Қарым - қатынас ақпарат алмасу әрекеті
Қарым-қатынас психологиясы
Жоспар
Кіріспе
І Қарым –қатынас психологиясының теориялық мәселелері.
1.1. Қарым-қатынас туралы теориялар
1.2.Қарым-қатынас ақпарат алмасу әрекеті
1.3. Қарым-қатынас түрлері
ІІ. Қарым-қатынасты іске асырудың тәжірибелік мәні
2.1. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың зерттеудің әдіс-тәсілдері
2.2. Қарым-қатынастың зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: қарым-қатынас
әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле
бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні
ерекше, қарым -қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының
бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қарым-қатынас ұғымының мәнін ашып көрсету.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын талдау болып табылады. Қарым-
қатынас — адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық
байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл
білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Курстық жұмыстың міндеті: психология ғылымындағы қарым-қатынас
проблемасының зерттелуі, зерттеу түрлерін анықтау. Адам аралық қарым-
қатынас түрлерін талдап көрсету.
Зерттеудің теориялық мәні: соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар
"коммуникация" деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең
мағынада қолданылады. Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам
өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта
да қарым-қатынаста болады. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің
арқасында іске асады.
Зерттеу практикалық мәні: қарым-қатынас психологиясын талдай, зерттей
отырып, адамдардың өз мінез-құлықтарына талдау жасауына, адамдармен қарым-
қатынас жасауда дұрыс бағытты таңдай білуіне себепкер болуда.
Қарым-қатынас — бұл бірыңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын
адамдар арасындағы байланыстың дамуының жан-жақты үрдісі.
Қарым-қатынас оның қатынасушыларының арасында ақпарат алмасуды қамтиды,
ол қарым-қатынастың коммуникативтік жағы ретінде сипатталады.
І-Қарым-қатынас психологиясының теориялық мәселелері
1.1 Қарым-қатынас туралы теориялар
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және
психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге
болады.В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық
факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ
Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы
болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне
әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-
қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең
тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі
жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды.
Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық
дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл
кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау
кезеңі ретінде сипаттауға болады.
Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас
психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл
кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген
кезеңі болып табылады.
Қарым-қатынастың екінші жағы — қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу
үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен
алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы — қарым-қатьшас
жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-
әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен
қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара
түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас
үрдісінде қатысы болмайтын адамга тән психикалық құбылыстарды табу қиын.
Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың
жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады
және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен
ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-
қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады.
Жинақталған тәжірибені жэне білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді
беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу — бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас
үрдісі. "Сөйлеу" және "тіл" ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады.
Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-
бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - бұл адамдардың өзара
байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-
қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін
бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде
қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың
байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы.
1.2. Қарым-қатынас жасау-ақпарат алмасу әрекеті
Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын
қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ
негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-
коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік-
коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп
қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың
бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы
айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар
мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-
әрекеттің барысында өзара эртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен,
көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде
қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат
теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай,
міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды,
сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір
қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана
қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі
арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат
алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір
адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол
уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың
бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және
психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда
болуы мүмкін. Бір жағынан,осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай
түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза
психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда
— белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі,
бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика,
паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы
өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде
қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық
тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесіңде ойлаумен бірге пайда болды
және адамзатгың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамыды.
Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда
сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста
қалыптасады.Сананың негізгі қызметі — тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және
сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды бірлікте
алсақ,тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу - қарым-қатынастың іс-
әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-
әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға
тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы.
Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны
грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары
артикуляциясының арқасында айтып береді.
Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-
қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ,
бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.
1.3 Қарым-қатынастың түрлері
Қайда өмір сүріп, еңбек етсе де, басқа адамдармен қай жерде араласса да,
адам қарым-қатынастың алуан түріне жолығады. Кездейсоқ, онша мәні
болмайтын, ұзақ уақытқа созылатын тұрақты кездесулер де, түкке тұрғысыз
қарым-қатынас та, достық, сырлас байланыс та ұшырасады. Қарым-қа-тынасты
ресми (қызмет бабында, жұмысқа байланысты) және жеке бастың ісі (таныстық,
жолдастық, достық) деп екі топқа белуге болады. Жұмысқа байланысты қарым-
қатынастар адамның өндірістік, оқу, қоғамдық қызметіне және оның әлеуметтік
ауқымына қатысты: мұғалім — шәкірт, бастық — қарамағындағы қызметкер,
дәрігер — емделуші және тағы басқадай. Жеке адамға байланысты қарым-
қатынастар да нақты бір қызмет аясында басталуы да мүмкін.
Алғашқы топтың қарым-қатынастары праволық және моральдық (мұның үлесі
аздау) нормалармен белгіленеді. Моральдық нормалардың арасынан алдымен
қызмет бабына байланысты туындайтын талаптардың ролі үлкен. Ал жеке бастың
қарым-қатынастарын негізінен моральдық нормалар белгілейді де, әдетте,
мүдделер ортақтығымен, екі жақты ықыласпен, құрмет сезімімен байланысты
болады. Олар көбіне адамдардың жеке басындағы ерекшеліктеріне байланысты.
Нақты өмірде қарым-қатынастардың бұл екі түрі бір-бірінен онша
алшақтамайды. Мысалы, кез келген класта оқушылар арасындағы қарым-
қатынастың екі жүйесі болады. Бұл ең алдымен жауапты тәуелділік жүйесі
немесе іс бабындағы қарым-қатынастар (староста, комсорг және т. б.),
екіншіден, достық немесе жай таныстық қарым-қатынастар жүйесі. Бұл екі
жүйе бір-бірімен байланысты, өзара кірігіп те жатады, бірақ толық
үйлесіп кетпейді.
Қарым-қатынастың әр түріне бейім адамдардың бір-біріне қояр-талаптары да
әр басқа, мысалы, класс старостасы немесе таныс таңдаудағы көзқарастары да
әр қилы. Айталық, староста айтқанды екі етпейтін, жинақы және тиісінше
талапшыл болуға міндетті. Жеке басқа қатысты қарым-қатынастар жүйесінде
оқушының класта қаншалықты таиымал болуы оның өз тобында жоғары
бағаланатын сипаттары мен ерекшеліктеріне байланысты.
Кластағы жеке қарым-қатынастар жүйесінде оқушының танымал болуы неге
қатысты? Психологтардың зерттеулері нақты бір оқушының класта танымал
болуына әсер ететін әр түрлі жағдайларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұған
ең алдымен балалардың жекелеген ерекшеліктері мен мінезі жатады. Мысалы,
коллектившілдер, яғни қоғамдық, коллективтік тұрғыдан өздерін іс арқылы
көрсете білетін оқушылар қара басының қамын көбірек ойлайтын
өзімшілдерден гері өз класында анағұрлым танымал болады. Мінезі ауыр,
ұстамды, қайырымды адамдардың коллективте құрметке бөленуіне толық
мүмкіндіктері болады. Әрине, қандай болмасын өлшем мәні оқушылардың жасына
қарай өзгеріп отырады, ол қыздар мен ұлдарда бірдей болмайды. Төменгі
кластарда оқушының кластағы жағдайына оның сабақ үлгерімі, тәртібі, сондай-
ақ сыртқы пішіні ықпал етеді. Жоғары кластарда бұл өлшемдерге — ақыл-ой
сипаты, ой-өріс кеңдігі, кейде күштілік пен ептілік (ұлдарда), сыртқы
сұлулық (қыздарда), сәнді және қолға түсе бермейтін заттардың болуы (немесе
болмауы) жатады.
Психологтар тағы бір заңдылықты анықтады: оқушы өз класын жоғары
бағалаған сайын, оньщ жеке қарым-қатынастар жүйесінде- алатын орны
жоғарылай түседі, басқаша айтқанда, коллектив оған деген кластың құрмет
сезімін қайтарғандай болады.
Бұл топта кімнің танымал екендігіне қарап, онда қандай қасиет қадірлі
саналатынын білуге болады. Мысалы, рухани байлықты бағалауға бейімі аз
кластарда қолға түсе бермейтін қымбат заттары бар оқушылар танымал болуы
мүмкін.
Қарым-қатынастар адамдардың бір-біріне ықыласының тереңдігі мен
сырластығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Таныстардық, достардың,
жолдастардың қарым-қатынастары сияқты. Көне заманның өзінде Аристотель
достықтың үш түрін: достың игілігі үшін, өзі қанағат табу үшін және өзара
пайдакүнемдікке негізделген достық деп белген еді. Адамдар тек қана таза
достық аясындағы ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынастардың басқа түрінде де
бір-бірімен қарым-қатынас тереңдігі, мазмұндылығы, сырластығы әр түрлі
жағдайда араласуы мүмкін. Қарым-қатынастардың ең терең түрі — бір-бірін
сүйген адамдардың арасында болады.
Мұнан кейін мұғалім басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға дұрыс баға
беру және өзінің мінез-құлқын қалыптастыру үшін жоғары класс оқушыларына
қажетті ұғымдардың бірқатарын түсіндіруі тиіс. Мұндай ұғымдарға:
ынтымақтастық пен бәсеке, қарым-қатынастың демократиялық және беделге
негізделген түрлері, топ басылар мен солардың жетегінде жүрушілер
сияқтылар жатады. Мұғалім тақырыптың осы бөлімін оқушылардың бұл мәселе
бойынша түсінігін анықтап алу үшін әңгіме түрінде өткізуіне болады.
Ата-ана қарым-қатынасының балаға әсері
Баланың қоғамға бейімделуі үшін қажетті дағдыларды, құндылықтарды және
әлеуметтік мінез-құлықты дамыту керек. Бұл бірнеше сапаларға тәуелді.
Олардың ең маңыздылары: баланың темпераменті, ұлты, таптық жігі, баланың
отбасында ұстанатын діні, құрдастарымен қарым-қатынасы, тарихи дәуір және
отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы.
Бала - ата-анасының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол
бойындағы барлық нышандарды ата-анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал
дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде, ең алдымен, бала
тұлғасының дамуына оның ата-анамен қарым-қатынасы әсер етеді.
Ата-ана балаларына бірнеше механизмдер көмегімен әсер етеді. Біріншіден,
бекіту: балалардың қылығын мадақтау және жазалау. Ата-ана бала санасына
нақты нормалар жүйесін енгізеді, бұл жүйе уақыт өте келе баланың ішкі
қажеттілігіне айналады. Екіншіден, сәйкестендіру: ата-анаға ұқсауға
ұмтылып, еліктеу. Үшіншіден, түсіну: баланың ішкі әлемін біліп, өмірлік
мәселелеріне ретпен, орынды араласу арқылы ата-аналар оның өзіндік санасын
және коммуникативті сапаларын қалыптастырады.
Тәрбиелеудің шеткі стилдері, мейлі ол авторитарлы немесе еркіне жіберуші
стил болсын теріс нәтижелер береді. Авторитарлы стил баланы ата-анадан
оқшаулануға әкеледі, бала өзін отбасында керексіз сезінеді. Ата-ана
талаптары негізсіз болса, онда ол балада апатия мен енжарлықты тудырады. Өз
еркіне жіберу стилінде бала ата-анасының өзінде жұмысы жоқ деп түсінеді.
Егер балаға қызығу танытпайтын ата-ана болса, олар еліктеу мен
сәйкестендіру нысаны бола алмайды, ал басқа әсерлер: мектеп, құрдастар, БАҚ
бұл бос орынды ешқашан толтыра алмайды, сөйтіп бала қиын өзгермелі әлемде
жетекшісіз қалады. Ата-ана көңілінің әлсіреуі және оның гипертрофиясы әлсіз
"Мені" бар тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Сонымен қатар, ата-ана мен баланың қарым-қатынасының эмоционалды жағы да
өте маңызды. Ата-ана махаббаты мен көңілі жетіспесе, балалардың өзін-езі
бағалауы төмендейді. Бұл балалар есейгенде түрлі психофизиологиялық және
психосоматикалық бұзылыстарға, жүйкелік ауруларға тап болады. Отбасындағы
мұндай жайсыз ахуал және "қиын" ата-ана қарым-қатынасы кебіне баланың кіші
балалық шағында, кейін жасөспірімдік кезеңінде мінез-құлық
ауытқушылықтарына әкеледі. Мұндай балалар психологиялық есеймейді, жасына
байланысты нормалардан қалыс қалып, өз қылығы мен мінез-құлқын тиісті
нормалармен сәйкестендіре алмауы мүмкін.
Мектепте мұғалімдер мен психологтерді мазалайтын басты мәселе -қиын
балалар. Баланың қиын мінез-құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз
отбасындағы ата-анамен қарым-қатынасына байланысты екені анықталады..
Адам өмір сүре, жұмыс істей жүріп, айналадағы дүниені белсенді түрде
танып, оған ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар дүниеге белгілі бір
көзқарасты да бастан кешіреді. Кейбір оқиғалар оны толғантады, ал басқа
біреулеріне ол самарқау күйде қалады, бір кісілерді жақсы көрсе,
екіншілерін жек көреді, ал тағы біреулерге сезімі айқын емес, онысын өзі де
толық түсіне қоймайды. Адамның қатынасы — ерекше эмоциялық күй. Қарым-
қатынас пен араласу — өзара байланысты, ажырағысыз құбылыстар. Жөні түзу
адамның басқалармен араласуы қарым-қатынассыз болмақ емес. Эмоциялық күй —
қарым-қатынас — адамнын мінез-құлқынан, бет құбылысынан және тағы басқа
қимылдарыңан біршама анық көрінеді.
2.1. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеудің әдіс-тәсілдері
Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті
тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.Адам арасындағы
қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең
құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар
екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен
араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың
пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес.
Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін
ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса,
екіншісін көргісі келмейді. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме
мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай
қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында
қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке
сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық
қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен
міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері
бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.Адамдар арасында қарама-қарсылық
болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан
береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің
келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақ тарда қарама-қарсылықты қатынастар бой
тіктейді. Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде даудамайды,
жанжалды қатынастар өрбиді. Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да
бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың
бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр
адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен
сезімінде көрініс береді. Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған
ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ
пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта
орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді.
Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі
айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге
ұшырауы Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері
теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей
болмаған жағдайларда қалыптасады. Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай,
өзара терен сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

бэрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр

сезімінде көрініс береді Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған

ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл
остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында
сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар
көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс калады, еленбейді.
Осыдан өзі қатарлардан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік
қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да
кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды
болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша
сезімдер мен ықластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив
сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне
сай келе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz