл ауруға дәрі-дәрмек жоқ. Сондықтан біз дәріні қабылдаған сайын оған үйреніп қаламыз. Сонда ауруды ұмытып, тек дәріні ойлай бастаймыз. Енді аурудың өзі емес, дәріні қолдану біздің ауруымызға айналады деген.
- Риндзай «айқай» ұстазы ретінде танымал. Ол кенеттен айқайлау әдісін адамдардың үндемеуі үшін пайдаланған. Адамдар оған аспан әлемі, философия мен теологияға қатысты сұрақтарды қоя бастағаннан, Риндзай кенеттен айқай салатын болған. Себебі сол сәтте сана естен танып, бірнеше уақытқа дейін тыныштық күйде болып, тек айқай ғана қалған. Осы кезде адам санасы сөніп, уақыт тоқтаған секілді сәт орын алатын болған. Бұл медитацияның құпиясын пайдалану арқылы Риндзай адамдардың ылғи таусылмайтын ойлауы мен қажетсіз сұрақтарына шек қойып, әрбір адамның өз-өзіне концентрациялануына мүмкіндік берген. Себебі сол уақытта адам өз ішкі орталығын табады. Айқай болса орталыққа шоғырландырады. Бұл әдісті әлемдегі көптеген мистиктер қолдануға тырысқанымен, бірақ олардың іс-әрекеттері жасанды болып көрінген. Риндзай өз әдісін таңқаларлықтай қолдана білгендіктен, оның айқайы адамға қылыш секілді шаншылып, адамның тіршілік ету орталығына дейін жеткен. Риндзайдың тағы бір ерекше қасиеті ол үнемі адамдарға медитацияның қолдану техникасын қарапайым сөзбен түсіндірудің арқасында адамдарға үлкен өнеге көрсеткен. Әсіресе медитация туралы түсіне бермейтін адамдарға ерекше көңіл аударған. Сонымен қоса Риндзай ақиқаттың ескі және жаңа болуының маңызы жоқ. Негізінен шындық үнемі жаңа, себебі адамның санасы өсуде және көптеген кеңістікті жаулап алуда деген. Риндзай үшін дзен бұл тірі дәстүр. Шебер тірі кезде оның сөздері де маңызға ие, ал ол дүниеден өткенде -шеберден берілетін тәжірибесі де тоқталады. Ол қазіргі заманғы болу үшін өз уақытында орындалуы тиіс деген.
- Джалаладдин Румидің айналу әдісі орталықты табуға бағытталады. Егер адам бірнеше сағат айналатын болса, бірте -бірте ішкі әлемінде орталықтың бар екенін байқап, оған тәжірибелік жұмыстар жасаған. Олар өзін орталыққа қою әдісін тапқан және өмірде әдіс ретінде пайдаланған.
- Махакашяпа мен Бодхидхарма адам орталығын табуда тәжірибе жасаған. Олар адам санасында ештеңке қалмайтын, таза қатысудың нүктесін табуды көздеген. Бұл ықпал Чуань Цзы, Ли Цзы мен Лао Цзыдың ұлы мұраларының бірігуі мен одан бетер көркейе түскен. Бұл тұлғалардың барлығы да адамның ішкі әлемін зерттей отырып, өзін-өзі табуға тырысқан.
- Доген дзен әлеміне ішкі революция мен толық үнсіздікті, ішкі тыныштық орталығын енгізді. Мына көзқарасында Доген : « Өмір жолын зерттеу -өзін-өзі зерттеу» деген.
- Нансен рухани өмірдің материалдық өмірден бөлінбейтінін айтқан. Ол: «Адам жан дүниесін тазалау үшін тәнін қинаудың қажеті жоқтығын» ескерген.
- Ма-Цзыны -өз заманында «бос айна» деп атаған. Ол «жауап қайтармау» ілімін ұсынған. Тек «осында және дәл қазір» күйін пайдаланған. Ма-Цзы адамды шексіздік таңбасының орталығы етіп алған және ол арқылы аспанның, әлемнің, адамның ішкі дүниесінің тереңдігін түсіндірген.
Жоғарыда берілген медитациялық әдістер б. э. 400-1000жж. Дзен шеберлерінің қолдануының әсерінен біздің заманымызға жеткен. Бүгінгі таңда осы ілімнің кейбір әдістері психология ғылымында да жиі пайдаланылады. Әсіресе медитацияның сан алуан түрлері Үндістандық философ Раджниш Ошо еңбектерінде көптеп кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz